Инфоурок Всеобщая история Другие методич. материалыПрезинтация по педагогике "А " есеп

Презинтация по педагогике "А " есеп

Скачать материал

Тізбектелген сабақтар топтамасына  Оқыту мен оқуда Ақпаратық-Коммуникациялық технологияларды қалай қолданғаны жайлы    рефлексивтік есеп  

              Үш білім саласының қиылысуы ортасында Технологиялық, педагогикалық және мазмұндық білім ТПМБ орналасқан . Осы тәсілді алғаш рет  2006 жылы Мишра және Келер қарастырады, олардың айтуынша , егер жаңа технология оқуды жақсарту жағына өзгертуге қабілетті болуға тиіс болса, онда жоспарлау үдерісі пәннің ерекше білімдерін ықпалдасуын қамтуы керек . Яғни осы ақпаратық-комуникативтік технологияны қолдана отырып оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын оятуға болатындығын меңзеген. Мен бұл теоретиктерге сүйене отырып тізбектегі  төр сабағыма да бұл модулді көп қолдандым. Нәтижесінде мен оң нәтиже алдым. Оқушылардың саббаққа деген қызығушылықтары артты.Қазақ елінің тарихын №27 Шәкәрім атындағы жалпы орта мектебінде 4 жылдан бері оқушыларға тәлім- тәрбие, білім беріп келем.  Қaзaқстан Рecпубликacының  педaгог қызмeткeрлeрінің біліктілік арттыру курcтaрының үшінші дeңгeй бaғдaрлaмaсындa оқып жүріп тізбектелген сaбaқтaн  оқушылaрдa және өзім де үлкен әсер алдым. Төрт тізбектелген сабағымда Нұсқаулық кітабында көрсетілген жеті модульдің  ішінде көп қолданғаным оқыту мен оқуда ақпараттық – коммуникациялық технологиялардың  ( бұдан әрі – АКТ ) білімді бағалау және пайдалану жүйесін де уақтылы немесе сабаққа көп кіріктірілді. ( Мұғалімге арналған нұсқаулық 61 бет).

     Біз ақпаратты не арқылы қабылдап, өңдейміз?

1%- талғам, 1.5% -сипап – сезу, 3.5% - иіс сезу, 11%-есту, 83%-көру. Біз оқығанымыздың 10, естігеніміздің 20, көргеніміздің 30, айтқанымыздың 80, айтып істегеніміздің 90 пайызын есімізге сақтаймыз.

    07.04.2014ж  күні 10 «Б» сыныбында « Қазақстан-ның Ресейге қосылуы қарсаңындағы саяси жағдайы» атты  тақырыптағы сабақ өттім. Сабағымның мақсаты: Қазақ хандығының XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі ішкі, сыртқы саяси жағдайын, қазақ-қалмақ, қазақ-орыс қарым-қатынастарының тиімділігі және шиеленісті жақтарын түсіну дағдысын қалыптастыру.  

     Сабақты бастамас бұрын ұйымдастыру кезеңіне бердім, одан әрі оқушылардың психологиялық ахуалын қалыптастыру мақсатында сергіту сәтін жүргіздім, оқушылардың жүздері жарқырап, көңіл-күйлері жақсы болғаннан кейін сабағымызды жалғастырдық.

Оқушыларды іс-әрекеті мен таңдауына қарай топқа бөлінді.  Әр топқа хандардың есімі берілді. Қасым хан, Хақназар хан, Есім хан және Қасым хан деп төрт топқа бөлінді, әр топта  бес-алты оқушыдан отырды. Әр топта  АКТ жетік меңгерген оқушылар дереу өздерін лидер екенін байқатты.  Үй тапсырмасын сұрамас бұрын оқушылардың естеріне түсіру үшін 2 мин бейне таспаға көз жүгірттік. Бейне таспада ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы қазақ халқының салт-дәстүрі, мәдениетін көрсете отырып оқушылар ой қозғау арқылы топ мүшелері бір-біріне сұрақ қойып, жауап алды. Қасым хан тобы негізінен қазақ халқының «Эпостық аңыз әңгімелер мен ақын жырауларға» тоқталса, Хақназар хан тобы  « ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы қазақ халқының өнері» тоқталды. Келесі Есім хан тобы «Қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрі» туралы айтты және Тәуке хан тобы «Ұлы Жібек жолы және оның тарихы» атты үй тапсырмасы мен жұмыс істеді.

Жаңа  сабаққа көшпес бұрын бейне таспаға кезек бердім. Бейне таспада «Қазақ хандығының Жоңғар хандығымен күресі» көрсетілімі  болды. Осы көрсетілімнен кейін оқушыларға постермен жұмыс істеуге рұқсат бердім.  Постермен сурет салуда әр топтың үлгерімі төмен оқушылар белсене ат салысты..  Төрт топқа төрт түрлі тақырып бердім, Қасым хан тобына «Қазақ хандығының XVIII ғасырдың басындағы ішкі саяси жағдайы» атты тақырып бердім, Хақназар хан тобына «Қазақ хандығының сыртқы саясаты» тақырыбымен жұмыс істеді, ал Есім хан тобына «Қазақ-орыс қарым-қатынастары»тақырып болса келесі Тәуке хан тобына «Қазақ халқының  жоңғарларға қарсы соғысы» атты тақырып тиесілі болды. Жоғарыда айтылған тақырыптар бойынша  Оқушылар сол мезетте қолдарындағы бар АКТ құралдарын  отырып өз постелерін  қорғады.  Осы төрт топтың арасында ерекше АКТ-ны пайдаланған Есім хан тобы болды. Бұл топ тез постермен жұмыс істеп және сымтетік арқылы ғаламтордан тақырыбына байланысты  1,5 мин бейне таспа көрсетілімі ұсынылды.  (Бейне таспа, сымтетік, интернет). Оқушылар әрі кітаппен жұмыс істей отырып, көзбен көрген бейне таспа арқылы постермен жұмысы өте керемет болды деуге болады.

Сабақты бекіту барысында  интерактивті тақтадан әр топқа тесттік сұрақ-жауап берілді

Бірінші сабағымда басқа  да әдіс-тәсілдерді пайдаландым (Сематикалық карта, топтық жұмыс, тренинг және сұрақ-жауап). Келесі сабаққа оқушыларға үйге тапсырма ретінде «Жау жүрек мың бала» фильмін көруді ұсындым. Топ лидерлеріне болса келесі сабаққа слайдты дайындап келуін айттым.

 Сабақтың соңында интерактивті тақтадан «Бүгінгі сабаққа рефлексия» жасауын ұсындым, оқушылар тез мезетте әр оқушы үш стикерге: 1.Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдым? 2.Не үйрендім? 3. Не үйренгім келеді? - деген сұрақтарға жауап алдым. Оқушылардың рефлекция жазу барысында байқағаным, шәкірттерімнің білімге деген құштарлығы зор екенін байқадым. Не үйренгім келеді? Деген сұраққа сыныптың 85% сабақ жарыс түрінде өткені өте қызықты және оқушыларға көбірек еркіндік беруін, АКТ – ны көбірек пайдалануын ұсынды. Дональд Шонның «Рефлексивті  практик: кәсіби іс – әрекетте қалайша ойланады» (1983ж).  (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 53- бет).

Алғашқы сабағымда  ( «Алғаш рет 2006 жылы Мишра және Келер қарастырған, яғни олардың айтуынша, егер  жаңа технология оқытуды жақсартса жоспарлау және білімдерін жетілдіруге болады дейді» Мұғалімге арналған Нұсқаулық 65 бет ). Үш білім саласы қиылысуы; технологиялық, педагогикалық және мазмұнды сабақты көрдім.

Екінші сабағымды  10.04.2014ж күні  10 «Б» сыныбында «Қазақстанның Ресейдің құрамына кіруі» тақырыбында  сабақ өттім. Сабағымның мақсаты:  Қазақстанның Ресейге қосылу қарсаңындағы саяси жағдайды және қазақ халқының алдында тұрған міндетін, саясатын көрсету. Сабаққа оқушылар топпен жұмыс жасап, сыни тұрғыдан ойлана білу, денгейлік тапсырмалар орындау.    Екінші сабағымды оқушылардың сұранысы бойынша тесттік тапсырмалар көбірек болуын  және  сабақ жарыс түрінде болуын  жоспарладым. Сол себепті  сабағым ұйымдастыру кезеңінен бастап оқушылар үйде жасап келген тест тапсырмаларын бір-бірінен ауысып жұмыс істеді.  Сергіту сәтінің өзінде оқушылар дөңгелек болып отырып, өздері дайындаған сұрақ-жауап арқылы  бір-бірінен үй тапсырмасын сұрады және мен оларды сырттай бақылай отырып бағаладым, оқушылар әрбір дұрыс жауапқа қолпаштап отырды. Мысалы ретінде «Жау жүрек мың бала» фильміне қысқаша тоқталды. Алдынғы сабақта берілген үй тапсырмасы сұралды. Оқушылардың үлгеріміне байланысты төрт топқа бөле отырып, оқушылардың есімдері интерактивті тақтадан шығып отырды.  Топтардың аттарын сол тақырыпқа байланысты қойдым: 1.Алаш 2.Ұлы жүз 3.Орта жүз 4.Кіші жүз. Әрбір топқа ғаламтор немесе WI-FI қосылған ноутбук қойдым. Оқушыларға ғаламторға кіре отырып ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы Қазақ елінің  картасын көріп қазіргі замандағы Қазақстан Республикасының картасын салыстыруын ұсындым. Әр оқушы өз үйлерін де ғаламтордан өз бетінше ізденіп көрді.

    Жаңа сабақты түсіндірмес бұрын оқушылардың өздері  дайындап келген  бейне таспаны көрсеттім. Осы бейне таспа арқылы  төрт топқа әртүрлі тапсырма бердім. Алаш тобына «Кіші жүз бен Орта жүздің Ресейдің құрамына кіруі»     Ұлы жүз тобына «Қазақ жерін біріктіру жолындағы Абылай ханның күресі»   Орта жүз тобына  «Патша үкіметінің Оңтүстік Қазақстанды басып алуы»  Кіші жүз тобына «Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы» атты тақырыптармен оқушылар постермен жұмыс жасады. Қорғау барысында  оқушылар АКТ-ны  кеңінен пай-далана  отырып жақсы қорғады. Сабақты бекіту барысында  төрт топтың арасынан белсене қатыспаған, осы сабақтың ең үлгерімі төмен оқушыны  ортаға шақырдым. Оқушыны ыстық стөлге отырғызып бір минутта интерактивті тақтадан бірнеше сұрақтар қойылды он   үш сұрақтың жеті сұрағына дұрыс жауап беріп, өз күшімен үш деген баға алды. Оқушыларға сабақтың соңында «Елім-ай» өлеңін қойдым бәрі бірге қосылып айтты. Үй тапсырмасына қосымша ретінде «Көшпенділер» киносын көрулерін ұсындым. («БАҚ құралдарын оқушылар өте тиімді пайдаланды. 17-сурет Web 2.0 құралдары» Мұғалімге арналған нұсқаулық 69 бет ) 

    Үшінші сабаағымды 14.04.2014ж күні 10 «Б»  сыныбы «Ресейдің қазақ жеріне әкімшілік-саяси басқару жүйесін енгізуі» атты сабақ өттім. Сабағымның мақсаты: Орта және  Кіші жүздегі хандық биліктің әлсіреуін және ішкі талас-тартысты пайдаланған патша үкіметінің хандық өкіметті жойып, басқарудың жаңа әкімшілік басқару жүйесін  енгізуін түсіндіру, оның мәнін ашып көрсетуге тырысу.   Сыныпта ұйымдастыру кезеңінен кейін сабақтың тақырыбы өте күрделі болғандықтан оқушылар бір-біріне көңіл-күй сыйлады. Үй тапсырмасын сұрамастан бұрын сыныпты төрт топқа бөлдім,  оқушылардың тек қана білімдеріне ғана  емес олардың мінез-құлқына қарай  ( меланхолик, сангвиник, халерик, флегматик) бөлдім.

Білімділер, Тапқырлар, Алғырлар және Талаптылар деп бөле отырып,  одан әрі сабақты жалғастырдым. Көшпенділер фильмінен үзінді көрсетіліп  пікір-талас жүргізілді. Оқушыларға интерактивті тақтадан  үш деңгейлі тапсырма бердім, үлгерімі төмен оқушыларға суреттер сөйлейді ойыны, үлгерімі орташа оқушыларға жылдар сөйлейді ойыны, үлгерімі жоғары оқушыларға шығармашылық тапсырма берілді.   Бейне таспадан тарихшылардың әртүрлі пікірлерін есте отырып, олардың пікірлерін толықтырып үй тапсырмасын бағалап жаңа сабаққа көшуді ұйғардым.

Жаңа сабақты төрт топтың оқушыларына әртүрлі тапсырмалар бердім. « Білімділер» тобының интерактивті тақтадан ұяшықтың таңдалуына байланысты  «Жарғы бойынша сот істері қалай құрылды?»  деген сұрақ берілді. «Тапқырлар» тобының ұяшық таңдауынан кейін «1867-1868жж әскери реформаның орнауы» деген тақырыпша берілді.  «Алғырлар»  тобына «1886-1891 жылдардағы реформалар бойынша қандай жаңалықтар болды?» деген сұрақ берілді. «Талаптылар» тобына «Қазақстанның аумағына үш генерал-губернаторлық құрылуы» туралы тақырыпша берілді. Оқушылар сол  арада постермен жұмыс істеуге кірісті. Оқушылар постермен іс жасау барысында тақырыпқа байланысты   интерактивті тақтадан  бейне таспа көрсетілді. Оқушылардың жұмысына ешқандай кедергіні көрмедім, қайта постермен жұмысы және қорғауы өте керемет болды. Мысалы:

 «Білімділер» тобының репартеры қорғау барысында бейне таспадан көрген бейне сюжетті аргумент әрі факт ретінде алды. Яғни бұл топтың оқушылары өз кейстерін жақсы қорғады десек болады. Басқа ғалымдардың дереккөздерін өздерінің түсінігі бойынша бұрмалап және басқа топтың оқушылары да бір-бірін түзеп отырды. ( Мұғалімге арналған нұсқаулықтағы 68 беттегі wiki-пайдаландық).

     «Тапқырлар» тобының репартеры басқа оқушылар постермен жұмыс жасап жатса, ол сымтетіктен интернетке кіріп электрондық сабақты ашып тақырып бойынша құлағына наушник тағып тыңдап отырғанын байқадым. Мұнда мен түсінгенім Қалай тыңдау керек? Деген қағиданы көрдім, бұл жерде оқушы web-сайтын пайдаланғанын айтуға болады. (Мұғалімге арналған нұсқаулықтың, 66 бетінде).

     «Алғырлар» тобы да басқа топтарға қарағанда олар бір ерекше қорғады,  бұл топ интерактивті тақтаның флипчарт програмасын  ерекше қолданысқа енгізді.

      «Талаптылар» тобы өз тақырыптарын  «БАҚ жарнамалық роликтер» арқылы  қорғау барысында тиімді пайдаланды. (Мұғалімге арналған нұсқаулық 70 беттен).

       Сабақты бекіту барысында интерактивті тақтадан ұяшықтар шығып топ мүшелері тез таңдап, дұрыс жауап беруге тырысты, подкасттар интерактивті тақтада пайдалануға болады екен. Оқушылар сабақты бекіту барысында өз пікірлерін білдіре алады. (Мұғалімге арналған нұсқаулық 67 беттен).

       Сабақтың соңына қарай әр топтың бақылаушыларына сөз беріп реформаның тиімді немесе тиімсіз жақтарын айтып өтті. Оқушылардың  өзін-өзі бағалауынан кейін, үй тапсырмасын беріп, содан кейін сол күнгі сабаққа рефлекция жасалды. Кейінгі сабаққа оқушылар отырған топтарында жұмыс істеуін және үй тапсырмасына сұрақтарды, тест тапсырмаларын слайдқа өздері дайындап келуін,  күнделікті бейне таспа көруіне байланысты оқушылар сабаққа ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ халқының өмірін көрініс ретінде қойылым жасауды өз еріктерімен  ұсынды. Мен үшін қуанышты жағдай болды.

  Төртінші сабағым 17.04.2014ж. күні 10 «Б» сыныбында өткіздім. Сабақтың тақырыбы:  «Қазақстанның Ресей империясының шикізат базасына айналуы». Сабағымның мақсаты: Қазақстан Ресей империясының отарына айналғаннан кейінгі, оның ауыр және жеңіл өнеркәсібі үшін басты шикізат көзіне айналғанын, сауданың дамығанын түсіндіруге ықпал етемін. Тізбектелген сабақтың соңы болғандықтан оқушылардың өздері тез-тез бір-біріне сәттілік айтып, сабағымызды бастадық. Үй тапсырмасы ретінде әр топ өздері слайдқа тесттік тапсырма дайындап келіпті, сұрақ-жауап барысында бір-бірін қолпаштап отырды. Келесі кезек өздерінің сұранысы бойынша көрініс дайындап келіпті. Әрбір топтың көріністері ерекше тарих дерек көздеріне сүйенген, адамдардың аттары жақсы алынған, қойылымдардың уақыты екі минуттан аспады.  Топтардың арасында кішкене уақыттың ішінде көріністі бейне таспаға түсіріп келгені өте ерекше көрініс тапты. Оқушылар АКТ-ны ұтымды пайдаланғаны көрініп тұр. Сайланған төрт лидердің білімдерін тексеру үшін оқушылар, топ лидерлерін ыстық стөлге отырғызды. Интерактивті тақтадан жаңа тақырыпқа байланысты тосын сұрақтар қойылды. Жаңа сабаққа көшпес бұрын әдеттегідей мен шәкірттеріме бүгінгі сабаққа байланысты бейне таспаны қойдым. «Білімділер» тобына «Қазақстанның Ресей жеңіл өнеркәсібінің шикізат базасына айналуы». «Тапқырлар» тобына «Қазақстанның Ресей ауыр өнеркәсібінің шикізат базасына айналуы». «Алғырлар» тобына «Сауданы дамуы, жәрмеңкелер», тақырыпшалар берілді және оқушылар дереу мен айтпай постермен жұмыс бастап кетті. Ал репартерлармен хатшылар өз жұмыстарына кірісті, Репартерлар мен бақылаушылар ғаламторға кіріп материалдар іздеп отырды және жазды. Хатшылар мен таймкиперлер  және лидерлер постермен жұмыс істей бастады.  Қорғау барысында репартерлар берілген тақырыпшаның әрбір сөзіне дефиница беріп, сол тақырыпты қорғау барысында өте тиімді дерек көздеріне сүйене отырып қорғады, топ мүшелері жаңа тақырыпқа байланысты, кітап ішіндегі материалдан бөлек, ғаламторға жүгіне отырып жаңа аргументтер мен факттер тапты.

Жыл сайын өткізілетін жәрмеңкелерді оқушылар жеке-жеке айтып өтті

Тайынша көлі /Петропавл маңы/

Константинов /Ақмола/

Петров /Атбасар/

Қоянды /Қарқаралы/

Шар /Семей/

Қарқара /Жетісу/

Әулиеата /Сырдария/

Ойыл, Темір /Орал/

Жаңа сабаққа қорытынды жасалып, бекіту сұрақтары оқушыларға қойылды: 1.Патша өкіметі Қазақстанды шикізат базасына қалай айналдырды?

2.Ресейдің жеңіл өнеркәсібі үшін Қазақстан шикізат көзі болғанын немен дәлелдей аласыңдар?

3.Қазақстанда қандай кен орындары болды?

4.Кен орындарының Ресей үшін қандай маңызы болды?

5.Қазақстанда капиталистік қатынастардың екеуін неден көруге болады?

6.Жәрмеңкелердің қандай экономикалық маңызы болды?

   Бұл сұрақтар топта көп сөйлемеген оқушыларға қойылды.

   Топ лидерлерін бағалау парақшаларымен ортаға шақырып топ мүшелерін қалай бағалағанын жеке-жеке түсіндіріп берді. Бұл сабақта барлығы сумативті бағасын алды. «Мұғалімдердің жазбаша немесе ауызша түрде бағалау» (Александр 2001ж) (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 56 – бет.

    Үй тапсырмасы ретінде оқушыларға №32 Қазақстанның Ресей империясының шикізат базасына айналуы  оқып келу және 20 тесттік сұрақ дайындауын бердім және қазақ тарихына байланысты ХІХ ғасырға тиесілі бейне фильмдер болса тауып көру. Мысалы: ХІХ ғасырға қатысты Шоқан Уәлиханов немесе Абай Құнанбаев, Исатай мен Махаббет т.б. сол сияқты бейне фильмдерді ұсындым.

   Рефлекция

Сабақ не туралы болды?_____________

Бүгінгі сабақ саған ұнады ма?__________

Бұл сабақта мен үшін не қиын болды?___

Бұл сабақ мен үшін неге қиын болды?________

Бұл сабақ қиындықтарды ненің көмегімен еңсердім / еңсере аламын?____________
    Рефлекция барысында оқушылардың елу бес пайызына сабақ қиын болмағанын, жиырма пайызы жылдардан шатасқанын,  он пайызы тұлғаларды жаттау қиын болды десе, қалған оқушылар кейбір тапсырмалар барысында қиналғанын, бірақ үйде тереңірек дайындық болса мұндай қиындықтардан құтылуға болатынын айтып өтті.

     Сыныбымның оқушылары айтуынша тарих сабағында құлақпен естигеннен бір рет көрген және өзіміз ізденгеніз дұрыс деп айтты. Тек қана оқушылар дұрыс бағыт – бағдар беру керек.  Менің таңдаған оқушыларым 10 сынып болды, сол себепті оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты шығар АКТ-ны көп пайдаланғаным. Мұндай оқушыларға тез өзгеріп тұратын және қызықты ойындар мен бейне таспаларды пайдаландым.

    АКТ-ны қалай қолдану керек?

   Технологиялық білім сыныпта АКТ-ны қолдану жөніндегі білімдерді қамтиды. Мектептегі технологияларға мыналар жатады:

Теледидар бағдарламасы;

Сандық теледидар;

Интернет/WWW

Ұялы телефон;

Ұтқыр қондырғылар;

Компьютер/ноутбук. (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 65- бет).

 

Ақпаратты есте сақтау көрсеткіші

Материалдарды ұсыну әдістері

Үш сағаттан соң

Үш күннен соң

Бір жылдан соң

Лекция + Әңгіме

70%

10%

3%

Көрсетілім

72%

20%

13%

Лекция+Көрсетілім

85%

65%

33%

Әңгіме+Көрсетілім+Практика

98%

95%

75%

       Келешекте осы сабақтардан кейін, өзіме үлкен жоспар қойып жас ерекшелігіне қарап тарих сабағын қызықты, әрі оқушыларды тәлім-тәрбие мен білімге шақыруға тырысам.

    Сыныбымдағы үлгерімі ең төмен оқушы Алпыс Мараттың сөзімен аяқтасам:

Мен естимін де, ұмытамын.

Мен көремін де, есіме сақтаймын.

Мен істеймін де, түсінемін.

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.      Мұғалімге арналған нұсқаулық,      2012ж

2.      Қазақстан тарихы, 10 сынып, Алматы «Мектеп» 2010ж  

 

 

 

          

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Презинтация по педагогике "А " есеп"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Мастер зеленого хозяйства

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 192 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.11.2015 765
    • DOCX 34.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ешентаев Жанболат Абдухакимович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 27
    • Всего просмотров: 34638
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по истории в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 111 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по истории в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 57 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 191 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету "История" в условиях реализации ФГОС СОО

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 170 человек

Мини-курс

Основы русского языка: морфология, синтаксис, лексика

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 13 регионов
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Мини-курс

Патологии нервной системы у детей: от перинатального периода до нарушений поведения

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 26 человек

Мини-курс

Основы психологических трансформационных игр

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 55 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 32 человека