Предпросмотр материала:
Танымдық сайыс
Химия-ғажайып әлем
Аширова Гүлжанат Тұрсынбекқызы ОҚО, Мақтарал ауданы “М.Ғабдуллин атындағы жалпы орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің химия,биология пәні мұғалімі
Сайыс мақсаты
таным белсенділіктерін арттыру
Теориялық білімді іс жүзінде қолдану біліктіліктерін арттыру
Пәнге қызығушылықтарын арттыру
Кәсіптік бағдар беру
Сайыс бөлімдері
Химиялық рекордтар
Химия тұрмыста
Химиялық мұражай
Ұлы есімдер
Химиялық рекордтар
Адам миында 1 секундта қанша реакция жүреді?
Жауабы: 100 000
Дыбысты ең жақсы өткізетін зат?
Жауабы: гранит.Гранит дыбысты ауадан 100 есе жылдам өткізеді.
Бұл химиялық элементтердің қандай рекорды бар?
Оттегі- жер қыртысында ең көп кездесетін элемент.
Астат-жер қыртысының 1,6 км-дегі массасы 70 мг ғана кездесетін ең сирек кездесетін металл.
Ро-210- радиактивтілігі ең күшті элемент.
Азот-атмосфераның құрамында ең көп кездесетін элемент.Ауада оның массалық үлесі 78%
Жауабы
Ең ұзын химиялық формула типографиялық мәтінмен неше бет болатынын білесіз бе?
Жауабы: 16 бет болған.
Ең күйдіргіш қышқылды білесіз бе?
Жауабы: фтор-сурьма қышқылы. Ол күкірт қышқылынан 21019 есе күйдіргіш.
Химия тұрмыста
Неліктен алюминийден жасалған ыдысты бейтарап жуғыш заттармен тазалайды?
Жауабы: Алюминий – белсенді металл.Ол қышқылмен де,сілтімен сутегін бөле отырып,әрекеттеседі.
Сабын мен сусабынның құрамы бірдей ме?
Сабын-стеарин қышқылының натрийлі тұзы,ал сусабын стеарин қышқылының калийлі тұзы
Силикагельдің химиялық құрамы қандай?Оны не үшін қолданады?
Жауабы: SiO2
Күшті адсорбциялық қасиеті бар, кептіргіш ретінде қолданылады
Күнделікті тұрмыста қолданылатын заттың құрамында 1807 жылы Г.Дэви содий және потассий деп атаған екі элемент бар.Бұл қандай элементтер?
Жауабы: Содий- натрий,потассий- калий.Тұрмыстағы сода мен поташтың аты сол кезден сақталған.Олар натрий мен калийдің карбонаттары.
Йогуртты қалай дайындайды?Оны қолдануға ұсыныс жасаған ғалымды білесіз бе?
Жауабы: сүтқышқылды бактериялар-лактобациллинді ашытқы ретінде пайдаланып айранды ұйытады.Ем ретінде пайдалануды ұсынған ғалым орыс физиологы- И.И.Мечников
Химиялық мұражай
Алтыннан жасалған ең үлкен монетаның массасы қандай? Ол қай елде?
Жауабы: салмағы 100 кг, диаметрі 50 см, қалыңдығы 3 см болатын таза алтын монетаны Канада монета сарайында соққан.Оның құны 900000 АҚШ долларымен бағаланған
Перғауын Тутанхамонның саркафагына қанша алтын жұмсалған?
Жауабы: 100 кг-дай
Ресейдің алмаз қорындағы “Шах” алмазы туралы не білесіздер?
Жауабы: 90 караттық ,яғни 18 грамм болатын алмаздың түсі сарғыш,керемет мөлдір, ұзындығы 3 см шамасында.Ол Орталық Үндістаннан 1450 жылдары табылған.1748 жылдары Парсы шахы Нәдір Үндістанға шабуыл кезінде қолына түсірген.1829 жылы Тегеранда орыс елшісі,әрі жазушысы А.С.Грибоедов өлтіріледі. Ресей үкіметі кінәлілерді жазалауды талап етеді.Бұл талаптан қорыққан шах сарайындағылар Петербургқа Хосров-Мирза атты шах баласын жібереді.Ол патшаға “Шах” алмазын сыйға тартады.
Санк-Петербургтағы эрмитаждан Қазақстанға қайта әкелінген жәдігер ?
Түркістандағы тайқазан
Стокгольм корольдік техникалық институтының коллекциясына енген , сапа эталоны болған Риддер кені
Жауабы: мыс
Ұлы есімдер
Т. Парацельс
У.Рамзай
Р.Бойль
Қ.Сәтбаев
Альберт Гиорсо
Сәйкестендір
Жауабы
Назарларыңызға рахмет!
Химия-ғажайып әлем таныстырылымында танымдық тапсырмалар берілген. Оқушылардың логикалық ойлануына , таным белсенділігінің артуына ықпал ететін тапсырмалар көрнекі түрде берілген.Химия ғылымының ғажайыптары, химиялық рекордтар ғалымдардың еңбектеріін анықтауға берілген тапсырмалар оқушыларды ойлануға жетелейді.Таныстырылымды сыныптан тыс іс-шараларда пайдалануға болады.Күнделікті тұрмыс химиясынан да тапсырмалар берілген. Ғалымдар мен олардың еңбектері сәйкестендіру арқылы орындалатындықтан тапсырманы орындауға 2 минуттай уақыт берілуі қажет. Танымдық сұрақтарымен құнды деп ойлаймын
Профессия: Агроном
Профессия: Учитель химии
Профессия: Учитель химии и биологии
В каталоге 7 494 курса по разным направлениям