Инфоурок Другое ПрезентацииПРЕЗЕТАЦИЯ Әр жылы 16желтоқсан

ПРЕЗЕТАЦИЯ Әр жылы 16желтоқсан

Скачать материал

                       Тәуелсіздік туын желбіреткен...

 

    Әр жылы 16 желтоқсан – қазақ елінің Тәуелсіздік алған күнін үлкен дайындықпен атап, оның мәнін өскелең ұрпаққа тәрбиелік мәні бар іс-шаралар арқылы жеткізгіміз келетіні, біз, ұстаздар қауымы үшін жүктелген ұлы міндеттердің бірі деп ойлаймын...                                                                                    

    Ел басына күн туған шақта, туған жерді жаудан құтқарып, еркіндіккке жету үшін қаншама қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешірген – Ұлы халықпыз. Соның бірі – 1986 жылдың  желтоқсаны. Тарих бетіне үңілген сайын, ата-бабамызға үш ғасырға жуық уақыт бойы арман болған тәуелсіздік осы ызғарлы желтоқсан оқиғасымен жеткендей түйіледі.

    «Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу – сатқындықтың белгісі»,- деп ұлтын сүйген азамат Бауыржан Момышұлы айтқандай, туған елінің мүддесін жан-жүрегімен сезінген, халқының тәуелсіздігі үшін қасық қанын қиып, қыршын өмірін құрбан еткен жастарымыз жайлы тебірене сыр шертпесек, толғана ой қозғамасақ, аға буын, бізге сын.                                                                                                            

    Әлі есімде, 1986 жылдың қақаған суығы, яғни 16 желтоқсанында Алматы алаңында небары 18 минутқа созылған естен кетпейтін жиын болады. Онда елімізді ширек ғасыр бойы басқарған Дінмұхамет Ахметұлы Қонаев алынып, оның орнына шеттен келген « шүрегей » Геннадий Колбин сайланыпты деген қауырт сөз Қызылордада оқып жүрген біздің де құлағымызға жетеді. Бұл тек қана қазақ ұлтына ғана емес, басқа ұлт өкілдеріне де үлкен ой салды. Ал өз жерінде бөгде біреудің басшылық жасауы – қалың қазақ, алты Алаштың намысын оятты. Сөйтіп қазақ халқының, соның ішінде қазақ жастарының наразылығынан туындаған – Желтоқсан оқиғасы тарих бетіне жазылып, мәңгілікке орын алды.                                                                                                           

    Әр тарихтың парақталуы өз қаһарманын табады.Тарих бетіне Тәуелсіздікпен бірге Қайрат, Сәбира, Ләззат, Ербол сынды аптал азаматтарымыз бүгінгі таңның шапағатын алып келді. Қуғын-сүргіннің зардабын шеккен М.Жұмабаевтың « Мен жастарға сенемін » атты ұранын жастар өз жігерлілігімен, қамал бұзар қайсарлығымен дәлелдей келді. Ата-бабаларымыздың арманын орындады. Қазақ елінің Тәуелсіздігін орнатты. Дүйім ел риза болды.

    Дүрліккен елдің көтерілген  көңілі мен қатар, есітетін суық хабары да аз емес екен. Атышулы Желтоқсан оқиғасына ат салысып, көтеріліске шыққан жастарға тағатын жазықсыз жазалары да шаш етектен болды... Іле-шала естігеніміз: жалған жаламен жүзге жуық адам сотталса, жоғары оқу орындарынан - 265-і, комсомол қатарынан – 758-і, коммунистік партия қатарынан – 52-і шығарылған деген ақпараттар тарады.

Қайраттың «ақтық сөзіне» құлақ түрсек, алаңға жаман оймен бармағанын байқаймыз. Ел жиналған алаңға барудағы мақсаты да не болып жатқанын өз көзімен көру екен. Қазақтың уыздай жас, ару қыздарын жендеттерден қорғауға барғанын да жасырмайды...                                                                                                            

    «Ер қатарында, ер қара боп саны бар, сапасы жоқ боп, ербеңдеп жүрген намыссыз еркек мен емеспін; құдайға шүкіршілік, кеудемде нағыз ерге лайық намыс баршылық. Оның үстіне "Қыздың жолы жіңішке" деген. Менің түсінігімше, әйел адамдарға ер адамдар тұрмақ, аң екеш аңдардың – хайуандардың еркегі де – ұрғашысына мүйіз болмаса, тұяқ көтермейді. Ал, біз, бәріміз де аң емес, адамзаттың ұлы – адамбыз... Міне, қысқаша айтқанда, осындай түсінікпен, әйел затына ер болып, өз қол ұшымды беріп көмектесуге, оларды арашалап – қорғау үшін барғаным рас. Сол жерде қолымнан келгенімше бар көмегімді бергенімде рас. Ол үшін әлі күнге дейін өкінбеймін, керісінше үлкен мақтан тұтамын. Бірақ та бір құдай өзі куә, адам баласын өлтіргенім жоқ. Мұндай айуандық жасаудың өзі, сор маңдай сенің қолымнан келмейді. Еш уақытта, ешқашанда. Ал, әйел затына айуандықпен қол көтеріп, шашынан тартып, көкпарша сүйрегені үшін бір милицияны ұрып - жыққаным рас. Ол адам күні бүгінге дейін аман - есен, зыр жүгіріп жүр. Өз қолыммен жасаған бір теріс қылық, бар қылмысым осы ғана...»,- деп түйіндейді өз сөзін рухани бай, намысшыл Қайратымыз.

https://pp.vk.me/c629415/v629415607/2539d/yzfgzhZhGlA.jpg

 

    Демек, бүгінгі таңда ұрпақ алдында тебірене жырлайтын « Желтоқсан оқиғасы » XX ғасыр еншісіндегі Тәуелсіздікті алып келген елеулі оқиға. Бұл оқиға – саяси-әлеуметтік құбылыс. Өйткені бұл жастар көтерілісі бүкіл тоталиатарлық-коммунистік жүйенің күйретушісі болды. Бізге де керегі сол еді...

    Көптің тілегімен, одан қалды ұлтымыздың біртуар азаматы, ақын М.Шахановтың тікелей араласуымен Алматы алаңындағы оқиғаға байланысты жазаға тартылғандарды бүгінгі күні Елбасы жарлығымен ақтап алды.

    Әлі есімде, дәл сол жылы, яғни 1986 жылы 19 желтоқсанда сол кеңес заманындағы  астанамыздың жүрегі – Москвада М.Шахановтың шығармашылық кеші болатын. Жыр сүйер қауым, әдебиет қайраткерлері кештің өтуін көптен күтіп жүр еді. Мына көтерілістен соң, күпті көңіл күдіктен арыла алмай дал болды. Кейін « Жалын» альманахынан М.Шахановтың  «жоғарыдағыларға» «желтоқсандықтарды ақтап алу» үшін жазған хат, мақалаларын оқи отырып, ел азамататарының, Е.Евтушенконың айтуынша, кештің керемет өткенін, қазақ халқына, ақынына деген ілтипатын орындарынан қайта-қайта тұруы арқылы білдіргенін естіп, марқайып қалдым.

   Мейлі, қандай қиындық болса да, қасқиып тұрып жеңе білген, елдікті, бірлікті, ерлікті ойлаған жастарымыздың Тәуелсіздік үшін тіккен туы көкте желбірей түскенін қалаймын.

   Туған еліміздің тарихы мен тылсым сырларына күш жігерін, білім-танымын, өмірін арнайтын Тәуелсіз елдің жас буыны қажырлы қайратымен, бойындағы өшпес өнерімен болашаққа жетелесін дегім келеді.

   Өзім желтоқсан оқиғасының қалай болғанын, жалындаған жастарымыздың рухани тазалығының арқасында жарқыраған болашаққа жеткенін көрдім. Ал өскелең ұрпақтың сол жеңіске қуана отырып, халқымыздың қазынасы – тілімізді шұбарламай, өз елінің еркін азаматы болуымен қатар, ұлттық сезімі оянған, мақсат, мүддесі  айқын, биік белестерді бағындыратын Қайраттай алып тұлға болуын қалаймын.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "ПРЕЗЕТАЦИЯ Әр жылы 16желтоқсан"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Политолог

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 262 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 29.11.2015 734
    • DOCX 64.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Хизирова Маржанкул Хожабеккызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 19894
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 475 человек из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 324 человека

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 847 человек

Мини-курс

Разнообразные методы и формы обучения в высшем образовании

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология учебной среды и развития детей: от диагностики к коррекции

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Творчество и технологии в медиакоммуникациях

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе