Инфоурок Другое ПрезентацииПрезентация воспитательного часа на казахском языке на тему"Бағдаршам"(1 сынып)

Презентация воспитательного часа на казахском языке на тему"Бағдаршам"(1 сынып)

Скачать материал
Скачать материал "Презентация воспитательного часа на казахском языке на тему"Бағдаршам"(1 сынып)"

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор десткого сада

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • Асқарбаева Бахыткуль ЖолдасбековнаҚордай ауданы Сұлутөр ауылы 
 № 38 орта мектеп

    1 слайд

    Асқарбаева Бахыткуль Жолдасбековна
    Қордай ауданы Сұлутөр ауылы
    № 38 орта мектеп

  • 2 слайд

  • Тақырыбы: «Бағдаршам – біздің досымыз»Мақсаты: Жолда жүру ережесін есте сақта...

    3 слайд

    Тақырыбы: «Бағдаршам – біздің досымыз»
    Мақсаты: Жолда жүру ережесін есте сақтауға, оқушыларға жол белгілерін неше түрі бар, оны білу не үшін қажет, бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету. Жол ережесін есте сақтау қабілетін, қызығушылықтарын арттыру, барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу.
    Көрнекілігі: көше ережесін сақтау тақырыбына салынған әр түрлі суреттер, бағдаршам, жол белгілері.

  • 1. Ұйымдастыру кезеңі.Мұғалім: Біздің елімізде әр түрлі көліктер жылдан - жыл...

    4 слайд

    1. Ұйымдастыру кезеңі.
    Мұғалім: Біздің елімізде әр түрлі көліктер жылдан - жылға көбейіп келеді. Жаяу адамдар мен көліктегі жолаушылар саны да көбейе түсуде. Көшелер мен жолдардағы жағдай барған сайын күрделеніп келеді. Жол - көлік оқиғаларының қаупі арта түсуде. Сондықтан да жүргізушілер мен жаяу адамдардың көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпті және мұқият болуы қажет. Жол - көлік оқиғаларының зардабынан көбіне балалар зардап шегуде. Оның себебі – көптеген мектеп оқушылары жолда жүру ережелерін әлі де болса нашар біледі. Міне, осы мақсатта біздің сыныбымызда бүгін « Бағдаршам – біздің досымыз » атты жол ережелеріне арналған тәрбие сағатын өткізбекшіміз. Ендеше, қош келдіңіздер!

  • Оқушыларды жол белгілерімен таныстыру.Қып-қызыл үшбұрыш, Ескерту белгісі мен...

    5 слайд

    Оқушыларды жол белгілерімен таныстыру.
    Қып-қызыл үшбұрыш, Ескерту белгісі мен болам. Қауіптен сақ бол деп, Сәт сапар жолдаған. Аман-сау жүреді жаяу да, көлік те, Мен берген белгіні сақтаған, қолдаған. Ескерту белгілері
    «Тыйым салу белгілері» Қызылмен боялған, шеңберім аумақты, Тыйымшыл белгімін, қаталмын салмақты. Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге, Қауіп бар, бағдарла көз салып жан-жақты.

  • Нұсқау белгісі Баратын жеріңнің бағытын, тұрағын, Үн – түнсіз жол  сілтеп жол...

    6 слайд

    Нұсқау белгісі Баратын жеріңнің бағытын, тұрағын, Үн – түнсіз жол  сілтеп жол  нұсқап  тұрамын. Күндіз де, түнде  де от болып жанады, Көк  түске боялған төрт бұрыш шырағым.



    «Міндеттеу белгісі» Белгімін көрсетер жылдамдық бағытты, Міндетті бұрылыс, әйтпесе қауіпті. Барлығын айшықтап тұрамын жолыңда, Абай бол, тартуымды міндетті орында!

  • Видео ролик көрсету. Сынып оқушылары үш топқа бөлінеді: қызыл түсті белгісі...

    7 слайд

    Видео ролик көрсету.
    Сынып оқушылары үш топқа бөлінеді: қызыл түсті белгісі бар оқушылар –
    Қызылдар», сары түстілер - «Сарылар», жасыл түстілер – «Жасылдар».
    «Қызылдар» тобы: Қызыл көзін ашқанда,
    Сынық сүйем баспа алға.
    «Сарылар» тобы: Сары көзін ашқанда
    Қарап қалма аспанға.
    «Жасылдар» тобы: Жасыл көзін ашқанда,
    Жүре бергін, жасқанба!


  • Сұрақ-жауап Бағдаршам тобына1. Бағдаршам деген не? /жол қозғалысын реттейті...

    8 слайд

    Сұрақ-жауап

    Бағдаршам тобына
    1. Бағдаршам деген не? /жол қозғалысын реттейтін автоматты жүйеге қосылған үш көзді қондырғы/
    2. Бағдаршам жоқ жерде жолдан қалай өтеміз? /алдымен сол жағымызға қараймыз,жолдың ортасына жеткесін сол жағымызға қараймыз/
    3. Велосипедті көшеде неше жастан бастап тебуге болады? /он төрт жастан бастап болады/
    4. Көлік күтетін жер қалай аталады? /аялдама/
    5. Көліктің бұрылатынын қалай білеміз? /поворотник жағады/
    «Жол белгілері» тобына
    1. Бағдаршам сөзінің орысшасы қалай? /светофор/
    2. Тротуар дегеніміз не? /жаяу жүргіншілерге арналған жол/
    3. Жол белгілерінің неше түрі бар? /126 түрі бар/
    4. Бағдаршамның қызыл жарығы жанып тұрғанда кімдерге тоқтамай өтуге рұқсат етіледі? / 01 – өрт машинасына, 02 – полиция машинасына, 03 – жедел жәрдемге/
    5. Көшеде жолдың қай жағымен жүру керек? /оң қол жағыңмен жүру керек/

  • Белгіні танып айт

    9 слайд

    Белгіні танып айт

  • II бөлім «Жұмбақтарды шешу»1. Ала таяқ ұстаған,Жол тәртібін нұсқағанӨміріңд...

    10 слайд

    II бөлім «Жұмбақтарды шешу»
    1. Ала таяқ ұстаған,
    Жол тәртібін нұсқаған
    Өміріңді күзеткен,
    Ысқырықпен түзеткен. (милиционер)
    2. Көше бойлап аяңдайды,
    Адам тасып аялдайды. (автобус)
    3. Көліктің қаншасын үстінен өткізген,
    Іргеден басталып алысқа жеткізген. (жол)
    4. Жоқ өзінде бас та, ауыз да, құлақ та,
    Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (бағдаршам)
    5. Екі аяқты, бір басты,
    Жүгіреді тым қатты. (велосипед)
    6. Өзі тым күшті,
    Аяғы тісті. ( трактор)
    7. Төрт аяғы домалақ,
    Адамсыз жүрмейді. ( машина)
    8. Екі ағасы қашады,
    Екі ініс қуады. ( машина дөңгелектері)
    9. Бір тұлпар су ішпейді, жем жемейді,
    Ескеріп ешбір адам емдемейді.
    Жүк емес жануарға жүз адам да,
    Шылбырын сымға байлап тез жөнейді. (трамвай)
    10. Арқаным бар тым ұзын,
    Ала алмайсың бір үзім.
    Табыңдаршы балалар
    Бұл жұмбақтың шешуін. (жол)

  • III кезең Тақпақ айту.Қызыл көзі
Мен көзімді ашқанда,
Ешқашанда баспа алға....

    11 слайд

    III кезең Тақпақ айту.

    Қызыл көзі
    Мен көзімді ашқанда,
    Ешқашанда баспа алға.
    Орныңда тұр қозғалма
    Ереже бұл “Сен тоқта!”
     Сары көзі
     Мен көзімді ашқанда,
    Қарап қалма аспанға.
    Жүруге әлі болмайды,
    Дайындықты сақтайды
      Жасыл көзі       
     Мен көзімді ашқанда,                                                              
    Көліктер саған тоқтайды.
    Ережені білгендер,
    Өтуге еш қорықпайды.

  • Қандай белгі нені білдіреді?

    12 слайд

    Қандай белгі нені білдіреді?

  • 13 слайд

  • IVСергіту сәті  «Бағдаршам»ойыны

    14 слайд

    IVСергіту сәті «Бағдаршам»ойыны

  • Vбөлім  МАИ емтиханы. (  8 тест белгілеп береді.)1.Жүргіншілер деген кім?...

    15 слайд



    Vбөлім МАИ емтиханы. (  8 тест белгілеп береді.)
    1.Жүргіншілер деген кім?
    А) машина жүргізетін адамдар В) көшеде жаяу жүрген адамдар С) белгілер
    3. Көлік жүріп келе жатқанда жолаушыға жүргізушімен сөйлесуге бола ма?
    А) болады В) болмайды С) білмеймін
    4.Жолаушылар таситын қоғамдық көлікті қай жерден күтіп,міну керек?
    А) аялдамалардан В) кез-келген жерден С) дүкен алдарынан
    5. Қала көшелерінде жаяу адамдар қандай жолмен жүруге тиіс
    А) кез-келген жолмен В) тротуармен С) автомобиль жолдарымен
    6. Қала көшелерінде велосипедпен жүруге неше жастан бастап рұқсат етіледі?
    А) 10 В) 12 С) 14
    7. Дөңгелек шеңбер түрінде қызыл түспен белгіленген белгілер қандай ұғымды білдіреді?
    А) ескерту белгілері В) көрсеткіш белгілер С) тыйым белгілері
    8. Қай түс жанғанда машиналар жүреді?
    А) сары В) жасыл С) қызыл

  • VІ бөлім « Әдептілік әліппесі »Мұғалім: - Балалар енді мен сендерге мынадай...

