Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Презентации / Презинтация по казахскому языку на тему "білім беру технологиясы"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

Презинтация по казахскому языку на тему "білім беру технологиясы"

библиотека
материалов

Білім беру технологиялары туралы түсінік

Оқушыларға нәтижеге бағдарланған білім берудің көзі оқу-тәрбие үрдісіне білім беру технологияларын енгізу, оқушылар қызметін ұйымдастыру.Білім беру технолгиялары –бұл:

1.Оқытудың жоспарланған нәтижесіне жету үрдісін суреттеу/И.П.Волков/

2.Оқу үрдісін жүзеге асырудың мазмұнды техникасы/В.П.Беспалько/

3.Өнер, шеберлік, біліктілік,жағдайды өзгерту,қайта өңдеу әдістерінің жиынтығы/В.М.Шпель/

Педагогикалық технология – ғылымда оқытудың тиімді жолдарын зерттеуші және оқытуда пайдалынатын әдістердің, принциптердің жүйесі, сондай-ақ оқытудың нақты үрдісі ретінде қызмет атқарады.

Білім беру технологияларының мақсаты:

1.Оқушылардың білім,білік дағдысын қалыптастыру;

2.Ақыл-ойын дамыту;

3.Жеке бастың эстетикалық-өнерлілік ортасын қалыптастыру;

4.Жеке бастың өзіндік басқару механизмін жүзеге асыру;

5.Жеке бастың практикалық әрекет ортасын қалыптастыру.

БІЛІМ. БІЛІК.ДАҒДЫ.

Білім- қоршаған ортада практикалық тұрғыда нәтижесі байқалып, оның адам миында нақты бейленелуі.

Білік – жаға немесе өзгерген жағдайға сай білім негізінде белгілі қызметті тиімді атқарудағы жеке бастың қабілеті.

Дағды – бақылаусыз қандайда бір істерді.

Жеке бастың өзіндік басқару механизмі.

1.Қажеттілік :

* өзін-өзі билеу

* өзін-өзі тәрбиелеу

* өзіндік білім жетілдіру

* өздігінен жетілу т.б

2.Бағыттылық :

*қызығушылығы

* көзқарасы

*әлеметтік мақсаты

*бағытының құндылығы

*әлемдік көзқарасы т.б

3. Мен тұжырымдамасы:

*ұнаймын

*қабілеттімін

*керекпін

*істей аламын

*білемін

*басқарамын

*меңгеремін

*АДАММЫН

Жеке бастың практикалық ортасы

1.Еңбек, білім, білік,дағды:-табиғи,-ғылыми,- политехникалық

-арнайы бейінді,-арнайы әзірлігі т.б

2. Еңбек сүйгіштік:-белсенділік-қажеттілік-ықыластық-еріктілік- қызығушылық т.б

3.Еңбекегі өнегелілік:-еңбекке қарым-қатынас

-өзара қарым-қатынас,-ынтымақтастық

-сыйластық ,-нәтижеге жетуге ұмтылушылық т.б

Білім беру үрдісінде жиі қолданыс тапқан білім беру технологияларының түрлеріне тоқталайық.

1.Педагогика ғылымының докторы, профессор Ж.Қараевтың «Деңгейлеп оқыту» технологиясының ерекшеліктері:

Деңгейлеп оқытудың маңыздылығы:

  • Сынып оқушыларының жаппай жұмыс істеуіне жетелейді;

  • Бос іспен айналысатын оқушы болмайды;

  • Әркім өзінің білім деңгейін біліп, оны дамытуға тырысады;

  • Қиындықтарды жеңе білуге дадыланадыжәне пәнді оқып-үйренуге тиянақты қызығушылығы пайда болады;

  • Ізденіс дағдысы қалыптасып,шығармашылық қабілеті дамиды.

Озық технология 4 деңгейден тұрады:

  1. Оқытушылық- үйретушілік деңгей.

Бұл деңгейде оқушылардың жаңа тақырыпта алған білімдерін бекіту,практикада қолдана білуге жаттықтыру.Мұнда заңдылықтарды, ережелерді, формулаларды білуі қажет етіледі.

Тапсырмаларды оқушылар мұғалім берген үлгі бойынша орындай

алады.

2.Алгоритімдік деңгей - базалық минимумды ілімге сәйкес.

Бұл деңгейде үйренушілік деңгейдегі білімін толықтыру, амалдарды орындай және құрастыра алуылары, күрделі материалдарды жүйелілей білуі, алған білімдерін басқа тапсырмаларды орындағанда пайдалана алуы, сол тақырыптарды еркін меңгергені ескеріледі.

3.Эвристикалық деңгей-материалды саналы түрде меңгеру.

Бұл деңгейде оқушылардың меңгерген білімдерін тереңдету үшін танымдық ізденіс, әр түрлі логикалық есептерді талдай , жинақтай алатын салыстыра білуі қажет етіледі.



4. Шығармашылық-деңгей-өз бетімен оқу материалдарын меңгеру.

Құбылысты өз бетімен талдай келіп, шағын шығармашылық тұрғыда зерттеу жұмысын өткізуге баулу, яғни ол оқушыға кішігірім болса да жаңалық ашқандай әсер беруі тиіс, өзі жаңалық ашқанмен бірдей.

  1. Деңгейлеп оқытудағы күтілетін нәтиже:

  • Алдына қойған мақсатына жете алатын оқушы тәрбиелеу;

  • Әр оқушы өз деңгейін, мүмкіндігін, іскерлігін біліп қана қоймай, он ыдамыту;

  • Өз бетімен ізденіс дағдыларын, іскерлік қабілетін жетілдіретін шығармашыл тұлға қалыптастыру.























  1. Педагогика ғылымының докторы Н.А.Оразақынованың «Сатылай кешенді талдау» технологиясы.

МАҚСАТЫ:

  1. Пәндік материалдарды оқушының жас ерекшелігін ескере отырып, ғылыми негізде меңгерту;

  2. Әр ұғымды тани отырып, меңгеруге дағдыландыру;

  3. Оқушылардың танымдық дүниесін қалыптастыру;

  4. Кез келген шаршы топта өз ойын шешен де шебер жеткізе білуге машықтандыру;

  5. Тапсырмаларды шығармашылықпен орындай білуге төселдіру.



Басты ерекшелігі:

  • Оқу материалын меңгерудің жүйелілігі, ірізділігі;

  • Табиғилығы;

  • Дағдыға басым бағыт берілуі;

  • Білімнің базалық деңгейінің барлық оқушылар үшін міндеттілігі;

  • Оқушыға өз деңгейін тануға ерік беру;

  • Оқушыларға берілетін білімнің саралануы;

  • Оқушылардың өз мүмкіндігіне қарай тек міндетті деңгейден кем емес білім алуға еріктілігі;

  • Оқыту мен тәрбиенің бірлігі.





  1. В.Ф. Шаталов технологиясы

Принципі:

  • Үздіксіз қайталау, кезеңдік бақылау, ірі блоктар бойынша оқыту, трек сигналдарын пайдалану, әрекет негізіне бағыттау;

  • Жекелей әрекет жасау;

  • Ізіктілік;

  • Күш түсірмей оқыту;

  • Түзету, жетістікке жетелеу, болашағын ашу, өсуге ұмтылдыру;

  • Жетістіктің жариялылығы;

  • Тәрбие мен оқытуды байланыстыру;

Мақсаты:

  • Білім, білік , дағдыны қалыптастыру;

  • Жеке ерекшеліктерін ескере отырып,барлық балаларды оқыту;

  • Жеделдете оқыту.



Технологияның мазмұндық ерекшелігі:

1.Материалдар іріліндіріліп беріледі;

2. Блоктық түрде беріледі;

3.Оқу материалдарын тірек сызбалары –конспектілеу арқылы беру;

4.Берілетін ақпаратты . ойды айқын бейнелейтін тірек конспектісі арқылы жүзеге асыру.













5.«Ұжымдық оқыту» технологиясы

МАҚСАТЫ:

Әр оқушының қабілетін дамыту, еңбек етуге баулу, ұйымшылдық қабілеттерін ояту, ынтымақтастыққа тәрбиелеу, өзін-өзі басқаруға, байқампаздыққа жетелеу.



ЕРЕКШЕЛІГІ:

1.Жекелей оқыту;

2.Жұптық оқыту;

3.Топтық оқыту;

4.Ұжымдық оқыту.

Оқушы-оқушы

Оқушы-оқытушы

Оқушы-үйретуші міндеттерін атқарады

ТАЛАПТАРЫ:

  • Әр оқушының еңбегі пайдалы болуы керек;

  • Өзінің ғана емес басқаның да еңбегіне жауапкешілікпен қарау;

  • Өзі оқи отырып өзгені оқыту;

  • Түсінбегенді түсіндіру, меңгергенше меңгерту.

ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ЖҮРГІЗІЛУ КЕЗЕҢДЕРІ:

  1. Тасырмаларды даярлау кезеңі:

  • Берілген тапсырмамен танысу;

  • Шағын бөлімдерге бөлу;

  • Әр бөлімдерге ат қою;

  • Жоспар құру;

  • Жоспарға сүйене отырып, текст мазмұнын меңгерту;

  • Тексеру сұрақтарын даярлау.

  1. Тапсырманы екінші оқушыға түсіндіру кезеңі:

  • Тақырыптың мақсатын баяндау;

  • Жоспармен таныстыру;

  • Мазмұнын түсіндіру;

  • Бақылау сұрақтары бойынша түсінгендерін зерттеу.

3.Өз бетінше жаттығу жазу, тәжірибе жасау, есеп шығару, шығарма

жазу, түсінгенін баяндау кезеңі.

ТӘРБИЕЛІК МӘНІ:

  1. Өзін-өзі басқару;

  2. Өзіне-өзі қызмет ету;

  3. Жауапкершілікті сезіну;

  4. Басқаның еңбегін бағалау;

  5. Ұқыптылық;

  6. Белсенділік;

  7. Адалдық;

  8. Байқампаздық;

  9. Ынтымақтастық;

  10. Ұжымдық;

  11. Зейінділік:

  12. Ізгіліктілік.















6.САРАЛАП ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ.

Сралап оқыту-бұл:

Оқу үрдісінде мұғалімдердің оқушылардың білімдерін есепке ала отырып жұмыс істеуі.

Әр түрлі топтарды оқыту үрдісіндегі жалпы дидактикалық жүйенің бөлімі. Конгентивтік ерекшеліктерін еске алу мақсатында әр түрлі мектептер мен сыныптар, топтар үшін оқытудың жағдайларын құру.

ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ МАҚСАТЫ:

Әр кімді мүмкіндігіне са йоқыту.Әр түрлі топтағы оқушыларды ерекшелігі бойынша оқуға бейімдеу.

СИПАТЫ БОЙЫНША МЫНАНДАЙ ТҮРЛЕРГЕ БӨЛІНЕДІ:

-жас ерекшелігі бойынша;

-жынысына байланысты;

-қызығушылығы бойынша;

-ақыл-ой деңгейінің дамуы бойынша;

-тұлғалық-психологиялық типтері бойынша;

-денсаулық деңгейі бойынша.

ЕРЕКШЕЛІГІ:

-үлгерімі жақсы оқушыға көңіл бөлініп, үлгерімі нашар оқушыларға көмектесу мүмкіндігі туады;

-деңгейіне байланысты балармен тиімді жұмыс жүргізу мүмкіндігі болады;

-жақсы оқитын оқушының тереңірек білім алуына жағдай туады;

-оқушылар қабілеті арталы;

-әлсіздер оқу мүмкіндігіне ие болады;

-деңгейлері бірдей оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде қиындық кездеспейді

7. ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫ ТЕХНОЛОГИЯСЫ.

МАҚСАТЫ:

Талап ету педагогикасынан қарым-қатынас педагогикасына өту.Балаға ізгілік тұрғысынан қарау. Оқыту мен тәрбиенің бірлігін қарастыру.

ЕРЕКШЕЛІГІ:-мұғалім де оқушы да субьект болады;

-басымдылық көрсетілмейді;

-бірлік одақта қызмет етеді;

-мектеп ұжымы арасында өзара ынтымақтастық орнайды;

-балаға жеке ізгілік қарым-қатынас тұрғысынан қарау;

-қоршаған орта педагогикаланады.

8.БІЛІМ БЕРУДІ ІЗГІЛЕНДІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ: /Ш.А.АМАНАШВИЛИ бойынша/

МАҚСАТЫ:Баланың жеке қасиетін аша отырып, азамат етіп тәрбиелеу. Баланың жаны менжүрегіне жылылық ұялату, танымдық күшін қалыптастыру және дамыту, білімін кеңейтуге, тереңдетуге жағдай жасау.

ЕРЕКШЕЛІГІ:

1.Ынтымақтастық педагогикасы тұжырымдалады;

2.Бала психикасы дамуға, есеюге және еркіндікке құштарлығын қалыптастыру;

3.Әсемдікті , әдемілікті сезіну, қабылдау;

4. Рухани жетілдіру;

5.Ізгілікті жеке қарым-қатынас жасау;

6.Ата-анамен бірлесіп жұмыс істеу;

7.Оқыту мен тәрбиелеудің бірлігінің жүзеге асуы.

9.С.Н.ЛЫСЕНКОВАНЫҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ.

Тірек сигналдарын пайдалана отырып, перспективалық жеделдете оқыту.

МАҚСАТЫ:

Білім,білік, дағдыны қалыптастыру, стандартқа бағыттау. Оқушылардың барлығын табысты оқыту.

ЕРЕКШЕЛІГІ:

  1. Педагогикалық ынтымақтастық

  2. Тұлғалық қарым-қатынас;

  3. Оқу материалдарының мазмұнының жүйелілігі;

  4. Материалдардың сабақтастығы;

  5. Сралау , тапсырманың әр оқушыға жеткізілуі,

  6. Білетін оқушы арқылы білмейтін оқушыны оқыту;

  7. Түсінбегенді қайта түсіндіру;

  8. Қталесуден қорықпау.

ӘДІСТЕМЕЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕР:

-Үйге тапсырма жаға материалдар бойынша тек әркімнің өзіндік жұмыс орындауы үшін тиімділігіне қарай беріледі;

-Ережелерін түсінбей жаттауға оқушыларды дағдыландырмау;

-Оқу жылдарының аралық байланысы;

-Ата-аналармен өзара әрекеттестікте болу;

-Мұғалімге оқушыны үйретуге, ал оқушының үйренуіне мүмкіндіктің берілуі;

ТӘРБИЕЛІК МӘНІ:

-Мейрімділік;

-Өзара көмек;

-Ұйымшылдық;

- Табысқа жетуге ұмтылу;

-Толық дербестілік.

10. СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ӘРЕКЕТІ.

СТО- оқу-тәрбие үрдісінде жеке тұлғаға әсер етеді:

1.Танымдық қабілетіне,

2.Еріктік үрдісіне .

3.Сезімдеріне .

4.Эмоцияларына.

Пәндік білімдерін талдап топтастыру іске асады. Маңыздылығы бойынша топтастыру нәтижесі төмендегідей болады:

  • Әдістердің түрлілігі;

  • Белсенді практикалық іс әрекетте болу;

  • Басқалармен қарым-қатынас жасай білу, басқаларды тыңдай білу;

  • Қажет болса өз көзқарасын өзгерту;

  • Топтық тұжырымға келу;

  • Топ алдына шығып, өз тұжырымын айта білу;

  • Мәтіннен негізгі ойды бөліп ала білу;

  • Өз көзқарасын қорғай білу;

Осылар арқылы оқушылар бойында:

  • Өздігінен білім ала білуі;

  • Сын тұрғысынан ойлау іскерлігі жүзеге асады;

  • Кейбір әдістемелік тәсілдерді дағдыға айналдыру қабілеттері қалыптасады;

Оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілеттері дамыған сайын оларда төрт праметрдің көрсеткіші өседі: жекеден-жалпыға, дифференциалдыдан-сенімділікке,интуициядан-логикалыққа, бір перспективадан- көптеген перспективаға. Бұл көрсеткіштерді өсіру үшін:

  • Өз бетінше тұжырым, қорытындыға келу қабілетін;

  • Ұқсас құбылыстар арасынан тиімділерін таңдай білуін;

  • Проблеманы шеше білуін;

  • Пікірталасты жүргізе білу қабілеттерін қалыптастыру қажет.


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 04.02.2016
Раздел Другое
Подраздел Презентации
Просмотров262
Номер материала ДВ-413780
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх