Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Презентации / Презентация Тәрбие жұмысы 5-9сынып
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

Презентация Тәрбие жұмысы 5-9сынып

библиотека
материалов
Аты-жөні: Туған жылы: Бітірген оқу орны: Жалпы еңбек өтілі: Санаты: Мекен-жай...
• Оқушыларды салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, құқықтық, имандылық тәрб...
-оқу жылына арналған жұмыс жоспарын құру. Оқушылардың өмірі мен тұрмыс жағдай...
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын Балалар құқығы туралы Конвенци...
Ұйымдастырып жатқан тәрбие процесін материалдық – техникалық жағынан қамтамас...
Оқушының намысын қорлауға, қосалқы ат қойып кемітуге, т.б Оқу бағасын оқушыны...
Дене шынықтырумен, спортпен үнемі шұғылдану Көшеде жүріп – тұру, өрттен сақта...
Мен – Қазақстан азаматы «Сүйікті Отаным Қазақстанның дүние жүзіндегі алдыңғы...
І. 1. Топтағы ұйымдастыру жұмыстары 2. Колледж ережесімен таныстыру 3. Топ бе...
Мектеп ережесін қалыптастыру Қоғамдық мүлікке жанашырлықпен қарауға дайындау...
Жоғары деңгей тәрбиеліктің жақсы жақтары тұрақты, өзін - өзі ұйымдастыруы мен...
Қазіргі заман – педагогы – ол практикалық психолог. Ол тәрбие мен оқытуды о...
Рухани-адамгершілік тәрбиесі Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениет...
Үйде баланың үй тапсырмасын орындауын қадағалау. Балалардың өмірі үшін, оқуы...
І. Тақырыбы: Жаңа оқу жылына қойылатын мақсат – міндеттер 1. Ата-аналарды құқ...
«_____» _________20 ____ж Қатысқаны ________адам Қатыспағаны: _______________...
№	Атқарылатын жұмыс түрлері	Уақыты	Жауапты 1	Топтағы оқушылардың психологиялы...
20 1

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1
Описание слайда:

№ слайда 2 Аты-жөні: Туған жылы: Бітірген оқу орны: Жалпы еңбек өтілі: Санаты: Мекен-жай
Описание слайда:

Аты-жөні: Туған жылы: Бітірген оқу орны: Жалпы еңбек өтілі: Санаты: Мекен-жайы: Мұхамедин Сырым Қойшыбайұлы 14.02.1990 Қазақ технология және бизнес университеті, ақпараттық жүйелер мамандығы, 2014 жыл 3 жыл II СҚО, Шал ақын ауданы, Кеңес ауылы, 5-32-56

№ слайда 3
Описание слайда:

№ слайда 4 • Оқушыларды салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, құқықтық, имандылық тәрб
Описание слайда:

• Оқушыларды салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, құқықтық, имандылық тәрбиесін беру. • Тәрбиелік іс –шараларды жастарды өз елін, ел рәміздерін құрметтеуге адалдыққа, азаматтық, саналылық, еңбек сүйгіштік, өзге ұлт өкілдерін сыйлауға, өзара қарым –қатынас жасауға бағыттап жүргізу. • Оқушыларды өзін -өзі басқару ұйымдарының жұмыстарына тарту, ынтымақ –бірлікке үйрету. • Сынып жетекшілерінің құжаттарының дұрыс жүргізілуіне көмек беру, оларды өз білімдерін жетілдіруіне ықпал жасау, оқушылармен ынтымақтастық қарым -қатыннас орнату. • Оқу орнындағы клуб, үйірмелердің дұрыс жұмыс жасауына ықпал ету. Оларға оқушыларды кеңінен қатыстыру. • Республикалық, облыстық, қалалық, мәдени сауықтыру іс шараларына түрлі сайыстарға, оқушылар мен оқытушыларды қатыстыру.

№ слайда 5 -оқу жылына арналған жұмыс жоспарын құру. Оқушылардың өмірі мен тұрмыс жағдай
Описание слайда:

-оқу жылына арналған жұмыс жоспарын құру. Оқушылардың өмірі мен тұрмыс жағдайларын және олардың мұқтаждықтарын зерттеу. Оқушылардың ата-аналарымен байланыста (мүмкіндігіне қарай кездесіп тұру) болу; - пән оқытушыларымен оқушылардың қабілеттері мен қызығушылығын ескере отырып, мәдениет –көпшілік, спорт, ғылыми зерттеу ісіне және басқа да жұмыстарға тарту; - оқу жұмысын, өзіндік жұмысты ұйымдастыру. Үлгерімі мен педагогикалық практикаға бақылау жасау. Оқушылардың сабаққа қатысудағы енжарлықтары мен нашар үлгерімдерінің себептерін анықтау; - сынып жетекшінің қызметі мен міндетін орындау –оқытушының қызметтік борышы; - сынып жетекшілер өзін осы қызметке ұсынған Педагогикалық Кеңесте өз жұмысы жөнінде мезгілімен есеп беріп отырады.

№ слайда 6 Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын Балалар құқығы туралы Конвенци
Описание слайда:

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын Балалар құқығы туралы Конвенция (1993) Педагогиканы, этнопедагогиканы, этнопсихологияны, мектеп гигиенасын Педагогикалық әдепті Тәрбие жұмысының әдістемесін, теориясын Еңбек заңының негіздерін Өз сыныбының тәрбие жұмысы жоспарын жасауды Тәрбиелік іс – шараны ұйымдастыра алуды: әңгіме, пікірталас, экскурсия, жорық, сынып сағаты, т.б Ата – аналар жиналысын ұйымдастыру және өткізуді Психологиялық –педагогикалық тесттерді, анкеталарды, сауалнамаларды өз жұмысында сапалы пайдалануды

№ слайда 7 Ұйымдастырып жатқан тәрбие процесін материалдық – техникалық жағынан қамтамас
Описание слайда:

Ұйымдастырып жатқан тәрбие процесін материалдық – техникалық жағынан қамтамасыз етуі Әдістемелік көмек және әкімшілік тарапынан қолдауы Сынып жетекшілігін ғылыми проблема ретінде жүйелі түрде ғылыми – теориялық тұрғыдан түсінуі

№ слайда 8 Оқушының намысын қорлауға, қосалқы ат қойып кемітуге, т.б Оқу бағасын оқушыны
Описание слайда:

Оқушының намысын қорлауға, қосалқы ат қойып кемітуге, т.б Оқу бағасын оқушыны жазалау үшін пайдалануға Отбасын (туысқандарын) оқушыны жазалау үшін әдейі пайдалануға Әріптестерін сыртынан жамандауға, беделін түсіруге Оқушының сенгіштігін пайдаланып, уәдесінде тұрмай әдейі қате бағдар беруге

№ слайда 9 Дене шынықтырумен, спортпен үнемі шұғылдану Көшеде жүріп – тұру, өрттен сақта
Описание слайда:

Дене шынықтырумен, спортпен үнемі шұғылдану Көшеде жүріп – тұру, өрттен сақтану, суда жүзу тәртіп ережелерін білу және қатаң сақтау Білімді, оқу біліктері мен дағдыларын табандылықпен игеру Тәртіпті, қарапайым және кішіпейіл болу, өзін - өзі басқару органдарының шешімдерін орындау Туған өлке табиғатын сақтау, халық мүлкін қорғау Ата – ананы, жанұяның ересек мүшелерін құрметтеу, қарттар мен кішелерге қамқорлық жасау Оқуды, еңбекті дұрыс ұйымдастыру, үйірмелерде шұғылдану Мектеп және сынып оқушыларының өзін - өзі басқару жұмысына араласу Киім кигенде қарапайымдылық пен ұқыптылықты сақтай білу Жалпыға пайдалы іс үшін адал еңбектану мен өнімді еңбек етуге қамдану, болашақтағы мамандығын таңдай білу

№ слайда 10 Мен – Қазақстан азаматы «Сүйікті Отаным Қазақстанның дүние жүзіндегі алдыңғы
Описание слайда:

Мен – Қазақстан азаматы «Сүйікті Отаным Қазақстанның дүние жүзіндегі алдыңғы қатарлы ел болуы үшін сапалы білім аламын. Туған халқымның ата- дәстүрін жалғастырамын. Мемлекеттің Президентін құрметтеймін. Ата Заңды бұлжытпай орындаймын. Қазақстан 2050 жылға дейінгі бағдарламасында айтылған міндеттерді іске асыруға үлес қосамын. Елімнің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын, Алтын ұя Мектебімді сыйлап, қастерлеймін» деп Ант етемін !

№ слайда 11
Описание слайда:

№ слайда 12 І. 1. Топтағы ұйымдастыру жұмыстары 2. Колледж ережесімен таныстыру 3. Топ бе
Описание слайда:

І. 1. Топтағы ұйымдастыру жұмыстары 2. Колледж ережесімен таныстыру 3. Топ белсенділерін қайта сайлау ІІ. 1. Топтағы оқу үлгірімі мәселесі 2. «Нашақорлық» (баяндама) 3. 1-аттестацияға дайындық ІІІ. Оқушылардың сабаққа қатысуы «Қазақ халқының ұлттық киімдері» (баяндама) 1-аттестация қорытындысы ІV. І Жарты жылдықта жеткен жетістіктер немесе кемшіліктер туралы « Шылым шегудің адам организмне зияны» (баяндама) 2-аттестацияға дайындық, сабаққа қатысу V. 1. Оқушылардың үлгірімі, 2-аттестация қорытындысымен таныстыру 2. «Желтоқсанда асқақтаған рухты сағынамын» (баяндама) 3. Колледж формасының сақталуы туралы VІ 1. 1-семестр сессиясына дайындық 2. «Салауатты өмір салтын қалыптастыру» (баяндама) 3. Кезекшілік, топ бөлмесінің күтімі туралы VІІ. Мерекелік күндерді атап өту туралы «Наурыз береке бастауы» (баяндама) 1-аттестацияға дайындық, ішкі тәртіп VІІІ. Топтың сабаққа қатысуы, үлгірімі «Тәрбие тал бесіктен басталады» (баяндама) 2-аттестацияға дайындық ІХ. «Біз оқу жылын қалай аяқтадық? (жалпы қорытынды) Жазғы демалысты ұйымдастыру Ағымдағы мәселелер (жөндеу жұмыстары т.б.)

№ слайда 13 Мектеп ережесін қалыптастыру Қоғамдық мүлікке жанашырлықпен қарауға дайындау
Описание слайда:

Мектеп ережесін қалыптастыру Қоғамдық мүлікке жанашырлықпен қарауға дайындау Бірін – бірі тыңдауға, сыйлауға, сыпайы қарым – қатынас жасауға үйрету Дұрыс, әдемі сөйлеуге, ізетті болуға тәрбиелеу Туған өлкемізді көркейтуге ат салысу Сыныпта, отбасында, күнделікті өмірде салауатты өмір салтын қалыптастыру Оқу –құрал, кітапты күтіп ұстауға, кешікпей, сабақтан қалмауға дағдыландыру Халқымыздың мемлекеттік рәміздерін көздің қарашығындай сақтап, сүю, қастерлеу Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жыл 1 – желтоқсанда «Қазақстанның - 2050” стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты » атты Қазақстанның халқына Жолдауында айқындалған міндеттерді іске асыруға үлесін қосу.

№ слайда 14 Жоғары деңгей тәрбиеліктің жақсы жақтары тұрақты, өзін - өзі ұйымдастыруы мен
Описание слайда:

Жоғары деңгей тәрбиеліктің жақсы жақтары тұрақты, өзін - өзі ұйымдастыруы мен реттеуі және белсенділігі өте жоғары Орташа деңгей тәрбиеліктің жақсы жақтары басым, өзін - өзі ұйымдастыруы мен реттеу қабілеті бар, бірақ белсенділігі аз байқалады Төмен деңгей тәрбиеліктің жақсы жақтары аздап білінеді, бірақ тұрақты емес, өзін - өзі ұйымдастыруы мен реттеуі тек үлкендердің ескертуімен жүзеге асырылады. Өте төмен деңгей адамгершілік жағынан тәрбиесіздігі басым, педагогикалық әсермен түзелуі өте қиын, өзін - өзі ұйымдастыруы мен реттеуі дамыған.

№ слайда 15 Қазіргі заман – педагогы – ол практикалық психолог. Ол тәрбие мен оқытуды о
Описание слайда:

Қазіргі заман – педагогы – ол практикалық психолог. Ол тәрбие мен оқытуды оқушы туралы объективті мағлұматтар негізінде құруға тырысады. Әрбір оқушының бойында тек өзіне ғана тән таным әрекетінің, эмоциялық өмірінің, жігері мен мінезінің ерекшеліктері болғандықтан, әрбір бала өзіне жеке дара қатынасты талап етеді. Сынып жетекші – педагог төмендегі берілген әдістерді пайдалануына болады. Байқау Әңгімелесу Шығарма Сұрақ – жауап Тест жүргізу Социограмма

№ слайда 16 Рухани-адамгершілік тәрбиесі Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениет
Описание слайда:

Рухани-адамгершілік тәрбиесі Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие Отбасы тәрбиесі Өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамыту қажеттілігін қалыптастыру Еңбек және экономикалық тәрбие Кәсіби-шығармашылық тәрбие Коммуникативті мәдениетті қалыптастыру Эстетикалық тәрбие Әлеуметтік – мәнді және жеке қасиеттерін қалыптастыру. Дене тәрбиесі және салауатты салтты қалыптастыру Экологиялық тәрбие Тәрбие жұмыстарының бағыттары (12) Интеллектуалды мәдениетті дамыту

№ слайда 17 Үйде баланың үй тапсырмасын орындауын қадағалау. Балалардың өмірі үшін, оқуы
Описание слайда:

Үйде баланың үй тапсырмасын орындауын қадағалау. Балалардың өмірі үшін, оқуы үшін олардың рухани және қауіпсіз дамуын, адамгершілік жағынан қалыптасуын қамтамасыз ететін жағдайлар жасау. Жыл мезгілдерінің ауа – райына байланысты киімдерін қадағалау. Мектеппен тығыз байланыста болу, баланы сабақтан қалдырмау. Оқушы колледжге кешігіп қалмау үшін таңертең уақытты балаларын үйден шығарып салу. Бала тәрбиесінің негізі ата – анада жатқанын естен шығармау. Көше ережелерін сақтауға еске салып тұру. Баланы оқулықтар мен басқа оқу құралдармен толық қамтамасыз ету. Мектептегі мәдени шараларға, баласының сабағына қатынасуға міндетті. Мектепте сынып жетекшілерімен, мұғалімдерімен байланыс жасап, оқушының оқулықтармен қамтамасыз етілуін ескеру.

№ слайда 18 І. Тақырыбы: Жаңа оқу жылына қойылатын мақсат – міндеттер 1. Ата-аналарды құқ
Описание слайда:

І. Тақырыбы: Жаңа оқу жылына қойылатын мақсат – міндеттер 1. Ата-аналарды құқықтарымен таныстыру 2. Жаңа оқу жылының міндеті 3. Ағымдағы мәселелер. ІІ. Тақырыбы: Оқушылардың үлгірімі, сабаққа қатысуы 1. І тоқсанның қорытындысы 2. Сабаққа қатысу 3. Оқу ақысы ІІІ. Тақырыбы: Оқушының сөйлеу мәдениетін қалыптастыру Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру ІІ тоқсанның қорытындысы Оқу ақысы ІV. Тақырыбы: Оқушының отбасындағы еңбегі Оқушы өміріндегі ойын мен еңбектің рөлі 1- семестр қорытындысы Оқу ақысы V. Тақырыбы: Оқушының тәртібі, үлгірімі 1. 1,2 – аттестация қорытындысы 2. Сабаққа қатысу, үлгірімі 3. Оқу ақысын кесте бойынша төлеу VІ. Тақырыбы: 1-курстың қорытындысы 1. 3-аттестация қорытындысы 2. Қорытынды бағаларымен таныстыру 3. Жөндеу жұмыстары мәселелері

№ слайда 19 «_____» _________20 ____ж Қатысқаны ________адам Қатыспағаны: _______________
Описание слайда:

«_____» _________20 ____ж Қатысқаны ________адам Қатыспағаны: _______________________________________________ ___________________________________________________________ Тақырыбы: _________________________________________________ ___________________________________________________________ Күн тәртібі:__________________________________________________ ___________________________________________________________ ___________________________________________________________ ___________________________________________________________ ___________________________________________________________ ___________________________________________________________ ___________________________________________________________ ___________________________________________________________ ___________________________________________________________ ___________________________________________________________ Ұйымдастыру және басқа да сұрақтар: ___________________________________________________________ ___________________________________________________________ ___________________________________________________________ ___________________________________________________________ ___________________________________________________________ Сұрақтар, ескертулер, ата – аналар тілектері: ___________________________________________________________ ___________________________________________________________ ___________________________________________________________ ___________________________________________________________ ___________________________________________________________ Қаулы: ___________________________________________________________ ___________________________________________________________ ___________________________________________________________ Сынып жетекшісі: ___________________________________________________________ Ата – аналар комитетінің төрағасы:

№ слайда 20 №	Атқарылатын жұмыс түрлері	Уақыты	Жауапты 1	Топтағы оқушылардың психологиялы
Описание слайда:

№ Атқарылатын жұмыс түрлері Уақыты Жауапты 1 Топтағы оқушылардың психологиялық – педагогикалық жағдайын зерттеу арқылы қиын баланы анықтау. Қыркүйек Топ жетекші 2 Қиын баланың отбасы жағдайымен түбегейлі танысу Қыркүйек Топ жетекші 3 Қиын баланы үнемі бақылауда ұстау Үнемі Топ жетекші 4 Қиын бала туралы колледждің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына мәлімет беру Қыркүйек Топ жетекші 5 Қиын баланы сабақ үстінде назардан тыс қалдырмай, тапсырманы көбірек беру, нәтижесін тексеріп, мадақтап отыру. Үнемі Топ жетекші 6 Топ белсенділеріне көмекші ретінде сайлап, белгілі тапсырмалар беріп, нәтижесін сұрап отыру. Үнемі Топ жетекші 7 Кейбір жағдайларда оның пікірін тыңдап, топтағы тазалық жұмыстарына, газет шығару, тәртіпке байланысты мәселелерге шешім қабылдауға тәрбиелеу. Үнемі Топ жетекші 8 Оның жетістіктерін балаларға үлгі етіп көрсету. Үнемі Топ жетекші 9 Топ жиналыстарында пікір – сайыстарды көбірек ұйымдастыру Үнемі Топ жетекші 10 Жалпы сенім артып, жауапкершілікке тартатын жұмыстармен баланың бос уақытын аз қалдыру Үнемі Топ жетекші

Краткое описание документа:

                                                     Тәрбие жұмысының негізгі бағыттары:

 

1.Азаматтық-патриоттық,құқықтық және полимәдениеттік тәрбие

2.Рухани-адамгершілік тәрбие

3.Отбасы тәрбие

4.Өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамыту қажеттілігін қалыптастыру

5.Әлеуметтік-мәнді және жеке қасиеттерін қалыптастыру

6.Коммуникативті мәдениетті қалыптастыру

7.Экологиялық тәрбие

8.Эстетикалық тәрбие

9.Дене тәрбиесі мен салауатты өмір салтын және денсаулық қорғаушы орта қалыптастыру

10.Еңбек және экономикалық тәрбие

11.Кәсіби-шығармашылық тәрбие

12.Интеллектуалды мәдениетті дамыту

 

 

 

 

 

 

 

2014-2015 оқу жылындағы тәрбие жұмысының мақсаты мен міндеттері

ТӘРБИЕНІҢ МАҚСАТЫ - үздіксіз білім беру жүйесінде мектеп жасына дейінгі балалардың және білім алушылардың Қазақстан Республикасының азаматтары және патриоттары ретінде қалыптасуы мен өзін-өздері танытуларына, әлеуметтенуіне, болашақ мамандық иесі больш, кәсіби, интеллектуалды және әлеуметтік шығармашылыққа жетуіне оңтайлы жағдай жасау.

ТӘРБИЕНІҢ МІНДЕТТЕРІ:

білім беру ұйымдарында денсаулығы зор, рухани дүниесі бай, адамгершілікті, тәуелсіз жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін тәрбие жүйесін құру жэне дамыту;балалар мен жастарды азаматтылыққа, отансүйгіштікке, зиялылыққа, адам құқықтары мен бостандықтарын, мемлекеттік рәміздер мен ұлттық дәстүрлерді сыйлауға тәрбиелеу;өзінің және қоғамның, болашақ ұрпақ алдында әлеуметтік, табиғи және мәдени ортадағы өз іс-әрекетінің  нәтижесі үшін жауапкершілікті сезінуде гуманистік дүниетанымды қалыптастыру;мемлекеттік тілді және басқа тілдерді үйрену арқылы балалар мен жастардың әлем және ұлттық мәдениетті игерулеріне, Қазақстан халықтарының дәстүрлері  мен мәдениетін зерттеуіне және қабылдауына жағдай жасау;жеке тұлғаның өзін-өзі іс жүзінде көрсетуі мен ары қарай дамуына ықпал  етуде білім беру  ұйымдары жағдайында жастар мен балалардың танымдық қызығушылығын, олардың шығармашылық қабілеттерін, жалпы білімге икемділігін, өзін-өзі тану мен өздігінен
білім алу дағдыларын, әлеуметтенуін барынша дамыту   бейімділігін қалыптастыру;қазіргі заманғы қоғамдық өмірге және тиімді кәсіби іс-әрекет пен жеке басының және әлеуметтік кәсіби тұрғыда үздіксіз пісіп жетілуіне қажетті  маңызды тұлғалық және кәсіби сапаларын қалыптастыру;коғамда орнықты қалыптасқан дәстүрлер негізінде этникалық және діни толеранттылықты тәрбиелеу;балалар мен жастардың бойында Қазақстанға сырттан енуші этнодіни экстремизм мен түрлі радикалды ағымдарға қарсы әрекет ете алатын дағдылар қалыптастыру;отбасылық тәрбие жүйесін қайта жандандыру және отбасын білім беру мекемелерінің тәрбие жүйесіне араластыру.Тәрбие мақсаттары мен тәрбие жұмысының міндеттері білім беру үдерісінде, сабақтан тыс уақытта және білім алушылардың бос уақытында жүзеге асырылады.

ТӘРБИЕНІҢ  МАЗМҰНЫ

Білім берудің жаңа моделіне өту жағдайында және тәрбиенің білім беру үдерісіндегі рөлінің өсуіне байланысты тәрбие мазмұнын қайта бағдарлау даму заңдылығы болып табылады. Қазір білім беру үдерісінде жеке тұлғаның рухани-адамгершілік дамуына үлкен мән беріліп отыруына орай, адамгершілікке тәрбиелеу мен рухани жағынан қалыптасуы барлық тәрбие үдерісінің өзегі болып отыр.

Тәрбиенің мазмұны оның мақсаттары мен міндеттері арқылы анықталады және ол қоғамдық дамудың бағыты мен мазмұнына заңды тұрғыда тәуелді болады. Тәрбие мазмұны адам тұлғасының гуманистік құндылықтар жүйесін игеру негізінде қалыптасуын, оның барлық мәндік сферасынын дамуын қамтамасыз етуге жұмылдырады.

Сонымен бірге, тәрбиеге әлеуметтік рөлдік көзқарас тұрғысында адам көптеген әлеуметтік жүйенің компоненті болып саналады: отбасы, ұжым, кәсіби топ, этнос, қоғам және т.б. Сондықтан, тәрбие мазмұны құндылық қарым-қатынас жүйесімен: өзіне, өзінің отбасына, мектепке, қоршаған ортаға, Отанына, Жер әлеміне, соңдай-ақ, әлеуметтік рөл жүйесімен де сәйкестенеді: адам, дос, ұл (қыз), құқық қорғаушы, аға (қарындас) патриот, немере (немере қыз), азамат, туыс, қорғаушы, оқушы,ұлттық мәдениетті қорғаушы және жасаушы, ұжым, топ мүшесі, көшбасшы,         еңбекші, иегер, әлем азаматы, қалалық(ауылдық), бейбітшілік орнықтырушы, көрші, эколог, бірлестіктің, топтың, этнос мүшесі.

ТӘРБИЕНІҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ

Тәрбиенің қойған мақсатынан және одан туындайтын міндеттерге сүйене отырып тәрбие жұмысының мынадай бағыттары  айқындалады:

• Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие гуманизмге, қазақ халқының тарихы мен салтын, тілін сүю және құрметтеуге, оның таңдаулы дәстүрлерін сақтауға және оны дамытуға, Қазақстанның басқа халықтарының мәдениетін зерттеу және игеруге негізделген азаматтық ұстанымды және патриоттық сананы, құқықтық және полимәдениетті, қалыптасқан ұлттық өзіндік сананы, ұлтаралық мәдени қарым-қатынасты, әлеуметтік және діни төзімділікті қалыптастыруы тиіс. Қазіргі жағдайда тәрбиеленушілердің құқықтық санасын, олардың балалар мен жастар ортасында құқық бұзушыларға қарсы тұруға дайындығын қалыптастыру аса маңызды мәселе. Балалар мен жастардың азаматтық патриоттық, құқықтық мәдениетінің әлеуметтік мәртебесін көтеру әрі азаматтық патриоттық, құқықтық тәрбие бойынша ғылыми негізделген саясат жүргізу; білім беру ұйымдарында азаматтық құқықтық, патриоттық тәрбие беруде мазмұны мен әдіс- тәсілдер мен оқу тәрбие құрылымының өзара іс әрекеттестік негізінде деңгейін көтеру;

• Рухани-адамгершілік тәрбиесі өзіндік сананы дамытуға жағдай жасауды, жеке тұлғаның әдеп ұстанымын, оның қоғам өмірінің нормалары мен дәстүрлерімен келістірілетін моральдік қасиеттерін және бағдарларын қалыптастыруды болжайды. Рухани адамгершілік құндылықтар мен білім жүйесін дамытып қалыптастыру; Кәсіптік жэне адамгершілік әдептерге байланысты білімдерді оқу, өндірістік және қоғамдық іс әрекеттерде іске асыру;

•        Отбасы тәрбиесі  адамдар арасындағы оңтайлы және эмоцияналды көңіл-күй қарым-қатынасы арқылы адамгершілік, рухани және гуманитарлық құндылықтарға басымдық беруде әлеуметтік-тарихи тәжірибені таратудың анықтаушы құрамдас бөлігі болып саналады. Қазақстандық қоғамның жалпы сұранысы және халық дәстүрлері, әлемдік және ұлттық мәдениет негізінде құрылған балалар мен жастарды жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарға бағдарлау бірінші қатарға қойылады.Тәрбиеленушілердің санасында дәстүрлі ұлттық және моралдык құндылықгар жандандыру отбасы негізінде қалыптастыруды ұялату.

•        Өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамыту қажеттілігін қалыптастыру. Өзін-өзі тану жастарға қоршаған ортаны түсінуге, оған өзінің қатыстылығын саналы сезінуге, қоршаған ортаға өзінің көзқарасын жалпы адамзаттық кұндылық ұстанымында жүйелеу, өзінің өмірлік ұстанымын анықтауға көмек беру үшін қажет. Өз өзін-өзі тану өзін дамытудың, жеке тұлғаның дербес белсенділік көрсетуінің, өзінің қабілеті мен әлеуеттік мүмкіндігін ашудың қажетті шарты болып табылады. Адам - адам, адам - қоғам, адам - техника, адам – табиғат жүйесіне терең білім қалыптастыру; Өзін-өзі тану нәтижесінде адам өзінің дербес өсу және өзін-өзі жетілу қабілетіне ие болады. Сөйтіп, адам толысуын, өмір рахаты мен оның мәнін жете түсінеді.

•        Әлеуметтік-мәнді және жеке қасиеттерін қалыптастыру тұлғалық қасиет (әлеуметтік бейімділік, әлеуметтік белсенділік, әлеуметтік тұрақтылық) әлеуметтік қарым-қатынас жүйесінде өзіне тән  тәртіп стилі, шығармашылық пен дербестікті дамытуға, қоғамдағы өзгерістерден дереу және тең әсер алу, белсенді өмір ұстанымында болуға ықпал жасайды.

·        Коммуникативті мәдениетті қалыптастыру тәртіп қағидасын анықтайды, құндылықтар жүйесін, идеяларды, нормаларды айшықтайды және шығармашылық қызметте өзінің дербестігін көрсетуде қарым-қатынасты ұйымдастыруға, байланысты  орнатуға, оларды дамытуға, келісуге, тәртіпке келтіруге және түзетуге көмек береді.

·        Экологиялық тәрбие адамның бойына табиғатқа әдепті көзқарастың және оған қарым-қатынастың қалыптасуы мен дамуын, табиғи ресурстардың жағдайына жеке жауапкершілік сезімін және адамдардың олармен парасатты іс-әрекеттерін болжайды. Экологиялық тәрбиенің негізі алдымен, қоршаған ортаны және халықтың денсаулығын қорғауды, елімізде экологиялық жағдай туралы халықты ақпаратпен қамтамасыз етуді көздейді.

·        Эстетикалық тәрбие рухани- адамгершілік құндылықтарды әсемдік арқылы, көркем мәдениет арқылы,  халықтар мен дәуірдің әлемдік көркем құндылықтары арқылы, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарын зерделеу арқылы қалыптастыруды көздейді. Адам бойында қазіргі кезең дамуының маңызды міндеттері болып саналатын өнер құралдары арқылы анағұрлым жоғары сана-сезім, тұжырымдамалы ойлауға қабілет, әлемді тұтас бағамдай білетін, өзінің дербес шығармашылық қызметімен әлемдік құндылықтар туралы танымын толық іске асыратын, ұжымда жұмыс істеуге бейімді, мәдениет әлемінде және адамдармен қарым- қатынаста қалыптастыру.

·        Дене тәрбиесі мен салауатты өмір салтын және денсаулық қоргаушы орта қалыптастыру жастардың бойына психикалық тұрақтылықты және тиімді кәсіби қызмет қажеттілігін қамтамасыз ететін салауатты өмір салтын дарыту мен жеке тұлғалық сапаны қалыптастыру мақсатын қояды. Оны іске асыруға алдын алушылық білімі кіреді. Салауатты өмір салтын қалыптастыру адам ағзасының мүмкіндіктерін, оның қызметінің ерекшеліктерін болжау, адамның физикалық, психикалық және рухани саулығының өзара байланысы, сондай-ақ, тәрбиеленушілерді сан алуан спорт түрлеріне тікелей қатыстыру жолымен ағартушылық және ақпараттық түсіндіруші жұмыс барысында жүзеге асырылады.

•   Еңбек және экономикалық тәрбие балалардың, жас өспірімдердің, және жастардың өзіне-өзі қызмет көрсету шеберлігін және дағдыларын, еңбек қызметінің саналуан түрлеріне адалдықпен, шығармашылық және жауапкершілікпен қарап, ұжымда, топта жұмыс істей білу икемдігін қалыптастырады; адамның жеке шеберлік, белсенді және болмысымен беріліп іс-әрекет жасау, қажетті ресурстарды жұмылдырып, істің мәнісін дұрьіс бағалап, өз іс-әрекетінің қажетсіз қалмауына мән беріп, олардың түпкілікті тиімділігін тиянақтап жаңа өндіріс және қоғам жасауды көздейді. Жастардың бойында еңбектің ең бірінші өмірлік қажеттілік, өмірлік табыстарға жетудің басты тәсілі мен жоғары құндылық ретінде қалыптастыру.

• Кәсіби-шығармашылық тәрбие кәсіби және жеке құзыреттілік көзінің мәнін қалыптастыруды (арнайы, профилды, коммуникативті, әлеуметтік, интеллектуалды, ақпараттық, дербес) және т.б. қосымшаларын білуін, білім алушылардың дәстүрді және кәсіби қауымдастық құндылықтарын игеруін, ұжымдық мәдениет пен кәсіби әдеп нормаларын сақтауын болжайды.

• Интеллектуалды мәдениетті дамыту білім алушылардың белсенді ойлау қызметінің дамуын, негізгі құндылықтарды және осы заманғы ғылыми дүниетанымды қалыптастыру; олардың сана-сезімінің сенімді және қажетті біліммен толығуын, ақыл-ой қабілеті мен білімге құмарлығын дамыту.

 

 

 

 

 

 

 

ТҰЖЫРЫМДАМАНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ ШАРТТАРЫ

Тұжырымдаманы жүзеге  асырудың негізгі шарттары төмендегідей болып табылады:балалар мен жастар тәрбиесінің болашағын, саяси және әлеуметтік маңыздылығын өзектілеңдіру;интелектуалдық, педагогикалық ұйымдастырушылық, экономикалық әдістемелік және кадрлар және тағы басқа ресурстарды тәрбие міндеттерін жүзеге асыруда шоғырландыру;ашық ақпараттық, білім беру, коммуникативтік, әлеуметтік және тұлғалық кеңістікті құру, балалар мен жастардың жауапкершілікті және өз бетінше болу қажеттілігі үшін тәрбие ортасын қалыптастыру;тәрбиеленушілердің рухани, интелектуалдық және өз денсаулығы мен өмірі, әлеуметтік біліктілігі мен жауапкершілігін көтерудің ұйымдастырушылық жағдайларын жасау;балалар мен жастардың әлем және ұлттық мәдениетті игерулеріне толеранттылық, келісім және ұлтаралық мәдениет пен қарым-қатынасты тәрбиелеу;қоғамға, қоршаған ортаға, табиғатқа       позитивті көзқарас қалыптастыруға ықпал ететін әлеуметтік педагогикалық жағдай жасау;кәсіби бағдар мен тұлғаның өзін- өзі іске асыруына және өз білімін үздіксіз жетілдіру қажеттілігіне жағдай жасау.Тұжырымдаманы жүзеге асырудың негізгі ресурстары:Нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету тәрбие үдерісі Қазақстан Республикасының білім беру саласының нормативтік-құқықтық құжаттарына толық сәйкес келуі және онда туындайтын проблемаларды шешу мақсатында қайтарымды байланыс қамтылады.Ақпараттық қамтамасыз ету - заманауи ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдану, мектеп және жоғары оку орындары ішілік БАҚ-тар, тәрбие мәселелері бойынша баспа қызметін пайдалану және т.б.Ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету ғылыми-әдістемелік кешендерді жасау, вариативті бағдарламалар, тәрбиелік және ақпараттық технологияларды енгізу, педагогикалық кадрлардың кәсіби шеберлігін көтеру және қайта даярлау жұмыстары жүзеге асырылады. Тәрбие үдерісін ұйымдастырудың таңдаулы тәжірибелерін кең тарату, зерттеу және анықтау; тәрбие жұмысында және оларды ұйымдастыруда да жаңа технологияларды игеру; адамның рухани әлемінің қалыптасуын қамтамасыз етуге қызмет көрсететін тәрбиенің мәдени сәйкестілігіне бірізді бағдар алу қамтылады.Ұйымдастырушылық-басқарушылықты қамтамасыз ету білім беру ұйымдарында және олардың кұрылымдарында тәрбие жұмыстарын қолайлы жоспарлау негізінде тиімді тәрбие жұмысын ұйымдастыруға және олардың жұмыстарын үйлестіруге жағдай жасау; негізгі және қосымша білім беру мазмұнын интеграциялау, толассыз зерттеу, тиімді жұмыстарды қорыту және кең тарату, тэрбие үдерісіне мониторинг жасау.Материалдық-техникалық қамтамасыз ету тәрбие жұмысына қажетті материалдық, техникалық жағдай жасау, тәрбие жұмысын республикалық және жергілікті бюджеттен қаржыландыру, тәрбие үдерісіне қатысушыларды икемді ынталандыру жүйесін тиімді пайдалану қарастырылады.Психологиялық-педагогикалық қолдау психикалык-педагогикалық түзетуді дамытуды қажетсінетін әртүрлі категорияларға қатысты балалар мен жастармен жүргізілетін жұмыстарды арттыруды (дарынды, тәуекелшіл топтардың өкілдері, шектелген мүмкіндіктегі балалар мен жастар) қамтиды.

Кадрлың қамтамасыз ету «әлеуметтік педагог», «қосымша білім беру педагогі», «балалар бос уақытын ұйымдастырушы менеджер» мамандықгарын классификаторға енгізуді; тәрбие жұмысымен шүғылданатын барлық категориядағы педагогикалық қызметкерлердің мамандықтарын көтеру және қайта даярлауды қамтамасыз етуді; сынып жетекшілерінің, кураторлардың, мектеп психологтарының, әлеуметтік педагогтардің («қиын» балалармен жұмыс жөніндегі, және т.б.) қызметтік міндеттерін нақты бөлуді; педагогикалық жоғарғы оқу орындары мен кәсіптік техникалық оқу орындарында «Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» кафедраларын жандандыру және педагогикалық колледждер оқушыларының, жоғары оқу орындары студенттерінің жазғы демалыстарын ұйымдастыруда педагогикалық практикадан өтуін қайта жаңғыртуды мөлшерлейді.

Барлық білім беру ұйымдарында (мектептерде, кәсіптік колледждер мен жоғары оқу орындарында) директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, тәрбие ісі жөніндегі проректор, топ кураторлары, сынып жетекшілер қызметтік міндет ендіріліп және олардың  іс-әрекетін балалар мен жастардың қоғамдық ұйымдарының жұмысымен өзара іс-әрекет қимылын ұйымдастыруды қамтамасыз ету

ТҰЖЫРЫМДАМАНЫ ОРЫНДАУДАН КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР

Қазақстан Республикасында тәрбие Тұжырымдамасын жүзеге асыру:тәрбиенің басымдығы мен маңызын қоғамның сезінуін, оның қоғамдағы мәртебесін нақты бекітеді;білім беру жүйесінің барлық деңгейінде тәрбиенің үздіксіздігін және сабақтастығын қамтамасыз етеді;балалардың, жас өспірімдердің және жастардың тәрбиелілігін жоғары деңгейіне жеткізеді;салауатты өмір салтын норма ретінде бекітеді;қоғамның рухани және адамгершілік деңгейі жоғарылайды;барлық деңгейлі білім беру ұйымдарында қолданыстағы өзін-өзі дамытушы тәрбие жүйелерін қамтамасыз етеді.Тркырымдаманы іске асыру барысында жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде тиімді жүзеге асатын тәрбиенің қазақстандық үлгісі құрылады.

СӨЗДІК

Тәрбие - қойылған мақсатқа жетуге бағытталған тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара тиімді іс-әрекеттері (достастық).Тәрбиелік үдеріс - ол өзіндік даму, өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі іске асыруға бағыттау мақсатында .педагогтар мен балалардың өзара іс-әрекеттері.Тәрбие жұмысы - ол анағұрлым толық өзіндік дамуы мен өзін-өзі табысты көрсету мақсатында ересектер мен балалардың бірлескен тіршілік әрекеттерін ұйымдастыру жөнінде мақсатты бағытталған қызмет.Тәрбиелік жүйе - 1) тәрбиенің негізгі компоненттерінің өзара іс-қимылдары үдерісінде туындайтын (мақсаттар, субъектілер, олардың қызметі, пікірлесу, қарым-қатынас, материалдық база) және ұжымдық өмір бейнесі ретінде интегративті сипаттамалар мен оның психологиялық жағдайы қамтылған тұтас әлеуметтік организм; 2) өзінің басты қызметі -тәрбиеге қатысты ретке келтірілген ашық әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық-педагогикалық жүйе,Қосымша білім беру - білім алушылардың білім алу үдерісінде сұраныстарын жан-жақты қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын тәрбие және оқу үдерісі. Қосымша білім беруді ұйымдастыру тұлғаның жеке дамуына, кәсіби шеберлігін анықтауына, балалардың шығармашылық еңбекке бейімделуіне, олардың қабілеттерін керсете білуіне, қоғамдық өмірге бейімделуіне, азаматтық өзіндік санасын қалыптастыруына барлық жағдайды жасайды.Қазіргі заманғы тәрбиеші - ол саясаттың, нарыктық педагогикаға үстемдік етуіне жол бермеу үшін тәрбиенің жаңа әлеуметтік-экономикалық шартын педагогикалық негізде ойлай білуге, нарықтық қатынастың келу салдарын, жаңа үрдістерді педагогикалық мақсат ұстанымында бағалауға, педагогикалық іс-әрекеттің баламаларын салыстыруға, олардың ықтималды мүмкіндіктерін болжауға қабілетті, талдау мен өзін-өзі бақылау тәсілдерін меңгерген кәсіби шебер.Тәрбие қағидасы - тәрбиешілер міндетгі түрде сақтайтын, тәрбиені ұйымдастырудың аса маңызды ережелері, бастапқы ережесі.Өзін-өзі тәрбиелеу - субъективтік мақсатта жеке тұлғаның мүддесінде мақсатты түрде құрылатын және оның қасиеті мен қабілетінің дамуын саналы басқаратын үдеріс.Өзін-өзі басқару - оқушылардың және студенттердің шығармашылық потенциалын ашуға, олардың өзін-өзі табысты көрсетуге мүмкіндік беретін өзін-өзі ұйымдастырудың тәсілі.Әлеуметтену - адамның өмір бойы дамуы мен қалыптасуындағы әлеуметтік нормалар мен мәдени құндылықтарды меңгеру үдерісінде қоршаған ортамен өзара іс-қимыл, сондай-ақ, өзі өмір сүрегін коғамда өзін-өзі дамыту және өзін-өзі табысты көрсетӘлеуметтік белсенділік - адамның әлеуметгік қарым-қатынас жағдайындағы іс-әрекетті жүзеге асыратын дайындығы.Өзіндік сана-сезім — әлеуметгік қарым-қатынасына, сұранысына, мотивіне, мәніне тән индивидтің өзі туралы сезіну және уайымдау жүйесінде пайда болатын жоғарғы сана.Толеранттылық — сезгіштіктің олардың қайталанушы әсерлер нэтижесінің төмендеуі салдарынан фрустаторлар мен стрессорларға психологиялық тұрақтылық, төзімділік, шыдамдылық.

Тәрбиенің мақсаты:

Үздіксіз оқу-тәрбие беру жүйесінде білім алушылардың Қазақстан Республикасының Азаматтары және ұлттық рухты патриоттары ретінде қалыптасуы мен өзін-өздерін танытуларына, болашақ маман иесі болып, кәсіби, интеллектуалды және шығармашылыққа жетуіне оңтайлы жағдай жасау.

Тәрбиенің міндеттері:

Білім беру ұйымдарында денсаулығы зор, рухани дүниесі бай адамгершілікті, тәуелсіз және жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін тәрбие жүйесін құру және дамыту;Балалар мен жастарды азаматтылыққа, отансүйгіштікке, зиялылыққа, адам құқықтары мен бостандықтарын, мемлекеттік рәміздер мен ұлттық дәстүрлерді сыйлауға тәрбиелеу;Жастардың әлем және ұлттық мәдениетті игерулеріне, Қазақстан халықтарының дәстүрлері мен мәдениетін зерттеуіне және қабылдауына жағдай жасау;Қазіргі заманғы қоғамдық өмірге және тиімді кәсіби іс-әрекет пен жеке басының және әлеуметтік кәсіби тұрғыдан үздіксіз пісіп жетілуіне қажетті тұлғалық және кәсіби сапаларын қалыптастыру, қоғамда орнықты қалыптасқан дәстүрлер негізінде этникалық және діни толеранттылықты тәрбиелеу.

 

 

 

 

 

Автор
Дата добавления 18.11.2014
Раздел Классному руководителю
Подраздел Презентации
Просмотров4388
Номер материала 129010
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх