Инфоурок Информатика Другие методич. материалы"Программа және оның құрылымы"

"Программа және оның құрылымы"

Скачать материал

 

«А.Қарсақбаев атындағы орта мектебі» КММ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Программа және оның құрылымы»

Ашық сабақ

7«а»-сыныбы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дайындаған:  Информатика пән   мұғалімі            

                        Нурчаева Н.М

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2015-2016 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: Программа және оның құрылымы

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларға Паскаль программалау тілі, оның құрылымы, және қарапайым программа жасау туралы толық түсінік беру;

Дамытушылығы: Оқушыларды программа  құрылыммен және қарапайым программа жасау жолымен таныстыра отырып, программа құру дағдыларын қалыптастыру, логикалық ой-өрістерін дамыту;

Тәрбиелік: Оқушыларды программа құрылымын дұрыс құруға тәрбиелеу. 

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, компьютер, оқулық, қима қағаздар

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту кезеңі

Сабақтың әдісі: Көрнекі-түсіндіру, баяндау

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі

а) Оқушылармен  сәлемдесіп, оларды  түгелдеу.

ә) Сабаққа  дайындықтарын  тексеріп, құрал саймандарын түгелдеу.

2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

Бұл сабақта әр оқушының жеке дарындылығы байқалады.  Сабақ сайыс түрінде өтеді. Әр дұрыс жасалған жұмысқа,  бағалау парағы бойынша  оқушыларға баға қойылып отырылады. Жиналған бағалар соңынан қорытылып қойылады.

«Информатикалық диктант» көп нүктенің орнына қажетті сөздерді пайдаланып жаз:

(Үй жұмысын тексеру мақсатында оқушылардан диктант аламын)

 Компьютердегі кез келген ақпарат 0 мен 1-дің тізбектері, яғни, екілік код түрінде беріледі. Программаны программалау тілінен екілік кодқа ауыстыру үдерісі компиляция аталады. Pascal программалау тілі деп француздың ұлы математигі және физигі Блез Паскальдың құрметіне қойылған. Программалау тілінің алфавиті – ол белгілі бір символдар жиынтығы. Осы символдардың көмегімен идентификаторлар, өрнектер және тілдің операторлары жазылуы мүмкін. Тілдің алфавитінде латын әріптері бас немесе кіші әріптерге ажыратылмайды.

3. Өткен материалды қайталау кезеңі

• Алгоритм дегеніміз не?

• Қандай программалау тілдерін білесіңдер?

• Компиляция дегеніміз қандай үдеріс?

• Программалау тілінің алфавиті – ол ...

• Идентификатор дегеніміз не?

• Программалау тілі орыс әріптерін қабылдайды ма?

• Тілдік алфавитті жазу үшін қандай әріптер қолданылады?

• Оператор дегеніміз не? Мысал келтір.

• Программа тілінде комментарийлер (түсіндірмелер) не үшін қолданылады?

• Комментарийлер қалай жазылады?

4. Мақсат қою кезеңі

v  Программа құрылымымен танысу;

v  «Программа денесі» түсінігін оқу;

v  Қарапайым программаны жасау жолын түсіну

5. Жаңа сабақты түсіндіру

Паскаль тілін 1968-1971 жылдары швейцариялық ғалым Никлаус Вирт қолайлы программалау тілі ретінде ұсынған болатын. Бұл тілдің стандарты кейінірек бекітілді, ол сол кездерде кең таралған АЛГОЛ, ФОРТРАН, БЕЙСИК тілдеріне қарағанда жетілдірілген, жұмыс істеуге ыңғайлы тіл болды.Қазіргі кезде Паскаль тілі кез келген күрделі есептерді шығара алатын, кең таралған стандартты оқу тіліне айналды.

Паскаль тіліндегі программа жеке-жеке жолдардан тұрады. Оларды теру, түзету арнайы мәтіндік редакторлар арқылы атқарылады.

Паскаль тілінде программа үш бөліктен тұрады: тақырып, сипаттау бөлімі және операторлар бөлімі. 

PROGRAM BASTAU;

СИПАТТАУ БӨЛІМІ

BEGIN

ОПЕРАТОРЛАР БӨЛІМІ

END.

Кез-келген программа Program сөзінен басталып, одан кейін программа атауы жазылады. Бұл программаларының мәтіндерінде шатаспау үшін программалаушының өзіне қажет. Сипаттау бөлім программадағы айнымалылар, тұрақтылар тәрізді объектілердің жалпы қасиеттерін алдын ала анықтап алуға көмектеседі. 

Программаның соңғы және негізгі бөлімі операторлар бөлімі – болып табылады. 

Орындалатын іс-әрекеттер, командалар осы бөлімде орналасады. Ол begin түйінді сөзінен басталып, барлық атқарылатын операторлар (командалар) тізбегі жеке-жеке жолдарға жазылып біткен соң end түйінді сөзімен аяқталады. Программада әрбір жолдан кейін нүктелі үтір (;) қойылады. 

            Программа денесі бұл операторлардың өзі, олар қандай да бір әрекеттерді орындайды. Мысалы, экранға мәтінді шығарады немесе өрнектің мәнін есептейді.

Программа денесі операторлар бөлімінде орналасқан.

Программа мәтінінің соңында End сөзінен кейін міндетті түрде нүкте қойылатынына назар аударыңдар.

Қарапайым программаны жасау

Ең қарапайым бірінші программаларыңды жасау үшін сендерге мәтінді экранға шығаратын операторлар жайлы мәлімет керек болады. Ондай операторлар екеу – Write және Writeln. Бұл операторлар арқылы экранға шығарылатын мәтін жақшаға және сыңар тырнақшаға алынады.

Мысалы,

Begin

            Write(‘Менің бірінші программам’);

End.

Компиляция үдерісін іске қосу үшін F9 пернесін басу жеткілікті.

6. Жаңа материалдар бойынша білімдерін зерттеу кезеңі

Компьютердегі тәжірибелік жұмыс, 59-бет.

7. Сабақты бекіту кезеңі

1.      Pascal программалау тіліндегі программаның құрылымын сипаттаңдар.

2.      Программаның басы мен соңы қалай белгіленеді?

3.      Write мен Writeln енгізу операторларының қандай айырмашылықтары бар?

4.      Программаны орындауға қалай жібереміз?

5.      Төменде жазылған алгоритмде k мен m бүтін айнымалылар қолданылады. Осы алгоритм орындалған соң m айнымалысының мәнін анықтаңдар:

k:=2

m:=k-2

k:=m*k+5

m:=m+2

k:=-1

m:=2*k-2

k:=m+2

m:=k*m+5

k:=3

m:=k+1

k:=m*m+5

k:=k-10

k:=32

m:=k/4-5

k:=3+m*4

m:=m-k

 

8. Үйге тапсырма беру, оқушылардың білімін бағалау кезеңі

§ 9 Программа және оның құрылымы тақырыбын қайталау, Өзіңді тексер!  Тапсырмасын орындау, 59-бет.

 

 

 

 

 

 

 

 

Төменде жазылған алгоритмде k мен m бүтін айнымалылар қолданылады. Осы алгоритм орындалған соң m айнымалысының мәнін анықтаңдар:

k:=2

m:=k-2

k:=m*k+5

m:=m+2

k:=-1

m:=2*k-2

k:=m+2

m:=k*m+5

k:=3

m:=k+1

k:=m*m+5

k:=k-10

k:=32

m:=k/4-5

k:=3+m*4

m:=m-k

k:=5  m:=2                     k:=-2  m:=13                  k:=11  m:=4                     k:=15  m:=-12

 

 

 

 

 

 

Аты-жөні

Информатика диктант(11ұпай)

Сұрақ-жауап

(әр оқ.ға 1 ұпай)

Компь.к тәжірибелік жұмыс (3 ұпай)

Бекіту кезеңі (0.5/2 ұпай)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Программа және оның құрылымы""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по безопасности

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 637 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 11.01.2016 1432
    • DOCX 23.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Нурчаева Насиба Мухтаровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Нурчаева Насиба Мухтаровна
    Нурчаева Насиба Мухтаровна
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 88289
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Информатика: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель информатики

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 489 человек из 73 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 524 человека

Курс профессиональной переподготовки

Математика и информатика: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель математики и информатики

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4150 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 41 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 53 человека

Курс профессиональной переподготовки

Информационные технологии в профессиональной деятельности: теория и методика преподавания в образовательной организации

Преподаватель информационных технологий

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 191 человек из 54 регионов
  • Этот курс уже прошли 971 человек

Мини-курс

Организация и планирование воспитательной работы в СПО

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Феноменология в педагогике: основные концепции и их практическое применение

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Сенсорная интеграция: типовые и инновационные методы

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 75 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 44 человека