Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / География / Другие методич. материалы / Программа 5-6 классов краеведние

Программа 5-6 классов краеведние



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • География

Поделитесь материалом с коллегами:

БЕКІТЕМІН: КЕЛІСЕМІН: ҚАРАЛДЫ

Директор: Оқу ісінің меңгерушісі Қаулы № ______

С Мамлеева Ғ. Абдихамитқызы Ғ. Сейфулдинова

_____________ _________________ _____________ «___»____________ «___»____________ «___»_________













Өлкетану курсының жоспары





Абдрахманова А.С

















Талдықорған қаласы 2015-2016 оқу жылы



«Өлкетану » курсының жоспары.5-6 сынып

Түсінік хат

Елбасымыз тарихтың маңызы туралы «Өркениетті алға бастырар ғылым десек, соның бірден-бір саласы жас ұрпақты дәл тарихтай отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, әділдікке тәрбиелей алмайды»-дейді.

Отансүйгіш ұрпақ тәрбиелеу үшін Отан тарихын сапалы әрі тиімді оқыту қажет. Бүгінгі орта білім беру жүйесіндегі Отан тарихын оқытуды «өлкетану» пәні арқылы бекітетін болсақ, оқушының тарихи санасының қалыптасуы мен патриоттық сана-сезімі анағұрлым арта түсер еді. Себебі, «өзгені тану үшін, алдымен өзіңді тани біл!» деген жалпыадамзаттық қағиданы басшылыққа ала отырып, Қазақстанның мектептерінде «өлкетану» пәнін енгізіп оқыту – Отан тарихын өлке тарихы арқылы тануға негіз қалар еді. Мектепте өлкетану жұмыстарын жүргізу, жинаған материалдарды тарих сабақтарында пайдалану өте маңызды. Сабақ барысында өлкетану материалдарына көп уақыт бөле алмайсың, сондықтан өлкетану бойынша жеке курстарда оқыту керек. 

Қазақстанның барлық өңірлерінің өлке тарихы жазылған дайын оқу әдебиетітерінің жоқ екенін ескере отырып, «Өлкетану» сабағы оқушылардың өзіндік ғылыми негізді ізденістері мен шығармашылығына негізделуі қажет.

Өлкетану пәні арқылы мектепте мұражайлар ұйымдастыруға да болады. 

Білім беру жүйесіндегі бүгінгі күндегі өзгерістер Отандық тарихтан білім беруде оқытудың ғылыми және әдістемелік деңгейін көтеруді талап етеді. Туған жері мен елінің, халқының өткен өмірі мен бүгінгі тіршілігін оқытып үйрету оқушыларды азаматттық пен ұлтжандылыққа, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелейді, жеке тұлғаның дамуына септігін тигізеді. 

Осы мақсатта «Өлкетану» курсы бойынша , бағдарлама оқу процесінде 6-сыныпқа, аптасына 1 сағаттан, жалпы оқу бағдарламасы 34 сағатқа арналған.

«Өлкетану» курсының негізгі тұжырымдамасы:

1. Мектепте тарихи-өлкетану жұмысын жүргізу

2. Өлке тарихын, Отан тарихын меңгерген тарихи сананы қалыптастыру

3. Оқушыны өзіндік іс-әрекет жасауға үйрету, оның интеллектісін дамыту

«Өлкетану» курсының мақсаты:

Тарих сабақтарында инновация әдістерін пайдалану арқылы өлкетану материалдарын оқыту, елдің тарихын оқып меңгерген тарихи сананы қалыптастыру.

«Өлкетану» курсының міндеттері:

-оқушының тарихи біліктері мен дағдыларын жетілдіру

-оқушылардың дербес ерекшеліктерін ескере отырып, оқу үрдісінің сапасын арттыру

-өзіндік ізденіс, шығармашылыққа баулу және жетелеу

    «Өлкетану» курсының мақсаты: Еліміздің елдігі, жұртымыздың теңдігі үшін үлес қосқан бабаларымыз бен күрескер азаматтарымыз , өлкеміздің ерекшеліктері туралы мағлұмат беру.  География, сабақтарында  өлкетану материалдарын пайдалану, тарихи сананы қалыптастыру.
Дамытушылық міндеті: Оқушы зердесін және рухани дамуын арттыру.
Тәрбиелік міндеті: Өлке тарихын ұғындыра отырып , туған жерге сүйіспеншілікті оқушы бойына сіңіру.

«Өлкетану» курсының міндеттері:

-оқушының тарихи біліктері мен дағдыларын жетілдіру

-өзіндік ізденіс, шығармашылыққа баулу

Күтілетін нәтиже:

  1. Өз Отанын сүйетін, оның тарихын, тілін, әдет-ғұрпын құрметтейтін тұлға бола алады.

  2. Туған өлкеге деген сүйіспеншілігі мен қадір құрметін оята отырып, сол арқылы туып өскен яғни Жетісу өлкесіне, Отанға деген патриоттық сезімі қалыптасады.

  3. Оқушылыр мүмкіндігінше іздену, зертту жұмыстарына қатысады

  4. Қоршаған ортасын бақылай алуға,алған білімі мен қажетті істерін өмірде пайдалана біледі.

  5. Отанымыздың тарихына жаңалықтар қосады .






5- сынып бойынша



  1. Кіріспе бөлімінде, «Өлкетану» курсының мақсат-міндеттерімен туралы сипаттама беру;

  2. Оқушыларға Жетісу өлкесі туралы , ондағы зияткер адамдар жайлы мағұлмат беру;

  3. «Менің әулетімнің тарихы» өз әулеттері жайлы мағұлматтар жинау;

  4. Жетісу өлкесіндегі көше, тау, өзен көл атауларының аталуы жайлы сипаттама беру;

  5. Жетісу өлкеіндегі  «Тастағы таңбалар» туралы материалдар жинау;

  6. Жетісу өлкесіндегі, қаламыздағы тарихи -мәдени ескерткіштер туралы материалдар жинау;

  7. Еліміздің ақын жазушыларының өмірі, өлекңдері туралы жинақтар жазу;

  8. Жетісу өлкесіндегі дана билердің өмірі мен тарихы туралы мағұлматтар жинау;

  9. Талдықорған өңірінде болған тарихи оқиғалар: шоңғар шапқыншылығынды, Сатай, Спатай батырлар, батырлардың рухы;

  10. Жетісу өлкесіні жайлы тарихи деректер жайлы материалдар жинау;

  11. Талдықорған қаласының географиялық орны, Гаврилока аталу себебі, халқы мен демографиялық жағдайы;

  12. Жетісу өлкесінен шыққан атақты адамдар, қоғам қайраткерлері, Түріксіб темір жолы туралы іздену жұмыстарын жүргізу;

  13. Жетісу өлкесі; азамат соғысы жылдарында материалдар жинақтау

  14. Репрессия кезеңі, Ұлы Отан соғысына, ауған соғысына, желтоқсан уақиғасына қатысқан жерлестер туралы ізденіс жұмыстары;

  15. Қаламыздың кешегісі, бүгінгісі және болашағы яғни келешек келбеті жайлы материалдар жинау арқылы ой өрісін дамыту жолдары;

  16. Қаламыз бен Жетісу өлкесінен шыққан атақты спортшылар,жазушы кемеңгерлер мен ақын, әншә-сазгерлер туралы іздену жұмыстары

  17. Талдықорған қаласы мен Жетісу өлкесіне арналған өлең жырларды жинақтап құратыру

  18. Қаланың мұражайы мен мәдениет орындарына серуенге бару.













5-сыныпқа арналған «Өлектану » курсының оқу жоспары.

Аптасына 1 сағат. Барлығы  34 сағат.

Тақырыптар

Сағат саны

күні


1

Курсқа кіріспе. «Өлкетану» курсының мақсат-міндеттерімен танысу

1



2

«Жетісу өлкесі » — тұнған шежіре»

1



3

«Менің әулетімнің тарихы»

1



4

Өлкеміздегі топонимикалық  атаулар

1



5

 Тастағы таңбалар

1



6

Өлкеміздегі тарихи -мәдени ескерткіштер

1



7

Ескерткіштер сыр шертеді

1



8

Еліміздің ақын-жыраулары.

2



9

Жетісу өлкесіндегі дана билер.

2



10

Талдықорған өңірінде болған тарихи оқиғалар тізбесі.

1



11

Еліміздің жоңғар шапқыншылығы кезінде.

1



12

 Сатай батыр.

1



13

«Батырлар рухы өшпейді».

1



14

Спатай бітімі.

1



15

Жетісу өлкесініңі тарихи деректерде .

2



16

 Талдықорғанның Гаврилока аталу себебі

1



17

Талдықорған қаласының демографиялық жағдайы

1



18

Жетісу өлкесінен шыққан атақты адамдар, қоғам қайраткерлері.

2



19

Түріксіб темір жол тарихы.

2



20

Жетісу өлкесі Азамат соғысы жылдарында.

1



21

Репрессия құрбандары болған жерлестеріміз.

1



22

Ұлы Отан соғысына қатысқан жерлестеріміз.

1



23

1986 ж. Желтоқсан оқиғасына қатысқан жерлестеріміз

1



24

Қаламыздың  бүгінгі келбеті.

1



25

Жетісу өлкесінен шыққан атақты спортшылар.

1



26

Жазушы, ақын, әнші-сазгерлер.

1



27

Қаламызға арналған өлең-жырлар.

1



28

Қаланың өлкетану мұражайына саяхат.

1



30

Қорытынды.

1



 





6 – сынып бойынша



1.Талдықорған қаласының географиялық орны мен тарихы туралы;

2.Өз жанұяларының өмір тарихы, ата мұра олардың жетістіктері, тарихи

тұлғалар

3.Шежірелер, салт дәстүрлер туралы зерттеу жұмыстары

4. Жер- су аттары, аталу себептері жайлы мәліметтер

5. Қаланың зиялы азаматтары жайлы;

6. батырлар рухы материалдар жинау

7. шеберлер сырын ашайық, зергер, домбырашы ер тұрман жасайтын

адамдар жайлы мәліметтер жинау

8. Қаланың мәдени орындары оның тарихы, пайдасы жайлы жинақтау

9. І бөлімді қорытындылау атқарылған іс шараларға талдау жасау

10.Қаланың ақын жазушылары, еңбек ардагерлері туралы материалдар

жинақтау

11. Қаланың кешегісі, бүгінгісі, болашағы жайлы маериалдар жинақтау

12. Қаланың ұлттық құрамы, қаладағы қарттар мен балалардың сандық

көрсеткіші жайлы мәліметтер жинау.

13. Қаланың өнеркәсіп орындары олардың тарихы пайдасы, өндіретін

өнімдері жайлы қарастыру

14.Қала мектептері, лицей, гимназиялар жайлы ізденіс жұмыстары

15.Нұрмолда Алдабергенов, Жылқайдар Егінбаевтар, Зылиқа

Тамшыбаевалар туралы ізденіс материалдарын жинақтау

16 Еліне оралған (Қытайдан, Монғолиядан, Қарақалпақтан, Өзбекстаннан )т.б мемлекеттерден келген келген қандастар туралы материалдар жинау.











6-сынып. Өлкетану «Талдықорған қала тану»


Жұмыстың мазмұны

Сағат саны

күні

ескетру

І Кіріспе.




1

«Талдықорған қала тану»

1



ІІ. Талдықорған қала тану киелі мекені

2

Талдықорған тарихы тұнған шежіре

1



3

Менің әулетімнің тарихы

1



4

Ата мұрасы асыл қазынамыз

1



5

Тарихыңды таны тұлғаңды құрметте

1



6

Шежірелер сыр шертеді

1



7

Салт - дәстүрді білеміз бе?

1



8

Жер су аттарына шолу

1



9

Қаладағы зиялы азаматтармен кездесу

1



10

Тастағы табиғи кереметтер

1



11

Батырлар рухы өшпейді (ұлттық материалдар жинақтау)

1



12

Шеберлер сырын ашайық (кеш)

1



13

Қаланың мәдени орындары

1



14

Жинақтау қорытындылау атқарылған іс-шараға талдау

1



ІІІ Талдықорған қаласының тарихы

15

Қала тарихы туралы не білеміз

1



16

Қаланың еңбек ардагерлері

1



17

Қаладағы ақын жазушылар

1



18

1990 жылдардағы Талдықорған қаласының жай-күйі

1



19

Қала халқының ұлттық құрамы

1



20

Қаладағы қарттар мен балалардың саныдық көрсеткіші

1



21

Жұмыссыздар мен еңбекке жарамды адамдар көрсеткіші

1



22

Талдықорған қаласындағы аккумулятор зауытының тарихы

1



23

Ажар тігін комбинаты

1



2

Қаладағы сауда орындары

1



25

Қаладағы ескерткіш орындары

1



26

Менің қаламнының көше аттарының тарихы

1



27

Мектептер мен лицей, гимназиялар олардың атаулары мен тарихы

1



28

Нұрмолда Алдабергенов – ел басқарған азамат

2



29

Жылқайдар Егінбаев – еңбегі елге үлгі

2



30

Еліне оралған қандастар

1



31

Талдықорған қаласының қазіргі кезеңі мен болашағы

2















"Өлкетану" арнайы курс бағдарламасында оқушыларға қойылатын талаптар


  • Өлкетану пәнінің мазмұны, мәні, мазмұнын білу;

  • Жетісу өлкесі мен Талдықорған қаласына тарихигеографиялық сипаттама беру;

  • Өз өлкесінің тарихын, орналасқан жерін, аумағын, оған кіретін аудандар мен округтер туралы;

  • Жетісу өлкесі, Талдықорған қаласы және өзінің тұрып жатқан өлкесі жайлы толық мағлұматты;


  • Қазақстан Республикасының қазіргі жағдайы;

Жер көлемі, шекарасы, пайдалы қазбалары;

  • Қаланың шығу, құрылу, аталу тарихы Географиялық жағдайы, жер бедері /жазық, қырат т.б./ Қаланың картасы, жер көлемі, қай жерлермен шектеседі.

  • Қала тарихына байланысты естеліктерді;

  • Аңыз әңгімелер, шапқыншылықтар мен шайқастар болған жерлерді;

  • Ауылдан шыққан тарихи тұлғалар: билер, батырлардың өмірі, ерлік істері, ауылдың тарихи кезеңдегі келбеті, т.б;

  • Өз өлкесінің мәдни мұраларын, тарихимәдени ескерткіштерін, мұражайларын, кітапханаларын білу;

  • Қаладағы қолөнер шеберлерін білу және олардың көрмелерімен тану;

  • Жергілікті жердегі ҰОС қатысқан адамдар жайында;

  • Қаланың қазіргі тірлігі жайында;

  • Қаладан шыққан атақты тұлғалары туралы;

  • Сатай, Спатай батырлардың өмірбаянын мен ерліктерін;

  • Ақын жазушылардың өмірбаянын, өлеңдерін, Қазақ халқы жайындағы әңгімелерін.




















   

Пайдаланылған әдебиеттер

Мұғалім үшін пайдаланылатын әдебиеттер:

1. Атамекен. Аршабеков :2002 жыл

2.  «Азапты жеңген аналар» Қ.Қамысбаева. Қазақстан тарихы: әдістемелік журнал. 2009 жыл № 3

3. Архив НИЦ «Мемориал» Интернет материалдары

4. Дильманов С. Исправительно-трудовые лагеря на территории Казахстана А, 2002 жыл

5. Книга памяти «Узницы АЛЖИРа» Интернет материалдары

6. .«КарЛаг»  Д.А.Шаймуханов,С.Д. Шаймуханова. А; 1997 жыл 

7. Алматы облысының энциклопедиясы

9.  Қазақстан тарихы  9-томдық еңбек

13. Н.Ә.Назарбаев. «Қазақстан – 2050 стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы. Егемен Қазақстан. 2012 ж.       
14. Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Астана. 2006 ж.                     
15. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік «Білім» бағдарламасы. Астана. 2005.     
16. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. Астана 2007 ж.                             

17. Т.В.Имангулова. Аймақтық-өлкетану компоненттері арқылы жоғары сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беру .Пед.ғыл.канд.дисс.авторефераты.: 13.00.01. Алматы, 2009. 26-бет                           
18. А.Қ.Дүйсенбаев.Ұлт мектебіндегі жаратылыстану, гуманитарлық пәндер бағдарламаларындағы отансүйгіштік тәрбие берудің мүмкіндіктері. ХХІ ғасырдағы қазақ мектебі:даму болашағы.Республикалық ғылыми-конференция материалдары.Алматы2006 ж.                                                                                                
19. В.А.Сухомлинский. Как воспитать настоящего человека. Киев. 1975.             
20. В.Усиков. А.Усикова, Г.Зәбенова . Анықтамалық құрал. Алматы. 2009 ж.

Оқушы үшін пайдаланылатын әдебиеттер:

1.  «Азапты жеңген аналар» Қ.Қамысбаева.Қазақстан тарихы: әдістемелік журнал. 2009 жыл № 3

2. «Күңгір-күңгір күмбездер»

3 Қазақстан тарихы  9-томдық еңбек

4. «Жетісу» энциклопедиясы

5. Қазақ мәдениеті энциклопедиясы



 













7-сыныбы үшін «Өлкетану» курсының типтіку бағдарламасы

Қ/Р Білім және ғылым минстрінің

2013 жылғы 3 сәуірдегі

115 бұйрығына 109 қосымша

1. Түсінік хат

1. Бұл бағдарлама Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту бағытындағы «жалпыға ортақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадам» мақаласында берілген тапсырмаларды орындау мақсатында әзірленді.  

2. Өлкетану курсының басты мақсаты:

1) өзінің туған өлкесі жайлы білімді терең меңгерту және дамыту;

2) жасөспірімдердің бойында белсенді азаматтық ұстаным қалыптастыру және отансүйгіштік сезім тәрбиелеу.

3. Аталған мақсаттарға сәйкес білім берудің келесі міндеттері шешілуі тиіс:

1) оқушылардың танымдық қызығушылықтарын тереңдету;

2) практикалық және интеллектуалдық дағды мен шеберлікті  қалыптастыру және дамыту;

3) болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға көмектесу;

4) жеке тұлғаның бойында ізденушілік-зерттеушілік қасиетін, экспедициялық жұмыс дағдыларын қалыптастыру;

5) әр түрлі тәсілдермен оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытатын өлкетану жұмысындағы кешенділікті сақтау: жалпы оқу біліктілігі мен дағдысын, байқағыштықты, ойлауды, қиялдауды, ғылымдарға деген сүйіспеншілікті, білімдарлықты және мәдени деңгейін, әдеби және пәндік тілді, бірнеше тілді меңгеруді, әр түрлі мамандық иелерімен, өзінен үлкен-кіші адамдармен қарым-қатынас дағдыларына икемделу, өз бетімен өмір сүруге және болашақтағы мамандығына психологиялық тұрғыдан дайындалу,  моральдық-өнегелілік қасиеттерді, туған өлкеге және Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімдерді тәрбиелеу.

4. Өлкетану сабақтарда, сынып сағаттарында, олардың тәрбиелік мақсаты ретінде  («кіші» Отанына деген патриоттық, азаматтық сезімдерді тәрбиелеу) жүзеге асырылады;

5. Өлкетану курсы жергілікті жердің қыр-сырын ашып көрсету арқылы география,   биология, тарих, әдебиет және басқа да пәндерді оқу білімімен логикалық түрде толықтырады;

6. Өлкетану курсының бағдарламасы сыныпта және мектепте жекелеген зерттеу топтарымен, білім беру ұйымының өлкетану жұмысы Кеңесінің белгілеген экспедициялық зерттеу тақырыптары бойынша жүзеге асырылады.

7. Нақты белгіленген бағдарлама бойынша факультатив сабағы ретінде бөлек оқытылады.

8. Оқу сабақтары үдерісі кезінде туған өлкені тікелей оқып-білу мүмкіндігі шектеулі. Сол себепті, жұмыстың жүйелі-әрекеттік нәтижелерін сыныптан тыс және сабақтан бос уақытта кабинеттерден жергілікті жердің төңірегіне, өзен-көлдердің жағалауына, өнеркәсіп және ауылшаруашылық кәсіпорындарына, ескерткіштерге және тарихи даңқ орындарына, мұражайлар мен көрмелерге     т. б. жерлерге саяхатқа шығу арқылы жандандыру мүмкіншілігі бар.

9. Оқу барысында оқушылардың бойында өз өлкесі: оның табиғаты, табиғат ресурстары, өнеркәсіптері, ауыл шаруашылығы, көлік жүйесі, тарихи және мәдени дамуы, белгілі адамдары, өлкенің аудан, облыс, аймақ және республика үшін маңызы жайлы білім жүйесі қалыптасуы тиіс. Оқушының өз өлкесі экономикасындағы еңбек ресурстарына сұранысы жайлы білу мүмкіндігі бар.  

10. 7-сынып оқушылары туған аймақтың табиғи-экономикалық ерекшеліктерін және олардың даму келешегін оқып-үйренеді. Алдын-ала оқыту мақсатында, бағдарламаға өлкенің экономикасы жайлы тақырыптар кіргізілгенін атап айту қажет, жоғары сыныптарда ол тақырыптар тереңдетіліп оқытылады. Сонымен қатар, өлкетану жұмысының мазмұнына өлкенің тарихи өткені, археологиялық ескерткіштерін, мәдени (сәулет өнері, әдебиет) ескерткіштерін, әр түрлі жанрдағы фольклорлық материалдарды, ұлттық ерекшелігі бар қолөнерді, өлкенің атын шығарған атақты тұлғалардың өмірі мен шығармашылығын зерттеу кіреді.

11. Оқушылардың өз өлкесіне тән негізгі ерекшеліктерді анықтауға жағдай жасайтын, өлкетанудағы оқу-ізденушілік әрекетінің негізгі түрі ретіндегі бұл бағдарлама, іздеу-зерттеу әрекеттерінің алгоритмі болып табылады. Бағдарлама жан-жақты сипатқа ие және еліміздің кез-келген бөлігінде орналасқан туған өлкені, ауылды немесе қаланы, олардың төңірегін оқып-білудегі негізгі бағыттарды көрсетеді.

12. Жыл бойы жүргізілген жұмыстың нәтижесі мектептің өлкетану конференциясында қорытындыланады, үздік жұмыстар марапатталады және аудандық, қалалық конференцияға ұсынылады.

13. 7 - сыныпта өлкетану факультативтік курс ретінде аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат оқытылады.

2. Оқу пәнінің базалық мазмұны

 14. Курстың мазмұны келесі тақырыптардан тұрады:

1) «Кіріспе» (1 сағат), өлкетану пәні нені оқытады, курстың мақсаттары мен міндеттері, білім  көздері, аумақтың географиялық орны және көлемі (өлкенің, ауылдың, қаланың), елді мекендердің (әкімшілік, экономикалық, ғылыми, туристік, рекреациялық, мәдени, мәдени-тарихи, рухани орталықтар) маңызы және ерекшеліктері;

2) «Туризм негіздерімен танысу және карталармен жұмыс істеу» (2 сағат):

өлкетануда қолданылатын карталардың түрлері, бағдарлау (бағытты анықтау) негіздері, компас, жергілікті жерде және картада азимутты анықтау, полярлық және маршруттық түсіру тәсілдерімен жергілікті жердің планын жасау технологиялары, шартты белгілер;

туристік техника негіздері (шатырды орнату, заттарды салу, арқанды (жіпті) байлау, өткелдерден өту тәсілдері, алғашқы медициналық көмек көрсету), картаның көмегімен жергілікті жерде жүру, экскурсия кезіндегі қауіпсіздік  ережелері;

3. «Өлке аумағының жер бедері» (3 сағат):

жер бедерінің түрлерімен танысу, рельеф құрушы негізгі факторларды анықтау, сейсмикалық үдерістер, жер сілкінуі кезіндегі әрекеттер, жер бедері түрлері атауларының шығу тарихын оқып-білу, тау жыныстарымен танысу;

карталарда және жергілікті жерде өлшеу жұмыстары (нивелирмен жұмыс), дөңдердің (төбелердің), қыраттардың, таулардың биіктігін, беткейдің тіктігін анықтау, жер бедерінің әр түрлі формаларының бейнесін жасау (сурет, карта-сызба, сызба-нұсқа, жергілікті жер нысандарының шартты белгілерінің жиынтығы және модельдеу); 

жер бедері бетіндегі антропогендік және табиғи эрозиялық үдерістер және олардың кері әсерінің салдары, оларды болдырмау үшін қолданылатын шаралар, аумақтың экологиясы;

4) «Өлкенің табиғи ресурстары» (2 сағат):

туған өлкенің табиғат ресурстарының тізімін құрастыру және олардың экономиканы дамытудағы рөлін анықтау, өлкенің пайдалы қазбаларымен және кен орындарының ашылу тарихымен танысу, рекреациялық ресурстарды саралау;

пайдалы қазбалардың кен орындарымен және оларды өндіру әдістерімен (тәсілдерімен) танысу, ресурс қорғау технологиялары, кен орнының, карьердің сызбасын жасау, пайдалы қазбалардың, тау жыныстарының үлгілерін жинау;

5) «Жергілікті жердің ауа райы және климаты» (3 сағат):

климат қалыптастырушы факторларды анықтау, ауа райын бақылау әдістері (атмосфера қысымын, ауа температурасын, желдің күші мен бағытын, атмосфералық  жауын-шашын мөлшерін өлшеу (құралдармен жұмыс істеу), ауа райының бұл көрсеткіштерін график түрінде көрсету, жақын маңайдағы метеостансаның жұмыс істеу технологиясымен танысу (мүмкіндікке байланысты);

ауа райы өзгерістерінің жергілікті белгілері, ауа райын болжау (әдістерді презентациялау), төтенше жағдай сипатындағы ауа райы құбылыстары, адамның іс-әрекеті;

көпжылдық бақылаулар бойынша өлкенің жалпы климат жағдайларындағы және табиғатындағы өзгерістерге талдау жасау,  өзгерістердің негізгі себептерін анықтау (әр түрлі ақпарат көздерінің көмегімен, сонымен қатар байырғы тұрғындардың тәжірибесінен), өлкенің жел энергетикасы, ауа бассейінінің экологиясы;

6) «Өлкенің сулары және оларды пайдалану» (3 сағат):

өлке аумағындағы су нысандарының жіктелуі, жергілікті жердің гидрографиялық жүйесінің сызбасын жасау, атауларының пайда болу тарихын оқып-білу,  су ресурстарын пайдалану, су энергетикасы, су экологиясы;

бір су нысанын зерттеу және сипаттау (өзенді, бұлақты);

өлкенің көлдерін зерттеу және сипаттау (немесе жақын маңайда орналасқан бір көлді);

7) «Өлкенің топырағы» (2 сағат):

өлке топырағының негізгі түрлері, олардың негізгі сипаты және маңызы,

топырақ кесіндісін оқып-білу;

         жергілікті жердің топырағының құнарлығы, оны сақтау және қалпына келтіру шаралары, агромелиорация технологияларымен танысу (ауыл шаруашылығы жұмысшыларымен және мамандарымен кездесулер);

         8) «Өлкенің және қаланың өсімдіктері» (3 сағат):

өлке аумағындағы өсімдік жамылғысын оқып-білу, өсімдіктердің түрлерін және олардың ішінен ғажайып түрлерін анықтау, өлкенің өсімдік жамылғысының жағдайы, қаланың өсімдік жамылғысы, Астана қаласын және оның маңайын көгалдандыру тәжірибесі;

өлкеде өсетін өсімдіктердің жекелеген түрлерін оқып-білу, олардың пайдалы және емдік қасиеттерімен танысу;

кеппешөптердің көмегімен жергілікті жердің өсімдіктерін оқып-білу және сипаттау, флористикалық бұрыш ұйымдастыру;

9) «Өлкенің жануарлар дүниесі» (3 сағат):

өлке аумағының жануарлар дүниесін анықтау және оқып-білу, жануарлардың топтарын және олардың ғажайып түрлерін анықтау, жануарлар дүниесін қорғау;

өлкенің жануарлар дүниесінің жекелеген түрлерін оқып-білу, қауіпті және пайдалы жәндіктер, кәсіптік жануарлар және олардың маңызы, қазақтың ұлттық аңшылық өнері – саяткерлік;

туған өлкенің табиғат мұражайларына саяхат жасау (аң аулау қоғамдарының, орман шаруашылығының жұмысшыларымен кездесулер), құс үйшіктерін жасау және ілу;

10) «Өлкенің және қаланың ерекше қорғалатын аумақтары және табиғатты қорғау» (3 сағат):

туған өлкенің қорғауды талап ететін өсімдіктері мен жануарларын анықтау және тізімін құрастыру, олар жайлы фотоальбомдар, бейне слайдтар, бейнефильмдер жасау (жұмысты презентациялау);

туған өлкенің және оған жақын аумақтардың «Қызылкітаптық», эндемикалық өсімдіктері мен жануарлары;

ерекше қорғалатын аумақтар және нысандарға (мүмкіндікке байланысты): қорықтарға, қорықшаларға, ұлттық саябақтарға, табиғат ескерткіштеріне, хайуанаттар бағына, ботаникалық бақтарға, дендрарилерге, орман шаруашылықтарына саяхат жасау, олардағы табиғатты қорғау жұмыстарының технологияларымен танысу;

11) «Өлкенің, қаланың шаруашылығы»  (4 сағат):

маңызы бар (ауылдың, ауданның, қаланың) өнеркәсіп және ауылшаруашылығы кәсіпорындарының орналасуының карта-сызбасын құрастыру, өлкенің кәсіпорындары және мекемелерінде  сұранысқа ие мамандықтар;

өнеркәсіп және ауылшаруашылығы кәсіпорындарының жұмысымен танысу (кәсіпорындардың жетекшілерімен және мамандарымен кездесу);

кәсіпорынға экскурсия жасау, техникамен, технологиялармен және технологиялық үдерістермен танысу, әр түрлі мамандық иелерімен танысу;

алдын-ала жасалған жоспар бойынша аудан, қала үшін аса маңызды кәсіпорындарды оқып-білу және сипаттама беру, өнеркәсіптік, сонымен қатар экспорттық және импорттық  қарым-қатынастардың сызба-нұсқасын құрастыру;

12) «Өлкеде өмір сүретін халықтардың тарихы және мәдениеті» (4 сағат):

жақын маңайдағы археологиялық ескерткіштер, ерте замандағы тұрақтардың, елді мекендердің, қалалардың, қорғандардың, қорымдардың сызба-нұсқаларын жасау, әдеби мұра көздерін зерттеу;

өлкенің ең бастапқы игерілуінің тарихи-қоғамдық, экономикалық және табиғи факторлары, аумақтың қоныстану, игерілу және даму үдерісінің қысқаша тарихы;

мәдениет (қазақ және өлке аумағында өмір сүретін басқа да ұлт өкілдерінің шығармашылығы, салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары, ұлттық тағамдары, ұлттық қолөнері);

өлкенің белгілі адамдары, өлкенің, қаланың дамуына үлес қосқан адамдардың өмірбаянымен  және еңбегімен танысу;

13) қорытындылау (1 сағат), бөлімдер бойынша жинақталған материалдарды ресімдеу, оларға презентация жасау және мектептің өлкетану мұражайына тапсыру.         

3. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

 15. Пәндік  нәтижелер, 7-сыныптың соңында оқушылар туған өлкесінің: 

1) географиялық жағдайының ерекшеліктерін;

2) өлкедегі елді мекендердің дәрежесі мен маңызын;

3) географиялық нысандарының атауларын;

4) аумақ және рельеф көлемінің ерекшеліктерін;

5) табиғат ресурстарының жиынтығын;

6) пайдалы қазбаларының негізгі кен орындарын;

7) өз өлкесінің рекреациялық мүмкіндіктерін;

8) ауданның гидрография жүйесін, негізгі су нысандарын;

9) өз өлкесінің ауа райы мен климатының ерекшеліктерін;

10) төтенше жағдайлар кезіндегі іс-әрекеттерді;

11) топырағын, өсімдік жамылғысының негізгі түрлерін;

12) өз өлкесінің жануарлар дүниесінің негізгі түрлерін;

13)өсімдіктердің және жануарлардың ерекше түрлерін;

14) өлкенің ерекше қорғалатын аумақтарын;

15) өлкенің экономикалық «тұрпатын», өнеркәсіптің және ауылшаруашылығы-ның  негізгі кәсіпорындарын;

16) экспорттық өнімдерін;

17) жақын маңайдағы археологиялық ескерткіштерді және тарихи нысандарды;

18) өлкенің қоныстану, игерілу және даму үдерісін;

19) негізгі халықтарын, олардың мәдениетін, дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын және қолөнерін;

20) өлкенің белгілі, еңбек сіңірген адамдарын білулері тиіс.

16. 7-сыныптың соңында оқушылар:

1) аумақтың географиялық орнының және өлкенің географиялық нысандарының негізгі белгілеріне карта көмегімен талдау жасай;

2) табиғат ерекшеліктеріне сипаттама жасау барысында карталардың көмегімен өлшеу жұмыстарын орындай;

3) өз өлкесінің климаты және ауа райының, суларының ерекшеліктеріне, тау жыныстарына, пайдалы қазбаларына талдау жасай;

4) өлкенің өсімдік жамылғысына және жануарлар дүниесіне, топырағына сипаттама бере;

5) өз өлкесінің шаруашылығына, жекелеген маңызды кәсіпорындарына, олардың өнімдеріне, шаруашылық байланыстарына жалпы және толық сипаттама бере;

6) өлкенің тарихын, дамуының негізгі факторларын, қоныстануының ерекшеліктерін, халық құрамының көпұлтты болу себептерін, олардың мәдениетін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын сипаттап, түсіндіре;

7) туған өлке аумағындағы табиғат кешені және оның компоненттерін қорғау жағдайын, экологиялық, басқа да проблемаларды анықтап және сипаттама бере алулары тиіс.

17. Оқушылардың тұлғалық нәтижелері:

1) белсенді азаматтық ұстанымын, жоғары патриоттық сезімін көрсете білуінен, өз Отанына қызмет етуге және оның мүддесін қорғауға дайын болуынан;  

2) туған өлкесінің табиғатын сақтауға және көркейтуге, қолынан келерлік еңбегімен оның экономикасын, экологиясын жақсартуға ұмтылуынан;

3) өлкенің көрнекті өкілдерінің рухына, халықтардың тарихына, мәдениетіне және салт-дәстүріне құрметпен қарауынан көрініс табады.

18. Жүйелі-әрекеттік нәтижелер:

1) іздеу-зерттеу жұмыстары кезінде алынған ақпаратты саралау, өңдеу, жинақтау, қолдану шеберлігі;

2) іс-әрекетті және зерттеуді жоспарлау, танып білу әдістерін меңгеру;

3) қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды, білім беру ресурстарын, мұрағат деректерін қолдана білу, алынған ақпаратқа презентация жасау;

4) коммуникативтік қабілетті, көптілділікті дамыту және өздігінен, шағын не үлкен топтарда жұмыс істеу дағдыларын дамыту.

  7-сыныпқа арналған «Өлектану » курсының оқу жоспары.

Аптасына 1 сағат. Барлығы  34 сағат.

Жұмыстың мазмұны

Сағат саны

мерзімі

ескерту

1

Кіріспе(Өлкетану нені оқытады, курстың мақсаты мен міндеті)

1



2

Туризм негіздерімен танысу

1



3

Карталармен жұмыс (план және топографиялық карта)

2



4

Жер бедерінің түрлерімен танысу

1



5

Картада және жергілікті жерде жер бедерінің өлшеу жұмыстарымен танысу

2



6

Өлкенің табиғи ресурстары, пайдалы қазбалардың кен орындарымен танысу

1



7

Пайдалы қазбалардың, тау жыныстарының үлгілерімен танысу

1



8

Жергілікті жердің ауа райын бақылау

1



9

Ауа райы құбылыстарын бақылау

1



10

Өлкенің климат жағдайындағы өзгерістер

1



11

Өлке сулары және оны пайдалану (өзеннің немесе бұлақтың пайда болуы, зерттеу)

2



12

Өлкенің көлдерін зерттеу

1



13

Өлкенің топырақ түрлерін зерттеу

1



14

Топырақтың құнарлылығын сақтау шаралары, Ауыл шаруашылығы мамандарымен кездесу

1



15

Қаланың өсімдік жамылғысы

1



16

Қаланың маңын көгклдандыруға атсалысу

1



17

Кепкен шөптердің түрін жинау. Дәрілік өсімдіктерді зерттеу

1



18

Жануардың топтарын және олардың түрлерін анықтау

1



19

Жануарларды қорғау

1



20

Туған өлкенің мұражайына саяхат

1



21

Туған өлкені қорғауды талап ететін өсімдіктер мен жануарлар. Қызыл кітап

2



22

Қорықтар, қорықшалар, ұлттық табиғи бақтармен танысу

1



23

Өнеркәсіп жұмыс орындарының жұмыстарымен танысу

2



24

Өнеркәсіптік экспорттық, қарым-қатынастардың сызба нұсқасын құрастыру

2



25

Әдеби мұра көздерін жинау

1



26

Туған өлкедегі халықтың этникалық тұрмыс жағдайымен танысу

1



27

Өлкедегі белгілі танымал тұлғалардың өмірі туралы зерттеу




28

Қорыту

1







57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 07.10.2015
Раздел География
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров477
Номер материала ДВ-040669
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх