Презентация коучинга на тему
Предпросмотр материала:
Описание презентации по отдельным слайдам:
-
1 слайд
“Баланың ынтасын арттыру үшін оқытылатын нәрседе бір жаңалық болуы керек” Ж.Аймауытов
-
2 слайд
Білім беру үрдісіндегі адамдармен қатынас: Мұғаліммен (оқушы мұғалімнің сұрағына жауап бергенде); Жұппен жұмыс істеу; Шағын топпен; Үлкен топпен (рөлдік ойындар,пікірсайыстар, сыныптағы пікірталас); Техника түрлерімен (компьютермен);
-
3 слайд
Сергіту сәті
-
4 слайд
-
5 слайд
Алтын ережелер Басқалар сөйлеп жатқанда сөзін бөлмеңіз.Өзіңіздің кезегіңізді күтіңіз. Егер бірдеңе айтқыңыз келсе, қолыңызды көтеріңіз.Кімнің және қашан сөйлейтінін оқытушы таңдайды. Идеяларды айтқан адамдарды емес, идеялардың өзін сынаңыз. (Жеке басқа тіл тигізбеңіз.) Әркімнің де пікір білдіруге құқығы бар, сондықтан өте ұзақ сөйлемеңіз. Кез келген пікірді қарсы алыңыз. Кей жағдайда ең жақсы идеялар талқылау барысында туындайды. Оқытушы біздің құқығымызды қорғайды және біздің жұмысымызға бағыт береді.
-
6 слайд
Ой - талқы 1952 жылдың көктемінде Алекс Осборн АҚШ-тың Иллинойс штатынан, кәсіпкер және сақтандыру компаниясының директоры (бес жылдан кейін дағдарысқа ұшырайды) қаланың барлық тұрғындарын өзінің жаңадан салынған екі қабатты, ағаш коттеджінің жанына жинайды. Үйіне бензин шашып, өртеп жібереді. Сұрақ: Ол неге олай жасады, қандай мақсатпен? (3-5 мин)
-
7 слайд
Жауап: Алекс Осборн, кәсіпкер, өнертапқыш, өмірінің соңғы жылдарында журналист болған. Ал үйін өртеген себебі - ол ағашты өңдеген затты презентациялау үшін болған, яғни ол зат ағаштың жанып кетпеуіне себепші болатын жаңа зат.
-
8 слайд
Сұрақтар: Осы жағдайды талқылау барысында қандай тәсілдер қолдандық? Біздің қортындыларымыз автордың идеяларымен сәйкес келді ме? Неге? Қойылған міндеттерді шешудің қандай жолдарын қарастырдық? Осы тапсырманы орындау барысында жобалау есептерін шешу тәсілін қолдандық, яғни олардың бірі «Ой-талқы» Алекс Осборн (1888-1966) өзінің техникалық есептерінің шешуін табуды 2 топтан тұратын ұжымға тапсырған (генераторлар мен эксперттер)
-
9 слайд
ШЕБЕРЛІК-СЫНЫП
-
10 слайд
Интерактивті әдіс дегеніміз – оқытудың өзара белсенді жұмыс істеу әдісі. Интерактивті әдістің мақсаты: жай ақпарат беріп қоймай, оқушыларды өздіктерінен жауап іздеуге бейімдеу.
-
11 слайд
Сәйкестікті іздеу. Бұл тапсырманы орындау барысында оқушылардан сөздерге немесе түсініктерге сәйкес сипаттамаларын анықтау талап етіледі.Бұл тапсырманы оқушылар қиын мәтінмен таныспас бұрын берген дұрыс.Бұл ұғымдардың мағынасын бекіту үшін берілетін жақсы тапсырма. Тапсырма “Сәйкестікті іздеу” Алғаш қарапайым және белгілі тапсырмаларды орындауға қызықтыру. . фасилитация амал-тәсілі немесе оқытудың нақты жағдаяттар әдісі құзыреттілік
-
12 слайд
Фасилитация (ағылш. facilitate — себепші болу, жеңілдету, көмектесу) — басқа адамның белсенді қатысуымен бір адамның немесе топтың іс-әрекетін жеңілдету процесі. В. Безруков компетенттілікті «кәсіби түрде сауатты талдау жасай алу, бағалай алу, белгілі бір ойын айта алу біліктігінің қалыптасуы» деп түсіндіреді. Э. Зсер мен О. Шахматова компетенттілікті кәсіби білім мен біліктің жиынтығы, сонымен қатар кәсіби іс-әрекетті орындай алу әдіс-тәсілдері деп санайды.
-
13 слайд
Норман Триплетт деген психолог саябақта жүргенінде велосипедшілердің айналада адам көп болғанында тезірек, ал адам аяғы бәсеңдеген кезде жай жүретінін байқаған. Басқа адамдардың жанымызда болуы іс-әрекеттің жасалуын тездетеді деген ойын (әлеуметтік фасилитация эффектісі) Роберт Зайенс жалғастырады. 25000-нан астам адам қатысқан 300 дей зерттеу қорытындысы әлеуметтік қозғыштық доминантты әрекетті күшейтіп (жеңіл тапсырмалардың орындалуы), күрделі әрекеттің орындалуын тежейді деген тұжырымға әкелді. Мысалға, нашар ойыншы көпшілік алдында нашар ойнап, ал мықты ойыншы жанкүйері көп болған сайын жаны кіреді деген сөз. Соломон Аштың эксперименті келесі бейнефильмде http://www.youtube.com/watch?v=ZDymnf9t0Cc
-
14 слайд
Беделбелгі (рейтинг) Оқушылардан баға түрінде берілген бірқатар пайымдаулар мен критерийлердің деңгейлерін қарастыру талап етіледі.Олар әр түрлі пайымдауларды қандай деңгейге жатқызу керектігін шешу керек.(Әбден келісемін, келісемін, білмеймін, келіспеймін, мүлдем келіспеймін) Тапсырма “Бірігіп жұмыс істеу” №пікірлерменің пікірім 1Оқушылардың топтарда бірігіп жұмыс істеуі мұғалім үшін қиынға соғуы мүмкін, бірақ қызығы да мол. 2Бірге жұмыс істеу арқылы біз басқа оқушылардың да ойын біле аламыз. 3Бірігіп жұмыс істеудің ең басты шарты – тыңдай білу.
-
15 слайд
Қорытындылау Тапсырма: “Сүйікті ертегілер” Қызыл телпек туралы ертегіні көрсетіп шығып, мазмұны бойынша үш сурет салыңыз да, қорытынды ретінде бірнеше сөйлем жазыңыз.Бірінші суретте және сөйлемде ертегінің басы, екіншісінде – оқиғаның дамуы, үшіншісінде – ертегінің аяқталуы көрсетілуі тиіс. Бұл тапсырмада оқушылар шешуші сәттерді анықтап, әртүрлі тәсілдермен оларды орындап жазулары қажет.Қорытылған ақпараттар тізім, шығарма, кесте, график, сызба т.б. түрінде болуы мүмкін.
-
16 слайд
Интерактивті әдіс
-
17 слайд
Ой жүгірту нысанасы 4.Қатысушылар қызметі 2. Әдіс-тәсілдер 1. Мазмұны 3. Мұғалім қызметі
-
18 слайд
Мақсат – оқып үйрену Интерактивті әдістің тиімділігі: Өзіңе деген сенімділікке тәрбиелейді; Шешендік өнері дағдылары қалыптасады; Тыңдай білуге үйретеді; Танымдылықтың маңызын түсінуге көмектеседі (үнемі абсолюттік шындық бола бермейді); Сыни ойлауға дағдыланады; Өз пікірінің айту құқығының бар екенін сезінеді; Пікірлердің сан алуан болатындығын жақсырақ түсінеді; Осының бәрі “Оқу шеберлігі” идеясына жатады. Оқу шеберлігі – бұл барлық даму үстіндегі және озық елдердің азаматтарына қажетті ой еркіндігі болып табылатын дағды.
Краткое описание материала
Мұғалімнің/тренердің аты-жөні: Мухатаева Назира Далибековна
Жұмыс өтілі: 24 жыл
Жұмыс орны: С.И.Морозов атындағы №51 ОМГ
Мамандығы: Информатика пәні мұғалімі:
Санаты: жоғары
ШЕБЕРЛІК-СЫНЫП Тақырыбы: Интерактивті әдістің тиімділігі
Шеберлік-сынып мақсаты: жай ақпарат беріп қоймай, оқушыларды өздіктерінен жауап іздеуге бейімдеу.Шебер-сынып қатысушыларымен интерактивті режимде біріге жұмыс істеуі.
· МІНДЕТТЕРІ: Педагог қызметінің жалпы және кәсіби құзырлығын қалыптастыруда интерактивті әдіс-тәсілдерді қолдануы және тәжірибе алмасу.
· Шеберлік – сынып қатысушыларына әдістемелік көмек көрсету.
· Қатысушылардың өздерінің кәсіби шеберліктеріне ой жүгірте білуі.
· Үйренушілердің қызығушылығын тудыру;
· Оқу материалдарын тиімді меңгеру Оқушылардың өз бетінше оқу міндеттерінің шешуін табуы( беілген нұсқаларлың ішінен біреуін таңдау, немесе өз нұсқасын ұсыну және шешімін дәлелдеу).
Күтілетін нәтиже: қатысушылардың білімдері жинақталады, зияткерлік және шығармашылық әлеуеті ынталанады, қарастырылған тақырыпқа қызығушылығы туындайды, белсенділігі артады. Әдіс-тәсілдерді өмірде қолдана алады.
Қатысушылар: мектеп ұжымы
Шеберлік-сынып барысы:
v Ұйымдастыру
v Танысу
v Қызығушылықты ояту
v Мағынаны ажырату
v Ой-толғаныс
v Бағалау
v Қорытынды
Әдіс-тәсілдер: шағын топпен жұмыс, өзара белсенді (интерактивті) әдіс, Рөлдік ойын(Қызыл телпек ертегісінің жаңа түрі), жариялау (презентациялау), «Болжау» стратегиясы
Презентация коучинга на тему
Найдите подходящий для Вас курс
В каталоге 7 948 курсов по разным направлениям
Другие материалы
Вам будут интересны эти курсы:
- Курс повышения квалификации «Информационная этика и право»
- Курс повышения квалификации «Источники финансов»
- Курс повышения квалификации «Организация практики студентов в соответствии с требованиями ФГОС юридических направлений подготовки»
- Курс повышения квалификации «Основы туризма и гостеприимства»
- Курс повышения квалификации «Основы управления проектами в условиях реализации ФГОС»
- Курс повышения квалификации «Педагогическая риторика в условиях реализации ФГОС»
- Курс повышения квалификации «Правовое обеспечение деятельности коммерческой организации и индивидуальных предпринимателей»
- Курс повышения квалификации «Правовое регулирование рекламной и PR-деятельности»
- Курс повышения квалификации «Разработка бизнес-плана и анализ инвестиционных проектов»
- Курс профессиональной переподготовки «Клиническая психология: организация реабилитационной работы в социальной сфере»
- Курс профессиональной переподготовки «Методика организации, руководства и координации музейной деятельности»