Инфоурок Начальные классы ПрезентацииПрезентация.Бауыржан Момышұлы

Презентация.Бауыржан Момышұлы

Скачать материал

Выберите документ из архива для просмотра:

Выбранный для просмотра документ Бауыржан Момышұлы.doc

Мақсаты:

    а)  Қазақ халқының өр тұлғаларының жалғасы болған, Отан қорғаған қаһарман ұлдарының бірі, Кеңес Одағының батыры, Қазақстанның халық қаһарманы Бауыржан атамыздың өмір жолдары, ерлік күресі, халқына сіңірген еңбегі жайлы таныстыра отырып, келешек ұрпақты өз Отанын сүюге, оның намысы мен абыройын қорғауға даяр болуға, елінің болашағы үшін тер төккен тұлғаларды ұмытпауға тәрбиелеу.

ә)Батыр ағаның ерліктері мен еңбектері  арқылы өткен тарихымызға қызығушылығын арттыру;

б)Тарихи тұлғаларды құрметтеуге тәрбиелеу, оқушылырды отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа баулу;

Көрнекілігі: Б. Момышұлының сүреті, мультмедиа проекторы, кітап көрмесі, нақыл сөздері т.б

Тәрбие сағатының түрі: кіріктірілген.

Өтілу барысы:

Мұғалім: Әр азамат туған елінің өткені мен бүгінін біле отырып, болашаққа қадам басады. Болашаққа рухани мәдениетімен қатар ұрпағының ұлттық қасиеттерін сақтауда тарихын үлгі етеді. Осындай қазақтың үлгі етер ұлдарының бірі,  халық жүрегінде ойып із қалдырған,  ұлттық рухты ел санасына сіңдірген Бауыржан Момышұлы - ержүрек жауынгер, атақты қолбасшы, әскери жазушы. Ең бастысы - әр қылығымен, әр көзқарасымен, бар болмысымен қазақтың намыстан жаралған халық екенін мойындата алған тұлға. Бауыржан Момышұлының отызға енді ілінген шағынан-ақ есімі аңызға айналды, даңқы әлемді шарлады. Ұлтжандылықтан жаралған батырлық бейнесі тарих белдерін аралап, жыл өткен сайын “тот баспас саф алтындай жарқырап” әдебиетіміз бен мәдениетіміздің қаһарманына айналды. Өзі үшін емес, халқы үшін, сол елінің аты үшін бейбіт өмірде де күрестен, ерлік пен табандылықтан қайтпаған Бауыржан Момышұлының өрлік бейнесін Қасым ақын былай жырлайды:

            Нақ сол кезде естідім ер дүбірін,

            Атағы атын алып келді бұрын,

            Үстінде туған елдің тұрды толқын

           “Бауыржан Момышұлы” - деген бір үн.

 Ержүректілік көрсеткен, өз заманында–ақ аты аңызға айналған Бауыржан Момышұлының 100 жылдық  мерейтойына   байланысты  «Ұрпаққа ұран –ұлы есім.» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

«Мәңгі ізің өшпейді» тақырыбындағы еске алу минуты.

Мұғалім : Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан қаһарман аталарымызды және ержүрек  батырымыз Бауыржан Момышұлын орнымыздан тұрып 1 минут үнсіздікпен еске ала отырып, рухына тағзым етейік.

 Бүгінгі сабағымызда оқушылар өздерінің қалауы бойынша 4 топқа бөлінді.Әр топ таңдаған  сала бойынша жұмыс жүргізеді.

1-топ «Әдебиетшілер»

2-топ  «Зерттеушілер»

3-топ  «Тілшілер»

4- топ «Суретшілер»

Жоспары:

Бауыржан Момышұлы кім?

Бауыржан Момышұлы – патриот жазушы.

 1-ші бөлім бойынша :

Әдебиетшілер тобы

     1-оқушы:          Кешіп өтіп кешегі от-жалыннан,

                                Дүниеге ерлігімен танылған,

                                Кең жауырынды, Талғардай тік иықты.

                                Бөрі кеуде, бүркіт қабақ Бауыржан.

                                Қалтыраған атынан жау ордасы,

                                Панфиловтың жорықтағы жолдасы,

                                Даңқ туын майдандағы көтерген

                                Гвардия бөлімінің қолбасы

                                Мол тартқан қан майданның ғаламатын,

                                Жаттатқан сұм жауға да қазақ атын.

                                Жан аға, жақсы аға, жетпес баға,

                                Кім сүймес Бауыржандай азаматын

         2-оқушы

                                  Қаһарға толы қабағы,

                                  Шоқ шашқан отты жанары.

                                  Ерліктің нағыз адамы,

                                  Батыр ата Бауыржан.

                                  Тұнығы болып тереңнің,

                                  Биігі болып өр елдің.

                                  Өрнегін салған өнердің,

                                  Ақын ата Бауыржан.

Сөзбенен салып суретті,

Майдан даласын гүлдетті.

Нақышы ойға нұрды екті,

Жазушы ата Бауыржан.

Пейілі дархан жұмақ бақ,

Жайдары жаны нұры аппақ.

Турашыл жанға тұрақтап,

Ақылшы ата Бауыржан.

Өнерге толы құшағы,

Ерліктің мәңгі мысалы.

Азаматтықтың нышаны,

Біртуар ата Бауыржан.

Зерттеушілер тобы

Туған жерім Мыңбұлақ, арналы Ақсай,

Ішсем суы татиды шекер, балдай

Қызғалдақ, қалың егіс, көк жоңышқа

Сенен артық жер, шіркін, өтер қандай, –          

деп өзі жырлағандай Бауыржан Момышұлы   1910 жылы Жамбыл облысы, Жуалы ауданына қарасты Көлбастау ауылында қарапайым отбасында дүниеге келген. Әкесі – Момыш, шешесі – Рәзия. Әкесі жаны жомарт кісі болған. Отбасыларында 4 қыздан кейін, әкесі Момыш 50-ді еңсерген шағында Бауыржан дүниеге келіпті.. Әкесінен аздап хат таныған Бауыржан көрші Евгеньевка ауылындағы орыс мектебінде оқып,. 1921 жылы Шымкент қаласындағы   №7 мектепте болашақ атақты ақын Әбдiлда Тәжiбаевпен бiрге оқиды Бауыржан ата алғаш еңбек жолын 18 жасында Сарысуда  мұғалімдіктен бастайды. Сонда жүргенде кезекті әскери міндетін өтеуге шақырылып, онда бір жарым жыл жүріп, запастағы командир атағын алады. Туған ауылына қайтып оралған соң ,  қаржы саласында екі жылдай жұмыс істейді. Бiреу бiлсе, бiреу бiлмейдi,  атаның алғашқы мамандығы финансист-банкир болған. Ата Ленинградтың финакадемиясын бiтiрген. Қазiргi "Тұран Әлем" банкiсi ол кезде "Промстрой" деп аталған. Осы банктiң негiзiнде "Тұран Әлемнiң" 80 жылдық мерейтойындағы "Алғашқы қазақ банкирлерi" деген тiзiмде Бауыржан ата екiншi болып тұр.  Баукеңнің зайыбының аты Бибіжамал. Ұлы Бақытжан және қызы Шолпан, немересі,   Ержан 

Тілшілер тобы

     Бауыржан Момышұлы атақ-даңқтан кенде адам емес. Ол Суворов Жоғарғы Орденімен марапатталды.
Бірінші дәрежелі «Қызыл Ту Ордені (2 рет)», «Ленин Ордені» мен «Отан Соғысының Ордені», «Әскери шайқастағы еңбегі үшін», «Мәскеуді қорғағаны үшін», «Қызыл жұлдыз», «Еңбек Қызыл Туы», «Халықтар достығы» және «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған. «Кеңес Одағының Батыры», Ел тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың жарлығымен оған «Халық қаһарманы» деген атақ берілді.

Суретшілер тобы

       Ел аузындағы әңгімелер Б.Момышұлының мінезінің тік болғандығын айтады.Оның бойында қазақы қасиеттер молынан болды. ”Момышұлы” деген тегінің өзі үлкен бір қайсарлықтың арқасында солай аталды. Кеңес заманында қазақтың тегіне шектеу қойып, -ев немесе -ева деген жалғауларды жалғатып қойған шақта Бауыржан Момышұлының қайсарлығы ғана өзінің қалаған тегін алып жүруге мүмкіндік берді.
Бірде әскери қызметтермен жүріп, үлкен лауазымды адамдардың алдында мәлімдеме жасайды екен. Сол кезде Кеңес Одағының талай мансапты қызметтерін атқарған Анастас Микоянның: ”Неге тегіңіз Момышев емес Момышұлы?” деген сұрағына ”Сіздің тегіңіз неге Микоев емес Микоян?” — деп, қарсы сұрақ қою арқылы жауап қайырады. Бұл дегеніміз нағыз өжеттік, қайсарлық. ”Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ” деген халық нақылына келтірілген өмірдің мысалы.
Бауыржан батыр шындықты жаны сүйетін, өте қайсар,  өтірікшілер мен қорқақтарды жек көретін ержүрек адам болды. Ол өз халқының -нағыз патриоты. Бауыржан Момышұлы – өз халқымыз және бүкіл әлем халықтары арасында өз еліне, халқына, тіліне, Отанына, дініне деген елжандылық, патриоттық бейнесімен ерекшеленген дара тұлға.   

Деректі фильмнен үзінді  көрсетіледі.

 

Бауыржан Момышұлы –патриот жазушы.

Әдебиетшілер тобы

       Бауыржан Момышұлы – халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы ретінде танылса, оның шығармаларының негізгі тақырыбы жас жауынгерлердің ерлік – елжандылық,  Отанын, елін-жерін сүюге тәрбиелеу, ұлттар достығы болды. Бауыржан Момышұлы қазақ және орыс тілдерінде бірдей жазып, өз өмірінде көрген білгендерін арқау етеді.. Көрнекті жазушының жазып қалдырған «Офицердің күнделігі»(1952), «Бір түннің тарихы»(1954), «Біздің семья»(1956), «Москва үшін шайқас»(1959), «Жауынгердің тұлғасы»(1958), «Майдан»(1961), «Майдандағы кездесулер»(1962), «Генерал Панфилов»(1963), «Ел басына күн туса»(1970), «Ұшқан ұя»(1975), «Адам қайраты»(1981)т.б шығармалары  сонымен қатар 37 дәптер күнделік жазған батыр бейбіт өмірдің қаруын қалам етті. Осылайша қазақ әскери әдебиетінің негізі қаланды.

«Бауыржанның жыр дәптерінен»

Мен кім едім, мен едім,

Мен де мыңның бірі едім.

 Қызықпай баққа, атаққа,

Адал еңбек ұлы едім.

Қызмет еткен халыққа

Ақ ниет мыңның бірі едім,

Атақсыз солдаттың бірі едім.

Ата аруағы қолдады.

Адал еңбек еткен соң.

Панфиловтан бата алдым.

Жау қаһарын төккен соң.

Артыма ерді мың солдат,

Тағдырын маған тапсырып.

Рузаға жеткен соң,

Ер ұлдары мың солдат

Белуардан қан кешіп,

Сынға түсті бекініп,

Отқа түсіп, су кешіп,

Жүзден аса соғыста,

Бес-алты рет қоршауда

Бал орнына у ішіп.

Зерттеушілер тобы

       Бауыржан атаның кітаптары әскери өмірбаяндық жайттарды арқау етіп, патриотизмді, адалдықты, ерлікті, бірлік пен туысқандықты ту етті. Оқ пен оттың ортасында жүріп, қазақтың болашағын ойлаған Бауыржан Момышұлы соғыстағы қазақ жауынгерлеріне қазақтарды өз ана тілінде шығатын газет пен әдебиеттің ескерусіз қалдырмауын ескертеді

Бауыржан атамыз халықты ерлікке, патриоттыққа тәрбиелеуде артына көптеген мақал-мәтелдер қалдырған. Мысалы:

Үлкенді ізетте, кішіні күзетте көр.

Ерлік тәрбиеден туады.

Ерлік бірлікте емес, жүректе.

Отанда опасызға орын жоқ.

Тізе бүгіп тірі жүргеннен, тік тұрып  өлген артық.

Сен жаудан қашсаң, өмір сенен қашады.

Барлық халық пен барлық ұлт ұлы және тамаша нәрселерді жасауға қабілетті.Әрбір азамат өз ұлтын сүюге тиіс және өз ұлтына деген терең сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімі арқылы басқа ұлттарды танып, құрметтеп оларды сүйе білуге тиіс.

Екі сөзді — ер емес, серт — ер серігі.

Қарабет болып қашқанша,
Қайрат көрсетіп өлген артық.

Қой бастаған арыстан тобынан арыстан бастаған қой тобы артық.

Халықтың ізгі дәстүрі – біздің ең асыл мұрамыз.

Жерге тер төгіп, халыққа қан төгіп қызмет етуден аянба.

Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту.

Ел дегенде – езіліп, жұрт дегенде – жұмылып істе.

 

Тілшілер тобы
       Қазақ халқының хас батыры Бауыржан Момышұлының жүрек жұтқан батырлығын, оның соғыс өнеріне енгізген жаңалығын  дүние жүзі әскерінің мойындағаны рас. Бұған мысал ретінде Бауыржан атаның соғыс тактикасын еврей, түрік жұрты өздерінің маңдайалды әскери мектептерінде ерекше пән ретінде оқытып жатқандығын, сонымен бірге, кезінде кубалықтардың соғыста дәл осы қазақтың батыр ұлының соғысу тәсілін пайдаланып, жеңіске жеткендігін айтса да жеткілікті. Егер ақылы кемел саналатын жұрттың өзі қазақ баласының ойлап тапқан өнеріне сүйеніп жатса, бұл-ұлтымыздың асқан даналығын тағы бір мәрте дәлелдей түсетіні ақиқат. Бір сөзбен айтқанда, Екінші дүниежүзілік соғыста қазақ баласы қарапайым лейтенант, полковник шенінде жүріп-ақ «мен» деген маршалдар мен генералдардың қолынан келмеген әлемдік әскер тарихында өзіндік жол салып кетті..

 

     Бауыржан ата даңқы марапатқа лайық. Ауған соғысының ардагері Бақытбек Смағұл қоғамдық ұйым атынан жыл сайын Бауыржан Момышұлы атындағы Құрмет белгісін беріп келеді. Ел ішіндегі ондаған асқар бел азаматтар, елтұтқа тұлғалар белгіні омырауына тағып, мерейі үстем болды. 1санымен нөмірленген ең алғашқы құрмет белгісі президент Нұрсұлтан Назарбаевқа берілді

 

Суретшілер тобы      Бауыржан Момышұлы туралы естеліктер

Бақытжан Момышұлы, Кішкентай кезімнен әкеме тартқым келді. Бірақ сәл өсе келе түсіндім. Мен ешқашан да әкемнен озбаймын да, артық та болаймын, мен әкемнің көлеңкесімін. Бірақ ондай адамның көлеңкесі болу да үлкен бақыт.

Әзілхан Нұршайықов, Бауыржан атамыздың басынан өткеннің бәрі ақиқат. Ал ақиқаттан аңыз тарайды. Сол ақиқатты естіген адам, өзінің ойын қосып, жалғап кете береді. Баукеңнің өмірі ақиқат. Сол ақиқатқа негізделген аңыздар содан тараған. Оны өтірік деуге және болмайды.

Мамытбек Қалдыбай, Біз Бауыржанымызбен мақтанамыз. Бірақ бұл жеткіліксіз. Біз оған жақындауымыз керек , Бауыржанның биігіне көтерілуге тырысуымыз керек. Бүгін Бауыржандай ұлтшыл болып, өз ұлтын Бауыржандай сүю керек. Сонда ғана қазақ халқы өркениет көшіне өз құндылығымен кіретіні сөзсіз.

ДмитрийСнегин, Мәскеу түбіндегі шайқастарда тұңғыш рет көргенде-ақ мен оны бұрыннан  білетіндей сезінгем. Бәлкім,ол бір аспан астында    туылып, бір жерде өскендігімізден де болар. Бәлкім, ол бізді соғыс  табыстырып, достығымыз қанмен бекігендіктен бе екен?   

 

 Генерал  - полковник, әскери ғылымдарының докторы И.М.Глушко,

Момышұлының дәрістерін біздер барлық уақытта, қызыға, асыға күтетінбіз.Момышұлы тіпті де әскери шен- шекпенге қарамай,сонымен қатар барлық тындаушыларға талап  қоя қарайтын.

 

Тәкен Әлімқұлов, Бауыржан Момышұлы әскери тақырыпқа жазған әңгімелерінде, повестерінде нақты дерек, тарихи шындық басым. Оған бастан кешкен, көзбен көрген, бөгдеден естіген нәрселері сұрыптала қосылып, әлеуметтік-қоғамдық мағынасы басым сипатталады.Оның пірі-шындық.”

« Солдат болам мен ертең » әні орындалады.                                                                                  

Мұғалім:

      Биылғы жылы біздің сыныбымыздың оқушысы Азат №5 «Ата мұрасын сақтаймыз және көбейтеміз»атты ғылыми жоба байқауында  Бауыржан атаны зерттеп, қалалық сайыстан ,облыстық сайыстан 1 – орын алды. Жас ізденуші, Азатты өзінің еңбегі мен жасалған жұмыстарының барысын таныстырып өтуге ортаға шақырамыз.    

Қорытынды

 Қазақ халқының біртуар батыр Ұлы Бауыржанның Кеңес үкіметі мен қазақ халқы үшін жасаған ерліктері мен еңбектері өте зор.Сөз өнері дертпен тең , әдебиет- ардың ісі дегенді жадында ұстаған батырдың әр бір шығармасы өнегеге толы, тұнып тұрған тәрбие.

                            Ұрпақ атар сексен мен жүздігімді,

                             Тарихтың түпкірінен сөз келгенде, - деп батырдың өзі жазғандай 100 жасқа толған тойы Қазақстанның ,бүкіл әлемнің жер-жерінде аталып өтіп жатыр. Бауыржан атамыз сияқты өмірі өнегелі істерге толы қасиетті тұлғаны жете біліп, оларды мәңгі есте сақтау – біздің қасиетті борышымыз.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Презентация.Бауыржан Момышұлы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по благоустройству

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Выбранный для просмотра документ Бауыржан Момышұлы туралы.ppt

Скачать материал "Презентация.Бауыржан Момышұлы"

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • Ерлікке тағзым

    1 слайд

    Ерлікке тағзым

  • 2 слайд

  • Мәңгі ізің өшпейді

    3 слайд

    Мәңгі ізің өшпейді

  • 4 слайд

  • 1 топ «Әдебиетшілер»2 топ «Зерттеушілер»3 топ «Тілшілер»4 топ «Суретшілер»

    5 слайд

    1 топ «Әдебиетшілер»
    2 топ «Зерттеушілер»
    3 топ «Тілшілер»
    4 топ «Суретшілер»

  • ЖОСПАРЫ:Бауыржан Момышұлы кім?

Бауыржан Момышұлы – патриот жазушы.

    6 слайд

    ЖОСПАРЫ:
    Бауыржан Момышұлы кім?

    Бауыржан Момышұлы – патриот жазушы.

  • Бауыржан Момышұлы  кім?

    7 слайд

    Бауыржан Момышұлы кім?

  • «Әдебиетшілер» тобы

    8 слайд

    «Әдебиетшілер» тобы

  • «Зерттеушілер» тобы

    9 слайд

    «Зерттеушілер» тобы

  • Ұлт намысы болған 
Ұлы тұлға

    10 слайд

    Ұлт намысы болған
    Ұлы тұлға

  • Батырдың анасы Рәзия 
Баукеңнің өзі салған суреті.Бауыржан Момышұлы 
Әбділдә...

    11 слайд

    Батырдың анасы Рәзия
    Баукеңнің өзі салған суреті.
    Бауыржан Момышұлы
    Әбділдә Тәжібаевпен
    бірге оқып,дос болған.

  • 12 слайд

  • Бауыржан атаның ұрпақтары.

    13 слайд

    Бауыржан атаның ұрпақтары.

  • Жары Жамал апаймен

    14 слайд

    Жары Жамал апаймен

  • 15 слайд

  • 16 слайд

  • 17 слайд

  • 18 слайд

  • Ұрпақтар жалғастығы.
Батырдың бабалары.
ҮсенӘжіӘділБақтиярИмаш
Момыналы
 (Мом...

    19 слайд

    Ұрпақтар жалғастығы.
    Батырдың бабалары.

    Үсен
    Әжі
    Әділ
    Бақтияр
    Имаш

    Момыналы
    (Момыш)
    Бауыржан
    Момышұлы
    Бақытжан
    Момышұлы
    Ержан
    Момышұлы
    Нұрсұлтан
    Момышұлы
    Мадияр
    Момышұлы

  • «Тілшілер» тобы

    20 слайд

    «Тілшілер» тобы

  • “Еңбек Қызыл Туы”
         Ордені  Бірінші дәрежелі
 “Қызыл Ту” Ордені“Ленин”...

    21 слайд

    “Еңбек Қызыл Туы”
    Ордені
    Бірінші дәрежелі
    “Қызыл Ту” Ордені
    “Ленин” Ордені
    Отан Соғысының Ордені
    Әскери шайқастағы
    еңбегі үшін
    Мәскеуді қорғағаны
    үшін
    “Қызыл жұлдыз”
    Ордені
    «Германияны жеңгені
    үшін»
    “Қызыл Ту Ордені “

  • «Кеңес Одағының Батыры» медалі

    22 слайд

    «Кеңес Одағының Батыры» медалі

  • 23 слайд

  • 24 слайд

  • 25 слайд

  • 26 слайд

  • 27 слайд

  • «Суретшілер» тобы

    28 слайд

    «Суретшілер» тобы

  • 29 слайд

  • 30 слайд

  • 31 слайд

  • 






ПатриотЖазушыАқынБатырЖауынгерПсихологҚолбасшы

    32 слайд









    Патриот
    Жазушы
    Ақын
    Батыр
    Жауынгер
    Психолог
    Қолбасшы

  • Патриот деген не мағына береді?

    33 слайд

    Патриот деген не мағына береді?

  • Патриотизм дегеніміз – Отанға деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман–...

    34 слайд

    Патриотизм дегеніміз – Отанға деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман– саулығының қоғамдық – мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстығын сезіну, ал мемлекетті нығайту дегеніміз – жеке адамды күшейту екенін мойындау, қысқасын айтқанда, патриотизм мемлекет деген ұғымды жеке адаммен, яғни оның өткенімен, бүгінгі күнімен және болашағымен қарым-қатынасты білдіреді

    Бауыржан Момышұлы

  • Бауыржан Момышұлы - патриот жазушы.

    35 слайд

    Бауыржан Момышұлы - патриот жазушы.

  • «Әдебиетшілер» тобы

    36 слайд

    «Әдебиетшілер» тобы

  • Жарық көрген кітаптары

    37 слайд

    Жарық көрген кітаптары

  • Бауыржан бабамның   жинақтарыБауыржан бабама арналған кітаптар

    38 слайд

    Бауыржан бабамның жинақтары
    Бауыржан бабама арналған кітаптар

  • Курляндия майданы.
 Көптомдық 
шығармалар жинағы. 5-том. 
Момышұлы Бауыржан....

    39 слайд

    Курляндия майданы.
    Көптомдық
    шығармалар жинағы. 5-том.
    Момышұлы Бауыржан. 2009 ж.
    Генерал Панфилов.
    Көптомдық шығармалар жинағы.
    12-том. Момышұлы Бауыржан.
    2009 ж.
    Куба әсерлері. Көптомдық
    шығармалар жинағы. 8-том.
    Момышұлы Бауыржан. 2009ж.
    Айтылмаған ақиқат.
    Көптомдық шығармалар
    жинағы (1-кітап), 9-том.,
    (2-кітап), 10-том.
    Момышұлы Бауыржан. 2009 ж.
    Екі томдық шығармалар жинағы

  • 2 топ «Зерттеушілер»

    40 слайд

    2 топ «Зерттеушілер»

  • Өсиет сөздері“Үлкенді ізетте, кішіні күзетте көр”“Ерлік тәрбиеден туады”“Ерлі...

    41 слайд

    Өсиет сөздері
    “Үлкенді ізетте, кішіні күзетте көр”
    “Ерлік тәрбиеден туады”
    “Ерлік білекте емес, жүректе”
    “Отанда опасызға орын жоқ”
    “Тізе бүгіп жүргеннен, тік тұрып өлге артық”
    “Сен жаудан қашсан, өмір сенен қашады”

  • Өсиет сөздері“Барлық халық пен барлық ұлт
ұлы және тамаша нәрселерді жасауға...

    42 слайд

    Өсиет сөздері
    “Барлық халық пен барлық ұлт
    ұлы және тамаша нәрселерді жасауға
    қабілетті”
    “Әрбір азамат өз ұлтын суюге тиіс
    және өз ұлтына деген терең сүйіспеншілігі
    мен мақтаныш сезімі арқылы басқа ұлттарды
    танып, құрметтеп оларды сүйе білуге тиіс”
    Екі сөзді – ер емес , серт- ер серігі.
    Қарабет болып қашқанша ,
    Қайрат көрсетіп өлген артық.

  • Өсиет сөздеріҚой бастаған арыстан тобынан,
Арыстан бастаған қой тобы артық.Ха...

    43 слайд

    Өсиет сөздері
    Қой бастаған арыстан тобынан,
    Арыстан бастаған қой тобы артық.
    Халықтың ізгі дәстүрі – біздің ең асыл мұрамыз.
    Жерге тер төгіп, халыққа қан төгіп аянба..
    Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту.

  • «Тілшілер» тобы

    44 слайд

    «Тілшілер» тобы

  • 45 слайд

  • 46 слайд

  • «Суретшілер» тобы

    47 слайд

    «Суретшілер» тобы

  • Кішкентай кезімнен әкеме тартқым келді. Бірақ сәл өсе келе түсіндім. Мен ешқа...

    48 слайд

    Кішкентай кезімнен әкеме тартқым келді. Бірақ сәл өсе келе түсіндім. Мен ешқашан да әкемнен озбаймын да, артық та болаймын, мен әкемнің
    көлеңкесімін. Бірақ ондай адамның көлеңкесі болу да үлкен бақыт.
    Бақытжан Момышұлы

  • Әзілхан Нұршайықов Бауыржан атамыздың басынан өткеннің бәрі ақиқат. Ал 
ақиқа...

    49 слайд

    Әзілхан Нұршайықов
    Бауыржан атамыздың басынан өткеннің бәрі ақиқат. Ал
    ақиқаттан аңыз тарайды. Сол ақиқатты естіген адам, өзінің
    ойын қосып, жалғап кете береді. Баукеңнің өмірі ақиқат. Сол
    ақиқатқа негізделген аңыздар содан тараған. Оны өтірік деуге
    және болмайды.

  • Тәкен Әлімқұлов Бауыржан Момышұлы әскери тақырыпқа жазған 
әңгімелерінде, пов...

    50 слайд

    Тәкен Әлімқұлов
    Бауыржан Момышұлы әскери тақырыпқа жазған
    әңгімелерінде, повестерінде нақты дерек, тарихи шындық
    басым. Оған бастан кешкен, көзбен көрген, бөгдеден естіген
    нәрселері сұрыптала қосылып, әлеуметтік-қоғамдық
    мағынасы басым сипатталады.Оның пірі-шындық.”

  • Дмитрий Снегин Мәскеу түбіндегі шайқастарда тұңғыш 
рет көргенде-ақ мен оны б...

    51 слайд

    Дмитрий Снегин
    Мәскеу түбіндегі шайқастарда тұңғыш
    рет көргенде-ақ мен оны бұрыннан
    білетіндей сезінгем. Бәлкім,ол бір
    аспан астында туылып, бір жерде
    өскендігімізден де болар. Бәлкім, ол
    бізді соғыс табыстырып,
    достығымыз қанмен бекігендіктен
    бе екен?

  • Генерал  - полковник, 
әскери ғылымдарының докторы 
И.М.Глушко Момышұлының д...

    52 слайд

    Генерал - полковник,
    әскери ғылымдарының докторы
    И.М.Глушко
    Момышұлының дәрістерін біздер барлық уақытта,
    қызыға, асыға күтетінбіз.Момышұлы тіпті де әскери
    шен- шекпенге қарамай,сонымен қатар барлық
    тындаушыларға талап қоя қарайтын.

  • Батыр атам жүзге келді

    53 слайд

    Батыр атам жүзге келді

  • Батыр атам жүзге келді

    54 слайд

    Батыр атам жүзге келді

  • 55 слайд

  • 56 слайд

  • Аңызға айналған атам

    57 слайд

    Аңызға айналған атам

  • Бозбала 
БауыржанБауыржан 
қызыл әскер 
қатарындаСтудент
БауыржанЗейнеткер 
Б...

    58 слайд

    Бозбала
    Бауыржан
    Бауыржан
    қызыл әскер
    қатарында
    Студент
    Бауыржан
    Зейнеткер
    Бауыржан
    Аңыз адам

  • Ерлікке толы ғұмыры

    59 слайд

    Ерлікке толы ғұмыры

  • Отты жылдарда

    60 слайд

    Отты жылдарда

  • Майдандас достарының ортасында

    61 слайд

    Майдандас достарының ортасында

  • 62 слайд

  • 63 слайд

  • Бауыржан атаның ұрпақтары.

    64 слайд

    Бауыржан атаның ұрпақтары.

  • Жары Жамал апаймен Жамал апай кішкентай 
Бақытжанмен

    65 слайд

    Жары Жамал апаймен
    Жамал апай кішкентай
    Бақытжанмен

  • Өсиет сөздері
1.Барлық халық пен барлық ұлт ұлы және тамаша нәрселерді жасауғ...

    66 слайд

    Өсиет сөздері
    1.Барлық халық пен барлық ұлт ұлы және тамаша нәрселерді жасауға қабілетті.Әрбір
    азамат өз ұлтын сүюге тиіс және өз ұлтына деген терең сүйіспеншілігі мен мақтаныш
    сезімі арқылы басқа ұлттарды танып, құрметтеп оларды сүйе білуге тиіс.
    2. Тәрбиелі – тәртіптің құлы,
    Тәртіпті – елдің ұлы.
    3. Сен жаудан қашсаң,
    Өмір сенен қашады.
    4. Айқаймен ала алмайсың,
    Ақылмен,айламен алғын.
    5.Қайратыңа әдісіңді жолдас ет,
    Әдісіңе ақылыңды жолдас ет.
    6.Таяқтан тайсалмасаң,
    Семсерден сескенбесең,
    Жеңдім дей бергін.
    7.Отан үшін отқа түскін - күймейсің.
    8.Өтіріктің балын жалап тірі жүргенше,
    шындықтың уын ішіп өлген артық.




  • "Бауыржантану" 

ғылыми зерттеу орталығының 

ұжымыМекемтас 
Мырзахметұлы

    67 слайд

    "Бауыржантану"

    ғылыми зерттеу орталығының

    ұжымы
    Мекемтас
    Мырзахметұлы

  • 68 слайд

  • Бауыржан Момышұлы атындағы мектептер

Атырау қаласы
Б.Момышұлы
атындағы
№25...

    69 слайд


    Бауыржан Момышұлы атындағы мектептер


    Атырау қаласы
    Б.Момышұлы
    атындағы
    №25 мектеп
    Жетісай қаласы
    Б.Момышұлы
    атындағы
    №6 мектеп-
    гимназия
    Алматы қаласы
    Б.Момышұлы
    атындағы
    №131 мектеп-
    лицей
    Арыс қаласы
    Б.Момышұлы
    атындағы
    №11 қазақ орта
    мектебі
    Шымкент қаласы
    Б.Момышұлы
    атындағы
    №44 мектеп
    Мәскеу,
    Зеленоград ауданы
    Б.Момышұлы
    атындағы
    №229 орта
    мектебі

  • 70 слайд

  • 71 слайд

  • Ұсыныстарым:

1. Патриоттық тәрбие беруде мектептің бастауыш сынып 
    оқулы...

    72 слайд

    Ұсыныстарым:

    1. Патриоттық тәрбие беруде мектептің бастауыш сынып
    оқулықтарында Бауыржан атаның шығармалары молдау
    берілсе.

    2. Республикалық орталықтандырылған «Бауыржан
    Момышұлы» атындағы мұражай ашылып, еліміз бойынша
    саяхаттар ұйымдастырылса.

    3. «Аты аңызға,сөзі нақылға айналған атаның» туған күніне
    арнап, жыл сайын мектептерде іс-шаралар өткізілуіне
    көңіл бөлінсе. «Бауыржан оқулары» («Ұшқан ұя»,
    «Қанмен жазылған кітап», «Москва үшін шайқас» т.б.
    шығармалары бойынша), мүшайра өткізіліп, деректі
    фильмдер көрсетілу үрдіске айналдырылса.

  • 4. Болашақта әскери борышын өтеуге барған ұландарға,
    әскери адамдарды дая...

    73 слайд

    4. Болашақта әскери борышын өтеуге барған ұландарға,
    әскери адамдарды даярлайтын оқу орындарында
    Бауыржан атамыздың әскери тәсілдері оқытылса.

    5. Республикамыздың барлық облыстарында қазақ елінің
    біртуар Қаһарман ұлы Бауыржан Момышұлының есімі
    мектептерге,саяжайларға,тәрбиелеу орындарына,
    көшелерге т.б. беріліп, ескерткіштер қойылса,болашақ
    ұрпақтардың есінде ұзақ уақыт сақталады деп
    ойлаймын.

  • Қазақ халқының біртуар батыр ұлы Бауыржанның Кеңес үкіметі мен қазақ 
халқы ү...

    74 слайд

    Қазақ халқының біртуар батыр ұлы Бауыржанның Кеңес үкіметі мен қазақ
    халқы үшін жасаған ерліктері мен еңбектері өте зор. Оның еңбектерін
    оқыған жас буын Отанға деген сүйіспеншілікті бойларына сіңіріп өседі.
    Оның шығармалары ұлттық рух пен алып күш беретін құрал

    Қадірін білмеппіз ғой тірі кезде,
    Деп жылар қайран қазақ мен өлгенде.
    Ұрпақ атар сексен мен жүздігімді,
    Тарихтың түкпірінен сөз келгенде.- деп

    батырдың өзі жазғандай 100 жасқа толған тойы Қазақстанның ,бүкіл
    әлемнің жер-жерінде аталып өтіп жатыр. Бауыржан атамыз сияқты өмірі
    өнегелі істерге толы қасиетті тұлғаны жете біліп, оларды мәңгі есте
    сақтау – біздің қасиетті борышымыз.

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Бұл сабақ қалалық семинарда көрсетілген .Сабақтың мақсаты Б. Момышұлын жан жақты қырынан таныту. Сынып 4 топқа бөлініп, әр топ өз саласы бойынша яғни әдебиетшілер әдеби жағын, зерттеушілер ғылыми жағын, тілшілер басылым беттерін, суретшілер тобы батыр туралы естеліктерге сүйене отырып оның қандай адам болғанын бейнелейді.Көптеген видео фильмдер көрсетіліп, естеліктер оқылады.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 334 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.05.2015 25731
    • RAR 12.2 мбайт
    • 1012 скачиваний
    • Рейтинг: 2 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жабикенова Салтанат Ануарбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 50335
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация и проведение культурно-досуговых мероприятий в соответствии с ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 172 человека

Курс профессиональной переподготовки

Инклюзивное образование в начальной школе

Тьютор

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 51 человек из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 158 человек

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика преподавания в начальных классах компенсирующего и коррекционно-развивающего вида

Учитель начальных классов компенсирующего и коррекционно-развивающего образования

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 277 человек из 54 регионов
  • Этот курс уже прошли 886 человек

Мини-курс

Эффективное управление проектами

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Фитнес: вопросы здоровья и безопасности во время тренировок

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Проектный подход к рекламе: эффективные стратегии и инструменты

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе