Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Презентации / Презентация "Жаңа жыл" ертеңгілігі

Презентация "Жаңа жыл" ертеңгілігі


  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

«Жаңа жыл» ертеңгілігі

Тәрбиешілер: Казанова А.Б

«Тамшылар» тобы

Үлкен Нарын ауылы

Жүргізуші: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы!

Ақмамыққы бөлеп алды маңайды.

Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді.

Бақыт,шаттық, молшылық әкелсін

Бәрімізге мына жыл арайлы!

Құтты болсын ағайын!

Жаңа жылын тағы да

Қол соғып қарсалайық!

Шақырайық ортаға

Ертеңгілік басталсын

«Тамшылар» тобында!

Сиқыршы: Шыр айналып кіреді.

Сиқыршы: Жаңа жыл келді

Азаймасын ән мен жыр

Ел көңілін көтерсін

Құтты болсын Жаңа жыл!

Жүргізуші: Сәлеметсіңбе Сиқыршы! Жақсы болдығой келгеніңіз.Менің балаларымды көрген жоқсызба? Балаларым жоқ. Енді жаңа жыл көңілсіз өткейі тұр. Енді не істеймін? Сіз маған көмектесіңізші?

Сиқыршы: Жәрәйді, менде сиқырлы таяғым бар. Қазір сол таяқпен сиқырлы сөздерімді айтсам балаларың табылады қорықпаңыз.Сим-салабим ахалай-махалай кәне балалар шығыңдар!!!

Жүргізуші: Сиқыршы саған көп рахмет. Балаларымды тауып бердіңіз. Ал енді жаңа жылымызды бастайық.

Сиқыршы: Бәрекелді, жарайсыңдар қараңдаршы айнала неткен керемет!Мына әсем шыршамызға ойыншықтардың алуан турлері бар екн. Бірақ шыршамыз көңілсіз, Кәне менің сиқырлы таяғымның көмегімен, шыршаның шамын жағайық!

Балалар: Шырша.шырша шамдарыңды жарқырат! 2

(шыршаның шамы жанды) балалар қол соғады.

Ән. « Жаңа жыл»

Ойын: «Гулге қону» Ойын ережесі: ортада төрт гул орналастырады, бес бала ортаға шақырылады. Музыка басталғанда балалар гулді айналып билейді, музыка тоқтағанда гулдің үстіне тұрағалады. Гүлге қоналмаған бала ойыннан шығады.

Аяз атаны шақыру. Аяз ата ау-у, Аяз ата ау-у.Балалар қол соғып, аяқтарын топырлатып Аяз атаны шақырады.

Аяз ата:

Амансыздар ма, Тәуелсіз елдің бақытты ұрпақтары, аяулы аналар, ардақты ұл-қыздарым, бүлдіршін балаларым!
Қандай жарқын жүздерің,
Қандай әсем жырларың
Асаулармен алысқап,
Асау желмен жарысқан
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан.

Аяз ата , Ақшақар қош келдіңіздер!!! Сіздерге арналған біздің әсем ән мен би де бар.

Би. «Шырша»

Ойын «Жаңғақ жинау» Жерде шашылып жатқан жаңғақтарды жылдам жинап қорапқа салу.



Темірлан: Тамаша, тамаша,
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса.

Асанәли: Жаңа жылда, балалар,
Тек қуаныш көріңдер.
Ауырмаңдар ешқашан,
Мықты болу өзіңнен.

Алижан : Жаңа жылда, балалар,
Тек жақсылық көріңдер.
Жылау, ауру, жамандық
Қастарыңда болмасын

Жалғас: Қандай әсем шартарап!
Шаттық күйге бөлеп тұр.
Кәмпиттерін арқалап,
Аяз ата келіп тұр.



Ойын: «Сиқырлы шәрқай»

Ойын ережесі. Шәрқай ды кім кисе сол бала билейді музыка біткенше.

Ән «Аяз ата» балалар орынайды.

Аязата мен Ақшақар сыйлықтар таратады.
Ақшақар: Мінекей, балалар, сендермен қоштасатын да кез келді.
Сендерді қимай тұрмыз, барлығың да көңілді, әдемі бала екенсіңдер.
Аязата:
Жаңа жылда, балалар, тек қуаныш көріңдер.
Ауырмаңдар ешқашан, мықты болу өзіңнен.
Ақшақар:
Жаңа жылда, балалар, тек жақсылық көріңдер.
Жылау, ауру, жамандық қастарыңда болмасын.
Сау болыңдар, балалар
!








































Автор
Дата добавления 22.05.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Презентации
Просмотров45
Номер материала ДБ-094273
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх