Инфоурок Всеобщая история Другие методич. материалыПрикладной курс по истории Казахстана на тему "Тарихи тұлғалар"

Прикладной курс по истории Казахстана на тему "Тарихи тұлғалар"

Скачать материал

Негізгі орта білім беру деңгейінің

5 сыныбына арналған

«Тарихи тұлғалар»

курсының оқу бағдарламасы

 

1. Түсінік хат

 

            1. Бағдарлама Елбасымыздың "20 қадам" стратегиялық мақаласында айтқандай "Қазақстан тарихының жаңа қырлары мен сырларын оқушыларға таныту және патриоттық сезімдерін нығайту басты ұстанымыз" деген сөздерін басшылыққа ала отырып әзірленді.

            2. «Тарихи тұлғалар» факультативтік курсы оқушылардың Қазақстан тарихын игеруге, ұлы тұлғалардың өмірі мен еңбегі, жетістіктері мен ерлігі туралы білімін кеңейтуге тиімді құрастырылған. Сонымен қатар оқушылар тұлғалардың үлгілі өмірінен тәрбие алып, болашақта Қазақстан Республикасының туын биікке ұстап, беделін асқақтатуға бағытталған.

            3. Бағдарлама патриоттық қасиеттері бар және азаматтық борышын ойдағыдай орындауға қабілетті тұлғаны дамытуға бағытталған.

 

            4. Сонымен бірге, ел басшысы Н.Ә.Назарбаев «Ғасырлар тоғысында» атты еңбегінде «Тәрбиенің түп мақсаты – қоғамның нарықтық қарым-қатынасқа көшу кезінде саяси экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, жан-жақты мәдениетті, рухани мәнге ие жеке тұлғаны тәрбиелеп, қалыптастыру» - деп тұжырым жасаған.

            5. «Қоғамсыз адам жоқ, адамсыз қоғам жоқ» - деген қағиданы басшылыққа алатын болсақ тарих беттері ұлы тұлғалар мен батырларға, ғалымдар мен ғұламаларға, саясаткерлерге толы. Олардың жүріп өткен жолын саралау, ұлағатты сөздерін бағалау, өнегелі істерін айшықтау – рухани – адамгершілік мол тәрбиенің қайнар көзі. Сондықтан да белгілі бір тарихи кезеңдерде немесе дәуірлерде халықтың асыл арманын, тілек-мұратын білдіруші де, оларды жүзеге асыру үшін де сол қайраткерлік дәрежеге көтерілген адамдар ізінен сабақ алу – бүгінгі ұрпақтың ісі.

            6. Оқушылар арасында рухани тәрбиені қалыптастыруда тарихи тұлғалардың алар орны ерекше. «Өткенді білмей, келешекті болжау қиын» дегендей тарихи тұлғалардың тарихтағы игі істерін, жағымды қасиеттерін өз бойына қондырып, кеткен кемшіліктерінен сабақ алу да бүгінгі ұрпақтың еншісінде.

            7. Қазақ даласы қай заманда да дарынды, ақылды адамдардан кенде қалған емес. Адамзат тарихының әр ғасырында өз дәуіріне лайықты кемеңгер адамдар өмір сүрген. Олар тек өзі үшін ғана емес, халқы үшін өмір кешкендіктен тарихтан еш уақытта өшпес орнын иемденген. Ұлылардың жүріп өткен жолдары, оған қоса солардың айтқан өсиеттері мен істеген істері рухани тәрбиеге толы.

            8. Адамның өмірге келгендегі басты мақсаты айналаны жазалау, қаралау емес. Керісінше, дүниедегі жақсы-жаманды танып, білім алуға, өзгелерге жақсылық жасауға ұмтылу керек. Халқымыздың біртуар ұлы Абай атамыздың ұрпағына үлгі - өнеге болған қара сөздерінің 19 - шы сөзінде: «Адам ата - анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып, ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды - дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады. Әрбір естелік жеке өзі іске жарамайды. Сол естілерден естіп білген жақсы нәрселерін ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, соны адам десе болады...» деген екен. Олай болса, келер ұрпақтың тарихи тұлғалардың жүріп өткен жолынан алар өнегесі мен рухани тәлім-тәрбиесі ұшан-теңіз, осы адамгершілік құндылықтарды  оқушылардың бойына сіңдіре білу ұстаз - біздің парызымыз болмақ!

            9. Бұл факультативтік курс балалардың жас ерекшеліктеріне және талаптарына сай құрылған.

            10. Бағдарламаның сипаты: адамзат тарихы әр дәуірде, әр кезеңде өздерінің ой-парасатымен, білік-білімімен, кемеңгерлік болмысымен, берісі ұлт дамуына, әрісі әлемдік құндылықтарымыздың молаюына орасан үлес қосқан тұғыры биік  тұлғаларға бай.
Дүниежүзі өркениеттерінің арғы-бергі тарихына көз жүгіртер болсақ, сол тұғырлы тұлғалар адамзат баласына ортақ сауалдарға жауап іздеу арқылы өз ұлтының көкейкесті мәселелерін жалпыадамзаттық таным мен талдау биігіне көтеріп отырған. Соның нәтижесінде ұлттың ойлау шеңберінің шек-шекарасы кеңейіп, оның әдебиеті мен өнерінің, ғылымы мен білімінің, рухани кеңістігінің абырой-беделі әлемдік сипатқа ие болған.
Оның ішінде Қазақстанның мемлекет болып қалыптасуына тарихи қайраткерлердің қосқан үлесі мол. Тарих толқынында есімі елге танымал болған қайраткерлердің өмірі және шығармашылығы алға жетелейді, тәрбие береді.

            11. Курсты оқыту мақсаты:

- коммуникативтік, тілдік, мәдени-танымдық біліктілігі дарыған тұлға даярлауға мүмкіндік туғызу;

- Қазақстан тарихын, рухани және материалдық мәдениетін, тұрмысын таныту, яғни тарихи-мәдени таным біліктілігін қалыптастыру;

- әлемдік тарихи үдерістің құрамдас бөлігі ретінде Қазақстанда адамзат қоғамының даму тарихы туралы білімін қалыптастыру;

- тарихи оқиғалар, құбылыстарды дербес талдай білу, қоғамдық құбылыстарға өзіндік көзқарастарын білдіру, күнделікті өмірде білімін қолдана білу дағдыларын дамыту;

- тарихи деректермен жұмыс жасай білу және тарихи білімдерін шығармашылықпен қолдану дағдыларын қалыптастыру, тарихи оқиғалар мен құбылыстарды салыстырмалы талдау арқылы ой елегінен өткізуге дағдыландыру;

- жас жеткіншектердің Отаны мен халық алдында жауапкершілікті сезінетін азаматтық позициясын қалыптастыру;

- еліне қызмет етуге дайын, Отансүйгіш, қазақ халқының тарихы мен мәдениетін құрметтейтін белсенді азамат тәрбиелеу;

- Тәуелсіз Қазақстан тарихында өзіндік өшпес із қалдырған асыл тұлғалармен таныстыру, олардың жарқын істерін өскелең ұрпаққа үлгі ету.

 

            12. Курсты оқыту міндеттері:

            1) оқушылар бойында тәуелсіздік, ел, жер, ұлттық болмыс, ұлттық таным, ұлттық намыс, ұлттық сана категорияларын қалыптастыру;

            2) "жеке тұлға", "патриот", "азамат", "азаматтық", "азаматшылық", "патриотизм" ұғымдарының адам өміріндегі рөлін көрсету;

            3) оқушыларды Қазақстан тарихындағы тарихи тұлғаларға қатысты деректермен жұмыс істей білуге үйрету және осы саладағы білімін шығармашылықпен дамыту дағдысын арттыру;

            4) оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда өскелең ұрпақты тарихи тұлғалар үлгілерімен, қазақстандық патриотизм мен халықтың ең жақсы дәстүрлері рухында тәрбиелеу бойынша жұмысты күшейту; 

            6) Тәуелсіз Қазақстанның құндылықтарын сақтауға жанжақты ықпал ету.

           

13. Күтілетін нәтижелер:

- тарихи қайраткерлердің өмірі және шығармашылығы туралы мазмұндай алады;

- тарихи тұлғалармен танысып, өз көзқарастарын ортаға сала біледі;

- әлем тарихы бойнша тұлғалардың қосқан үлесін бағалай біледі;

- туған ел, ерлік туралы мақал-мәтелдерді, өлеңдерді мәнерлеп жатқа айта алады.

 

14. Оқу жүктемесінің көлемі:

Аптасына - 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;

 

 

2. Оқу пәнінің базалық білім мазмұны

 

      8. «Тарихи тұлғалар» оқу пәнінің базалық мазмұны төмендегідей тақырыптардан тұрады:

            1) Кіріспе: "Тарихи тұлғалар" курсының мектеп бағдарламасында алатын орны.

            9. Байырғы заманның тарихи тұлғалары (3 сағат):

            1) Сақ патшасы - Тұмар ханша (Томирис) (1 сағат);

            2) Мөде қаған - ғұн мемлекетінің негізін салушы (1 сағат);

            3) Мөде қаған - ғұн мемлекетінің негізін салушы (1 сағат).

            10. Орта ғасырдағы тарихи тұлғалар (2 сағат):

            1) Қорқыт ата, Домалақ ана (1 сағат),

            2) Тоныкөк, Білге қаған (1 сағат).

            11. Орта ғасыр ғұламалары (4 сағат):

            1) Жүсіп Баласағұни ("Құтадғу білік") (1 сағат);

            2) Мұхамед Хайдар Дулати ("Тарихи Рашиди") (1 сағат);

            3) Әбу Насыр Әл-Фараби, Махмұд Қашқари (1 сағат);

            4) Ахмет Иүгнеки, Қожа Ахмет Яссауи (1 сағат).

            12. Қазақ хандығын құрудағы тарихи тұлғалар (5 сағат):

            1) Керей мен Жәнібек (1 сағат);

            2) Қасым хан ("Қасым ханның қасқа жолы") (1сағат),

            3) Есім хан ("Есім ханның ескі жолы") (1 сағат);

            4) Тәуке хан ("Жеті Жарғы" заңдар жинағы) (1 сағат);

            5) Абылай хан (1 сағат).

            13. Атақты жыраулар (3 сағат):

            1) Бұқар жырау (1 сағат);

            2) Ақтамберді жырау (1 сағат);

            3) Тәтіқара (1 сағат).

            14.  Қазақ тарихындағы атақты батырлар ерліктерінен (3 сағат):

            1) Қаракерей Қабанбай (1 сағат);

            2) Шапырашты Наурызбай (1 сағат);

            3) Арғын Ағынтай (1 сағат).

            15. ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы ұлт-азаттық көтерілістер (3 сағат):

            1) Сырым Датұлы (1 сағат);

            2) Кенесары Қасымұлы (1 сағат);

            3) Исатай мен Махамбет (1 сағат).

            16. Атақты қазақ күйшілері (4 сағат):

            1) Дәулеткерей Шығайұлы (1 сағат);

            2) Тәттімбет Қазанғапұлы (1 сағат);

            3) Дина Нұрпейісова (1 сағат);

            4) Құрманғазы Сағырбайұлы (1 сағат).

            17. Атақты әншілер (1 сағат):

            1) Біржан сал, Жаяу Мұса, Ақан Сері(1 сағат).

            18. Қазақ ағартушылары (2 сағат):

            1) А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, Ш.Уәлиханов (1 сағат);

            2) А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ә.Бөкейханов (1 сағат).

            19. Тәуелсіздік тұлғалары (2 сағат):

            1) Нұрсұлтан Назарбаев

            2) Сара Назарбаева, Дариға Назарбаева

            20. Қорытынды сабақ (тарихи-танымдық ойын).

 

 

3. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

 

21. Пәндік нәтижелер бойынша 5 сыныптың соңында оқушылар:

1) Тәуелсіздік тарихын;

2) Елбасының Отанына және елдік мұратқа деген адалдығын;

3) жеке тұлғалық, әлеуметтік, қоғамдық құбылыстар мен дәстүрлердің мәдениеттанымдық негізін;

4) түрлі деректерден тарихи ақпарат алу жүйесін;

5) тақырыптық тарихи фактілерді талдап қорытуды;     

22. Тұлғалық нәтижелер оқушылардың:

1) тәуелсіздік тарихынан тағылым алуынан;
2) азаматтық жауапкершілігінен;
3) ұлттық болмыс, ұлттық таным, ұлттық намыс, ұлттық сана категорияларынан;
4) қазіргі қоғам сұранымына қажет әлеуметтік белсенділігінен;
5) ұлтжандылық қасиеттерінен;
6) қарым-қатынас мәдениетін меңгеруінен;
7) әлем мәдениетіне, зайырлылық пен өркениетке құрметпен қарау дағдысынан көрініс табуы тиіс.
23. Жүйелі-әрекеттік нәтижелер бойынша оқушылар:

1) тарихи үдерістерді дербес талдай білуді, тарихи фактілер, құбылыстар мен тұлғаларға дербес көзқарас білдіру бейімін және тақырыптық негізде түйінді тұжырымдарды жасай білуі;

2) деректермен жұмыс істей білу, оларды саралау, жинақтау және тарихи оқиғаларды бағалау мен осы саладағы білімін шығармашылықпен дамыту дағдысын;
3) мемлекетшілдік ізденістерге, қайраткерлік еңбекке құрметпен қарайтын және елдік дәстүр құндылықтарын жете түсінетін саналылық келбетін;

4) ғылыми ізденімпаздық қабілетін, қазіргі жаңа технологиялар негізінде ақпаратты жүйелеу, өңдей білу, сақтау және тарата білуді қолдана білуі тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Күнтізбелік-тақырыптық жоспар

«Тарихи тұлғалар»

5 сынып

(барлығы – 34 сағат, аптасына – 1 сағат)

 

Сабақтың тақырыбы

Сағат саны

Мерзімі

Ескерту

1

Кіріспе

1

 

 

Байырғы заманның тарихи тұлғалары (3 сағат)

2

Сақ патшасы - Тұмар ханша (Томирис)

1

 

 

3

Мөде қаған - ғұн мемлекетінің негізін салушы.

1

 

 

4

Еділ қаған (Аттила)

1

 

 

Орта ғасырдағы тарихи тұлғалар (2 сағат)

5

Қорқыт ата, Домалақ ана

1

 

 

6

Тоныкөк, Білге қаған

1

 

 

Орта ғасыр ғұламалары (4 сағат)

7

Жүсіп Баласағұни ("Құтадғу білік")

 

 

 

8

Мұхамед Хайдар Дулати ("Тарихи Рашиди")

 

 

 

9

Әбу Насыр Әл-Фараби, Махмұд Қашқари

 

 

 

10

Ахмет Иүгнеки, Қожа Ахмет Яссауи

 

 

 

Қазақ хандығын құрудағы тарихи тұлғалар (5 сағат)

11

Керей мен Жәнібек

 

 

 

12

Қасым хан ("Қасым ханның қасқа жолы")

 

 

 

13

Есім хан ("Есім ханның ескі жолы")

 

 

 

14

Тәуке хан ("Жеті Жарғы" заңдар жинағы)

 

 

 

15

Абылай хан

 

 

 

Атақты жыраулар (3 сағат)

16

Бұқар жырау

 

 

 

17

Ақтамберді жырау

 

 

 

18

Тәтіқара

 

 

 

Қазақ тарихындағы атақты батырлар ерліктерінен (3 сағат)

19

Қаракерей Қабанбай

 

 

 

20

Шапырашты Наурызбай

 

 

 

21

Арғын Ағынтай

 

 

 

ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы ұлт-азаттық көтерілістер (3 сағат)

22

Сырым Датұлы

 

 

 

23

Кенесары Қасымұлы

 

 

 

24

Исатай мен Махамбет

 

 

 

Атақты қазақ күйшілері (4 сағат)

25

Дәулеткерей Шығайұлы

 

 

 

26

Тәттімбет Қазанғапұлы

 

 

 

27

Дина Нұрпейісова

 

 

 

28

Құрманғазы Сағырбайұлы

 

 

 

Атақты әншілер (1 сағат)

29

Біржан сал, Жаяу Мұса, Ақан Сері

 

 

 

Қазақ ағартушылары (2 сағат)

30

А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, Ш.Уәлиханов

 

 

 

31

А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ә.Бөкейханов

 

 

 

Тәуелсіздік тұлғалары (2 сағат)

32

Нұрсұлтан Назарбаев

 

 

 

33

Сара Назарбаева, Дариға Назарбаева

 

 

 

34

Қорытынды сабақ. Тарихи-танымдық ойын

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Прикладной курс по истории Казахстана на тему "Тарихи тұлғалар""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Музыковед

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 891 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 27.08.2016 1159
    • DOCX 30.4 кбайт
    • 11 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кульмаганбетов Бекет Оспанович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 7 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 22766
    • Всего материалов: 11

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету "История" в условиях реализации ФГОС СОО

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 170 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по истории в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 58 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 191 человек

Курс повышения квалификации

Развитие ИКТ-компетенции обучающихся в процессе организации проектной деятельности при изучении курсов истории

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 95 человек

Мини-курс

Современные методики базальной стимуляции и развивающего ухода для детей с тяжелыми множественными нарушениями развития

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эволюция и современное состояние искусства

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы политической науки

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе