Инфоурок Всеобщая история Другие методич. материалыПрезентация к учителям "АКТ" құралдары

Презентация к учителям "АКТ" құралдары

Скачать материал
Скачать материал "Презентация к учителям "АКТ" құралдары"

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по продажам

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • Ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы сабақтың тиімді...

    1 слайд

    Ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы сабақтың тиімділігін арттыру «Адамзат үшін ХХІ ғасыр – жаңа технологиялар ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру – бүгінгі жас ұрпақ, сіздердің еншілеріңіз... Ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында» (Н. Ә. Назарбаев)

  • «Адамзат үшін ХХІ ғасыр – жаңа технологиялар ғасыры болмақ, ал осы жаңа техно...

    2 слайд

    «Адамзат үшін ХХІ ғасыр – жаңа технологиялар ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру – бүгінгі жас ұрпақ, сіздердің еншілеріңіз... Ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында» (Н. Ә. Назарбаев)

  • Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мек...

    3 слайд

    Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін - өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті. Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар: бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.

  • Нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы аясында жек...

    4 слайд

    Нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы аясында жекелеген ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған оқу қажеттіліктері туындылап отыр. Мұғалімдерге қойылатын талаптардың бірі – оқытудың жаңа технологияларын меңгеру. Осындай аса қажетті технологиялардың бірі – ақпараттық - коммуникациялық технологияларды (бұдан кейін АКТ) пайдалану. АКТ - ны игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға үшін қажетті шартқа айналды. АКТ - ның дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді шәкірт тәрбиелеу мұғалімнің басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан - жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.

  • «АКТ құралдары» дегеніміз – микропроцессорлық және жаңа АКТ негізінде қызмет...

    5 слайд

    «АКТ құралдары» дегеніміз – микропроцессорлық және жаңа АКТ негізінде қызмет атқаратын, ақпаратты таратудың жаңа құралдары мен жүйелері, ақпаратты жинақтау мен олардың қорын жасау, сақтау мен өңдеу, оларды жан - жақты таратуды, одан қалды компьютерлік жүйелердің ақпараттар қорына енуді қамтамасыз ете алатын программалық, программалық - аппараттық және техникалық құралдар мен құрылымдарды айтамыз. АКТ - ға жататындар: ЭЕМ, дербес компьютерлер, терминалдық құралдардың жинақтары, жергілікті есептеу жүйелері, мәтіндік және графикалық ақпараттардың құрылымдары, көлемі үлкен мұрағаттық ақпараттарды сақтау құралдары, аудиовизуалдық ақпарттарды бақылайтын құралдар мен құрылымдар, машиналық графика жүйелері, программалық кешендер, жергілікті желілер, әлемдік деңгейде ақпарат алмасуын қамтамасыз ететін қазіргі кездегі байланыс құралдары.

  • Білім беру саласындағы көп қолданыста жүрген АКТ құралдары: Интерактивті тақ...

    6 слайд

    Білім беру саласындағы көп қолданыста жүрген АКТ құралдары: Интерактивті тақта; Мультимедия; Интернет кеңістігі; Электронды оқулық. Оқу үрдісінің тиімділігін қамтамасыз ету үшін қажет: Бір қалыптылықты пайдаланбау, деңгейлер бойынша (білу, пайдалану, қолдану) оқушылар әрекетін ауыстырып отыру; Баланың ойлау (зерделеу) қабілетін дамытуға бағытталу, яғни елестету, салыстыру, байқағыштық жалпыдан негізгіні айыра алу, ұқсастықты табу қасиеттерін дамыту;

  • мпьютерлік технологияны пайдалана отырып дарынды, орташа және үлгерімі төмен...

    7 слайд

    мпьютерлік технологияны пайдалана отырып дарынды, орташа және үлгерімі төмен оқушыға сабақты ойдағыдай меңгеруіне мүмкіндік туғызу; Оқушының есте сақтау қабілетін ескеру (жедел, қысқа мерзімді және ұзақ уақыттық есте сақтау). Оң мотивацияларды қалыптастыру – мұғалімнің кәсіби міндеті. Мотив оқушының танымдық қызығушылықтары, жаңа білім, іскерлік, дағдыны меңгерудегі қажеттіліктерімен тығыз байланысты. Жағымды жағдай туғызу үшін оқушыны коммуникативтілікке бағыттап, сабақта оқушы іс - әрекетін ынталандыратын ерекше сабақ формаларын таңдау керек. Мұғалімдердің тәжірибесі көрсеткендей, дәстүрлі емес сабақтарды ұйымдастыру оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырады. Бүгінгі күнде мұғалімдер оқушылардың жемісті және тиімді іс - әрекетін ұйымдастыру үшін белсенді түрде дәстүрлі емес сабақтарды пайдалануда. Дәстүрлі емес сабақ түрлеріне видеосабақтар, интернет сабақ, спектакль - сабақ, саяхат - сабақ және т. б. жатқызуға болады. Жаңа АКТ - ны сабақта пайдаланудың тиімділігі: Оқушының еркін ойлауына мүмкіндік береді; Ақыл - ойын дамытады; Шығармашылық белсендігін арттырады; Ұжымдық іс - әрекетке тәрбиелейді; Тіл байлығын жетілдіреді; Жан - жақты ізденушілігін арттырады.

  • АКТ - ның негізгі мақсаты – оқушыны қазіргі қоғам сұранысына сай, өзінің өмі...

    8 слайд

    АКТ - ның негізгі мақсаты – оқушыны қазіргі қоғам сұранысына сай, өзінің өмірлік іс - әрекетінде дербес компьютердің құралдарын қажетті деңгейде пайдаланатын жан - жақты дара тұлға ретінде тәрбиелеу. Білім беруде АКТ - ны пайдалану мен оқушылардың құзіреттілігін қалыптастыру, қазіргі заман талабына сай АКТ - ны, электрондық оқулықтарды және Интернет ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. АКТ - ны сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды. Сонымен қатар АКТ құралдарымен жұмыс істеу барысында мектеп оқушыларының оқуға, білім алуға деген ұмтылысының артуы АКТ құралдарымен жұмыс істей алу жаңалығымен ғана емес, сонымен берілетін оқу тапсырмаларын қиындық деңгейі бойынша реттей алу мүмкіндігінен, тапсырманың дұрыс нәтижесі үшін марапаттай алу қызметінен де байқалады. Заманауи АКТ құралдарымен жұмыс істеу оқушыларды ұқыптылыққа, нақтылыққа, берілген тапсырмалардың нәтижелі орындалуына, басты мәселеге назар аудара білуге баулиды, сондай - ақ, АКТ құралдарымен жұмыс істеу барысында оқушылардың өзінің жеке іс - әрекетін дұрыс жоспарлауға, дұрыс шешім қабылдай алуға тәрбиелейді.

  • рбір ұстаздың алдына келген бала да әртүрлі ойлау қабілетінде болады, мысалы...

    9 слайд

    рбір ұстаздың алдына келген бала да әртүрлі ойлау қабілетінде болады, мысалы кейбірі шапшаң ойлап, тез жұмыс істесе, кейбірі тақырыпты баяу қабылдап, оған тапсырманы (тақырыпты) қайтадан қарап шығу тиімді болып табылады. Осы орайда АКТ құралдарын пайдалана отырып презентация құралдары арқылы сипаттап, артынан осы материалдарды флеш - карталарына салып берудің тиімділігін білеміз. Видео - сабақтарды қолдану мен презентацияларды демонстрациялау оқу құралы ретінде қиялды, абстрактілі ойлауды, оқытылатын оқу материалына және пәнге қызығушылықты арттырады. Презентациялар бір жағынан оқушыларға жаңа материалды (иллюстрация, фотосуреттер, бейнелік, дидактикалық материалдар, т. с. с.) көрнекті түрде көрсету құралы болса, екінші жағынан, мұғалімдерге осы материалдарды және оны қолдану арқылы сабақты меңгерту процесін жеңілдетеді. Видео - сабақтар педагогикалық технологияның алға басқан тағы бір қадамы. Оқушылардың ақпаратты теледидар, компьютер және т. б. техникалық құралдардың көмегімен жақсы қабылдайтынын жақсы білеміз.

  • ілім беру үрдісінде ақпараттық - коммуникациялық технологияны қолдану Қазақс...

    10 слайд

    ілім беру үрдісінде ақпараттық - коммуникациялық технологияны қолдану Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім және тәрбие алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқыту және тәрбие берудегі жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпарттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» делінген. [1] Білім беру жүйесін ақпараттандыру - қоғамның маңызды бағыттарының бірі. Ал бұл өз кезегінде білім сапасын көтеруді жүзеге асыруға бағытталған үрдістің құралдары мен әдістерін, оқу - тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерін бір - бірімен тығыз байланыста өсіруге және олардың тиімділігі мен сапасын көтеруге, жас ұрпақты жаңа қоғам жағдайында өмір сүруге дайындауға пайдалану. ХХІ ғасыр – ақпараттық қоғам дәуірі. Ақпараттық қоғамның негізгі талабы – оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық – құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу. Олай болса, ақпараттық бірліктердің білімге айналуы әлемнің жүйелік ақпараттық бейнесін оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту арқылы қалыптастыруды көздейтін, адамның дүниетанымының құрамдас бөлігі болып табылатын интеллектуалды дамуды қалыптастырудың бір жолы. Ақпараттық – коммуникациялық технология электронды есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді. Ақпараттық - коммуникациялық технологияның келешек ұрпақтың жан - жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін тигізер пайдасы зор. Қазіргі заманғы білім беру технологияларын іске асырудағы механизмнің бірі - интерактивті тақтамен сабақ өткізу. Интерактивті тақтамен өткізген сабақ оқушының пәнге деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалдық шығармашылық белсенділігін, дарындылығын дамыту факторларының бірі болса, мұғалім үшін шеберлік пен сауаттылығын арттыратын, уақытын үнемдейтін, эстетикалық талғамға сай безендіріліген көрнекілік құралы болып табылады. Жаңа ақпараттық технологиялар педагогтік мүмкіндіктерін күшейтетін құрал, бірақ ол мұғалімді алмастыра алмайды. Компьютерлік мүмкіндіктер психология мен дидактика тұрғысынан талданып, керек кезінде педагогикалық талаптарға сай қолданылу керек. Соның негізінде оқытудың тиімді әдіс - тәсілдерін мұғалімнің өзі анықтап алу қажет.

  • оңғы жылдар ақпараттық технологияның дамуы мен қоғамның барлық салаларына ен...

    11 слайд

    оңғы жылдар ақпараттық технологияның дамуы мен қоғамның барлық салаларына енгізілуі болашақ ұрпақтың жеке тұлға ретінде дамып – жетілуіне елеулі іздерін қалдырды. Ақпараттық технологиялар жағдайындағы оқыту процесі жеке тұлға теориясына сүйенеді. Әрбір жеке тұлға қоршаған ортаға өзіндік көзқарасымен және өзіндік талаптарымен, белсенділіктің түрлі сатысымен  және басқа да маңызды қасиеттерімен сипатталады.  Ақпараттық технологияны информатика пәні сабақтарында пайдалану, оқушылардың шығармашылық, интеллектуалдық қабілетінің дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына әкеледі. Компьютерлік техниканың дидактикалық мүмкіндіктерін педагогикалық мақсаттарға қолдану, білім мазмұнын анықтауда, оқыту формалары мен әдістерін жетілдіруде жақсы әсерін тигізеді. Компьютермен, интерактив тақтамен жұмыс жасау оқушының алгоритмдік дүниетанымын қалыптастырады: -      Өз әрекетін саналы түрде жоспарлайды; - Құбылыстарға модельдер құра біледі. Бағдарламалау арқылы оқыту оқушылардың логикалық қабілетін дамытады, өзін-өзі бақылауын қалыптастырады, жалпы мәдени-дүниетанымын қалыптастыруға мүмкіндік туғызады.  Оқушыға тиянақты білім беріп, білім сапасын көтеру жолында информатика пәніне қызығушылығын ояту  үшін, АКТ-ны қолдану  тиімді: -      Уақыт ұтамыз /көрнекілік дайындау т.б./ -      Ұстаздардың өз білімін жетілдіруі, өзара тәжірибе алмасу. / Internet жүйесі / -Тәжірибе жинақтау. /компьютермен жұмыс істеу дағдысы қалыптасады/. -Бақылау мен бағалаудың объективлігін қамтамасыз етеміз. -Оқушылардың қосымша білім алуына мүмкіндік туғызамыз. Қызығушылық /мотивация/ оятуға болады. -Эстетикалық талғам ескеріледі. -Заман талабына сай қажеттілікті ақтаймыз. -Оқушылармен кері байланыс орнатылады. Ақпараттық технологияның өзектілігі қоғамның ақпараттандыру жылдамдығының артуымен сипатталады. Сабақта жаңа ақпараттық технологияны пайдалану білім мазмұнын жаңартумен, ақпараттық ортаны қалыптастырумен, сандай-ақ сапалы білім беру мүмкіндігінің жоғары болуымен ерекшеленеді.  

  • Информатика сабағында деңгейлеп, дамыта оқыту технологиясын қолдану «Адам ұр...

    12 слайд

    Информатика сабағында деңгейлеп, дамыта оқыту технологиясын қолдану «Адам ұрпағымен мың жасайды» - дейді халқымыз. Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес миллиондаған жылдар жасап келеді. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз-оқу. «Надан жұрттың күні –қараң, келешегі тұман»,-деп М.Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі-білімді ұрпақ. Сусыз, құрғақ, таса көлеңке жерге дән ексең өнбейтіні сияқты, жас ұрпақтарымызды тәрбиелемесек өспейді, өнбейді. Қазіргі мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет - оқушылардың шығармашылық білім дағдыларын қалыптастыру. Міне, өз ұрпағының өнегелі, өнерлі, еңбексүйгіш, абзал азамат болып өсуі үшін сабақта жаңа технология элементтерін қолданудың мақсаты шығармашылықпен оқу-тәрбие үрдісіне тиімді пайдалану әрбір ұстаздың міндеті болып табылады. Информатика сабағында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту тұрғысынан тиімділігін арттыру бүгінгі жоғары және орта мектепте информатика оқыту теориясы мен әдістемесінің педагогикалық мәселелерінің бірі.  Оқушы қабілеті дегеніміз оның педагогикалық ықпал аясында білім алу әрекеті, жеке тұлғаны дамыта оқыту әдістері, оның шығармашылық қабілетінің дамуына әсерін тигізеді.  «Қазақстан-2030» атты еліміздің стратегиялық бағдарламасында ең негізділерінің бірі- жоғары интелектуальды жастарды жан-жақтылыққа тәрбиелеу, олардың потенциалдық деңгейінің көтерілуіне үлес қосу. Сондықтан, ұстаз-мұғалімдер қауымының алдына өте үлкен міндет жүктелді. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі- жаңа технология негіздері болып табылады. Сонымен бірге өскелең ұрпақтың ақпарат құралдарымен жұмыстана білуіне назар аударған жөн. Оқушы қызметін активтендіру негізінде педагогикалық технологияларының бірі-деңгейлік саралау сондай – ақ дамыта оқыту технологиясының элементін қолданамын. Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты: әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді  1) Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді.  2) Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балараға, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.  3) Деңгейлеп-саралап оқыту құрылымында білімді игерудің үш деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей (базалық), бағдарламалық, күрделенген деңгей сондықтан әрбір оқушы меңгеруі тиіс.  Деңгейліп оқыту технологиясы тиімді нәтижелі болу үшін  а) жеке тұлға ерекшеліктеріне,  б) психологиялық даму ерекшеліктеріне  в) пән бойынша білімді игеру деңгейіне көңіл бөліп отырамын.  Осы деңгейлеп оқытуда қазіргі білім кеңістігінде қолданып отырған тест жүйесін алып, «Информатика сабағында тест әдісі мен түрлерін қолдану » тақырыбында білім беріп келемін. Себебі тест түрінінің тиімділігі оқушы өз шамасының келгеніне дейін жауап беріп, нәтиже оңай шешіледі.  Сабақ өткізу формаларын және түсіндіру әдістерінің жаңа тәсілдерін күнделікті сабаққа қолдануға тырысамын. Көбінесе мына жағдайларға көңіл бөлемін:  1) сабақтың мазмұны,  2) сабақты өткізудегі тәсілдері мен әдістерін таңдау,  3) сабақтың нәтижелігі.  Жалпы, мұғалімнің оқытудағы өз міндеті оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу, үйрету, шығармашылық қабілетін дамыту. Тақырып бойынша деңгейлік тапсырма жүйесі дамыта оқыту жүйесін іске асырады. Өйткені, ол оқушының ойлауын, елестету мен есте сақтауын белсенділігін, дағдысын білім саласының дамуын қамтамасыз етеді. Сабақтың ерекшелігі және оның тиімділігін арттырудың негізгі тәсілдерінің бірі-оқушыларға деңгейлік тапсырма беру, өзіндік тест құру.  Педагогика ғылымдарының доктор профессоры Караев оқушылардың оқу деңгейін 4 түрге бөлген. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру барысында өз іс тәжірибесінде жаңа технологияларды қолданамын. Соның ішінде Ж.Қараевтың деңгейлеп, саралап оқыту әдісін пайдаланамын. Деңгейлеп оқыту технологиясының өзіндік ықпалы зор. Оқушыларға өздік жұмысын ұйымдастырып өткізуге көмегін тигізеді. Оқушылар өздік жұмыстарын орындап, білімдерін мониторингтік жүйе арқылы өздері бағалап, диагностикалауға қол жеткізеді. Қараевтың деңгейлеп, саралап оқыту технологиясы мынандай 4 түрге бөлінген:  1) Репродуктивтік деңгей  Жалпыға бірдей стандартты білім негізінде тапсырма беріледі. Мұндай тапсырмалар оқушылардың алдыңғы сабақтарда алған білімдеріне және оқушыға байланысты  2) Алгоритмдік деңгей  Оқушы мұғалімнің түсіндіруімен қабылдаған ақпаратты пайдалана отырып орындайды.  3) Эвристикалық деңгей  Оқушы өзі ізденіп, қосымша әдебиеттерді қолдана отырып жауап береді.  4) Шығармашылық деңгей  Оқушының таза өзіндік шығармашылығын байқатады. Жаңа тақырыпты оқушылар шығармашылық ізденіс үстінде өздігінен меңгереді. Деңгейлеп оқыту әр оқушының белсенділігін оятады.  Дамыта оқыту технологиясы - оқушының оқу, білім алу процесінде жан- жақты дамуын оқытудың басты мақсаты ретінде қабылдайды.  Дамыта оқыту идеясын әдіскер ғалым В.В Давыдов ұсынған. Даму дегенде оқушының ойлауы, табандылығы, зейіні, оқу дағдысы мен іскерлігі тағы басқа да қабілеттерін дамытуды айтамыз.  Оқушының ойлауы дамуының маңызды шарты – оқушыда ойлау мәдениетінің болуы. Сондықтан оқу процесі оқушылардың анализдеу, синтездеу, себеп – салдар байланыстарын табу , жалпылау, қорытынды жасау, түрлерге бөлу, салыстыру – сияқты интеллектуалдық дағдыларын дамытуы тиіс.  Бұлардан басқа оқу процесінде оқушылардың көптеген ақыл – ол қабілеттері жұмыс істейді. Олар болжам жасауға қабілеттілік, ойлаудың шолғыштығы, жалпы қабылданған көзқарастарға сын көзімен қарау, ойдың икемділігі, құбылыстардың байқалуы қиын ұқсастықтарын аңғару, білуге құмарлық т.б.  Дамыта оқыту технологиясы сабақта проблема қою әдісін және оқушылардың зерттеу әдісін қолданып отыруды көздейді.  Дамыта оқыту технологиясы бойынша өтілетін сабақтар қысқаша айтқанда жоғарыдағы схема бойынша өтемін. Дамыта оқыту технологиясында оқушының барлық оқу әрекетіне мұғалім басшылық, бағыттау жасап отырады, дамыта оқыту оқушының ойлау қызметімен қатар олардың оқу білігін дамытуды көздейді. Сабақтың тақырыбы: Paint графикалық редакторының құралдары.  Сабақтың мақсаты:  Білімділік: Жалпыға бірдей стандартты білімі негізінде тапсырма беріледі. Мұндай тапсырмалар оқушылардың алдыңғы сабақтарда алған білімдерін қалаай меңгергенін анықтау. Оқушы мұғалімнің түсіндіруімен қабылдаған ақпаратты пайдалана отырып орындауын зерттеу, Оқушы өзі ізденіп, қосымша әдебиеттерді қолдана отырып жауап беруді талап ету.  Дамытушылық: кеспе, плакат қағаздары арқылы өткен сабақты қайталау арқылы өлеңдерге компьютерде илллюстрациясын салуға, жұмбақ шешуге баулу. Ппәнге деген қызығушылықты дамыту.  Тәрбиелік: Оқушылар компьютер алдында отырғанда сабырлылық сақтауға, ережені қатаң есте ұстауға , өзара қарым – қатынас жасауға баулу.  Сабақтың көрнекілігі: электронды есептеуіш техника, слайд , 2008 жылғы жолдау. Плакатта салынған Раіnt редакторының суреттік көрінісі, құралдары . аққала, моделдері, иллюстрация салуға арналған өлең жазылған кеспе қағаздар.  Сабақтың түрі : топтық сабақ  Сабақтың әдісі: дамыта оқыту, тестік түрлері  Сабақтың пәнаралық байланысы: тарих , қазақ тілі, орыс тілі , ағылшын  Сабақтың барыcы:  Оқушы нені білуі тиіс Paint редакторының түсінігі, құралдары, Paint редакторын іске қосу. Windows амалдық жүйесінің терезе элементтері,  Оқушы нені орындай алуы тиіс: Paint графикалық редакторда сурет салу. Тесттік тапсырмалардың түрлерін меңгеру керек.Пернетақтаның пернелерінің қызметін білу керек. І Психологиялық дайындық  А) Ұйымдастыру кезеңі  Ұстанатын қағида:  Білім мен тәрбиені қатар алып жүріп, еліміздің саналы шығармашылық бәсекеге қабілетті, озық ойлы, өзін- өзі басқаратын, мемлекет дамуына жауапкершілік салмағын сезінетін дарынды шәкірт тәрбиелеп шығару.  ІІ Ой қозғау  Ұстанатын қағидамыз:  Дағдарыстан – жаңару мен дамуға;  Paint редакторының түсінігі, құралдары, Paint редакторын іске қосу нәтижесінде алған білімдерін бақылау.  Paint редакторының қызметі қандай.  Paint графикалық редакторының элементтерін іске қосу. ІІІ.Ой тастау.  Ұстанатын қағидамыз:  « Саусақ бірікпей, ине ілікпейді».  Бұл турымызда балалар кеспе қағазында берілген. Онда өлеңдер жазылған, осы өлеңдердің иллустрациясын құрып беріңдер. Деңгейлік тапсырмалар:  1. тапсырма.  Сызық ( линия) құралын пайдаланып, өрмекші торын салыңыз.  Жұмыс істеп ұзақ,  Өрмекші құрды тұзақ,  Болмады бірақ күткені,  Оған ешкім түспеді.  2. тапсырма.  Әртүрлі типті эллипс құралдарын пайдалана отырып, бұлттардың суретін салып боя.  - Бұлт- ау,  Көктен төнесің,  Қайдан көшіп келесің?  - Мұхит жақтан келемін,  Жел үрілсе, желемін.  3. тапсырма.  Қисық сызық қолдану арқылы салыңыз.  Қисық сызық қолданып,  Салып көрші ойланып,  Дөңгеленіп жіп жатыр,  Шиыршықталып, шырмалып.  4. тапсырма.  Пішінін, әртүрлі түсі мен өлшемін қылқалам құралын пайдаланып, өлеңге иллюстрация салыңыз.  Желкені - ескі бәтіңке,  Жүзіп келеді өзенде.  - Мұхитқа теңізге,  Ғажайып шетелге  Барайық біз бірге  Деп шақырады  Батыл бәтіңке.  Іші су толса да,  Ол бетінен қайтпайды,  Суға батып кетсем де,  Бәрібір алыс елдерге  Жалғастырып ісімді,  Басқа бәтіңке жетеді  Деген сеніммен  Бәтіңке жүзіп келеді.  5. тапсырма  Эллипс, тіктөртбұрыш сызық құралдарын пайдаланып, өлеңнің иллюстрациясын салыңыз.  - Қарақшы, қарақшы,  Қызық екен қалпағың.  Жейдеңде бүгін өзгеше,  Киіп алдың сен неге?  6. тапсырма.  Түзу сызықты пайдаланып, өлеңге иллюстрация салыңдар.  Айналамда ұшып жүр.  Ақ мамық қар себелеп.  Қалт – құлт еткен бейне бір  Ақ қанатты көбелек.  7. тапсырма.  Эллипсті, өшіргішті, пайдаланып өлеңге иллюстрация салыңыз.  Сонша гүлдің ішінен  Бір керемет гүл көрдім,  Тоймай жұпар иісіне,  Иіскеп – иіскеп көп жүрдім.  8. тапсырма.  Эллипсті пайдаланып, жұмбақтың шешуін табыңыз.  Тоғайда оны көргенде,  Таң қаламын түріне,  Жапырақтай жап –жасыл,  Созылады жүргенде.  Құстар әуес өзіне,  Таба қойшы бұным не?..................... Сергіту сәті:  Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауын тыңдау (мұғалім алдын ала компьтерде оқып басып дайындап қойған ). Сабақты қортындылау.  Оқушылар өздері салған суреттерін қағаз бетіне шығарып, өлеңін оқып салған суреттерінің нәтижесін көрсету.  Мұндай сабақтарда оқушылардың тапсырылған жұмыстарға іскерлігі, логикалық ойлау қабілетін артырады, қалыптасады. Болашақ өмірінде белгілі бір кәсіби мамандықты таңдап алуға септігін тигізеді. Бағалау.  Оқушылар өзін - өзі бағалау Үйге тапсырма беру.  §4.1-4.2 тақырыптарын оқу,  Өткен тақырыптар бойынша тест құру. Қорытынды Дамыта оқыту технологиясы қазіргі уақытта жаңа технологиялардың бірі деп келеді. Дамыта оқытудың негізін Ян Амос Коменский өзінің 17 ғасырда «Ұлы дидактикасында» айтып талдап берген. Содан кейін орыс ғалымдары К.Д.Ушинский, Л.С.Выготский еңбектерінде қарастырылып, 1969 жылдары Ресей ғалымдары Л.ВЗанков, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов көтерді. Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдовтың зерттеулері оқушыны «субъект» ретінде тануға бағытталды.  Ұстаздық деген киелі мамандықтың сырын ашып, қыры мол, терең дүниеге еніп кеткелі көңілдегі арман толастамай, тоқу мен қуаныш қатар аралып мектеп деген үлкен дарияда жүзіп келе жатырмыз.  Еліміздің басынан өтіп жатқан жанартаудай «сілкіністер» бүгінгі білім беру жүйесіне де түрлі өзгерістер енгізуде. Заман талабы «білу аз, сол білгенінді іске қолдана білу» дейді. «Әркім қолда барын ұсынады» деп немқұрайдылыққа салынсақ алдымызда отырған бейкүнә шәкірттердің тағдырына қиянат жасаған болар едік. Не ексең, соңы орасың. Мақсатымыз – алдымызда тұрған өзекті мәселелер айналасында сөз қозғау. Соның ішінде ең бастысы - әлемдік білім кеңістігіне ену жолындағы алғашқы қадамдар.  Қай заманда, қандай реформа болсын мектептің басты тұлғасы –мұғалім. Мемлекеттік білім саясаты да осы мұғалім арқылы жүзеге аспақ. Ал бүгінгі таңда мектептің, мұғалімнің қасиетті міндеті – рухани бай, жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру. Рухани байлық, ең алдымен, әр халықтың ұлттық әдет-салты, көзқарасы шыққан түп-тамырында жататыны белгілі. Сол ұлттық байлықты бүкіл адамзат өз ұрпағын тәрбиелеуге қолданып келеді.  Армансыз адам алысқа бармас. Арман бар жерде оған жетер жол даңғыл десек, қателесеміз. Көңілдегі көрікті ойдың ауыздан шығарда жоғалып кететініне, өз қиялындағы әдемі дүниенің оқушы алдында быт-шыты шыққанына талай ұстаз куә. Білім жетерлік, бірақ оны оқушыға жеткізу үлкен шеберлікті қажет етеді. Саңқылдап айтқан үніңді оқушылар салғырт тыңдап, бей-жайлық танытқанда, ішкі дүниең түгел қаусап қалғандай күй кешесің. Мұғалімнің біркелкі кезіккендейсің. Өлі тыныштық. Осындай сабақтың пайдасы бар ма? Немесе материалдың қызықты жеріне өзі көбірек мәз болған ұстаздың әрекетінен не ұтасың? Оқушының дара тұлға ретінде жан-жақты дамуына осы сабақта жағдай бар ма? Міне, арманға жетер жол даңғыл емес, тынымсыз іс қажет.  Алдымен бала қызығушылығын ояту керек, олай болса зерттейтін объект – оқушы. Оның бойындағы қасиеттерді ескере отырып, сезімін, ынтасын оятар іс-әрекетті жоспарлап көр, әрі қарай оқушының таным белсенділігін арттыруды мақсат ет. Танымдық белсенділікті қалыптастыру көрсеткіштеріне интеллектуалдық, эмоцияналдық, жігерлілік іс-әрекетке оқушылардың белсене қатысуы жатады. Осындай нәтижеге жету үшін сабақ мазмұнының түрлерін, оқытудың амал-тәсілдерін түгелдей өзгерту қажет, қазір жалпылама баяндау, сұрақ-жауап, лекция тәрізді сабақ әдістері өз нәтижесін бере алмайды. Сондықтан сабақ процесінде оқытудың жаңа әдіс-тәсілі, деңгейлеп-саралап оқыту педагогикалық технологиясын таңдап алдым.  Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы 1998 оқу жылынан бастап мектептің барлық сатысына, барлық пәндерге еніп, оқу үрдісін жандандыруға үлкен үлес қосып келеді.  Профессор Ж.Қараевтың деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы жаңаша өзгерген мақсатпен оқушылардың өздігінен танып, іздену іс-әрекеттерін меңгертуді талап етеді. Бұл технологияда бірінші орында оқушы тұрады және өз бетімен білім алудағы белсенділігіне аса назар аударылды.  Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясында жұмыс міндетті үш деңгейлік, қосымша шығармашылық деңгей талаптарынан тұрады. Оның басты мақсаты – сынып оқушыларын «қабілетті», «қабілетсіз» деген жіктерге бөлуді болдырмау. Сабақта қандай оқушы болмасын, жақсы оқитынына қарамастан жұмысты І деңгейден орындайды. І деңгей тапсырмаларын орындау мемлекеттік білім стандарты талаптарының орындалуына кепілдік береді. І деңгейді орындаған оқушы «3» деген бағамен бағаланады. Әрбір оқушы І деңгейді орындауға міндетті және одан жоғарғы деңгейдегі тапсырмаларды орындауға құқылы. Осы тұрғыдан алғанда «үлгерімі төмен, баяу» оқушы жақсы оқитын оқушыға ілесе алмай жатса не істеуге болады? - деген сұрақ туады. І деңгейден аса алмай жатқан жағдайда қалған тапсырмаларды үйде орындауға беру керек. Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясының екінші бір жағы – оқушыларды дүниежүзілік білім жүйесінде қолдананылаты рейтинг – ұпай жинау әдісіне баулу.  Деңгейлік тапсырмалар рейтинг-ұпай – балл жинау әдісімен бағаланатынын ескерсек, оқушылардың деңгейлік сабақ өткеннен кейін де сол тапсырмаларда жіберген қателіктеріне, тапсырмаларын орындауда қолданған тәсілдеріне анализ жасап, қателіктері мен кемшіліктерін анықтай білуге мүмкіндік береді. Келесі тапсырмаларда оқушы неғұрлым көбірек ұпай жинау үшін ізденіп оқытушыдан, жолдастарынан, қосымша материалдардан білім жинайды.

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

ПЕДАГОГТАРДЫҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ – БІЛІМ САПАСЫН КӨТЕРУДІҢ БАСТЫ ШАРТЫ

 

Білім мен ақпарат үстемдік құрған қоғамда білім беру жүйесі инновациялық экономиканың негізгі бөлігі болып табылады. Қатаң талаптары қалыптасып келе жатқан инновациялық экономика қай салада болса да, бүгінгі маманның құзыреттілігін, яғни өз саласы бойынша ой-пікірінің қалыптасуын, кәсібилігін, өмірдің өзгермелі жағдайына бейімділігін, оған сай өз білімін пайдалану ғана емес, оны қажеттікке қарай толықтырып отыруды талап етеді.

Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің өткен жылғы Жолдауында алдағы он жылдың міндеттерін саралап көрсетіп, соның ішінде осы заманғы білім беру мен кәсіптік қайта даярлауға, жаңа технологияларды, идеялар мен көзқарастарды пайдалануға қатысты ойларын айтқан. 
Қазіргі таңда қалыптасып қалған білім, білік, дағдыға негізделген білім берудің нәтижелері мен жаңа әлеуметтік экономикалық қоғам қажеттіктері деңгейі арасындағы қайшылықтар айқын байқалуда. Өйткені, заман талабы педагог мамандардың құзыреттілік сапаларын қоғамның жаңа құрылымына сәйкес белгілеп отыр. 
Мысалы, Болон процесі оқытудағы білім, білік, дағдыға қоса құзыреттілік сапаларының қарастырылуын жаңа парадигма туғызып отырған қажеттілік деп бағалайды. 
Білім – қоғамды әлеуметтік, мәдени үрдіспен қамтамасыз ететін жоғары құндылық. Осы жоғары құндылық сапасын көтерудің басты шарты – педагогтардың кәсіби құзыреттілігін дамыту болып табылады. Олай болса, білімге негізделген қоғам құрылысының негізгі басымдықтарын есепке ала отырып, педагог мамандардан аса жоғары кәсіби құзыреттілік талап етіледі. 
Еуропалық білім кеңістігінде қоғамға қажеттік, мобильдік, өзара сенім білдірудің ең басты шарты алынып, сапа көрсеткіштері ретінде құзыреттіліктер қарастырылуда.
Құзыреттіліктің заман талабына сай кез келген саланың маманы болуға мүмкіндік беретін басты екі түрі белгіленіп отыр. Олар – «пәндік» және «пәннен жоғары метапәндік» құзыреттіліктер. Атап айтқанда, «пәндік» құзыреттілікке белгілі бір пәнді меңгеруге (ұстаздар үшін) немесе белгілі бір саланы меңгеруге қажетті білім мен білік жатқызылса, «пәннен жоғары метапәндік» құзыреттілік ретінде адамның өз білімін пайдалану және одан әрі дамытуға бағытталған ақпараттық, коммуникативтік, бірлесе жұмыс жасай алу қабілеттері, өз әрекеттерін басқару дағдылары сияқты қасиеттері жатқызылады.
Педагогикалық-психологиялық әдебиеттердегі ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда, кәсіби шеберліктің қалыптасуы мен даму үрдісінде екі ұғым: құзыреттілік (компетенттілік) және құзырет (компетенция) ұғымдары пайдаланып келеді. Оның біріншісіне «Қазақ Совет Энциклопедиясының» орысша-қазақша сөздігінде «хабардар, жетік, терең білетін» деп, ал екіншісіне «хабардарлық, міндет, қызмет бабы» деп анықтама берілген. Құзыреттілік түсінігі көп аспектілі жан-жақты ұғымды білдіреді. 
Ғалымдар құзыреттіліктің табиғатын түсіндіру мақсатында оны білім, білік ұғымдары арқылы анықталатын тұлғаның жеке қасиеті (Н. Кузьмина, А.Маркова, К. Махмурян, т.б.) немесе ерекше қабілеті (ДЖ. Равен, Р. Уайт, Х. Хершген, т.б.) деп түсіндіреді.
Өмірдің өзгермелі жағдайында құзыретті тұрғы білім берудің практикасы мен теориясының дәстүрлі мақсаты ретінде алға шығады. Құзыретті болу мен құзыретсіз болудың себептері бірдей, ол адамның жеке тұлға ретінде ахуалы. Немесе құзыреттіліктің бар-жоғын анықтау үшін қарым-қатынас, педагогтік еңбек нәтижелері мен адами қарым-қатынаста, оның қорытындыларына қарап пайымдау қажет. Мұның мағынасы педагог мамандар өз әрекеті мен орындаған жұмысы кәсіби іс-әрекеттің белгіленген талаптарына жауап беретін және орындай алатын болса, кәсіби құзыретті болып саналады. Н. Г. Милорадованың айтуынша білім беру жүйесінде құзыреттілікті тудыратын төрт негіз бар ( біріншісі – кәсіби-әдістемелік құзыреттілік, екіншісі – іс-әрекет негізіндегі құзыреттілік, үшіншісі - әлеуметтік қарым-қатынас құзыреттілігі және төртіншісі – жеке тұлға негізіндегі құзыреттіліктер) сыншыл ойлауды, рефлексияны, өз позициясын анықтау қабілеттілігін, өздігінен бағалайтын ойдың дамуын және өмір бойы үйрену қабілеттілігін талап ететіні анық.
Мұғалiм – ақпараттанушы емес, оқушының жекетұлғалық және интеллектуальды дамуын жобалаушы. Ал бұл мұғалiмнен жоғары құзырлылықты, ұйымдастырушылық қабiлеттiлiктi, оқушыларды қазiргi қоғамның түбегейлi өзгерiстерiне лайық бейiмдеу, олардың зерттеушiлiк дағдыларын дамыту бағыттарын талап етедi. Қазіргі кезеңде болашақ маманның кәсіби құзыреттілігінің даму үрдісіндегі мазмұны мен құрылымы анықталды. Олар: деңгейлік, міндеттік, профессиографиялық.

Педагог мамандардың құзыреттіліктерін қалыптастырудың 8 деңгейiн қарастыруға болады (2- сурет):
1.Пәндiк - мамандық қызметтерiне байланысты қойылатын проблемаларды шешу қабiлеттiлiгi.
2.Аналитикалық бақылау - пәндiк iс-әрекеттерiн талдау мен бақылау проблемаларын шешу қабiлеттiлiгi.
3.Ұйымдастырушылық – оқушылардың өзiндiк iс-әрекеттерiн ұйымдастыруға бағытталған проблемаларды шешу қабiлеттiлiгi.
4.Коммуникативтiк - «Мұғалiм-Оқушы», «Оқушы-Оқушы», «Мұғалiм – Ата-ана» және т.б. жүйелердегi қарым-қатынасты проблемаларды шешу қабiлетi. 
5.Бейiмделген - қазiргi жағдайдың өзгерiстерi мен талаптарына сәйкес проблемаларды шешу қабiлеттiлiгi.
6.Ынталық/психологиялық – психологиялық, жекетұлғалық, жекетұлғалар арасындағы өзара қарама-қайшылықты шешу проблемаларының қабiлеттiлiгi.
7.Жобалық – мектептi, мұғалiмдi және оқушыны дамыту жобаларын шешу қабiлеттiлiгi. 
8.Ғылыми-iзденiстiк – мектептiң, мұғалiмнiң және оқушының даму нәтижелерiн зерттеудi ұйымдастыру және оны өткiзу проблемаларын шешу қабiлеттiлiгi.
Мұғалімнің кәсіби құзырлылығы, оның өзіне деген сенімділігінен, кәсіби қызметте өзін-өзі көрсетуінен басталады. Осыдан барып жетіктік іс-әрекеттің формасы, үлгісі (идеалы) ретінде көрініс табады. «Жетіктік» адамның білімі, білігі мен дағдыларының қолдану саласын белгілейді. Құзырлылығы қалыптас-
қан маман – кәсіби қалыптасу барысында жетіктік үлгісіндегі мақсатқа ұмтылуда белгілі бір міндеттер жиынтығына ие болатын маман.
Профессиограмма (латынның Professio - мамандық + Gramma - жазба) – кез-келген мамандықтың жүйелі белгілері, яғни белгілі бір мамандықтың талаптарына сәйкес келуі. Профессиограммада сол қызмет аумағындағы психологиялық белгілер мен тәртіп ерекшеліктері де кірістірілген. Профессиограмманың 70-жылдардың бас шенінде Ю.С. Алферов пен Е.Г. Осовский ұсынған мынадай құрамын қарастыруға болады:
1.Еңбек мазмұны;
2.Кәсіби іс-әрекеттің түрлерін сипаттау;
3.Білім, білік және дағдыларының көлемі;
4.Психофизиологиялық талаптар (белгілі бір еңбек функцияларын орындауға қабілеттілік пен икемділікті игеруге жол ашатын, дербес және жауаптылықпен әсер етуге мүмкіндік беретін психикалық ахуал);
5.Біліктілікті көтеру мүмкіндігі;
6.Еңбекке моральдық ынталандыру түрлерінің тізбесі, қызығушылығы;
7.Осы мамандыққа дайындайтын оқу орындары.
Дж. Равеннің тұжырымдамасы кәсіби құзыреттілікті қалыптастырудың ішкі және сыртқы шарттарын жасау, кәсіби маман тұлғасын тәрбиелеу мәселелерін қарастырады. Құзыреттіліктің жетекші компоненттерін анықтай отырып, ол адамның алдына қойған мақсатын орындауға көмектесетін қырыққа жуық сипаты мен икемділігін атайды. 
Жоғары құзыреттілік өзін «меңгеруді» күтпейді. Педагогтің құзыреттілігі туралы әр кезеңде әртүрлі авторлар еңбектерінде түрлі пікірлер кездеседі. Соларға сүйене отырып, мұның өзі жеке тұлғаның жалпы мәдениетінің деңгейі, педагогикалық іс-әрекеттегі теориялық және практикалық дайындығы мен тәжірибесінің тоғысуы, сол сияқты педагогқа қажетті көптеген сапалардың болуы бұл өте күрделі сан-салалы мәселе деп тұжырымдауға болады.

 

 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 839 материалов в базе

Скачать материал

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 16.03.2015 3871
    • PPTX 75.7 кбайт
    • 19 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ибадуллаева Рыскуль Мырзахановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4058
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Развитие ИКТ-компетенции обучающихся в процессе организации проектной деятельности при изучении курсов истории

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 95 человек

Курс повышения квалификации

Федеральный государственный образовательный стандарт ООО и СОО по истории: требования к современному уроку

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 153 человека из 52 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 278 человек

Курс профессиональной переподготовки

История и обществознание: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель истории и обществознания

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4150 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1351 человек из 79 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 914 человек

Мини-курс

ЕГЭ по биологии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление спортивными событиями и организация деятельности в спортивной сфере

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 16 человек

Мини-курс

Здоровьесбережение и физическое развитие школьников

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе