Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыПрограмма по теме " Слово мудрости"

Программа по теме " Слово мудрости"

Скачать материал

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ»

«Науырзым ауданы білім бөлімі» ММ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 «Сөз  өнері»

оқу-әдістемелік кешенінің

бағдарламасы

1 сынып

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қостанай, 2015 жыл

Рецензенттер: Журсиналина Г.К., ф.ғ.к., Ахмет Байтұрсынов атындағы  

                          Қостанай мемлекеттік университеті.

                          Бекмаганбетова Г.К., «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай

                          облысы бойынша ПҚ БАИ мектепке дейінгі, бастауыш оқыту және 

                          тұлғаны тәрбиелеу кафедрасының аға оқытушысы

 

 

«Сөз  өнері» оқу-әдістемелік кешені / Құраст.:Ермекбаева Г.К., бастауыш сынып мұғалімі . – Қостанай , 2015. - 12 б.  

 

 

 

 

 

 

 

Бұл оқу-әдістемелік құрал бастауыш сынып мұғалімдері мен бастауыш сынып оқушыларына арналған.

Осы құралды өлеңді құрастыру, өлең шығару шығармашылығына үйрету үшін, алдымен оқушыларға теориялық қандай білім беру керек екендігін айқындап алу керек. Шумақ, тармақ, бунақ, ұйқас және олардың түрлері, өлең мазмұнын құруға үйрету жолдарын кең қарастырмақ бұрын өлең құрылысы туралы мағлұмат беріледі. Мәтін, әңгімелер, жаңа стратегияларды пайдалану арқылы оқушылардың белсенділігін арттыруға болады, ана тілін терең оқыту арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыруға болады.

 

 

 

 

 

 


Түсінік хат

 

Біздің мемлекетіміздің әлемдегі бәсекеге қабілетті отыз елдің қатарына және әлемдік білім беру кеңістігіне енуі үшін білім беру мазмұн жаңарту міндеті белгіленіп отыр. Бұл білім беруді заман талабына сай жаңа мазмұнда ұйымдастыру мәселесімен тікелей байланысты.

Білім беруді жаңарту оқушылардың білімін ғана емес, оларды қолдану дағдыларын, атап айтқанда, функционалдық сауаттылығын немесе құзыреттілігін қалыптастырумен байланысты. Қазіргі тез өзгермелі әлемде функционалдық сауаттылық адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсенді қатысуына, сондай-ақ «өмір бойы білім алуына» ықпал ететін базалық факторлардың біріне айналуда.

Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың халықаралық TIMSS, PIRLS бағдарламаларына сәйкес функционалдық сауаттылық үш сала – оқудағы және жазудағы сауаттылық, математикалық сауаттылық, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық бойынша бағаланады. Сондықтан бастауыш білім беру деңгейіндегі тіл және әдебиет, математика және жаратылыстану білім саласы пәндерін оқытуда мұғалімдер жаттығулар, тапсырмалар орындатқанда, есептер шығартқанда және түрлі мәтіндер оқытқанда, оларды өмірмен байланыстыра отырып, оқушылардың оқудағы және жазудағы, математика мен жаратылыстану ғылымындағы сауаттылықтарын қалыптастыруға баса көңіл бөлгені жөн.

Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012–2016 жылдарға арналған Ұлттық іс-қимыл жоспарында 7 негізгі құзыреттілік белгіленсе, соның бірі – коммуникативтік құзыреттілік. Коммуникативтік құзыреттілік – бұл коммуникативтік, тілдік білім, білік, дағдылардың жиынтығы.

Коммуникативтік дағдылар ең әуелі мектептегі оқыту үдерісінде, негізінен, тіл мен әдебиеттік оқу сабақтары барысында қалыптасады. Олай болса, бастауыш білім беру мазмұны оқушыны тұлға ретінде қалыптастыра отырып, оның, ең алдымен, өз ана тілінде ауызекі және жазба тілде сауатты сөйлеу, ересектермен, сыныптастарымен еркін қарым-қатынас жасай білу, айтылғанды ыждаһатпен тыңдап, түсіну, өз пікірін жеткізе білу, дұрыс оқу және сауатты жазу, т.б. дағдыларын, соның нәтижесінде өздігінен білім алу, алған білімін өмірлік жағдаяттарға сәйкес қолдана білу қабілеттерін, өмірдегі мәселелерді шешуге арналған білік-дағдыларын дамытуға бағытталуы тиіс.

Бастауыш білім беру деңгейіндегі ең қиын да жауапты кезең – бірінші сыныптағы оқыту үдерісін ұйымдастыру. Себебі 1-сыныптағы оқытудың мақсаты – 6-7 жастағы сәбилерге әріптерді танытып, олардың басын қосып оқуға, одан әрі түсінгенін мәнерлеп баяндауға, жатқа айтып беруге, т.б. әрекеттерге баулу, қолына қалам ұстатып, бірте-бірте жазуға машықтандыру, байланыстырып сөйлеуге үйретіп, тілін дамыту. Сондықтан 1-сынып оқушыларының оқуға оң ынта-ықыласын қалыптастырып, қызығушылығын ояту мақсатында оқыту үдерісін қарапайымнан күрделіге, жеңілден ауырға біртіндеп өту тұрғысынан ұйымдастырудың маңызы зор.

Бастауыш мектептің маңызы мен қызметі оның үздіксіз білім беру жүйесіндегі басқа буындармен тек сабақтас болуымен ғана емес, ең алдымен, оқушы тұлғасы ұйтқысының қалыптасуымен, дамуы жүретін ерекше құнды, қайталанбайтын буын екендігімен анықталып негізделеді.

Оқыту мен тәрбиелеу үрдісінде оқушы шығармашылығын дамытудың тағы бір қажеттілігі қоғам талабынан туындайды.

Сөз өнері сабағы – оқушының дұрыс оқуы мен дұрыс сөйлеуіне, ой - өрісіне жан - жақты дамуына, қиялына, әңгімені мәнерлеп оқуға шығармашылық жағынан дамуына ықпал етеді.

Мәтінді игеріп кетуге, өлеңге талдау жүргізіп, жаңа страгерияларды пайдалануға, өлең, өтірік өлең жаза білу, жатқа білуге септігін тигізеді.

Оқушылардың ерекшеліктеріне байланысты заттарды салыстыру арқылы жұмбақтар құрастыру, оқылған оқиғаларды суреттеу арқылы өтірік өлеңдер, ертегілер құрастыру ынталы етеді. Бағдарлама бойынша ауызша сөйлеу, қарапайым сөздерден сөйлем құра білу, сауатты сөйлеу, жазу және қазақ халқының салт-дәстүрін, елтану тақырыптарын  таниды. Олай болса, қазіргі жаңа буын оқулықтарында «өлең жалғастырып көр», «өлең жаз» деген тапсырмалар жиі кездеседі. Бірақ осы өлеңді жазу үшін оқушыны неге, қалай үйрету керек? Әлде оны өзі жаза ала ма? деген сұрақтар тууы мүмкін.

Өлеңді құрастыру, өлең шығару шығармашылығына үйрету үшін, алдымен оқушыларға теориялық қандай білім беру керек екендігін айқындап алу керек. Шумақ,тармақ, бунақ, ұйқас және олардың түрлері, өлең мазмұнын құруға үйрету жолдарын кең қарастырмақ бұрын өлең құрылысы туралы мағлұмат беріп аламыз. Мәтін, әңгімелер, жаңа стратегияларды пайдалану арқылы оқушылардың белсенділі  артады. Ана тілін терең оқыту арқылы оқушыларды шығармашылыққа баулуды мақсат тұттым.

Осы бағдарлама негізінде мәтінді оқыту әдіс-тәсілдерін, жұмбақтар құрастыру, оқушылардың ізденімпаздық қабілетін, дарындылықты  дамытуға ықпал етеді.

 

Мақсаттары:

1.Оқушыны дұрыс мәнерлі оқуға жаттықтыру.

2.Түсініп оқуын,жүйелі баяндауын жетілдіру.

3.Оқушының шығармашылық қабілетін арттыру.

4.Ырғағы мен ұйқасы белгілі қалыпқа енген сөздер туралы мағлұмат беру.

 

Міндеттері:

 1.Ұйқас туралы түсінік.

2.Шумақ туралы түсінік беру./екі,үш,төрт/

3.Тармақ туралы түсінік беру.

4.Ұйқас түрлерінен мағлұмат беру.

 

Күтілетін нәтиже:

әлiппеге дейiнгi кезең:

- тыңдалым, айтылым дағдыларын қалыптастыру, лексикалық тақырыптар, сюжетті суреттер бойынша байланыстырып сөйлеу тiлiн дамыту, сөздiк қорын байыту;

- сөйлем құрауға үйрету, сөйлемнен сөзді, сөзден бөліп алуға, сөзді буынға бөлуге, буынды дыбысқа ажыратуға машықтандыру; дыбыстық талдау (сөздегi дауысты және дауыссыз дыбыстардың саны мен ретiн табу) жасауға, дыбыстық сызба құруға дайындау, оны «оқу»; жазуға даярлау: жазу жолын сақтай отырып, әрiп элементтерiн (әртүрлi сызықтар, өрнектер мен таңбалар) жазуға үйрету.

әлiппе кезеңi: жаңа әрiппен таныстыру (әрiптiң баспа түрi және жазба түрi, бас әрiп және кiшi әрiп); сөзге дыбыстық-әрiптiк талдау; сөздiң дыбыстық-әрiптiк сызбасын құру; буынды, сөздi, сөйлемдi оқу; байланыстырып сөйлеу тiлiн дамыту; сөздiк қорын байыту; мәтiндi дұрыс, саналы, түсініп оқуға дағдыландыру; сауатты, көркем жазуға үйрету.

Әлiппеден кейiнгi кезең: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын жетілдіру, оқушының тiлін дамытып, алғашқы грамматикалық мәліметтер беру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Сөз өнері» оқу-әдістемелік кешенінің оқу бағдарламасы

1 сынып   аптасына 1 рет, 33 сағат)

 

 Сабақтың тақырыбы

        Білім мазмұны

сағат саны

         мерзімі                                             

1

Са-са са буындарын пайдалану арқылы ұйқас сөздер құрастыру.

Са-са-са сары маса

Са-са-са мектебіміз жаса т.б

1

 

2

Ла-ла-ла буындарын пайдалану

Ла-ла-ла жалқау бала

Ла-ла-ла оның ісі шала т.б

1

 

3

Ға-ға-ға буындарын пайдалана отырып,сөздер құрастыру

Ға-ға-ға  қара қарға

ға-ға-ға  қоңыр қоға т.б

1

 

4

Рай-рай-рай буындары арқылы өлең құрастыру

Рай-рай-рай үлкен сарай

Рай-рай-рай  әдемі Арай т.б

1

 

5

Лақ-лақ-лақ буындарын пайдалану.

Лақ-лақ-лақ  шұбар ала лақ

Лақ-лақ-лақ сатып алдым қалақ т.б

1

 

6

Ыз-ыз-ыз буындарын пайдалана отырып, шумақ құрастыру.

Ыз-ыз-ыз ызылдайды  қоңыз

Ыз-ыз-ыз қорсылдайды доңыз т.б

1

 

7

«Ұйқасын тап »ойыны арқылы өлең құрастыру

Ақын жазушылардың шығармаларын пайдалана отырып, оқушылардың сөз мағыналарын дұрыс

дұрыс түсінуіне көңіл бөлінеді.

1

 

8

«Ұйқасын  тап» ойыны арқылы өлең құрастыру

 

1

 

9

Дайын ұйқас арқылы өлең жолдарын құрастыру

Ой шапшаңдығына еліктіріп отыру да шығармашылық үрдісті жандандырады. Ұтқыр шешім табуға жетелеу. Соның бір формасы ретінде дайын ұйқас ұсыну арқылы өлең жолдарын құрастыру. Дайын ұйқас ұсынылады, сол ұйқасты пайдаланып,шумақ құрылады.

1

 

10

Дайын ұйқас арқылы өлең жолдарын құрастыру

 

1

 

11

«Жадырап,сүрініп,маужырап,жетіліп,еміп көр »сөздерін пайдаланып өлең құрастыру.

1.Сөз мағыналарын түсіндіру

2.Сөйлемдер құрастыру.

3.Шумақтар құрастыру.

1

 

12

«Жадырап,сүрініп,маужырап,жетіліп,еміп көр »сөздерін пайдаланып өлең құрасты

 

1

 

13

Затты,құбылысты пайдалана отырып, көрнекілік арқылы өлең құрастыру.

 

1

 

14

Затты,құбылысты пайдалана отырып, көрнекілік арқылы өлең құрастыру.

 

1

 

15

«Кірістім,тырыстым, киініп, түйініп» ұйқастарын беру арқылы өлең жолдарын құрастыру.

Ұйқастар ұсыну арқылы өлең құрастырту.

1

 

16

Дыбысталуы  бірдей сөздер(омоним)арқылы өлең жолын құрау.

Сөз мағыналарын дұрыс ұғындыру.

1

 

17

Дыбысталуы  бірдей сөздер(омоним)арқылы өлең жолын құрау.

 

1

 

18

Дыбыстық жағынан өзгеріске ұшыраған

сөздерді қатыстырып, өлеңдер құрастыру.

Кен, кең, қоң, көн, сен, сең, өрмегін, өрнегін /

Сөз мағыналарын ажырата білуге  үйрететін өлеңдер құрастыру

1

 

19

Дыбыстық жағынан өзгеріске ұшыраған

сөздерді қатыстырып,өлеңдер құрастыру/ Кен, кең, қоң, көн, сен, сең, өрмегін, өрнегін

 

1

 

20

Дыбыстық жағынан өзгеріске ұшыраған сөздерді қатыстырып, өлеңдер құрастыру.

Сөз мағыналарын аша түсуге байланысты өлеңдер құрастырту.

1

 

21

«Лимерик »ойыны арқылы өлең жолдарын құрастыру

Ойын шарты:белгілі бір құрылысқа бағынатын сайқымазақ,күлдіргі өлең шығару. Ол құрылыс бойынша өлең бес тармақтан тұрады.1-ші тармақ кейіпкер, 2-ші тармақ кейіпкерге мінездеме, 3,4-ші тармақ қимыл-әрекет, 5-ші тармақ оқиғаның салдары немесе автордың сол кейіпкердің  іс-әрекетіне бағасы

1

 

22

«Лимерик »ойыны арқылы өлең жолдарын құрастыру

 

1

 

23

«Лимерик »ойыны арқылы өлең жолдарын құрастыру

 

1

 

24

«Қыс келді »мәтініне өлең құрастыру.

1.Мәтінді мәнерлеп оқу.

2.Мәтіннен алған әсерлерін өлең жолдарымен бейнелеу.

1

 

25

Ө.Тұрманжанов«Туған өлкем » өлеңіне талдау жүргізу арқылы өлең құрастыру.

 

1.Өлеңді мәнерлеп оқу.

2.Өлеңге байланысты сұрақтар

3.Өлеңді талдау.

4.Өлең құрастыру.

1

 

26

Сөз мағынасына қарай қажетті сөздерді тауып қою арқылы өлең құрастыру.

Мыс: Қыранға .......тау керек

Бұлбұлға ......бау керек

Балыққа......... көл керек

Батырға .........ел керек.

Осыны білген қор болмас,

Осыны білген ер зерек.

Керекті:сөздер: қия, жасыл, мөлдір, туған, биік, әсем, көгілдір,

байтақ т.б.

1

 

27

«Қарлы боран» тақырыбына жазылған әңгімеге байланысты өлең құрастыру.

1.Әңгімені түсініп оқу.

2.Мәтіндегі сөздермен жұмыс жүргізу.

3. «Күн,боран,қар» сөздеріне бұрын үйренген «суық,түн,аяз түтеп,ұйтқып,күмістей»сөздерін қатыстырып сөйлем құрату.

1

 

28

«Қарлы боран» тақырыбына жазылған әңгімеге байланысты өлең құрастыру

 

1

 

29

Жұмбақ құрастыру жолдары.Әр түрлі заттардың суреттерін көрсете отырып,сол затты саралап, ерекшелігін жұмбақ ету.

1.Затты таңдап ал.

2.Ол заттың сыртқы түрі қандай?

3.Ол заттың ішкі қасиетін білесің бе,ойлан.

4.Енді жұмбақ құрастырып көр

1

 

30

Жұмбақ құрастыру жолдары.Әр түрлі заттардың суреттерін көрсете отырып,сол затты саралап, ерекшелігін жұмбақ ету.

 

1

 

31

Эпитет,теңеу арқылы затты табу.

 

1

 

32

Эпитет,теңеу арқылы затты табу.

Мұғалім үлгіні көрсетеді. Мыс: жасыл, тік, ала, жайқалған, ол не?

Өзі балдай,қанттай ақ,тәтті-ақ.

1

 

33

Затқа сәйкес қимыл табуға арналған жұмбақ құрастыру.

1.Гуілдейді,Шаң көтереді,Бұлтты қуады. т.б.

1

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН  ӘДЕБИЕТТЕР:

 

1. Жалпы білім беретін мектептің оқу бағдарламалары (1-4 сыныптар)-Астана,2013-2014 ж.

2. Рахметова.С.Жаманқұлова.П.,Қабатаева Б.Ана тілі (2 сынып оқулығы) Алматы.Атамұра.2004 ж

3. Рахметова.С Әбдікәрімова Т.Ана тілі ( 3 сынып оқулығы )

4. Ерешева К.,Құлмұханбетова Ж. Логика  әлемі 2-сынып (әдістемелік құрал) Алматы өлке баспасы

              5. Ә.С.Әмірова., К. Анартаева.Тіл дамыту(әдістемелік құрал) Алматыкітап баспасы 2011

6. Марғұлан   Рахманғалиев «Балауса жырлар» Қостанай 2013

7. Әліппе серігі. Атамұра, 2012

8. «Бастауыш сыныпта окыту» журналы, 2013-2014 ж.

9. Тіл дамыту. Мектепалды жане балабақша тарбиешілеріне арналған журнал, 2012 ж.

10. Портреттер (ақын-жазушылардың), демонстрациялық суреттер.

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Программа по теме " Слово мудрости""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист органа опеки

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 155 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 24.10.2015 749
    • DOCX 367.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Валиева Канымкуль Альбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Валиева Канымкуль Альбековна
    Валиева Канымкуль Альбековна
    • На сайте: 8 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 8956
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 130 человек из 45 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Гигиенические требования к условиям реализации основной образовательной программы начального общего образования

Учитель начальных классов

600 ч.

9500 руб. 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 70 человек из 35 регионов
  • Этот курс уже прошли 162 человека

Курс повышения квалификации

Мотивационное сопровождение учебного процесса младших школьников «группы риска» в общеобразовательном учреждении

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 13 регионов
  • Этот курс уже прошли 284 человека

Курс повышения квалификации

Активизация познавательной деятельности младших школьников с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ) как стратегия повышения успешной учебной деятельности

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 125 человек из 47 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 523 человека

Мини-курс

Практические аспекты работы логопеда: методы и приемы в логоритмике

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 14 регионов
  • Этот курс уже прошли 19 человек

Мини-курс

Судебные процессы и их особенности

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 37 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Мини-курс

Методы анализа и прогнозирования по финансовой отчетности

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе