Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Презентации / Презентация:Ақселеу Сейдімбек “Әйел-ана” ертегісі
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

Презентация:Ақселеу Сейдімбек “Әйел-ана” ертегісі

библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: «Бозінген» күйінің тарихы

Сабақтың мақсаты: «Бозінген» күйінің шығу тарихымен таныстыра отырып, ақынның айтайын деген идеясын және өнер құдіретін, қазақтың күй өнерін, күйшілік өнерін түсінуге, құрметтеуге баулу.

Пәнаралық байланыс: Ән-күй, география

Сабақтың көрнекіліктері: Слайдтар, үнтаспа, домбыра, интерактивті тақта, кесінді қағаздар

Сабақтың әдістері: Талдау, мәнерлеп оқу, баяндау, түсіндіру, мазмұндау

Сабақтың түрі: Кіріктірілген, интеграциялық сабақ

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру. Сәлеметсіңдерме, балалар! Көңіл-күйлерің қалай? Сабаққа дайынбыз ба?

А) Топтастыру. Домбыра, қобыз, сыбызғы суреттері салынған табақты тартамын да, қалаған қағаз кесінділерін алып, тиісті орындарыңа жайғасыңдар деймін. 1-топ: Домбыра; 2-топ: Қобыз; 3-топ: Сыбызғы деп аталады.

Сыныпта кезекші кім? Түгендеймін.

Ә) Балалар, неге біз бүгін домбыра, қобыз, сыбызғы сынды қазақтың ұлттық музыка аспаптары бойынша топтастық деп ойлайсыңдар?

Оқушы: Өйткені біздің бүгінгі сабағымыз күй өнеріне, күйшілік өнеріне байланысты болмақ, сондықтан музыка аспаптары бойынша бөліндік деп ойлаймын.

Мұғалім: Дұрыс таптың, жарайсың!

Енді дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күнді және сабақтың тақырыбын жазып қойыңдар.

2. 1-топ: «Домбыра». Топтық әңгіме. «Бозінген» күйінің шығу тарихын баяндайды.

Баяғы заманда Бағлан деген бай болады. Оның келесінде еш түйеге ұқсамайтын боз тайлақ болады. Бай мен бәйбіше боз тайлақтың амандығын ойлап, бірнеше рет мал сойып, тіл-көзден сақтай гөр деп құрбандық шалады. Боз тайлақтың мойнына тұмар тағып қояды. Үстіне Самарқанның жібегінен тоқылған жабу жабады. Күн артынан күн, айдан ай, жылдан жыл өткенде боз тайлақ түгі түсіп түлеп, боз інген болып шығады. Желіні жетіп, боз інген боталайды. Басы алтын, қалған жері күміс бота туады. Аңдып жүрген ұры ботаны ұрлап алады. Бұны бай да, бақташы да байқамай қалады. Ботаны аулаққа апарып, буып тастайды да, Бозінгенді керуенге әкеп сатып жібереді. Інгенді тіркеп алып, керуен жүріп кетеді. Қоңыр түнде артына қарай-қарай, боздай-боздай інген де кете барады. Боздаған ботасына зар илеген інгеннің екі көзінен парлап аққан жасы құмды саз балшықтай илейді. Керуенде сатылған, саудаланған құл да келе жатқан еді. Құл да, інген де ашулы келеді. Екеуінің айырмашылығы біреуі-адам, біреуі-айуан. Екі мұңдық бірін-бірі түсінбейді. Бұйдамды шеш, маған мін, бірге қашайық деуге інгенде тіл жоқ. Оны ұғатын құлда ми жоқ. Құл қашып құмда өлсін бе? Құл айдап, түн жамылып, інген боздап, керуен Үргеніш қаласына қарай кете береді,-деп күйші «Бозінгеннің» зары деп күй тартып, күйдің шығу тарихын да қоса әңгімелеп отырады.

1)Топтық әңгіме барысында әр оқушы әрқалай әңгімелейді. Әңгіме білім алмасу мақсатында болғанымен, бір-бірінің мазмұндауын төзімділікпен тыңдайды.

2 ) Оқиға желісі қайталанады, толықтырылады, сөз қосылады.

3) Идея қайталанады, бірақ мұқият бағалана бермейді.

2-топ: «Қобыз». Зерттеушілік әңгіме жүргізеді. Құл мен Бозінгеннің жағдайын салыстырады.

Оқушы: Ақын құл мен боз інгеннің күйін, яғни екеуінің жағдайын салыстыра отырып суреттейді.

Сатылған, саудаланған құл да ашулы,

Айырылған ботасынан бұл да ашулы.

Басы бір-біреуі адам, біреуі-айуан,

Білсін бе бірақ бұлар мұңдасуды...-дейді.

Құл мен сатылған інгеннің басында еркі жоқ, олар қожайыны қайда айдаса сонда жүреді. Құл туыстарынан айрылса, інген ботасынын айрылған шерменде деген ой түйеді. Екуінің басын осындай жағдайда түйістірген тағдырлары дейміз. Ақын сол арқылы бостандықтың, тәуелсіздіктің, еркіндіктің қадірін ұқтыруды басты идея етеді.

Оқушы: Ақын поэмасында құлдың құқығы малдың күнінен де төмен дегенді ишаралайды. Қазақтың: «Өзің таппай ұл болмас, сатып алмай құл болмас» деген мақалындағыдай екеуі де сатылып, құндары төленген. Сұрауы жоқ, бірақ иесі бар. Сол замандағы бай мен кедей арасындағы әлеуметтік теңсіздікті көрсетеді. Одан құтылудың жолын таппай дағдарған жанды бейнелейді.

Оқушы: Ақын халық аузындағы ертегі арқылы заман шындығын көрсетуді мақсат етеді. Бірақ сол шындықты күй құдіреті арқылы жүрекке жеткізеді. Күйшінің күйдің тарихын айтуы бойынша тыңдаушы оның не туралы екендігін аңғарады. Бозінгенмен бірге қайғырады, қүледі. Басқа амалын таба алмайды.

1)Зерттеушілік әңгіме үстінде әр оқушы ақылға қонымды мәлімет айтады.

2) Оқушылардың айтқан идеясы пайдалы болуы мүмкін, бірақ мұқият бағалау жүргізіледі.

3) Оқушылар келіспеген жағдайда бір-біріне сұрақтар қояды, дәлелдейді. Оқушылар келісімге жетуі де, жетпеуі де мүмкін, ең бастысы келісімге деген ұмтылыс болады.

3-топ: «Сыбызғы». Әңгіме-дебат.

Оқушы: Иә, ақын құл мен бозінгеннің жағдайын қатар алып, одан үлкен ой түюге талпынған. Себебі, екеуінің жағдайы да, бұдан былай иелеріне тәуелді болмақ. Иесі оларды сатам десе сатады, атам десе атады. Екеуінің де құны төленген.

Оқушы: Жоқ, олай емес, ақынның басты мақсаты, қазақтың күй өнерін және күйшілік дәстүрді насихаттау деп ойлаймын. Күй өнері тарихымызды музыка сазымен бейнелеп беретін қасиетті өнер деген идея жатыр. Ақын Молықбай шал сияқты дәулескер күйшілердің сиреп бара жатқанына алаңдаушылық та білдіреді.

Оқушы: Сонымен қатар, ақын күй өнері қазақ халқымен бірге жасасып келе жатқанын, одан қол үзбеу ұрпақтар сабақтастығының беріктігін көрсетеді деген ой айтқысы келген. Өзінің ұлттық тамырынан қол үзген халықтың келешегі күмәнді екендігін ескертеді.

1)Әңгіме-дебат барысында оқушылардың ой-пікірлерінде үлкен алшақтық болады және әрқайсысы өз пікірлерінде қалады.

2) Қарым-қатынас «Иә, бұл солай», «Жоқ, олай емес» деген бағытта жүреді.

