Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Проблемалық оқыту технологиялары арқылы студенттердің ізденушілік құзіреттілігін дамыту Танбаева Н.С. Қазіргі заманғы білім берудің басты мақсаты - мамандарды әлемді шығармашылық тұрғыдан өзгертудің әдістемесімен қаруландыру. Осы тұрғыдан алғанда ғылыми
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Другое

Проблемалық оқыту технологиялары арқылы студенттердің ізденушілік құзіреттілігін дамыту Танбаева Н.С. Қазіргі заманғы білім берудің басты мақсаты - мамандарды әлемді шығармашылық тұрғыдан өзгертудің әдістемесімен қаруландыру. Осы тұрғыдан алғанда ғылыми

библиотека
материалов

Проблемалық оқыту технологиялары арқылы студенттердің ізденушілік құзіреттілігін дамыту


Танбаева Н.С.


Қазіргі заманғы білім берудің басты мақсаты - мамандарды әлемді шығармашылық тұрғыдан өзгертудің әдістемесімен қаруландыру. Осы тұрғыдан алғанда ғылыми міндеттерді дәстүрлі емес әдістермен шешудің жолы ретінде проблемалық оқыту жүйесі ұсынылуы заңды құбылыс.

Проблемалық оқыту оқушыларды дербес ізденіске, зерттеу жұмыстарына баулуда, бейтаныс, белгілі емес проблемаларды өз беттерінше шешуде өте ұтымды болып келеді. Проблемалық оқытуды зерттеуші ғалымдар мен жаңашыл ұстаздар ізденісі баршылық. М.И.Махмутов, Н.Н.Скаткин, В.Оконь, Т.Ақшолақов, Қ.Тасболатов, Ә.Дайырова сынды ғалымдар мен қоса белгілі ұстаз Қ.Бітібаева еңбектерін айтуға болады. Проблемалық оқыту негізінде проблема жататынын ғалымдар ізденісінен түсінуге болады. Жүйелі түрде ұзақ жылдар бойы оны зерттеген көрнекті ғалым М.И Махмутов: «В основе проблемного обучения лежит учебная проблема, сущность которой является диалектическое противоречие между известными ученику знаниями, умениями и навыками и новыми фактами, явлениями, для понимания и обьяснения которых прежних знаний не достаточно», - деген тұжырым айтады. Ғалым проблемалық оқыту негізінде оқу проблемасы жататындығын, ал ол проблема оқушылар бұрын меңгерген білім мен берілетін жаңа білім арасынан туындайтынын сөз етеді. Ал поляк ғалымы В.Оконь: «Под проблемным обучением, мы понимаем совокупность таких действий, как организация проблемных ситуаций, формулирование проблемы (постепенно к этому привлекаются сами ученики), оказание учеником необходимой помощи в решении проблем, проверка этих решений, руководство процессом систематизации и закрепления приобретенных знании», - дейді. Ғалым проблемалық оқытудағы проблемалық ситуацияның орнын сөз етеді. Оны шешуге оқушыларды жұмылдыру, көмек беру, мәселесіне тоқталып, ең бастысы проблеманы таба білу, оны ұсынудың маңызын айқындайды. Ғалымдар пікірін талдап, саралағанда ортақ бір тұжырым шығады. Проблемалық оқыту негізінде оқушыларға бейтаныс проблеманың жататыны, оқушылардың оны салыстыру, дәлелдеу шешу үшін болжамдар жасай отырып еңбектенуі керектігін тұжырымдайды. Проблемалық ситуацияны, проблеманы шешу-зерттеу, іздену еңбегін шығармашылық еңбекті талап етеді. Ал шығармашылық сөзінің мәні – жеке тұлғаның бір нәрсе жасап шығаруы немесе өзіне ғана тән бір нәтижеге қол жеткізуі. Шығармашылық-ешкімнің қол жеткен табысын өзіне пайдаланбайды, өзінің ғана жасап шығарған тың, жаңа өнімі. Проблеманы шешу проблемалық сұрақ-тапсырмаларға байланысты жүретін үрдіс. Проблемалық сұрақ-тапсырмалардың өзі оқушыларды ғылыми-ізденіс, зерттеушілік іс-әрекеттерге баулиды. Себебі ол оқушылардың белсенді дербес еңбегі, шығармашылық ізденісіне негізделеді. «Решая проблемную ситуацию человек либо находит новое, прекомбинируя хорошему известное в известном, то есть свести не известное к уже усвоенному ранее и тем самым разрешить проблему»,-дейді  орыс ғалымы Г.Ю.Ксензова. Ғалым проблемалық ситуацияны шешу-алдыдағы проблеманы шешу екендігін, сол арқылы оқушылардың «жаңа өнімге» қол жеткізетінін түсіндіреді. Оқушы үшін «жаңа», «беймәлім» проблема дегендер ғылымға мүлде белгісіз, жаңа ғана ашылған жаңалықтар емес. «Жаңалық» оқушының өз ізденісі, өз зерттеуі арқылы жеткен нәтижесі, ол нәтиже бұрын оған «беймәлім» болып келген деректер. Проблемалық оқытуға негізделген зерттеу-іздендіру бағытындағы тапсырмалардың ерекшелігін төмендегі салыстырмалы кесте арқылы дәлелдеуге болады.

1-кесте.

Дәстүрлі оқытуда

Проблемалық оқытуда

-Тапсырмаларда проблема қою міндет емес.

 

 

-Проблеманы шешу міндеті

-Тапсырмалар осы бағытта беріліп, олар дербес ізденіс, зерттеушілік еңбекті талап етеді.

-Жауабы оқулықтарда, мұғалім түсінігінде бар.

 

-Дайын жауабы жоқ. Проблемалық ситуацияны шешуді қажет ететін тапсырмалар

- Оқушы-обьект.

Оқушы- субъект. Ол белсенді -тұлға.

-Орындаушы, жауап беруші, дайынды қайталап айтушы.

Білімді өз ізденісімен алушы және зерттеуші.

-«Жаңалық» ашу, жаңа өнім жасау міндетті емес.

Жеке тұлғаны дамытуға, ғылыми – ізденіске жетелейтін шығармашылық бағыттағы тапсырмалар.

Проблемалық оқытудың өзіндік ерекшелігі, басты белгілерін төмендегі кесте арқылы тұжырымдауға болады:

2-кесте.

1.  Білімді проблема қоя отырып түсіндіру.

 

 

 

2.  Оқушыларды дербес іздену, зерттеу іс-әрекетіне кіргізу.

 

 

3.  Зерттеу, іздендіру әдісі. Оқытудың өнімді жолы.

Мұғалім сабақты проблема қоя отырып, түсіндіреді. Мұғалім мен оқушы іс-әрекеті проблеманы шешуге бағытталады. Оқышуларды іздендіруге жұмылдырады.

  Мұғалім оқушылар алдына проблема қояды. Сабақ барысында өнімді тәсілдер арқылы оны шешуге жұмылдырады.

Оқушылар проблеманы шешу үшін болжам жасайды, дәлелдейді, салыстырады, қорытынды шығарады. Өз ізденістерімен мақсатқа жету үшін еңбектенеді.

 

Проблемалық оқытудың оқушыларды іздендіру, зерттеу еңбегіне баулудағы шешуі қиынға түспейтін дербес іс-әрекеттерге жетелейтін проблемалық сұрақтарға жауап іздетуді төменгі сыныптардан бастаған жөн. Қазақ тілінің әр тақырыбында оқушыларды ғылыми ізденіске жетелейтін проблемалар баршылық. Проблеманы шешу үшін ең алдымен өзіндік салыстырулар, өзіндік дәлелдеу жасауға баулу керек.

Проблема берілетін білімнің негізінде жатады, сондықтан оны дөп тауып, шешімін іздеудің өнімді әдіс-тәсілінен ізденгенде ғана оқушылардың зерттеушілік қабілетін дамытуға болады. Жоғарыдағы тапсырмалардың 6-7 сыныптағы тапсырмалардан ерекшелігі оқулықта берілген білімді толықтыру, айтылмаған ұғымдарды оқушылардың өзіне іздетіп, тапқызуында жатыр. Сондай-ақ олар проблеманы әр түрлі іздену, зерттеу іс-әрекеттері арқылы шешеді. Проблемалық оқыту арқылы оқушыларды ғылыми зерттеу ізденісіне баулуда пәнаралық байланысқа негізделген шығармашылық жұмыстардың ұтымдылығын анықтауда, әсіресе, оқушылардың қабілеті, икемділігі, дарыны осындай жұмыстарда көрінеді. Ол туралы орыс ғалымы М.Р.Львов: «В творческих работах учащихся отражается личность школьника, его чувства, взгляды, его пожизненная позиция», - деуі жоғарыдағы пікірді дәлелдейді. Шығармашылық жұмыстар оқушылардың өз беттерімен іздену, зерттеу, қорытынды жасау іс-әрекетіне түрткі жасай отырып, оларды ғылыми ізденіске жетелейді.

Проблемалық оқытудың оқушыларды ғылыми-зерттеу жұмысына баулудағы тиімділігін төмендегідей саралауға болады:

-Оқушылар өздеріне «беймәлім» проблеманы шешуге жұмылады.

-Іздену, зерттеу жұмыстарына төселеді.

-Бұрынғы білімдерін жаңа мақсатқа пайдалана білу дағдылары дамиды.

-Жаттандылықтан дайын білімді қайталап айтудан, өнімсіз еңбекпен сақтандырады, шығармашылық жұмыстарға белсендіреді.

-Білімді өз ізденістерімен алуға жаттықтырады.

-Өздерін- өздері оқыту, өзін-өзі тану үрдістері жүреді.

Оны негізге алған сабаққа   төмендегідей талап қойылады:

-Сабақ мақсатын белгілеу, пайдаланылатын оқу жабдығы, әдіс-тәсілдер, оқу формаларын сұрыптауда проблемалық оқыту талаптары басшылыққа алынады.

-Мұғалім тақырыптың басты проблемасын тауып, қойылатын сұрақтарды реттейді.

-Берілетін білім проблемалық сұрақтарға негізделеді; Мұғалім проблема қоя отырып түсіндіреді.

- Сабақтың әр кезеңдерінде оқушылардың дербес ізденісіне, өзіндік зерттеулеріне жағдай туғыза отырып, оларды проблемалық ситуацияны шешуге жетелейді.


Автор
Дата добавления 24.11.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров165
Номер материала ДВ-185859
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх