Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Прикладной курс по казахскому языку 8 класс.

Прикладной курс по казахскому языку 8 класс.


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Таңдау курсының 

бағдарламасы

«Қызықты грамматика» 


(оқу қабілеті төмен оқушылар үшін түзету жұмыстарына арналған )


3-сынып





Құрастырған: Шалқарбекова Жібек Шактаевна, бастауыш сынып мұғалімі.

Рецензия жазушы: Омаржанова Сәбира Сериковна, бастауыш ӘБ жетекшісі.


Бастауыш сынып ӘБ отырысында қаралды:

Хаттама №2 04.10.2012ж.

Хатшы:__________(қолы)


Мектептің әдістемелік кеңесінде қаралды:

Хаттама №2 10.10.2012ж.

Хатшы:___________(қолы)


ТҮСІНІК ХАТ


«Қызықты грамматика» таңдау курсының бағдарламасы - оқу қабілеті төмен балалар үшін түзету жұмыстарына арналып жазылған. Бағдарлама құру барысында даму мүмкіндігі шектеулі оқушылардың ерекшеліктерін (танымдық, психикалық және тұлғалық) ескере отырып құрылды. Сонымен бірге осы таңдау курсы арқылы оқушылар негізгі пән «Қазақ тілінен» алған білімдерін жетілдіре түседі. Оқушылардың тұлғалық ерекшеліктерін ескере отырып, олардың өз ойларын еркін және дәлелді түрде ауызша да, жазбаша да сауатты жеткізе білуін жетілдіруге бағытталады. 

Ұсынылған бағдарлама Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім беру стандартының талаптарын қамтамасыз етеді.Қоғамның қазіргі кезеңінен туындап отырған сұранысқа орай анықталған мақсаттар мен міндеттер таңдау курсының «Қызықты грамматика» бағдарламасында басшылыққа алынды. Бағдарламаның қысқаша курсында грамматикада тіл құрылысын үйрету, екпін, көмекші сөздер, сөздердің орнын дұрыс қолдануға машықтандыру жұмыстарын орындау міндеттелген. Аталған жұмыстарды орындау барысында тиісті нәтижелерге жету үшін оқытудың бірнеше формалары ( жеке, жұптық, топтық) мен тиімді әдіс-тәсілдері (дидактикалық ойын, көрнекілік, сөйлеу, түсіндіру, сюжеттік-рөлдік ойын, иллюстративтік) ұсынылады.


Өзектілігі: 

- оқушылар қоршаған ортаны тануы;

- естігенін жадына бекітуге, көре білуге үйренуі;

- оқушының оқу мен жазу дағдыларын жетілдіру, пікірі мен өз ойын еркін жеткізе алатын тұлға тәрбиелеу.


Мақсаты: оқу қабілеті төмен оқушылар үшін түзету тапсырмаларын орындату, оқушылардың ауызша және жазбаша тілін дамыту, ой-өрісін жетілдіріп, олардың жеке тұлға ретінде қалыптастыру. Бағдарламада ұсынылған түзету жұмыстарына арналған тапсырмалар оқушылардың сана-сезімін тәрбиелеп, оның білімге деген құштарлығын, еңбек сүйгіштігін, орындалатын жұмысқа деген жауапкершілігін арттыруға бағытталады. 

Міндеттері:

-оқушының танымдық қабілетін дамытып, қызығушылығын арттыру;

-сөйлеу туралы түсініктерін кеңейте отырып,өз ойын жүйелі түрде жеткізе білуге үйрету;

-грамматикалық білім, білік дағдыларын игерту, көркем,сауатты жазуын қалыптастыру.


Күтілетін нәтижелер:

- Ауызша және жазбаша тілін дамытып, ой-өрісін жетілдіру;

- Сауатты , көркем жазуын қалыптастыру;

- Өз ана тілінің қыр-сырын меңгерту, ақыл-ойы, сөйлеу дағдысын дамыту.


Бағдарламаның қысқаша курсында грамматикада тіл құрылысын үйрету, екпін, көмекші сөздер, сөздердің орнын дұрыс қолдануға машықтандыру жұмыстарын орындау міндеттелген. Аталған жұмыстарды орындау барысында тиісті нәтижелерге жету үшін оқытудың бірнеше формалары ( жеке, жұптық, топтық) мен тиімді әдіс-тәсілдері (дидактикалық ойын, көрнекілік, сөйлеу, түсіндіру, сюжеттік-рөлдік ойын, иллюстративтік) ұсынылады.

Ұсынылып отырған таңдау курсының бағдарламасы 3-сыныпқа лайықталып жасалғын. Аптасына 1 сағаттан, жылына 34 сағат.

ТАҢДАУ КУРСЫНЫҢ БАЗАЛЫҚ МАЗМҰНЫ


I-бөлім. Дыбыс пен әріп - 3 сағат.


Орфографиялық дағдылар қалыптастыру, пунктуациялық ережелерді практикалық тұрғыда меңгерту. Көркем жазу дағдыларын қалыптастыру.


II-бөлім. Сөз таптары -3 сағат.


Ауызша және жазбаша сауаттылықтарын қалыптастыру, заттың түр-түсі, сипатын, санын, қимыл іс-әрекетін білдіретін сөздерді сауатты түрде практикада қолдана білу. Сауатты жаза білу.


III- бөлім. Дауысты, дауыссыз дыбыстар- 8 сағат.


Дыбыстардың түрлерін айыра білу. Жуан және жіңішке дауысты дыбыстарды сөздерге дұрыс қолдану, дыбыс әріптерін сауатты түрде практикада қолдану. Дауыссыз дыбыс түрлерін ажырата отырып, әріп таңбаларын сауатты қолдану. 


IV-бөлім. Сөз. Сөз құрамы – 8 сағат.


Сөз және оның құрамын түсіну, түбір мен қосымшаларды ажырату, жазылуындағы ерекшеліктерін ескере білу. Сауатты, көркем жазу машықтарын дамыту.


V-бөлім. Тіл дамыту -12 сағат.


Өз ойларын еркін айта алатын тұлғаны қалыптастыру. Ойларын еркін дәлелді түрде ауызша және жазбаша да сауатты түрде жеткізе білуін жетілдіру. Тілдік жаттығулар, түсініктілік дидактикалық ойындар қолдану арқылы сөйлеу мәдениетін дамыту


КҮНТІЗБЕЛІК – ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР



р/с


Сабақтың тақырыбы


Сағат саны


Мерзімі


Жұмыстың формалары


1


Дыбыс пен әріп


1




Жұптық жұмыс


2


Буын


1




Топпен жұмыс


3


Тасымал


1




Жұптық жұмыс


4


Заттың атын білдіретін сөздер


1




Баяндау, ізденушілік


5


Заттың санын білдіретін сөздер


1




Дидактикалық ойын


6


Заттың сынын білдіретін сөздер


1




Көрнекілік, сызба-тірек


7


У,и әрпінің жазылуы


1




Кесте, тірек-сызба


8


Я, ю әрпінің жазылуы


1




Кесте, тірек-сызба


9


Дауыссыз н мен ң


1




Кесте, тірек-сызба


10


Жуан дауысты дыбыстар


1




Көрнекілік, сұрақ-жауап


11


Жіңішке дауысты дыбыстар


1




Көрнекілік ,сұрақ-жауап


12


Үнді дауыссыз дыбыстар


1




Тірек-сызба, кесте


13


Ұяң дауысыз дыбыстар


1




Тірек-сызба, кесте


14


Қатаң дауыссыз дыбыстар


1




Тірек-сызба, кесте


15


Бұл қай кезде болады?


1




Дидакт. ойын


16


Алфавит


1




кесте


17


Білім деңгейін анықтау


1




Тест тапсырмалары


18


Сөз.


1




Тірек-сызба,көрнекілік


19


Сөз құрамы


1




Кесте, дид.ойын


20


Түбір мен қосымша.


1




Ізденушілік, кесте


21


Сөз таптары


1




Иллюстративті, көрн.


22


Жалқы есім мен жалпы есім


1




Көрнекілік,кесте


23


Сөз мағынасы


1




Кесте, дид.ойын


24


Қарсы мағыналас сөздер


1




Сюжетті-рөлді ойын


25


Мәндес сөздер


1




Иллюстр., кесте


26


Етістік


1




Тірек-сызба, кесте


27


Бастауыш


1




Көрнекілік, дид.о.


28


Баяндауыш


1




Көрнекілік, дид.о.


29


Хабарлы сөйлем 


1




Тірек-сызба,дид.о.


30


Сұраулы сөйлем


1




Тірек-сызба, дид.о.


31


Лепті сөйлем


1




Тірек-сызба, дид.о.


32


Мәнерлеп оқу


1




Сюжетті-рөлдік ойын


33


Тіл дамыту 


1




Иллюстр., дид.ойын


34


Білім деңгейін анықтау


1




Тест сұрақтары




ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


  1. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы.


  2. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.


  3. М.Қоянбаев. «Жалпы бастауыш білім беру педагогикасы» 2005 жыл.


  4. «Қызықты грамматика» жұмыс дәптері. «Алматыкітап» баспасы 2012жыл авторы: З.Муфтибекова.


  5. «Қазақ тілі» өзіндік жұмыстар. 3-сынып Алматы «Өлке» баспасы 2011 жыл.
     


Авторлары:К.Ерешева, Г.Сүйіндікова


Автор
Дата добавления 27.10.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров219
Номер материала ДВ-100670
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх