Инфоурок Всеобщая история Другие методич. материалыПроект по истории Казахстана на тему «Байғанин ауданы топонимдерінің тарихи-лингвистикалық ерекшеліктері»

Проект по истории Казахстана на тему «Байғанин ауданы топонимдерінің тарихи-лингвистикалық ерекшеліктері»

Скачать материал

«Байғанин ауданы топонимдерінің тарихи-лингвистикалық ерекшеліктері »

 

Байғанин ауданындағы жергілікті өзен, су,бұлақ,көл (гидронимдерді); елді мекендердің(ойконимдерді) атауларының тарихи-лингвистикалық ерекшеліктерін жан-жақты зерттеу.

Байғанин ауданының топонимдерінің тарихи-лингвистикалық ерекшеліктеріне жан-жақты талдау жасай отырып географиялық нысандардың атауларын анықтау.

 

Байғанин ауданының топонимдерінің тарихи-лингвистикалық ерекшеліктеріне жан-жақты талдау жасай отырып географиялық нысандардың атауларын анықтау.

 

Кез-келген адам баласы қазіргі қоғамдағы өмірін географиялық атаусыз елестете алмасы сөзсіз. Сондықтан да болмасын топонимдердің адам өмірінде алатын орны айрықша. Ықылым заманнан бері осы күнге дейін тасқа қашалғандай халық жадында қатталған топонимдердің түрлі сыр шертері баршаға аян. Осынау байтақ қазақ елінің батыс өңірінде орналасқан Ақтөбе облысымыздың жер көлемі жағынан екінші орынды иеленер Байғанин ауданының да ойы, қыры, тауы, даласы, көлі, өзен-бұлақтары, қысқасы сан-саналы табиғат көрінісінің әрбір аттамы да өзіндік өрнекке толы. Облысымыздың оңтүстік-батысында орналасқан Байғанин ауданы Ақтөбе қаласынан 246 км. қашықтықта орналасқан. Жер көлемі 61,1 мың шаршы км. Ауданның әкімшілік-территориялық жағынан жеке құрылым ретінде аталуы 1928 жылдан бастауын алады. Бұл жылы тамыз айында Терісаққан сайының бойында 12 болыстық қатысқан жиылыста аудан «Табын» аталып, бекітіледі. Ауданға Табын атауының берілуінде де ақылға қонымды заңдылық бар. Бұл-Кіші жүз өңіріндегі халықтың үлкен бір тайпалық одағын құрайтын Жетіру тайпасының аса ірі тармағы.Бұл ру да Адайлар сияқты көшпелі тұрмыс кешкен. Арал мен Каспий теңіздерінің аралығында көшіп-қонып жүрген. Қысқа қарай Үстірт асып Маңғыстаудың ойына дейін барған. Асмантай, Матай, Сам секілді құм шағылды, қысы жұмсақ өңірді қоныстанса, көктем туа солтүстікті бетке алып, облысымыздың Елек, Қобда өңірлеріне, жайлап қайтатын болған. Бір сөзбен айтқанда кең даланы еркін жайлаған табын руынан тұратын болыстықтар өкілдерінің бас қосуында ауданның атын «Табын» ауданы деп атауға келісілген. Он жылдан астам уақыт өткен соң Жем-Сағыз өңірінде туып өскен даңқты ақын Нұрпейіс Байғаниннің есімі беріледі.Қырында киік ойнаған, төскейінде төрт түлік мал өргізген Жем-Сағыз бойын жайлаған Байғанин өңірінің қойнауы құт-берекеге, сырлы тылсым тарихқа толы. Халқымыз көне заманнан бері келе жатқан жер атауларының аңыз, әңгімелермен тығыз байланыстырары бар. Ауданның орталығы Қарауылкелді атауының шығуы туралы да толып жатқан аңыз, әңгімелер ел аузында тым еркін кеткен. Соның бірі мекен атауының қазақ-қалмақ соғысына байланыстылығына саяды. Табындар соғыс кезінде жаудың шама-шарқын байқау үшін қарауылға адам қойған екен. Бірде қарауылда тұрған адам жан-жақтан хабар алмақшы болып, жолға шығып кетеді. Халық қарауылдың ұзақ хабарсыз кеткеніне күмәнданып, қорқынышпен уақыт өткізіп жатады. Қырдың басына шығып, жан-жақтын тыныштығын аман-есен біліп келе жатқан қарауылды көрген бала:«Қарауыл келді, қарауыл келді!»-деп, қуана айғай сап, ауылға жүгіріпті-міс. Содан былай бала тұрған қыр «Қарауылкелді» деп аталып кеткен.Ал аудан орталығынан 30 км, Ақтөбе қаласынан 281 км. Қашықтықта орналасқан Жарлы селосы- жарлы, кедей, тапшы деген сөздерге байланысты берілген. Көшпелі ата-бабаларымыз көшіп-қонып жүріп бұл маңға тұрақтамайды екен. Өйткені бұл маң суға тапшы болса керек. Сол себепті осылай атанған десе, кейбір қариялар ертеректе жазық жерінен жары көп болған. Сол себепті осылай атанған десе, кейбір қариялар ертеректе жазық жерінен жары көп болған. Табиғат құбылыстарының әсерінен жазықты-төбешікті жерге айналып, халық қоныс теуіп, мекен еткен деседі. Ауданның территориясына енетін ірі мекендерінің бірі-Ноғайты жері. Бұрын бұл жерді ноғай жұрты жайлап, «ноғайлы» деп атаған. Кейін дыбыстық ерекшеліктерге ұшырып, «Ноғайлы» келе-келе «Ноғайты» деп аталып кеткен.Енді өткенімізден қазірімізге ойыссақ, аумақтағы жер - су атауларының қойылу, шығу себептері бұл өлкені қандай тайпалар мекендеген, қашан, қай замандардан бастап өмір сүрген деген мәселелерге және халықтың тарихына, тіліне қатысты өзгерістерге тығыз байланысты болып келеді. Мәселен, филология ғылымдарының кандидаты, профессор А.Ш.Пангереев: «Байғанин ауданы топонимдерінің тарихи-лингвистикалық ерекшеліктері» - атты зерттеуінде «Ноғайты» атауының шығу тарихын бұл маңайды кезінде Ноғай жұрты жайлағандықтан «Ноғайлы» деп атағанын, кейін дыбыстық ерекшелікке ұшырап, «Ноғайлы» келе-келе «Ноғайты» болып өзгеріп, Ноғай бабамыздың тарихынан бастау алатынмен түсіндірсе (Ақтөбе облысының топонимикалық кеңістігі-2007 жыл, 32 бет), енді бір дерек көзінде қазіргі 239-шы рзд. тұсындағы «Ноғайты» сайының бойында отызыншы жылдары мал шаруашылығымен айналысқан «Ноғайты колхозы болғанын, оның құрылуын: «XX ғасырдың 30-жылдарының басында Табын ауданында Ноғайты колхозының құрылуына байланысты негізі қаланды» - деп, ауылдың тарихы Ноғайты сайының бойындағы Ноғайты колхозынан басталатынына сілтеме жасайды (Байғанин аудандық энциклопедиясы - 298 бет). Ақтөбе облыстық энциклопедиясында берген анықтамада: «Ноғайты 1948 жылы құрылған шаруашылық» - депті. Қазақ Совет Энциклопедиясында: «Ноғайты аудан орталығы Байғанин селосының оңтүстік батысында 60 км, Ақтөбе қаласынан 312 км жерде. Халқы 2 мың (1974). 1948 жылы ұйымдасқан «Сағыз» қой совхозының орталығы» - деп, бұл жерде де ауылдың тарихы 1948 жылдан басталатынына тағы сілтеме жасайды (қараңыз: ҚСЭ-сы, 395-бет). Біздіңше соңғы болжам қате. Сірә, жинақты құраушылар мұнысымен қазіргі Ноғайты станциясының құрылған жылын емес, керісінше 1948 жылы сай бойындағы (№239 рзд) Ноғайты колхозының толықтай тараған кезін көрсете отырып, осыны негізге алған болулары керек. Біздің болжам бойынша 1938 жылы қазіргі Ноғайты темір жол бекетінің толықтай іске қосылып ашылуы, өз кезегінде 1948 жылы сай бойындағы ежелгі Ноғайты колхозының түпкілікті жабылуына әкелген. Ал оған дейін бұл жерде шаруашылығын жалғастырған бірлі-жарым үй болған.Күннің алтын сәулесі арайланып су бетін бейне бір сиқырлы айнаға ұқсатып, алыстан бұлдыраған сағым жүрегіңе үміт беріп, өзеннің жиегіндегі өркеш-өркеш ақ құмды қиялына қанат бітіргендей болады. Мұғалжар тауынан бастау алған Жем өзенінің жағалауында сексен үй түтін түтетіп отыр. Бұл қадір тұтар атамекен Миялының миялының көрінісі. Миялы ауылы жер бетіндегі ең әсем, ең әдемі «Асан қайғы» бабамыз іздеген Жерұйықтың нақ өзі десе нақ артық айтқан емес. Ауылдың жанында ақын Сағи Жиенбаев атамыз: Жем өзені ағады, Жылда қайта жаңғырып. Жүру үшін адалның, Жан сусынын қандырып,-деп жырлаған ерке де сұлу Жем өзені ағып жатыр. Көне түбір топонимдер. Көне түбір атаулар Қазақстан жерінде аз кездеседі және олар ең ежелгі атаулар болып табылады. Кейінгі заман өкілдері ең ежелгі атаулардың мағынасын түсінбегендіктен, көпшілігін ауыстырып жіберген еді. Бізге дейін жеткендері ірі макротопонимдер ғана, оның да аз бөлшегі. Көне түбір топонимдердің өзі тарихи тұрғыдан алғанда туынды атау болуы ықтимал, бірақ оларды морфемаларға ажырату мүмкін емес .Атаулардың көнелігін анықтау даулы мәселе болғанымен, біз іріктеп алған атаулар, негізінен, жазба ескерткіштерде кездесетін танымал тарихи топонимдер. Топонимжасамда көне атаулар кейбір тарихи сөзжасам үлгілерін бойына сақтап, жаңа атаулар жасауда жөн сілтеп, үлгі болуы ғажап емес. Қолда бар көне түбір топонимдерінің бірі- Жем(өзен Ақт.обл.). Жем- өзен . Ақтөбе,Атырау обл. Жем топонимінің негізінде шығыс түркі тілдеріндегі кем/гем «өзен» гидронимдік термині жатқанын барлық зерттеушілер мойындайды (А.Левшин, В.Радлов, А.Әбдірахманов, Т.Жанұзақ т.б.).Бүкіл алтай, орал , үндіевропа тілдеріне тараған кан/кен/ген ГТ-нің қаз. жем аталуы заңды құбылыс және өте көне дәуірде, өзенді-өзен, тауды- тау деп атайтын дәуірде, пайда болғанын білдіреді. Профессор Т.Жанұзақтың айтуынша, Жем тарихи атауының Эмба(Ембі) аталып жүруі дұрыс емес. Топонимжасамның негізгі міндеттерінің бірі- тарихи атауларды сақта қалу , заңды орнына қайтару екені белгілі.Сағыз – еліміздің батыс жақтағы Ақтөбе,Атырау облыстарда орналасқан ұзындығы 511 км,өзен. Сағыз атауының этимологиясы жайды Е.Қойшыбаев: «Түр. сағ + ыз(aфф): «саг» сөзі оғыздардың айрықша әскери термині, басқа түркілердің «оң» сөзінің орнына жүреді яғни «алдыңғы сап» ұгымын білдіреді.Бұл гидротопонимнің көне,ескі замандардан екендігін оның екінші құрамдағы ыз<уз<оғыз – «өзен» сөзі дәлеледеп тұр. Ал сақ сөзі нені білдіретін қазір де жұмбақ. Фин-угор тілінде сөг- «саз,батпақ», фин suo, эстон. Soo- батпақ,шалшық». Егер бұл деректер нанымды деп санасақ, Сағыз атауы «айналасы батпақ,балшық,саз,жағасында қалың бұталар өскен өзен» деген мағынаға жуық сияқты. Бұл сөздің сақ этнониміне де қатысы болуы мүмкін.«Ала»сын есімі+зат есім. Ала сапалық сын есімі «ақ және басқа түстердің араласып келген түрі» екені мәлім. Ала сапалық сын есімінің алуан түрлі ауыспалы мағынасы болғанмен, жер-су атын жасарда үнемі дерлік өзінің түр-түсті білдіру мағынасында жұмсалады. Ақ сапалық сын есімі сияқты бірінші позицияда келіп, анықтауыш+термин улгісімен біріккен топним жасайды: Ала+шен(тау). Мұндағы шен парсы. Sen «құм» сөзінен жасалып, Алашен «алақұм» мағынасын беріп тұрған тәрізді.«Көк» сын есімі+зат есім. Көк сапалық сын есімі көне түркі жазба ескерткіштерінен байқалатындай, ежелден түрік елінің сүйікті түсі болып есептеледі. Номадтар үшін көк сөзі шынымен қасиетті болатын себебі: көк-аспан,көк-көктем,көк-жаз,мал тойынатын кез. Мал тойынса, көшпелілер де тойынатын кез. Сондықтан қазақ топонимиясында көк сын есімі арқылы жасалған біріккен атаулар біршама мол кездеседі. Топонимжасамда көк сапалық сын есімі әр түрлі табиғи нысан атауларымен бірігіп, олардың көк, көкшіл, қара көк, аспан көк, кейде жасыл түстерін білдіреді. Қазақ өсімдіктін жасыл түсін көк деп атай береді. Бұл жасыл мен көк түстердің кейін ажыратылғанын көрсетеді. Моңғол тілінде екі түсті де хөх деп атайтыны бар және хөхе «жасыл» тұлғасында бірігеді(хохедаваа(Көкідаба)). Көк+бұлақ(е.м. Ақтөбе обл., Байғанин ауд.). Көк+сеңгір(тау. 127м.Ақтөбе обл., Байғанин ауд.).«Қызыл» сын есім+ зат есім. Қызыл сын есімі «қан түсті,қырмызы» түсті білдіріп, тілімізде біршама белсенді қолданылады. Оның сансыз көп мағыналарының ішінен жер-су атын жасауға түсті білдіретін тіра мағынасы мен кезінде большевиктердің, коммунистердің тіының түсіне байланысты пайда болған қызыл саяси термины қатысады.Қызыл+апан(жұрт. Ақтөбе обл., Байғанин ауд.), Қызыл+жан(қыстау. Ақтөбе обл., Байғанин ауд.). Қызылжан- «қызыл түсті әлдебір ірі географиялық нысанның жаны,қасы» мағынасында тұр. Жаман Қантөрткөл(төбе. Ақтөбе обл., Байғанин ауд.). Қантөрткөл «хан тағындай төртбұрыш төбе» мағынасын береді.Байғанин Ауданы арқылы өтетін Кенжәлі өзені ертеде Кенжәлі атты байдың үш баласын бірдей жұтумен байланыстырады. Сондықтан өзен қайғырған Кенжәлі әкенің көз жасынан аталса, тағы бір дерек:өзен алабын Кенже, Әлі деген кісілер немесе рулы ауыл аттарымен байланысты деген болжам да бар. Үшінші бір дерек Тама Есет батырдың қызық, атақты Әжібай бидің келіні Ботагөздің жортуылшы қалмақтарға қарсы соғысқан бірге болған Кенжәлі батырдың қапыда қалмақ садағынан өлген өзен бойы Кенжәді атанған.«Кәлкен» жерінің аталуының да мынадай өзіндік тарихы бар. Кезінде «Тұздыкөл» деп аталатын көлдің жағасын жайлаған бір байдың Кәлкен атты жалғыз қызы болады. Қыз бой жетіп, көрші рудың бір жігітіне ғашық болады. Екі жас көңіл қосып, үйленбекші болған кезіне қыздың әкесі қарсы болып, қызын үйінде қамап ұстап шығармаған екен. Сондағы себеп- жігіт бір байдың жылқышысы екен. Сүйгеніне қосыла алмаған Кәлкен сұлу көп қайғырып, құсадан қайтыс болады. Ал үш күн өткеннен соң, бай судың жиегіне барса, мөлдіреп жатқан көл қара суға айналыпты. Еш нәрсенің мәнісін түсіне алмаған бай бәбішесіне айтып, жалшыларына суды батпақтан тазартуды бйырады. Онысынан түк шықпай байдың өзі де, ададары да батпақтың арасынан шыға алмай, өледі. Жалғыз қызының көз жасынан қорықпаған бай азаппен жаһаннамға аттанған жерді халық «Кәлкен» деп атап кеткен екен. Көкбұлақ- Байғанин елді-мекеннің шағын ауылы. Оның бұлай атануы атынан-ақ көрініп тұр. Бұлақтың айналасының шөбі шүйгін, жері шұрайлы, көк майсаға оранған жер аты болса, жарлы сай деген мағынаны берер «Жарсай» жері көктем, күз айларында жаңбыр, қар сулары басып жол салынады. Бертін келе сай тереңдеп0 жиегі жар болып қалғандықтан осылай аталынған екен. Абай елді-мекені қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың есімімен байланысты қойылған. Ауданның негізінен құмды өлке болып келетіндіктен құм атымен байланысты- Қызылқұм, Баршақұм, Аққұм, Сарықұм секілді жер атаулары жа кездеседі. Түске байланысты топонимдер кейде сол түстің өзін емес, бағытты юілдіретін ерекшелік бар. Мәселен, осман түріктері Ақ теңіз дегенді- оңтүстік, Қара теңіз дегенді- солтүстік, Қызыл теңіз дегенді- батыс деп есептейді.Ел аузындағы аңыздарда «Меңдіболат» деп аталатын төбе бар. Ол төбенің «Меңдіболат» аталыну себебін көнекөз қариялар:«Ертеде бір байдың ай десе аузы, күн десе көзі сұлу Меңді есімді қызы болыпты. Оған кедей баласы Болат атты жігіт ғашық болған. Екі жастың кездесіп, сырласы жүргенін сезген әкесі, қызын басқа біреуге беруге бел буады. Оны естіген қос ғашық Меңді мен Болат өмірлерін сол төбенің басына барып қиған екен»,-деседі.Енді «Ыбырай төбе»,«Жалғыз ағаш» жерлерінің аталу себебін ауыл қариялары ертеде Ыбырай деген млда кісі осы төбеден қоныс теуіпті. Сол төбеге жақын жерде жалғыз ағаш өсіп тұр. Бұл ағаш Ыбырай молданың әрет алған жерінен шыққан дейді. Сондықтан төбе басы- Ыбырай төбе, ал өскен ағаш – Жалғыз ағаш аталып кеткен екен.Байғанин ауданының «Шайтансай» деген сйадың атануын мынадай аңызбен байланыстырады. Ертеде бір қария түнделетіп атымен келе жатыпты. Бір сайдан өте бергенде аттың аяғының астынан жылқыша кісінеп, шыңғырған дауысты естиді. Қорыққан қария шайтан деп ойлапты. Сөйтсе, ол жылқыша дыбыс шығаратын тышқанның дауысы екен деген аңыз бар. Осыдан кейін ол сай «Шайтансай» атаныпты. Бұл халықтық этимология болғанымен, атауды анықтап тұруымен шындыққа жанасады.Ақтөбе өңірінде жоғарыда сипатталғандай танымдық сыры тереңге тартар топонимдер мыңдап саналады. Олардың этимологиясын анықтау, тарихи-лингвистикалық заңдылықтарын зерттеу келешектің ісі деп білеміз.

 

1) Бияров Б. Б61 Қазақ топонимдерінің типтік үлгілері / Бияров Б. - Астана: Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы, 2013.-432 б. 2) А7-Ақтөбе: Энциклопедия-Ақтөбе, «Отандастар-Полиграфия» ЖШС, 2001.-748бет. 3) Жанұзақ Т. Ж27 Жер-су атаулары (этимологиялық анықтамалық).-Алматы:«Өнер»,2011-496 б. 4) Ақтөбе облысының топонимикалық кеңістігі(Атаулардың пайда болу тарихы). Ақтөбе қаласы 2007 жыл.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Проект по истории Казахстана на тему «Байғанин ауданы топонимдерінің тарихи-лингвистикалық ерекшеліктері»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Научный руководитель

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Байғанин ауданындағы жергілікті өзен, су,бұлақ,көл (гидронимдерді); елді мекендердің(ойконимдерді) атауларының тарихи-лингвистикалық ерекшеліктерін жан-жақты зерттеу.

Байғанин ауданының топонимдерінің тарихи-лингвистикалық ерекшеліктеріне жан-жақты талдау жасай отырып географиялық нысандардың атауларын анықтау.

Белгілі топонимист А.Әбдрахманов «...Бұрын топонимика лексикологияның жер-су аттарын зерттейтін бір саласы деп танылып келсе, соңғы жылдары ол география, тарих және лингвистиканың түйіскен жерінде пайда болған, жеке ғылым ретінде қалыптасып келеді.Қазіргі талап тұрғысынан ономастиканы, соның ішінде топонимиканы бір ғылымның әдістерімен зерттеу жеткіліксіз, өйткені атаулардың шығу, даму тарихы айналаны қоршаған табиғатпен, түрлі әлеуметтік-тарихи өзгерістермен тығыз байланысты. Осыдан келіп атаулардың мағыналық және этимологиялық құпияларын ашу үшін бірнеше ғылым салалары деректерімен хабардар болып, оларды жете пайдалану қажеттігі туып отыр»,-деген болатын. Ал біз өзіміздің жобамызда топонимиканың бұл айтылған жәйтерін де ескере отырып және өскелен өмір талабына сай оны одан әрі жүйелеу, дамыту,тереңдете ұғу қажеттілігін нысанаға ала отырып әдебиет пен топонимиканы, тарих пен топонимиканы, қазақ  тілі мен топонимиканы тығыз бірлікте алып қарастыруға тырыстық.   Алған бағытымыз бойынша  ашар сыры әлі де көп, әрбір аудан, әрбір облыс өзінің тарихына және лингвистикалық ерекшеліктеріне қатысты атаулар, ұлан - байтақ алқапты алып жатқан, табиғаты сан қилы болып келетін өлкеміздің жер - суына, елді мекендерін қағаз бетіне түсіріп,жазып  шығарса, онда Республика бойынша әрбір облыстың тарихы жинақталып, құнды дерек шығатынына  сеніміміз мол.

 

Байғанин ауданының топонимдерінің тарихи-лингвистикалық ерекшеліктеріне жан-жақты талдау жасай отырып географиялық нысандардың атауларын анықтау.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 167 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.05.2015 1817
    • DOCX 20.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Батпенова Венера Хабибулловна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Батпенова Венера Хабибулловна
    Батпенова Венера Хабибулловна
    • На сайте: 8 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5974
    • Всего материалов: 4

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по истории в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 18 регионов
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания курса «Россия в мире» на основе синтеза историко-культурного и социально-экономического знания

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 15 регионов

Курс повышения квалификации

Методика преподавания истории и обществознания в общеобразовательной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 327 человек из 69 регионов

Мини-курс

Введение в медиакоммуникации

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Детско-родительские отношения: эмоциональный аспект

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 15 регионов

Мини-курс

Классики русской педагогической мысли

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе