Инфоурок Информатика ПрезентацииПрезентация внеклассного урока на тему "«Ар намысым, қасіретім, мақтанышым – Желтоқсан»" (6 класс)

Презентация внеклассного урока на тему "«Ар намысым, қасіретім, мақтанышым – Желтоқсан»" (6 класс)

Скачать материал

№1 Т.Әлиев атындағы орта мектеп

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сынып сағаты

 

Тақырыбы: «Ар намысым, қасіретім, мақтанышым – Желтоқсан»

 

 

 

 

 

 

 

                                                           Сыныбы: 6 «Ә»

Мұғалімі: Таласбаева А.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңаөзен қаласы

2015/2016 оқу жылы

Тақырыбы: «Ар намысым, қасіретім, мақтанышым – Желтоқсан»

 

Мақсаты:

Білімділік:1986 жылғы желтоқсанда орталықтың әміршіл - әкімшіл солақай саясатына қарсы алғаш рет бас көтеріп демократия жолында құрбан болған ұл қыздарымыздың ерліктері жайында түсінік бере отырып, жастардың алаңға не себепті, қандай мақсатпен шыққандығын жете түсіндіру.

Дамытушылығы: Әрбір жеке тұлғаның еркін сөйлеп, өз пікірін, ойын айта білу қабілетін дамыту.

Тәрбиелігі: Өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, өз ана тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сақтай білуге патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: Қайрат Рысқұлбеков, Сабира Мұхамеджанова, Д.А.Қонаев,  В.Колбин, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова суреттері,   
«Ар намысым, қасіретім, мақтанышым – Желтоқсан» атты  
плакат, Желтоқсан тақырыбындағы қабырға  газеттер және буклеттер мен  Қанатты сөздер. 

Алғы сөз мектеп директорына беріледі 

Армысыздар құрметті ұстаздар, қадірлі қонақтар, оқушылар. Бүгін біздің еліміздің сан мың жылдар бойы найзаның ұшымен, еліміздің ерен ісімен, кешегі дүниені дүр сілкіндерген Желтоқсан оқиғасымен келген тарихымызда алтын әріптерімен жазылып қалған «Ар намысым, қасіретім, мақтанышым – Желтоқсан» атты сынып сағатымызды ұсынамыз. 

1-жүргізуші: 
Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы, 

Бақыт көрсін Отанның сан ұланы. 

Енді ағайын, көгінде қалықтасын,

Қазағымның қастерлі - Әнұраны!

 

Әнұран орындалады

Желтоқсанда Алматыда, ақ қарда, 

Алма бақтар ак қырауға батқанда,

Күңірене күн күркіреп тау жақтан,

Жайдың оты жалаң қақты шатқалдан. 


1-оқушы:  
Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың, 

Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың. 

Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның, 

Айналайын, айналайын жас қайраты халқымның. 

Темір қолдар қуатты еді алқымыңды қаусырған 

Намысыңды жықпай өттің нәубе, дүлей маусымнан. 

Жалғыз қалған шақтарымда жігер алдым бойыма 

Түрме торын жарып шыққан сенің қайсар даусыңнан. 

Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы, 

Лаула, лаула, желтоқсанның мұзға жаққан алауы. 

Өздеріндей ер намысты жас өркені бар елдің, 

Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы! 


1-жүргізуші: 
Қазір бұл күн Қазақ халқы үшін ұлы күн, әрі қайғылы, әрі  бақытты күн. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы Қазақ  халқында бұрын болмаған ең ауыр да, әділетсіз көтерілістің бірі. 

2-жүргізуші: 
Енді міне, осы Желтоқсан көтерілісіне қатысқан  ағаларымыз бен апаларымыз үш ғасырға жуық уақыт  бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткізді. 

2-оқушы:  
Жас арудың жанарында – Желтоқсан,

Қанды ғасыр табанында – Желтоқсан. 

Қаралы өмір қайыстырған халқымның, 

Қара тұман қабағында – Желтоқсан. 

Жауыздықты жасқаған да – Желтоқсан,

Жаңа ғұмыр бастаған да – Желтоқсан. 

Жазықсыздың көз жасына жуынып, 

Абақтыға тастаған да – Желтоқсан. 

Намысымның шырағы да – Желтоқсан, 

Сұрқай өмір сынағы да – Желтоқсан. 

Жігіттердің ұраны да - Желтоқсан, 

Жаңа күннің шуағы да – Желтоқсан. 


1-жүргізуші:   1986 ж көтеріліс  туралы Видеосымен қоса көрсету
Ия, ол күн тәуелсіздіктің туын ең алғаш көтерген әйгілі  1986 жылдың 16 желтоқсан еді. Таңертеңгілік сағат 10.00  да бар жоғы 18 минутта 26 жыл елді үздіксіз басқарып  келген Д.А.Қонаев түсіріліп, орнына Г.Колбин ешкімнің  пікірінсіз-ақ ұсынылған еді. 

2-жүргізуші: 
Осыдан 29 жыл бұрынғы Алматы оқу орындарының бірінің жатақханасының алдындағы оқиға.

 

КӨРІНІС

Рөлдерде:

Ассаров Нұржан  – тергеуші

Күзенбай Маңғыстау  – милиция

Сұлтанов Дастан  – милиция

Есиркепов Азамат – Қайрат рөлінде

 

Айыпталушы Қайрат Рысқұлбековты тергеуге шакырады:

 

Тергеуші милицияларға: Аыпталушы Қайрат Рысқұлбековты алып келіңдер.

 

Милициялар Қайратқа: Жүр тергеушіге.

 

Тергеуші: Алаңға не үшін шықтың?

 

Қайрат: Қағазымның туын көкке көтеру үшін шықтым.

 

Тергеуші: Кімнің қолдаумен шықтындар?

 

Қайрат: Оны айтпаймын.

 

Тергеуші: Айт дедім ғой, кім сендерді басқарған?

 

Қайрат: Айтпаймын.

 

Ұрып тастайды.

Тергеуші: Алып кетіңдер.

 

Ал, баласын жоқтап, зар жылаған аналар ше...

 

Қайрат Рысқулбековты анасының жоқтауы:

 

Желтоқсаннның шыдадың

Толғағына, қарағым.

Арман, арман, арман көп...

Айтылар теңеу қалған жоқ

Қысқа ғұмыр сүрсең де,

Таң қалдырған қарағым!

Алатауға абиыр,

Алып берген қарағым!

Ерлік жолын халқыңа

Салып берген қарағым!

Қазағың, Қайрат, ел болар

Алты алаш басы бірігіп,

Қайтейін, балам, ғаріп боп,

Жатқан жерін жарық боп,

Бақұл бол, бақұл, әй, көкем,

Тәубе, тәубе, тәубе етем!  

                                      

 

Ербол Сыпатаевты анасының жоқтауы:

 

Әлді-әлді, ақ көкем,

Жер бесікке жат көкем,

Аямаған қыршының,

Заман беті қатты екен.

Кімнен болды ажалың,

Кімнен болды азабың,

Езілген мынабауырымды

Қалай ғана жазамын,

Алтын баулы ақ сұнқар

Енді қайтып келер ме?!

Мәңгі шөккен қара нар,

Енді қайтып тұрар ма?!

Шейіт болған көкешім,

Басын маған бұрар ма?!

Жоқтау болды бар жырым,

Жоқтау болды бар әнім,

Осы болды тағдырың,

Елің іздеп жатқанда,

Тәубе деймің, қарағым,

Тәубе дәймін, қарағым!

 

Марқұм Ләззат Асанованы анасының жоқтауы:

 

Мынау неткен зар заман,

Жүректіге тар заман,

Сені әлтірген дұшпанға,

Зауал келсін алладан.

Асыл едін мыс болдың,

Қарағым көрген түс болдың,

Ізің жатыр, өзің жоқ,

Бейнең бар да, көзің жоқ.

Қайдасың, қайда, қарағым.

 

Сәбира Мұхаметжанованы анасының жоқтауы:

 

Бұлдыр да бұлдыр, бұлдыр күн

Қан жылатқан құрғыр күн

Медет болмай алладан,

Қызығымды жалмаған

Тұнжыраған тұлдыр күн,

Ақбілектей сүйрігім,

Алаштан озған жүйрігім,

Алтын діңгек қазығым,

Аққудай аппақ нәзігім

Сәбирам опат болған күн.

 

Хормен: Ән «Желтоқсан желі» орындайтын  6 «Ә» сынып оқушылары .

 

Міне, желтоқсан оқиғасынан бері де, бірнеше жыл өтті. Қой жылының, яғни, 1991-жылдың соңына таман жаңа деректер ашылып жарық көрді. Желтоқсан оқиғасының шындығын ақтаушылардың бірі, Мұхтар Шахановтың зор еңбегі сіңді. Депутат М.Шаханов тынбай еңбек етіп, оған салихалы баға беріп, көптеген жазықсыз жандардың ақталып шығуына өз үлесін қосты.

Желтоқсан оқиғасы – егемендіктің бастауы болды, Қазақ елі бостандық алды. Тәуелсіздік актінің қабылдануы мен қатар келген желтоқсан оқиғасының 5 жылдығы, яғни, 1991 – жылдың желтоқсан айында сол қанды аланда атап өтілді. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі» - туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы жарияланды. Бұл еліміздің ешкімге тәуелсіз дербес мемлекет екендігін дүние жүзіне әйгілеген аса қажетті құжат. Осы күннен бастап еліміз ешкімге жалтақтамай, өз бетінше өмір сүрып келеді. Біздің Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1999 – жылы – тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті болып толығымен сайланды.

1992-жылғы маусымның 4-де Қазақстан Республикасының жоғары кенесі өз төл рәмездерін бекітті. Мемлекеттік жалауын, елтаңбасын, әнұраның шығарды. Қазақстан Республикасының ұлттық ақшасы пайдалануға 1993-жылдың қарашасында еңгізілді. Ақша белгілерін – теңге мен тиындардың түрлерін Қазақстанның ең таңдаулы суретшілерін қатыстыра отырып ұлттық банк жасаған. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің тұңғыш Конституциясы 1993-жылдың 28-қаңтарында қабылданды.

Осы бақыт үшін, біз баршамыз тәубе дейміз, осы жолда біліміміз бен білігімізді, қайратымыз бен қабілетіметімізді, қажет болса, жанымыз бен қанымызды аямай жұмсаймыз.

 

 

3-оқушы:  
Сүймейтұғын болдық қой, сүймей ғұмыр 

Көлеңкеміз күннен де тимейді нұр. 

Колбин деген кім екен, қайдан келген?

Уа, сыртымыздан қашанғы билейді бұл? 


Тәуелсіздік оңайлықпен келмейді, 

Бізге оны ешкім аяп бермейді.

Тәуелсіздік – Қайрат, Ляззат, Ерболдың,

Тас көшеде тас-талқан боп өлгені. 


1-жүргізуші: 
Алаңға шығып өз ойларын айтуға тырысқан қазақтың өрімдей қарусыз жастарына солдаттар мен милиция қызметкері қарсы қойылды. Қыз жігіттерді аяусыз таяққа жықты, түрмеге қамады. Ербол, Ляззат, Сабира сынды жаңа ғана бүршік атып келе жатқан тал шыбықтай жастарымыздың өмірін үзді. 

2-жүргізуші: 
Иә, ізгілік атаулыдан күдер үзіп, ең соңғы үміті, бар сенімі күйреген, рухани езілген балаң жігіт Қайрат. Қайрат есіл ер көзі тірісінде жазған өлеңдері адам жүрегін тебірентеді. 

Соның бірі «Менің тағдырым». 

 

4-оқушы:  
Өмір бойы жолым болып көрмеді, 

Жылап келем бұл дүниеге келгелі. 

Қайғы шаңы басты менің денемді, 

Түспейді шаң сілкінсем де мен енді. 

Жолдаған сәлемімді дос алмады, 

Шын ба екен-ау тас керең боп қалғаны. 

Айта берем, айта берем қайбірін, 

Ауыр менің, ауыр менің тағдырым. 

Тағдыр мені аямады, қорлады, 

Жалынсам да, жыласамда болмады. 

Қараңғы өмір бақытым жоқ, жоқ менің, 

Армандаған ақ сәулеге жетпедім. 


1-жүргізуші: 
Осы өлең жолдары Қайраттың қатты қиналып Қазақстан  үшін жанын құрбан еткенін еске түсіруге болады. (Осы кезде Қайрат, Ляззат, Сабира, Ерболдардың суреттері әкелінеді, күй ойнап тұрады) 

1-жүргізуші: 
Орыны ағалардың бізбен толсын, 

Сәбилер ағалардың жолын қусын. 

1минут үнсіздікпен еске алайық, 

Аруағы  ағалардың ырза болсын. 

 

2-жүргізуші:  
1 минут үнсіздік 

 

Ойын: «Сандар сөйлейді» 


1-жүргізуші:  
Тәуелсіздік - ел мұраты. Бұл біздің ұлан байтақ теңіздей Қазақ тарихының басынан кешкендерінің тамшысы ғана болса да, осы 17жылда Қазақстанның дамып өркендеуін жылдармен өрнектейміз.

2-жүргізуші: 1991 жылы Тәуелсіз Қазақстан елі тұңғыш рет Н.Ә.Назарбаевты президент етіп сайлады. 

1-жүргізуші: 1992 жылы Қазақстан Республикасының Елтаңбасы, әнұраны, туы туралы заң қабылданды.

2-жүргізуші: 1993 жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды. 15 қарашада төл теңгеміз алғаш реет айналымға түсті. 

1-жүргізуші: 1994 жылы Ғарышта қазақтың екінші ғарышкері Т.Мұсабев көк байрақты желбіретті.

2-жүргізуші: 1995 жылы ұлы Абайға 150 жыл толды. 

1-жүргізуші: 1996 жыл Жамбыл жылы. Тәуелсіздік монументі орнатылды. 

2-жүргізуші: 1997 жылы «Қазақстан – 2030» стратегиясы қабылданды. 

1-жүргізуші: 1998 жылы Ақмола атауы Астана деп өзгертілді. 

2-жүргізуші: Астанада алғаш рет Бәйтерегіміз салынды. 

1-жүргізуші: 1999жыл Қорқытқа 1500 жыл тойын Қызылордада тойладық. 

2-жүргізуші: 2000жылы – Мәдениетті қолдау жылы.

1-жүргізуші: 2001 жылы 18мамырда – Күлтегін ескерткішінің көшірмесін И.Тасмағамбетов Астанаға әкелді. 

2-жүргізуші: 2002 жылы – Денсаулық жылы. 

1-жүргізуші: 2003-2005 жылдары Ауыл жылдары 

2-жүргізуші: 2006жылы - Сыр елі өнер ордасы. 

1-жүргізуші: 2007жылы төл теңгеміз жаңа түрмен айналымға түсті. 

2-жүргізуші: 2008жылы Қазақстанның бас ордасына Астанаға 10 жылдығы тойланды. 


1-жүргізуші: 
Есті ерлер жүрмейді желік ертіп, 

Елеулі іске қосар емірентіп.

Бүгінгі кеш қонағы апайымыз 

Сөз сөйлесін баршаны тебірентіп,-дей отырып  мектеп әдіскері  Чаканова Фатима апайымызға  сөз кезегін  береміз.

Міне, оқушылар, бүгін сендер Тәуелсіздік мерекесі күні өз еліміздің тарихы жайлы, Тәуелсіздік жолындағы күресі, Желтоқсан құрбандары туралы көп нәрсені ортаға салдыңдар, үлкен сабақ алдыңдар деп ойлаймын.
Ендігі сендерге айтарым: осы Тәуелсіз еліміздің туын әр кез биік ұстауға тырысыңдар. Ел бейбітшілігін, ел тыныштығын сақтау жолында күресе біліңдер. Әрине, ол күрес бейбіт күрес болуға тиіс. Еліміздің болашағы өздерің. Сондықтан да сендер осындай Қазақстан атты бейбіт, Тәуелсіз елдің азаматы екендеріңді әрқашан естен шығармай, іштей мақтан тұтып жүріңдер. Сендерге сәттілік, ақ жол тілеймін!


  1-жүргізуші:  
Тәуелсіздіктің түп тамырына желтоқсан оқиғасының тікелей байланысы бар екеніне ешкім дау айта қоймас. Десек те, 1986 жылдың қайғылы желтоқсаны бір күнгі немесе бір жылғы наразылықтың көрінісі болмаса керек. 

2-жүргізуші: 
Бүгінде 1986 жылы болған Желтоқсан оқиғасына 29 жыл  
толуда. Ел іргесі тыныш, халқымыз бай-қуатты болсын!

Мұғалім:

Тәуелсіздік- еліміздің ең басты да, ұлы мерекесінің бірі. Еліміздің жаңа дәуірде қол жеткізген барлық табысының қайнар көзі-ол  Тәуелсіздік. Тәулсіз ел болғандығымыздың арқасында ғана Қазақстанның сөзі мен  ісін бүкіл  әлем танып, төрткүл дүниеге танылдық.

Бір ата, бір ананың түлегіміз

Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз

Бірлік барда тірлік бар» деген бабам

Бірлік деп бірге соқсын жүрегіміз! - дей отырып, ашық сынып сабағымызды қорытындылаймыз.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Презентация внеклассного урока на тему "«Ар намысым, қасіретім, мақтанышым – Желтоқсан»" (6 класс)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Консультант по финансам

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 098 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.01.2016 1787
    • DOCX 394.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Таласбаева Алия Нураллаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Таласбаева Алия Нураллаевна
    Таласбаева Алия Нураллаевна
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5794
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по информатике и ИКТ в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 106 человек из 42 регионов
  • Этот курс уже прошли 576 человек

Курс профессиональной переподготовки

Информационные системы и технологии: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель информационных систем и технологий

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Курс повышения квалификации

Организация преподавания информационных систем и технологий в профессиональном образовании

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 73 человека

Мини-курс

Инновационные технологии в краеведческой и географической работе со школьниками

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология детства и подросткового возраста

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 106 человек из 49 регионов
  • Этот курс уже прошли 61 человек

Мини-курс

Психология и профессиональное развитие

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 15 регионов