Инфоурок Информатика Другие методич. материалыПрограмма "Мой друг - Компьютер"

Программа "Мой друг - Компьютер"

Скачать материал

 АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ

ҚАЛАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫ

МКҚК №33 «НҰРСӘТ» МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ ОРТАЛЫҒЫ

 

 

 

Ақтөбе қаласы білім бөлімінің

                                                                                                           2015 жыл «____»__________

                                                                                            №_____бұйрығымен

                                                                                                БЕКІТІЛДІ

 

 

 

 

Бағдарлама

«Менің досым - Компьютер»

(ересектер және мектепалды даярлау тобы)

 

 

 

 

 

 

 

Құрастырған:В.Т.Курпишева

 

 

Ақтөбе – 2015 жыл

 

Бағдарлама  негізі:Кабулова Г.С.,Балафанов Е.К.,Айтбакинаның Б.А.  «Ақпараттық мәдениет негіздері» ,Алматы қаласы, 2007жыл

 

Құрастырған:Курпишева В.Т.

 

 

№33 «Нұрсәт» МдБО педагогикалық кеңесі отырысында «Менің досым – Компьютер»  бағдарламасы талқыланды.

 

 

Хаттама №1                                                                                  «28» «тамыз»  2015ж.

 

№33 "Нұрсәт" МдБО-ның  меңгерушісі:              _______________       Жанаева Ж.А

 

 

 

Қалалық сараптау комиссия отырысында «Менің досым – Компьютер» бағдарламасы мақұлданды.

 

Хаттама № ______                                         «_____» «____________» 2015ж.

 

 

  Сараптау  комиссиясының  төрағасы           ___________      ________________________  

                                                                                 

 

 

 

 

 

 

 

№33 «Нұрсәт» мектепке дейінгі білім орталығының

 «Менің досым - Компьютер» бағдарламасына

 

ПІКІР

           Қазіргі таңда қоғам өмірге қадам басқан жас ұрпаққа жаңа талаптар қоюда. Өзінің білімін игере отырып өз қызметін жоспарлай білуі, берілген тапсырманы шешуге қажетті ақпаратты таба білуі, зерттеу обьектісі мен үрдісіне сай ақпаратты модель құра білуі және де жаңа технологияларды тиімді пайдалана білуі қажет. Мұндай білімділік қазіргі кезде әрбір жас адамға қажет. Сондықтан информатика курсының бірінші маңызды міндеті -  мектепке дейінгі балаларда ойлау стилін қалыптастыру. Мектепке дейінгі жастағы балаларды компьютер жұмысы көмегімен дамыту – қазіргі педагогиканың маңызды бағыттарының бірі.Оқыту әдістері мектепке дейінгі жастағы балалардың шығармашылық қабілеттері мен ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған. Қойылған міндеттің қиындығы, бір жағынан балалардың  ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамытуға талпынсақ, екінші жағынан – оларға қазіргі компьютер әлемі туралы білімді қызықты, таңғажайып үлгіде бере білуге талпынатындығымызда. Мектепке дейінгі жастағы  балаларға арналған информатика курсының рөлі өте маңызды. Компьютер информатика сабағын қызықты ойынға айналдыруға мүмкіндік береді.

         «Менің досым – Компьютер» атты бейімделу бағдарламасы 5-6 жастағы балалардың компьютерді пайдаланудағы тәжірибелік шығармашық  жұмыстарына бағытталған.

 Мақсаты:  компьютер көмегімен әртүрлі ақпарат түрлерінен жұмыс жасай

білу, компьютерді пайдалану мүмкіндіктерін білу, шығармашылық танымдық,

интеллектуалды қабілеттерін дамыту.

               Бағдарлама « математика», «ойлау», «мәнерлеп оқу», «бейнелеу өнері» секілді  

оқу пәндерімен тығыз байланысты. Балалар компьютермен қарым-қатынас

жасаудың  қарапайым ілімдерін меңгереді. Компьютермен қарым-қатынас

жасау балалардың білім алудағы және  оқуды жалғастырудағы қажеттіліктерін

арттырады. Бұл бағдарламамектепке дейінгі мекемелерде  информатиканы

оқытуға сәйкес келеді.

 

 

 

 

 

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік

мемлекеттік университетінің педагогика

ғылымдарының кандидаты, доцент                                       С.С.Сейтенова

 

 

Түсінік хат

           Білім беру барысына жаңа ақпараттық технологияларды еңгізу мектепке дейінгі білім беру мекеме педагогтарының алдына жаңа мақсат-міндет қойды

Компьютермен жұмыс жасау барысында балалардың есте сақтау қабілеті мен зейіні дамиды.Балаларда ырықсыз зейін дамыған, сондықтан олар әдейлеп бір ақпаратты есте сақтап қалмайды.Тек қана ақпарат жарқын, көрікті, маңызды болса, бала еріксіз оған назар аударады.Сондықтан мұндай кезде компьютердің көмегі тиеді, себебі ол балаға ақпаратты тартымды түрде береді.Мұндай ақпарат есте тез, ұзақ сақталуымен қатар мазмұнды болады.

Бағдарлама мазмұны: Компьютермен жұмыс жасау баланың интеллектін дамытумен қатар, моторикасын да дамытады. Балалар барлық ойында, қарапайымнан күрделіге дейін, саусақтарымен белгілі бір пернелерді басуға үйренеді, бұл олардың қолдарының ұсақ бұлшық еттерін, моторикасын дамытады.Компьютермен жұмыс жасау балаларда басында ойын әрекеті ретінде, кейін оқу әрекеті ретінде қызығушылық тудырады.Бұл қызығушылық  танымдық мотивация,ырықты зейін,ес сияқты қабілеттерді қалыптастырады және бұл қасиеттер баланың мектепте білім алуға психологиялық жағынан дайындығын қамтамасыз етеді.

Бағдарлама мектепалды даярлау тобында 36 сағат аптасына 1 рет, ересектер тобында 18 сағат айына 2 рет 2 жылға арналған: қарапайымнан күрделіге, мұғалімнің  үнемі қадағалауынан өз бетімен шешім қабылдауға, шығармашылық тапсырманы орындау дағдысын қалыптастыру.

 

Бағдарлама мақсаты: компьютерлік үйрету және дамыту ойындары арқылы балалардың шығармашылық қабілетін дамыту, талдау жасау , салыстыру, теңестіру шеберлігін, логикалық ойын дамыту және мектепке деген дайындықтың сапасын арттыру.

 

Бағдарлама міндеттері:

1.Танымдық-зияткерлікті дамыту:

а)мектепке дейінгі жастағы балалардың зияткерлік тапсырмаларды түсініп,оны шешу қабілетін қалыптастыру.

б)жоғары психологиялық әрекеттерді дамыту:қабылдау,зейін,ес.

в)ұқсастыру,бейнелік,кеңістік ойлауын дамыту.

г)сенсомоторлық қабілеттерін дамыту.

д)математикалық білімдері мен іскерліктерін толықтыру.

е)сөздік қорын толықтырып,тілін дамыту.

ж)қоршаған орта туралы түсініктерін кеңейту.

 

 

2.Шығармашылығын дамыту:

а)графикалық дағдыларын дамыту.

б)көркемдік қабілеттерін дамыту.

в)шығармашылық қабілеттерін дамыту.

3.Компьютерлік іскерлікті дамыту.

а)компьютерді меңгеру дағдыларын дамыту.

б)қолдың ұсақ моторикасын дамыту.

в)кеңістік ойлауын дамыту.

г)компьютердің құрылымы туралы білімдерін арттыру.

 

Күтілетін нәтижелері:

·        компьютер кабинетіндегі қауіпсіздік ережесі мен тәртіпті;

·        компьютердің негізгі бөліктерінің атауын қолдану мақсатын;

·        графикалық редактордың негізгі қызметі мен жұмысын жасау ережелерін біледі.

·        мәтіндік ретактордың негізгі қызметі мен жұмысын жасау ережелерін.

·        пернетақта және тышқанмен жұмыс жасайды.

·        графикалық жұмыспен жұмыс жасау,әртүрлі құралдарды қолданып сурет салады.

·        бағыттаушылардың тілін түсіндіреді.

·        компьютердің негізгі бөліктерін атайды.

·        заттарды салыстырып, топқа біріктіреді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыптық жоспар

(Ересектер тобының)

 

 

І бөлім.Компьютер

4 сағ

1

Компьютермен танысу

1сағ

2

Қауіпсіздік ережімен танысу

1сағ

3

Компьютердің негізгі бөліктері

1сағ

4

Компьютерді іске қосу

1сағ

 

ІІ бөлім. Компьютер қоршаған ортамен таныстырады

4 сағ

1

Тышқанмен жұмыс жасау

2 сағ

2

Экран бетінде нысандарды тышқанмен қозғалту

2 сағ

 

ІІІ бөлім.Компьютер дамытады

4 сағ

1

Мен түстерді білемін

1 сағ

2

Мен геометриялық пішіндерді танимын

1 сағ

3

Кеңістік пен уақытты бағдарлаймын

2 сағ

 

IV бөлім.Компьютер шығармашылықты дамытады

4 сағ

1

Әуен уақыты

2 сағ

2

Бояулар әлемі

2 сағ

 

V бөлім.Менің досым –Компьютер

2 сағ

1

Компьютер туралы не білемін?

1сағ

2

Сүйікті ойыным

1сағ

Барлығы

18 сағ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыптық жоспар

(Ересектер тобы)

 

Тақырыбы

Мақсаты

Сағат саны

1

Компьютермен танысу

Балаларды компьютермен таныстыру.Компьютер туралы жалпы мәлемет беру.Компьютерлердің түрлерін көрсету.

1сағ

2

Қауіпсіздік ережімен танысу

Балаларды компьютер кабинетіндегі қауіпсіздік ережесімен таныстырып, тәртіпті түсіндіру.

1сағ

3

Компьютердің негізгі бөліктері

Балаларды компьютердің негізгі бөліктерімен таныстыру.Атқаратын міндеттерін анықтау.

1сағ

4

Компьютерді іске қосу

Балаларды компьютерді дұрыс қосып, сөндіруге үйрету.Реттілік не үшін керек екенін түсіндіру.

1сағ

5

Тышқанмен жұмыс жасау

Балаларды тышқанмен таныстыру. Тышқанмен  жұмыс жасау дағдысын әртүрлі жаттығулар арқылы қалыптастыру.

 

2 сағ

6

Экран бетінде нысандарды тышқанмен қозғалту

Тышқанмен  жұмыс жасау дағдысын әртүрлі жаттығулар арқылы қалыптастыру.

 

2 сағ

7

Мен түстерді білемін

Балалардың түстер палитрасы туралы түсініктері мен оларды қолдану дағдыларын әртүрлі ойындар мен тапсырмалар арқылы қалыптастыру

1 сағ

8

Мен геометриялық пішіндерді танимын

Балалардың төртбұрыш,үшбұрыш,шеңбер туралы ұғымдарын тереңдету.Айналаны қоршаған ортада оларға ұқсас заттар көп екеніне балалардың көңілін аудару.Жасалу жолдары мен құрылысына мән беріп, айырмашылықтары мен ұқсастықтарын ажырату.

1 сағ

9

Кеңістік пен уақытты бағдарлаймын

Балаларға «жоғары-төмен», «оң-сол»  ұғымын ойын, әртүрлі тапсырмалар арқылы игерту.Баланың ақыл-ойын, танымдық қабілетін дамыту.

 

2 сағ

10

Әуен уақыты

Балалардың нота туралы түсініктерін жаңғырту, әр түрлі дидактикалық ойын арқылы бекіту.Қиял мен шығармашылықты дамыту. Ұлттық аспаптардың түр-түсін сипаттап, бір-бірінен ажырата білуге үйрету.Музыкалық аспаптарға қызығушылығын арттыру.

2 сағ

11

Бояулар әлемі

Балалардың бояулар туралы түсінігін, оларды қолдану дағдыларын әртүрлі компьютерлік ойындар арқылы бекіту

2 сағ

12

Компьютер туралы не білемін?

Компьютер туралы білімдерін тексеру, бекіту

1сағ

13

Сүйікті ойыным

Балалардың сүйікті ойыны арқылы білімдерін бекіту

1сағ

Барлығы

 

18 сағ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мектепалды даярлау тобының

тақырыптық жоспары

 

 

І бөлім.Компьютер

5 сағ

1

Компьютермен танысу

1сағ

2

Қауіпсіздік ережімен танысу

1сағ

3

Компьютердің бөліктері

2сағ

4

Компьютерді іске қосу

1сағ

 

ІІ бөлім. Компьютер ертегі айтуда

6сағ

1

«Қызыл телпек»  ертегісімен таныстыру

6сағ

 

ІІІ бөлім.Компьютер дамытады

6сағ

1

Математика

2сағ

2

Тіл

2сағ

3

Логика

2сағ

 

IV бөлім.Компьютер шығармашылықты дамытады

8сағ

1

PAINT графикалық редактормен танысу

2сағ

2

Суреет салу құралдары

2сағ

3

Сурет салу әдістері

2сағ

4

Мен суретшімін

2сағ

 

V бөлім.Компьютер мектепке дайындайды

8сағ

1

WordPad мәтіндік редакторы танысу

2сағ

2

WordPad мәтіндік редакторында жұмыс жасау ережелері

2сағ

3

WordPad мәтіндік редакторында жұмыс жасау

4сағ

 

VI бөлім.Менің досым – Компьютер

3сағ

1

Компьютер туралы не білемін?

1сағ

2

Сүйікті ойыным

2сағ

Барлығы

36 сағ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыптық жоспар

(Мектепалды даярлау тобы)

 

Тақырыбы

Мақсаты

Сағат саны

1

Компьютермен танысу

Балаларды компьютермен таныстыру.Компьютер туралы жалпы мәлемет беру.Компьютерлердің түрлерін көрсету.

1сағ

2

Қауіпсіздік ережімен танысу

Балаларды компьютер кабинетіндегі қауіпсіздік ережесімен таныстырып, тәртіпті түсіндіру.

1сағ

3

Компьютердің бөліктері

Балаларды компьютердің негізгі  және қосымша бөліктерімен таныстыру.Атқаратын міндеттерін анықтау.

2сағ

4

Компьютерді іске қосу

Балаларды компьютерді дұрыс қосып, сөндіруге үйрету.Реттілік не үшін керек екенін түсіндіру.

1сағ

5

«Қызыл телпек»  ертегісімен таныстыру

Балаларды «Қызыл телпек»   компьютерлік үйрету және дамыту ойынымен таныстыру. Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту

2сағ

6

Математика

Логикалық тапсырмаларды шешу.Балалардың ойын-қиялын дамыту.

2сағ

7

Тіл

Логикалық тапсырмаларды шешу.Балалардың ойын-қиялын дамыту. Ағылшын тілінде сандардың апта күндерінің айтылуын жаңғырту

2сағ

8

Логика

Балалардың логикалық ойлауын әртүрлі компьютерлік дамыту және үйрету ойыны арқылы дамыту

2сағ

9

PAINT графикалық редактормен танысу

Балаларды PAINT графикалық редакторымен таныстыру. Балаларға PAINT графикалық редакторын іске қосуды үйрету, сурет салу кезеңдерін түсіндіру.Бала бойында есте сақтау қабілетін дамыту,қызығушылығын арттыру.

2сағ

10

Сурет салу құралдары

Балаларды графикалық редактордың сурет салуға арналған құрал-саймандар тақтасымен таныстырып, олардың қолдану мақсатын түсіндіру.

2сағ

11

«Қызыл телпек»  ертегісі

Балаларды «Қызыл телпек»   компьютерлік үйрету және дамыту ойынымен таныстыруды жалғастыру. Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту

2 сағ

12

Сурет салу әдістері

Балаларға сурет салу барысында «Құю» «Бүріккіш» құралымен таныстыру,қандай мақсатта қолданылатынын түсіндіру. Балаларды сурет салуға арналған «Қылқалам» құралымен таныстыру, оның тиімділігін айтып, қолдану әдістерін көрсету.Балалардың логикалық ойын, қиялын дамыту.

2сағ

13

Мен суретшімін

Балалардың  PAINT графикалық редакторы туралы игерген білімдерін бекіту.Балалардың ойын, қиялын дамыту. Компьютермен еркін жұмыс жасау мүмкіндіктерін тексеру.

2сағ

14

WordPad мәтіндік редакторы танысу

Балаларды WordPad программасында таныстыру.Программаның қолдану аясын түсіндіру.Ойын, ойлау қабілетін дамыту. Балаларға WordPad программасының ашылу жолын көрсету, игерту

2сағ

15

WordPad мәтіндік редакторында жұмыс жасау ережелері

Балаларды WordPad программасының терезесімен таныстыру. Балаларға WordPad программасының мәзір қатары туралы түсінік беру. Балаларды стандартты, фарматтау батырмалар тобымен таныстыру

2сағ

16

«Қызыл телпек»  ертегісі

Балаларды «Қызыл телпек»   компьютерлік үйрету және дамыту ойынымен таныстыруды жалғастыру. Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту

 

17

WordPad мәтіндік редакторында жұмыс жасау

Балаларды WordPad программасында жұмыс жасау дағдыларын кеңейту.

 

4сағ

18

Компьютер туралы не білемін?

Балалардың білімін тексеру, бекіту, қорыту.

1сағ

19

Сүйікті ойыным

Логикалық тапсырмаларды шешу.Балалардың ойын-қиялын дамыту.

2сағ

Барлығы

36 сағ

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛАТЫН КОМПЬЮТЕРЛІК ОЙЫНДАР

 

1.     «Динаның хикаясы»  Санасофт компаниясы 2007 жыл

2.     «Красная шапочка» Новый Диск компаниясы 2007 жыл

3.     «Малыш» Никита компаниясы 2000 жыл

4.     «Зайка Всезнайка» Бука компаниясы 2010 жыл

5.     «Мастерская Элмо» Акелла компаниясы 2008жыл

6.     «Лелик»  РуссоБит компаниясы 2011 жыл

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ЖАЛПЫ ҚАУІПСІЗДІК ТАЛАПТАРЫ:

1.     Мұғалімнің рұқсатынсыз құрал-жабдықтарды орнынан қозғауға, сымдарға, розеткаларға, штепсельдің айырына, штекерге тиісуге  тыйым салынады.

2.     Мұғалімнің рұқсатынсыз компьютерлік сыныпқа кіруге және одан шығуға болмайды

3.     Мұғалімнің рұқсатынсыз сынып ішінде жүруге болмайды.

4.     Дербес компьютерде су қолмен және су киіммен жұмыс істеуге болмайды

5.      Корпусы мен сымдардың бүтіндігі бұзылған (ашық) ДК-де жұмыс істеуге тыйым салынады

6.     Үстелге, ДК-дің жанына сөмке, портфель, кітап қоюға болмайды. Үстелде  тек қалам мен дәптер ғана жатуы тиіс

7.     Пернетақта үстіне ештеңені қоюға болмайды

8.     Компьютерлік сыныпта жүгіруге, ойнауға, жолдастарыңның көңілін қажетсіз аударуға, бөгде жұмыстарды істеуге тыйым салынады.

Дербес компьютерде жұмыс істеуді бастау алдында қойылатын  қауіпсіздік талаптары

1.     ДК электр тогына қосылмаған жағдайда сымдардың, ДК-дің корпусының бүтіндігін және айыру (изоляция) бұзылмамағанын қарап шығып, олардың дұрыс жағдайда екендігіне көз жеткізу керек.

2.     Жұмыс кезінде оларға тие бермеу үшін, сымдар сальбырап тұрмауына көңіл бөлу керек.

3.     Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналына белгі қою керек.

Дербес пайдаланылатын компьютер жұмысы кезіндегі қауіпсіздік талаптары

1.     ЭЕМ жұмыс істеу кезінде көздің экраннан ең қолайлы қашықтығын (60-70см) сақтау керек. Мүмкін қашықтық -50см.

2.     Келушілер кіргенде оқушылардың орнынан тұруының қажеті жоқ.

3.     Көз талғанда немесе шаршағанда орнынан тұрмай  көзді дем алдыратын бірнеше жаттығу орындау керек.

4.     Оқушылар электр тогымен зақымданғанда алғашқы медициналық көмек көрсету әдістерін, өрт сөндіргішпен жұмыс істеу және өрт сөндіру әдістерін білуі керек.

5.     Оқушылар көзді дем алдыру жаттығуларды білуі керек.

Апат (төтенше ) жағдайлардағы қауіпсіздік талаптары

1.     ДК-де жұмыс істеу барысында ақауларын бйқағанда, түтін немесе әдеттен тыс дыбыстар  пайда болғанда жұмысты тоқтатып, аппаратураны өшіру және оқытушыға  хабарлау керек.

2.     Қажет болса, өртті сөндіруге көмектесу керек.

3.     Қажет болса, электр тогынан зақымданғандарға алғашқы көмек көрсету керек.

4.     Компьютер сыныбында өртті сумен өшіруге болмайтынын білуі керек. Мұнда құмды немеса көбікті өрт сөндіргішті пайдалануға болады.

5.     Егер зақымданған адам электр тогының әсерінде болса, оны жалаңаш қолмен ұстауға болмайтынын білу керек. Зақымданушы электр тогын өткізбейтін материалдарды пайдаланып босатуға болады.

ДК-де жұмысты аяқтау қауіпсіздігінің талаптары

1.     Аппаратураны оқытушының нұсқауымен өшіру керек.

2.     Жұмыс орнын ретке келтіру керек.

3.     Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналында белгі қою керек

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

САБАҚТА ҚОЛДАНЫЛАТЫН СЕРГІТУ СӘТТЕРІ

Тербеледі ағаштар,

Алдымен жел еседі.

Кіп-кішкентай балалар,

Үп-үлкен  боп өседі.

 

  Ұзын құлақ сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды,

Ойлы-қырлы жерлерден,

Ытқып-ытқып  жүгірді.

 

 

 

Ал, балалар тұрайық

Алақанды ұрайық.

Оңғақарайиіліп

Солғақарайиіліп.

Біротырып, біртұрып

Біртұнығыпалайық.

 

 

Орнымыздантұрайық,

Беліміздіжазайық.

Жоғары-төмен қарайық,

Солға-солға түзу түр.

Оңға-оңға түзу түр,

Алғақарайбірадым,

Артқақарайбірадым

Бойымызғакүшжинап,

Бірдемалайық.

 

 

Ал, қанеки ойнайық,

Ойнайық та, ойлайық.

Байлапқойыпкөзіңді,

Қоршаптұрмызайнала.

Атыңдыатапшақырған, арамыздақай бала?

 

Желсоғады гу-гу

Жаңбыржауадытырыс-тырыс.

Жаңбырбасталады.

Күнашылады.

 

 

Биікболыпөсеміз,

Елкадайжайқалып,

Табиғатты сүйеміз.

Шетімізденшеберміз,

Денемізді бос ұстап,

Билеп-билепаламыз.

 

 

Ормандағы аюдың,

Құлпынайыкөпекен,

Теріп-теріпалайық.

Қалтамызға салайық.

 

Ұсталардайтарсылдатып

Шегені де қағамыз

Әшекейлеп, әдемілеп

Жазуды да жазамыз

 

 

Қаттынөсербасылды

Күнжарқырапашылады

Нешетүрліәдемі

Кемпірқосақжасалды

 

 

Жаздық, жаздық бәрәміз

Талыпқалдықолымыз

Аздапқанедемалайық

Соданбарыпжазайық

 

 

Орнымыздантұрайық

1,2 депбастайық, топ-топ басайық

Сәлдемалыпболғансоң

Орнымызға барайық.

Сергіту мен саусақжаттығулары.

 

Қолға, алыпшарды,

Үрлеймін мен былай.

 Уф-ф-ф,

Үрлейміндепқатты,

Жарыпалдымшарды.

 Пах.

 

 

Бойдысергектікұста,

Емін-еркінтыныста.

Оңқолыңдысозалға,

 Қол ұшына қара да,

Үшбұрышсызауада,

Солқолбосқатұрмасын,

Шеңбержасаптынбасын.

 

Бірсаусағымтіпті де,

Ұстайалмасжіпті де.

Екісаусақбірікті,

 Ине қолғаілікті.

Үшсаусағыморайды,

 Жүгіртеді қаламды.

Өнерліекен он саусақ,

Қаласалсақ, жолсалсақ.

 

 1 дегендетұрайық,

 2, 3, 4 – алақанды соғайық,

 Оң жаққа бұрылып,

Солжаққабұрылып,

Біротырып, біртұрып,

Бізжүгіріпалайық.

 5 дегендеасықпай,

Орнымыздытабайық.

 

 Ормандағы аюдың,

Құлпынайыкөпекен.

Теріп-теріпаламыз,

Қалтамызғасаламыз.

 

 Дөңгеленіп тұрайық,

Керегеніқұрайық.

Уықтарбопиіліп,

Киізүйдіқұрайық.

 

Қанебалалар, тұрамыз,

Бойымыздыжазамыз.

Балықтарғаұқсапбіз,

Жүзіп-жүзіпаламыз.

 

 Қоюланып қара бұлт,

Жаңбыржаудысебелеп,

Жапырақтыжамылып,

 Жата қалды көбелек.

 

Бармақболыпжұмысқа,

 Қырға шықты құмырсқа,

Тоңыпкетіпаяғы,

 Қырға қайтып шығады.

 Ой – ой – ой,

Әнеаюкеледі.

 Құмырсқаны көреді.

Ендіқайтыпқұтылар,

Илеуінетығылар.

 

Апамүшінкүнде мен, (әндете)

Отынғаағашжарамын. (ағаш жарғандай)

 Су құямын гүлге де, (гүлге су құйғандай)

Дүкенге де барамын. (қолдарына сөмке ұстап жүру)

Сыпырамынүйүшін, (сыпырғандай)

Жуамыдыс-табақты. (ыдысжуғандай)

Жылайқалсабөпемді, (бөпені ұстағандай)

Жұбатамынойнатып. (қолдарын шапалақтайды)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

САБАҚТА ҚОЛДАНЫЛАТЫН САУСАҚ ЖАТТЫҒУЛАРЫ

 

«Салат» -  саусақ ойыны

Мақсаты: Саусақ ойындары балабақша жасындағы балалардың ой – қиялын, елестету сезімдерін дамытуда, саусақ қимылдарын жетілдіруде көп көмектеседі.

Сәбізді алып тазалаймыз,

Үккіштеп үгіп майдалаймыз

Қанттан сеуіп дәмдейміз

Қаймақ құйып сәндейміз

Міне, дайын нәр тағам –

Дәруменге байыған

Түсіндірмесі:

1.     Оң қолды жұдыраққа түйіп, сол қолдың алақанына ысқылайды.

2.     Екі қолды жұдыраққа түйіп кеудеге ұстап, жоғары төмен қозғайды.

3.     Саусақтардың ұшымен «қант себеді»

4.     Қолды жұдырыққа түйген күйі (қаймақ құйған сияқты) қол білезігін жоғары төмен  қозғайды.

5.     Екі қолын алдына жайып көрсетеді.

6.     Алақанмен  іштерін сипалап, тойғандықтарын білдіреді.

 

                                 «Қолтырауын» -  саусақ ойыны

Мақсаты: Саусақ ойындары балабақша жасындағы балалардың ой – қиялын, елестету сезімдерін дамытуда, саусақ қимылдарын жетілдіруде көп көмектеседі.

Қолтырауын қонақ күтуде

Тістері тура шегедей

-         Бұл жерден қой өтпеді ме?

Деп сұрадым ойын білмекке

Ал ол болса тымпиып жатыр

Көзін қысып қылқиып жатыр

Түсіндірмесі:

1.     Екі қолдың саусақтарын түйіп қайта ашып қалады.

2.     Саусақтарын ашқан күйі оң алақанды сол алақанның үстіне беттестіре саусақтарды сәл дөңгелете «қолтырпуынның аузын ашқаны сияқты» ашып жабады.

3.     Қолдары төмен бос тастап, иықты жоғары көтереді.

4.     Алақандарын бір біріне ысқылайды.

5.     Көздерін қысады.

 

 «Кім келді?» -  саусақ ойыны

Мақсаты: Саусақ ойындары балабақша жасындағы балалардың ой – қиялын, елестету сезімдерін дамытуда, саусақ қимылдарын жетілдіруде көп көмектеседі.

Қане, қане кім келді?

Біз, біз, біз!

Апа, апа, бұл сіз бе?

Иә, иә, иә!

Әке, әке, бұл сіз бе?

Иә, иә, иә!

Ағатайым, бұл сіз бе?

Иә, иә, иә!

Қарындасым, бұл сен бе?

Иә, иә, иә!

Біздер тату жанұя

Иә, иә, иә!

Түсіндірмесі:

1.     Екі қолдың бас бармақтарының ұштарын соғады.

2.     екі қолдағы бас бармақтарды қосып, қалған саусақ ұштарын бір мезгілде соғады.

3.     екі қолдың бас бармақтарының ұштарын соғады.

4.     сұқ саусақтардың ұштарын соғады.

5.     екі қолдың бас бармақтарының ұштарын соғады.

6.     ортаңғы саусақтардың ұштарын соғады

7.     екі қолдың бас бармақтарын ұштарын соғады

8.     аты жоқ саусақтардың (шылдыр шүмек) ұштарын соғады.

9.     екі қолдың бас бармақтарының ұштарын соғады.

10. кішкене саусақтардың ұштарын соғады

11. барлық саусақтардың ұшымен бірге соғады

12. алақандарымен шапалақтайды.

 

                                             «Үкі» -  саусақ ойыны

Мақсаты: Саусақ ойындары балабақша жасындағы балалардың ой – қиялын, елестету сезімдерін дамытуда, саусақ қимылдарын жетілдіруде көп көмектеседі.

Орманда қараңғы

Бәрі бәрі ұйқыда

Үкі ғана ұйықтамапты

Маңғазданып отыр қатты

Әрі бері отырда да

Қараңғыға қанат қақаты

Түсіндірмесі:

1.     екі қолдың білезіктерін біріктіре сауспақтарды жан жаққа ашады («орман»)

2.     алақандарын беттестіре жақтарына таянып «ұйқыға кетеді»

3.     бас бармақ пен сұқ саусақтың ұштарын біріктіре дөңгелентіп көздеріне қояды («үкінің көздері»)

4.     қолдарын артқа жинап, кеуделерін көтереді («маңғаз үкі»)

5.     қолдарын жан жаққа жая ұшып, басқа орынға ауысады.

 

                                               «Доп» -  саусақ ойыны

Мақсаты: Саусақ ойындары балабақша жасындағы балалардың ой – қиялын, елестету сезімдерін дамытуда, саусақ қимылдарын жетілдіруде көп көмектеседі.

Он, тоғыз,

Сегіз, жеті,

Алты, бес,

Төрт, үш,

Екі, бір,

Доп ойнайық,

Кел жүгір!

Тек білейік

Анық нақ:

Допты қашқан

Кім қумақ?

Түсіндірмесі:

1. .алақандарымен шапалақтайды

2.     отырған күйі аяқтарын алақандырымен қағады

3.     алақандарымен шапалақтайды

4.     отырған күйі аяқтарын алақандарымен қағады

5.     алақандарымен шапалақтайды

6.     қолдың біресе ішімен, біресе сыртымен көздерін жабады

7.     әр сөз ырғағымен шапалақтайды

8.     әр сқз ырғағымен аяқтарын топылдатады

9.     отыра қалады.

 

  «Сөздер» -  саусақ ойыны

Мақсаты: Саусақ ойындары балабақша жасындағы балалардың ой – қиялын, елестету сезімдерін дамытуда, саусақ қимылдарын жетілдіруде көп көмектеседі.

 Бір, екі деп санаймыз

Әріптен сөз құраймыз

Кұн шуақты сөз екен

Мысық құлақты сөз екен

Сиыр мүйізді сөз екен

Қарбыз жолақты сөз екен.

Түсіндірмесі:

1 .саусақтарды біртіндеп бүгіп санайды, кері ашып санайды

2. барлық саусақтардың арасын ашып, бір қолдың алақанында екінші қолдың алақан сыртын беттестіреді («күн жасайды»)

3.     бас бармақ, ортаңғы саусақ, аты жоқ саусақтарды біріктіре ұстайды, сұқ саусақ пен кішкентай саусақты сәл бүге «құлақ» жасайды

4.     сұқ саусақ пен кішкентай саусақты тік ұстай «мүйіз» жасайды. (бас бармақ, ортаңғы саусақ, аты жоқ саусақтар біріктіріле бүгілген)

5.     екі қолдың барлық  саусақтардың ұштарын біріктіріп үлкен «қарбыз» жасайды.

                                «Шаян мен мысық» -  саусақ ойыны

Мақсаты: Саусақ ойындары балабақша жасындағы балалардың ой – қиялын, елестету сезімдерін дамытуда, саусақ қимылдарын жетілдіруде көп көмектеседі.

Тасасында көпірдің

Кәрі шаян тұрыпты

Көпірден өткен мысықтың

Құйрығынан жұлыпты

«Құтқарыңдан,

Мяу-мяу-мяу!

Босатыңдар шаяннан»

Қане, кім бар, келіңдер!

Мысыққа көмек беріңдер!

Түсіндірмесі:

1.     сол қолды шынтақтан бүге, алақандарыды төмен қарата алдын ұстап «көпір» жасайды. «көпірдің» астына оң қол саусақтарын төмен қарата бос ұстай «көп аяқты шаян сияқты» жыбырлайды.

2.     алға созылған оң қолдың үстімен иықтан төмен қарай сол қолдың 2-ші және 3-ші саусақтарын «жүгіртеді».

3.     иықтан төмен «жүгірген» саусақтар қолдың басына келгенде кішкентай саусақты оң қолдың қолдың  жұдырығында қысып ұстап қалады.

4.     сол қолдың кішкентай саусағы оң қолдың жұдырығында қысылған күйі 2-ші, 3-ші, 4-ші саусақтарды бас бармақпен біресе қайта ашып мияулаған мысықтың аузын бейнелейді.

5.     сол қолдың кішкентай саусағын қыса ұстаған оң қолдың саусақтарын біртіндеп ашады.

6.     екі қолды бірінің үстіне бірін қоя екі қолдағы барлық саусақтарды тез-тез «жүгіртеді».

7.     сөздің айтылу ырғағына сәйкес алақандарын шапалақтайды, соңғы сөзге аяқтарын шапалақтайды.

 

                                  « Қызық-ай! » -  саусақ ойыны

Мақсаты: Саусақ ойындары балабақша жасындағы балалардың ой – қиялын, елестету сезімдерін дамытуда, саусақ қимылдарын жетілдіруде көп көмектеседі.

Күлкілі, әрі қызық – ай!

Қой қағып тұр қақпаны

Теуіп және сүзңп-ай

Қой қағып тұр қақпаны

Күлкілі, әрі қызық – ай!

Қой қағып тұр қақпаны

Аша алмады бұзып –ай

Басын ауырты тапқаны

Күлкілі, әрі қызық – ай!

Қой қағып тұр қақпаны

Соғар қойдың өзін-ай

Табылар ма жан қане!

Түсіндірмесі:

1.     екі қолды жая иықтарын көтереді, бастарын шайқайды.

2.     сөз ырғағына исәйкес жұдырықпен аяқтарын соғады

3.     аяқтарын топылдатып, «мүйіз» жасайды

4.     сөз ырғағына сәйкес жұдырықпен аяқтарын соғады

5.     екі қолды жая иықтарын көтереді, бастарын швйқайды

6.     сөз ырғағына сәйкес жұдырықпен аяқтарын соғады

7.     жұдырықпен аяқтарын қатты нығарлайды

8.     екі қолымен бастарын сипалайды, иықтарын көтереді

9.     екі қолды жая иықтарын көтереді, бастарын шайқайды.

10. сөз ырғағына исәйкес жұдырықпен аяқтарын соғады

11. қабағын түйіп, сұқ саусақпен док көрсетеді

12. екі қолды жая иықтарын көтереді.

 

                                   «Өрмекші» -  саусақ ойыны

Мақсаты: Саусақ ойындары балабақша жасындағы балалардың ой – қиялын, елестету сезімдерін дамытуда, саусақ қимылдарын жетілдіруде көп көмектеседі.

Күні бойы еңбекпен

Өрмекші өрмек тоқыды

Нөсер тек кенет селдеткен

Еңбегін оның жоқ қылды

Күн шықты қайта жарқырап

Құрғады тез – ақ төңірек

Өрмекші өрмек тоқуға

Кірісті дереу, тезірек

Түсіндірмесі:

1.     оң қолдың бас бармағы мен сол қолдың сұқ саусағының ұштарын түйістіреді, керісінше қайталайды (сол қолдың бас бармағы мен оң қолдың сұқ саусағы)

2.     саусақтарын сыртылдатады

3.     оң алақанмен сол алақанның үстінен тез «сырғанап» түседі

4.     барлық саусақтардың арасын ашып, бір қолдың алақанына екінші қолдың алақан сыртынан беттестіреді («күн» жасайды)

5.     екі қол алақандарын беттестіре жоғары көтеріп біресе оңға, біресе солға иеді.

6.     барлық саусақтардың ұштарын түйістіре, тез тез кезектестіре бір біріне соғады.

 

                                       «Сәлем» -  саусақ ойыны

Мақсаты: Саусақ ойындары балабақша жасындағы балалардың ой – қиялын, елестету сезімдерін дамытуда, саусақ қимылдарын жетілдіруде көп көмектеседі.

Сәлемдесем әрдайым

Үйде және көшеде

Тіпті «сәлем»-деймін мен

Тауыққа көрші үйдегі

Сәлемет пе.

Шуақты күн көкте!

Сәлемет пе.

Нұрлы аспан көкпенбек!

Сәлемет пе.

Самал жел желпіген!

Сәлемет пе.

Кішкентай түбіртек!

Сәлем, таң жаңа актқан!

Сәлем күн арайлы!

Сәлемге еріну!

Бізде әсте болмайды.

Түсіндірмесі:

1.     екі қолдарын айқастыра кеуделерін қояды.

2.     екі қолдарын алға жаяды

3.     «қанаттарын» (екі қолдарын исәл көтеріп, қайта түсіріп) қағып тұрады.

4.     бір қолдың сыртын екінші қолдың алақанына беттестіре, саусақтарды жан жаққа аша «күн» жасайды.

5.     екі қолды жоғары соза аспанды көрсетеді

6.     екі қолды жоғары көтере екі жанына кезек теңселтеді

7.     екі қолды төмен түсіре, қол бастарын бір бірінің үстіне қойып алдына ұстайды

8.     оң жаққа оң қолын жаяды

9.     сол жаққа сол қолын жаяды

10. оң қолдың сұқ саусағын алдына тік ұстай оңға, солға кезектестіре шайқайды

11. бастарын шайқайды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1.      Волошина, О. В. Развитие пространственных представлений на занятиях информатики в детском саду  / О. В. Волошина// Информатика. – 2006. - №19.

2.      Горвиц, Ю. М.  Новые информационные технологии в дошкольном образовании /Ю. М. Горвиц, А. А. Чайнова, Н. Н. Поддъяков. – М.: Линка-Пресс, 1998. – 328 с.

3.      Горячев, А. В., Ключ, Н. В. Все по полочкам : пособие для дошкольников 5-6 дет /А. В. Горячев, Н. В. Ключ. – 2-е изд., испр. – М.: Баласс, 2004. – 64 с.

4.      Горячев, А. В., Ключ, Н. В. Все по полочкам. Методические рекомендации к курсу информатики для дошкольников /А. В. Горячев, Н. В. Ключ. – М.: Баласс, 2004. – 64 с.

5.      Дуванов А.,Изучаем компьютер. – М.: Эксмо, 2012.

6.      Дуванов А.А., Азы информатики. Рисуем на компьютере.  БХВ-Петербург

7.      Кабулова Г.С.,Балафанов Е.К.,Айтбакина Б.А. Ақпараттық мәдениет негіздері – 2007, «Аруна» баспасы

8.      Ковалько, В. И. Здоровье сберегающие технологии: школьник и компьютер: 1-4 классы/ В. И. Ковалько. – М.: ВАКО, 2007. – 304 с.

9.      КоджаспироваГ. М., Петров, К. В. Технические средства обучения и методика их использования: учеб.пособие для студ. высш. пед. учеб. Академия, 2001. – 256 с.

10. Коненкина Г., Книга игр для детей : кроссворды, ребусы, головоломки /– М.: Астрель,2003. – 192 с.

11. Коч Л. А. , Бревнова Ю. А.,   Дошколенок + компьютер Учитель, 2011

12. Кравцов, С. С., Ягодина, Л. А. Компьютерные игровые программы как средство стабилизации эмоционального состояния дошкольников/ С. С. Кравцов, Л. А. Ягодина//Информатика. – 2006. - №12.

13. Кривич Е. Я., Компьютер для дошколят, Эксмо,2005

14.  ЛеоноваЛ.А., А.А. Бирюкович, Т.А. Изотова, Дошкольник и компьютер

15. Макфедрис П., Компьютер, НТ Пресс, 2007

                                                                         

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Программа "Мой друг - Компьютер""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Патентовед

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 617 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 21.01.2016 705
    • DOCX 60.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Курпишева Венера Турганбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 3337
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Методика преподавания информатики в начальных классах

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 67 человек

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Информатика")

Учитель информатики

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 20 человек

Курс повышения квалификации

Теоретические и методологические основы преподавания информатики с учётом требований ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 154 человека из 49 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 717 человек

Мини-курс

Договоры и их правовое регулирование

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 13 регионов

Мини-курс

Здоровьесбережение и физическое развитие школьников

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Архитектурное творчество для подростков (обучение детей от 12 лет и старше)

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
Сейчас в эфире

Информационная интоксикация: методы исцеления

Перейти к трансляции