Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Физика / Другие методич. материалы / Президент күніне арналған кластан тыс шара.

Президент күніне арналған кластан тыс шара.


  • Физика

Поделитесь материалом с коллегами:

Өтілетін күні: 27.11.2015 жыл. Класс: 8 «А». Пәні: физика.

Тақырыбы: «Ғажайып бірлік».

Президент күніне арналған кластан тыс шара.

Жалпы мақсаттары:

- оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру;

- жаратылыстану математика бағытына оқушының пікірін қадағалау;

- патриоттық сезімін арттыру.

Күтілетін нәтиже:

- танымдық қабілетін қадағалай отырып деңгейін анықтау;

- мәліметті қолдануы немесе іздемпаздығын бақылау.

Қажетті құралдар: динамометр, электроскоп, амперметр, вольтметр,

мензурка, барометр, спидометр.

Көрнекілігі: презентация, физик ғалымдарның портреттері.

Сайыс кезеңдері: 1. Cәлемдесу.

2. Миға (ойға) шабуыл.

3. Физикалық жұмбақтар.

4. Аспапты білесің бе? (кестедегі аспап пен физикалық

шаманы сәйкестендір).

5. Ғалымдарды суреттеп беріңіз ...

6. Ойлан тап.

7. Егер мен Президент болсам, ...

8. Қорытынды жасау.

Түйінді идея: Шықты тарап ой данадан,

Бері қарап жұлдыз беті.

Өзі қалап сайлап алған

Елімнің бар Президенті!

Сайыс барысы:

Ұйымдастыру.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.

Мұғалімнің сөзі: Құрметті оқушылар!

Біздің бүгінгі сайысымыз Еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арналады. Физика пәнінен «Ғажайып бірлік» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіз.

Жүргізуші: Ел тәуелсіздігінің 20 жылдық мерекесі қарсаңында Қазақстан Парламентінің Сенаты: «1 – желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні» мемлекеттік мерекесін бекіткен заңын қабылдағаны туралы бәріміз білеміз.

Сайысымыздың әділ қазылар алқасы:

9 класс оқушылары: Орынбасарова Әйгерім және Амангельді Айгерим.

Сайысымызға екі топ қатысады: «Достық» , «Татулық».

Жүргізуші: Бірінші кезең. Сайыс шарттары бойынша екі топ сәлемдеседі.

1991 жылы 1- желтоқсанда бүкілхалықтық сайлауда Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекет басшысы болып сайланды.

Екінші кезеңге көшеміз.

Әр топқа он сұрақтан қойылады. Бір сұраққа – 1балл.


2 кезең. Ойға шабуыл.

1) «Физика» сөзінің қазақша аудармасы ( табиғат)
2) Страус өзін құспын деп атай ала ма?
(жоқ)
3) Президент күнін қашан атаймыз? (1 желтоқсан)
4) 12 шоқ жұлдыздың жалпы аты (зодиак)
5) Табиғатты зерттеудің негізгі 3 әдістері? ( бақылау, эксперимент, теория)
6 ) Күн жүйесіндегі ең ірі планета (юпитер)
7) Көкке қараған жұлдыз санаған (телескоп )
8) Инерция құбылысын кім ашты? ( Галилей)
9) Сұйық тарапынан әсер ететін кері итеруші күшті ашқан кім? (Архимед)
10) Темір не? (зат ).

Қосымша сұрақтар :

1. Сұйықтың ең кішкетай бөлшегі қалай аталады? ( тамшы)
2. Термометрді кім жасады? ( Швед астрономы, физигі Цельсий)
3. Тәуелсіздігімізді қай жылы, қай күні алдық. (16 желтоқсан)
5. Атомның ядролық моделін жасаған ғалым? ( Резерфорд)
6. Бір заттың малекулаларының екінші заттың малекулалар аралық бос

орындарына өзара өтуі – бұл…. (диффузия)
7. Дене пішінінің немесе өлшемдерінің өзгеруі? ( деформация )
8. Дененің тірекке немесе аспаға түсіретін күші? ( салмақ)
9. Динамика заңдарын атаңдар? ( Ньютон заңдары)
10. Физиктер: «… – заңын білмесең, үйде отыр» деген сөзді қай ғалым жайлы

айтқан? ( Ом заңы).

3 кезең. Жжасырын нәрсе

Ұшешуі болады

Мойын

Б сұрақ

А ойлануды қажет етеді

Қ бір адам жасырады, басқалары шешеді.

Физикалық жұмбақтар.

1-жұмбақ.

Жердің жүзін шарлайсың,

Онсыз еш жерге бармайсың.

Көлікпен де, жаяу да,

Саралайсың, таңдайсың.   (Жол)

2- жұмбақ.

Көп болса, асықпайсың,

Мезеттен қашықтайсың.

Асықсаң аз болады,

Табасың мұны қайсың?  (Уақыт)

3- жұмбақ.

Қозғалыста сипаттар шапшаңдықты,

Тағы да бір белгісіз шама шықты.

Ол болмаса денелер қозғалмайды,

Шешеді бұл жұмбақты қандай мықты?   (Жылдамдық)

 4- жұмбақ.

Жылдамдықты өзгертеді,

Қозғалысты тездетеді.

Қарсы шықса қозғалысқа,

Тоқтарына көз жетеді.   (Үдеу)

 5- жұмбақ.

Қозғалысқа келтіріп,

Жылдамдығын береді.

Өлшемдерін қарасаң,

Ньютонға ол келеді.     (Күш)

 6- жұмбақ.

Күш көбейсе артады,

Аукадан артқа тартады.

Жүзі жұқа үшкір зат,

Одан бірақ қорқады.      (Қысым)

 7- жұмбақ.

Барлық денелерге тән,

Онсыз болмайды сән.

Әр затта болады әр түрлі,

Өлшеуге болады дәл.        (Масса)

 


4 кезең. Аспапты білесің бе? (кестедегі аспап пен физикалық шаманы сәйкестендір).

Аспап атауы

Сәйкестендір

Физикалық шама

динамометр

hello_html_m6b100f4.gifhello_html_m6b100f4.gifhello_html_7c8dfa8a.gifhello_html_m478e7bba.gifhello_html_6c08998f.gifhello_html_30a576b2.gifhello_html_7c8dfa8a.gifhello_html_7c8dfa8a.gif

I

электроскоп

q

амперметр

F

вольтметр

V

мензурка

U

спидометр

ν

барометр

p


5 кезең. Ғалымдарды суреттеп беріңіз ...

Суреттегі ғалымның аты-жөнін атап, физика саласына қандай үлес әкелді?

-Физика заңымен Архимед,
Көрсе де біршама тауқымет, Ғасырбек
Патшаның тәжінің қаншасы,
Таза алтын екенін айтып ед!
-Жатқанда алма ағаш қасында,
Түскен кеп бір алма басына,
Ньютонды әйгі еткен әлемге, Ғасыржан
Тартылыс күші сөйтіп ашылған.
-Физика ғылымдар ғылымы
Заңдары нақты әрі ғұмырлы,
Жас досым мұны біз ұғайық.

Физика құрметтеуге лайық.
-Шытырман физика есебін,
Көп оқып, көп білген шешеді.
Физика үйіңде, тұрмыста, Ақдидар
Неліктен жауады қар қыста?
-Қалайша бұлт пайда болады?
Найзағай тіледі ауаны,
Жарықта қанша түс болады? Ағайын
Қане кім жауабын табады?

6 кезең. Ойлан тап. 1.Тапсырма
Египет жерінде Хеопс пирамидалары бар екендігі белгілі. Бұл пирамидалар біздің ғасырымыздан бірнеше жыл бұрын салынған. Осы пирамидаларды салу кезінде қандай механизмді пайдаланды? Ол қалай жұмыс істейді?( иіндік, рычаг)
2. Тапсырма
1. « Суының ерекшелігі, онда ешқандай тіршілік жоқ. Біз қанша тырыссақ та суға бата алмадық. Ол жердің ынғайлылығы сондай тіпті шалқаннан жатып та кітап оқуға болады» Бұл не туралы айтылған. ( Өлі теңіз туралы)
7. Егер мен Президент болсам, ...

8. Қорытынды жасау.

9. Сергіту сәті.







Бекітемін: Келісемін:

Петропавл орта мектебінің директоры Т І Ж О: М.М.Арыстанбекова

Ж.А. Мустафина

« » қараша 2015 жыл « » қараша 2015 жыл




Петропавл орта мектебі



hello_html_55360abf.gif



Тақырыбы: «Ғажайып бірлік».





Дайындаған: А.С. Мурзабекова













2015-2016 оқу жылы



Автор
Дата добавления 04.01.2016
Раздел Физика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров112
Номер материала ДВ-304853
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх