Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Презентации / Презентация "Жаңа технология - менің тәжірибемде"

Презентация "Жаңа технология - менің тәжірибемде"

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Жаңа технология - менің тәжірибемде
Оқыту технологиясы мен әдістеме ғылымы бір – бірімен тығыз байланысты. Әдісте...
«Оқу мен Жазу арқылы Сын Тұрғысынан Ойлауды Дамыту» Бұл технология бойынша: -...
Сабақтың тақырыбы - Мұқағали Мақатаевтың «Өмір сүрейік алмасып» өлеңі. Технол...
Қызығушылықты ояту сатысында «Джигсо» - ұжымдық оқыту әдісі қолданылады. Оқуш...
Келесі кезекте ұжым мүшелері бастапқы топтармен қайта табысып, өздерінің үйр...
Мағынаны тану сатысы кезеңі Ақынның «Өмір сүрейік алмасып» өлеңін мәнерлеп оқ...
«Кубизм» стратегиясы. 1. Қайыңның түрін суреттеңіз. (Түсі, формасы, көлемі,а...
«Сұрақ қою, қайта сұрақ қою» стратегиясы Бұл кезеңде оқушыларбір-біріне қарам...
Ой толғаныс сатысы а) Оқушылар М.Мақатаевтың шығармашылығы бойынша жұмыс жас...
Венн диаграммасы («Өмір сүрейік алмасып» өлеңі бойынша) Оқушылар өз ойларын,...
Рефлексия кезеңі: Сабақтан алған әсерлері туралы ой бөлісу. «Алма ағашы» арқы...
Рефлексия арқылы оқушының өзіндік ойы, көзқарасы қалыптасады, өз – өзіне баға...
Критериалды бағалау бұл білім берудің мақсаты мен мазмұнына негізделген оқушы...
Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты: Мектепте оқыту сапасын жоғарлату Мек...
Критериалды бағалаудың басты ерекшелігі: Алдын ала ұсынылған бағалау шкаласы;...
Осы критериалды бағалау мұғалімдерге не үшін керек? Алдын ала ұсынылған бағал...
Оқушыларға несімен маңызды? Оқушыларға нәтижені талдау үшін бағалау критерийл...
Ата-аналарға: Өз баласының оқытылу деңгейі туралы объективті дәлелдер алуға:...
Критериалды бағалау сабақтың өн –бойында жүзеге асып отырады. Алдымен топтық...
«Менің әуес ісім – сурет салу» тақырыбы бойынша критериалды бағалау мынадай ү...
Критерий В / талдау/ Негізгі ойды табу, сұраққа жауап беру. Мах 6 0   1   2...
Критерий С / стиль және тілді қолдану./ Мах 6 Мәтінді мазмұндау. 0   1   2 3...
Сабақ үрдісінде оқушы А критерийі бойынша мәтіннің мазмұнын толық түсінуге ты...
Оқушының аты – жөні А В С Жалпы ұпайы Баға 1 –інші оқушы 6 5 6 17 5 2 – нші о...
Топ жұмысын бағалау кестесі Критерийлер Топ мүшелері Идеяларды ұсыну Жолдаста...
Оқушыларға критерийлер бойынша тапсырма бергенде дескрипторлар мазмұнымен та...
Оқушылар жұмыс кезінде өздігінен білім алуға ұмтылды, өз білімін тереңдете тү...
Назарларыңызға рахмет!
1 из 29

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1 Жаңа технология - менің тәжірибемде
Описание слайда:

Жаңа технология - менің тәжірибемде

№ слайда 2 Оқыту технологиясы мен әдістеме ғылымы бір – бірімен тығыз байланысты. Әдісте
Описание слайда:

Оқыту технологиясы мен әдістеме ғылымы бір – бірімен тығыз байланысты. Әдістеме ғылымы «Нені оқыту керек?», «Не үшін оқыту керек?», «Қалай оқыту керек?» деген сұрақтарға жауап іздесе, оқыту технологиясы «Қалай нәтижелі оқытуға болады?» деген мәселенің шешімін іздейді? Олардың мақсаты бір, яғни оқытудың тиімді жолдарын қарастыру. Оқытудың тиімді жолдары оқытудың әр түрлі әдістері арқылы анықталады.

№ слайда 3 «Оқу мен Жазу арқылы Сын Тұрғысынан Ойлауды Дамыту» Бұл технология бойынша: -
Описание слайда:

«Оқу мен Жазу арқылы Сын Тұрғысынан Ойлауды Дамыту» Бұл технология бойынша: - оқу үрдісінде қызығушылық артады; - оқушының өз бетімен білім алуына мүмкіндік беруі туады; - оқушының ақпараттық тіл байлығы жетіледі.

№ слайда 4 Сабақтың тақырыбы - Мұқағали Мақатаевтың «Өмір сүрейік алмасып» өлеңі. Технол
Описание слайда:

Сабақтың тақырыбы - Мұқағали Мақатаевтың «Өмір сүрейік алмасып» өлеңі. Технология бойынша сабақ үш кезеңнен тұрады: - қызығушылықты ояту; - мағынаны ашу; - ой толғаныс.

№ слайда 5 Қызығушылықты ояту сатысында «Джигсо» - ұжымдық оқыту әдісі қолданылады. Оқуш
Описание слайда:

Қызығушылықты ояту сатысында «Джигсо» - ұжымдық оқыту әдісі қолданылады. Оқушылар 4 адамнан тұратын топтарға бөлінеді. Содан кейін 1,2,3,4-ке санау арқылы 1-лер бөлек, 2,3,4 өз алдына «жұмыс» тобын құрайды. Оқуға ұсынылған материалдың тақырыбы талқыланған соң, осы мәтінді түсіну қажет екендігі ескертіледі. 4 бөлікке бөлінген мәтіннің (М. Мақатаевтың шығармашылығы 137-138 беттер) 1- інші бөлігін 1-лерге,2 – нші бөлігін 2 санын алғандарға 3, 4 нөмірлі топтарға оқуға тапсырылады.

№ слайда 6 Келесі кезекте ұжым мүшелері бастапқы топтармен қайта табысып, өздерінің үйр
Описание слайда:

Келесі кезекте ұжым мүшелері бастапқы топтармен қайта табысып, өздерінің үйреніп келген бөліктеріндегі мазмұнды ортаға салады. Осылайша ұжым мүшелері бірін-бірі үйретеді, оқылатын тақырыпқа танымдық қызығушылығы, белсенділігі оянады.

№ слайда 7 Мағынаны тану сатысы кезеңі Ақынның «Өмір сүрейік алмасып» өлеңін мәнерлеп оқ
Описание слайда:

Мағынаны тану сатысы кезеңі Ақынның «Өмір сүрейік алмасып» өлеңін мәнерлеп оқып, сұрақтарға жауап беру «Авторға сұрақ қою» стратегиясы арқылы жүргізілді. -Өлеңді оқушылар оқырман ретінде оқып шығады - Топтан автор тағайындалады. - Оған топ мүшелері сұрақтар қояды. . ( Өлеңнің авторы кім деп ойлайсың? Өлең не туралы? Қандай сөздер арқылы білдің? Қалай ойлайсың, ақын неге «Бірде адам, бірде қайың боп, сүрейік өмір алмасып ...», Ақын неге қайыңмен өмір алмастырғысы келеді? Қайыңның жапырағы неге ұқсайды? Қайың неше жыл өмір сүреді? Бұл кезеңде оқушылар жаңа ақпаратпен, ойлармен танысады.

№ слайда 8 «Кубизм» стратегиясы. 1. Қайыңның түрін суреттеңіз. (Түсі, формасы, көлемі,а
Описание слайда:

«Кубизм» стратегиясы. 1. Қайыңның түрін суреттеңіз. (Түсі, формасы, көлемі,айырмашылығы т.б) 2. Салыстырыңыз. (Неге ұқсас, қандай нәрсеге ұқсас, басқалардан қандай айырмашылығы бар?) 3. Ойыңызбен байланыстырыңыз. (Ойыңызға не келтіреді,ұқсас заттар ма, әлде бөлек заттар ма?Мысалы: көктемді еске салады, қайыңды тоғайда қыдыру...) 4. Зерттеңіз. (Шығу төркіні, қайда, қалай пайда болған екен?) 5. Қолданыңыз. (Онымен не істеуге болады,қалай, қайда қолданатынын айтыңыз) 6. Талқылаңыз. (Талқылаңыз немесе қарсы шығыңыз).

№ слайда 9 «Сұрақ қою, қайта сұрақ қою» стратегиясы Бұл кезеңде оқушыларбір-біріне қарам
Описание слайда:

«Сұрақ қою, қайта сұрақ қою» стратегиясы Бұл кезеңде оқушыларбір-біріне қарама-қарсы сұрақ қояды. (Оқушы мен оқушы, топ пен топ). Қарастырылған материалдармен жұмыс істеу барысында өз түсінгенін қадағалайды, белсенді әрекет етеді.

№ слайда 10 Ой толғаныс сатысы а) Оқушылар М.Мақатаевтың шығармашылығы бойынша жұмыс жас
Описание слайда:

Ой толғаныс сатысы а) Оқушылар М.Мақатаевтың шығармашылығы бойынша жұмыс жасайды. «Түртіп алу - + ? v (INSERT)» Оқушыға оқу, тақырыппен танысу барысында V – “білемін”, ― - “мен үшін түсініксіз”, + - “мен үшін жаңа ақпарат”, ? – “мені таң қалдырады” белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады. INSERT – оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Vбілемін мен үшін түсініксіз жаңа ақпарат тереңірек білгім келеді

№ слайда 11 Венн диаграммасы («Өмір сүрейік алмасып» өлеңі бойынша) Оқушылар өз ойларын,
Описание слайда:

Венн диаграммасы («Өмір сүрейік алмасып» өлеңі бойынша) Оқушылар өз ойларын, өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта алады. Бұл сатыда оқушылар бір-бірімен әсерлі түрде ой алмастырады, ой түйістіреді, өз үйрену жолын, кестесін жасайды, басқалардың ойын біліп үйренеді. Адам, жанды көзбен көреді, саналы , біреуден жаралған, бір жүрегі бар, бір – ақ рет өмір сүреді т.б Қайың,өмір сүреді, өсімдік, жерден нәр алады, тілі жоқ, мың жүрегі бар,ұзақ жасайды, қайта тіріледі т.б Тіршілік иесі, өмір сүреді, күн сәулесін сүйеді, т.б.

№ слайда 12 Рефлексия кезеңі: Сабақтан алған әсерлері туралы ой бөлісу. «Алма ағашы» арқы
Описание слайда:

Рефлексия кезеңі: Сабақтан алған әсерлері туралы ой бөлісу. «Алма ағашы» арқылы оқушылар сабақтан алған әсерлері туралы ой бөліседі. Тақтада алма ағашының суреті салынған. Оқушыларға екі түсті алма – қызыл және жасыл түс беріледі. Балалар алманы алма ағашына жапсырады: жасыл – «мен бәрін өте жақсы жасадым деп есептеймін, менің көңіл-күйім жақсы», ал қызыл түс – «тапсырманы орындай алмадым, менің көңіл-күйім жоқ» дегенді білдіреді.

№ слайда 13 Рефлексия арқылы оқушының өзіндік ойы, көзқарасы қалыптасады, өз – өзіне баға
Описание слайда:

Рефлексия арқылы оқушының өзіндік ойы, көзқарасы қалыптасады, өз – өзіне баға бере алады, білім алуға деген қызығушылығы, ынтасы жоғарылай береді. Осыған байланысты оқушылар арасында өзара түсіністік және ұжымдық қарым-қатынасты орнатып, оқушылардың сенімсіздіктерін жойып, мүмкіндіктерін арттыруға жол ашатын критериалды бағалау болып табылады.

№ слайда 14 Критериалды бағалау бұл білім берудің мақсаты мен мазмұнына негізделген оқушы
Описание слайда:

Критериалды бағалау бұл білім берудің мақсаты мен мазмұнына негізделген оқушының оқу- танымдық құзырлығын қалыптастыруда алдын-ала белгіленген жетістіктермен салыстыру үрдісі .

№ слайда 15 Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты: Мектепте оқыту сапасын жоғарлату Мек
Описание слайда:

Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты: Мектепте оқыту сапасын жоғарлату Мектеп оқушылардың білімін халықаралық стандартқа сәйкестендіру

№ слайда 16 Критериалды бағалаудың басты ерекшелігі: Алдын ала ұсынылған бағалау шкаласы;
Описание слайда:

Критериалды бағалаудың басты ерекшелігі: Алдын ала ұсынылған бағалау шкаласы; Анық, айқындылығы; Бағаның әділдігі; Өзін бағалауға мүмкіндіктің берілуі.

№ слайда 17 Осы критериалды бағалау мұғалімдерге не үшін керек? Алдын ала ұсынылған бағал
Описание слайда:

Осы критериалды бағалау мұғалімдерге не үшін керек? Алдын ала ұсынылған бағалау шкаласы; Анық, айқындылығы; Бағаның әділдігі; Өзін бағалауға мүмкіндіктің берілуі.   Сапалы нәтиже алуды қамтамасыз ететін критерийлерді құрастыруға; Өз жұмысын талдау және жоспарлау үшін ақпарат алуға; Оқу үрдісінің сапасын жақсартуға; Әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқушы үшін оқытудың жеке траекториясын алуға; Бағалаудың әр түрлі тәсілдері мен құралдарын қолдануға; Оқу бағдарламасының мазмұнын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге мүмкіндік береді.

№ слайда 18 Оқушыларға несімен маңызды? Оқушыларға нәтижені талдау үшін бағалау критерийл
Описание слайда:

Оқушыларға несімен маңызды? Оқушыларға нәтижені талдау үшін бағалау критерийлерін білу және түсіну, рефлексияға қатысу, яғни өзін және өз достарын бағалау, нақты есептерді шешуде білімдерін қолдану, өз ойларын еркін жеткізе білуі, сын тұрғысынан ойлай білу үшін маңызды.

№ слайда 19 Ата-аналарға: Өз баласының оқытылу деңгейі туралы объективті дәлелдер алуға:
Описание слайда:

Ата-аналарға: Өз баласының оқытылу деңгейі туралы объективті дәлелдер алуға: Баланың оқудағы прогресін қадағалауға; Оқу үрдісінде оқушыға қолдау көрсетуге; Мектеп әкімшілігімен, мұғалімдермен кері байланыс орнатуға; Баласының мектепте және сыныпта жайлы сезінуіне сенімді болуына мүмкіндік береді.

№ слайда 20 Критериалды бағалау сабақтың өн –бойында жүзеге асып отырады. Алдымен топтық
Описание слайда:

Критериалды бағалау сабақтың өн –бойында жүзеге асып отырады. Алдымен топтық жұмысты бағалауда өте тиімді. Өйткені топ жұмысын критерийлермен бағалау жұмыстың нәтижелілігіне және оқушылардың өзара бағалау арқылы өз пікірлерін ортаға салып, еркін жеткізуіне алып келеді. Өз пікірін еркін айту, өзгелердің жұмысына өзіндік бағасын беру өмірге бейімділіктерін арттыра берері сөзсіз. Бағалау парағы топқа тапсырмамен бірге ұсынылатын болғандықтан, оқушылар өзге топты бағалар алдында өз тапсырмаларын орындауда сол критерийді басшылыққа алады.

№ слайда 21 «Менің әуес ісім – сурет салу» тақырыбы бойынша критериалды бағалау мынадай ү
Описание слайда:

«Менің әуес ісім – сурет салу» тақырыбы бойынша критериалды бағалау мынадай үлгіде беріледі. Критерий Жетістік Дескриптор Критерий А / түсіну/ Мәтінді оқу, аудару. Мах 6 0 1 2 3   4   5  6 Тапсырма бойынша берілген критерийлерді орындай алмады. Мәтінді түсінбеген, аударма жұмысында дәлсіздіктер көп. Мәтінді ауызекі сөйлеу стилінде түсінген, сөздікпен өз мәнінде жұмыс істей алмады. Мәтін мазмұнын толық түсінбеген,аударма барысында қателер жіберілген. Көп мағыналы сөздерді аудару барысында дәлсіздік терге жол берген, кейбір тілдік бірліктерді толық түсінбеген. Мәтін дұрыс аударылған, алайда кейбір сөздердің мағынасын түсінбеген. Мәтінді өте жақсы аударған, сөйлеу әуезділігі жоғары

№ слайда 22 Критерий В / талдау/ Негізгі ойды табу, сұраққа жауап беру. Мах 6 0   1   2
Описание слайда:

Критерий В / талдау/ Негізгі ойды табу, сұраққа жауап беру. Мах 6 0   1   2   3   4     5 6 Тапсырма бойынша берілген критерийлерді орындай алмады. Негізгі ойды дәл анықтай алмады, оқушының сөздік қоры жұтаң. Негізгі ойды анықтай алмады, сұрақтарға жауап беруде қысқа сөйлемдер қолданған. Мәтіндегі негізгі ойды толық түсінбеген, ой жүйесі сақталмаған. Мәтін бойынша негізгі ойды дұрыс анықтай алған, бірақ сұрақтарға жауап беруде сөз қайталаулар кездеседі. Мәтін бойынша негізгі ойды анықтай алған, сұрақтарға жауап беруде сәл ауытқулар бар. Негізгі ойды дәл тапқан, сұрақтарға жауап берді

№ слайда 23 Критерий С / стиль және тілді қолдану./ Мах 6 Мәтінді мазмұндау. 0   1   2 3
Описание слайда:

Критерий С / стиль және тілді қолдану./ Мах 6 Мәтінді мазмұндау. 0   1   2 3   4   5   6 Тапсырма бойынша берілген критерийлерді орындай алмады. Сөз байлығы жеткіліксіз, толық мазмұндай алмады. Мазмұндау барысында тіл заңдылықтары сақталмады. Сөз байлығы төмен. Мәтінді мазмұндауда 5-6 орфографиялық қатесі, стилдік ауытқулар бар. Мәтінді мазмұндауда 4-5 орфографиялық қатесі, стилдік ауытқулар бар. Мәтінді жақсы мазмұндады, 1-2 қатесі бар. Ойы жүйелі. Оқушының сөздік қоры кең, ойы жүйелі, тілі жатық.

№ слайда 24 Сабақ үрдісінде оқушы А критерийі бойынша мәтіннің мазмұнын толық түсінуге ты
Описание слайда:

Сабақ үрдісінде оқушы А критерийі бойынша мәтіннің мазмұнын толық түсінуге тырысты. В критерийі бойынша негізгі ойды тауып, сұрақтар құрастырып, оларға жауап бере білді. С критери йінде мәтіннің мазмұнын ауызша айтып беруге тырысты. Бағалау шкаласының үлгісі: «5» - 17 – 18, «4» - 14 – 16, «3» - 10-13, «2»-0 – 9.

№ слайда 25 Оқушының аты – жөні А В С Жалпы ұпайы Баға 1 –інші оқушы 6 5 6 17 5 2 – нші о
Описание слайда:

Оқушының аты – жөні А В С Жалпы ұпайы Баға 1 –інші оқушы 6 5 6 17 5 2 – нші оқушы 5 6 5 16 4 3 – інші оқушы 5 4 4 13 3 Жұмыстың орындалуы: Білім сапасы: 53,3 50 50 46

№ слайда 26 Топ жұмысын бағалау кестесі Критерийлер Топ мүшелері Идеяларды ұсыну Жолдаста
Описание слайда:

Топ жұмысын бағалау кестесі Критерийлер Топ мүшелері Идеяларды ұсыну Жолдастарын топ жұмысына жұмылдыру Идеялардың дербестігі Сұрақ қою Сұрақтарға жауап беру Белсенді түрде тыңдау Жалпы балл Топ бойынша

№ слайда 27 Оқушыларға критерийлер бойынша тапсырма бергенде дескрипторлар мазмұнымен та
Описание слайда:

Оқушыларға критерийлер бойынша тапсырма бергенде дескрипторлар мазмұнымен танысады, ұжымда талқыланады.Дескриптор оқушыларға түсінікті, нақты, дәл берілуі керек.Оқушылар өз алдына қойылған нақты мәселені түсінеді. Өзінің дербестігін түсінгенде, өзін жеке тұлға ретінде сезінеді. Бұл жағдай оқушыны шығармашылыққа жетелейді, белсенділігі артады.

№ слайда 28 Оқушылар жұмыс кезінде өздігінен білім алуға ұмтылды, өз білімін тереңдете тү
Описание слайда:

Оқушылар жұмыс кезінде өздігінен білім алуға ұмтылды, өз білімін тереңдете түсті, сөздік қорын молайтты, рефлексияға қатысты, өзін және сыныптасын бағалады, нақты мәселеде өз білімін қолданды, өз ойларын еркін жеткізе отырып, сын тұрғысынан ойлай білді.

№ слайда 29 Назарларыңызға рахмет!
Описание слайда:

Назарларыңызға рахмет!

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 06.01.2016
Раздел Другое
Подраздел Презентации
Просмотров198
Номер материала ДВ-310974
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх