Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Русский язык и литература / Тесты / Прикладного курса по подготовке к ЕНТ по русскому языку (11 класс)

Прикладного курса по подготовке к ЕНТ по русскому языку (11 класс)


  • Русский язык и литература

Поделитесь материалом с коллегами:

ЭССЕ

Жаңа мұғалім – жаңа ұстаным.

«Ұстаз… жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын,  ешнәрсені ұмытпайтын… алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі…, мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ…, жұрттың бәріне… жақсылық пен ізгілік көрсетіп…қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек.»

Әл-Фараби.


Білімнің жаңа үлгісі өзіне сәйкес жаңа мұғалімдерді талап етеді. Ол шығармашылықпен жұмыс істей алатын жеке тұлға, педагогикалық қызметтің барлық келеңді-келеңсіз жақтарын зерттеп меңгеруге ынталы, өзінің пәнін жетік меңгерген, кез келген педагогикалық жағдайды өзінің білімділігі, парасаттылығы, ақылдылығы, мәдениетті, іскерлігі, шеберлігі арқасында шеше алатын педагогикалық үрдістің нәтижесін жаңарта алатын мұғалім болуы керек.

Бүгінгі жас ұрпақты оқытып қана қою аз, оны жан-жақты дамыту,жаңаша оқыту, тәрбиелеу қажет. Сондықтан да қазіргі білім беру саласындағы өзгерістерді дұрыс қабылдап, оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, бүгінгі заман талабына сай ұстаз болу мүмкін емес.

Мұғалімдердің ортақ мақсатын – жеке тұлғаны қалыптастыру болса, оқушы бойынан табылатын жақсы қасиеттердің бәрі мұғалімнің  де бойында болуы керек. Мұғалім өз білімін үнемі толықтырып отыруына, оқыту мен тәрбиелеудегі заманауи әдіс - тәсілдермен, ақпараттық құралдарды қолдану тәсілдерін меңгерген шығармашылықпен жұмыс жасауды мақсат ете білуі керек. Мұғалімнің шығармашылық белсенділігін ұдайы арттырып отыру, оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудегі әдістерін ғылыми негізінде жетілдіру – бұл мектепшілік әдістемелік бірлестіктердің басты міндеті.

Ұстаз еңбегі оқушы білімімен өлшенеді десек, ұстаз еңбегінің күрделілігі әрбір оқушы жүрегінен жол таба білуінде. Әрбір баланың бойындағы қабілетті дамыту арқылы өзін, өмірді, әлемді танып білуге, қоғам алдындағы жауапкершілік қасиеттерін сезіндіре білуінде жатыр. Баланың жеке тұлғасын қалыптастыру – оның рухани әлемін байыту, жеке дарындылығын дамыту.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы»  заңының негізігі міндеттерінің бірі баланың интелектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуды  міндеттесе, Қазақстан Республикасының дарынды балаларды анықтап, оларға қолдау көрсетіп дамыту концепциясы шығармашылық қабілетті дамытуға бағытталған білім беру кеңістігін туғызуды талап етеді.

Өйткені қоғамның алға қарыштап дамуы шығармашыл адамдарға байланысты.Бүгінгі күнде оқытудың жаңа технологиялары балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту негізінде білім беруді көздейді.

Қазіргі білім беру ісінің басты шарттарының бірі болып оқушының өзіне керекті мәліметті өзі іздеп табуы және олардың өз оқу траекторияларын өзінің таңдай білуі болып есептеледі.

Сондықтан мен өз сабақтарымда мүмкіндігінше оқушыларды өз беттерімен  ақпараттар іздеуге, қосымша материалдарды ақпараттық-коммуникациялық технологиялар көмегімен анықтай алуға үйретемін.

Нәтижесінде оқушылардың бойынан мынадай өзгерістер байқалды:

·        Ынтымақтастыққа үйренді,

·        Жеке, жұппен, топпен жұмыс істеуге үйренді,

·        Өз ойларын еркін жеткізуге үйренді,

·        Өзіне өзі баға беруге, сыныптастарын бағалауға үйренді,

·        Бір-бірін тыңдауға, талдауға, салыстыруға, сабақты қорытындылауға, қорғауға үйренді.

      Қорыта келе, қазіргі кездегі барлық білім берудің жаңа әдіс-тәсілдерінің алдына қоятын басты мақсаты – білім алушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылығын қалыптастыру болып табылады. Жалпы осы аталған бағдарламаның: оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, талантты және дарынды балаларды оқыту, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу, оқытуды басқару және көшбасшылық модульдерін болашақта да барлық өзімнің сабақтарымда қолданып, белгілі бір нәтижеге қол жеткізуге тырысамын. Бұл модульдердің сабақтарда тигізетін пайдалары өте көп. Сабақтарымыз үнемі мазмұнды, нәтижелі, мағыналы, жан-жақты, оқушыларға қызықты болсын деп тілеймін.

 Ел ертеңі бүгінгі және келешек ұрпақ үшін нақты да нәтижелі, сапалы да саналы жұмыстар атқару – біздің мүдделі мұратымыз.





Автор
Дата добавления 31.03.2016
Раздел Русский язык и литература
Подраздел Тесты
Просмотров82
Номер материала ДВ-572657
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх