Инфоурок География ПрезентацииПрезентация по географии на тему "Қазақстанның биік таулы өлкелері. " (8 класс)

Презентация по географии на тему "Қазақстанның биік таулы өлкелері. " (8 класс)

Скачать материал

Выберите документ из архива для просмотра:

Выбранный для просмотра документ Казакстаннын биік таулы өлкелері.docx

Тақырыбы: Қазақстанның биік таулы өлкелері.

Мақсаты:

Білімділік :  Қазақстанның биік таулы өлкелері және олардың ерекшеліктері туралы баяндау.

Дамытушылық: Оқыту барысында әр түрлі  әдіс тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың білімін әрі қарай дамыту.              

Тәрбиелік: Оқушыларды  табиғатты қорғауға,  сүюге тәрбиелеу. Ізденімпаздыққа баулу,  табиғат байлықтарын қорғауға және оның  қажеттілігін түсіне білуге үйрету.

Сабақтың оқу жабдығы: Қазақстанның физикалық  картасы, интер белсенді тақта, слайдтар, үйлестірмелі құралдар.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: картамен жұмыс, баяндау, иллюстративтік.

 

Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру.
II. Үй тапсырмасын сұрау.
III. Үй тапсырмасын қорыту.
IV. Жаңа сабақ.
V. Жаңа сабақты бекіту.
VI. Үйге тапсырма беру.
VII. Оқушылардың білімін бағалау.

 

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Салемдесу, оқушылардың саббаққа қатысын тексеру;

ә) Оқушылардың оқу құралдарын тексеру;

б) Психологиялық дайындық.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

1.Тау дегеніміз не?
2. Биіктігіне қарай таулар нешеге бөлінеді?
3. Теңіз деңгейінен төмен жатқан жерлер деп нені айтамыз?

4. Қазақстанның жер бедерінің қалыптасуына ішкі және сыртқы күштердің әсері?

5. Аласа таулы өлке деп нені  айтамыз? Оларға қандай таулар жатады?

6. Олардың қазіргі жер бедері пішіндерін қалай түсіндіруге болады?

7. Қазақстанның Швейцариясы деп қандай тауды айтамыз, неліктен?

III. Үй тапсырмасын қорыту. «Сандар сөйлейді»

1.      1200км – Сарыарқаның батыстан шығысқа дейінгі ұзындығы.

2.      900 км – Сарыарқаның батыс бөлігінің ені.

3.      350 км – Сарыарқаның батыс бөлігінің ені. 

4.      1565м – Ақсораңның биіктігі.

5.      1403м – Қарқаралы тауының биіктігі.

6.      1305м – Шыңғыстау тауының биіктігі.

7.      1133м – Ұлытау тауының биіктігі.

8.      450 км – Мұғалжар тауының солтүстіктен оңтүстікке дейінгі ұзындығы.

9.      657 м – Үлкен Боқтыбай шыңы.

10.  117 км – Қаратау жотасының ұзындығы.

11.  70 км – Ақтау тауының ұзындығы.

12.  556 м – Бесшоқы шыңы.

13.  -132 м – Қарақия ойысы.

14.  -395 м  - Өлітеңіз ойысы.

15.  -154м – Тарфун ойысы.

 IV. Жаңа сабақ.  

Биік таулар: Алтай тауы, Сауыр-Тарбағатай, Тянь-Шань тауы, Жоңғар Алатауы

Алтай тауы

Сібірдің оңтүстігіндегі ең биік таулы өлке. Негізгі бөлігі Ресей жерінде жатыр. Оны Оңтүстік Алтай, Батыс немесе Кенді Алтай және Қалба жотасы деп үшке бөлуге болады. Таулы өлкенің іргетасы, негізінен палеозой дәуірінде пайда болған метаморфтанған тау жыныстарынан түзілген. Климаты тым континентті. Қысы суық әрі ұзақ. Ең суық орташа температура Марқакөл көлінің маңында (-26°С). Алтайдың ең жылы шілде айының орташа температурасы 18-20°С. Ең үлкен өзені – Ертіс. Оған Кендірлік, Күршім, Бұқтырма, Үлбі өзендері құяды. Көлдері: Бұқтырма, Жайсан, Түранғыкөл, Марқакөл. Көлдердің үлкені- Марқакөл. Алтай тауларында 328 мұздық бар. Мұзтау-Алтай тау жүйесінің Ресей жеріндегі ең биік шыңы (4506м). Алтай өлкесі аңға бай. Бұғы-марал өсіріледі. Аю, қабан, таутеке, қар барысы, бұлғын, қаракүзен, ақкіс тіршілік етеді, су тышқаны, жанат тәріздес ит жерсіндірілген. Құстардан құр, кекілік, шіл, тоқылдақ, ұлар кездеседі.

Сауыр-Тарбағатай Жайсан ойпатының оқтүстік шекарасы Сауыр мен Тарбағатай тау жүйесіне тірелдеі. Бұл жермен Қытай-Қазақстан шекарасы өтеді.

Сауыр жотасы – аталған тау жүйесінің биік бөлігі. Оның ең биік нүктесі – Мұзтау (3816м).Жотаның Қазақстан жеріндегі ұзындығы 60-65км. Батыстан шығысқа қарай ол аласарып, Маңырақ жотасына ұласады.

Құрылымы жағынан Тарбағатай әр түрлі биіктікке көтерілген ірі үйінді –массивтер сияқты. Бұл үйінділер үшбұрыштанып, құзды шыңдарға айналады. Тарбағатайдың орташа биіктігі теңіз бетінен 2000-2100м ғана. Ең биік нүктесі – Тастау (2992 м). Онда мұздықтар жоқ.

Сауыр-Тарбағатай негізінен жоғарғы палеозой жыныстарынан түзілген. Сауырда атпа жыныстар кең тараған.Сауырда жоқ граниттер Тарбағатайдың суайрығында салыстырмалы түрде жиі кезедеседі.

Сауыр-Тарбағатай – қатпарланған таулы өлке. Оның негізгі құрылымы жоғарғы палеозойда герцин қатпарлануы кезінде қалыптасқан Ол Альпі тау көтерілу кезінде жаңғырып қайта көтерілген.Бұл ауданның қазіргі жер бедерінің қалыптасуына ерте замандардағы мұз басу, ағын сулардың эрозиялық әрекеті және кейінгі тектоникалық процестер әсер еткен. Сауыр тауында Кендірлік көмір кені ашылып, жанғыш тақтатастың мол қоры табылған.

Климаты континентті. Жауын-шашын аздау. Қаңтардың орташа температурасы -20°С, шілдеде 22°С. Жауын-шашын мөлшері 350-500мм.

Өзендері. Жарма, Қайындысу, Көкпекті сияқты өзендер Жайсан көліне құяды. Ұнжар, Қатынсу, Емел өзендері Алакөлге құяды. Аягөз өзені Балқаш көліне жетеді.

Жануарлар дүниесі: қоңыр аю, бұғы, елік, таутеке, арқар, қасқыр, қар барысы, сілеусін, түлкі мекендейді. Бұл жерде «Қазақстанның Қызыл кітабына» енген жолақты қарашұбар жылан бар.

Тянь-Шань таулы өлкесі, Қазақстан жерінің оңтүстік-шығыс және шығыс бөлігін қамтиды. Негізінен ендік бағытқа жақын жатқан тау тізбектерінен құралады. Биік шыңдары – Жеңіс (7439 м) және Хантәңірі (6995 м). Қазақстанға Қаратау, өгем, Қырғыз Алатауы, Шу-Іле таулары, Іле Алатауы және Кетпен (Ұзынқара) жоталары қарайды. Тянь-Шань жоталары палеозой және кембрийге дейінгі шөгінді, метоморфтық және атпа жыныстарынан түзілген. Қазаншұңқырлары мен аңғарлары негізінен кайнозойдың борпылдақ шөгінді жыныстарымен жабылған. өлке протерозой, каледон және герцин қатпарлық қозғалысына ұшыраған. Герциннен кейінгі уақытта палеозойлық жоталар пенеплендік (тегістелу) процеске ұшырап, бүкіл палеоген және неогеннің басында Тянь-Шань түгелдей тектоникалық көтерілімі, төмендеуі байқалған платформа болған. Неогеннің аяғынан бастап бүкіл төрттік дәуірді қамтыған күшті дифференциалдық қозғалыс амплитудасының артуынан платформалық режим бұзылып, қазіргі Тянь-Шаньның жер бедерлік пішіні қалыптасқан. өлке өзен торына бай. Оның сұр және сортаң топырақты шөлді бөлігі қызғылт қоңыр және қара топырақ жамылғысындағы бұта және ағаш сирек өсетін бөктерлік шөлейт пен дала белдемдеріне ауысады. Тау жоталарының орта белдеуіндегі қалың орман өскен қоңыр топырақты жерлер жоғарырақтағы қылқан жапырақты орманды алқапқа жалғасады. Одан биігіректе альпі шалғыны белдемі орналасқан. Тянь-Шань таулы өлкесі 2 облысқа және 6 өңірге бөлінеді.

 

Жоңғар (Жетісу) Алатауы. Солтүстік – шығысында Алакөл қазаншұңқыры мен оңтүстңк-батысында Іле өзені аңғары аралығында созыла орналасқан. Ұзындығы 450км, ені 100-250км. Солтүстік жотаның ең биік нүктесі Бесбақан (4622м), оңтүстік жотаның биік нүктесі Мұзтау (4370м). Жетісу Алатуының құрылымы кембрийге дейінгі жыныстар мен палеозой жыныстарынан тұрады. Жетісу Алатауы каледон мен герцин тау түзілуі кезінде қатпарлы тауға айналса, ал мезозой мен төменгі кайнозойда сыртқы күштің әсерінен мүжіліп, аласарып тегістелсе, кейінгі Альпі қатпарлығының күшті болуына байланысты қатпарлы-жақпарлы биік таулы өлкеге айналған. Тау етегінде климат құрғақ, континентті, ал биік тау беткейлерінде климат қоңыржай: қысы суық, жазы қоңыр салқын. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 600-800мм. Ауаның орташа температурасы қаңтарда -10°-11°С, шілдеде 18°-20°С. Жануарлар дүниесі: бұғы, аю, елік т.б. кездеседі.

 

Атлас  картадан төмендегі объектілерді тауып көрсетіңдер.

Алтай тауы, Кенді Алтай, Қалба жотасы, Оңтүстік Алтай,Сарымсақты, Нарын, Күршім, Мұзтау (4506м), Батыс Алтай, Листвяга, Холзун, Көксу, Үбі, Үлбі, Иванов, Қалба жотасы,Сарышоқы шыңы, Сауыр – Тарбағатай, Мұзтау (3816м), Тастау шыңы, Жоңғар Алатауы, Алакөл, Іле өзені, Жоңғар қақпасы, Ебінұр көлі, Бесбақан шыңы, Тянь –Шань тауы, Хантәңірі шыңы, Теріскей Алатауы, Кетпен жотасы, Күнгей Алатауы, Іле Алатауы, Шу – Іле Таулары (Желтау, Айтау), Небесная шыңы, Иманбұлақ шыңы, Шелек, Кемін өзені, Талғар шыңы, Шу өзені, Талас Алатауы, Өгем, Піскем, Қаратау жоталары.

 

Жаңа ұғымдар:

Алтай тауы, Кенді Алтай, Қалба жотасы, Оңтүстік Алтай,Сарымсақты, Нарын, Күршім, Мұзтау (4506м), Батыс Алтай, Листвяга, Холзун, Көксу, Үбі, Үлбі, Иванов, Қалба жотасы,Сарышоқы шыңы, Сауыр – Тарбағатай, Мұзтау (3816м), Тастау шыңы, Жоңғар Алатауы, Жоңғар қақпасы, Бесбақан шыңы, Тянь –Шань тауы, Хантәңірі шыңы, Теріскей Алатауы, Кетпен жотасы, Күнгей Алатауы, Іле Алатауы, Шу – Іле Таулары (Желтау, Айтау), Небесная шыңы, Иманбұлақ шыңы, Талғар шыңы, Шу өзені, Талас Алатауы, Өгем, Піскем, Қаратау жоталары.

V. Жаңа сабақты бекіту.  Қазақстанның биік таулы аймақтары  видео ролик көрсету.

Сәйкестендіру

  1. Оңтүстік Алтай
  2. Қалба жотасы
  3. Сауыр жотасы
  4. Тарбағатай
  5. Жоңғар Алатауының солтүстігі
  6. Орталық Тянь-Шань
  7. Кетпен жотасы
  8. Күнгей Алатауы
  9. Іле Алатауы
  10. Жоңғар Алатауының оңтүстігі

А) Мұзтау (3816м)

Ә) Бесбақан (4622м)

Б) Сарышоқы (1606м)

В) Мұзтау (4506м)

Г) Хан-Тәңірі шыңы (6995м)

Ғ) Тастау (2992м)

Д) Тышқантау (4359м)

Е) Талғар шыңы (4979м)

Ж) Небесная тауы (3652м)

З) Иманбұлақ (4647м)

Оңтүстік Алтай  В) Мұзтау (4506м)

Қалба жотасы Б) Сарышоқы (1606м)

Сауыр жотасы А) Мұзтау (3816м)

Тарбағатай Ғ) Тастау (2992м)

Жоңғар Алатауының солтүстігі Ә) Бесбақан (4622м)

Орталық Тянь-Шань Г) Хан-Тәңірі шыңы (6995м)

Кетпен жотасы Ж) Небесная тауы (3652м)

Күнгей Алатауы З) Иманбұлақ (4647м)

Іле Алатауы Е) Талғар шыңы (4979м)

Жоңғар Алатауының оңтүстігі Д) Тышқантау (4359м)

VI. Үйге тапсырма беру.

Қазақстанның биік таулы өлкелері оқу, кескін картаға Қазақстанның биік тауларын түсіру, биіктіктерін анықтау.


VII. Оқушылардың білімін бағалау.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Презентация по географии на тему "Қазақстанның биік таулы өлкелері. " (8 класс)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель научной организации

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Тақырыбы: Қазақстанның биік таулы өлкелері.

Мақсаты:

Білімділік :  Қазақстанның биік таулы өлкелері және олардың ерекшеліктері туралы баяндау.

Дамытушылық: Оқыту барысында әр түрлі  әдіс тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың білімін әрі қарай дамыту.              

Тәрбиелік: Оқушыларды  табиғатты қорғауға,  сүюге тәрбиелеу. Ізденімпаздыққа баулу,  табиғат байлықтарын қорғауға және оның  қажеттілігін түсіне білуге үйрету.

Сабақтың оқу жабдығы:Қазақстанның физикалық  картасы, интер белсенді тақта, слайдтар, үйлестірмелі құралдар.

Сабақ түрі:аралас

Сабақ әдісі: картамен жұмыс, баяндау, иллюстративтік.

 

Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру.
II. Үй тапсырмасын сұрау.
III. Үй тапсырмасын қорыту.
IV. Жаңа сабақ.
V. Жаңа сабақты бекіту.
VI. Үйге тапсырма беру.
VII. Оқушылардың білімін бағалау.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 478 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.02.2015 3373
    • ZIP 20.1 кбайт
    • 13 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Каржаубаева Нуржамал Исановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Каржаубаева Нуржамал Исановна
    Каржаубаева Нуржамал Исановна
    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 62353
    • Всего материалов: 9

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 130 человек из 45 регионов

Курс повышения квалификации

Формирование первичных компетенций использования территориального подхода как основы географического мышления с учетом ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 114 человек

Курс профессиональной переподготовки

Технологии географического образования

Педагог в сфере географического образования (учитель географии)

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету «География» в условиях реализации ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 70 человек из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 760 человек

Мини-курс

Практические аспекты работы логопеда: методы и приемы в логоритмике

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 14 регионов
  • Этот курс уже прошли 19 человек

Мини-курс

Современные направления в архитектуре: архитектурные решения гениальных изобретателей

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Подростковые проблемы: индивидуальный подход

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 365 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 285 человек