Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Биология / Другие методич. материалы / «Проблемманы зерттеу арқылы биология пәнін оқыту» PBL әдісі бойынша оқытуға арналған әдістемелік құрал
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Биология

«Проблемманы зерттеу арқылы биология пәнін оқыту» PBL әдісі бойынша оқытуға арналған әдістемелік құрал

библиотека
материалов

Атырау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік Мектебі





Таугистауова Зинаида Саламатқызы













«Проблемманы зерттеу арқылы биология пәнін оқыту»

PBL әдісі бойынша оқытуға арналған әдістемелік құрал











Атырау 2014









Мазмұны:

Кіріспе......................................................................................................................................3 Зерттейтін проблеманы құру жолдары..............................................................................6 Проблемманы зерттеу жолдарының кезеңдері..................................................................7 Проблемалық зерттей отырып оқытуды ұйымдастырудың негізгі принциптер.............12 Проблемалық зерттеуді модельдеу......................................................................................13 Проблеманы зерттеу арқылы оқыту ...................................................................................15 Топтық жұмысты бағалау критерилері ................................................................................18 Сабақта қарастыруға болатын проблеманы зерттеу түрлері.............................................19 Пайдаланған әдебиеттер немесе сайттар.............................................................................24













































Кіріспе

Қазіргі уақытта әр түрлі пәндерді оқытуда проблеммалық оқыту әдісі қолданылып журген әдістердің бірі. Бірақ осы проблеммалық оқыту әдісі толық жүйеленбеген. Дүниежүзі бойынша білім беру деңгейі жоғары саналатын Сингапур мемлекетінде проблемманы зерттей отырып оқыту немесе PBL әдісі жақсы меңгеріліп жолға қойылған оқыту түрі болып саналады.

Психологтардың зерттеулері бойынша пәнді оқытуда оқушыға проблеммалық жағдай туғызу сыни тұрғыдан ойлау мен шығармашылық қабілетті ашудың бастамасы болып табылады . Оқушыдағы мотивация мен танымдық қызығушылықтар, оқушы өз мақсатына жетуде бұрынғы өзі білетін әдіс -тәсілдері мен білімінің жетіспейтіндігіне көзі жеткенде ғана арта түсетіндігі белгілі . Оқушыдағы осындай қызығушылық оның өздігінен білімін толықтыруына тырысуының «қозғаушы күші» болып табылады. PBL әдісін қолданып оқытудың жетістіктері өте көп. Тек ол үшін мұғалім сол оқыту жүйесін дұрыс қолдана білуі керек. Бұл оқыту жүйесінің өзіндік тәртіптері мен міндеттері де бар. Дүниежүзіндегі білім жүйесі жөнінен алдыңғы қатарлы елдердің көпшілігі оқытудың осы әдсін қолдану арқылы елдегі білім деңгейін көтеруде көптеген жетістіктерге жеткен.

Пәнді оқытуда PBL әдісін қолданғыңыз келсе әуелі өзіңіз төмендегі сұрақтарға жауап беріп көріңіз.

  1. Сабақ беру кезінде менің негізгі ойым оқушылардың өздігінен оқи білуінен гөрі, өзімнің сол сабақты қалай жүргізетіндігімде болады.

  2. Сабақтың көп уақытын жаңа тақырыпты меңгертуге жұмсаймын

  3. Сабақта оқушылардан гөрі мен көбірек сөйлеймін.

  4. Сабақты жоспарлау кезінде мен алдын-ала оқушылардың қалай әрекет ететіндігін біліп отырамын

  5. Оқушылар менің сабағымда өз ойларын еркін жетікзіп айтуда қиналады.

  6. Мен үшін топтық оқыту сабақтың мақсаына жетудің негізгі жолы емес.

  7. Оқушыларға сабақ басталарда сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстырамын

  8. Оқушының өздігінен оқуына қарсымын, себебі бұл білім деңгейін төмендетеді

  9. Оқушылардың өздерін өздері және өзара бағалаулары білім сапасын анықтауға мүмкіндік береді.

  10. Сабақ үстінде шудан гөрі тыныштық болғаны дұрыс деп есептеймін. Шу оқуға кері әсер етеді.

Егер бұл сұрақтардың жауабының көбі «иә» болса онда сізге проблеммалық оқыту әдісін қолданып көру керек.

Ол үшін

  1. Оқу жоспарыңызды алып тараулардың ішінен қай бөлімін осы оқыту жүйесіне келтіруге болатындығын қарастырып көріңіз.

  2. Проблемманы зерттеуді қарастыру үшін төмендегі кестені толтырып көріңіз:

1 кесте



Сыныбы

Тарауы



Оқу мақсаты

Шешілуі тиіс проблемманың мақсаты


Проблемманың типі




Негізгі мағыналы сөздер





Қармақ




Зерттелінетін проблемма

















2 кесте


Білім типі



Оқу мақсаты



Проблемма типі

Оқу мақсатына сәйкес Блумм таксономиясының бөлімдері

Ұсынылған білім


Фактіні анықтау

Проблеммамен танысу (проблемманы табу)

Білу

Түсінікті қалыптастырушы білім

Пайда болу себебін білу

Түсіндіру (проблемманы зерттеу)

Түсіну

Қолданушы білім

Туындаған жағдайды өзгерте отырып шешім шығару

Стратегиялық проблемма (проблемманы шешу жолдарын қарастыру)

Қолдану

Жеке білім

Проблемманы танып білу және сол проблеммаға өзіндік түсінік бере білуі

Моральдық проблемма (проблемма шешудегі моральдық дилема)

Анализ, синтез, бағалау







Зерттейтін проблеманы құру жолдары

Проблемманы құру үшін сізде не болуы қажет:

Қармақ

  • Проблемманыңызда белгілі бір шынайы жағдай суреттелуі керек және ол оқушы үшін қызықты болуы міндетті

  • Ұсынылған проблемманың мазмұны сапалы болуы тиіс, яғни нақты

мәліметтер келтірілуі тиіс

  • Құрылымы сақталуы тиіс: дилемма, қиындығы, сипаттамасы ашық болуы тиіс

  • Қармақ әр түрлі типте болады.

  • Мысалға:

  • http://www.youtube.com/watch?v=D0c6c8emuw4 видео сайттан алынған немесе өзіңіз түсірген болуы да мүмкін



http://www.informationisbeautiful.net/

Криптограмма түрінде

http://www.fodey.com/generators/newspaper/snippet.asp

hello_html_7e7899cf.png

Немесе газет кесіндісі түрінде:

hello_html_m2ed3c05d.png

Комикс түрінде:

hello_html_5f920401.pnghttp://www.makebeliefscomix.com/Comix/ өзіңіз шынайы оқиғаға бағыттап комикс ретінде құрастыра аласыз. Оған қатысатын кейіпкерлерді таңдау мүмкіндігіңіз де бар.

Немесе : Презентация, Текст, Статья, Видеоролик түрінде беруге болады.

Сыныбы

8

Тарау

8.3C: Тыныс алу және бөліп шығару

Оқу мақсаты

  • өкпедегі газ алмасу механизмін және ұлпалық тыныс алудың механизмдерін сипаттау

Проблемманың мақсаты

Механизмнің жүру процесін анықтау

Проблемманың типі

Түсіндіру

Негізгі ұғым

тыныс алу, аэробты тыныс алу, газ алмасу, химиялық формула, бөліп шығару, кеңірдек, ауатамыр, ауатамыршалар, альвеола, тынысалу беткейі, өкпелік газ алмасу , қылтамыр, ұлпа сұйықтығы, ұлпалық тыныс алу

Қармақ

Ағзаның оттегімен қамтамыз етілуі

Мәселенің тұжырымы

Ауруханаға кеуде қуысы екі жақтан сынған адам әкелінді. Оның кеуде қуысы сынғанмен , өкпесі зақымданбаған, ешқандай қан кетпеген. Бірақ бірнеше сағаттан кейін ол тұншығып өлді. Бұл жағдайды қалай түсіндіруге болады?

Проблемманы зерттеу жолдарының кезеңдері

Өзіңіз үшін тақырыпты анықтап алғаннан кейінгі жұмысыңыз:

  1. кезең Топты құру

-Топты сыныптағы оқушылардың санына қарай бөлесіз. Топқа бөлу үшін оқытудағы бұрынғы әдістерді пайдалануыңызға болады немесе ешқандай талассыз топ құру үшін интернет көмегіне жүгініңіз.

Мысалға: Оқушыларды белгісіз тізімде топтастыру үшін http://primaryschoolict.com/random-name-selector/# сайтын қолдануыңызға болады. Ол үшін оқушыларыңыздың аты-жөнін осы сайтқа енгізесіз. Сол бойынша компьютер сізге топ мүшелерін өзі таңдап береді.Сонда сынып ішінде ешқандай талас тумайды.

- Әрі қарай жаңа құрылған топқа жұмыстары нәтижелі болуы үшін негізгі ережелерін құруға мүмкіндік беріңіз. Бұл оқушылардың топтаса отырып, топтағы әр оқушы сол топтағы өз қызметін анықтап алуларына, өз істеріне жауапты болуға, жұмыстарын жоймауға, уақытпен санасып жұмыс жасауға көмектеседі.

- Нақты нәтижеге жету үшін жұмыс уақытындағы мұғалімнің қызметі мен оқушының міндетін нақты белгілеңіз.

2-кезең: Проблеманы тану

  • Мұғалім шәкірттеріне проблемалық жағдайды ұсынады.

  • Шәкірттер мұғалімнен проблемманың сценарийін нақтылап,проблеманың неде екенін анықтап, фактілердің тізімін шығарады.

  • Шәкірттер проблеманы танып білу үшін, өз жоспарларын құрады.

  • Бұны оқушылар 2-3 рет қайталап, өзгертулері мүмкін.

Сіздің оқушылардың алдына беретін проблемаңыз дұрыс құрылған болуы керек. Ол үшін сіздің проблемаңыз:

  1. Оқушының қызығушылыңына бағытталған болуы шарт

  2. Әр проблемада

«Hook» (Крючок) – оқушының проблеманы шешуге қызықтыратындай болуы керек

  1. Context – проблеманы таныстыру

  2. Content – проблеманың мазмұны

  3. Form of problem (dilemma, challenge, open-ended task) - проблеманың құрылу формасы (дилемма, таңдау , ашық және жабық сұрақтар)

3-кезең Түрлендірілген идея

  • Шәкірттер проблеманы түсіну үшін сұрақтар топтамасын құрайды. Ол үшін ой қозғау жасай отырып, проблеманы тануға , проблеманы түсінуге , проблеманың шешіміне бағытталған түрлі идеяларды ұсынулары керек.

  • Ол идеялар жорамал,болжам, шешу жолы, түсіндіру, сыни тұрғыдан ой түрінде проблеманы тануға және шешуге бағытталған болуы мүмкін.

  • Бұл идеялар проблеманың екі аумағында тоғысуы мүмкін. Проблеманы тануда және жоспарлы әрекет ету кезеңінде



4- кезең Проблеманы зерттеу

  • Шәкірттер проблемаға зерттеу жүргізіп және зерттеуге бағытталған іс-әрекет жоспарын құра отырып, проблеманың шешу жолдарын анықтайды. Іс -әрекет жоспарын құру – бұл пролеманың неде екенін анықтаудың , проблема туралы толық мазмұнды ақпарат алудың және проблеманың неден туындағанын білудің нақты жолы. Проблеманы зерттеу- бұл шәкірттердің проблеманы толық тану үшін, сұрақтарына жауап іздеу жолдары. Мысалға: оқулары қажет материалдар тізімі немесе интернет сайттары, оқулықтар, кітаптар, тақырыптар.

  • Шәкірттер өздерінің проблеманы зерттеу үшін қайда барып нені анықтайтындықтарын, қандай оқулықтар мен кітаптарды оқитындықтарын, қандай сайттан ақпарат іздейтіндіктерін нақтылайды.



5-кезең: Өздігінен іздену

  • Шәкірттер ақпарат жинап проблеманы зерттеу үшін кітапханаларға барып, интернет сайттарын қарайды.

  • Олар қайта жиналып, топ мүшелерінің әр қайсысының алып келген материалдары мен ақпараттарын ортаға салып, талқылау жүргізеді. Бұл олардың ары қарайғы жұмыстарының дұрыс жүруіне көмектеседі.





6- кезең: Синтездеу және қолдану

  • Шәкірттер өздері жинаған ақпараттарды қайта қарайды.Олардың шынайылығына , заңдылығына қайта мән беріп талқылайды. Бұл топтағы басқалардың қалай жұмыс жасап, қалай зерттеп жатқандықтарын анқтауға мүмкіндік береді.

  • Шәкірттер табылған, нақтыланған ақпараттарымен алмасып,оларды проблеманы шешу жолында пайдаланады. Олар әрі қарай проблеманың шешіміне сәйкес келетін зерттелген білімдерін қолдануды жалғастырады. Жалпы ақпараттардан проблеманың шешімін тауып, түсіндіру үшін нақтысы теріліп алынады.

  • Шәкірттер топта проблеманы шешу үшін барлық ақпараттарды талқылайды, анализдейді, сынайды, ойларын жайнақтап тұжырымдайды

  • Шәкірттер нақты проблеманы бірнеше ұсақ проблемаға да айналдырулары мүмкін. Бұны топ 2-5 рет қайта жасауы мүмкін.

  • Шәкірттер соңында проблеманы шешудің дұрыс жолдарын түсіндіре алатындай нақты тұжырым шығарады.

7- кезең: Ой толғау және кері байланыс

  • Шәкірттер өз тобына баға береді.Топ қалай жұмыс жасады, олар ережелерге толық бағынды ма, қызметтерін толық орындай алды ма?

  • Топ мүшелері өздерінің проблеманы шешуге ұсынған жеке ұсыныстары туралы ойланады

  • Топ мүшелері проблеманы шешу жолына ұсынған шешімдерінің түсіндірмелері туралы ойланады

  • Топ мүшелері өздерінің пәнді қаншалықты түсінетіндігіне қысқаша шолу жасайды. Ол үшін проблеманы зерттеудегі түсінігі туралы карта құрастырады. (жүрген жолы,қай тақырыпты бұрын білді, нені білмеді)

  • Топ мүшелерінің диалогы мұғалімнің көмегімен жүргізіледі

  • Зерттеудегі кері байланыс үшін бұның бәрі кейін дағдыға айналуы керек

Есте ұстаңыз!

Топтар нақты шешімге келу үшін кейбір кезеңдерді бірнеше рет қайталауы мүмкін, алға жүріп кейін қайта артқа жүруі де мүмкін. Бірақ бұл топтың жұмыс жасауына кері әсер етпеу керек. Мұғалім бұның бәрі Проблемманы зерттеу арқылы оқыту әдісінің кезеңдері екенін түсіну керек және шәкіртіне түсіндіре білуі керек.

Проблеманы тану үшін топтар түрлендірілген идеяларын білдіреді. Ол үшін FILL кестесін толтыртасыз.

FILL кестесі

Факт

Идея

Проблеманы зерттеу

Іс- әрекет жоспары

Бұл берілген проблеманың сценарийінен алынады




Болуы мүмкін:

  • Себеп

  • Эффект

  • Идея

  • Шешім

Проблема бойынша

Сұрақ түрінде болуы керек

Факт бөлімінде аталған мәселелерді шешуге, нақтылауға, табудан туындайды

Сценарийде берілген ойлармен, пікірлермен, нақты емес ақпараттармен шатастыруға болмайды

Тақырыптан берілген үзінді




Жауап беру кезінде проблеманы шешу үшін білім құрылымына сәйкес келетін жауап түрінде болуы керек.

Етістіктен іс әрекеттен басталуы керек.

  • Клиенттің вебсайтын тексеру

  • Қоршаған ортаны тексеріп көру т.б

Егер ақпарат толық түсінікті болмаса іс әрекет жоспарында нақтылауды ойластыру керек. Мыс: Клиенттен сұрау

Фактіге негізделген ойлар

Идеядан туындаған ілгіш немесе идеяны қозғаушы түрінде болуы керек

Сіздің проблеманы нақты түсінуіңіз үшін қойылатын сұрақ түрінде болады

Факт мүмкін болса тақырыпқа сәйкес келуі керек. Мыс: тақырып «Клиенттің жеңілуі» болса- факт сол іске қатысты адам.

Талқылаусыз қабылдануы керек

Пәннің оқу бағдарламасына сәйкес келуі керек

Проблеманың неде екенін түсінуге бағытталған іс- әрекеттер

Мысалға: полицияға телефон шалу,клиенттің басшысымен сөйлесу, медициналық есептеу жүргізу, оқиға болған жерге бару,білетін, кқрген адамдардан сұрау т.б


Проблеманы зерттеу кезінде мәселені дамытуға, өңдеуге ,түзетуге бағытталған

Зерттеу кезінде өзгертулерді туғызуы мүмкін

Зерттеу ресурстарын қосу



Алғашқы зерттеу қорытындылары кезінде басқа да оқу проблемалары қосылуы мүмкін

Идеядан туындаған немесе идеяны қозғайтындай болуы керек



Зерттеу жолында оған топтан топты дұрыс бағыттауға лайық жауапты адам тағайындаңыз




Проблемалық зерттей отырып оқытуды ұйымдастырудың негізгі принциптері

Проблеманы эффкеті модельдеудің негізгі принциптеріне сипаттама :

Савин Баден мен Ховел Мейлжер (2004 ж) ,Долманс пен Шелен Балендон (1997 ж) және Баровс (1994ж) ұсыныстары бойынша

  1. Жаңа базалық білімді зертеуді талап етеді

Сондықтан сіз құраған проблема проблеманы шешу үшін жаңа білімді зерттеуді қажет ететіндей болуы керек.

  1. Зерттелуші бағдарламаның нәтижесімен сәйкес келуі керек.

Проблеманы шешу жолында оқушылар оқу бағдарламасының негізгі мақсатына жетулері керек. Сонымен бірге ол оқушылардың бұрынғы білетіндеріне сүйене алатындай, олардың деңгейіне сәкес келетіндей, өмірмен байланысты болуы шарт

  1. Оқушылардың бұрынғы білімдеріне бейімдеу

Егер проблемадан өздеріне бұрыннан таныс нәрселерді кездестірсе, оқушыларға жаңа материалды игеру оңай болады.Сондықтан проблеманы берместен бұрын оқушыларыңыздың нені білетіндігін анықтап алғаныңыз жөн.

  1. Оқушылардың болашақтағы мамандықтарына немесе олардың алдынан кездесуі мүмкін проблемаларына қатысты болатындай болғаны жөн

Оқушылардың өмірде немесе маман ретінде алдарында кездесуі мүмкін жағдайларға өатысты болатындай проблема болуы керек. Проблеманы ұйымдастырған кезде нақты шынайы өмірдегідей етіп көрсетуді ұмытпаңыз.

  1. Пролемадағы кейбір сигналдар олардың сыни тұрғыдан ойлай білу қабілеттерін дамытатындай болуы керек

Оқушылар берілген ақпаартты оның шешілу жолының бірнеше нұсқалары болғанда ғана жақсы есте сақтайды. Проблеманы өңдеудің әртүрлі жолдары болуы мүмкін. Мысалға: талқылау, нақтылау, анықтау, сұрақтар қою және оған жауап беру, талдау, баға беру, сыни тұрғыдан қарастыру. Бұл жаңа ақпаратты игеруде білімдерін дамытудың нақты кепілі бола алады.

  1. Кіріктірілген білімнің жетістігі

Проблемалар шынайы өмірде белгілі бір пән шеңберінде ғана болмайды. Сондықтан проблема бірнеше пәндегі білімдерін қамтитындай жан –жақты болуы керек. Яғни, проблеманың шешімі тек бір пән шеберінде болмауы тиіс.

  1. Өздігінен білім ала отырып, проблеманы зерттеу жолында жетістікке жету

Оқушылардың өздігінен белсенді ізденуі оларды қызықтыратындай проблеммалық сценарий болғанда ғана іске асады.Сондықтан проблема оқушының өздігінен өзденуіне мүмкіндік беретіндей және өздігінен білім ала алатындай , яғни ақпараттанатындай жан- жақты болуы керек.

  1. Пәнге деген қызығушылықты ояту

Проблема оқушыға жеке қатысты болмауы тиіс және қазіргі заманға сәйкес оқушыны қызықтыратындай болуы керек. Оқушы осы проблеманы өзінің жетістікке жетуі үшін зерттеп білгісі келетіндей болуы шарт

Проблемалық зерттеуді модельдеу



  1. Проблеманы зерттеу үшін бағытын, дағды мен мазмұнын анықтау

Проблемалық жағдай оқу бағдарламасының мақсатына сәйкес болуы керек. Сондықтан құрастырушы оқушылардың нені білулері керек екендігін анық білуі керек және оқушының білім деңгейін жас ерекшелігін ескеру маңызды.

  1. Оқытуды жақсарту үшін нақты сәйкес келетін проблеманың типін анықтау

Оқытудың нәтижесі білімнің қай типініе жататындығы туралы ақпарат беретіндей,осы мұғалімнің арқасында проблеманың қай типін құрастыру керек екенін біледі.

  1. Ресурстардың жеткіліктілігіне көз жеткізу

Мұғалім оқушылардың өздері ізденетін болғандықтан ақпараттың жеткілікті және қолжетімділігіне сенімді болу керек

  1. Проблемалық жағдайды игеру

Проблемалық жағдайды шешуге дайындық

А) оқушылардың нені білу керек екендігін анықтау

Б) Оқушылардың шынайы өмірде кездесіп қалуы мүмкін жағдайларын қағаз бетіне түсірту, сезіндіру

В) Қажетті сөздер тізімін анықтап оларды проблеманы зерттеуге бағыттау

Г) Проблемалық жағдайға қатыстырып топтағы оқушыларды рольдерге бөлу.

Д) Оқушыларға проблеманы зертеуге бағытталған нақты сұрақтар мен тапсырмаларды жүктеу.Олардың жауаптары іс –әрекет пен қорытынды есептерінде көмек ретінде болуы керек.

Е) Проблеманың сценарийі нақты әрі анық екендігіне көз жеткізу. Проблема бойынша негізгі ақпаратты қамтуы керек.

Ж) Проблеманың ашық екендігіне және ол туралы ақпаратты оңай,әрі тез табуға мүмкіншіліктің көп болын қарастыру керек.















Проблемманың типі

Қойылуы керек сұрақтар

Проблеманың шешілу жолдарына мысалдар

Проблемманы тану (проблемманы табу)

Қандай фактілер бар ?

Адам тұншығып өлген

Проблемманы зерттеу (проблеманың туу себебін түсіндіру)

Неге осылай болды?

Себебі кеуде қуысындағы бұлшықеттерге зақым келген

Проблемманың стратегиясы

(стратегияны жасау)

Проблемманы зерттеу үшін қалай іс- әрекет ету керек?

Бұлшықет жүйесінің жұмысы туралы толық оқып білу

Проблемманың шешілу жолы (проблемманы шешудің моральдік дилемасы)

Проблемманың шешу жолын ұсыну?

Ауруханадағы жағдай қайталанбау үшін бұлшықеттің қызметінің тыны салу мүшелеріне қатысын толық зерттеп білу керек





Проблеманы зерттеу арқылы оқыту

\ Проблемалық жағдай\

Кестеде берлілген жағдайларды оқып көріңіз. Бұл сұрақтардың қайсысы қай типке жататынын анықтап көріңіз.



Бұл проблеманың қай типі?

Проблемалық жағдайды белгілі бір типке айналдыратын мысалдар


Неге қазіргі кездегі жасөспірім балалар үйден қашуға немесе өз шекарасын кеңйтуге тәжірбие жасап кқруге батыл әрекет ете алатындай болып көрінеді?


Жоғарыда айтылған балалар өздерінің үйден қашуларының себебі ата- аналарының үнемі үйде жалғыз қалдыратындықтан деп есептейді. Ал ата- аналары балаларын асыраулары үшін өте көп жұмыс жасау керек екендіктерін алға тартады. Әр тарапқа (ата- ана және бала) қандай кеңес берер едіңіз?


Министр соңғы он жылда өз үйінен қашқан балалардың себептерімен қоса есептерін сұрады.


Балалардың үйден қашу жағдайын азайту мақсатында сіз қандай бағдарлама ұсынар едіңіз және оны қалай іске асыруға болады.







Мысалға: Проблеманың типтері

  • Тез анықтау

  • Түсіндіру

  • Бағдарлама

  • Моральді дилема



Мысалға:

1 проблема Найзағай түсу

Адам найзағай түсудің нәтижесінде өлді. Ол полицей болатын. Найзағай оны Пая Лебар көшесіндегі автобус аялдамасына қарай бара жатқан тұста, күн жауып тұрған кезде соқты. Осы жайтты түсіндіріңіз.



Фактілер

Идеялар

Проблеманы зерттеу

Іс –әрекет жоспары

Ер адам өлді

Ер адамның бойы ұзын болды

Найзағай қалай пайда болды

Зерттеу жүргізу

-Интернет ( қандай сайт, негізгі қандай сөздер)

Оны найзағай соқты

Жай түскен және жаңбыр қатты жауғанда найзағай ойнайды

Адамды өлтіру үшін қанша вольт болу керек

Полицеидің сол күні формада болған болмағандығын анықтау

Ол полиция офицері болатын

Полицеи темір ілгектері бар жұмыс формасында болған

Адамға найзағай түскенде не болады?

Интернеттен қарау.

Ол жолда келе жатты

Ашық жермен жүрген

Найзағай көбіне қандай жерлерге немесе қандай заттарға түседі

Медициналық тексерістің қорытынды анықтамасын алу (дәл неден өлген себебін анықтау)

Бұл жағдай Пая Лебар көшесінде орын алды




Түсіндіру керек



Іздену, анықтау, сұрау



Осы кестені толтыру арқылы

  1. оқушы барлық идеялар мен ойларын жазып отырады.

  2. Оқушыларға тапсырма бөліп беріледі

  3. Олар ақпаратты іздеп, ақпарат алмасады

  4. Бірнеше қайта талқылайды, пікітлеседі

  5. Проблема шешіледі. Теорияға бағытталады

Бұл мысалды биология пәніндегі «Адамның қан айналым жүйесін» өткенде беруге болады. Оқушылар бұл проблеманы шешу кезінде физикадан, географиядан алған білімдерімен кіріктіре отырып және өздерін із кесуші ретінде сезінулеріне мүмкіндік беруге немесе дәрігер ретінде сезінуге мүмкіндік беруге болады.

Олар биология бойынша соныңда адамға найзағай түскенде жүрек бұлшықеттері әлсіреп, содан қан айналымның нашарлап, тыныс алудың мүмкіншілігі болмай өлетіндігіне көз жеткізулері керек.

Физика бойынша найзағайдың қандай жағдада пайда болатындығы туралы және оның бойында қанша ток көзі болатындығы, адам қлу үшін қанша ток күші керектігін анықтайды.

Ал географиядағы білімдеріне сүйеніп, жер бедерінің қандай бөлімдеріне найзағайдың көп түсетіндігін, неге түсетіндігін анықтауларына болады.

Проблеманы зерттеу арқылы оқыту технологиясында мынадай сайттардың көмегіне сүйенуіңізге болады.Бұл бағдарламалар сізге проблемаларды түрлендіріп құруға, сабақта түрлендіріп және оқушылармен дамыта отырып оқытуға көмектеседі

http://primaryschoolict.com/random-name-selector/

http://www.foday.com/generators/newspeper/snippet.asp

http://www.mekebeliefscomix.com/Comix

http://docs.google.com

http://popplet.com

























Топтық жұмысты бағалау критерилері

Жұмыс жасау деңгейін бағалау түрі

  • Үздік

  • Жақсы

  • Төмен

Критерилерге сипаттама

  • Топтағы жұмысқа қатысу деңгейі

  • Жұмысқа енгізген еңбегі

  • Топтың ұйымдасып жұмыс жасауы

  • Топ мүшелерінің бір-бірін сыйлауы

  • Зерттеудің нақтылығы



Топтық бағалау критерииі және жеке компоненттер



Критериилердің сипаттамасы ( топтық):

  • Топтық зерттеудегі шешімнің нақтылығы

  • Басқа топтарға арналған коментарии

  • Топтың ойлауы

  • Жалпы презентацияның есебі



Критерии сипаттамасы (жеке оқушыға )



  • Жеке зерттеудегі анализ және дизайн жасай алуы

  • Топтық талқылаудан оқып- үйрнегені

  • Алған білімін қолдануы

  • Жұмыс бойынша жеке есебі

  • Презентация















Сабақта қарастыруға болатын проблеманы зерттеу түрлері:



Тақырыбы

Зерттелетін проблема

Асқорыту

Саян Қазақстаннан ата- анасымен бірге Үндістанға қыдырып келді. Ата- анасы өз жұмыстарымен кетті де,Саянды достарының үйіне қалдырды.Көшеде ойнап жүрген Саян ішім ауырып бара жатыр деп,әлсіреп есінен танып құлап қалды. Ол оншақты күннен бері үндістандық досы Радждың үйінде қонақта жүрген болатын. Радждың анасы тез арада дәрігер шақыртты. Дәрігер Саянның ішкі құрылысында ешқандай ауру белгісінің байқалмайтындығы туралы қорытындыға келді. Дәрігер Саянның соңғы күндерде қандай тамақ жегенін сұрады. Саян соңғы күндері тек қана Радждың анасы ұсынып жүрген вегетарияндыққа тән тағамдармен ғана қоректенгендігін айтты. Дәрігер жағдайды енді түсінгендей болды.

Дәрігер бұл жағдайды қалай шешті деп ойлайсың? Вегетарияндық тамақтануға қалай қарайсың?


Жүйке жүйесі

Зертханада бірнеше ғалымдар итке тәжірбие жасады.Дәрігерлер иттің мишығын алып тастады.Бірнеше уақыттан кейін мишығын алып тастаған ит ақыры жаймен жүре бастады. Дәрігерлер енді итінің үлкен миын алып тастады.Бірақ ит енді қанша күтсе де жүрмеді. Неге бұлай болғанын анықтап көріңдер. Осындай эксперименттерді жүргізу дұрыс па? Неге олай ойлайсындар?

Микробиология

«Экспедициядағы оқиға»

«Биылғы жылы биология бөлімінің 1 топ студенттері іс- сапармен Бетпақдалаға аттанды. Олар өз зерттеулерін шөлдегі қалдықтарды зерттеуден бастады. Осы экспедицияда олар қызық оқиғаға тап болды. Олар өте әдемі ат әбзелімен безендірілген жылқының өлексесін тауып алды. Оларды таң қалдырғаны бұл жылқының өлгеніне бірнеше ай өткен, сөйте тұра ол шіріп кетпеген. Өлексе сол күйі сақталған»

Егер өсімдік пен жануарлардың өлекселерінің шіруінде шіріту бактериялары ең маңызды роль атқарады, жануарлардың өлекселерімен мен өсімдіктердің қалдықтарын бактериялар жойып жіберетіндігі биологияда дәлелденген десек, бұл жайтты қалай түсіндіруге болады.


Қан құрамы

«Ағзадағы оттегі»

« Барлық тірі ағзалардың жасушасына қоректік зат пен оттегі қажет. Ағзаға қажетті оттегі әуелі тыныс алу мүшелері арқылы қанға, одан кейін әр жасушаға түседі. Ағзаның оттегіні қажетсінуі әр кезде әртүрлі.Адам қимылсыз отырғанда 1 сағатта 10-12 литр оттегіні,ал жұмыс жасағанда 60-100 литр оттегіні қажетсінеді.Бізге 5 литр суда 0,1 литр оттегінің еритіні белгілі.Біздің ағзамызда 5 литр қан бар.Қан құрамындағы қан плазмасының 90 пайызы судан тұратыны белгілі. Ендеше қанның мұндай көлемінде шамамен 0,1 литр оттегі еріп кете алады десек, ағзаның ең аз дегендегі оттегіні пайдалануы қан құрамындағы оттегіден 100-ге артық. Ағза қалайша бұндай көп көлемдегі оттегіні пайдалана алады?»


Адамның жүйке жүйесі

«Маугли»

Атақты жазушы Киплингтің кейіпкері Маугли жан- жануарлардың ортасында, джунглиде өмір сүрді. Ол джунглидегі барлық жануарлардың тілін білді.Олармен өз жанұясындай бірігіп, жануарларды басқарып, джунгли заңына сәйкес өмір сүрген. Сонымен қатар оның бойында адамға тән саналылық пен адамгершілік қасиеттер де болды. Осы жағдайды қазіргі ғылым тұрғысынан түсіндіріңіз. Киплинг жазғандай шынымен де адам жан- жануарлардың ортасында өссе де, адамдық санасы мен қасиетері сақталып қалуы мүмкін бе?

Иммунитет

« Келіспеушілік»

Биология ғылымына еңбек сіңірген ғалым Мечников бір күні өзінің кезекті зерттеу кезінде, теңіз жұлдызының түссіз дернәсілдерінің денесінен қозғалғыш жасушаларды бақылап отырады. Микроскоптан олардың залалданған тұсқа жиналып, жалған аяқтарын шығарып, шақырылмаған қонақтарды өз денесіне енгізіп, қорытып жіберетіндігін байқайды.

Мечников оларды «фагоциттер» немесе обыр жасушалар деп атады. Ол осындай жасушаларды құрттардың, бақаның, қоянның және адамның денесінен тапты.

Ол енді бақаның ұлпасына «сібір күдіргісінің» қоздырғыштарын енгізеді.Сол кезде фагоциттер сол жерге жинақталып, әр қайсысы бірнеше бактерияларды жей бастайды және оларды қорытып жібергендерін байқайды.

Осы кезде 19 ғасырдағы Германиялық ғалымдар иммунитеттің қасиетіне басқаша көзқарас білдірді. Пауль Эрлих денеге түскен микроптарды бұл жасушалар емес қанның өзінің ішіндегі арнайы заттардың әсерінен жойылады деді. Бұл теория гумаральдық деп аталыды. Бұл келіспеушілік 15 жылға созылды. Сіздер бұл келіспеушілікті қалай шешер едіңдер. Кімдікі жөн?

Қазіргі заманғы ғылымның жетістіктеріне қарап, иммунитеттің пайда болуын қалай түсіндірер едіңдер.

Экология

« Бұғылардың тағдыры»

1906 жылы Теодор Рузвельт Кайбаб қорығында қарақұйрықты бұғыларды өсірді. Ол осы қорықтағы бүкіл қасқырлар мен сілеусіндерді басқа да жыртқыштарды түгел жоюға бұйрық берді. Алғашқы кезде бұл бұғылардың көбеюіне оң әсер етті. Бұғылар 3000 бастан 15 жылда 50000 ға жетті. Бірақ соңғы жылдары олардың саны күрт азая бастады. 1940 жылдары бұл популяцияда 10000 бас бұғы қалды.

Неге бұлай болды?




Проблеманы зерттей отырып оқыту, жүйелі түрде жүргізіліп отырса оқушылардағы көптеген қасиеттерді ашуға көмектеседі. Осы оқыту әдісі арқылы оқушыдағы:

  1. Сын тұрғысынан ойлай білу

  2. Топта жұмыс жасай білу

  3. Уақытпен санаса білу

  4. Зерттеушілік қасиеттерін ашу

  5. Ғылымға деген қызығушылық

  6. Алған білімдерін өмірде қолдана білу т.б қасиеттерін ашуға болады.











































Пайдаланған әдебиеттер немесе сайттар:



1. http://primaryschoolict.com/random-name-selector/

2. http://www.foday.com/generators/newspeper/snippet.asp

3. http://www.mekebeliefscomix.com/Comix

4. http://docs.google.com

5. http://popplet.com

6. http://primaryschoolict.com/random-name-selector/#

7. http://www.makebeliefscomix.com/Comix/

8. Тan Kan Chye Inquiry Learning (IL)

9. Problem-based learning Jonathan





27


Краткое описание документа:

Психологтардың зерттеулері бойынша пәнді оқытуда  оқушыға проблеммалық жағдай  туғызу  сыни тұрғыдан ойлау мен шығармашылық  қабілетті ашудың  бастамасы болып табылады . Оқушыдағы мотивация мен  танымдық  қызығушылықтар,  оқушы өз мақсатына жетуде бұрынғы өзі білетін  әдіс -тәсілдері мен білімінің  жетіспейтіндігіне көзі жеткенде ғана  арта түсетіндігі белгілі . Оқушыдағы осындай қызығушылық  оның  өздігінен  білімін толықтыруына   тырысуының  «қозғаушы күші» болып табылады. PBL  әдісін қолданып оқытудың  жетістіктері өте көп. Тек  ол үшін мұғалім сол оқыту жүйесін дұрыс  қолдана білуі керек. Бұл оқыту жүйесінің өзіндік тәртіптері мен  міндеттері де бар. Дүниежүзіндегі білім жүйесі жөнінен алдыңғы қатарлы елдердің көпшілігі оқытудың осы әдсін қолдану арқылы  елдегі  білім деңгейін көтеруде көптеген жетістіктерге жеткен.

Автор
Дата добавления 18.06.2015
Раздел Биология
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров382
Номер материала 569728
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх