Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыПроект по казахскому языку на тему "апорт"

Проект по казахскому языку на тему "апорт"

Скачать материал

Ақмола облысы

Степногорск қаласы

Бестөбе кенті №1 орта мектебі

 

 

 

Бақыт Арайлым 5 «Б» сынып

Нұрлан Айсана 4 «А» сынып

 

 

«Апорт және алманың қасиеті»

 

Бағыты: Биология

Секция: Биология

 

 

 

Жетекшісі: бастауыш сынып мұғалімі

Канафина Акбота Бақытқызы

 

 

 

 

 

2014-2015 жыл

 

Мазмұны:

 

1.     Кіріспе  .................................................................................................... 4

2.     Негізгі бөлім ...................................................................................... 5-10

2.1. Алматы апортының шығу тарихы ................................................5-6

2.2. Апорттың биологиялық, химиялық құрамы ..............................7

2.3. Алматы апортының құрып кетуінің себептері ........................8-10

3.     Зерттеу бөлімі ................................................................................... 11-19

3.1. Алманың пайдасы мен емдік қасиеті.........................................11-14

3.2. Апорт пен қазіргі алманы салыстыру мақсатындағы сауалнамалар........................................................................................15-19

    4. Қорытынды ...............................................................................................20

    5. Пайдаланылған әдебиеттер ....................................................................21

    6. Пікір ............................................................................................................23

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Абстракт

        Қазақ жерінің, оның ішінде Алматының сәні, символ, Жетісудың ең төл жемісі атанған ол – апорт алмасы. Оның көздің жауын алатын қызыл-жасыл түрі, тілді үйіретін тамаша дәмі мен жансарайыңды ашатын ғажап иісі керемет.  Бір сөзбен айтар болсақ , апорт – алмалардың патшасы екен. Осы апортқа тең келетін алма бұрын да, қазір де әлемдік ассортиментте бірде-бір сорт жоқ, оның орнын ешқандай алма сорты толтыра алмайтыны анық.

Зерттеу мақсаты: Өскелең ұрпаққа Алматы апортының қасиетін дарыту, еліміздің символы болған апорттың азайып кетуінің себебін анықтап, қайта жаңдандыруға ат салысу.

Тақырыптың өзектілігі: Зерттеу жұмысы арқылы Алматы апортының қайта жаңдануына үлес қосу. Алматы апортының ерекшеліктері мен басқа алмалардан айырмашылығын қарастыру. Алматы апорты жайында жазылған деректерді жинау.

Зерттеу жұмысының жаңалығы, нәтижесі мен практикада қолданылуы: Алматы апортың Қазақстанда қайтадан дамуына үлес қосу. Келешекте қытайдың алмасын емес, нағыз апорт алмасының дәмін таттыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І. Кіріспе.

        Алмалардың патшасы  апортты айтсаңызшы, шіркін! Көлемі тостағандай болып, кейбіреуі 500-600 грамм тартқан. Құжаттарға сүйенсек, ертеде 1200 грамдық ғажайып апорт  алмалары болған екен. Оның көз жауын алатын қызыл-жасыл түрлері, тілді үйіретін ерекше, тамаша  дәмі мен жансарайыңды ашатын ғажап иісі керемет екен. Апорт алмасы басқа алмалардан мың есе артық, ерекше болған.. Оған тең келетін алма қазір де, бұрын да болмаған. Оның орнын ешқандай алма сорты толтыра алмайды. Нұрсұлтан Әбішұлы «Қазақстандық жол» дегенөзінің  кітабында апорт бір кезде Алматының сәні болған деп сипаттайды. Халықпен кездесулерінде Президент апортты қазақстандықтардың ұлттық мақтанышы, ол экспорттық тауар болуға тиіс деп айтқан екен. Бірақ, соңғы жылдары апорттың азаю үдерістері байқалуда. Жемісі уақталып, түрі солғын тартып, дәмі мен иісінен түгелдей айырылған. Бұрынғы апорттардың түрі, түсі, пішіні де қазіргі кезде жоқтың қасы. Иісі мұрынды жаратын алмалар жанның рахаты еді. Енді қазір олар жоқ. Оның себебі неде? Біз осы атағы бүкіл әлемге мәлім болған, ұлттық мақтанышымызға айналған, Алматының символы, Жетісудың төл жемісі апортымызды жоғалтып алған жоқпыз ба? Оны қайтадан жаңғыртуға бола ма? Осындай сауалдар әр-біреуін  болсын мазалайтыны анық.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ. Негізгі бөлім.

2.1. Алматы апортының шығу тарихы.

Алматы апортының шыққан тарихына (атамекеніне) назар аударатын болсақ, апортты жаңғырту мәселесінің маңыздылығы мен мәртебелігі одан сайын арта түседі. - Осы орайда енді апорттың алғашқы шыққан жеріне және "оны ойлап тапқан авторы кім?" деген мәселеге қарай келсек… - Бұған толық жауап беру үшін тағы да тарихқа үнілуге тура келеді.

Апорт АҚШ пен Батыс Еуропада Александр деген атпен ХХ ғасырда басында пайда болған. Осы сортты Рим қақпасының түбінен осыдан 600 жыл бұрын табылған деген  сөз бар. Ресейдің оңтүстік шетінен ол бірте-бірте орталық аймағына, соның ішінде, Воронеж губерниясына да ауысқан. Мұсылмандар әлеміне кеңінен тарап кеткен "Мың бір түн" ертегісінің көп әңгімесінде алма туралы жазылған. Түрі де, иісі мен дәмі де біздің апортқа ұқсайтын тәрізді. Өз жерлес мамандарымыздың пікірі қандай? - Олардың бәрі апортты даусыз Алматынікі екенін айтады. Көрнекті ғалым-академик А.Жанғалиевтың еңбектерінде, Жетісудың жабайы алмаларының пішіндері алуан түрлі әрі полиморфты болған. Апорттың түпкі тамыры шыққан жері Жетісу деген пікірді жақтайтын тағы мынадай деректер бар. ХХ ғасырдың 60-шы жылдары академик А.Жанғалиев бастаған экспедиция Жоңғар тауының  жабайы алмалардың арасынан №28 үлгідегі алма ағашын тауыпты. Оның сыртқы пішіні, түрі, түсі барлық қасиеттері апорт тәрізді. - Демек, апортты Жетісудың төл жемісі, яғни, шыққан жері Алматы маңы деп айтуға толыққанды негіз бар.  Алматы апортының Отаны Іле Алатауы болып есептеледі екен.  Апорттың тағдыры Жетісу өңірін мекендеген халықтардың өмірімен тығыз байланысты.

Қазақстан Республикасында апорт алмасына арналған  «Алматы апорты» монетасы бар. Номиналы - 500 теңге, 2009 жылы 18 сәуірде айналысқа шығарылған болатын.

 

http://www.nationalbank.kz/cont/images/coins/AportA.jpg       http://www.nationalbank.kz/cont/images/coins/AportR.jpg

Монетаның беткі жағында (аверсінде) өсімдік жапырағы  негізінде әдемі композиция бейнеленген, Сол жақ бөлігінде екі жолға арнайы орналастырылған монетаның номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ», монета жасалған металды, оның сынамын, массасын білдіретін «Ag 925  31,1gr.» деген жазу бар. Ал жоғарғы бөлігінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі бейнеленген. Монетаны айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» және ағылшын тілінде «NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN» деген жазу орналасқан. Жазулар нүктелермен бөлінген.

Монетаның сыртқы жағында (реверсінде) ортада алма ағаштың гүлдеп тұрған бұтағынан композиция бейнеленген, онда гүлдің бір бөлігі Алматы апортының жемістерімен голографиялық бейнелеумен орындалған. Сол жақ бөлігінде соғылған жылын білдіретін «2009» деген сан, төменгі бөлігінде Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі орналастырылған. Монетаны айналдыра мемлекеттік тілде «АЛМАТЫ АПОРТЫ» және ағылшын тілінде де «ALMATY APORT» деген жазулары бар. Жазулар нүктелермен бөлінген.

Монетаның беткі және сыртқы жағындағы жазулар мен бейнелер бедерленіп жазылған. Қыры  бедерлі.

Монета 925 сынамды күмістен жасалған, массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61мм,  «proof» сапасымен жасалған, таралымы - 4 мың дана.

 

2.2. Апорттың биологиялық, химиялық құрамы.

Алма— раушан гүлділер тұқымдасына жататын, өте кең тараған жеміс ағашы. Табиғи алманың жер шарында 36 түрі белгілі, олардың 10 — 12-сінің  шаруашылықтық маңызы бар. Қазақстанда, негізінен, Сиверс алмасы, Недзвецкий, қырғыз алмасы өседі.

Ал Алматы апортының орны бір бөлек қой!

Алманың жаздық, күздік, қыстық сорттары бар. Алма ағашының өмір сүру ұзақтығы 20—100 жыл, биіктігі 3—10 м болады. 3—12 жылда жеміс береді,

әр гектардан шамамен 100—300 ц өнім алынады екен.

Мамандардың айтуынша, таза алманың құрамында 83-88% су, 7,5-16% қант, 0,2-0.8% қышқыл, 9,5-18,5 % құр­ғақ қалдық, 0,28-1,0% илік заттар, А, В1, В2, В6, С, РР дәрумендері, көптеген мине­рал­ды заттар болады екен. Апорт кеш пісетін түрге жатады, қыркүйек айларында ғана пісіп-жетіледі. Кеш піскендіктен, қыста жақсы сақталады. Құрамын да өзгертпейді деседі.

Алманың зиянкестері: алма жегіші, алма биті, шие бізтұмсығы, гүл жегіш. Алма аурулары: алма қотыры, ақ ұнтақ, жеміс шірігі, т.б.

Алма құрамында су, қант, қышқыл, А, В1, В2, В6, С, РР дәрумендері, көптеген минералды заттар бар. «Күнде кешкісін бір алмадан жесеңіз, дәрігер де қажет емес», – деген мақал алманың соншалықты пайдалы екендігін білдіреді. Сонымен қатар, алма шырыны адам ағзасын ауыр металдардан тазартуға, қан бұзылу және жүрек ауруларын емдеуге қолданылады. Алма жемісі тасымалдауға, сақтауға жарамды болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

2.3. Алматы апортының құрып кетуінің себептері.

Алматы десе – апорт, апорт десе алма түсетін еді есімізге. Екеуі егіз ұғым секілді.  Бүтіннің екі жартысындай болатын. Қазір жартының кебін киіп тұр. Бүгінде екеуі екі бөлек. Жарты-жартыдан.

   Алматысы қалды. Апорты жоқтың қасы. Алматыға барғанда, аузымыз тола нарттай апортты асап жеуші едік. Қазір дәмі жоқ Қытайдың алмасын жеуге тура келеді. Өйткені Алматыны апорт, я апортты Алматы тастап кеткен. Есесіне, ең аяғы шыбын-шіркей де жеріген, құрт та жемейтін Қытайдың алмасы аткөпір. Алманың отаны – Алматыда Қытайдың алмасы сайран салған соң, қырдағы елдің базарына өкпелеудің өзі тым ерсі екен. Алматыда бәрі бар. Тек Алланың өзі алқап берген табиғи тартуы – апорты жоқ. «Құлан құдыққа құласа, құлағында құрбақа ойнайды». Алматы апорты – құдыққа құлаған құлан, Қытайдың алмасы  құлағында ойнаған бақа боп тұр…

Апорт алмасының жемісін бере алмауы мен жойылып кете жаздауының себептеріне тоқталсақ. Біріншіден, табиғи ортаның деградацияға ұшырауы. Апорттың дұрыс өсіп-өркендейтін жері теңіз деңгейінен 950-1250 метр биіктіктегі құнарлы таулы аймақтар болуы тиіс. Қазіргі кезде ол жерлерде бақтар оталып жатыр. Бай-манаптардың зәулім үйлері бой көтеруде. Екіншіден, қаржы мәселесі қиналдырады. Осыған дейін апорт алмасына  мән берілмеді. Оны күтіп-баптайтын, сақтайтын техникалар сатып алуға қаржы бөлінбей келді. Осыған орай, алма ағашы жылдан-жылға жойылып барады. Үшіншіден, экология мәселесі айрықша рөл атқарып тұр ғой. Жер, су, ауа, топырақтың ластануынан апорттардың көбі ауруша жағдайда өсіп келе жатқандықтан, жемісін бере алмай, көп ұзамай жеміс ағашы өзінен-өзі құлап жатқан жағдайлар жиі кездесіп жатыр. Төртіншіден, халықтың ой пікірі, апортқа деген көзқарастары өз ықпалдарын тигізуде. Мәселен, апорт бірден жеміс бермейді, пайдасынан гөрі зияны көп деген пікірлер қарапайым халықтың санасына сіңіп кеткені қашан. Апорт топырақтың құнарлығын бұзады, ел экономикасына пайда әкелмейді дейтіндер де бар. Бесіншіден, оны жүйесіз көбейту болып табылады. Өйткені, ұластыруға арналған қалемшелер кез келген ағаштардан алынды. Оның алмасы сапалы, дәмі мен иісі сортқа тән, өнімі көп, жан-жақты тексерілген, сапалы, арнайы аналық ағаштардан алу керек еді. Бұл – жеміс ағаштарын көбейтудің негізгі бір заңы болып табылады. Бірақ осы жағдайды кезінде ешкім ескеріп жатпады. Міне, осы негізгі бес фактор апорттың жойылып кетуіне септігін тигізіп жатыр.

 –Нағыз апорт ағашының қалыптасып, өсуіне құнарлы топырақ қажет. Алма таулы қара топырақта және одан берi етектегi – сарғылт топырақты жерде қалыптасады.

 Құрылымы бұзылған, гумусы аз топырақта апорт алмасы өспейді. Сөзімізді дәлелдейтін болсақ. 1970 жылдары, одан кейiн де құнарлы жерлерге мемлекет меншiгiндегi шаруашылықтар дәндi дақылдар, жемшөп екті. Сөйтіп, алма бақтарын топырағы сыдырылған, таудың тiк баурайларына ауыстырып жiберiлген болатын. Ондай тастақты, құнарсыз топырақты аймақта апорт өнiм бермейдi. Сапасы сынды көтермейді. Басқа сорттарымен салыстырғанда, алманың бұл сорты ылғалды өте сүйгiштiгiмен ерекшеленедi. Көнекөздердiң айтуына қарасақ, бұрын жемістерді маусымына 8-10 рет суаратын болған. Ал 70-80-жылдары колхоз-совхоздар бақтарды тек 2-3 мәрте ғана суаратын болған. Оның өзi дұрыс  атқарылмайтын. Соның салдарынан шөлi қанбаған апорт ағаштар әлсiреп, созылмалы «цитоспороз» ауруына шалдыққан. Ауру ағаштан мәуелі, дұрыс апорт алынбайды. Ертеректе апортты көңмен тыңайтқан. Ал соңғы жылдары жұрттар бақ iштеріндегi шөптi малға орып алатынды шығарды. Сорттық агротехника бойынша, ол шөп өскен жерiнде, органикалық тыңайтқыш ретiнде қалуы тиіс еді. Мiне, сонда апорт алмасы бабына келедi. Оны қайтадан жаңғыртуға, экспортқа шығаруға әлі де болса мүмкiндiк бар. Алманың сортын жаңғырту үшiн iстi бастапқы сатыдан, яғни әлiппеден бастаған жөн. Яғни, қайта түлеген, бой көтерген апорт дәмi, көлемi, иiсi жағынан бұрынғы жемістен айырмасы болмауы үшiн бұл бағыттағы жұмыстарды жабайы алманың тұқымынан, аналық ағаштың қалемшесiнен бастаған дұрыс. Сосын алманың жойылуына ықпал еткен себептердiң төңiрегiнде жұмыс жасау қажет. Ол үшін фундаменталдық зерттеу жүргiзген дұрыс болады.. Ғылым тiлiмен айтатын болсақ, апорт мәселесi – агробиологиялық проблема. Сондықтан бұл мәселе бiрнеше ғылым саласымен ұштастыра шешудi қажет етедi. Мысалы, Апортты сақтап қалуымызға мүмкіндігіміз бар. Бәрі де өзіміздің ерік-жігерімізге байланысты. Қазақстанның кейбір жерлерінде апорт өсіруге лайықты жерлер табылған екен. Енді сол жерлерден айырылып қалмауымыз керек. Бірақ осы зерттеу жұмыстарын ауқымды іске асыру үшін көп қаражатты қажет етеді.

 Әйтеуір не керек, тоғышар шенеуніктер мен селқос ғалымдар анау-мынау деп, апортты тағынан түсіруге тырысып бақты. Сөйтіп, апортты бүгінгі мүшкіл жағдайына жеткізіп тынды. Апорттың азып-тозып кетуінің  себебінің барлығы дерлік антропогендік факторларға байланысты, яғни біз өзіміз кінәліміз, сондықтан да оны жаңғырту адамның қолында. Уақыт күтпейді. Апорттың азу процесі жыл санап күшеюде. Біз оны бүгін сақтап қалмасақ, ертең кеш болады. Апорт мәселесін енді ұзын арқан, кең тұсауға салуға болмайды. Апорт мәселесі бүгін ғана көтеріліп отырған жоқ. Бұл мәселе XX ғасырдың 80- жылдарынан бері қозғалып келеді. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев апорт проблемасын сол кезден қазіргі күнге дейін де назарынан тыс қалдырып келе жатқан жоқ..

2016 жылға дейін Алматы облысының бес ауданында, Жамбыл облысының екі ауданында және ОҚО-дағы екі ауданға жалпы көлемі 230 гектар жерге алма  ағаштарын егу көзделіп отыр. Осы жерлердің көп бөлігіне апорт алмасының көшеттері отырғызылады.

Францияда  Ренн қаласының саябағына Алматы апорты отырғызылды.

Апортты өз жерiмде де өсiрем деп талаптанғанның барлығы сайып келгенде жабайы алма жейтiн болған. Алматының топырағын елiне тасығандар да аз болмапты. Мұны ақындарымыздың тiлiмен жеткiзер болсақ:
Жақпады оған жат топырақ, жат қала, 
Бұған жетер жоқ қасиет, жоқ баға... 
Айналайын апортыңды ардақ тұт, 
Тәттiлiгi үшiн емес тек қана!!! – деген өлең жолдарымен ойымызды толықтырған болар едік.

 

ІІІ. Зерттеу бөлімі

3.1.          Алманың пайдасы мен емдік қасиеті.

Қызыл, көк, сары алма. Алманың қай түрі болмасын адам ағзасына тигізер пайдасы орасан зор. Алманы бәріміз  жақсы көреміз. Ал алмадан жасалатын тәтті тоқаштарды сүйсіне жейміз. Осы алма қайнатпаларын да, шырындарды да күнделікті ас мәзірінде пайдаланамыз. Алайда осы жеміс жайында не білеміз? Ия, көп біле бермейтініміз рас. Жер шарында бұл алмалардың 36 түрі белгілі. Алайд, тек 10-нан астамының ғана шаруашылық маңызы бар.  Негізінен, алманың Отаны — Орталық Азия. Уақыт өте келе алманың түрі осы жерден сонау Египетке және Палестинаға жеткізіле бастаған. Біраз, яғни кейінірек кезде Ежелгі Грекия жерінде, Римде, Еуропада да алма түрлері  пайда бола бастаған екен. Қазақстанда алманың «сиверс», недзвецкий», қырғыз алмалары  өседі. Алманың өмір сүру ұзақтығы 20-100 жыл аралығында болса, алма ағашының биіктігі — 3 — 10м. 3-12 жыл жеміс бере бастайды.

Алманың  теріге тигізер әсері зор. Құрамындағы С дәрумені балғындық пен жастықты сақтап қалады. Ылғалдандырып, жұмсартып әжімнің түсуіне жол бермейді. Жеміс қабығының құрамындағы  эфир майы да ағзамызға таптырмас емдік май. Алмаға басқа да қоспалар қосып, бетке, қолға арналған жуғыштар, кремдер әзірленуде.

Алманың құрамында темір бар екені анық. Темір адам ағзасына пайдалы болып келеді. Ол қан аздықтан емдейді. Соны дәлелдеу мақсатында біз тәжірибе жүргіздік.

1-тәжірибе. Қазан айында емханаға қан аздықтан сараптама жүргіздік. 1 ай бойы күніне 1 алмадан жеп отырып, қайра сараптама жүргізе келгенде қанның мөлшері ұлғайғаның көрдік.

2-тәжірибе. Алманы ортасынан қақ бөліп, бірер сағаттарға қойып қойыңыз. Енді байқап қараңыз. Не көріп тұрсыз? Ия, алманың кесілген жағы қарайып, солғын тартып кеткен. Неге олай деп тұрсызба? Яғни, алманың құрамында темірдің бар екенің көрсетеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


«Күнде кешкісін бір алмадан жесеңіз, дәрігерді қажет етпейсіз», – деген мақал алманың пайдасының қаншалықты зор екенің байқайсыз. Сонымен бірге алмадан дайындалған шырындар мен сусындар адам ағзасын ауыр металдардан тазартуға, қан бұзылу және жүрек ауруларын емдеуге қолданылады. Алма жемісі жақсы тасымалдауға, сақтауға жарамды.

алманың жемісінен түрлі-түрлі джем, тосаптар, компот әзірлейді. Олардың пайдасын ауызбен айтып жеткізу мүмкін емес. Сонымен қатар алмадан иіс су да әзірленеді екен. Оның жұпар иісі әркімді де баулап алатыны сөзсіз. Алманы күнделікті тағамға, салаттарға қосып пайдаланады. Өз қолымыздан компот әзірлеп көрдік. Дәмі дүкендердегі шырындардан жүз есе артық екені анықталды. Оның құрамында бояғыштар мен дәм беруші қоспалар жоқ. Сондықтан ол пайдалы, әрі дәмді.

 

 

 

 

http://img.nur.kz/n/05/3/kandil123.jpg,C:\Users\асер\Desktop\20150211_233315.jpg 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Алмадан әр-түрлі тәтті тоқаштар мен бәліштер пісіруге болатының білеміз. Біз сіздерге алмадан жасалған тәтті бәлішті ұсынғалы отырмыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Құрамы: 4 жұмыртқа, 0,5 стакан құмшекер, 200гр қаймақ, ұн және 4 дана алма.

3-тәжірибе. Алманың құрамында темірдің бар екенің анықтадық. Ал алманың бойымен электр тогы өтетін тәжірибеге тоқталсақ. Ең алдымен қызыл алмалардан алып оның бойына шеге мен мед сымдарды жалғаймыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Одан кейін шағын жанатын шаммен біріктіреміз.

Егер алманың саны көп болса энергия қуаты да

артады.

 

4-тәжірибе. Алманың құрамында темірдің бар екенің анықтаудың тағы бір тәсілі ол – магнит. Яғни, біз алманы арнайы ілгішке іліп қойдық. Одан кейін магнитті алмаға жақындатып жүргізгенде алма айналады. Мүмкін алма ауада ілініп тұрғандықтан басқа заңдылықтармен айналған шығар деп ойлаған да шығарсыздар. оған да дәлел бар. біз алманың орнына басқа жемісті ауыстырып қойдық та, магнитті жақындатып жүргізген кезде ол орнынан қозғалған жоқ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.2. Апорт пен қазіргі алманы салыстыру мақсатындағы сауалнамалар.

Сауалнама мақсаты:

Оқушылар мен ауыл тұрғындарына Алматы апорты туралы мағлұматтар тарату, оның ерекшеліктерін ажырату. Қазіргі алмалар мен апортты салыстыру, апортты қайта түлеуге ат салысу.

Сауалнамаға Агрономия орта мектебінің 3,4 сынып оқушылары мен  Павлодар қаласының  «Даниял» дүкенінің  жемістер сататын бөліміндегі саудагерлермен жүргізілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Сауалнама сұрақтары:

1.     Алматының символы, Жетісудың төл жемісі апортымызды жоғалтып алған жоқпыз ба?

2.     Оны қайтадан жаңғыртуға бола ма?

3.     Апорт алмасының кезінде 1-еуі 500гр тартатынына сенесізбе?

4.     Апорт алмасының иісі бір бөлмені алып кететін, ал қазіргі алманың иісі бар ма?

5.     Қазіргі алмалар қай жақтан тасымалданады?

6.     Алманың қандай пайдасын білесіздер?

7.     Апорт алмасын қайта түлеу үшін  не істеуге болады?

8.     Қандай үлес қосар едіңдер?

 

 

 

 

 


                                                                                                         

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

      

Сауалнамадан бөлек, ауыл тұрғындарынан сұхбат алынды.

Дүйсен Ажманов, ауыл  тұрғыны:

– Дүкендер мен базарларда сатылып тұрған  қытайлық алма екенін білеміз. Бірақ білсек те, аламыз. Амал жоқ, өйткені басқа алма жоқтың қасы. Күз уақытында қырғыз алмалары келеді. Сол кезде қырғыз алмасын сатып ала аламыз. Басқа уақыттарда  жейтініміз де, дастарқанға қоятынымыз да – импорт алма. Ал олардың дәмі қандай екенін бәрі жақсы біледі. Сонда да алуға мәжбүрміз. Өзіміздің алма болса, қуана сатып алғандаймыз. Алайда ол жоқ қой.

Мектеп оқушыларына арнап,  Алматының апорты жайында «Апорт алмасы» атты әңгіме құрастырдық. Әңгіменің мақсаты: оқушыларға апорт алмасының құндылығы мен маңыздылығын жеткізу.  Әңгіме бастауыш сынып оқушыларына оқылып, талданып, өз пікірлері айтылды.

Апорт алмасы. 
Жайма шуақ уақытта жемістер сататын базар алаңында жемістер бір-бірімен дауласып қалыпты.

Қызыл шие: 
- Мен, сендерге қарағанда ең дәмді де, көркем сұлумын,-деп мақтаныпты.  
Піскен қарбыз: 
-ал, мен жаздың аптап ыстық күндерінде шөлдерің қандыратын жеміспін,-деген екен,
осылайша базардағы түрлі жемістер бір-бірінің ерекшеліктерін айтып тұрғанда алдарыңа қатарласып хош иісті апорт алмалары тізіліп тұра қалады. -Хош келіпсіздер! Сіздерді көріп тілімізге сөз келер емес, қандай сұлу едіңдер.

- сәлеметсіңдер ме, қарсы алып жатқандарыңызға көп рахмет,- деп апорт алмалардың ішінен нарттай қызыл апорт тұрып айтыпты.Түгел жемістер бір-бірімен амандасып тұрғанда, тек бір жас, алқызыл апорт алмасы ғана шетте жақтырмай тұрды. Ол басқа жемістерден өзін биік ұстап, меңмеңсіп, тәкаппарланып тұрды. -Мен осылардың арасына қалай түсіп қалдым,мені оданда жаңа дүкенге жылы жерге алып кеткенде ғой жақсы болар еді.-деп базарға түскеніне ашуланып, өзін басқалардан жоғары ұстап,араласпады. Ол   өз қатарлас алмалардың айтқандарын тыңдамады. Өзімен қатарлар үлкен алма оған: -сұлу да, сымбатты қызым өзіңді қарапайым ұстап, басқалармен араласып, ашық бол. –дегенді құлақ аспады. 
базарға келген сатып алушылар қып-қызыл апорт алмаларына қызығып сатып алып жатты. Тек өзің тәкаппар ұстаған жас апорт алмасына ешкім қараған жоқ.  Осылайша ешкім қарамаған алма бірте-бірте солып, сұлулығынан айырыла бастады. Бірер күн өткеннен кейін базарға бір қарт адам келіп жаңағы тәкаппар апорт алмасына қарап тұрды.

-Біздің кезімізде апорт аламысының иісі мұрынды жаратындай хош иісті болатын. Ал дәмі ше, жансарайынды ашатындай дәмді еді,- деп күрсіңді. Сатушы ағай: 
-Атасы, бұл апорт алманың соңғы қалғандары ғой,алыңыз.-деп атаға жалына сөз бастады.Ата жалғыз қалып қойған  алмаға қарап тұрып ,бір күрсініп, сатып алды. 
     Маған бір ой келді,ата жаңағы алманы аяды ма,әлде өзінің жастық кезіндегі апорт алмаларының иісін жанында сақтағысы кеді ме екен.

 

ІV. Қорытынды.

     Алматы апортын кім білмейді? Ол – Алланың берген сыйы. Оның тостағандай көлеміне, көз тартатын түсіне, әсіресе балдай ғажап дәмі мен жұпардай ерекше иісіне дүние жүзіндегі бір де бір алманың сорты теңесе алмайтын. Апорт – Алматының символы, халқымыздың ұлттық мақтанышы болған, Жетісу елін бүкіл әлемге паш еткен. Оның даңқы жер жүзіне дерлік тараған, көптеген халықаралық көрмелерде ол Алтын медальдарға ие болды. Апортты әсіресе бибі-бикелер бағалаған, өйткені ол дастарғанның сәні еді. Келген меймандар апорттың аңқыған жұпар иісінің өзінен ләззат алып, ерекше бір күйге бөленетін.

      Апорттың ендігі тағдыры не болар екен? Егер біз өмірдің, экономиканың қалпына келуін күтіп отыра берсек, «ұзын арқан, кең тұсауға» салынсақ, Алланың сыйы, табиғаттың тартуы, Жетісудың жауһары – Алматы апортынан, әлемде теңдесі жоқ асылымыздан айдың күннің аманында айырылып қаларымыз анық. Біз онсыз да 20 жылдан астам уақытымызды босқа жоғалтып алдық. Сорттың азу процесі жыл сайын, тіпті күн сайын қомақтанып, тағдыры қыл үстінде тұр. Апортты бүгін сақтап қалмасақ, ертең кеш болады.

      Қазақ жерінің байлығы көп қой. Ұлттық қымызымыз да, тазы иттеріміз де, ою өрнектеріміз де басқа шет елдерге өтуде. Өз байлығымызды өзіміз қадір тұтпасақ, болашақта не болмақ. Апорттың да тағдыры сондай күйде. Оған дәлел Францияда Ренн қаласында Алматының апорты отырғызылыпты. Басқа елдерге жем болғанша, өз мәртебемізді өзіміз неге көтермеске. Өсіп келе жатқан өскелең ұрпаққа не қалдырырамыз? Соны бір сәтке ойлайықшы.

 

 

 

 

 

 

V. Пайдаланылған әдебиеттер.

 

1. «Шаңырақ» үй-тұрмыс энциклопедиясы. Алматы, 1990ж

2. «Қазақстан» ұлттық энциклопедия. Алматы, 1998ж

3. Балалар энциклопедиясы, Алматы, 2008ж

4. Қазақстан әйелдері журналы, 2003ж. №5

5. интернет беттерінен

 

 

                        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жұмыстың тақырыбы: Апорт және алманың қасиеті.

Мақсаты: Өскелең ұрпаққа Алматы апортының қасиетін дарыту, еліміздің символы болған апорттың азып-тозып кетуінің себебін анықтап, қайта жаңдандыруға ат салысу.

Зерттеу әдісі: әдебиеттер іздеу, оқу, анализдеу.

Сауалнама: сұхбат алу.

Жұмыс жоспары:

Жүргізілген жұмыстар

мерзімі

1

Жұмыс тақырыбы мен мақсатын анықтау

Мамыр

2

Сауалнама жүргізу, кент тұрғындарымен сұхбаттасу

Тамыз

3

Тақырып бойынша материалдар жинақтау, кітапханамен байланыс жасау

Қыркүйек

4

Жинақталған материалдарды реттеу, жұмыс жоспарын құру

Қазан

5

Апорт туралы түсінік беріп зерттеу

Қараша

6

Апорттың шығу тарихы мен құртылу себептерін анықтау

Желтоқсан

7

Апорттың болашағы

Қаңтар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жетекші бастауыш сынып мұғалімі

Канафина Акбота Бахытқызының пікірі:

       5 «Б» сынып оқушысы Бахыт Арайлым мен 4 «А» сынып оқушысы Нұрлан Айсананың «Апорт және алманың қасиеті» тақырыбында жазған ғылыми жобасы керекті, әрі қызықты тақырыбына арналған.

      Алматының символы, Жетісудың төл жемісі апорттың шығу тарихы анықталды. Апорттың биологиялық құрамы анықталып, басқа алмалардан ерекшеліктері мен айырмашылықтарын айыра білді. Апорт алмасының қазіргі таңда не себептен жойылып бара жатқаның дәлелдеді. Алманың пайдасы мен емдік қасиеттері ашылды. Іс жүзінде алманың құрамындағы темірді анықтау барысында тәжірибе жасалды. Сауалнамалар алынды, оның нәтижесі шығарылды.

     Жалпы оқушы алған тақырыбын толық қамтыған. Оқушы зерттеліп отырған тақырыпты жақсы біледі, материалдарды тиімді пайдалана білді. Оқушы жеке жағдайдан жалпылама қорытынды жасалған тұжырымдарды нақты талдап дәлелдеді. Оқушы үшін бұл шығармашылық ізденіс. Зерттеліп отырған тақырыбы бойынша ғылыми әдебиеттер, интернет материалдарымен танысты.

«Адам баласы қиял мен сезімге берілсе, алынбайтын қамал жоқ» деген сөз бар ғой қазақ халқында. Бахыт Арайлым мен Нұрлан Айсананың ойы ұшқыр. Оқушыларым болашақта Қазақстан Республикасының білімді қайраткері, ғалымы болады деп сенемін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Проект по казахскому языку на тему "апорт""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Садовод-декоратор

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 273 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.11.2015 2193
    • DOCX 2 мбайт
    • Рейтинг: 3 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Уалитова Асель Жаскайратовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Уалитова Асель Жаскайратовна
    Уалитова Асель Жаскайратовна
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 19447
    • Всего материалов: 4

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках по физической культуре у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 176 человек
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Основы религиозных культур и светской этики: проблемы и перспективы преподавания в начальной школе

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 208 человек из 56 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 424 человека

Курс повышения квалификации

Мотивационное сопровождение учебного процесса младших школьников «группы риска» в общеобразовательном учреждении

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 13 регионов
  • Этот курс уже прошли 284 человека

Мини-курс

Развитие коммуникации и речи у детей раннего возраста

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 31 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 18 человек

Мини-курс

Фитнес: теория и практика

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 14 человек

Мини-курс

Сенсорная интеграция: типовые и инновационные методы

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 78 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 39 человек