    16 слайд

    VІ бөлім « Әдептілік әліппесі »
    Мұғалім: - Балалар енді мен сендерге мынадай жұмбақ - әңгіме оқып берейін. Шешуін өздерің айтыңдар.
    Алмас көшеде анадай жерде өтіп бара жатқан жүргіншіге:
    -« Айтыңызшы, сағат қазір қанша? » - деп айқайлады.
    Ол жүргінші уақытты айтқан соң, алмас бұрылып жөніне кетті. Бала бөтен адаммен қарым - қатынасында бірнеше қателік жіберді. Осы қателіктерді кім табады?
    Жауабы:
    1. Көшеде айқайлап жөн сұрамау керек!
    2. « Сағат қанша? » емес, « Уақытты айтып жіберіңізші » немесе « Сағат қанша болғанын айтыңызшы » деп сұрауы қажет.
    3. Алдымен кешірім өтінуі керек.
    4. Алмас ол адамға « Рахмет » айтуды ұмытты.

  • VІІ кезең « Жағдаяттарды шешу »«  Қызылдар » тобы:Ержан жол жиегінде доппен...

    17 слайд

    VІІ кезең « Жағдаяттарды шешу »
    « Қызылдар » тобы:
    Ержан жол жиегінде доппен ойнап жүреді. Добы жолға домалап кетеді. Ержан добын алмақ болып машина жолына жүгіреді. Машиналар сигналы естіледі. Ержан добын тастай қашады. Ержанның әрекеті дұрыс па? Ол қандай шара қолдану керек еді?
    « Жасылдар » тобы:
    Бағдаршамы жоқ көшеде жолдан екі бала өтпек болады. Бірі жолдан жан - жағына қарамастан, асығыс жүгіріп өтеді. Екіншісі алдымен сол жағына, сонан соң оң жағына қарап өтеді. Кімнің әрекеті дұрыс? Жолдан қалай өту керек?
    « Сарылар » тобы:
    Сіз жолдан өтейін деп тұрсыз. Бағдаршамның жасыл түсі жанбай жатып қасыңызда тұрған досыңыз машиналар зулап жүріп жатқан жолдан өтпекші болып тұрғанын көресіз. Сіздің әрекетіңіз?

  • VIII кезеңі.«Жол белгілері»ойынын ойнату. (Мозайка)

    18 слайд

    VIII кезеңі.«Жол белгілері»ойынын ойнату. (Мозайка)

  • 19 слайд

  • 20 слайд

  • VIII бөлім: «Бекіту сұрақтары»1. Қоғамдық транспорттан шыққаннан кейін көше...

    21 слайд


    VIII бөлім: «Бекіту сұрақтары»
    1. Қоғамдық транспорттан шыққаннан кейін көшеден қалай өту керек?
    2. Жол таңбасы қандай екі түрге бөлінеді?
    3. Жаяулар өтпесі қалай белгіленеді?
    4. Бағдаршамда сигналдар қалай орналасқан?
    5. Жол белгілері қандай топқа бөлінеді?
    6. Балалардың суреті салынған белгі қайда орнатылады?
    7. Оқушылардың велосипедпен көшеде және жолда қай жастан жүруіне рұқсат етіледі?
    8. Велосипедпен жолға шығарда нені тексеру қажет?
    9. Көшеден, жолдан қай жерде өтуге болады?
    10. Габариттік оттар қай кезде жанады? (фарлар)
    11. Жүргізушілер сыртқы жарық приборларын не үшін қосады?
    12. «Тротуар» деген сөз нені білдіреді?
    (Дұрыс жауап берген топқа өздеріне сәйкес келетін түстен жетондар беріледі.)

  • ІX бөлім. ҚорытындыБіз бүгін жолда жүру ережесімен, бағдаршам белгілері мен...

    22 слайд

    ІX бөлім. Қорытынды
    Біз бүгін жолда жүру ережесімен, бағдаршам белгілері мен жол белгілерін үйрендік.
    Айналайын, абайла!
    Жан-жағыңа қарайла!
    Жолда жүру ережесін
    Есте сақта қалайда.

  • Зейін қойып тыңдағандары
-ңызға көп
рахмет!

    23 слайд

    Зейін қойып тыңдағандары
    -ңызға көп
    рахмет!

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 626 146 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 07.04.2016 1683
    • PPTX 922.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Аскарбаева Бахыткуль Жолдасбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5579
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой