Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Иностранные языки / Презентации / Презентация по казахскому языку на тему "Ыбырай Алтынсарин"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Иностранные языки

Презентация по казахскому языку на тему "Ыбырай Алтынсарин"

библиотека
материалов
Ыбырай Алтынсарин – бар саналы ғұмырын туған халқын өнер-білімді, жаңа заман...
Өмірбаяны Ыбырай 1841 жылы қазан айының 20-сында қазіргі Қостанай облысы, Қос...
Үміт еткен көзімнің нұры – балам, Жаныңа жәрдем берсін Хақ тағалам. Атаң мұнд...
Әлгі мектеп ақыры 1850 жылы ашылады да, оған қабылданған отыз қазақ баласының...
1859 жылы Ыбырай Алтынсарин атасының жақсы танысы, сыйлас кісісі — Орынбордағ...
Өз бетімен көп ізденіп, білім қорын молайта келе, Ыбырай өзінің алдына тілмаш...
Торғай мектебі 1864 жылы ғана ашылады. "Осы жылы қаңтардың 8-і күні көптен кү...
1876 жылы Ыбырай Петербург, Қазан қалаларына барады. Орыстың ағартушылық жүй...
Ыбырай қазақ қыздарын оқыту ісіне ерекше көңіл бөледі. Бұған ескішіл әдет-сал...
Өлеңдері Ыбырай "Қазақ хрестоматиясына" кірген өлеңдерінде де халық ағарту ид...
Өлеңнің әр шумағында оқудың әр жақты пайдасын айта отырып, ақын соңғы жолдард...
Ыбырай "Өнер-білім бар жұрттар" атты өлеңінде оқу, білім алудың мақсатын кеңі...
Ыбырайдың "Өзен", "Жаз" деген өлеңдері табиғат көріністерін суреттеуге арналғ...
"Еңбекпен табылған дәм тәтті" Еңбекті сүю және қадірлеу – Ыбырай әңгімелеріні...
"Бағу-қағуда көп мағына бар" "Жаздың бір әдемі күнінде бір кісі өзінің баласы...
Тиімді әдістер 1. Ой қозғау 2. Мағынаны ажырату 3. Тақырып туралы толғаныс 4....
Ы.Алтынсарин кім? Ақын Жазушы Оқулық авторы Ұстаз Аудармашы Балалар әдебиетін...
Ы.Алтынсарин несімен танымал? Аудармаларымен Еңбектерімен Әңгімелерімен Өлеңд...
Ы.Алтынсарин не істеді? Жазды Оқулық жазды Мектеп ашты Зерттеді Аударды Білім...
19 1

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1 Ыбырай Алтынсарин – бар саналы ғұмырын туған халқын өнер-білімді, жаңа заман
Описание слайда:

Ыбырай Алтынсарин – бар саналы ғұмырын туған халқын өнер-білімді, жаңа заманның өркениетті, мәдениетті елдерінің қатарына қосу жолына арнаған көрнекті тұлға. Ол өзінің ағартушылық, педагогтік, ақын-жазушылық тарихи қызметі мен зор талантын, жан-жақты терең білімі мен қайрат-жігерін елдің "желкілдеп өскен көк шөптей" жас ұрпағын оқытып, тәрбиелеуге, қазақ жерінде жаңа үлгідегі мектептер ашып, оқушыларды өз кезінің озық ғылымымен қаруландыруға, кәсіп түрлеріне үйретуге арнаған. Ыбырай бұл жолда сан алуан кедергілер мен қиындықтарды жеңе отырып, үлкен жетістіктерге қол жеткізді, сөйтіп, туған халқының мақтан тұтатын ардақтысына айналды.

№ слайда 2 Өмірбаяны Ыбырай 1841 жылы қазан айының 20-сында қазіргі Қостанай облысы, Қос
Описание слайда:

Өмірбаяны Ыбырай 1841 жылы қазан айының 20-сында қазіргі Қостанай облысы, Қостанай ауданында дүниеге келеді. Үш-төрт жасында әкесі Алтынсары қайтыс болып, атасы Балғожаның қолында өсіп, тәрбиеленеді. Атасы Балғожа би өз аймағының атақты кісілерінің бірі болған. Ел ішіндегі көп билікті қолында ұстаған би, Орынбор әкімшілігінің алдында да беделді, белгілі кісі болған. Замана бет алысын өзінше болжаған Балғожа табысқа жетудің ендігі жолы – оқу деп біледі. Сөйтіп, немересі кішкентай Ыбырайды Орынборда ашылады деп күтілген орыс-қазақ мектебіне күні бұрын жаздырып қояды. Бидің ондағы мақсаты, әрине, немересінің бала оқытып, педагог болуы емес, әкімшілік орындарда жұмыс істеп, шенеунік, орысша оқыған "төре" болып шығуы, ата-анасын асырауы. Балғожа бұл ойын Орынборда оқып жүрген жасөспірім Ыбырайға жолдаған өлең-хатында былайша білдірген:

№ слайда 3 Үміт еткен көзімнің нұры – балам, Жаныңа жәрдем берсін Хақ тағалам. Атаң мұнд
Описание слайда:

Үміт еткен көзімнің нұры – балам, Жаныңа жәрдем берсін Хақ тағалам. Атаң мұнда анаңмен есен-аман, Сүйіп сәлем жазады бүгін саған. Атаңды сағындым деп асығарсың, Надан боп білмей қалсаң, аһ ұрарсың. Шырағым, мұнда жүрсең не етер едің, Қолыңа құрық алып кетер едің. Тентіреп екі ауылдың арасында Жүргенмен, не мұратқа жетер едің?!

№ слайда 4 Әлгі мектеп ақыры 1850 жылы ашылады да, оған қабылданған отыз қазақ баласының
Описание слайда:

Әлгі мектеп ақыры 1850 жылы ашылады да, оған қабылданған отыз қазақ баласының бірі – тоғыз жасар Ыбырай болады. Ыбырай мектепте сабақты ынта қойып оқиды, 1857 жылы оқуын "өте жақсы" деген бағамен бітіріп шығып, 1859 жылдың тамызына дейін өзінің туған елінде тілмаштық қызмет атқарады. Қалада оқып, қазақ даласына беймәлім жаңалықтардан хабардар болып, ой-өрісі кеңейген зерделі бозбаланың екі жылдай елде болуы — қазақ қоғамының жағдайын тереңірек түсініп, жаңаша сезінуіне, өзіндік ойға келуіне мүмкіндік береді.

№ слайда 5 1859 жылы Ыбырай Алтынсарин атасының жақсы танысы, сыйлас кісісі — Орынбордағ
Описание слайда:

1859 жылы Ыбырай Алтынсарин атасының жақсы танысы, сыйлас кісісі — Орынбордағы Шекаралық комиссияның төрағасы, шығыстанушы белгілі ғалым, профессор В.В.Григорьевпен жақын танысады. Ол Ыбырайға қамқорлықпен қарап, оған өзінің бай кітапханасын еркін пайдалануына жағдай жасайды. Ыбырай Григорьевтің кітапханасынан орыс жазушыларының шығармаларын, орыс және дүние жүзі ағартушы-педагогтерінің еңбектерін, ұлы адамдардың өмірі жайындағы кітаптарды алып, бас алмай оқыған. Мерзімдік басылымдарды оқып тұрған.

№ слайда 6 Өз бетімен көп ізденіп, білім қорын молайта келе, Ыбырай өзінің алдына тілмаш
Описание слайда:

Өз бетімен көп ізденіп, білім қорын молайта келе, Ыбырай өзінің алдына тілмаш болуды емес, туған халқына пайдалырақ басқа бір қызмет істеуді мақсат етіп қояды. Оның ынтасы ағартушылыққа ауады. 1860 жылы Жайықтың шығысындағы қазақтар үшін төрт бастауыш мектеп ашылған кезде, Ыбырай өзі сұранып, Торғай мектебіне мұғалім болуға рұқсат алып, сонда келеді. Бірақ мектеп бірден ашыла қоймайды. Бұл аралықта, Ыбырай ел ішінде мектептің пайдасын түсіндіріп, біраз баланы өз үйінде оқытады.

№ слайда 7 Торғай мектебі 1864 жылы ғана ашылады. "Осы жылы қаңтардың 8-і күні көптен кү
Описание слайда:

Торғай мектебі 1864 жылы ғана ашылады. "Осы жылы қаңтардың 8-і күні көптен күткен ісім орнына келіп, мектеп ашылды. Оған 14 қазақ баласы кірді. Бәрі де жақсы, есті балалар. Мен балаларды оқытуға қойға шапқан аш қасқырдай қызу кірістім", – деп жазады, ол белгілі шығыстанушы, профессор Н.И.Ильминскийге жолдаған хатында. Ыбырай мектептегі сабақ пен тәрбие жұмысын сол кездегі орыс мектептері үлгісінде құрады. Сабақты қазақ тілінде жүргізе отырып, ол балаларға орыс тілін үйретуге, пән негіздерінен білім беруге тырысады. Тәрбие жұмысын адамгершілігі мол, жаңа ұрпақ тәрбиелеп шығаруға бейімдейді.

№ слайда 8 1876 жылы Ыбырай Петербург, Қазан қалаларына барады. Орыстың ағартушылық жүй
Описание слайда:

1876 жылы Ыбырай Петербург, Қазан қалаларына барады. Орыстың ағартушылық жүйесін, орыс ағартушыларының еңбектерін зерттейді. Қазақ тілінде оқу құралдарын жасауды ойлайды. 1879 жылы Ыбырай Торғай облысы мектептерінің инспекторы қызметіне тағайындалады. Бұл оның ағартушылық қызметінің кең өріс алуына жол ашады. Ол еуропалық үлгідегі мектептер ашу ісімен шұғылданады. 1879-1883 жылдар аралығында Торғай облысының төрт уезінде (Торғай, Ырғыз, Троицк, Ақтөбе) жаңа мектептер ашады. 1883 жылы Торғай қаласында қолөнер мектебі ашылды. Ол қазақ даласындағы техникалық білім беретін тұңғыш оқу орны болды.

№ слайда 9 Ыбырай қазақ қыздарын оқыту ісіне ерекше көңіл бөледі. Бұған ескішіл әдет-сал
Описание слайда:

Ыбырай қазақ қыздарын оқыту ісіне ерекше көңіл бөледі. Бұған ескішіл әдет-салттарға қарсы күрестің бір жолы есебінде қарайды. 1887 жылы Ырғызда қыздар мектебін ұйымдастыруы – оның ағартушылық аса зор еңбегі. Қазақ даласында мектептер санының артуына байланысты Ыбырай мұғалімдер даярлайтын мектеп ашуды қолға алды. 1881 жылы Омбы қаласында тұңғыш мұғалімдер мектебі ашылды.

№ слайда 10 Өлеңдері Ыбырай "Қазақ хрестоматиясына" кірген өлеңдерінде де халық ағарту ид
Описание слайда:

Өлеңдері Ыбырай "Қазақ хрестоматиясына" кірген өлеңдерінде де халық ағарту идеясын көтерді. Оның "Кел, балалар, оқылық!", "Өнер-білім бар жұрттар" өлеңдері осындай мақсатта туған. "Кел, балалар, оқылық!" өлеңі жастарды оқуға, білім алуға шақырады:   Оқысаңдар, балалар, Шамнан шырақ жағылар. Тілегенің алдыңнан Іздемей-ақ табылар. Кел, балалар, оқылық! Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық!

№ слайда 11 Өлеңнің әр шумағында оқудың әр жақты пайдасын айта отырып, ақын соңғы жолдард
Описание слайда:

Өлеңнің әр шумағында оқудың әр жақты пайдасын айта отырып, ақын соңғы жолдарды ылғи қайталап отырады.   Мал, дәулеттің байлығы – Бір жұтасаң, жоқ болар. Оқымыстың байлығы– Күннен күнге көп болар, Еш жұтамақ жоқ болар.

№ слайда 12 Ыбырай "Өнер-білім бар жұрттар" атты өлеңінде оқу, білім алудың мақсатын кеңі
Описание слайда:

Ыбырай "Өнер-білім бар жұрттар" атты өлеңінде оқу, білім алудың мақсатын кеңінен сөз етеді. Өлеңнің негізгі идеясы – қазақ қауымына озық мәдениетті елдерді үлгі етіп көрсету.   Өнер-білім бар жұрттар Тастан сарай салғызды. Айшылық алыс жерлерден Көзіңді ашып, жұмғанша, Жылдам хабар алғызды. ...Отынсыз тамақ пісірді, Сусыздан сусын ішірді. Теңізде жүзді балықтай, Дүниені кезді жалықпай.

№ слайда 13 Ыбырайдың "Өзен", "Жаз" деген өлеңдері табиғат көріністерін суреттеуге арналғ
Описание слайда:

Ыбырайдың "Өзен", "Жаз" деген өлеңдері табиғат көріністерін суреттеуге арналған. Мұндай тұтас лирикалық, пейзаждық өлеңдер Ыбырайға дейінгі қазақ поэзиясында кездеспейді. Оқырмандардың көңілін табиғаттың сұлу көріністеріне аудару арқылы ел сүю, жер сүю, Отан сүюге тәрбиелейтін патриоттық өлеңдер орыстың демократтық, гуманистік әдебиетінің үлгісі болатын. Ыбырай өлеңдері – туған ел табиғатын жырлап, сол арқылы өзінің жас шәкірттерінің бойында табиғатты, Отанды сүю сезімдерін тәрбиелеуге жасаған елеулі қадамы. Екі өлеңінде де Ыбырай табиғат көрінісін жалаң алмай, адамдардың тіршілігімен байланыстыра көрсетеді. Сол арқылы табиғат пен адамның байланысын, табиғаттың адам ісіне, еңбекке, ой-сезіміне тигізер жанды әсерін бейнелейді.  Таулардан өзен ағып сарқыраған, Айнадай сәуле беріп жарқыраған. Жел соқса, ыстық соқса, бір қалыпта, Аралап тау мен тасты арқыраған. Көңілің суын ішсең, ашылады, Денеңде бар дертіңді қашырады. Өксіген оттай жанып жануарлар , Өзеннен рақат тауып, басылады.

№ слайда 14 "Еңбекпен табылған дәм тәтті" Еңбекті сүю және қадірлеу – Ыбырай әңгімелеріні
Описание слайда:

"Еңбекпен табылған дәм тәтті" Еңбекті сүю және қадірлеу – Ыбырай әңгімелерінің негізгі тақырыбы. Оны жазушы шағын әңгімелерде үгіт, өсиет түрінде берсе, кей шығармаларында халықтың қоғамдық санасын тәрбиелейтін реалистік суреттер арқылы бейнелейді. "Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш" әңгімесінде Ыбырай ең кішкентай жәндіктердің өзі де тіршілік үшін тыным таппай еңбек етіп жүргендігін көрсете келіп, оларды балаларға үлгі етеді. "Қарлығаш, өрмекші ғұрлы жоқпысың, сен де еңбек ет, босқа жатпа", – дейді. "Атымтай жомарт" әңгімесінде жазушы халық арасындағы Атымтай жомарт туралы аңыздарға жаңаша мазмұн беріп, өзінше қорытады. Атымтайды ол еңбек адамының үлгісі етіп көрсетеді. Еш нәрсеге мұқтаждығы жоқ болса да, Атымтай ылғи жұмыс істейді. "Күн сайын өз бейнетіммен, тапқан пұлға нан сатып алып жесем, бойыма сол нәр болып тарайды. Еңбекпен табылған дәмнің тәттілігі өзгеше болады", – дейді ол.

№ слайда 15 "Бағу-қағуда көп мағына бар" "Жаздың бір әдемі күнінде бір кісі өзінің баласы
Описание слайда:

"Бағу-қағуда көп мағына бар" "Жаздың бір әдемі күнінде бір кісі өзінің баласымен бақшаға барып, екеуі де егілген ағашты көріп жүрді. "Мына ағаш неліктен тіп-тік, ана біреуі неліктен кисық біткен"? – деп сұрады баласы. "Ата-анаңның тілін алсаң, ана ағаштай сен түзу кісі болып өсерсің. Бағусыз кетсең, сен де мына қисық ағаштай болып, бағусыз өсерсің. Мынау ағаш – бағусыз өз қалпымен ескен", – деді атасы. "Олай болса, бағу-қағуда көп мағына бар екен ғой", – деді баласы. "Бағу-қағуда көп мағына барында шек жоқ, шырағым, бұдан сен өзің де ғибрат алсаң болады, сен жас ағашсың, саған да күтім керек. Мен сенің қате жеріңді түзеп, пайдалы іске үйретсем, менің айтқанымды ұғып, орнына келтірсең, жақсы, түзу кісі болып өсерсің", – деді. Ыбырай "Бақша ағаштары" атты әңгімесінде осылай деп жазды. Яғни тәрбиенің үлкен рөл атқаратынын көрсеткен.

№ слайда 16 Тиімді әдістер 1. Ой қозғау 2. Мағынаны ажырату 3. Тақырып туралы толғаныс 4.
Описание слайда:

Тиімді әдістер 1. Ой қозғау 2. Мағынаны ажырату 3. Тақырып туралы толғаныс 4. Бес жолды өлең 5. Венн диаграммасы 6. Болжау старатегиясы 7. Еркін жазу стратегиясы

№ слайда 17 Ы.Алтынсарин кім? Ақын Жазушы Оқулық авторы Ұстаз Аудармашы Балалар әдебиетін
Описание слайда:

Ы.Алтынсарин кім? Ақын Жазушы Оқулық авторы Ұстаз Аудармашы Балалар әдебиетінің атасы Қоғам қайраткері

№ слайда 18 Ы.Алтынсарин несімен танымал? Аудармаларымен Еңбектерімен Әңгімелерімен Өлеңд
Описание слайда:

Ы.Алтынсарин несімен танымал? Аудармаларымен Еңбектерімен Әңгімелерімен Өлеңдерімен

№ слайда 19 Ы.Алтынсарин не істеді? Жазды Оқулық жазды Мектеп ашты Зерттеді Аударды Білім
Описание слайда:

Ы.Алтынсарин не істеді? Жазды Оқулық жазды Мектеп ашты Зерттеді Аударды Білім берді

Краткое описание документа:

Урок казахского языка по теме "Ыбырай Алтынсарин" построен на показе студентам презентации о жизни и деятельности казахского поэта Ыбырая Алтынсарина. Презентация содержит материалы о жизни и творческой деятельности великого поэта, отрывки из его стихотворений. Данная разработка направлена на развитие у студентов литературного кругозора, усовершенствование дикции, произношения. Презентацию можно использовать как во время открытого урока, так и во время традиционных учебных занятий для наглядной демонстрации печатных изданий автора. Урок предназначен для студентов средних учебных заведений, но он так же подходит и для учеников старших классов общеобразовательной школы.

Автор
Дата добавления 27.11.2014
Раздел Иностранные языки
Подраздел Презентации
Просмотров2095
Номер материала 157834
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх