Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Иностранные языки / Презентации / Primary. Edikation 9 класс
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Иностранные языки

Primary. Edikation 9 класс

библиотека
материалов

PowerPlusWaterMarkObject7766173alibek.u@mail.ru

Алматы облысы

Еңбекшіқазақ ауданы

«Төле би атындағы орта мектеп » мемлекеттік мекемесі






Тақырыбы:   «Ақпыз, сары, қарамыз»





hello_html_15e9ad29.jpg

Сынып жетекші: Шорманова Г Н





2012-2013 оқу жылы

Тақырыбы:   «Ақпыз, сары, қарамыз»

Мақсаты: Көп ұлтты Қазақстан халқының татулықпен, бірлікпен өмір сүріп жатқаны жайлы танымдық ойларын дамытып, өзге ұлт өкілдерін құрметтей білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Нақыл создер, глобус, баспасөз материалдары.

Кіріспе әңгіме.

             -Қазақстанда тұратын жүзден астам ұлт өкілдері тату-тәтті тұрады. Мамыр-достық мерекесі. Бұл-еңбекшілердің халықтық мейрамы, бүкіл дүниежүзі жұмысшыларының ынтымақ күні. Ырыс алды-ынтымақ, достық-түбі береке, мереке дейді.

Айнұр: Мамыр-Қазақстан халықтарының бірлігі күні. Бүкілхалықтық мейрам. Кең байтақ Отанымызда ынтымағы жарасқан жүзден астам ұлт пен ұлыс өкілдері мекендейді.

Айдана: Міне мерекелі мамыр айы да келіп қалды. Мамыр айы-ерекше ай. Ендеше, достым, себебін айтшы.

Айсұлтан: Халқымыздың тынымсыз еңбегінің арқасында ел еңсесі көтеріліп келеді. Сондықтан достық мерекесі бәрімізге де қастерлі күн.

Заманбек: Ия, біздің туған жеріміз алтын бесігіміз Қазақстан кең байтақ. Бір шетінен екінші шетіне жету үшін құс қанаты талады.

Ақсәуле: Қазақстанда тұратын барлық ұлттар еліміздің ашық аспаны мен көкшіл туының астында бейбіт өмір кешіп жатыр. Қазақстанның ынтымақ бірлігі үшін біз шаттанамыз.

Нұрболат: Біздің сәби жүрегіміз бейбітшілікті қалайды. Бәріміз бейбітшіліктің туын жоғары ұстап болашаққа жол бастайықшы.

 Мырзабек қызы Айнұр: Қазақ биі.

Айнұр: Әрбір халықтың бай мәдениеті бар. Ертегілер, аңыздар, салт-дәстүрлер ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырады. Әртүрлі халықтар, әртүрлі ертегі айтады. Әр түрлі бесік жырын жырлайды.Дегенмен, бақыт, әділдік, бейбітшілік жарқын болашақ үшін күрес олардың бәрінің басын біріктіреді.

Ақсәуле: Еліміздің барлық жерінде қазақтар, орыстар, ұйғырлар, өзбектер, татарлар, украиндар, шешендер, дұнғандар және басқа көптеген ұлттардың адамдары тату-тәтті өмір сүріп еңбек етеді. Бұл халықтар түріне, нәсіліне қарамастан теңдей білім алып, Қазақстан Республикасының Ата заңы негізінде өздерінің отанына айналған қазақ еліне барынша қызмет етіп, беделін үстем етіп келеді.

Айнұр: Қазақстан елінің көк байрағын әлем чемпионатында желбіреткен Ольга Шишигина, қазақ тілін ана тіліндей жетік меңгерген Қазақстанның халық жазушысы Герольд Бергер, айтыс ақыны Н.Лушникованы мақтан тұтамыз.

Сабыржан: Ия, кіндік қаны тамған жерінің қадірін түсініп, жергілікті ұлттың мәдениеті мен дәстүрін мойындап келген, қазақстандық бауырларымыз бүгінде қазақ тілін қазақ халқынан кем білмейді.

Сәнжан Ақсәуле: Өзбек биі.

Заманбек: Кең пейілді қазақ халқының дархан даласын жайлаған барша ұлт өкілдері қазақ жерін «Отаным» дейді.

Ақсәуле: Мұндай мақтаныш сезіммен айтылған жалынды сөз жанымызды жадыратады.

Поэзия минуты. Оқушылар Отан туралы өлеңдерін оқиды.

Сана: Жер шарында өмір сүретін халықтар алты құрлыққа бөлінген. Елдер тыныштықпен,бейбітшілікпен өмір сүргісі келеді.Нәсілдікке бөлінбейді.

Көрініс: «Глобустағы алты құрлық бейнесіндегі балалар көрінісі».

Ақпыз,қара,сарымыз,                                                                                                                       Ағайынбыз бәріміз.                                                                                                                           Достық тату өмірге                                                                                                                             Дүние жүзі сенеді.                                                                                                                               Соғыс өртін өшіре                                                                                                                              Бейбітшілік жеңеді.

Мақсым Жанат: Үнді биі.

Қорытынды.

Мұғалім: Балалар, бүгінгі тәрбие сағатымыздан не түсіндіңдер? Елімізде татулық, бейбітшілік болу үшін өздерің қандай үлес қосар едіңдер.
























Алматы облысы

Еңбекшіқазақ ауданы

«Төле би атындағы орта мектеп » мемлекеттік мекемесі









Тақырыбы:   «Адам болғым келеді»



hello_html_mdde256.jpg



Шорманова Г Н







2012-2013 оқу жылы

Адам болғым келеді

Тақырыбы: «Мен Қазақстанның болашағымын»
Мақсаты
: Адам баласының ортақ қазынасы білімге терең бойлап, әлемді таң
қалдыратындай бәсекеге көтерілу үшін күресуге тәрбиелеу
Қазақстанның дамуына үлес қосу үшін күресуге тәрбиелеу.
Оқушылардың болашақ мамандығын айқын да сенімді таңдауына бағыт көрсету
Рухани-адамгершілікке тәрбиелеу, жалпы адами қасиеттерге ие болатын тұлға қалыптастыру

Әдісі: пікірталас.
Көрнекілігі: нақыл сөздер жазылған плакат, интерактивті тақта.
Барысы.
Кіріспе:
Армысыздар, қымбатты ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Мен Қазақстанның болашағымын» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Менің елім-Қазақстан! Бұл әрбір дала перзентінің көкірегінде мақтаныш пен айтатын сөзі.
Елбасы «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса,қазақтың ұлттық мемлекетінің нығайып көркеюі жолында жан теріңді аянбай жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі екеніңді ұмытпа»,-дейді. Расында да, болашақта өз елінің қожасы да, иесі де өздеріңізсіздер. Сіздер жаңа ғасыр, жаңа мыңжылдықтың жас ұрпағы, егеменді еліміздің ертеңісіздер.

Сіздер-еліміздің экономикасын, мәдениетін, білімін көтеретін азаматсыздар. Жаңа дәуір көшін жалғастыруға, халқымыздың әл-ауқатынның артуына, еліміздің көркейіп нығаюына үлес қосу, басты борыштарыңыз деп санаймыз.
Бұл ғасыр-білім ғасыры. Еліміздің дамуы үшін Қазақстанды әлем танитындай бәсекеге қабілетті ел болу үшін бүгінгі жас ұрпақ білімді болуы шарт. Ақыл мен сананың, білім мен біліктің бәсекеге түсер ғасыры, ертеңін ойлайтын ел болғандықтан, елбасымыз шәкірт біліміне аса көңіл бөліп отыр. Ертеңгі күннің бүгінгі күннен нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға жетелейтін күш білімге ғана тән. Сондықтан сіздердің алдарыңызда үлкен жауапкершілік тұр.

ХХI ғасырдың табалдырығын аттаған мемлекетіміздің жас ұрпағы қандай болу керек?
1-жаттығу
«Мен хирургпын»
Мақсаты: Оқушылардың адамгершілік қасиеттерін анықтау.
Ауруханада бес ауру жатыр. Сіздер дәрігерсіздер. Емдеу үшін сіз ауырып жатқан адамдарыңызға жүрек салуларыңыз керек, бірақ жүрек жалғыз. Сіз кімге көмектесекр едіңіз?
көп балалы ана.70жаста.
5-айлық нәресте,қыз бала.
6-жасар ер бала.
құрылысшы.
қаңғыбас.
2-жаттығу.

«Кеш қалмаңыз бағдарламасы» бойынша
Жұрт көңіліне жетсін әрбір сөздерің,
Көпшіліктің жеткізіңдер көздерін.
Деген мақсатта пікірталас ұйымдастыруға шақырамын.
Тақырыбымыз: «Менің болашағым білім бе, әлде ақша ма?»
Осы тақырыпты өрбіту үшін ортаға қонақтарымызды шақырайық.
1. қонақ

Жүргізуші: Жас мұраты-білім-тәлім талабы, өнер оқу-жастың қару-жарағы» дегендей, білімнен асар байлық жоқ дейсіз. Осы тақырып төңірегінде не дейсіз?
Сақтағанова Ақмарал: мен бұл тақырып төңірегінде былай дер едім: Мен негізінен білімді жақтадым, себебі біз келешек Қазақстанның туын тұғырлы, елтаңбасын еңселі ететін Қазақстан жастарымыз. Сондықтан да келешекте тек қана білім керек дер едім. Білімді ұрпақ бар жерде ешқандай қиыншылық болмай тек қана келешекте елімізді көркейтер азамат пен азаматша боларына сенімдіміз. өз жүрегімнен шыққан мына өлеңді сіздерге оқып берсем деймін.
Білім керек дер едім мен қолдаса,
Ақша деген бұл өмірде болмаса.
Білімсіздер жүреді тек шаттанып,
Ақшасы мен байлығына мастанып.

Жүргізуші:Білімді болып, ақшасыз, қалайша студент атанасыз? Ортаға 2-ші қонағымызды шақырайық.
Сейтімова Сәния: «Мен білім де, ақша да керек деймін. өйткені қазіргі нарыққа байланысты білімді ақша басып кетіп тұр. Сонымен қатар өқазір қалтаңда ақша болмаса, сен оқуға түсе алмайсың, мейлі сенің басыңда білімің бола берсін, сен сонда да ақшаң болмаса оқуға түсе алмайсың».

2-қонақ
Жүргізуші: Адамдық борышың-халыққа еңбек қыл. Ақ жолдан айнымай, ар сақта соны біл.
–Маған ақшаның қажеті жоқ , мен тек адал еңбек қылсам болды.. Мысалы, менің таңдап тұрған мамандығым мұғалім. Мен мұғалім болып оқушыларға жақсы білім беріп оларды білген сайын тереңдетіп, үйреткім келеді. Мен ақшаны қаламаймын. Тек халқыма адал еңбек қылсам болды.

3. қонақ
Жүргізуші: Қасиеттің бәрі керек адамға, ақша, қызмет, атақ та, лауазым да.
- Мен мамандықты таңдағанда ол туралы бәрін біліп алу керек деп ойлаймын. Ол мамандықтың ақшасын, ол мамандық арқылы қандай үлкен жетістіктерге жететінін білу керек. Басқа лауазымды адамдар үлкен пайда тауып жатқанда біз неге сондай мамандықты таңдамасқа.

3-жаттығу:
Егер мен Президент болсам...
Мұғалім...
Әкім...
Мектеп басшысы ...
Дәрігер..
Заң қызметкері..

4-жаттығу: «Домино»
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та бар қалан.
Шашыраған сөздерден мына өлең шумақтарын белгілі бір уақытта жинап үлгеріп, оқып беру керек.
«Білген сайын келеді біле бергім.»
Оқушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарын мұғалімдерге қояды.

Қазіргі заман-білімдінің заманы. Елімізде жастарға білім алу үшін өте көп жағдай жасалып отыр. Сондықтан оқы, білім ал, еліңе адал қызмет ет. Асулардан асады жастар әлі, зор болашақ бүгіннен басталады., дегендей бүгінгі сабағымыз осымен аяқталды.
Оқушылар мен мұғалімдер үшін «Еңбек», «қуаныш», «бейнет», «болашақ», «егемен», «ертең»,т.б тақырып аясында айтылатын сөздер беріледі. Осы сөздерге жақсы тілек айтып қорытындылау.








Алматы облысы

Еңбекшіқазақ ауданы

«Төле би атындағы орта мектеп » мемлекеттік мекемесі

Жақсылық жан шуағы Адамгершілік негізі

Шорманова Г. Н.

2012-2013 оқу жылы

«Жақсылық жан шуағы - адамгершілік негізі»

Тақырыбы: «Жақсылық жан шуағы - адамгершілік негізі»
Мақсаты
: 1. Білімдік - танымдық: Оқушылардың білімдік дағдысын қалыптастыра отырып, діни бағыттағы сауаттылығын жетілдіру арқылы сөйлеу тілін дамыту, адамгершілік қасиеттерін шыңдау. Әр ортада өздерінің жан-жақтылығын жетілдіру, таныту, толеранттылыққа баулу.
2. Тәрбиелігі: Жасөспірімдердің ой-санасын оята отырып, өзін-өзі тануға және бағалауға, адамгершілікке, бауырмалдыққа тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, рухани дүниесін жетілдіру.

Міндеті: 1. Бәсекеге қабілетті дені сау, жан-жақты, білімді, сауаттылығы жетілген тұлға даярлау.
2. Оқушылардың өз ойларын ортаға салып, ашып айта білуге дағдыландыру.
Түрі: Пікіралысу
Тәрбиелік бағыты: Ақыл-ой. Рух. Адамгершілік.
Жүрісі: І. Ұйымдастыру бөлімі
Оқушыларға «Балам, анау не? » атты жағдаят сұрақтарына ой жүгірту.
«Ата-ананың ақысы дегенді қалай түсінесіңдер?» деген сұрақ беріледі. Сұраққа оқушылар топтасып жауап береді. Бүгінгі шарамыздың негізін аша отырып шара жалғасады.

Өздеріңізге белгілі қазіргі жаһандану үрдісінде елімізде бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу басты назарда болып отыр. Ал адамның жан қазынасын, адамгершілік
болмысын қалыптастыру да, кей адамдардың түрлі жағдайлармен бір-бірін түсінбеуі де сіз бен бізді толғандырады.Өйткені біз сол қоғамның ішіндеміз, яғни оның мүшесіміз. Иә, бұның бәрі шындық десек артық болмас. Бәсекеге қабілетті ұрпақты жан-жақты қылып тәрбиелеу үшін алдымен жан қазынасының негіздерінің бірі, сенімділік пен шындықтың бастауына үңілу керек шығар. Мен бұл шараны, яғни «Жан қазынасы – адамгершілік негізі» атты тақырыпта өткізе отырып негізінен бала мен ата-ананың арасындағы қарым-қатынасқа арнаймын. Өйткені қазіргі таңда бұл мәселе де, күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі болып отыр.

Шарамызды әрі қарай жалғастыра отырып, арнайы дайындалған ата – ана мен бала қарым – қатынас туралы «Шындық пен сұмдық» атты бейнетаспаға зер салайық. Кейіннен өз пікірлерімізді әрі жалғастырармыз. (Бейнетаспа көрсетіледі)
- Осы жерде пікіралыс сұрақтар арқылы жалғасады.
«Көргені жақсы көш бастар», - демей ме , «халық айтса- қалып айтпас»-деген тағы бар, олай болса адамның жан қазынасын қалай түсінеміз? Бұл жөнінде енді пікір білдіруді көрермендерге де берсек, бағдарламамыздың арнайы қонағы ауылымыздың тұрғыны Б.Амантұрұлы ағамыздың пікірін білсек.
- Кейін оқушылар да пікір білдіреді.
«Жүректің түріп құлағын ,
Ойланып тағы қарашы,
Кімсің сен? Қайда тұрағың?

- Енді қайда барасың?» - деп Омар Һаям жырлап өткендей ата-ананың қадірін, адам қасиетін, жан қазынасын түсінуде ойларын айтқан халық пікірі мен заңгер, ғалым ағаларымыздың ой-пікірлеріне назар аударалық. (Арнайы дайындалған бейнетаспа көрсетіледі).
- Осы жерде пікіралыс сұрақтар арқылы тағы да жалғасады.
«Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол »- деп Абай атамыз жырлағандай жан қазынасын ұғудың жолдарының бірі және рухани бастауымыз Ислам дінінде емес пе?
Яғни, адами, рухани тәрбиенің бастауы жан қазынасынан басталады демей ме? Олай болса кезекті тағы да бейнетүсірілімге берейік.
- Осы жерде оқушылар мен көрермендер арасында ортақ пікіралыс жүреді.
«Өткенім бүгінгінің баспалдағы,
Бүгінгім ертеңіме бастар тағы» - дегендей кезекті Алтынбек Қоразбаевтың
«Әке мұңы » термесі тыңдалады.

Осыдан кейін оқушыларға логикалық сұрақтар беріледі:
1. Бүгінгі таңда әлемде күрделі мәселе болып отырған діни экстремизм, Қазақстан үшін қаншалықты қауіпті?
2. Адамның жан қазынасына сырттан келген әр - түрлі діндердің әсері қандай ? Жан қазынамызды қалай қорғаймыз?
3. Діни сауаттылықты қалай жетілдіреміз және толеранттылықты қалай сақтаймыз?
4. Қазіргі таңда жастардың жан қазынасынан, адамгершілігінен шатастырып жүрген түрлі ағымдар туралы не айтуға болады?
Тағы да басқа түрлі пікірлерге байланысты сұрақтар қойылып талқыланады.
Қорытынды:
Бүгінгі біздің пікіралысымызда еліміздің кез-келген адамының ойына ой салардай мәселелер қозғалды. Біз ешкімге кінә артпаймыз, мін тақпаймыз, тек бәсекеге қабілетті ұрпақты қалыптастыра отырып, олардың ой-пікірлерін ашық айтқызу арқылы өзін-өзі тануын, өз жан қазынасына үңілуін таразыладық .
«Білгенге маржан»
Оқушыларға ойларын қорытып, шағын тұжырым жасау үшін арнайы сөздер беріледі. Оқушылар сол сөзге орай өз ойларын қысқаша білдіреді:



Автор
Дата добавления 03.06.2016
Раздел Иностранные языки
Подраздел Презентации
Просмотров74
Номер материала ДБ-109362
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх