Инфоурок Другое Другие методич. материалыПрограмма: Сынып оқушыларына «Мәңгілік Ел» идеясы арқылы ұлттық құндылықтарға тәрбиелеудің жылдық бағдарламасы.

Программа: Сынып оқушыларына «Мәңгілік Ел» идеясы арқылы ұлттық құндылықтарға тәрбиелеудің жылдық бағдарламасы.

Скачать материал

Сынып оқушыларына «Мәңгілік Ел» идеясы арқылы

ұлттық құндылықтарға тәрбиелеудің жылдық бағдарламасы.

 

Елбасы Жолдауында «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты ретіндегі «Mәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының мәні ел тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы сынды ұлы құндылықтар арқылы түсіндіріледі. Ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды бойына сіңірген, білімді де білікті өскелең ұрпақ – мәңгілік ел тірегі болмақ. «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының тарихы негіздерін, маңыздылығын, «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын жүзеге асыру бағыттарын, жас ұрпақ тәрбиесіндегі жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды, ұлттық салт-дәстүрлер туралы мәселелер қарастыру үшін жас ұрпақ бойына жалпыадамзаттық құндылықтарды қалыптастыру жолдарын  тәрбие жұмысында мектеп қабырғасында атқару ролі өте маңызды. Сондықтан әр оқу орыны  сынып оқушыларына «Мәңгілік Ел» идеясы арқылы ұлттық құндылықтарға тәрбиелеудің жылдық бағдарламасын құру қажет:

·        Елбасының әр сөзіндегі мағынаны ұғып, ойқорытындысын жасауға мүмкіндік туғызу;

·        Елбасының сөзінен туындайтын міндеттерді саралау, ол міндеттердің шешілу жолдарын өздігінен ұсыну.

·        Оқытудың интербелсенді әдістері: сыни тұрғыдан ойлау, ой қозғау, кейс-стади, синектика т.б. әдістерді мәтінмен жұмыс істеуде орнымен пайдалану

«Мәңгілік ел болу» идеясын жүзеге асырудың басты тетігі ретінде білім беру ұстанымдарын анықтап, оларды үздіксіз білім беру жүйесінде үзбей іске асыру мәселесі. Білім беру ісінде назарда болар басты ұстанымдар мыналар деп айтар едім:

1.Өмірлік білім ұстанымы.

2. Тарихи сана ұстанымы.

3. Ғылыми-философиялық ойлау ұстанымы.

4. Көшбасшылық ұстанымы.

5. Эмоционалды интеллект ұстанымы.

Мәңгілік Елдің өміршеңдігі осы жоғарыда айтылған бес ұстанымды дұрыс пайдаланып, осы ұстанымдар арқылы қалыптасатын мінез-құлықты болашақты құрушы ұрпақтың бойына сіңдіре алумен тығыз байланысты.

Қазақстан Республикасындағы білімді және ғылымды дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бағыттарын іске асыру аясында Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы мен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ бірлесе отырып, орта білім мазмұнын жаңартуда алдымен «НЗМ» ДББҰ тәжірибесін республиканың жалпы білім беретін мектептеріне жүйелі бейімдеумен тарату бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі таңда Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары (бұдан әрі – ББ МЖМС) әзірленіп, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 292 қаулысымен бекітілді. Жаңартылған білім мазмұны аясында қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік, құрмет көрсету, ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылық, ашықтық, өмір бойы білім алу тәрізді «Мәңгілік Ел» құндылықтар жүйесі жаңа МЖМБС барлық білім деңгейлеріне енгізілген.

 

«Мәңгілік Ел» құндылықтары

Білім беру стандарттарында анықталған құндылықтар

Адалдық және патриотизм Қазақстанның тәуелсіздігі және Астанасы

Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік (Отанға және халқына деген сүйіспеншілік, елінің жетістіктері үшін мақтаныш, Қазақстан мүддесіне қызмет ету)

Еңбексүйгіштік Жалпы Ортақ Еңбек Қоғамы Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсім

Еңбек және шығармашылық (өз жұмысын ұйымдастыру білу, белсенділік, бастамашыл, адалдық, жұмысқа әуесқойлық, үздік нәтижелерге жету)

Азаматтық теңдік Толеранттылық Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы 

Құрмет (мақтаныш, ата-аналары, отбасы, үлкендер, достары, адамдарға қамқоршылық және жылы сезім)

Еліміздің ұлттық қауіпсіздігі жәнебүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысу

Ынтымақтастық (әртүрлі елдердің азаматтарымен, жергілікті және мектептің қоғамында, мұғалімдермен, достарымен командада жұмыс істей білу қабілеті)

Адалдық Зайырлы қоғам және жоғары руханият Қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім

Ашықтық (іскерлік және жеке қарым- қатынаста адалдық, академиялық адалдық, басқа адамдармен бірлесіп жұмыс істеуге дайын болу, ортақ мақсатқа жету)

Білім беру және білімділік 

Өмір бойы білім алу (білім мен дағдыларының өсуі, тұлғаның потенциалын дамыту, экономикалық білімін дамыту, ұлттың бәсекеге қабілеттілігінің өсуі)

Н.Ә.Назарбаев соңғы Жолдауында сол идеяны нақтылап мемлекетіміз «Мәңгілік ел», «Қазақ елі» деген терминді ендіріп отыр. Ал бүгінгі жас ұрпақты біліммен сусындатып, тәрбие беретін болашақ ұстаздарды соған тәрбиелеп білім беруіміз керек. Бүгiнде Қазақстан жағдайында көп ұлтты мемлекетте кешегi Кеңес заманындағыдай Отансүйгiштiк, ұлт-елжандылық сезiм жастарымыздың бәрiнде бар ма? Ел басына күн туса жастарымыз елін, жерін қорғай ала ма деген ойдан туындайды. Жас ұрпақты ұлт-елжандылыққа баулу үшін қазақ елінің тарихына үңілу, содан тағлым алу, соны жас ұрпақтың бойына сіңдіру. Егемен, тәуелсiз Қазақ елiнiң iргелi мемлекет болып қалыптасуы тарихи күрделi кезеңде, яғни нарық экономикасына бiртiдеп өту дәуiрiне тұспа-тұс келiп отырғанда, Қазақ халқының бастан кешкен тарихын зерттеп, тәрбие саласындағы мәндi тағлымдарды пайдаланып‚ қазақтың ұлтжандылық‚ отансүйгiштiк тәрбиесiн, яғни елін-жерін сүюді, ұлт-елжандылық сезімді отбасынан бастап, еліміздің тарихын білуге итермелейді. Ел Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына бағытталған әр жылғы Жолдауларынында білімді ұрпақ тәрбиелеуде, дүниежүзілік көштен қалмауды, қазақстандық патриотизмді (отансүйгіштікті), ұлт-елжандылықты назардан тыс қалтырған емес. Отанның білімді ұрпағы болуы үшін ол ұлтын, жерін, Отанын сүйетін азамат болуы тиіс. Осы орайда: «Бізге ұлттық тәрбие, қазақтың ұлтжандылығы керек» деген ой да туындайды. Біз мұны бүгінгі таңда дұрыс бағыт деп санамаймыз. «Ұлтшыл» бола тұрып, көп ұлтты мемлекетте басқа ұлт өкілдерін де сыйлауымыз керек. Оларда да ұлттық намыс бар. Бірақ қазақстандық Ел- Ұлтжандылықтың көшбасшысы қазақтар болуы тиіс. Осылайша Қазақстан халқы татулықта, ауызбірлікте бірге еңбектеніп, оқып білім алу қажет. Қазақстандық ұлт-елжандылық тәрбие бүгінгі өмірден оқшауланбайды, қайта жаңа өмірмен қауышып ұлттық тәрбиеге жаңа мән береді. Ұлттық тәрбие дегеніміз ол оқшаулану емес. Ол: керісінше, ұлттық тәрбие үлгілерімен әлемдік идеяларды қабылдап, ненің тозық, ненің озық екенін тани білу; өрісі, дүнитанымы кең азаматтарды тәрбиелеуге мүмкіндік.

Қазақ тілін білу бұл да ұлт-елжандылық. Осы орайда қазақтың белгілі ақыны Мұхтар Шахановтың «Төрт ана» шығармасында:

 «Тағдырыңды тамырсыздың індетінен қалқала!

 Әр адамда өз анасынан басқа жебеп жүрер, демеп жүрер арқада

 Болу керек құдіретті төрт ана:

Туған жері-түп қазығы айбыны,

Туған тілі-сатылмайтын байлығы,

Туған дәстүр, салт-санасы-тірегі,

Қадамына шуақ шашар үнемі.

Және туған тарихы, еске алуға қаншама

 Ауыр, әрі қасіретті болса да,

Төрт ананың өңін жалғай алмаған

Пенделердің басы қайда қалмаған?»...

Төрт ана тек қазақ ұлтында емес, ол барлық қазақстандықтарда болуы тиіс. 20 Себебі Қазақстанда тұрып жатқан халықтар ежелден осы өлкені мекендеген. Олардың тарихы, салт-дәстүрі, мекен-жайы, ана тілі бар. Бірақ қазақ жері- отаны, қазақ-мемлекеттік тілі, Отан-ортақ. «Мәңгілік Елдегі» қазақ елі-бүкіл қазақстандықтарға тән. Себебі ортақ Отан, ортақ тарих, ортақ салт-дәстүр, ортақ қазақтың мемлекеттік тілі.

Ұлт-елжандылықтың негізін қалайтын, көш бастаушысы қазақ ұлт өкілдері екені белгілі. Қазақ халқы басынан отбасына, Отанына берiлген халық. Оның ұлттық тәрбиесі қазақтың өзiнiң отбасымен дүниеге келдi. Осылардың негiзiнде қалыптасқан бала тәрбиелеудiң ұлттық тағылымдары өмiрге ендi. Бұл оқулықтармен немесе педагогикалық еңбек жазумен келген жоқ. Ол дала педагогикасымен келдi. Оның оқулығы мен көрнектi құралдары от басының өмiрi, өмiр сүрген ортаның пайымды әсерi. Балаға ата-ананың жүрiс-тұрысы, өмiр тiршiлiгi, жора-жолдастарымен, туған-туыстармен қарым-қатынасы көрнектi құрал болса, айтқан тәлiм-тәрбие нақыл сөздерi, үйреткен өнегесi тәрбие оқулығының әлiппесi болды.

Басты міндет жасөспірім талабын қанағаттандыратын, қоғамның, ұлтымыздың ұстанған бағытымен сабақтас келетін сапалы білім мен саналы тәрбие жүйесін құру деп санаймыз, және  қазақ балалары, қазақстандық жастар өз ата-бабасының өткен тарихын, тілін, салт-дәстүрі мен мәдениетін, жерін қастерлей білуге тәрбиеленуі Ел-Ұлтжанды болып өсуі қажет. Олар осы мәселенің көшбасшысы болуы тиіс.

 

Сынып оқушыларына «Мәңгілік Ел» идеясы арқылы ұлттық құндылықтарға тәрбиелеудің ұсынылатын жылдық іс-шара тақырыптары:

 

1.     «Тіл – тәрбие құралы – «Мәңгілік елдің» -ұраны»-фестиваль.

2.     «Мәңгілік ел»- дің Мәңгілік фольклоры»-ақындар, жыршылар жарысы, мақал-мәтелдер, аңыз-әңгімелер, жұмбақтар мен жаңылтпаштар жарысы ...

3.     «Толыққанды тілсіз – толыққанды ұлт болуы мүмкін емес» дебат.

4.     «Жеті атасын білмейтін ер жетесіз, жеті ғасыр тарихын білмейтін ел жетесіз»-Ол кім? –Бұл не? -Қашан?

5.      «Мәңгілік Елге  саяхат» -ғылыми инженрлік жобалар және үздік идеялар сайыстары.

6.     «Ұлы тұлғалардың қаһармандық жолдары» тарихи жобалар сайыстары.

7.     «Ата толғау»- ән-күй шығармашылық жарыстары

8.     «Ел боламын десең бесігіңді түзе» ұлдар және қыздар тәрбиесіне имамдар мен денсаулық сақтау қызметкерлерімен кездесулер.

9.     «Мәңгүрттік  және космоплиттік қөзқарастардың«Мәңгілік ел болу» идеясына келтілерлік зияндығы» жекпе-жек пікірталасы.

10. «Атаға қарап ұл өсер, анаға қарап қыз өсер» ата-аналармен бірге сайыс

11. "Көшпенділер Атамұрасы"туристік орталықтардың іс-шара сапарлары

12. "ХАН ТӘҢІРІ" Қолөнер, бейнелеу өнері көрмесі



Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Программа: Сынып оқушыларына «Мәңгілік Ел» идеясы арқылы ұлттық құндылықтарға тәрбиелеудің жылдық бағдарламасы."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Заведующий хозяйством

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 650 787 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 17.02.2017 1042
    • DOCX 23.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ташимова Алтынай Алиакбаровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ташимова Алтынай Алиакбаровна
    Ташимова Алтынай Алиакбаровна
    • На сайте: 8 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 10
    • Всего просмотров: 88396
    • Всего материалов: 35

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой