Инфоурок Другое Другие методич. материалыПрезентация «Сарыарқаның құтты мекені-Кереку» 7 сынып

Презентация «Сарыарқаның құтты мекені-Кереку» 7 сынып

Скачать материал
Скачать материал "Презентация «Сарыарқаның құтты мекені-Кереку» 7 сынып"

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Администратор баз данных

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • Екібастұз қаласының  
№12 ЖОББМ-ің 
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі...

    1 слайд




    Екібастұз қаласының
    №12 ЖОББМ-ің
    Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
    Уалиева Гүлзат Азымханқызы

  •            “Аймақтық компонент”.

    2 слайд

    “Аймақтық компонент”.

  • Мақсаты:
Оқушылардың Ертіс өңірінің әдебиеті, мәдениеті туралы білімдерін тол...

    3 слайд

    Мақсаты:
    Оқушылардың Ертіс өңірінің әдебиеті, мәдениеті туралы білімдерін толықтыра отырып, елге, тілге, жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
     
    Міндеттері:
    - оқушыларды сөйлесім әрекетінің түрлерін әлеуметтік ортада қолдана білуге үйрету;
    - күнделікті өмір жағдаяттарында туған жерінің әдебиетін, мәдениетін қазақ тілінде орынды әңгімелеп жеткізе алуға мүмкіншілік туғызу;
    - өзінің туған өлкесі туралы терең мағлұмат алу;
     
    Күтілетін нәтиже:
    ­ Оқушылардың өз ойын айқын, түсінікті жеткізе білуі;
    - Ертіс өңірі жайлы жан – жақты ақпарат алу;
    - Білім беру барысында сабақтарда қолдану;

  • «Сарыарқаның құтты мекені-Кереку» атты баспа шығарылымының мазмұндық желі...

    4 слайд

    «Сарыарқаның құтты мекені-Кереку» атты баспа шығарылымының мазмұндық желісі үш аяға бөлініп ұсынылды:
    Әлеуметтік – тұрмыстық ая;
    Әлеуметтік – мәдени ая;
    Оқу – еңбек аясы;
    Әрбір аяда қамтылған тақырыптар жеңілден қиынға қарай бірте – бірте күрделенеді.
    Қатысымдық – сөйлесімдік бөлімдегі білім берудің негізгі бес қағидасы қамтылған:
    Тыңдалым. Ертіс өңірінің компоненттеріне қатысты мәтіндерді түсіну.
    Оқылым. Тақырыптарға қатысты мәтіндерді оқу.
    Айтылым. Тақырыптар туралы баяндау.
    Жазылым. Жазбаша жұмыстарды орындау.
    Тілдесім. Тақырыптарға байланысты сөйлесудің үлгілерін, сөздерді, тілдік қолданыстарды, терминдерді үйрену.

  • Мазмұны
 -    Түсінік хат  ---------------------- ---------------------------...

    5 слайд

    Мазмұны
     - Түсінік хат ---------------------- ----------------------------------------1 бет
    - «Сарыарқаның құтты мекені-Кереку» дидактикалық жинағының
    бағдарламасы - - --------------------------------------------------------2-3 бет
    - Күнтізбелік жоспар -----------------------------------------------------4-5 бет
    Кереку өңірі –киелі мекен
     - Павлодар –Қара Ертістің саясы ------------------------------------- 6 - 7 бет
    - Екібастұз –аңыз қала --------------------------------------------------8- 9 бет
    - Алтын арқаның құтты мекені –Баянауыл -------------------------10-11 бет
    - Ақсу қаласы ------------------------------------------------------------ 12-13бет
    - Су –тіршілік көзі.Ертіс өзені -----------------------------------------14-15бет
    - Баянауыл көлдері ------------------------------------------------------ 16-17 бет
    Кереку өңірінің өндірісі
      - Павлодар өңірінің өнеркәсіп кешені ------------------------------18-19 бет
    - Ақсу феррқорытпа зауыты - ------------------------- --------------20-21 бет
    - Екібастұз қаласының 2-ші МАЭС-і -------------------------------22-23 бет
    - « Майкөбен –вест» жабық акционерлік қоғам-------------------24 -25 бет
    - Екібастұз –қара алтынның қоймасы------------------------------- 26-27 бет
    Мұражайлар
     - Екібастұз қаласының тарихи өлкетану мұражайы --------------28-29 бет
    - Бұқар жырау атындағы облыстық әдебиет және
    өнер мұражайы----------------------------------------------------------30-31 бет
     Өнерлі өрге озар
     - Шәкен Айманов---------------------------------------------------------32-33 бет
    - Қызы едім Уәлидің,Майра деген.... --------------------------------34-35 бет
    - Естай Беркімбайұлы ---------------------------------------------------36-37 бет
    - Иса Байзақов ------------------------------------------------------------38-39 бет

  • -  Жаяу Мұса  -------------------------------------------------------------...

    6 слайд



    - Жаяу Мұса --------------------------------------------------------------40-41 бет
    - Мәшһүр жүсіп Көпеев -------------------------------------------------42-43 бет
    - Сұлтанмахмұт Торайғыров ------------------------------------------44-45 бет
    - Бұқар жырау Қалқаман ұлы -----------------------------------------46-47 бет
    Білімдіге дүние жарық
     - Керекудегі С.Торайғыров атындағы мемлекеттік
    университет ----------------------------------------------------------------48-49 бет
    - Екібастұз қаласындағы Қ.Сатпаев атындағы институт ----------50-51 бет
    - Академик Қаныш Сатпаев ---------------------------------------------52-53 бет
    - Әлкей Марғұлан-ғұлама ғалым ---------------------------------------54-55 бет
     Спорт .Шынықсаң шымыр боларсың
     - Кереку өңірінің спорты --------------------------------------------------56-57 бет
    - Марат Төлегенұлы Жыланбаев-----------------------------------------58 -59 бет
     Отан отбасынан басталады
     - Мәшһүр ата ұрпағы ------------------------------------------------------60-61 бет
    - Өлеңге балакүннен болдым құмар... ------------------------------61 -62 бет
    - Мүсінші Баян Қайнышева ----------------------------------------------64 -65 бет
     Дені саудың-жаны сау
     - Екібастұз медицина орталығы-------------------------------------------66-67 бет
    - Павлодар қаласындағы диагностикалық орталық ------------------68 -69 бет
    - Мойылды шипажайы ------------------------------------------------------70-71 бет
    - Баянауыл ұлттық мемлекеттік табиғи паркі --------------------------72-73 бет
    - Пайдаланған әдебиеттер ---------------------------------------------------74 бет.

  • Түсінік хат
            7 сыныпқа арналған «Сарыарқаның құтты мекені-Кереку »...

    7 слайд

    Түсінік хат

    7 сыныпқа арналған «Сарыарқаның құтты мекені-Кереку » атты дидактикалық материалдар жинағының бағдарламасы. Оқу құралы 34 сағатқа негізделіп құрастырылған. Дидактикалық материалдар жинағы Павлодар өңірінің әдебиетін,мәдениетін оқып білуге негізделген.
    Бағдарлама «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңы мен «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асыру және оқушылардың туған өлкеге деген сүйіспеншілігін арттыру, салт-дәстүрін құрметтеуге, тарихын, мәдениетін білуге жұмылдыру, өлкетану материалдары негізінде оқушылардың ой-өрісін дамыту мақсатында құрастырылған.
    Бағдарламаның міндеттері:
    оқушыларды сөйлесім әрекетінің түрлерін әлеуметтік ортада қолдана білуге үйрету;
    күнделікті өмір жағдаяттарында туған жерінің әдебиетін, мәдениетін қазақ тілінде орынды әңгімелеп жеткізе алуға мүмкіншілік туғызу;
    өзінің туған өлкесі туралы терең мағлұмат алу;
    оқу мәтіндерін аудармасыз түсінуге жұмылдыру;
    оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытып, іскерлік дағдыларын жетілдіру:
    қазақ тілінде айтылым, жазылым, тыңдалым, оқылым, тілдесім әрекеттерін меңгерту;
    белсенді тіл үйрену қабілетіне баулу, оны арттыру, оқу мәтіндерін өз бетінше түсінуге жеткізу;
    аударма, түсіндірме т.б сөздіктерді қолданып, сөздердің мағыналарын тереңірек түсінуге дағдыландыру.

  • “Сарыарқаның құтты мекені-Кереку” атты дидактикалық материалдар жинағы бойынш...

    8 слайд

    “Сарыарқаның құтты мекені-Кереку” атты дидактикалық материалдар жинағы бойынша білім бағдарламасы.
    Барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат.

    І. Әлеуметтік – мәдени ая – 21 сағат.
    1. Кереку өңірі - киелі мекен. (6 сағат)
    2. Кереку өңірінің өндірісі. (5 сағат)
    3. Мұражайлар. (2 сағат)
    4. Өнерлі өрге озар. (8 сағат)
    ІІ. Оқу-еңбек аясы – 6 сағат.
    1. Білімдіге дүние жарық. (4 сағат)
    2. Спорт. Шынықсаң шымыр боларсың. (2 сағат)
    ІІІ. Әлеуметтік-тұрмыстық ая – 7 сағат.
    1.Отан отбасынан басталады. (3 сағат)
    2. Дені саудың – жаны сау. (4 сағат)

  • Жинақтағы грамматикалық тапсырмалар.         Жинақтағы грамматикалық тапсырма...

    9 слайд

    Жинақтағы грамматикалық тапсырмалар.
    Жинақтағы грамматикалық тапсырмалар оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін қалыптастыруға, білімнің беріктігін қамтамасыз ету үшін, баланың шығармашылық қабілетін дамыта түсу үшін, оқушының дарындылығын тану үшін логикалық тапсырмаларға баса назар аударылған. Төмендегі негізгі талаптарға сәйкестендірілген.
    - Оқу үрдісінде білім алушылардың өздерін еркін сезінуіне жағдай туғызу;
    - Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын дамыту, күтілетін нәтижелерге жетуге талаптандыру;
    - Өз бетімен жұмыс істеп, шешім қабылдауға мүмкіндіктер туғызу;
      - Ақпараттық ізденісті жоспарлау:
    - Мақалдарды әңгімемен сәйкестендіру, мағынасын ашу;
    - Ақпаратты өңдеу;
    - Әңгімелердің идеясын анықтау, өз пікірлерін дәлелдеу;
    - Логикалық тапсырмаларды орындау;
    - Біздің жеріміздегі тау-қырат, өзен-көл, белгілі адамдар, жер аттарын жіктеп жазу;
    - Жазбаша қатынас:
    - Мәтіннің желісі бойынша өз пікірлерін білдіру;
    - Диалог құру;
    - Өнімді топтық қатынас;
    - Мәтіндердің мазмұнын өз өмірлерімен байланыстырып айту.

  • Күнтізбелік жоспар

    10 слайд

    Күнтізбелік жоспар

  • 11 слайд

  • Құтты мекен-Кереку.
1 сабақ
Лексикалық тақырып:    Павлодар – Қара Ертістің с...

    12 слайд

    Құтты мекен-Кереку.
    1 сабақ
    Лексикалық тақырып: Павлодар – Қара Ертістің саясы.
    Грамматикалық тақырып: Септіктер.










    Павлодар облысы 1938 жылғы қаңтар айында құрылған. Облыс орталығы - Қазақстанның ең әдемі қалаларының бірі - Павлодар қаласы, ол Қазақстанның аса ірі өзені болып табылатын Ертіс жағасында орналасқан. Облыста 12 аудан 2 үлкен қала бар.
    Ертістің Павлодар өңірінде бәрі де бар: ұшы-қиырсыз дарқан даласы, қайың тоғайлары, қарағайлы ормандары, таулары, көптеген көлдері. Облысты ежелгі Ертіс қақ бөледі деп айтуға болады. Оның жайылмасы да бірегей және өте бай.
    Облыстың аса ірі бөлігін қазақтар ежелден Сарыарқа - Алтын дала деп атап кеткен тегіс дала алып жатыр. Онда, расында да, орасан зор байлықтар бар. Мұнда Қазақстан мен Ресейдің жан-жағынан келетін мыңдаған туристердің аса ірі демалыс аймағы бар.


  • Тапсырмалар.
 I  деңгей. 
1. Берілген сөздердің орыс тіліндегі баламасын таб...

    13 слайд


    Тапсырмалар.
    I деңгей.
    1. Берілген сөздердің орыс тіліндегі баламасын табыңыз.
    Құрылған -
    Жағасы -
    Өңірі -
    Ежелден -
    Байлығы –
     
    2. Берілген сұрақтардың жауабын табыңыз.






    ІІ деңгей.
    1. Берілген сөздерді септіктермен сәйкестендіріңіз.
    1. Ресейдің 1. Атау септік
    2. Сарыарқа 2. Ілік септік
    3. Өңірінде 3. Барыс септік.
    4. Орманмен 4. Табыс септік.
    5. Даланы 5. Жатыс септік.
    6. Көлінен 6. Шығыс септік.
    7. Қаланы 7. Көмектес септік.
     
    2. Берілген сөзге түсініктеме беріңіз.
    Үлгі: Болыс - Ел басқаратын адам. Өз қарамағындағы бүкіл халықтың қамын жейді. Оларға көмектеседі...
    Жайылма-
    ІІІ деңгей.
    1. «Кереку өңірі» тақырыбына диалог құрыңыз.
    2. Мақал – мәтелдерді оқып, аударыңыз. Жаттап алыңыз.
    Өз елім - өлең төсегім.
    Туған жер – алтын бесік.
     Қара Ертістің саясы.
     

  • 3 сабақ 
 
Лексикалық тақырып: Алтын арқаның құтты мекені – Баянауыл.
Граммат...

    14 слайд

    3 сабақ
     
    Лексикалық тақырып: Алтын арқаның құтты мекені – Баянауыл.
    Грамматикалық тақырып: Буын. Буынның түрлері.














    Баянауыл- Сарыарқа аталатын ұлан-ғайыр сахараның бір ғана бөлігі. Ол Ертістің сол жақ жағалауына орналасқан Павлодар облысының ең ірі ауданы. Баянауыл көгілдір таулары, күрең белдері,мөлдір көлдерімен көрікті. Тау қойнаулары қалың жыныс орман-тоғайларға бай. Шырша иісі бұрқырап тұрады.
    Баянауыл жері көптеген ғалымдардың, жазушылардың, ақындардың және қоғам қайраткерлерің Отаны. Бұл даңқты Бұқар жыраудың, Шоң бидің, он тоғызыншы ғасырдың екінші жартысындағы және жиырмасыншы ғасырдың басындағы композитор Жаяу Мұса Байжановтың, алғашқы қазақтан шыққан тарихшы, ағартушылардың бірі- Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтың және қазақ әдебиетінің классигі, ақын, ағартушы Сұлтанмахмұт Торайғыровтың, тағы басқа зиялылардың Отаны. Баянауыл ауданы облыстағы ірі мал шаруашылығы базасы болып саналды.   
    1985 жылы Баянауыл аумағында республика бойынша алғаш рет 49 мың гектар алқапты алып жатқан мемлекеттік табиғи ұлттық парк құрылды. Бұл парктің мақсаты мен міндеті өсімдіктер мен жануарларға бай  дүниесін қорғауға арналған. 

  • Тапсырмалар.
І деңгей. 
1. Берілген сөздердің орыс тіліндегі баламасын табың...

    15 слайд


    Тапсырмалар.
    І деңгей.
    1. Берілген сөздердің орыс тіліндегі баламасын табыңыз.
    Ұлан – ғайыр –
    Қайраткер –
    Ағартушы
    Табиғи ұлттық –
    Қорғауға арналған -
    2. Дұрыс буынға бөлінген сөздерді бір бағанға жазыңыз.
    Баян-ау-ыл,тау-лар,ғал-ым,аға-рту-шы, көл-дер,шаруа-шы-лығы ,жа-ну-ар.




    ІІ деңгей.
    1.Мәтіннің мазмұнын ашатын сөздерді анықтаңыз.
    ___________________
    ___________________
    ___________________
    ___________________

    2. Заттардың әрекетін табыңыз.
    Мысалы: Су – ағады, қатады, қайнайды.
    Ақын-
    Тау-
    Ғалым-
    Шырша –

    ІІІ деңгей.
    1. Баянауыл табиғатын
    суреттеп жазыңыз.

    Баянауыл

  •  6- сабақ
Лексикалық тақырып: Баянауыл көлдері.
Грамматикалық тақырып: Сын ес...

    16 слайд

     6- сабақ
    Лексикалық тақырып: Баянауыл көлдері.
    Грамматикалық тақырып: Сын есімнің шырайлары.









    Баянауыл аумағында үш ірі тұщы сулы көл  - Сабындыкөл, Жасыбай және Торайғыр көлдері орналасқан.  Олардан басқа шағын көлдер көп, кейбіреуі құрғақшылық кезде тартылып қалады.
    Ең ірі көл — Сабындыкөл, оның жағасында Баянауыл кенті орналасқан. Көл өзінің ерекше, жұмсақ, сабынды суына байланысты солай аталған. Аңыз бойынша Баян сұлу кезінде әдемі ұзын шашын жуып отырғанда сабынын суға түсіріп алған.
    Ең мөлдір және көлемі бойынша екінші көл — Жасыбай көлі, ол таулар арасындағы қазаншұңқырда орналасқан. Жасыбай жағажайынан ашылатын көркем көрінісіне және өзінің таза суына байланысты шомылуға арналған тартымды көлдердің бірі болып табылады. Аңыз бойынша жағада басқыншылармен шайқасқан кезде қаза тапқан қазақтың Жасыбай батыры құрметіне аталған болатын.
    Торайғыр көлемі жағынан үшінші және теңіз деңгейінен барынша жоғары орналасқан көлдердің бірі болып табылады. Онда көптеген балық бар, әсіресе сазан, осыған байланысты бұл көл көптеген балықшыларды қызықтырады.






    Жасыбай Өмірұлы - қазақ батыры. XVIII ғасырда өмір сүрген.

  • Тапсырмалар.
І деңгей.
 1. Берілген сөздердің аудармасын мәтіннен табыңыз.
Уг...

    17 слайд

    Тапсырмалар.
    І деңгей.
    1. Берілген сөздердің аудармасын мәтіннен табыңыз.
    Углубление - қазаншұңқыр
    Расположен –
    Мыльное озеро –
    Легенда –
    Сражаться –
    Казахский богатырь –
    2. Сын есімдерді шырайларға түрлендіріңіз.






    ІІ деңгей.
    1.«Екі жақты түсініктеме күнделігі» стратегиясы.







    2. Мақалдың қазақ тіліндегі баламасын табыңыз.
    Дождь пойдет – земле счастье,
    Батыр родится – народу счастье.
    ІІІ деңгей.
    1. Мәтін бойынша бес сұрақ дайындаңыз.
    2. «Баянауыл көлдері» - атты тақырыпта реферат жазыңыз.

  • 23 сабақ
 
                 Лексикалық тақырып: Екібастұз қаласындағы  Қ. Сат...

    18 слайд

    23 сабақ
     
    Лексикалық тақырып: Екібастұз қаласындағы Қ. Сатпаев атындағы институт.
    Грамматикалық тақырып: Сөйлем мүшелері.

    1994 жылы ЕИТИ-дің құрылуына орай, өзіңнің туған қалаңда беделді техникалық және экономикалық жоғары білім алу мүмкіндігі пайда болды.
    Он алты жыл ішінде еліміздің түрлі аймағында барлық өнеркәсіп саласына сай жұмыс істейтін 7000-нан астам мамандар даярланды. ЕИТИ түлектері өздерінің дипломдарын растап, Ресей, Канада, АҚШ, Германия және т.б. елдерде жұмыс істеуде.
    ЕИТИ мемлекеттік аттестациядан  сәтті өтіп, № 0000243  АА Мемлекеттік мерзімсіз лизенциясын алды.
    Институт 14 мамандық бойынша мамандарды даярлайды.
    Қазақстан Республикасының  жоғары оқу орындары Ассоциациясының мүшесі болып табылады.
    ЕИТИ-де Аймақтық тестілеу орталығы жұмыс істейді.
    Институт Фрайберг Тау-кен академиясымен (Германия), «NATCH» Канада фирмасымен, Украина Ұлттық тау-кен университетімен және РФ мен Қазақстанның басқада жоғары оқу орындарымен қызметтес.
    ЕИТИ студенттері мынадай бірегей өнеркәсіптік алыптарда өндірістік іс-тәжірибеден өтеді: «Богатырь» ЖШС, «Шығыс» кеніші, ЕГРЭС-1, ЕГРЭС-2 және т.б.

    Фрайберг Тау-кен академиясы
    Украина тау-кен университеті

  • Тапсырмалар.
І деңгей.
1.Берілген сөздерді аударып,сөзтіркес құрыңыз.
Аймақ-...

    19 слайд

    Тапсырмалар.
    І деңгей.
    1.Берілген сөздерді аударып,сөзтіркес құрыңыз.
    Аймақ-
    Өнеркәсіп-
    Растау-
    Жоғары-
    Орталық-
    Беделді-
    2.Берілген сөйлемнен тұрлаулы мүшелердің астын сызыңыз.
    Институт 14 мамандық бойынша мамандарды даярлайды.
    ЕИТИ-де Аймақтық тестілеу орталығы жұмыс істейді.
    ІІ деңгей.
    1.Мәтінге сүйене отыра сөйлемдердің дұрыс,бұрыстығын анықтаңыз.






    2.Берілген сұрақтарға жауап жазыңыз.
    1.Жоғары оқу орны кімнің атында?
    2.Қ.Сәтпаев кім?
    3.Институт қанша мамандықтар бойынша маман дайындайды?
    4.Түлектер қандай елдерде жұмыс істеуге мүмкіндік алады?
    ІІІ деңгей.
    1.Жоғары оқу орны керек пе? Өз ойларыңды жазыңыз.
    2.Берілген мақал-мәтелдердің орыс тілінде баламасын жазып, мағынасын анықтаңыз.
    а)Оқусыз білім жоқ, ә)Ақыл азбайды,
    Білімсіз күнің жоқ. Білім тозбайды.

  • 30 сабақ
 
Лексикалық тақырып: мүсінші Баян Қайнышева.
Грамматикалық тақырып:...

    20 слайд

    30 сабақ
     
    Лексикалық тақырып: мүсінші Баян Қайнышева.
    Грамматикалық тақырып: Себеп – салдар салалас құрмалас сөйлем.






    Ұстаздық пен өнерді қатар алып жүру - кез келген адамның қолынан келе  бермейтін қасиет. Ол үшін таудай талант пен көп еңбек керек. Өңірімізде  талапты да талантты, еңбекқор жандар аз емес. Солардың бірі  - белгілі  Екібастұздық мүсінші, ұлағатты ұстаз Қайнышева Баян Құрманқызы.
    Ол 1965 жылы Екібастұз өңірінде дүниеге келген. Бала кезіндегі арманы 
    мұғалім мамандығын алып,  жас ұрпақты білім нәрімен сусындату  болатын. Жастайынан алдына қойған асыл мұратына жетуге талпынған  ол орта мектепті ойдағыдай бітіргеннен кейін, келешегін ұстаздық етуге  арнайды. Сөйтіп, педагогикалық білім алған Баян Құрманқызы ұстаздық  етумен қатар, мүсін  өнеріне  лен қояды. Бүгінгі таңда Баян Құрманқызы № 22 гиназия мектебінде ұстаздық етуде.

  • Тапсырмалар.
І деңгей.
1. Берілген  сөздерден сөзтіркес құрыңыз, орыс тіліне...

    21 слайд

    Тапсырмалар.
    І деңгей.
    1. Берілген сөздерден сөзтіркес құрыңыз, орыс тіліне аударыңыз.
    Өнер-
    Таудай –
    Мүсінші-
    Ұлағатты –
    Білім –
    Сусындату –
    Мәтін бойынша берілген сызбаны толтырыңыз.





    ІІ деңгей.
    2.Салалас құрмалас сөйлемнің жалғаулықтарын сәйкестендіріңіз.
    1.Ыңғайлас бірақ,алайда,дегенмен
    2.Қарсылықты не,немесе,яғни,әлде
    3.Себеп –салдар да,де,та,те,және,әрі
    4.Талғаулы сондықтан,себебі,өйткені,неге
    5.Кезектес біресе,кейде,бірде
    1. Себебі, өйткені, сондықтан жалғаулықтар арқылы мәтінге сүйене отырып, құрмалас сөйлем құрыңыз.
    ІІІ деңгей.
    1. Сұраққа жауап беріңіз.
    Екібастұзда Баян Қайнышева мен Ақертіс Солтанбаевтың еңбектерімен, еліміздің ұлы адамдарының есімдерімен аталған көшелерге кімдердің ескерткіші қойылды.
    2. Ақертіс Солтанбаев туралы не білесіз?
    3. «Өнер» туралы 2 мақал айтыңыз.

  • 33 сабақ
 
Лексикалық тақырып: Мойылды шипажайы.
Грамматикалық тақырып: Сөйл...

    22 слайд


    33 сабақ
     
    Лексикалық тақырып: Мойылды шипажайы.
    Грамматикалық тақырып: Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері.
     









      Павлодар қаласының құрамына кіретінауылдардың бірі  Мойылды елді мекені. Облыс орталығына жақын орналасқан ауыл замана көшінен қалмай, күнделікті тірліктің күйін күйттеп отыр. Барша қазақстандықтар білетін «Мойылды» шипажайы дәл осы жерде орналасқан.
    Елімізге әйгілі «Мойылды» шипажайы - барша қазақстандықтардың мақтанышы. Дертіне - дауа, сырқатына - шипа іздеп келетін жандар мұнда көптеп ағылады. Облыс аумағын айтпағанда, шипажайға республиканың барлық аймақтарынан келетін демалушылардың саны өте көп.
    Тамырын тереңге тартқан «Мойылды» шипажайы халық көп келетін орынға айналды. Бір мезгілде 500-ден аса адам қабылдайтын мекемеде 197 адам жұмыс істейді.
    Мұнда ем-дом шараларын қабылдайтындардың 50 пайызы Астана мен Алматы қалаларының тұрғындары. Отыз пайызға жуығы Өскемен, Семей, Қарағанды өңірлерінің өкілдері болса, 20 пайызы - Павлодар, Петропавл, Көкшетау және Ақтау қалаларының тұрғындары. 

  • Тапсырмалар.
І деңгей
1.Берілген сөздердің қазақ тіліндегі баламасын мәтіннен...

    23 слайд

    Тапсырмалар.
    І деңгей
    1.Берілген сөздердің қазақ тіліндегі баламасын мәтіннен табыңыз,сөз тіркес құрыңыз.
    Село-
    Местность-
    Гордость-
    Отдыхающий-
    Учреждение-
    Жители-
    2.Берілген сөйлемдердің дұрыс,бұрыстығын анықтаңыз.










    ІІ деңгей
    1.Сөйлем мүшелерін сұрқтарымен сәйкестендір.
    Анықтауыш кімдер,нелер
    Пысықтауыш кімнің,ненің
    Толықтауыш қайтты,не істеді
    Баяндауыш кімге,неге
    Бастауыш қайда,қалай
    2.Мәтіндегі сөйлемдерден тұрлаулы мүшелердің астын сызыңыз.
    ІІІ деңгей
    1.Мәтінге жоспар құрыңыз.
    2.Шипажайлар не үшін керек? Өз ойыңызды жазыңыз.

  • Назарларыңызға рахмет!

    24 слайд

    Назарларыңызға рахмет!

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

  7 сыныпқа арналған « Сарыарқаның құтты мекені- Кереку » атты дидактикалық материалдар жинағының бағдарламасы. Оқу құралы 34 сағатқа негізделіп құрастырылған. Дидактикалық материалдар жинағы  Павлодар  өңірінің әдебиетін,мәдениетін оқып білуге негізделген.

    Бағдарлама «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңы мен «Тілдерді қолдану  мен дамытудың 2011-2020  жылдарға арналған  мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асыру және  оқушылардың туған өлкеге деген сүйіспеншілігін арттыру, салт-дәстүрін құрметтеуге, тарихын, мәдениетін білуге жұмылдыру,  өлкетану материалдары негізінде  оқушылардың  ой-өрісін дамыту мақсатында құрастырылған.

      Бағдарламаның міндеттері:

- оқушыларды сөйлесім әрекетінің түрлерін әлеуметтік ортада қолдана білуге үйрету;

- күнделікті өмір жағдаяттарында туған жерінің әдебиетін, мәдениетін қазақ тілінде орынды әңгімелеп жеткізе алуға мүмкіншілік туғызу;

- өзінің туған өлкесі туралы терең мағлұмат алу;

- оқу мәтіндерін аудармасыз түсінуге жұмылдыру;

 

- оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытып, іскерлік дағдыларын жетілдіру:

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 609 657 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 07.02.2015 3679
    • PPTX 1.3 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сейсембаева Кымбат Ашеновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сейсембаева Кымбат Ашеновна
    Сейсембаева Кымбат Ашеновна
    • На сайте: 9 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 64950
    • Всего материалов: 23

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

4920 руб. 2950 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 455 человек из 66 регионов

Мини-курс

Разделение имущества при банкротстве: правовые аспекты и мировое соглашение

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Фитнес: теория и практика

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные технологии в образовании (робототехника)

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе