Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Другие методич. материалы / Презентация по истории Казахстана на тему «Қазақ еліне 550 жыл»

Презентация по истории Казахстана на тему «Қазақ еліне 550 жыл»

  • История

Поделитесь материалом с коллегами:

«Қазақ еліне 550 жыл»
Мақсаты: Қазақ хандығының құрылу тарихымен таныстыру.

Отаншылдыққа, бірлікке, ынтымаққа тәрбиелеу.



Мұғалімнің сөзі:

Биылғы жылдың еліміздің тарихындағы, халқымыздың тағдырындағы алатын орны ерекше. Биыл біздің мемлекетіміздің, яғни Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл.
/Қ. Р. Гимні орындалады./


1 - жүргізуші:

Ассалаумағалейкүм, халқым менің,

Ардақта дәстүріңді, салтыңды, елім.

Мереке басы болсын, берекенің,

Игі еңбек жемісінің бәрін жегін.


2-жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, ата-аналар және Тәуелсіз Қазақ еліміздің жас ұрпақтары!

1-жүргізуші: Туған жері – түп қазығы, айбыны.

2-жүргізуші: Туған тілі – мәңгі өнеге айдыны.

1-жүргізуші: Жан байлығы, салт-дәстүрі – тірегі,

Қадамына шуақ шашар үнемі.

2-жүргізуші: Және туған тарихы

Еске алуға қаншама

Ауыр әрі қасіретті болса да.

2 - жүргізуші: Қазақ халқының түрлі мемлекеттік бірлестіктерге бытырап, саяси бөлшектенуін жоюға әрекет жасау Жошы ұрпақтары - Керей мен Жәнібектің үлесіне тиді.

1 - жүргізуші:
Қазақ жеріндегі саяси бытыраңқылық әсіресе Әбілқайырдың билігі тұсында өзінің шарықтау шегіне жетті.

2-жүргізуші:

Көрініс. «Сұлтандар кеңесі»
/Керей сұлтан мен Жәнібек сұлтан сұхбат құруда, үйге бір топ ақсүйектер кіреді/
- Ассалаумағалейкум, ағалар.
- Уағалейкумсалам, төрлетіңіздер.

Ақсүйектер басшысы:- Біз бір маңызды мәселемен келіп тұрмыз. Елді бей – берекетсіздік басып алды. Хан - екем соғыстарды үдетіп, салықты көбейтті. Әскери дайындықсыз, батырларды құдалау негізінде ойраттардан жеңілгені өздеріңізге мәлім. Бөлінетін кез келмеді ме екен?

Жәнібек:- Ия, сөздеріңіз рас, ханның қаһарына жергілікті сұлтандар мен қарапайым халық та ілігіп отыр. Өз алдымызға ел болатын күн келді.

Керей: - Бар қазақты біріктіретін уақыт келгенін халық та түсінді, соңымыздан ереді деп сенемін.

Жәнібек:- Елдігімізді сақтау үшін туған жерден жырақтауымызға тура келеді. Моғол ханы Есен Бұға туысымыз дулаттардың көмегімен хан тағына отырды. Бірақ бауыры Жүніс Темір әулетімен одақтасып ағасына қарсы шығуда. Есен Бұға інісіне қарсы одақтас іздеуде. Сонда жол тартсақ қайтеді?

Керей: Ия, көшсек көшейік. Сол жаққа көшіп барып, Ұлы жүзбен бірігейік.
Сұлтандар: - Біз дайынбыз бастаңыздар көшті. Біз сіздермен біргеміз.

Жәнібек: Кереке, ұзақ жолға шыққалы тұрмыз. Өзінің бір бата беріңіз.

Керей:

Жолыңды Алла қолдасын,
Жаманшылық болмасын.
Кетілмесін тұлпарыңның тұяғы,
Қайырылмасын сұңқарыңның қияғы.
Барған жерде құшақ жая қарсы алсын
Жақсы адамдар, жайсаң жандар зиялы.
Жалпақ емес, жақсы жермен танысқын
Алла жебеп ұшқан құспен жарысқын,
Көңілің шат, ат - көлігің арымай,
Отбасыңмен аман - есен табысқын.
Әумин

(Керей мен Жәнібек сұлтандарымен сахна сыртына шығып кетеді. Сахна біршама уақыт жабылады да, Есен-бұғаның ордасында жалғасады. )

Сахнаға Есен-бұға, ақсақалдар мен билері шығып отырады.

Уәзір: Алдияр тақсыр, сізге Әбілқайыр хандығынан Керей мен Жәнібек сұлтандар келіп тұр.


Есен-бұға: Кірсін!


Керей мен Жәнібек: Ассалаумағалейкум! – деп бастарын иіп амандасады.


Есен-бұға: Келген шаруаларыңды айтыңдар!


Керей: Ойраттардан жеңілген Әбілқайыр хан ашу-ызасын қоластындағы халықтардан алып, жазалай бастады.


Жәнібек: Салықты көбейтіп, тайпамыздың берекесін алуда.


Керей: Сондықтан да біз, бауырымыз Жәнібек екеуіміз, сізге бұйымтаймен келіп отырмыз.


Есен-бұға: Бұйымтайың болса айт!


Керей: Бір аймағыңыздан бізге жер бөліп берсеңіз, сол жерде өзіміздің тайпамызбен қоныстанып, өсіп-өнсек деген ойдамыз.


Есен-бұға: Керей, Жәнібек, мен өзімнің ақсақал, сұлтандарыммен ақылдасайын. Сендер барып демалыңдар!
(Керей мен Жәнібек шығып кетеді)


Есен-бұға: Қандай ойда болып отырсыңдар?


1 Ақсақал: Жер халықтың байлығы, оны ешкімге беруге болмайды.
2 Ақсақал: Осы жолы ығысып Керей мен Жәнібекке орын берсек, ертелі-кеш сол жақсылығымыз өзімізге қайтып келер.
3 Ақсақал: Әбілқайырдан өш алар кез келді! Шекарамыздың батыс аумағын қауіпсіздігін қамтамасыз етуіміз керек, мұндай ұсынысты біз өз пайдамызға пайдалануға болады.Есен-бұға:Әбілқайыр менің жауым. Яғни менің жауымның жауы – менің досым. Шу мен Талас өзенінің бойындағы Қозыбасы жері солардың қоныстары болсын деп ұйғардым. Шақырыңдар, Керей мен Жәнібекті!


Уәзір: Керей, Жәнібек сұлтандар, кіріңіздер!


Есен-бұға: Ойлана, ақылдаса келе былай шештік: Шу мен Талас өзенінің бойындағы Қозыбас аумағы сендердің мекендерің болсын!


Керей: Алдияр, біз бұл жерді құт мекенге айналдырамыз.
(Есен-бұға, ақсақалдар мен нөкерлері шығып кетеді)
Жәнібек: Уа, Сүйінші, халқым! Көптен күткена арманымыз орындалды. Бір ту астына жиналар күн туды!
(Сахнада халық мәре-сәре болып бірін-бірін құттықтап жатады)


Керей: «Жаңбырменен жер көгерер,
Батаменен ел көгерер» демекші, ақсақал, бата беріңіз.
Ақсақал: Түндеріміз тыныш болсын,
Үйлерімізге ырыс толсын!
Ұлдарымыз сесті болсын.
Қыздарымыз есті болсын,
Балаларымыз қуаныш әкелсін,
Немерелеріміз жұбаныш әкелсін.
Орындарымыз төр болсын,
Дастархандарымыз мол болсын.
Қатарларымыз көп болсын,
Уәйім- қайғымыз жоқ болсын.
Жастардың қазасын көрмейік,
Зұлымдардың жаласын көрмейік!
Елімізде бірлік болсын,
Жарасты тірлік болсын!
Әумин.
(Ұлттық киім киген қыздар шашу шашады, сахнада күй орындалады да қыздар би билейді)

Есімбаева Гүлшара: 10 «В» класс, Күй – «Балбырауын»

1 – жүргізуші: Қазақ хандығы XV ғасырда, яғни 1465 жылы құрылды. Қазақ хандығының құрылуына ықпал еткен Керей мен Жәнібек хандар болатын. Сол кездегі билік иесі Әбілқайыр хандығынан бөлінген рулар Керей мен Жәнібектің қол астында топтасып қазақ халқының негізін құрады.

2-жүргізуші: 1465-1466ж. Қазақ хандығының құрылуы ішкі феодалдық талас-тартысты тоқтатты. Ел ішінде тыныштық орнады, мамыржай заман келіп, Қазақ хандығының іргесі бекіп күш-қуаты мен беделі артты.

1 – жүргізуші: Әрине, әр сөздің астарында бір ақиқаттың жататыны рас қой. Ендеше, ортаға Альбинаның «Қазақ хандығының құрылу» атты өлең жолына кезек берейік.

Алаш халқының тұңғыш егемендік алуы - Әбілхайыр хандығынан бөлініп өз алдына жеке хандық құрып, ақ киізге көтеріп елбасын сайлауы, байрағын көтеріп, "Алаш" ұранын қабылдаған күннен басталады. Тәңірдің ақ таңы атып, шуақ шашқан күні ҚАЗАҚ атты ұлт дүниеге келді. Оған тарих куә.

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ ЖАЙЫНДА
Шыңғыс хан ұрпақтарын «төре» деген,
Төрелер хан сайланып, ел билеген.
Ақсақ Темір шапқынын басып келген,
Ұрыс ханды алты Алашта кім білмеген.
Тоқтақия үлкен ұлы Ұрыс ханның,
Одан Болат әкесі Керей ұланның.
Ортаншы ұлы Құйыршық оның ұрқы,
Жәнібек сұлтан кемеңгер заманының.
Ақ Орданың берекесі кеткенде,
Егемендік желі оңынан ескенде.
Шайбандықтар көшпенді елді шетке теуіп,
Қорлығы шектен шығып кеткенде.
Тарихтан бізге жеткен соны дерек,
Шайбаннан қыпшақ елі безсе керек,
Бөлінген қалың елді бастап шыққан,
Керей сұлтан, дана тұлға Әз Жәнібек.
Көрші елден моғол ханы Есен Бұға,
Мұны естіп сәлем айтқан дұғай - дұғай.
Әбілхайыр шапқынынан қорған болсын,
Деген оймен жер беріпті Талас - Шудан.
Тұрмысы көшпенділік әуел бастан,
Дала төсі төсеніш, шаңырағы аспан.
Қан кешкен еркін халық «Төре таңба»,
Ту тігіп серттеседі Қозыбаста.
Ақ киізбен көтеріп екі арысты,
Хан сайлап мерейі тасып қалысыпты.
Қарттары қолын жайып бата беріп,
Түргеш халқы көрісіп табысыпты.
Мұзбалақ құс патшасы, тау қыраны,
Қазақтың «Алаш» бопты басты ұраны,
Ұлы дүбір той жасап «А - құдайлап»,
«Жылау күйі» төгіліпті домбыраның.
Егемендік ел арманы намыс жанған,
Осы жұртты «Қазақтар» деп ел таныған.
Ел Ордасы Әзірет баба жерленген,
Киелі шаһар екен Түркістан.
Атқа қонып болашақты болжаған,
Бодан елден егеменді ел болған.
Қазақ жұртын Қытай, Ресей мойындап,
Елшілерін құрметпен қабыл алған.
Ұлы Дала перзенттері батыр халық,
Еуразия кіндігінде құрып хандық.
Талай ерлік жолдары баяндалмай,
Сыры ашылмай жатыр ғой тарих сандық.

  • Видеоролик – «Қазақ хандығының құрылуы»

1-жүргізуші: Шіркін-ай, осындай өмірге жеткенімізге шүкір! Қазақ халқының басынан өтпегені жоқ. Қуатты қазақ хандығын құрдық.

2-жүргізуші: Бәрі болған қазақ деген көне елде,

Ел белгі де, ерлік , елдік, өнер де.

«Қазақша би»


2-бөлім

1-жүргізуші: Бір өзіне бірнеше мемлекет сиып кететін қазақтың ұлан-байтақ жерін ата-бабамыз ғасырлар бойы «ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен» , «қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай» қызғыштай қорғап келген. Бұл байлық жию немесе басқаның жеріне көз тігу емес, «Қара қазан сары бала қамы» үшін болған қақтығыстар еді, яғни ЕГЕМЕНДІМІЗДІҢ бастауы болған Абылай хан еді.

2-жүргізуші: Үш жүздің басын қосқан, Тәуелсіздігіміздің тұғырын ту етуге үлес қосқан Абылай хан екені хақ. Бабамыз жайлы көрініске көз жүгіртейік.

  • Көрініс – «Абылай хан тұтқында»

Апа: Ал, ала ғой, балам, қымыздан ішіп отырыңдар.

Немере: Ата, Тәуелсіздікке жету оңай ма?

Ата: Балам, бостандық пен егемендік жолындағы күресіміздің байырғы сақ, үйсін, қаңлы, қыпшақ заманынан кешегі желтоқсанға дейінгі шежіресі бар. Тәуелсіздік халқымызға аспаннан түскен құдіреттің сыйы емес, тек сәулесі үшін қанын төгіп, жанын пида етті еліміздің ардагер перзенттері. Сен тыңда! Мен саған тарих бетінен сыр шертейін. Егемендікке ұйытқы болған Абылай хан еді.

(Слайд 1: Абылай хан портреті, ақ туы көрсетіледі.)

Сахнада Жоңғардың ханы Қалдан Серен, Абылай хан, уәзірлері, желпігіш қыз.

XVIII ғасырдың орта шеніндегі қазақ және жоңғар әміршілерінің арасындағы келіссөз үрдістері де қазақ шежірелерінде көрсетілген. Мәселен, Шәкерім қажы былай деп жазады: «1741 жылы Ташкенттегі қалмақтың ханы Қалдан-Церен қайдан болса да Абылайды тірі ұстап алып кел, Шарыштың орнына өлтіремін деп, отыз мың әскеріменен Жалбы деген батырын жіберіпті... ол Абылайды ұйықтап жатқан жерінде ұстап... алып барыпты...»

Қалдан Серен: Жоқ! Жоқ, қазақ деген ел болмайды жер бетінде

Мал соңынан құл емей, желдейтін не?

Мен – Жоңғармын, атыңды өшіремін,

Менмін сені тірідей жерлейтін де.

  • Әй, Абылай сұлтан, сен менің Шарыш сықылды батырымды өлтірдің, енді кезек сенікі, қандай арманың бар? Айтып қал.



Уәзір: Ой, бұл қазақтың көзін құртайын осы!



Абылай: Менің үш арманым бар. Әуелі мен Шарышты қазақ пен қалмақтың қан майданында өлтірдім, ал сіз мені ұйқыда ұстап алып, өлтіргелі отырғандайсыз. Қазақ пен қалмақтың қан майданында өлсем арманым жоқ, бұл бір. Екінші, қазақ көшіп-қонып, орнықпай жүрген ел ғой, бір жерге орнықтырып, отырықшы өмірге кіргізіп өлсем армансыз болар едім.

Үшінші – төрт атадан бері жалғыз едім, дәл қазір өліп кетсем не балам, не бауырым жоқ, дүниеге келмегендей боламын ғой.



Қалдан Серен төмен қарап отырыпты да, қасындағы уәзіріне: «Мынаның сөзінің бәрі рас, әсіресе соңғы сөзін қарашы, мен де төрт атадан бері жалғыз едім, осы күнгі жалғыз балам Әмірсана өліп кетсе, мен де тққымсыз кеткенім дағы», - деп қалмақ тілімен айтқан екен.



Абылай хан: Алдияр! (деп, қол қусырып тұра келіпті)



Қалдан Серен: Сен неге алдияр дедің? Мен сені өлімнен босаттым ба? – десе



Абылай хан: «Тақсыр, жалғыз балаңызға ұқсатқаныңыз босатқаныңыз ғой, мен қалмақша тілді білемін», - депті.



Қалдан Серен: Дұрыс, жіберіңдер, сөзінің жөні бар.



Жауынгер: Абылайдың ақ туы, Абылай хан, Абылай хан.



Абылай хан: - Уа, Абылай, Абылайша! Елдігін білмеген, құдайдың бірлігін білмейді. Бір тудың астына берік, жеңіс туын желбіретіп, болашақтың қолына тапсырайық! Ел болсайшы, қайран қазақ!



Азаттық жолы азапты,

Төземісің әлеумет!

Төзсең егер, әлеумет,

Зорлықты жеңер ынтымақ.

Қорлықты жеңер ынтымақ.

Қорлықты жеңер ар-намыс,

Шығарар тардан тәуекел,

Тәуекелге бел байлап,

Қазақтың қайсар намысы,

Болмасын деп қара жер.

Жойқын жаудың жолында,

Жойылмасын деп қайран ел.

Азаттықтың қаны үшін,

Болашақтың бағы үшін, ұлы жорық бастаймын,

Еремісің, әлеумет!



Немере: Ата, Абылай бабамның арманы орындалып, 1991 жылы тәуелсіздік алдық.

Ата: Иә, тәуелсіздік жолы – қасиетті жол.

1-жүргізуші: Ортада 11 «Ә» класс оқушысы Арманқызы Данияның орындауында «Ізін көрем».

2-жүргізуші: Қандай керемет десеңізші, бабаларымыз салып кеткен сара жолмен өскелең ұрпақтың алар тәлім-тәрбиесі мол емеспеееее?

1жүргізуші: Иә, маған да қатты ұнады. Қазақ халқында әнімен қатар, өзінің күй өнерінің де ізін де жоғалтпаған халық қой. Осы әсем әуеннен кейін бір күмбірлетіп, Тәттімбет пен Дәулеткерей аталарымыздың ізінен ерген Керімсалдың « .» күйін тамашалайық.

2-жүргізуші: Елімнің атын айтсам – Қазақстан!

Жерімнің атын айтсам – Қазақстан!

Қойнауы қазынаға толған мекен,

Байлығым атын айтсам – Қазақстан!

1-жүргізуші: Кең далалы, кең пейілді қазақпыз

Құл емеспіз, еркін жанбыз, азатпыз.

Ел намысын ешбір жанға бермейміз,

Өмірді алға бастырамыз, өрлейміз.

Бүгінгі қазақ елінің 550 жылдығына орай өткізіліп отырған тарихи кешке мектепшілік өткізілген Жайдарман сайысында бас жүлдені иеленген 10 «Ә» класының Чип-чип командасын өз құттықтауларымен келіп отыр екен. Кәнекей, жігіттердің өнерін тамашалайық.



1-жүргізуші:

Ғасырларға жеткен бүгін жыр үні
Тәуелсіздік ұлылықтың ұлығы
Шаңырағы биік болып қазақтың
Қисаймасын берік болсын уығы.

2-жүргізуші: Тәуелсіздік-тұғырым,

Егемендік –ұлы ұғым

Жаса алға,Қазақстан

Шашып елге күн нұрын

Асып биік белестен

Адалдық кетпес есінен

Мықты елдің бірі бол,

Айдарынан жел ескен.

Жайнай бер,елім мәңгілік

Арайлап атсың таң күліп,

Шыңдардан шырқау көрінсін

Сұңқарың мен сәйгүлік. – деп бүгін тарихи кешімізді жабық деп жариялаймыз. Келгендеріңізге мың да бір рақмет!

Турғалиев Жасын. Ән: «Жаса Қазақстан».

Краткое описание документа:

Қазақстан тарихында Қазақ хандығы дәуірі деп аталатын кезеңге XV ғасырдың ортасы мен  XIX ғасырдың бірінші ширегі аралығы жатады. XV ғасырдың ортасында Керей мен Жәнібек хандардың басшылығымен Қазақ хандығы құрылады. Ол мемлекет қазақ жерінде сақ дәуірінен бері жалғасып келе жатқан мемлекеттіліктің жалғасы және қазақ халқының ұлттық сипаттағы мемлекеті болып саналады.  XIX ғасырдың бірінші ширегінде Ресей билігі алдыменен Орта жүзде(1822), содан кейін Кіші жүзде(1824) хандық билікті жояды.

 

 Үш жарым ғасырдан астам өмір сүрген Қазақ хандығы дәуірі өз ішінде екі үлкен тарихи кезеңге  бөлінеді. Біріншісі - бір орталықтан басқарылған кезең,   екіншісі -  бытыраңқылық кезең деп аталады. Бірінші кезеңге хандық құрылғаннан 1715 жылы Тәуке хан қайтыс болғанға дейінгі аралық жатса, ал екінші кезең 1715- 1824 жылдар аралығын қамтиды.

 

 Бірінші кезең тағы да өз ішінде шартты түрде бірнеше кішігірім кезеңдерге бөлінеді. Олар – хандықтың құрылуы, күшеюі, әлсіреуі, қайта өрлеуі, өзара талас немесе «текетірес», жоңғарлармен алғашқы күрес, «алтын ғасыр» кезеңдері. Осы кезеңде Қазақ хандығында мынадай хандар билік жүргізді: Керей хан, Жәнібек хан, Бұрындық хан, Қасым хан, Мамаш хан, Тахир хан, Бұйдаш, Ахмет, Тоғым хандар бір мезгілде, Хақназар хан, Шығай хан, Тәуекел хан, Есім хан, Тұрсын хан, қайта Есім хан,  Жәнібек хан, Жәңгір хан, Тәуке хан.

 

 Тәуке хан қайтыс болғаннан кейін екінші кезең – бытыраңқылық кезең басталып Қазақ елінде -Ұлы жүзде, Орта жүзде және Кіші жүзде жеке хандар пайда болады.

 

 Кіші жүз хандары: Әбілқайыр хан-1710-1748 жж., Нұрәлі хан-1748-1786 жж., Ералы хан-1791-1794 жж., Есім хан-1794-1797 жж., Айшуақ хан-1797-1806 жж., Жантөре хан-1806-1809 жж., Шерғазы-1812-1824 жж.

 

 Ресей мойындамаған Кіші жүз хандары:Батыр хан-1748-1786 жж.,Қайып хан-1786-1790 жж., Есім хан-1790- ? жж., Қаратай хан-1806-1816 жж., Арынғазы -1816-1821 жж.

 

 Бөкей Ордасының хандары: Бөкей хан-1812-1823 жж.,  Жәңгір хан-1823-1845 жж.

 

 Орта жүз хандары: Қайып хан-1715-1718 жж., Болат хан-1718-1823 жж., Сәмеке хан-1719-1737 жж., Әбілмәмбет хан-1738-1771 жж., Абылай хан-1771-1781 жж., Уәли хан-1781-1819 жж., Бөкей хан1812-1817 жж.(Орта жүздңң бөр бөлігінде.) Ғұбайдулла хан-1820-1824 жж.

 

 Ұлы жүз ханы: Жолбарыс хан 1720-1740 жж.

 

Автор
Дата добавления 15.05.2015
Раздел История
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров748
Номер материала 534078
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх