Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Технология / Презентации / Презентация по технологий "Ілмекті бізбен тоқу"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Технология

Презентация по технологий "Ілмекті бізбен тоқу"

библиотека
материалов
Сабақтың білімділік мақсаттары: Оқушыларды ілмекті бізбен тоқу тарихымен, қа...
Анықтамасы: Қолмен тоқу- қолөнердің ежелден келе жатқан ешуақытта ескірмеген,...
Шартты белгілері	 1		Бос шалу 2		Біріктіру бағаншасы 3		Шалмасыз бағанша 4		Б...
Қолды дұрыс ұстау көрінісі.
Ілмекті бізбен тоқу барысындағы техникалық қауіпсіздік ережесі Сымды, тоқу іл...
Семантикалық кесте 	Бір шалмалы бағанша	Бос шалу	пико	Жарты бағанша	Біріктіру...
7 1

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1
Описание слайда:

№ слайда 2 Сабақтың білімділік мақсаттары: Оқушыларды ілмекті бізбен тоқу тарихымен, қа
Описание слайда:

Сабақтың білімділік мақсаттары: Оқушыларды ілмекті бізбен тоқу тарихымен, қажетті құрал жабдықтармен, материалдармен таныстыру, жұмыс орнын ұйымдастыру жөніндегі дағдыларды қалыптастыру, тоқу элементтерін үйрету. Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Эстетикалық талғамға, тапжылмай отырып жұмыс істеуге тәрбиелеу. Ілмекті бізбен тоқудың көмегімен дербес шығармашылыққа тарту. Тоқуға деген қызығушылық тудыру. Сабақтың дамытушылық мақсаты: Жұмыс істеу дағдыларын, оқу еңбегі шеберліктерін дамыту (есте сақтау, байқағыштық, өзін-өзі бақылауды жүзеге асыру), мәдениет пен өнерге қызығушылықты дамыту ды ілмекті бізбен тоқу тарихымен, қажетті құрал жабдықтармен, материалдармен таныстыру, жұмыс орнын ұйымдастыру жөніндегі дағдыларды қалыптастыру, тоқу элементтерін үйрету.

№ слайда 3 Анықтамасы: Қолмен тоқу- қолөнердің ежелден келе жатқан ешуақытта ескірмеген,
Описание слайда:

Анықтамасы: Қолмен тоқу- қолөнердің ежелден келе жатқан ешуақытта ескірмеген, күннен-күнге жаңғырып өркендеген ғажайып өнер түрі. Ілмекті бізбен тоқу- қарапайым және әркімге қол жетімді өнер. Қазіргі кезде қолмен тоқу қолөнердің ең бір әдемі түрі: жай сыммен, шанышқымен, ілмекті бізбен тоқу. Тарихы: Бірінші шалуды кім және қашан ойлап тапқанын ешкімде білмейді. Египетте мазарлардың бірінен баланың тоқылған аяқ киімін тапқан. Археологтар оған 4 мың жылдан астам уақыт болғанын анықтады. Көптеген деректер бойынша, ілмекті бізбен тоқудың ертерек пайда болғанын тұжырымдауға болады. Дүниежүзіне белгілі саяхатшы Анни Поттердің пікірінше, қазіргі заманғы тоқу өнері XVI ғасырда пайда болған. Маңызы: Ілмекті бізбен тоқу- қарапайым және әркімге қол жетімді. Өзің дизайнерге айналасың және сенің әрбір затыңның өзіндік ерекшелігі болады. Сенің жасаған дүниең бүкіл ғаламшарда бірде-бір адамда болмайды. Қасиеті: Машинамен тоқу қолмен тоқуды ығыстырып шығатындай болып көрінді. Алайда өмір мұндай болжамды жоққа шығарды. Машиналық өндіріс өнімдерін жаппай шығару көбейген сайын қолмен тоқылған заттар бағалы бола түсті. Қолмен тоқылған бүйымдар сәнді және жоғары бағаланады. Ерекшелігі: Тоқумен ерлерде, әйелдерде айналысады.Ілмекті бізбен киімде, тұтынатын бұйымда тоқылады. Кез-келген өрнек түрлерін ойдан ойлап тоқиды. Бастапқы материалды ешқандай шығынсыз бірнеше рет қолдануға болады. Пайдаланылуы: Пәтер интерьерін жасау үшін картина, майлық сүлгі, кілемше, сөмке, перде, көрпе, жастық, ойыншық, әшекей бұйымдар, киімнің барлық түрін тоқып алуға болады. Қолданылуы:Ілмекті бізбен тоқудың кесте тігуменде байланысы бар. Ілмекті біз түрлері: Ілмекті бізді жіптің жуандығына қарай таңдайды. Ең жіңішкелері болаттан, жуандары алюминийден, пластмассадан және ағаштан жасалады. Ілмекті біздің диаметрі миллиметрмен алынып, сәйкес келетін нөмірмен белгіленеді. Сан үлкен болған сайын ілмекті біз де жуандай түседі. Ілмекті бізбен тоқудың негізгі элементтері: Бос шалу, шалмасыз бағанша, шалмалы бағанша. Басқа элементтер осылардың түрленуі. Қорытынды: Ілмекті бізбен тоқу адамға өзінің даралығын білдіруге, сондай-ақ үйдің ішкі көрінісін дәстүрлі көзқарастардан өзгеше етіп көрсетуге көмектеседі. Тоқылған бұйымдар сән әлемінде неғұрлым тұрақты және үй іші интерьерлерінде киім-кешек ретінде ұзақ уақыт қызмет ете алады. Ілмекті бізбен іліп тоқу туралы мәлімет

№ слайда 4 Шартты белгілері	 1		Бос шалу 2		Біріктіру бағаншасы 3		Шалмасыз бағанша 4		Б
Описание слайда:

Шартты белгілері 1 Бос шалу 2 Біріктіру бағаншасы 3 Шалмасыз бағанша 4 Бір шалмалы бағанша 5 Екі шалмалы бағанша 6 Үш шалмалы бағанша 7 Пико(2 бос,1 шалмасыз,1бос шалу) 8 Жартылай бағанша 9 Қампиған бағанша 10 Бірге байланған 3 аяқталмаған бағанша 11 2 бос, 1 шалмасыз, 2 бос шалу 12 Ілгек, ілмек

№ слайда 5 Қолды дұрыс ұстау көрінісі.
Описание слайда:

Қолды дұрыс ұстау көрінісі.

№ слайда 6 Ілмекті бізбен тоқу барысындағы техникалық қауіпсіздік ережесі Сымды, тоқу іл
Описание слайда:

Ілмекті бізбен тоқу барысындағы техникалық қауіпсіздік ережесі Сымды, тоқу ілмегін арнайы қорапшада сақтау керек; Сымды, тоқу ілмегін қолда дұрыс ұстау керек; Тоқу ілмегін жолдасыңа ұшымен ұсынба; Ілмекті аузыңа салма; Ілмектің ұшын жоғары көтерме, көзден алыс ұста.

№ слайда 7 Семантикалық кесте 	Бір шалмалы бағанша	Бос шалу	пико	Жарты бағанша	Біріктіру
Описание слайда:

Семантикалық кесте Бір шалмалы бағанша Бос шалу пико Жарты бағанша Біріктіру бағанша 3 аяқталмаған бағанша Ілмек, ілгек Шалмасыз бағанша

Краткое описание документа:

gulmir_31@mail.rugulmir_31gulmir_31@mail.ru@mail.ruСабақтың тақырыбы: Кілем туралы түсінік. Кілемге қажетті жабдықтары, тоқу тәс»лдері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Дәстүрлік қолөнер түрлері. Оқушыларға кілем тоқу

өнерінің ерекшелігін түсіндіру, кілемдерді түгіне байланысты ажырата білуге үйрету, кілемнің тоқу тәсілін меңгерту.

Дамытушылығы: Оқушыларды эстетикалық талғаммен қабылдау

қабілеттілігін дамыту. Оқушылардың икемділігін дамыту.

Тәрбиелілігі: Оқушыларды қазақтың ұлттық қолданбалы қолөнерін қастерлеуге кілем тоқымашыларының еңбегін қадірлеуге тәрбиелеу және оларды төзімділікке баулу.

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: Жартылай жұмсақ жастықша, басы дөңгелек тігін түйреуіштері, қайшы, сантиметрлік таспа, желім ПВА, БФ-6. Тоқуға қажетті жіптер- кез келген жіп түрлерін қолдануға болады.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: а) Түсіндіру-иллюстрациялық(әңгімелеу, дидактикалық материалмен жұмыс, өздігінен орындалатын жұмыс)ә) Репродукциялық(нұсқама, сарамандық жұмыс, өздігінен орындалатын жұмыс)

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі

а) оқушыларды түгендеу

ә) сабаққа дайындығын тексеру

II Жаңа сабақ сарамандық жұмысымен

БҮҮ-кестесін толтыру (кілем туралы не білесіңдер?)

Білемін Үйрендім

Автор
Дата добавления 17.12.2014
Раздел Технология
Подраздел Презентации
Просмотров1625
Номер материала 192041
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх