Инфоурок Другое КонспектыПрезидент күніне арналған салтанатты жиын

Президент күніне арналған салтанатты жиын

Скачать материал

Тулепова Айзада Тлеккабыловна

Тәлімгер

БҚО Бөкей орда ауданы, Жиекқұм ауылы

 

Тұңғыш Президент күні мерекесіне арналған сценарий

1 жүрг.

Бар әлемге шын танылдық міне, біз,
Елін сүйген Елбасы деп білеміз.
Тең аталып Қазақстан - Нұрсұлтан
Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз.

Күнге беттеп бара жатыр көш жүріп,
Елдің даңқы бар жаһанға естіліп.
Елбасын құрметтейтін ерекше
Армысыздар, ақ пейілді көпшілік!

2 жүрг.

Азаттық пен елге қонды тосқан бақ,
Қазақ елін мойындауда дос таңдап.
Елбасының еңбегімен нұрлана
Қазағымның мерейі тұр аспандап.

Елі үшін олжа салып қиырдан,
Ықпаған еш ауыртпалық, қиыннан.
Мерекеңіз құтты болсын көпшілік
Елбасының құрметіне жиылған!

1 жүрг.

Ардақты ағайын, 1991 жылы 1 желтоқсанда алғаш рет Қазақ ССР Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтіп, ол сайлауда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ел Президенті болып сайланғаны баршамызға мәлім. Яғни, өз тағдырын өзі айқындауға алғашқы қадам жасаған Қазақстан үшін 1 желтоқсан – мемлекеттілік тарихының мерейлі күні саналуға орны лайықты.

2 жүрг.

 Жоғары Парламенттің бекітуімен 2012 жылы 1 желтоқсан Қазақстанда алғаш рет – Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мереке ретінде аталып өтіп, бұл баршамыз үшін қуанышты оқиға болды. Елбасына деген ел құрметін айрықша айғақтауға арналған бұл мерекенің дәстүрлік іс - шараға айналуға орны бар екенін шынайы сезіммен айтып өтуге тура келеді.

Елі үшін көтеріп нар жүгін де,
Сенімі нық сезілетін үнінде.
Аты озған дүниедегі дүбірде
Нұрсұлтанмен кім мақтанбас бүгінде?!

1 жүрг.

Қазақстан Мемлекетінің Тұңғыш Президенті күніне арналған мерекелік салтанатты жиын ашық деп жарияланады.


2 жүрг.

 Азаттық, теңдік әлемі,
Шаттыққа елді бөледі.
Тағдыры тарих өрелі
Көк тудың желбірегені!

Салтанатты жиынға еліміздің туы енгізілсін!    (Ту кіргізіледі)

Оқушылар тік тұрыңдар!  Қазақстанның мемлекеттік әнұраны орындалсын!
Г И М Н.

Мектеп оқушыларының монтажы

1 жүрг. Қазақстан Мемлекетінің Тұңғыш Президенті күні мерекесіне байланысты құттықтау сөз мектебіміздің директоры:  Жумагалиева Хиуаз Ерболатқызына  беріледі.

Концерттік бағдарлама
Бір басында кемеңгерлік, даналық,
Елін сүйген елі үшін жаралып.
Сол кісідей болса - болсын әр алып
Адамдықтың аласармас үлгісі
Бір өзінен жатқаны шын таралып
Бүгін Тұңғыш Президенттің күніне
Әсем әнді шырқата бір салалық!

Ән:        Орындайтын:

2 жүрг.

Ауыр күнді артымызға тастауы

  Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.

 Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,

 Елбасымыз Нұрағаңның бастауы

Туды ұстап тура жолға түсіріп,

 Жас Отанның өмірін де түсініп,

 «Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,

 Бір керемет жасады-ау кісілік!

 Елбасымыз саған мәңгі разымыз,

Үлкен-кіші, ағайындар – бәріміз.

«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,

 Сіз біздердің піріміз де, әніміз.

1 жүрг. Елбасы туралы естеліктер айту үшін, сөз кезегін оқушыларға береміз.  (Оқушылар сөз алады)

2 жүрг.

Ел тынысын тереңінен танып кең,
Шарапаты бар адамға дарып тең.
Елбасының есімі бұл тарихта
Қалар анық өшпес алтын әріппен.

Ән: атамекен. Хор

1 жүрг. Салтанатты жиыннан мемлекеттік ту шығарылсын!

Қазақстан Мемлекетінің Тұңғыш Президенті күніне байланысты мерекелік салтанатты жиын жабық деп жарияланады.

Назарларыңызға президент күніне арналған  мектеп өнерпаздарының аздаған мерекелік қойылымын ұсынамыз.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Президент күніне арналған салтанатты жиын"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Клининговый менеджер

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 966 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 17.02.2016 2041
    • DOCX 14.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Тулепова Айзада Тлеккабыловна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Тулепова Айзада Тлеккабыловна
    Тулепова Айзада Тлеккабыловна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 17118
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой