Предпросмотр материала:
«Ұ.Т.О арқылы оқу – тәрбие үдерісінде оқушы ізденістерін шығармашылыққа, сауаттылыққа, құзырлыққа бағыттау
Қазіргі таңда оқыту үрдісіне қойылатын талаптардың өзгеруіне байланысты оқыту технологиялары негізінен қолданылуда. Оқу үрдісіндегі оқыту технологиялары дегеніміз қойылған мақсаттарға және күтілетін нәтижеге тиімді жету жолдарын қамтамасыз ететін оқу бағдарламаларында қамтылған білім мазмұнын меңгертудің жүйеленеген формалары, әдіс–тәсілдері. Бастауыш білім беру деңгейінде қолданылатын оқыту технологиялары төмендегі негізгі талаптарға сәйкес болуы керек. Оқу үрдісінде білім алушылардың өздерін еркін сезінуіне жағдай туғызу. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын дамыту, күтілетін нәтижелерге жетуге талаптандыру. Жеке басдамытуға бағытталған әдіс – тәсілдерді қолдану. Өз бетімен жұмыс істеп, шешім қабылдауға мүмкіндіктер туғызу.
Қазіргі жаңа педагогикалық парадигмаға сәйкес мемлекеттік тілді оқытуда озық технологиялардың қолданылуы тиімді оқыту әдістемесін жетілдіре түседі. Сондықтан мемлекеттік тілімізді басқа ұлт өкілдеріне меңгертуде әдістеме ғылымында үлкен жетістіктерге қол жеткізіп жүрген қатысымдық бағытты ұстанып, пән мұғалімі ретінде «Ұжымдық оқыту» технологиясынның әдіс тәсілдерін қолдану,олардың тілдік қорын молайтуда, ауызекі сөйлеу тілін дамытуда, тілге деген қызығушылығын арттыруда коммуникативтік дағдыларын қалыптастыруын жүзеге асырудың бірден-бір ұтымды жолы болып табылады.
Мақсатым: Оқушының білім деңгейін көтеруде, жан-жақты білім беру ортасын құру. Әр оқушы өзін-өзі жеке тұлға ретінде қалыптастыруына, қарым-қатынасының нығаюына, оқушының білім алуына қолайлы жағдай туғызу, тілге деген қызығушылығын арттырып, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру. Міндеттерім: 1) Сөйлеу тілі арқылы бір-бірімен қарым-қатынас жасау, өзін-өзіне бақылау жасау үшін қолайлы жағдай туғызу. 2) Оқушылардың ой-өрісін, ауызекі сөйлеу тілін, сауатты жазу қабілеттерін жетілдіре отырып білім деңгейінің көтерілуіне ықпал ету. 3) Оқушылардың өзара қарым-қатынасы арқылы оқуда жетістікке жетуге бағыттау. 4) Өзін-өзі тану, әрқайсысының мүмкіншілігін іске асыру.
Ұжымдық оқыту технологиясының тілді меңгертудегі маңызы зор. Шағын топтар, жұптар құруы арқылы оқушылардың жұмыстарын ұйымдастыра отырып, меңгерілетін оқу материалын қабылдау сапасы артады. Неге десеңіз шағын топтар мен ұжымдар жұптар және ұжым құрамындағы оқушының білімді қабылдау және өз ойын жеткізуге толық мүмкіндік алып 1 сабақ көлемінде үлкен материалды ауыспалы жұп құру арқылы, яғни өзінің серіктесінен немесе өзі серіктесіне түсіндіру арқылымеңгереді. Технологияның тиімді әдіс-тәсілдерін қолдана отырып бірнеше коммуникативтік компетенциялар дамиды.
Жазылым Коммуникативтік компетенциялар Тыңдалым Оқылым Айтылым
Коммуникативтік компетенциялар 1. Тыңдалым: –ауызша сөздің мазмұнын түсіне және оны қысқартып және кеңейтіп жеткізе білу. –Меңгерілетін материалдар негізі жүйесін айқындап, оны ретімен баяндай білу. –Түрлі мәтіндердің ерекшелігі мен стилін түсініп бағалай білу. 2. Оқылым: - Оқушының түрлерін (сапалы түсініп оқу, дұрыс оқу, шапшаң оқу, мәнерлеп оқу) кітаппен және өзге де әдебиеттермен жұмыс үстінде орынды қолдану. 3. Айтылым: - Әлеуметтік мәдени, эстетикалық, адамгершілік, тұрмыстық және басқа да тақырыптар бойынша, сондай-ақ тілдік жағдайларға сай ауызша, диалогтар құрай алу. 4. Жазылым: - Әр түрлі стильдар мен шараларға жазбаша мәтіндер құрай алу. - Естіген немесе оқыған мәтін мазмұнын мақсатқа сай жаза алу.
Ұжымдық оқытудың негізгі идеясы: Оқытуды әр бала жан-жақты дамитындай етіп ұйымдастыру. Ұжымдық оқытудың басты принциптері: Жоғары қиындықта оқыту. Теориялық білімнің жетекші ролі. Оқытудың тәрбиелік мәнінің болуы. Дамыта оқытудың негізгі қағидалары. Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым–қатынас. Іс-әрекеттік оқыту тәсілі. Даму заңдылықтарын ескеру. Педагогикалық ықпалдың, дамудың алдын–алу. Баланы іс-әрекет субъектісі ету. «Жақын даму аймағында» оқыту. Мақсатты оқу іс-әрекеті, оқу міндеттерін шешу.
Нәтижесі Білімді өз беттерімен алудың жолдарын үйренеді Танымдық іс - әрекеті, ойлау белсенділігі, тапқырлығы, тез шешім жасау әрекеті дамиды Дербестігі өз - өзіне сенімі қалыптасады Ынтасы, қызығушылығы артады Өзін - өзі таниды, Бірін – бірі таниды
Қазақ тілі пәні бойынша сапа көрсеткіші - 78% Әдебиеттік оқу пәні бойынша сапа көрсеткіші - 82% Математика пәнінен қорытындысы бойынша сапа көрсеткіші - 75% Менің шәкірттерімнің жетістігі Аудандық олимпиада жеңімпаздары дүниетану оқу пәні бойынша сапа көрсеткіші - 88%
Оқушы жетістігі - шығармашыл ұстаз қызметінің ңәтижесі
Қазіргі таңда оқыту үрдісіне қойылатын талаптардың өзгеруіне байланысты оқыту технологиялары негізінен қолданылуда. Оқу үрдісіндегі оқыту технологиялары дегеніміз қойылған мақсаттарға және күтілетін нәтижеге тиімді жету жолдарын қамтамасыз ететін оқу бағдарламаларында қамтылған білім мазмұнын меңгертудің жүйеленеген формалары, әдіс–тәсілдері.
Бастауыш білім беру деңгейінде қолданылатын оқыту технологиялары төмендегі негізгі талаптарға сәйкес болуы керек.
•Оқу үрдісінде білім алушылардың өздерін еркін сезінуіне жағдай туғызу.•Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын дамыту, күтілетін нәтижелерге жетуге талаптандыру. • •Жеке басдамытуға бағытталған әдіс – тәсілдерді қолдану. •
Өз бетімен жұмыс істеп, шешім қабылдауға мүмкіндіктер туғызу
В каталоге 7 585 курсов по разным направлениям