«Дарабоз»
Мақсаты: Оқушыларды өз бетінше ізденуге, ойларын
еркін жеткізе білуге үйрету. Ой - өрісін, тілін, ойлау қабілетін дамыту.
Шығармашыл белсенді тұлға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: интербелсенді тақта, мақал -
мәтелдер жазылған карташалар, сызба, сандар.
Түрі: зияткерлік ойын.
Сабақтың барысы:
ПЕРЕЙТИ НА
САЙТ
І. Ұйымдастыру кезеңі
- Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!
Сайыстан тыс қалмаңыздар!
Мұнда қызық табылар,
Білім нұры шашылар.
Ақыл, тілі дамыған,
Үлгі алайық балалардан!
2. Құрметті ұстаздар, ата - аналар, оқушылар!
Еліміздің болашағы тек қана білімді жастар екені даусыз. Осы мақсатпен 7- ші
сынып оқушыларының арасында «Дарабоз» атты интеллектуалды ойынын өткізгелі
отырмыз.
1. Көңілді тапқыштар, алғырлар,
Бар өнерін алдарыңа салады.
Кім білімді, көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады.
-
2. Ең алдымен сайысқа қатысушылармен танысып
өтейік.
1
1.Әділқазы алқасына бір сәлем!
Әділдікке бас иеді күллі әлем!
Жүйрік озар сайыстарда неше бір.
Сарапқа сап әділдікпен шеше біл!
Сайыстың әділ бағасын беретін, әділқазы
алқасымен таныс болыңыздар.
Қазақ тілі мұғалімі Қожабергенова Жанагүл Қайдарқызы
Назарбаева Мадина
Исахметқызы
Букенова Бибигүл
Ғалымжанқызы
Молдыбаева Бахытгүл
Кәкімжанқызы
Кіріспе сөз.
Тіл - өте маңызды құрал. Тіл болмаса адам өз
ойын жеткізе алмас еді. Өткен тарихымыз, халқымыздың әдет ғұрыптары, салт -
дәстүрлері, бізге ана тіліміз арқылы жетеді. Қазақ тілі - өте бай әрі көркем
тілдердің бірі. Мемлекеттік тілді меңгеру – ҚР азаматының парызы.
- Бүгінгі интеллектуалды ойын 6 бөлімнен тұрады:
“Қас – қағым сәтте”
“Тұлғаны тани біл”
“Сандар сыры ”
“ Түсін мені ”
«Ойлы болсаң, озып көр!»
Капитандар сайысы
2. Білген сайын келеді біле бергім,
Біле беру емес пе тілегі елдің.
Бүгін осы сайыста жеңіске жет,
Білімді, әрі білікті жас жеткіншек
- деп сайысымыздың 1 - бөлімін бастаймыз.
І - кезең.“Қас – қағым сәтте” деп аталады.
Бұл сайыста әр топқа 5 сұрақтан қойылады. Әр
сұрақ 3 ұпаймен есептеледі.
Сонымен, топтарға сәттілік тілей отыра,
ойынымызды бастаймыз.
1 - тобы:
1. Қыс айларын ата. (желтоқсан, қаңтар,
ақпан)
2. Бірінші Президент күні қашан тойланады? (1
желтоқсан)
3. Қазақстан астаналарын ата? ( Орынбор?
Қызыорда? Алматы? Астана)
4. «қара сөздердің» авторы кім (Абай)
5. Ы. Алтынсарин кім?(қазақ мектебін ашқан)
2 - тобы:
1. Қазақша жаңа жыл? (наурыз)
2. Көктем айларын ата.(наурыз, сәуір, мамыр)
3. Қазақ тілінде неше жалғау бар? (бөлшектеуге
келмейтін сөз)
4. А. Құнанбаев кім? (ақын)
5. Абайдың неше қара сөзі бар? (45)
3 - тобы:
1. Үндестік заңына бағынбайтын септік (
көмектес)
2. Ыбырай Алтынсариннің туған жері (Қостанай
уезі)
3. Жылқының сүті(қымыз)
4. Халық ауыз әдебиетіне не кіреді? (жұмбақ ,
мақал, ертегі)
5. Үш биді ата(Төле, Әйтеке, Қазыбек)
1. Қорытынды жасаймыз.
Сөз әділқазы алқасына беріледі.
2. Өз ойыңды ашық айтып,
Түйіндейміз білімді.
Әр нәрсенің жауабын тез
Айтайықшы ұғымды.
1. Алдағы білім шыңына ең білімді топ шығады деп
“Тұлғаны тани біл”сайысын бастаймыз.
Бұл сайыста көрсетілген тұлғалар туралы өз
білгендерің айтасыңдар. Әр дұрыс жауапқа 3 ұпайдан беріледі. Әр топ санды
айтады. Сол санда жазлыған тұлға туралы айтасындар.
Нұрсултан Назарбаев, Абай, Серік Сәпиев, Роза Рымбаева, Бауыржан Момышұлы, Тоқтар
Әубәкіров, Ыбырай Алтынсарин, Абылай хан, Әлия Молдағұлова, Илья Ильин т. б.
1.
ІІІ – кезең «Сандар сыры»
Бұл кезеңде берілген сандардың еліміздің
мерекелік атаулы күндерімен сәйкестігін атайсыздар. Бұл тапсырма ортақ. Әр
дұрыс жауапқа 2 ұпай. ( 1 минут)
16, 1, 22, 30, 6,9
7, 4, 8
- Қорытынды жасаймыз. ( әр топ оқып,
карточкаларын әділқазыларға тапсырады)
Сөз әділқазы алқасына беріледі.
4 кезең «Түсін мені». Осы турда капитан шығып бір сөзді таңдайды, осы сөзді топтың
басқа мүшесіне түсіндіруі керек, бірақ осы сөздің атын атамай.
1топ Бәйтерек
2 топ Табиғат
3топ Отан
V - кезең. “ойлы болсаң, озып көр»
1. Бұл турда әр топ көп сөз жазу керек.
Сайысымыздың ерекшелігі бұл сөздер қай дыбыстан басталса, сол дыбысқа аяқталуы
керек. Мысалы қазақ, астана. Уақыт 1 минут.
Қорытынды жасаймыз.
2. Сөз әділқазы алқасына беріледі.
V бөлім – «капитандар сайысы» осы турда капитандар « егер мен президент болсам ...»
тақырыбына шағын эссе жазу керек. Капитандарға дайындалу уақыты 3 минут.
Капитандар дайындалғанша президентіміз туралы шағын бейнежазбаға көз
жүгіртейік.
видео көрсету.
Капитандар сөзі.
1. Қорытынды жасаймыз.
Сөз әділқазы алқасына беріледі.
Тауды биік деме сен,
Талаптансаң, шығарсың.
Қарсылас мықты деме сен,
Білімді болсаң, шығарсың – дей отырып,
сайысымыздың жеңімпазын анықтау үшін сөз кезегін әділ - қазыларға береміз.
Жеңімпаз топты анықтау, дипломдар мен сыйлықтар
табыс ету.
Осымен «Президент күніне» арналған «Дарабоз» интеллектуалды
сайысымыз аяқталды. Деніміз сау, еліміз тыныш болсын. Келесі кездескенше сау
болыңыздар.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.