Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Про великому весенному праздника Наурыза (внеклассная работа) литературно-музыкаольный вечер

Про великому весенному праздника Наурыза (внеклассная работа) литературно-музыкаольный вечер

библиотека
материалов

Төрлет, әз Наурыз!

(Әдеби-музыкалы кеш)

Алматы қаласы

«Бөбек» ҰҒПББСО

«Өзін-өзі тану» гимназиясы,

қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі

Абдраимова Рахиман Айтбайқызы


Кештің тақырыбы: Төрлет, әз Наурыз!

Кештің мақсаты: Наурыз мерекесі туралы ұғымдарын кеңейте отырып, оқушыларды халықтық салт-дәстүрлерді, әдеп-ғұрыпты дәріптеуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: сахналық көрініс, ,наурыз туралы ән- жырлар,би, жарнама.

Көрнекіліктер: Халықтың салт-дәстүрін, Наурыз мерекесін бейнелейтін суреттер, буклеттер, нақыл сөздер жазылған плакат.


Мұғалім: Сәлеметсіздер ме! Бүгін сіздердің алдарыңызда 6 «А» сынып оқушылары әз наурызға әзірлеген әдеби кешін ұсынады.

1-жүргізуші:-Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Ұлыстың Ұлы күні- Наурыз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жаңа жыл келді. Ұлы мереке сіздерге бақыт сыйласын!


2-жүргізуші: Наурыз – жыл басы. Шығыс күнтізбесі бойынша Наурыз – жаңа жылдың бірінші күні болып саналады, бұл күн – күн мен түннің теңесу күні. Ендеше, осынау айтулы мерекеге музыкалық шашуымен «Балдәурен» ансамблі келіп отыр. Қошеметпен қарсы алыңыздар!

«Балдәурен» ансамблі күй тартады.

hello_html_m47f9eeb3.jpg

1-жүргізуші: Наурыз мейрамы – өте ерте заманнан бері халықтар тойлап келе жатқан тұрмыстық мереке. Ол парсы тілінен аударғанда «нау» - жаңа, «рыз» -күн деген сөз. Күн мен түн теңелген, мал төлдеп, адамның аузы аққа тиген, жер бусанып, малдың аузы көкке тиген ырыстың басын қазақ елі – «Ұлыстың ұлы күні»- деп атайды.

2-жүргізуші:

Игі іс, жақсылықпен орта толсын!

Әр үйге Қыдыр келіп, бақыт қонсын!

Ұлыстың ұлы күнін алып келген,

Халайық, Наурыз тойы құтты болсын!

«Көңілашар» күйінің күмбірімен шашу шашылады.

Ұлыс оң болсын!

Ақ мол болсын!

Қайда барса жол болсын!

hello_html_m6d405ad8.jpgХалық әні «Еркем-ай» әуенімен бір қыз, бір ұл бала болып өзара құттықтау айтысы басталады.

Қыз:

Ау, халайық, халайық!

Әндетейік тұрмайық.

Думандатып, би билеп,

Наурыз тойын тойлайық!

Ұл:

Малдар тойлап, қой қоздап,

Сүттен бұлақ ағызған.

Жаңа жылдық молшылық,

Басталыпты Наурыздан.

Қыз:

Қыс та өтті, қар кетті,

Ұлыс күні кеп жетті.

Жақсылыққа кенелген,

Наурыз – мейрам ежелден.

Ұл:

Ұлыс күні бата алып,

Ұзақ болсын жасыңыз.

Төрт түлігің ақты боп,

Аман болсын басыңыз!

Хормен:

Көкке күнін өрлетіп,

Төрт түлігін төлдетіп,

Қаймақ, сүтін көлдетіп.

Наурыз келді жарандар,

Жер әлемді сәндетіп!


1-жүргізуші: Қар еріп, жеңіп шыққан суық мұзды,

Қанеки, қарсы алайық Наурыз қызды!

(Музыка әуенімен Наурызды бейнелеген қыз залды айналып шығады).

Наурыз қыз:

«Наурыз» қызбын.

Нөкерлерім қасымда.

Ұлыс күнге,

Жеттім міне асыға.

Келген жылым,

Жақсылыққа басташы.

Қуанышпен әр үйдің,

Босағасын атташы.

Жылқы жылы, болашаққа басташы!

hello_html_245216f0.jpgЕсіктен Жаңа «Жылқы жылы» кіріп келеді.

«Жылқы жылы»:

Ассалаумағаләйкүм, халқым менің,

Ардақты Наурыз тойы салтың елім!

Өткеріп Жылан жылын жетістікпен,

Көш бастар Жаңа жыл боп,

Жылқы келдім!

1-оқушы:

Салтымен ата-бабамның,

Жаңғырды қайта заманым!

Жаңа жыл басы – Наурыз!

Қайырлы болсын, қадамың!


2-оқушы:

Жылқы жылы қош келдің!

Ажарыңды мен көрдім.

Молшылық пен береке,

Бақыт жылы боп келгін!

3-оқушы

Көктем келді құлпырып, шуақ құрып,

Қыс барады қиылып, жылап тұрып.

Шатырында әр үйдің Наурыз жүр,

Мұз көрпесін ақпанның лақтырып.


4-оқушы

Ақпан кетті араз боп наурызбен,

Наурыз жүр жоғалған бағын іздеп.

Көктем жетті көрісіп, жанын үзген,

Қыс аттанды қоштасып тағы бізбен.

Ән: «Көктем келді»

2-жүргізуші: Ақ батасын беруге Қыдыр ата келе жатыр. (Қыдыр ата бейнесінде киінген оқушы келеді)


Қhello_html_2320907d.jpg
ыдыр ата бата береді:

Ұлыс береке берсін!

Бәле-жала жерге енсін!

Қарындарың тоқ болсын!

Қайғыларың жоқ болсын!

Ұлдарың назарлы болсын,

Қыздарың ажарлы болсын!

(Батасын беріп, Қыдыр ата кетеді..)








Көрініс көрсетіледі

1-көрініс: «Тал егу»

(Лозунг: «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын», «Бір тал кессең, он тал ек») Ұлдар қолдарына күрек, кетпендерін алып, тал егу қимылын көрсетеді. (Арнайы құралдар қолданылады, қиылған тал, еңбек құралдары)

2-көрініс: «Бұлақтың көзін ашу»

(Лозунг: «Бұлақ көрсең, көзін аш») Ұлдар қимылмен көрсетеді. (Қолдарына тырмақ, сыпырғыш т.б еңбек құралдарын алып, аула мен айналаны тазалау жұмыстарын бейнелейді.

1-жүргізуші: Наурызда ертемен ерлер қолдарына күрек, кетпен ал, қыз-келіншектер құрт, ірімшік, сүт, піскен ет алып далаға шығады.

2-жүргізуші: (Ағаш егіліп жатқанда) Ел «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын», «Бір тал кессең, он тал ек» десіп, тал егеді.

hello_html_792ea3f6.jpg

1-жүргізуші: (Бұлақтың көзін ашып жатқанда) «Бұлақ көрсең, көзін аш» деп, жігіттер бастаулардың көзін ашып, қыз-келіншектер ағашқа ақ мол болсын деп, сүт, ірімшік, құрт шашады.

Мұғалім: Наурыз – еңбексүйгіштікке, ынтымаққа, тазалыққа шақыратын мереке. Көктемде ауламызды тазартып, ағаш отырғызып, гүл егейік»

hello_html_7e0d924e.jpg


Мұғалім: Бүгінгі Наурыз мерекесімен іні -сіңлілерін құттықтау үшін 7 «А» сынып оқушылары әннен шашу шашады.

«Наурыз думан» әні 7 «А» сынып қыздары

1-жүргізуші: Келесі кезекте «Жыл басына таласқан хайуанаттар» атты шағын көріністі тамашалаңыздар.

Жыл басына таласқан хайуанаттар

Автор: Ерте, ерте, ертеде хайуанаттар жыл басы болуға таласыпты. Олар бірінен соң бірі өздерінің адамға тигізген пайдалары туралы айта бастайды. Ортаға шудаларын шаң басқан, төрт аяғын тең басқан түйе шығып былай дейді:

hello_html_3ee02529.jpghello_html_5c64d455.jpg

Түйе: КӨС-ӨС-КӨС

Ұзын мойын түйемін,

Ауыр жүкке иемін.

Шұбатым бар бал татыр,

Мен! Ойсылқара пірі,

Жыл басына иемін.

Автор: Бұл сөзді тыңдап тұрған сиыр да қарап тұрмады, ол былайша сөйледі:

Сиыр: МӨ-Ө-Ө!

Сүт бұлағын ағызған,

Етім қарын тойғызған.

Мүйіз, терім бағалы,

Биіктерге қойғызған.

Зеңгі баба ұрпағы, жыл басы маған лайық!


Автор: Бір кезде маңыраған дауыспен қой келе жатты:

hello_html_m4f1c083.jpghello_html_1ce71737.jpg

Қой: МӘ-Ә-Ә!

Момақанмын, жуаспын,

Ешкімен де туыспын.

Етім, сүтім қорғасын,

Жүнім, терім, қымбатпын.

Шопан ата баласы, жыл басы мен боламын!


Автор: Шыдамы таусылған жылқы келеді.


Жылқы: ПР-ПР-ПР!

Ішсе сусынмын, мінсе көлікпін,

Жүйрік тұлпар адамзатқа көрікпін.

Қазы, қарта, жал, жая, қымызымды,

Тек сіздерге сыйлық үшін беріппін.

Қамбар ата түлегі, жыл басы болуға мен ғана лайықпын!


hello_html_4d8c3b9c.jpg

Автор: Бәрі осылай дауласып жатқанда, шыдай алмаған ит те өз өтінішін былай білдірді:


Ит: АВ-АВ-АВ!

Әркез үйді күзетем,

Нашарларды түзетем.

Адамға ең сенімді,

Жолды сілтеп, үйретем.

Мен ғана жыл басы боламын!


Автор: Бәрінің сөзін тыңдап тұрған әтеш сөзге араласты.

Әтеш: КУ-КА-РЕ-КУ!

Оятам бәріңді мен мықты,

Таң атты, мінеки күн шықты.

Тұрыңдар, жолыңнан қалмаңдар,

Барыңдар, оқыңдар сабақты.

Жыл басы болу мағман ғана жөн!

Автор: Бұл таластан ештеңе шықпас деп шиқылдап ортаға тышқан келді. Ол тапқырлығымен былай деді:


Тышқан: ШИҚ-ШИҚ-ШИҚ

Шығысқа мойын бұралық,

Жылды қарап тұрайық.

Кім бірінші көрсе егер,

Сол жыл басы деп ұғалық!


Автор: Осылайша бәрі мойындарын шығысқа бұрып, күннің шығуын күтіп тұрды. Түйе өзінің бойына сеніп «Менен бұрын кім көрер дейсің» деп тышқанның сөзін қостап, басқаларға қарайды. Көп хайуанаттар таласып, мен көремін, мен көремін деп тұрғанда тышқанға бір ой келді. Ол ақырын түйенің құйрығына жабысып, жорғалап, түйенің өркешіне шығып, одан құлағына жетеді. Бір кезде:

Тышқан: ШИҚ-ШИҚ-ШИҚ

Алақай, алақай,

Күнді көрдім алақай!

Ақылыммен, миыммен

«Бәрін жеңдім алақай!

Жаңа жыл келе жатыр, жаңа жыл!

2-жүргізуші: Сөйтіп, тапқырлығымен, ақылдылығымен тышқан жыл басы болыпты. Міне, қандай да бір қиыншылық болса, оның шешуі болмай қоймайды. Бәрін ақылмен, сабырмен ойлауға үйренейік» Ал бойына сенген түйе әлі күнге дейін жыл басы болуға дәмелі екен.

2-жүргізуші: Наурыз – достықтың бірліктің, татулықтың мерекесі. Адамдар бір-біріне деген бұрынғы реніштерін ұмытып, наурызда татуласа білген екен. Ендеше бірлік пен игілікті істердің мерекесі құтты болсын!


Мұғалім: Балалар, Наурыз мерекесіне арнап әжелеріміз қандай мерекелік тағам дайындайды?

1-оқушы: «Наурыз көже»

Наурыз тойын әдемі,

Әжем еске түсірді.

Біздерге арнап әдейі,

Наурыз көже пісірді.

2-оқушы:

Ашылды да кебеже,

Дәм әзірлеу басталды.

Әжем Наурыз көжеге,

Жеті түрлі ас салды.

3-оқушы:

Бидай, тары, күріш бар,

Бар сүт, ет пен қазысы.

Ащы құрты тағы бар,

Қыстан қалған сүрісі.

Мұғалім: Ең басты салттық тағам наурыз-көже болып саналады. Наурыз-көже 7 түрлі тағамнан жасалуы тиіс. Қазақтар үшін 7 саны – қасиетті сандардың бірі.

Жарнама: «Наурыз көже – киелі ас» (Ортаға қазан, ожау қойылады да, ас әзірлеу қимылдары көрсетіледі. Оқушылардың қолында парақшаларға жазылған жеті түрлі тағамның аты бар. Соларды бір-бірлеп айтып, қазанға салады да көже пісіру қимылын көрсетеді Музыка естіліп тұрады)

  1. Таза ас суы «Қазан толы болсын!»

  2. Қыстан қалған сүр ет. «Ас дәмді болсын!»

  3. Дәнді – дақылдар. «Ұлыс оң болсын!»

  4. Жайма нан. «Ұлыс береке әкелсін!»

  5. Ас тұзы. «Бәле-жала жерге енсін!»

  6. Көкөніс өнімдері. «Қайда барса жол болсын!»

  7. Қатық, құрт. «Ақ мол болсын!»

hello_html_m1fee5fd4.jpg


1-оқушы: - Сендер не әзірлеп жатырсыңдар?

2-оқушы: - Наурыз көже пісірдік. Келіңіз, дәм татыңыз!

1-оқушы: - О! Наурыз көже неткен дәмді!


hello_html_m71faf775.jpg

1-оқушы: 2-оқушы:

Кел, балалар ойнайық, Наурыз келді тамаша,

Наурыз тойын тойлайық. Ән айтайық таласа.

Баянды боп мереке, Атам, апам той тйлап,

Қыр гүліндей жайнайық. Қуанып жүр балаша.


3-оқушы: Наурыз, наурыз – жыл басы,

Наурыз – бақыт жалғасы!



1-жүргізуші: Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет! Наурыз әр шаңыраққа құт-береке әкелсін!

2-жүргізуші: Ал, ендеше халайық, Наурыз көжеден дәм татуға барайық!


hello_html_2e620c7a.jpg

Хор: «Наурыз – біздің әніміз»

Сазды музыка әуенімен бәрі наурыз көже дастарқанына барады.

Только до конца зимы! Скидка 60% для педагогов на ДИПЛОМЫ от Столичного учебного центра!

Курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации от 1 400 руб.
Для выбора курса воспользуйтесь удобным поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВЫ).

Московские документы для аттестации: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДБ-089507

Похожие материалы



Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 60% скидки (только до конца зимы) при обучении на курсах профессиональной переподготовки (124 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG