Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Информатика / Конспекты / "Программа және оның құрылымы" 9-сынып

"Программа және оның құрылымы" 9-сынып

  • Информатика

Поделитесь материалом с коллегами:

Маңғыстау облысы,

Бейнеу ауданы,

«Ж.Қалдығараев атындағы орта мектеп» мемлекеттік мекемесінің

информатика пәні мұғалімі

Жубанов Сагатбек Орынгалиевич

7 сынып, ашық сабақ жоспары


Сабақтың тақырыбы: Программа және оның құрылымы

Сабақтың мақсаты:

  • Pascalтіліндегі программаның құрылымымен танысу;

  • Write және Writeln шығару операторларын қолданып, қарапайым программаны жасап үйрену.

Оқушылар білуі тиіс: программаның құрылымы;қолдану бөлімінің сипаттамасын,программаның атқарушы бөлімін; программаның міндетті және міндетті емес бөлімдерін; программаны компиляция мен орындауына жіберуді; шығару операторының қызщметі және қолданылу аясын;Writ және Writeln операторларының айырмашылығын.

Оқушылар үйренуі тиіс: программаның құрылымын анықтауды, программаның міндетті және міндетті емес бөлімдерін; Writelnшығару операторларын қолданып,қарапайым программаны құруды; компилицияны іске қосу және программаны орындауды.

Сабақтың барысы

IҰйымдастыру кезеңі

II Сабақтың мақсат- міндеттерін қою

III Үй тапсырмасын тексеру

IV Білімді өзектендіру

V Жаңа материалды оқып-үйрену

Программа құрылымы

Оқушыларға жаңа материалды біртіндеп,программаның құрылымын нақты, жете түсіндіру керек.

Program Аты;

Var.

Айнымалы сипаттамасы

Begin.

Атқарылу бөлімі

End.

Оқушылар мұғалім ұсынған дайын программаны ашады(дискінің кез-келген программасы). Оқушы ол программа мысалында программаның жалпы құрылымы мен бөлімдері қызметін меңгереді.

Программа атауы

Программада атау болу керек.Программа атауы-ол латын әріптер мен сандар жинағы (сызу таңбамен біріктелген сөздер тобы болу мүмкін, әріптерден кейін сандар немесе сызу белгісін пайдалану мүмкін, орыс әріптерін, тыныс белгісін пайдалану мүмкін,орыс әріптерін,тыныс белгісін және бос орын қолдануға болмайды). Программа атауын еркін түрде қоюға болады, бірақ «read», «write», «for» сияқты кілтті сөздерді пайдалануға болмайды.Программаның атауы «Program» деген кілтті сөзден кейін жазылады.Программа атауын кейін міндетті түрде нүктелі үтір қойылады.Программаның атауы программаның міндетті бір бөлігі болып саналмайды.Программа осы бөлшексіздеорнындалады. Мысалы:programsinau; Өздеріңнің программаларыңда программа атауын табыңдар. Айнымалының сипаттама бөліміОсы бөлім программаның міндетті бөлшегі болып табылмайды, бірақ программада жиі кездеседі.Программада қолданған әрбір айнымалының типі беріледі.Айнымалы сипаттамасы пішіні:VAR hello_html_m7c48e444.gif 1-атауы, 2- атауы,... hello_html_m7c48e444.gif: hello_html_m7c48e444.gifтипіhello_html_m7c48e444.gif;

Paskal тілінің мәліметтер типімен келесі сабақта танысасыңдар.

Қарастырылған мысалдан айнымалы сипаттамасын табыңдар.

Операторлар бөлімі

Программаның міндетті бөлшегі,онсыз программа жұмыс істемейді. Оператор бөлімі резервтелген begin (басталу) сөзінен басталады, одан кейін , бір-бірінен нүктелі үтірмен бөлінген, тіл операторлары қойылады. Бөлімді резервтелген нүктелі end. (біту) сөзі аяқтайды. End алдына нүктелі үтір қойылмайды.

Қарапайым программаны құру

Оқушылар оқулықта берілген қарапайым программамен жұмыс істейді.

VI Жаңа сабақты бекіту

Монитор экранына программаның атауы мен авторын шығаратын программа құрастырыңдар (дискіде Lesson 9/A. pas).

clrscr;

writeln( ‘ *******************************`);

writeln(`* Программа *`);

writeln(`* Бірінші программа *`);

writeln(`* Автор: Ахметов К. Н. *`);

writeln(`********************************`);

readkey;

end.


VII Жұмыс дәптеріндегі тапсырмалардың жауаптары


1-тапсырма

Программаның құрылым элементтерін толтыр.

2-тапсырма

Программадағы қателерді түзет.

begin

write («Мұнда қате бар»)-тырнақшалар орнына апострофтар болуы керек.

еnd- соңында нүкте қойылмаған .

3-тапсырма

Операторлар атауын мәтінге қой.

Write операторы мәтінді экранға шығарып, меңзерді сол жолда қалдырады.

writeln операторы жолды экраннан шығарғаннан кейін меңзерді жаңа жолға ауыстырады.

VIII Қортындылау

Шығарылған есептерді бағалау.

ІХ Үй тапсырмасы

§ 9 оқу, бақылау және тест сұрақтарына жауап беру.

Бақылау сұрақтарының 10- тапсырмасының жауабы:
Төменде жазылған алгоритмде бүтін санды k және m айнымалылар қолданылған.

Алгоритмді орындаудан кейінгі m айнымалының мәнін табыңдар:

1. k : =2

m: =k-2

k : =m*k+5

m:=m+2

2. k:= -1

m:=2*k-2

k:=m+2

m:=k*m+5

3. k:=3

m:=k+1

k : =m*m+5

k: =k-10

4. k:=32

m:k/4-5

k: =3+m*4

m: =m-k


Жауабы:

  1. 2

  1. 13

  1. 11

  1. -12



§9 соңында берілетін « Өзіңді тексер» бөлімінің тест кілттері:

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

C

B

B

A

C

A

B

C

C

A




Автор
Дата добавления 18.11.2015
Раздел Информатика
Подраздел Конспекты
Просмотров365
Номер материала ДВ-167907
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх