Описание презентации по отдельным слайдам:
Сәл аялдап, тағзым етпей бұл алаңнан өтпеңдер, Желтоқсанда ызғырықтан тітіркеніп көк пен бел, Бұл жер, қалқам, асқақ рух жарылысы өткен жер, Қайта оянған ұлт намысы қызыл қанға бөккен жер, Ерте есейген ару қызды шаштан сүйреп, тепкен жер, Жатты мұнда естен танып күзге айналған көктемдер Мұхтар Шаханов
Тақырыбы: Ата-бабам аңсаған, Тәуелсіздік.
Мақсаты:
Білімділік: оқушыларға 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының болу себептерімен және желтоқсан жастарымен таныстыру, тәуелсіздіктің қадір-қасиетін түсіндіру;
Дамытушылық: оқушының ойын жеткізе білуі мен тіл байлығын дамыту, әр сөздің айтылуына көңіл бөлу, дикциясы мен интонациясын дамыту;
Тәрбиелік: Отан-Ананы құрметтеу, тәуелсіздікті бағалай білуге, ұлтжанды, елжанды болуға, елінің тәуелсіздігі жолында күрескен ерлердің қаһармандығы мен күрескерлік ерліктерін әрдайым есте ұстауға, үлгі ете білуге үйрету.
Көрнекілігі : Үнтаспа, слайд, кітап көрмесі, түрлі қанатты сөздер.
Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Желтоқсан оқиғасының себептері
ІІІ. «Желтоқсан жұлдыздары» (видео)
ІV. Қазіргі таңда көзі тірі Желтоқсан куәгерлерінің естеліктері
V. Қорытынды.