3) Оқушылардың ойы бір жерден шықпайды, көп жағдайда бәсекелестікке бағытталады.

3. Поэмадағы көркемдегіш сөздерді табу.

Теңеу: Екі көз жасты өзендей сорғалатып.

Эпитет: Күл көрпе, қорда төсек, қара тас, алтын басты, құба құм, қоңыр түн, әсем күй, жүйрік үн, зарлы қобыз, алтын күн, мұңды дауыс,

Кейіптеу: Кейде күй талмаураған, талықсыған, кейде өжет, кейде долы, албыртсынған.

Сыр суы көңілі босап, сыңқылдаған. Тұнжырап жиде, жыңғыл дым үндемей, көкте жұлдыз күйініп, жел жылаған, селеулер жел оятқан, билеген би.

4. Өлеңді құрылысына талдау.

/О-сын-дай/ /ер-те-гі ай-тып/ /Мо-лық-бай шал,/ 12 буын, 3 бунақ а)

/Қо-быз-ға/ /«Бо-зін-ген» деп/ /қос-қан-да зар,/ 11 буын, 3 бунақ а)

/Жү-рек-ті/ /же-бе сау-ған/ /мұң-ды да-уыс,/ 11 буын, 3 бунақ

/Жан-ды у-лар,/ /жы-ға жы-ғар,/ /жү-рек құ-лар.../ 12 буын, 3 бунақ а)

Өлең - шумақтан, шумақ – тармақтан, тармақ – бунақтан, бунақ – буыннан тұрады. Өлең 11-12 буынды қара өлең ұйқасымен жазылған. 1-2-4 жолдары ұйқасады да, 3 жолы ұйқассыз, бос қалып отырады.

5. Бекіту сұрақтары:

1.Күй қандай музыкалық аспаптар арқылы орындалатын шығарма?

Жауабы: Домбыра, қобыз.

2.Қазақтың өткен замандардағы және қазіргі кездегі қандай атақты күйшілерін білесіңдер?

Жауабы: Құрманғазы, Дина Нұрпейісова, Дәулеткерей, Тәттімбет, Қаршыға Ахмедияров, Секен Тұрысбек, Айгүл Үлкенбаева, т.б.

3. Молықбай қобызшы тартқан ерекше күй жөнінде не айтылған?

Жауабы: Ол бақайшағына дейін жорғалаған күйші, күйдің тарихын білетін, әңгімелеп отырып шертетін кісі болған.

6. Дәптермен жұмыс.

Бақайшақ-аяқтың башпай тұсы

Қорда-заттың үйіндісі

Ақшам-іңір, апақ-сапақ

Бұйда-түйенің, не өгіздің мұрындығына тағылған ұзындығы 2-3 құлаштай бас жіп

Үргеніш-орта ғасырдағы Хорезм мемлекетінің астанасы

Дабырауын-айқай-шу

Тақым-тізенің астыңғы, ішкі жағы

7. Әдеби-теориялық ұғым.

Поэма-(грек сөзі) өмірде болған, не болуға тиісті күрделі құбылыстар мен келелі оқиғаларды, алуан-алуан тағдыр мен заман шындығын көлемді, желілі, эпикалық не лирикалық сипаттағы өлеңмен суреттеп жазу.

8. Қорытынды.

І.Жансүгіров – ақын, аудармашы, жазушы, журналист, қоғам қайраткері, үш арыстың біреуі.

9. Үйге:

1.Поэмадан үзінді жаттау

2. «Қазақтың күй өнері» деген тақырыпта әңгіме жазу

10. Бағалау. Топ басшысы топ мүшелерінің сабаққа қатысуын бағалайды және оған түсініктеме жасайды.

11. Кері байланыс. Оқушылар өздеріне таратылған стикерлерге сабақтан алған әсерлері мен тілектерін және алдағы сабақтардың қалай ұйымдастырылуы жөніндегі ұсыныстарын жазады.

Соңы








Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 03.02.2016
Раздел Другое
Подраздел Презентации
Просмотров241
Номер материала ДВ-411083
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх