Инфоурок / Дошкольное образование / Рабочие программы / Программа дошкольного обучения английскому языку

Программа дошкольного обучения английскому языку

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 29 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов

hello_html_m5e7d571.gif

«Айналайын» балабақшасы





Мектепке дейінгі жастағы балаларды

ағылшын тілін үйрету бағдарламасы











Құрастырған: Мухамединова Ж.Қ.

ағылшын тілі пәні мұғалімі









Түсінік хат

Мектепке дейінгі жас психофизиология тұрғыдан шет тілін қабылдап, меңгеруге өте оңтайлы әрі тиімді жас болып табылатыны анық. Осы жаста баланың жады ұзақ мерзімді, яғни осы кезде баланың оқып, жаттағаны барлық көп уақыт бойы есте сақталуы мүмкін. Ағылшын тілі мектепке дейінгі оқытудың мазмұнын байытатын әмбебап пәндердің бірі. Жас ерекшеліктерді есепке алу – оқытудың аса маңызды бөлігі. Л. С.Выготский айтқандай «Дамудан озған оқыту пайдалы...». Ал жақын арадағы даму кезеңі бүгінгі педагогтың ұйымдастыруымен, кейін баланың өз бетімен жасайтын іс болып табылады.

3 жаста бала ана тілінің дыбыстарымен қатар шет тілінің дыбыстарымен таныса бастайды. Ол үшін өзге дыбыстарды есту және қабілеті аса дамыған. Бала жанындағы балаларға қарап, мұғалімнен кейін қайталауға тырысады. Әсіресе қайталау, дыбыстау кезінде дыбыстарды, қимылдарды болжытпай орындауына аса үлкен мән беріледі. Тақырыптық лексика тек таныс сөздер мен заттардан құрылуы керек. Іс-қимылдар, санамақтар, шағын рифмовкалар енгізіледі. Ұйымдастырылған іс-әрекетінің ұзақтығы 10 минут құрап, айына 2 рет жүргізіледі.

Жасы 4-тен 5-ке қараған балалар ана тіліндегі негізгі дыбыстарды жетік меңгергендіктен, ағылшын тілінің дыбыстарына да көңіл аударып, мұғалімнің дауыс мақамына мән бере бастайды. Ағылшын тілі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне балалардың сөздік қорын молайту және жаңа лексикалық бірліктерді еске сақтауға арналған дидактикалық ойындар мен балалардың дербес әрекеті, тіл ұстарту жұмысының бір түрі ретінде шағын өлеңдер көптеп енгізілген.ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің ұзақтығы 15 минут құрап, айына 2 рет жүргізіледі.

5-тен 6-ға қараған балалары қарапайым сұрақты өздігінен қоя білуге, қысқа түрде «иә», «жоқ» жауаптарын беруге, сонымен қатар «мынау» сілтеу есімдігін және есімдіктің 1,2-жақтарын меңгеріп, оларды зат есімдермен байланыстыра бастауға қабілетті. Балалар жылдың соңында 1 немесе 3 сөзден тұратын сөйлемдерді өздігінен айта алатын болады, монологті және диалогті сөйлеуі 3-4 сөйлемнен тұрады, ағылшын тіліне деген қызығушылығы артады. Осыған байланысты ересек топтағы балалармен жүргізілетін оқу әрекеттерін рөлдік ойындармен, суретпен жұмыс түрлерімен сияқты әрекеииермен молайту ұсынылады. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің ұзақтығы 20 минут құрап, аптасына 2 рет жүргізіледі.

Бағдарламада мектеп жасына дейінгі барлық топ балаларына арналған ағылшын тілі ұйымдастырылған оқу әрекетінің жылдық перспективалық жоспары мен ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық карталарының үлгісі берілген. Балалардың жас шамасы ескеріліп, бағдарлама бойынша берілген материалдардың лексикалық тақырыпқа негізделіп ұсынылуы және мектептің 1 сыныбына дайындауы – бұл бағдарламаның өзіндік ерекшелігі.

Мектеп жасына дейінгі ағылшын тілін оқытудың мақсаты:

Қарым-қатынас пен мәлімет алмасу құралы ретінде мекпеп жасына дейінгі балалардың ағылшын тілін оқып, үйренуге деген тұрақты қызығушылығын арттыру.

Міндеттері:

  • Тілдің фонетикалық қатарының негізгі дыбыстарымен таныстыру;

  • Мұғалімнің қарапайым бұйрықтарын түсіну, қарапайым сұрақтарға жауап беру қабілеттерін қалыптастыру;

  • Тілділік жадын және шығармашылық қабілеттерін дамытуына жағдай жасау;

  • Қарапайым тілділік құбылыстарды түсініп, салыстыру дағдыларын қалыптастыру;

  • Балалардың танымдық қабілеттерін дамытуына ықпал ету;

  • Үлкен топ (10-14 адам), шағын топ (5-6 адам) құрамында және команда болып жұмыс істеуге баулу.



Ағылшын тілін оқытудың негізгі қағидалары:

  1. Коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру: басқаларды тыңдай алу, сұрақтарына назар аударып, жауап беру, әңгімені бастап, жалғастырып, аяқтау;

  2. Өзге халықтың тұрмыс, мәдениетіне қатыстыру арқылы тұлғаны қалыптастыру;

  3. Оқытудың дамытушылық аспектісі балалардың ойлау арқылы сөйлеуді дамытуды көздейді. Шет тілін ерте жастан оқыту тұлғаның лингвистикалық байқаушылықты, өз беттерімен жұмыс істеуді, сөйлеуді жоспарлауды, зейін мен еске сақтауды қалыптастыруға жағдай жасайды;

  4. Балалардың қызығушылығы негізінде оқыту үрдісінің дербестігі;

  5. Балалардың қызығушылығы мен сүйіспеншілігі түрлі әдістер арқылы артады: танымдық және рөлдік ойындар, сахналау, т.б.;

  6. Есту, көру көрнекіліктеріне сүйенудің қажеттілігі;

  7. Жұмыстың әр-түрлі формаларын қолдану: жеке дара, жұптық, топтық, ұжымдық.

Жұмыс түрлері мен формалары:

Мектепке дейінгі жастағы балаларды оқыту тұжырымдамасы көптеген әдіс-тәсілдер, формалар және құралдар арқылы іске асырылады. Балалардың жеке ерекшеліктері, отбасы және жалпымәдениеттілік даму ерекшеліктері ескеріледі. Негізгі әдіс-тәсілдер келесі болып табылады:



А) имитация;

Б) бейне құру;

В) оқыту ойындарын қолдану;

Г) тақпақтар, өлеңдер мен жаңылтпаштар.

Жұмыс ұстанымдары:

  1. Балаларда рефлексивтік қабілеттерін жоғарылату үшін мұғалімнің жағымды бейнесін қалыптастыру.

  2. Мұғалімнің ана тілінде сөйлеуін шектету.

Лексиканы жүйелі түрде енгізу: Бірінші сабақ – 3 сөз. Екінші сабақ –бекіту. Кесесі сабақтар- сөйлеу құрылымдарды пайдалана отырып, белсендіру+3-4 жаңа сөз.

  1. Аталған даму кезеңінде балалардың қысқа мерзімді жадысын ескеру, өтілген материалды жүйелі түрде қайталау және келесі сабақтарға қосу.

  2. Толық сөйлеу құрылымдарды оқыту. Бұл балалардың сөйлеу дағдыларын дамытуға себеп бола алады.

  3. Жұптық және топтық жұмыстарды ұйымдастыру. Бұл әдіс жағымды психологиялық ахуалды тудыруға, тілділік кедергілерді жоюға жағдай жасайды.

  4. Мұғалімнің сұрақтарына жауап беруді және бұйрықтарын тез орындауға баулу.

Сабақтың кезеңдері:

  • Мотивация;

  • Жаңа материалды енгізу;

  • Жаңа материалды бекіту (топтық, жеке түрде);

  • Жаңа материалды қамтитын өлең, тақпақ немесе рифмовканы жаттату;

  • Жігерлі ойындар ойнату, немесе бұйрықтар беру;

  • Қайталау.

Ағылшын тілін оқытудың мектеп жасына дейінгі балалардың оқу жүктемесі:

Ағылшын тілі тілдерді дамыту Мемлекеттік бағдарламасына негізделген (- 1.001-2009) «Қазақ тілі» пәні басқа пәндермен ауыстырылуы мүмкін.

3-4 жастағы балаларға -0,5 сағат , жылына 18 сағат құрайды;

4-5 жас – 0,5, жылына 18 сағат;

5-6 жас- 2, жылына 72 сағат.

Топтық жұмысты ұйымдастыру

Сабақ барысында балалар шеңбер және жарты шеңбер болып отырады. Осындай мұғалімге жақын отыру оны жақсы көруге, естуге көмектесумен қатар жағымды психологиялық ахуал туғызады. Осымен қатар іс-әрекет түрлерін тез өзгертуге ыңғайлы болып табылады.

Курс құрылымы мен мазмұны:

Аталған жастағы балаларды оқыту тәжірибесіне сүйене отырып, келесі тақырыптарды енгізу жөн көрілді:

Ересек тобы үшін

  1. Танысу

  2. Менің отбасым

  3. 1-5 санау

  4. Хайуанаттар бағында

  5. Түстер

  6. Мамандықтар

  7. Дене мүшелері

  8. Менің досым

  9. Ас

  10. Менің бөлмем

  11. Оқу құрал-жабдықтары

  12. Көлік атаулары

  13. Мен ойнауды ұнатамын

  14. Мен көйлек киюді ұнатамын

  15. Қош бол, балабақшам!



Естияр тобы үшін



    1. Ойыншық қорапшасы.

    2. Мамандықтар.

    3. Жемістер мен ас.

    4. Олар қандай?

    5. Үй жануарлары

    6. Дала жануарлары

    7. Түрлі түсті қарындаштар.

    8. Жаңа жыл шыршасын безендіру.

    9. Жиһаз.

    10. Киімдер дүкенінде..

    11. Менің отбасым.

    12. Отбасы ағашы.

    13. Анашымның мерекесі.

    14. Мен анама көмектесемін

    15. Кішкентай өрмекші.

    16. Жайлауда.

    17. Балықтар.

    18. Ферма жануарлары.









Сәбилер тобы үшін

  1. Амандасу

  2. 0-5 санау

  3. Танысу

  4. Ата-анам

  5. Үй жануарлары

  6. Ойыншықтарым



Әдістеме-дидактикалық қамту:

Сабаққа дайындалуда мұғалімдер «Сәбилерге арналған ағылшын тілі» оқу-әдістемелік кешен, «Мектеп жасына дейінгі балаларды шет тілін оқыту: оқулық» Н.М.Родина, Е.Ю.Протасова қолдана алады.





Күтілетін нәтиже:

Оқу жылының соңында сәбилер тобының балалары

Істей алу керек: көрсеткен заттарды атау, амандасу, қоштасу.

Білу керек: санамақ , 0-5 дейін санау, тақырыптық лексика.





Оқу жылының соңында естияр тобының тәрбиеленушілері

Істей алу:бағдарламалық материал көлемінде сөздерді түсініп, қабылдау, сөздік қорларын қолдану.

Білу керек: тақырыптық, мерекелік тақпақтар, 0-10 дейінгі сандар, кейбір спецификалық дыбыстарының дыбыстау ерекшеліктері, фразалар.





Оқу жылының соңында ересек топ тәрбиеленушілері

Істей алу керек: бағдарламалық материал көлемінде сөздерді түсініп, қабылдау, сөздік қорларын қолдану, шағын қарапайым сөйлемдер құрастыру. Шағын диалогқа түсу.

Білу керек: тақырыптық лексика, өлеңдер, 0-10 санау.









Қолданылған әдебиет:



  1. «Рабочая программа «Английский язык в детском саду» для детей 3-6 лет», Павлодар,2013;

  2. «Изучаем английский язык (методическое пособие) для детей 4-5 лет», Павлодар, 2014;

  3. «Ағылшын тілі. Әдістемелік құрал»Ж.Қ.Рахымбаева, Ә.А.Мұратханова. «Зерек бала» мектепке дейінгі кіші жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқыту бағдарламасы «Қатынас» білім беру саласы,Арман-ПВ

  4. УМК English-1 Верещагина И.Н., Москва, Просвещениеб 2001.

























































ІІ Ересек тобына арналған жоспар (аптасына 2, барлығы 72 сағат)

Тақырып

Сабақ саны

мерзімі

Сабақтың мақсаты

Сабақ түрі, өткізу формасы

Қолд. әдіс-тәсілдер

Қолд. құралдар

Жаңа сөздер

Күтілетін нәтиже

1

2

3

4

5

6


Танысу

Сенің атын кім?

Сен нешедесін?

Сен қайдан келдің?

Оның аты кім?

6

Өткен оқу жылындағы материалды қайталату.

Пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Кіріспе сабағы.

Әңгімелесу, сұрақ-жауап

Суреттер, қиғаштар, ойыншықтар.

Hello!

What’s your name?

My name’s…

How old are you?

Where are you from?

What is his/her name?

Өтілген тақырып б/ша балалар сұраққа жауап береді, бір-бірімен амандасып, шағын диалог құрайды.


7



8

9

«Бұл менің отбасым»


«Менің бақытты отбасым» қайталау

3

Отбасы тақырыбының сөздігін естеріне түсіреді, тақпақтарды үйренеді.

Әңгімелесу

Тыңдап, қайталау

Дыбыстау

Топтастыру

Сөзтіркес құру


Суреттер

This is…

Family, mother, father, son, daughter, granny, aunt, uncle

Бұрын өтілген сөздікті еске түсіріп, жаңа лексиканы меңгереді.

10

11

12

13

14


15

16

1-5 санау

Қанша?

5 санау

Қанша?

Тура және кері санау

Саған неше?

Сенің телефон нөмірін қандай?

Қайталау


7

0-5 дейінгі сандарды үйрету. Тура және кері санауды үйрету.

Жаңа материалды игеру.

Ойын сабағы


Тыңдап, қайталау

Дыбыстау



One, two, three, four, five


Five, four, three, two, one

0-5 дейінгі сандарды үйретеді. Тура және кері санауды үйретеді. Санамақты үйренеді.

17

18

19

20

21


22


23


Хайуанаттар бағында.

Фермада

Сенде не бар?

Дала және үй жануарлары

Қарама-қарсылар

Жануарлар әлеміне саяхат. Қайталау


7

Жануарлар, жерлер атауларымен таныстыру, топтастыруды үйрету; фонетикалық дағдыларды қалыптастыру.

Жаңа материалды игеру.

Саяхат сабағы


Тыңдап, қайталау

Дыбыстау

Топтастыру

Танысты-

рылым, бейнесурет-тер, компьютер

Zoo, lion, zebra, crocodile, giraffe, tiger, lion, fox.

Жануарлар және олардың мекендейтін жерлері туралы мәлімет алады, топтастыра алады, дыбыстай алады.

24

25

26

27


28

29

30



Түстер

Қандай түсті?

Қанша доп?

Олар қандай түсті?

Фигуралар

«Түстер». Қайталау

7

Түстер атауларын қайталау, жаңа лексикамен таныса отырып, дұрыс дыбыстай алуды үйрету.

Жаңа материалды игеру.

Саяхат сабағы


Тыңдап, қайталау

Дыбыстау

Ажырату

Суреттер, қарындаш

тар

Red, yellow, white, black, brown, blue, green, pink, orange.

Жаңа сөздікті меңгереді, көрсеткен түстерді айта алады, бір-бірінен ажырата алады, санай алады, сөздерді дұрыс дыбыстай алады.


31

32

33


34


35




Ол кім?

Ол дәрігер емес

Мамандықты тапшы

Сен кім болғын келеді?

Ол не істей алады?

5

Мамандық атауларымен таныстыру, фонетикалық дағдыларын қалыптастыру.

Жаңа материалды игеру.

Ойын сабағы

Тыңдап, қайталау

Дыбыстау

Әңгімелесу

Суреттер

Teacher, doctor, cook, worker, pilot, driver

Can


Мамандық атауларымен танысады, меңгереді, дұрыс дыбыстай алады

36

37


38


39


40

41


Бас мүшелері

Саусағынды басқа қой

Барлық дене мүшелерін ата

Сенде неше көз бар?

Менің саусақтарым. Қайталау


6

Дене мүшелері атауларын қайталау, жаңа лексикамен таныса отырып, дұрыс дыбыстай алуды үйрету.

Жаңа материалды игеру.

Ойын сабағы


Тыңдап, қайталау

Дыбыстау


Суреттер

Head, shoulders, eyes, nose, ears, hair, hands, legs, stomach, knees.

Жаңа сөздікті меңгереді, көрсеткен дене мүшелерін айта алады, бір-бірінен ажырата алады, санай алады, сөздерді дұрыс дыбыстай алады.


42

43

44


45


46


Оның аты кім?

Менің досым.

Оның тегі қалай?

Оның жасы нешеде?

Менің досым. Қайталау.


5

Отбасы тақырыбының сөздігін естеріне түсіреді, тақпақтарды үйренеді.

Әңгімелесу

Тыңдап, қайталау

Дыбыстау

Топтастыру

Сөзтіркес құру


Суреттер

Family, mother, father, son, daughter, granny, aunt, uncle

Бұрын өтілген сөздікті еске түсіріп, жаңа лексиканы меңгереді.

47

48

49


50



51


Ас.


Менің сүйікті тамағым.

Жеміс және көкөніс салаттары.

Менің сүйікті тамағым. Қайталау


5

Балаларды тағам түрлерімен таныстыру, тағам атауларын дұрыс атауға үйрету.

Жаңа материалды игеру.

Ойын сабағы

Тыңдап, қайталау

Дыбыстау


Суреттер

Bread, milk, meat, juice, sugar, cookie, sweet, tea, sausage

Жаңа сөздікті меңгереді, көрсеткен дене мүшелерін айта алады, бір-бірінен ажырата алады, санай алады, сөздерді дұрыс дыбыстай алады.


52

53


54

55


Менің бөлмем

Сенің қаламын қандай түсті?

Бұл не?

4

Бөлме және жиһаз атауларымен таныстыру. Фонетикалық дағдыларының қалыптасуына ықпал ету.


Жаңа материалды игеру.

Ойын сабағы

Тыңдап, қайталау

Дыбыстау

Топтастыру

Сөзтіркес құру

Суреттер, қиғаштар

Living-room, bedroom, kitchen, hall, sofa, TV, table, computer, carpet, bed, chair

Жаңа сөздікпен танысады, меңгереді, суреттеуге тырысады, көрсеткен бөлмені, жиһазды атай алады.

Бөлме және жиһаз атауларымен таныстыру. Фонетикалық дағдыларының қалыптасуына ықпал ету.

Әңгімелесу, суреттеу, атау

Тыңдап, қайталау

Дыбыстау

Топтастыру

Сөзтіркес құру

Суреттер

My room, bed, table, computer, wardrobe, picture

Жаңа сөздікпен танысады, меңгереді, суреттеуге тырысады, көрсеткен бөлмені, жиһазды атай алады.


56

57

58

59


Оқу құрал-жабдықтары

4

Жаңа лексиканы меңгерту, фонетикалық дағдыларын қалыптастыру, суретке көрсетіп сөзді дұрыс дыбыстауды үйрету.

Жаңа материалды игеру.

Ойын сабағы


Тыңдап, қайталау

Дыбыстау

Суреттер, қарындаш

тар, қағаз беттері

Pen, copy-book, pencil, book, ruler, bag, colours, rubber, school, kindergarden

Жаңа сөздікті меңгереді, көрсеткен заттарды айта алады, сөздерді дұрыс дыбыстай алады.


60

61

62

63


Көлік атауларын білемін


4

Түрлі көлік атауларымен таныстыру. Фонетикалық дағдыларының қалыптасуына ықпал ету

Жаңа материалды меңгеру. Ойын сабағы

Тыңдап, қайталау

Дыбыстау

Топтастыру

Сөзтіркес құру

Әңгімелесу

Суреттер, компьютер, қағаз парақтары, қарындаш-

тар

Plane, train, car, ship, boat, bus, bike, helicopter, bicycle

Жаңа сөздікпен танысады, меңгереді, суреттеуге тырысады, көрсеткен бөлмені, жиһазды атай алады.


64

65

66

67

Мен ойнауды ұнатамын

4

Жиі кездесетін етістіктермен таныстыру. Жаңа тақпақты үйрету.

Жаңа материалды меңгеру. Ойын сабағы

Тыңдап, қайталау

Дыбыстау


Суреттер, қиғаштар

Play, ride, study, like, read, jump, run, fun

I like to read,

I like to play,

I like to study every day,

I like to jump,

I like to run,

I like to play, it’s fun!


Жиі кездесетін етістіктермен танысады. Жаңа тақпақты үйрету

68

69

70


Мен көйлек киюді ұнатамын

3


Киім-кешек тақырыбы б/ша лексикамен таныстыру, дыбыстай алуды, сөзтіркес құруды үйрету.

Жаңа материалды игеру.

Ойын сабағы

Тыңдап, қайталау

Дыбыстау

Топтастыру

Сөзтіркес құру

Суреттер, қиғаштар

Dress, shirt, trousers, jeans, skirt, hat, boots, T-shirt, tights, socks.

Киім атауларымен танысады, меңгереді, дұрыс дыбыстай алады.

71

72


Қош бол, балабақшам!

2


Оқу жылы б/ша өтілген материалды қайталайды

Бекіту, қайталау сабағы

Дыбыстау

Әңгімелесу

Көрсету

Ән салу


Суреттер, сандар


Оқу жылы б/ша өтілген материалды қайталайды













Естияр тобына арналған жоспар (аптасына 0,5, барлығы 18 сағат)

р/с

Тақырыптар

Сабақ саны

Лексикалық бірліктер

Ән, тақпақ, дидактикалық ойындар

1

Ойыншық қорапшасы

1

Hello, ok. Good bye, car, doll, ball, bear

The magic box”, “Where is my toy?”

2

Мамандықтар

1

Nurse, teacher, doctor, cooker

What is your name?”, “Hello”, “Guess who?”

3

Жемістер мен mағамдар

1

Apple, orange, bananas, pear

I like”

4

Олар қандай?

1

Cheese, ice-cream, pie

Who likes?”

5

Үй жануарлары

1

Fox, bear, sheep, farm, pig, forest, wolf, cow, dog, cat

Find and say”, “Who says moo?”

Whose cage?”

6

Дала жануарлары

1

7

Түрлі-түсті қарындаштар

1

Green, yellow, red

Pass and say”, “Green, green, yellow”

8

Жаңа жыл шыршасын безендіру

1

Merry Christmas, Christmas tree, snowman

Magic sack”

9

Жиһаз

1

Chair, sofa, table, carpet

Show me”, “Clap and shake”

10

Киімдер дүкенінде

1

t-shirt, shorts, socks, shoes, dress

Who is wearing?”, “Clothes shop”

11

Менің отбасым

1

Family, father, mother, sister, brother, grandmother, grandfather

Echo”, “I have a…”, “Family tree”

12

Отбасы ағашы

1

13

Анашымның мерекесі

1

Present, Mother’s Day, flowers

My Mummy”

14

Мен анама көмектесемін

1

15

Кішкентай өрмекші

1

Butterfly, bee, ant, fly, bug, spider

Magic man”

16

Жайлауда

1


Show me”, “Find and help”

17

Балықтар

1

Fish, tank


18

Ферма жануарлары

1

Cow, dog, cat, pig

I can”

Сәбилер тобына арналған жоспар (аптасына 0,5, барлығы 18 сағат)

р/с

Тақырыптар

Сабақ саны

Лексикалық бірліктер

Ән, тақпақ, дидактикалық ойындар

1

Ойыншықтар

1

Hello, ok. Good bye, car, doll, ball, teddy bear, nursery, teacher, doctor

What is missing?”, “Who has?”, “Teddy Bear” song, “Show me”

2

Мамандықтар

1

3

Жемістер

1

Apple, orange, bananas, pear, potato, tomato, carrot

Fruit and vegetables”, “What is missing?”, “Where it grows?”, “Vegetables”

Who likes?”

4

Көкөністер

1

5

Үй жануарлары

1

Fox, bear, sheep, farm, forest, cow, dog, cat

The Animal”, “Magic box”, “Show me”

Teddy Bear” song, “Listen and clap!”

6

Жабайы аңдар

1

7

Түстер

1

Green, yellow, red, white, pink, purple, black, orange, Merry Christmas tree, snowman

We wish you a Merry Ch.” Song, “Christmas tree”, “Find the pair”, “What is it?”, “Show me”

8

Жаңа Жыл мерекесі

1

9

Жиһаз

1

T-shirt, shorts, socks, shoes, dress, chair, sofa, table, carpet

Speaking bridge”, “Teddy Bear”, “What has it?”

10

Киімдер

1

11

Отбасы

1

Family, father, mother, sister, brother, grandmother, grandfather, son, daughter

My family”, “Who lives in the house?”

12

Менің үлкен отбасым

1

13

Анамның күні

1

Present, Mother’s Day, flowers

My Mummy” song, “Mom I love you” song

14

Өрмекші

1

Butterfly, bee, ant, fly, bug, spider

Spider, Spider Finger play”, “Magic box”, “Find and say”

15

Жәндіктер

1

16

Балықтар

1

Fish

Fishing”

17

Ферма жануарлары

1

Cow, dog, cat, pig

Who lives in the farm?”

18

Сәлем, жаз!

1









Диагностикалық карта

Топ:________________

Мұғалім:______________________

Өткізу уақыты:_________________



Баланың аты-жөні

Дыбыстау

Лексика

Сұрақтарға жауап беру

Орташа деңгей

Оқу-құрал жабдықтары

Бояулар әлемі

Дене мүшелері

0-10 санау

1









2









3











Белгілер:

- жоғары деңгей қызыл үшбұрыш

- орташа деңгей көк төртбұрыш

- төмен деңгей жасыл дөңгелек





Жоғары деңгей ____ бала ____ %

Орташа деңгей ____ бала ____ %

Төмен деңгей ____ бала ____ %



7



Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 29 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДВ-244823
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 29 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>