Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Биология / Рабочие программы / ПРОБЛЕМАЛЫҚ ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ІЗДЕНІС ДАҒДЫСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Биология

ПРОБЛЕМАЛЫҚ ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ІЗДЕНІС ДАҒДЫСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

библиотека
материалов

ПРОБЛЕМАЛЫҚ ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ІЗДЕНІС ДАҒДЫСЫН

ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Проблемалық оқытудың теориялық негізі Тапсырма проблемалық оқыту әдісі бойынша сабақ өткізудің бастапқы пункті болып саналады. Тапсырмада алдымен қойылатын проблеманың сипаттамасы бо- луы тиіс. Тапсырма тек теориялық сипатта ғана емес, оның практикалық жағы да қарастырылуы керек. Қазіргі уақытта қоғам шығармашылық әлеуетті жоғары азаматтарды қажет етеді. Шығармашылық ізденіске жетелейтін бір жол – проблемалық оқыту технологиясы. Проблемалық оқыту технологиясының негізгі ерекшелігі – жеке тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық үрдістерін белсенді сөздік қорын дамытуға бағытталуында. И. Лернер проблемалық оқытудың 4 түрін атап көрсетеді: ділгірлік баяндама, эвристикалық (пікір алысу), жеке ізденіс, (жартылай) зерттеу әдістері. Проблемалық баяндаудың негізгі мазмұны: мұғалім проблемалық жағдай туғыза отырып, ізденіс материалдарын өзі баяндап түсіндіреді, логикалық іс-әрекеттің, қайшылықтардың пайда болу негіздерін, оларды шешудің жолдарын көрсетіп береді. Үйренушілер әңгіменің желісіне зер салып, сұрақтар қояды, өз болжамдарын ұсынады, ғылыми ізденіс жүргізеді. Жеке жартылай ізденіс әдісі үйренушілерден қойылған ділгірлікті өз бетінше шешуді талап етеді. Үрдіс барысында үйренушілер жаңа білімдер алады, дағдыларын қалыптастырады, маңызды шығармашылық іскерлікке үйренеді. Проблемалық технологияның биология пәнін оқытудағы мүмкіншіліктерін қарастырайық. Проблемалық әдіс туралы белгілі ұстаз Қ. Бітібаева «Проблемалық талдау оқушылардың танымын арттыру, ойлау белсенділігін жетілдіруде үлкен рөл атқарады және өзіндік ізденістеріне мол мүмкіндік ашады, әрі дамыта оқытудың негізгі жолы ретінде де пайдалы болып келеді», деген. Проблемалық оқытудың маңызы Проблемалық оқытудың негізі – проблемалық ситуацияны туғызу. Проблемалық ситуация дегеніміз шешуді талап ететін, іздендіретін, ойландыратын күрделі жағдайдың тууы. Биология пәнінің әрбір тақырыбын өту барысында ғылыми болжам жасауға жетелейтін проблемалық жағдаяттар тудыру ерекше орын алады. Проблемалық жағдаятты қабылдап, талдап шешудің жолдарына болжам жасауда оқушылар бұған дейінгі алған білімдеріне сүйенеді, сөйтіп қарастырылып отырған құбылыстың, үдерістің өздеріне әлі таныс емес қасиеттері, белгілері, ерекшеліктері, заңдылықтары жөнінде пікірлерін ортаға салады, әркім өзі ұсынған пікірлерін

негіздейді, қорғайды, ғылыми принциптерге сүйене отырып тұжырымдайды. Оқушы

ойын қозғап, түртіп, қозғалысқа келтіріп отыру оқытушының басты міндеті болып

табылады. Проблемалық оқытуды ұйымдастырудағы шешуші тәсіл проблемалық

жағдаяттар тудыру. Бұл тапсырмалар оқушылардың ой-өрісін кеңейтеді, ойлана білу қабілетін дамытады, ғылымға, пәнге деген қызығушылығын арттырады,

төзімділікке, шыдамдылыққа, аңғарымпаздыққа баулиды.

Проблемалық жағдаяттар тудыру тәсілдерін өз тәжірибемнен келтірейін.

І. Алдын-ала проблемалық жағдаяттар тудыратын сұрақтар дайындау.

ІІ. Оқушылардың өздеріне биологиялық есептер құрастыртып оны шығарту, шыққан

нәтижелерге тоқталып ой жүгірту.

ІІІ. Демонстрациялық тәжірибелер мен зертханалық жұмыстар орындату.

ІҮ. Биологиялық құбылыстарды негізге ала отырып жұмбақ жазу.

Ү. Биологияны көркем әдебиетпен байланыстыру.

Проблемалық сабақтарды өткізу әдістемесі

Ендеше 8 сыныпта өткен сабағыма тоқталайын.

Сабақтың тақырыбы: Адам организміндегі мүшелер жүйелері қызметінің

үйлесімділігі, ішкі секреция бездері тарауын қорытындылау. Сабақтың мақсаты:

Ағзадағы зат алмасумен биологиялық заңдылықтарды өмірмен байланыстыра оты-

рып, оқушылардың танымдық ой-өрісін, іс-әрекетін, дарындылық қабілетін дамыту

көзделді.

Мен осы аталған сабағымда алдын ала проблемалық жағдаяттар тудыратын

сұрақтар дайындауды оқушыларға тапсырдым. «Миға шабуыл әдісі» арқылы Ішкі

секреция бездерінің адам өміріндегі маңызы туралы проблемалық жағдайлар

шешілді.

1.Адам қарынсыз, бір өкпемен, бір бүйрекпен, жарты бауырмен өмір сүре алады.

Адам ағзасында оншақты ішкі секреция бездері бар, олардың салмағы 100 гр бола-

ды. Егер адамның салмағы 0,5 гр гипофиз безін алып тастаса адам өледі.

Сұрақ: а) Ішкі секреция бездері өте кішкентай болғанымен ағза үшін маңызы өте

зор. Неліктен?

ә) Ағзада олар қандай қызмет атқарады?

2. Ішкі секреция бездері тәулігіне өте аз мөлшерде гормондар түзеді.Тәулігіне

В дәрумені 0,000003г,ал адреналин одан мың есе аз түзіледі.15 гр адреналин жер

шарындағы бүкіл адамға жетеді екен.

Сұрақ: а) Гормондар дегеніміз не? Аттарын атаңыз.

ә) Ағза үшін ішкі секреция бездері гормондарының маңызы қандай ?

3.Адамның өміріне, денсаулығына биологиялық белсенді заттар ферменттер, ви-

таминдер және гормондар әсер етеді. Мысалы: қауіп төнгенде жануарлар, жүгірер

алдында спортсменнің қанында адреналин көбейіп кетеді.

Сұрақ: Гормондардың ағзаға әсері қандай? – деп берілген тапсырмаларға

оқушылар толыққанды жауап берді.

Осы сабақта биологиялық құбылыстарды негізге ала отырып жұмбақ жазу

тапсырмасы берілді. Мысалы,

1. Әсері оның өте күшті- болар дауыс жіңішке

Әйелдерге ғана тән гормон ол,ойлан жауаптар ізде. (эстроген)

2.Гипофизде артқы бөлік-қан қысымын реттейді

Аты-заты не екенін-көп ізденген көздейді (вазопрессин)

3.Көбірек бөлсе-бақшаңкөз, ал аз бөлсе –ақылес кем болар, әрі ез. (тироксин)

4.Айырша без арттырады-ауруға қарсы тұруды,

Көп шұғылдан спортпенен-жеңерсің сен ауруды. (тимозин)

5.Зат алмасуды реттер-бүйректің боз қабаты,

Сонда қай зат –анықта, зерделе сен оны. (кортизон)

6.Қанда болар қантты реттейді-ол қосымша жұмыс істейді (инсулин)

7.Көңіл күйге байланысты өзгеріп тұрар - әсері,

Бұл гормонға тәуелді болар бар мүшелер іштегі. (адреналин)

8.Өзі сонша титтей ғана -әсері оның үлкен зор

Өсуге ол жауап берер-қайсы гормон екен ол? (соматотропин)

9.Жауырыны қақпақтай, дауысы болар жұп-жуан,

Қай жынысқа тән екен ол-жауаптарды жібер бол. (андроген) Оқушылар

өздері дайындаған осындай жұмбақтар оқушының тапқырлығын ізденіс дағдыларын

қалыптастырады деп ойлаймын.

Сонымен қатар 9 сыныпта өткізген сабағымның тақырыбы

«Биологиялық алға басу табыстары ретіндегі ағзалардың бейімделуі».

Биологиялық алға басу және кері кету туралы түсініктерін қалыптастыру,

«Эволюциялық табыс» және «Эволюциялық сәтсіздік » туралы теориялық білімдерін

әр түрлі мысалдар келтіре отырып, биологиялық білімдерін дамыту, табиғаттың

тылсым сырын түсіне білуге, оны қорғауға, ізденімпаздыққа, еңбекқорлыққа,

білімділікке тәрбиелеу мақсаты жоспарланды.11 Сынып үш топқа бөлініп, үй тап-

сырмасы бойынша топтар бір-біріне тапсырмалар дайындап алып келді.

Проблемалық жағдайларды шешу. «Прогресс» тобына:

Құралайдың салқыны . Мамыр айының аяғында болатын суық жел.

Осы желге қарсы киік өз құралайларын аяқтандырып, жүгіртіп, өргізеді. Киік

қанша көп болса да, олар 2-3 күн ішінде түгелдей төлдеп болады. Киіктің тағы бір

айта кетерлік ерекше қасиеті – оның енелігі кез келген құралайды емізіп, бауырына

ала береді. Киік құралайының далада жетім, жалғыз қалмауы осыдан.

Сұрақ: Бұл халық болжамы тіршілік үшін күрестің қандай формасына келеді? –

деп «Эволюция» тобы қойды.

Ал «Регресс» тобына: Қазақ халқында аңшылық-саятшылық өнері ертеден бар,ал

аңшы аңға тек астында жүйрік аты,қолында қыран құсын ғана емес,сонымен қатар

тазы итін де алып шығатын еді. Сұрақ:

Біздің ата-бабамыз жүйрік тазыны қандай эволюциялық жолмен алды? – деп «Про-

гресс» тобы қойды.

«Эволюция » тобына:

1 кг киік мүйізінің халықаралық құны 600 доллар. Бөкен мүйізі өкпе қабыну,

жүрек сусамыр ауруларына таптырмайтын ем.Киік 300 түрлі дәрілік қасиеті бар

шөппен азықтанады екен.Киік даламыздың көркі,табиғатымыздың байлығы, Еу-

разия материгінің жазық аймақтарында тіршілік еткен олардың біздің республика-

мызда ғана сақталуы еліміздің ұлттық мақтанышы. Десекте, қазіргі таңда олардың

саны жойылу алдында тұр. Сол себепті де мемлекет тарапынан қорғауға алынған

жануар болып саналады. Қазақтың бетпақ даласын мекен еткен киіктің жүйріктігі

арқасында жауынан қашып құтылады, алыс суатқа да әлділері жетіп, әлсіздері

жыртқыштарға жем болады. Сұрақ: Киіктердің тек біздің жерімізде сақталуы дарвинизм бойынша қалай

аталады? - деп «Регресс» тобы қойып оқушылар қойылған сұрақтарға бірін-бірі

толықтыру арқылы жауап берді. Осындай сұрақтар үйренушілердің ойлауына, ізденуіне ғана әсер етпейді, оларды

болжам жасауға, өздерінше қорытынды жасауға жетектейді. Сабақтың

келесі бөлімінде «Биологиялық құбылыстарды негізге ала отырып жұмбақ жазу»

тапсырмасы берілді. 1. Әлемді біз билеп тұрмыз, -деді күл-қоқыста құжынаған... (шыбын)

2.Жаманның тұқымы көп болатынын жәндік атаулы әлдеқашан мойындаған,-

деді улкен гүлге қонған... (көбелек)

3. Сөз сырын аңғарса, қызық тым,

Бір сөз бар баспана болатынК-әрпі б-мен г-болса егер,

Жәндік болады, қанды соратын (бүрге)

4.Шай қалдығында бар әріп,

Алмасқанда жаңа сөз болады

Шақса адамды қызарып

Құрсағына қан толады. (маса)

Биологияны көркем әдебиетпен байланыстыру мақсатында оқушылар сабақты

Қадыр Мырза Әлінің мына өлең шумақтарымен түйіндеді.

Табиғаттан бабамыз ала берген секілді, Дарқандықты қазаққа дала берген секілді.

Еркелікті,ерлікті желден алған секілді, Мөлдірлікті

көгілдір көлден алған секілді.

Табиғат тақырыбында жазылған шығармаларды оқи отырып оқушылардың

тілдік қоры дамиды, қызығушылықтары қалыптасады.

Үйге : §28.Әр түрлі ағзалардың бейімделгіштігіне зерттеу жұмыстарын дайындап

келу тапсырмасы берілді.

7 сыныпта «Жануарлар» бөлімін оқу барысында «Буынаяқтылар типіне жататын

жәндіктердің негізгі ерекшеліктері» тақырыбын өту барысы кезінде оқушыларға

үйге «Неліктен бунақденелілер аса ірі мөлшерге дейін өсе алмайды?» деген тапсырма

беріліп, сол сұраққа жауап берген оқушы жауабына зер салайық. Сұрақты талдауға

қажетті білім оқушыда бар. Бірақ қойылған сұрақ – проблеманы шешуге ол білім

жеткіліксіз. Сондықтан оқушыда танымдық ізденіс қажеттілігі туады.12

«Меганевра (лат. Meqaneura) – тас көмір дәуірінде өмір сүрген, инелік тәрізді

бунақденеліліердің өліп біткен туысы. Meqaneura monyi деп аталатын бунақдене

барлық дәуірдегі аса ірісі болып табылады және қанатын жайған кезде көлемі 75 см.

Ірі инеліктер қазіргі кептерлердің көлеміндегі өсімдікқоректі бунақденелілермен

(диктионевридтер) қоректенген.

Дернәсілдері жыртқыш, жер бетінде тіршілік етеді. Меганевраның қазба

қалдықтары 1880 жылы Коментриде (Францияда) табылып, 1885 жылы сипатталды.

Тағы бір өте жақсы сақталған меганевра 1979 жылы ағылшын графтығы Дербиширде

табылған. Меганевра ашылған сәттен бастап, зерттеушілерді мына сұрақ мазалады.

Неге, палезой дәуірінде тіршілік еткен аса ірі бунақденелілер қазір жоқ?

Біріншіден, олардың денесі хитинді жабынмен қапталған және бунақденелінің

сызықты мөлшерлерінің өсуімен қатар хитинді жабынның массасы да өсуі керек.

Денесін қозғалысқа келтіретін бұлшықеттер олардың өсіп ұлғаюын шектейтін түтік

тәрізді аяқтарда орналасқан. Ірі бунақденелілер икемсіз және жайбасар болады,

олар жыртқыштардың оңай олжасына айналады.

Екіншіден олардың тыныс алу жүйесі жіңішке демтүтіктерден тұрады. Солар

арқылы денедегі бүкіл мүшелерге ауа келеді осындай тыныс алу жүйесі тек аса ірі

емес мөлшерлерде ғана нәтижелі болады.

Егер кенеттен бунақденелілердің денесі іріленсе, демтүтік арқылы келетін

ауа дененің бүкіл қуыстарына жете алмас еді. Ақырында бунақденелі оттек

жетіспеушіліктен көп ұзамай өледі.

Краткое описание документа:

Проблемалық оқытудың теориялық негізі Тапсырма проблемалық оқыту әдісі бойынша сабақ өткізудің бастапқы пункті болып саналады. Тапсырмада алдымен қойылатын проблеманың сипаттамасы бо- луы тиіс. Тапсырма тек теориялық сипатта ғана емес, оның практикалық жағы да қарастырылуы керек. Қазіргі уақытта қоғам шығармашылық әлеуетті жоғары азаматтарды қажет етеді. Шығармашылық ізденіске жетелейтін бір жол – проблемалық оқыту технологиясы. Проблемалық оқыту технологиясының негізгі ерекшелігі – жеке тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық үрдістерін белсенді сөздік қорын дамытуға бағытталуында. И. Лернер проблемалық оқытудың 4 түрін атап көрсетеді: ділгірлік баяндама, эвристикалық (пікір алысу), жеке ізденіс, (жартылай) зерттеу әдістері. Проблемалық баяндаудың негізгі мазмұны: мұғалім проблемалық жағдай туғыза отырып, ізденіс материалдарын өзі баяндап түсіндіреді, логикалық іс-әрекеттің, қайшылықтардың пайда болу негіздерін, оларды шешудің жолдарын көрсетіп береді. Үйренушілер әңгіменің желісіне зер салып, сұрақтар қояды, өз болжамдарын ұсынады, ғылыми ізденіс жүргізеді. Жеке жартылай ізденіс әдісі үйренушілерден қойылған ділгірлікті өз бетінше шешуді талап етеді. Үрдіс барысында үйренушілер жаңа білімдер алады, дағдыларын қалыптастырады, маңызды шығармашылық іскерлікке үйренеді. Проблемалық технологияның биология пәнін оқытудағы мүмкіншіліктерін қарастырайық. Проблемалық әдіс туралы белгілі ұстаз Қ. Бітібаева «Проблемалық талдау оқушылардың танымын арттыру, ой- лау белсенділігін жетілдіруде үлкен рөл атқарады және өзіндік ізденістеріне мол мүмкіндік ашады, әрі дамыта оқытудың негізгі жолы ретінде де пайдалы болып келеді», деген. Проблемалық оқытудың маңызы Проблемалық оқытудың негізі – проблемалық ситуацияны туғызу. Проблемалық ситуация дегеніміз шешуді талап ететін, іздендіретін, ойландыратын күрделі жағдайдың тууы. Биология пәнінің әрбір тақырыбын өту барысында ғылыми болжам жасауға жетелейтін проблемалық жағдаяттар тудыру ерекше орын алады. Проблемалық жағдаятты қабылдап, талдап шешудің жолдарына болжам жасауда оқушылар бұған дейінгі алған білімдеріне сүйенеді, сөйтіп қарастырылып отырған құбылыстың, үдерістің өздеріне әлі таныс емес қасиеттері, белгілері, ерекшеліктері, заңдылықтары жөнінде пікірлерін ортаға салады, әркім өзі ұсынған пікірлерін

негіздейді, қорғайды, ғылыми принциптерге сүйене отырып тұжырымдайды. Оқушы

ойын қозғап, түртіп, қозғалысқа келтіріп отыру оқытушының басты міндеті болып

табылады. Проблемалық оқытуды ұйымдастырудағы шешуші тәсілпроблемалық

жағдаяттар тудыру. Бұл тапсырмалар оқушылардың ой-өрісін кеңейтеді, ойлана білу қабілетін дамытады, ғылымға, пәнге деген қызығушылығын арттырады,

 

төзімділікке, шыдамдылыққа, аңғарымпаздыққа баулиды.

Автор
Дата добавления 14.01.2015
Раздел Биология
Подраздел Рабочие программы
Просмотров2975
Номер материала 297109
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх