Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Физика / Рабочие программы / Программный план по физике
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Физика

Программный план по физике

библиотека
материалов
  1. Түсініктеме

Осы жұмыс бағдарламасын құрастыруға негіз болған құжаттар:

  • ҚР «Білім туралы» Заңы, 27.07.2007ж. №319, (№ 461-IV 2011ж 15 шілдесінен енгізілген өзгертулер мен толықтырулар);

  • Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім стандарты (БМЖМС) (бастапқы, негізгі орта, жалпы орта білім), №1080 2012жылдың 23 тамызынан ҚР Үкіметі қаулысымен бекітілді.

  • Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті техникалық және кәсіптік білім стандарты, №1080 2012жылдың 23 тамызынан ҚР Үкіметі қаулысымен бекітілді;

  • «Физика және астрономия» пәні бойынша типтік оқу бағдарламасы, оқу орыс тілінде жүретін мектептердің 10-11 сыныптарына арналған (жаратылыстану-математика бағыты), №384 2015 жылдың 15 шілденің ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен бекітілді;

  • 2015-2016 оқу жылында ҚР «Жалпы білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы» нұсқаулық-әдістемелік хат;

  • 2008 жылдың 18 наурызынан техникалық және кәсіптік ұйымдарда, ортадан кейінгі білімде оқушылардың ағымдағы үлгерімін бақылау, аралықтағы және қорытынды аттестаттауды өткізудің типтік ережелері;

  • 2011-2020 жылдарға арналған ҚР білімін өркендетудің мемлекеттік бағдарламасы;

  • 2012-2016 жылдарда оқушылардың функциональды сауаттылығын өркендетуге арналған мемлекеттік жоспар. №832 2012 жылдың 25 мамырынан ҚР Үкіметі қаулысымен бекітілді;

  • Санитарлық ережелерді бекіту туралы «Балалармен жасөспірімдерді тәрбиелеу және білім беру нышандарына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» №1684 2011 жылдың 30 желтоқсанынан ҚР Үкіметінің бұйрығымен бекітілді.

Біліктілігі аспаз 050801 2, кондитер – 050802 2 «Тамақтандыруды ұйымдастыру» 0508000 мамандығы бойынша және біліктілігі шашатараз-модельер – 050601 2 «Шаштараз өнері және сәндік косметика» 0506000 мамандығы бойынша «Физика және астрономия» пәні бойынша жалпығы бірдей міндетті мазмұнына және даярлық деңгейіне қойылатын мемлекеттік талаптарды іске асыруға арналған бағдарлама.

«Физика және астрономия» пәнінің жалпы мақсаттары мен бағыттары:

Оқу пәнінің мақсаты – физика ғылымының негіздері болып табылатын негізгі ұғымдармен, заңдармен және теориялармен танысу;

  • білім алушылардың санасында қоршаған әлемнің қазіргі заманғы ғылыми бейнесін қалыптастыру;

  • кәсіби және арнайы біліктіліктерін дамыту үшін теориялық база құру;

  • физиканың қазіргі қоғам өміріндегі және жалпы адамзат мәдениетін дамытудағы рөлін ашу;

  • білім алушының логикалық ойлауын және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Оқу пәнінің міндеттері:

  • эксперименттік деректер, ұғымдар, заңдар, теориялар және олардың тәжірибелік қосымшалары жайлы білімді қалыптастыру;

  • физика ғылымының негізгі әдістері – теориялық және эксперименттік әдістермен таныстыру;

  • материя құрылысының біртұтастығын? табиғаттың іргелі заңдарының әмбебаптығы мен олардың құолдану шекарасын көрсету;

  • білім алушының ғылыми дүниетанымын дамыту;

  • білім алушының танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту;

  • ғылыми білімдерді өз бетінше игеруді, физикалық құбылыстарды бақылау мен түсіндіруді, сонымен қатар оқулықпен, анықтамалық және хрестоматиялық әдебиетті, компьютердің мәліметтер базасын, Интернет ресурстарын пайдалану біліктіліктерін қалыптастыру.

Бұл бағдарламаның негізгі мазмұнын қоршаған әлемнің жалпы сипаттамалары, заттың құрылысы, табиғаттың әр түрлі құбылыстары, сондай-ақ негізгі физикалық және астрономиялық ұғымдар туралы мәліметтер құрайды.

Қазіргі заманғы ғылыми дүниетаным тұрғысынан техникалық және кәсіптік оқу орындарына арналған бағдарлама физикалық теориялардың негізін – молекула-кинетикалық теорияны және термодинамиканы, электродинамика мен электрондық теорияны, толқындық, геометриялық және кванттық оптиканы, релятивисттік механиканы, кванттық физиканы, атом, атом ядросы, элементар бөлшектер физикасын зерделеуді ескереді.

Астрономия элементтері физика курсының құрылымын өзгертпей еніп отырғандықтан, оның сәйкес келетін тарауларында ғарыш кеңістігіндегі және аспан денелеріндегі құбылыстар мен процестерді сол тараулардағы физикалық заңдардың негізінде зерделеу ұсынады. Сонымен, астрономиялық ұғымдарды қалыптастыру біртіндеп жүреді де курстың «Астрономиядан жалпылау мәліметтері» деген тарауды зерделегенде аяқталады.

  • білім алушылардың физикадан, геометриядан, алгебрадан, химиядан, білімділігі, дағдысы және біліктілігіне негізделеді;

  • материалды оқытудағы сабақтастық, математикамен, биологиямен, химиямен, географиямен, тарихпен пәнаралық байланыстар ескерілген;

  • қолданбалы физикаға, физиканың энергетикада, байланыста, көлңкте және техниканың басқа салаларындағы қолданысына ерекше назар аударылған;

  • оқу материалдарының кейбір бөлігі тек танысу үшін берілетінін ескеріп, оларды бақылау жұмыстарының және емтихан билеттерінің сұрақтарына қосуға болмайды.

Оқу жұмыс бағдарламасы бойынша оқу уақытының үйлестірілуі:

«Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша жалпы сағат саны – 106, соның ішінде 1-курста 30 сағат; 2- курста 76 сағат. Осы бағдарламаны жүзеге асыру барысында 2 курстың 4 семестрінде сынақ және 2 бақылау жұмыстарын өткізу қарастырылған.

Осы жұмыс бағдарламасы оқу орыс тілінде жүретін мектептердің 10-11 сыныптарына арналған (жаратылыстану-математика бағыты) «Физика» пәні бойынша оқу бағдарламасы негізінде құрастырылған және негізгі мектептің жалғасы болып табылады.

Физиканы оқытудың тәжірибелңк бағытын күшейту үшін мәтіндңк, графикалық, эксперименттік, спалық және басқа да есептерді шешуге ерекше назар аудару керек. Есептерді білім алушылардың білімін, біліктіліктері мен дағдыларын бекітуге ғана емес олардың дамуына да әсер ететіндей таңдау қажет.

Техникалық және кәсіптік оқу орындарында физиканы оқыту барысында халықаралық бірліктер жүйесін (SI), оның негізгі және туынды, еселік және үлестік бірліктерін, ал кейбір жағдайларда қолдануға рұқсат етілген жүйеден тыс бірліктерді пайдалануға болады.

Осы бағдарламаны жүзеге асыру барысында педагогикалық технологиялармен қатар ақпараттық технология ресурстарын, мультимедиялық құралдарды, ғаламтор материалдарын, бейнероликтерді, электронды оқулықтарды кеңінен қолдану тиімді.

Бағдарламаны жүзеге асыру үшін келесі оқулықтар ұсынылады:

  1. Кронгарт Б., Кем В., Койшыбаев Н. Физика: 10 сыныпқа арналған жаратылыстану – математикалық бағытындағы оқулық – Алматы: «Мектеп» баспасы , 2006 – 352б.

  2. С. Туякбаев, Ш. Насохова, Б. Кронгарт и др. Физика : 11 сыныпқа арналған жаратылыстану – математикалық бағытындағы оқулық – Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 – 400б.

  3. Коноплич Р. В., Орлов В. А., Добродеев Н. А., Татур А. О. Сборник тестовых заданий для тематического и итогового контроля. Физика 11 кл М: «Интеллект - Центр», 2006 – 72с.

  4. Горлова Л. А. Интегрированные уроки физики: 7-11 классы – М: ВАКО, 2010 – 144с.

  5. Кронгарт. Б. А., Кем. В. И. Физика: Дидактические материалы. Учебное пособие для 10 классов естественно – математического направления общеобразовательных школ – Алматы: Издательство «Мектеп», 2006 – 176с., илл.

  6. Бройгер Л. М., Глинская П. В. Предметные недели в школе Химия Физика – Волгоград: учитель, 2005 – 46с

  7. Горлова Л. А. С головой в океан знаний. Талдыкорган ТОО Дом печати «АЛТАЛ» 2006 184с.

  8. Горлова А. А. Занимательные внеурочные мероприятия по физике 7 – 11 класс – М: ВАКО 2010 – 160с.

  9. Благодаров В. С. Физика 7 – 11 класс: Организация внеклассной работы. Банк методических идей. Творческие мероприятия: Учитель, 2011 – 153с.

  10. Роговой Н. Н, Роговая Г. А и Ковыршина л. А. Курс для 9 класс методические разработки опорных конспектов по физике 135с.




















2. Оқу пәнінің жоспарланған нәтижесі


Білім алушылар келесі құзыреттіліктерге ие болулары керек:
  • БҚ 1. Ғылыми дүниетанымның негіздерін қалыптастыру.



Пәнді оқу нәтижесінде білім алушылар мыналарды біледі:

- дүниенің физикалық бейнесін;

- физикалық құбылыстарды;

- физикалық ұғымдар мен шамаларды;

- классикалық механика, энергияның, импулстің және электр зарядының сақталуы, термодинамиканың, электромагниттік индукцияның, фотоэффект заңдарының мағынасын;

Мынандай біліктіліктері бар:

- табиғаттағы және техникадағы әр түрлі құбылыстарды түсіндіргенде физиканың заңдарын қолдану;

- алған білімдерін физикалық есептерді шығаруға пайдалану;

- физикалық білімнің практикада қолдалануына мысалдар келтіру.

Мынандай дағдынын иеленеді:

- әр түрлі физикалық құбылыстарды және заттардың қасиеттерін түсіндіру.

Мынаған құзыретті:

- аспаптармен және қазіргі заман физикалық зертханасының құрал-жабдығымен жұмыс істеуге.


БҚ 2. Қоршаған әлемді түсіну үшін ғылыми танымның әдістерін пайдалану.

Мыналарды біледі:

- ғылыми таным әдісін;

- табиғатты тану барысындағы эксперимент пен теорияны.

Мынандай біліктіліктері бар:

- табиғат құбылыстарын бақылау;

- гипотезаны ұсыну;

- эксперимент жүргізу;

-эксперименттік мәліметтердің негізінде қорытынды жасау.

Мынандай дағдыны иеленеді:

- деректерді тағайындау, жүйелеу және жалпылау;

- эксперименттерді жоспарлау және орындау.

Мынаған құзыретті:

-табиғат заңдарын тануға болатынына;

-ғылыми танымның кезеңдеріне, деңгейлеріне және әдістеріне.

БҚ 3. Ақпараттық технологияларды игеру, ақпараттың барлық түрлерімен жұмыс істей білу.










БҚ 4. Тіл арқылы ой-пікір алмаса білу.













Кәсіптік

КҚ 1. Физиканың іргелі тараулары бойынша базалық білімдері болу, оларды сәйкесінше деңгейде пайдалана білу.


















КҚ 2. Зерттеушілік іс-әрекетін дамыту.


















КҚ 3. Ғылымның артушы ролін, ғылым мен техниканың өзара байланысы мен өзара әсерінің нығаюын түсіну.

Мыналарды біледі:

- ақпаратты алудың, сақтаудың, қайта өңдеудің негізгі әдістерін;

- Интернет ақпаратымен жұмыс істеу ережелерін.

Мынандай біліктіліктері бар:

- электрондық оқулықтармен жұмыс істеу;

- Интернеттің ақпараттық ресурстарын пайдалану;

-шығармашылық жұмыстарды дайындағанда компьютерлік бағдарламаларды қолдану.

Мынандай дағдыны иеленеді:

- ақпараттың мәнін және мағынасын түсінуге.

Мыналарды біледі:

- қасындағы адамдармен қарым-қатынас тәсілдерін;

Мынандай біліктіліктері бар:

- физикадан оқу және ғылыми әдебиетті талдау;

- өз көзқарасын қорғау;

- пікірталас жүргізу;

- біреумен әңгімелесу.

Мынандай дағдыны иеленеді:

- топта жұмыс істеу;

- ауызша сұрау;

Мынаған құзыретті:

- көпшілік алдындағы сөйлеу дағдыларын пайдалануға;

- сұхбаттастың көзқарасын түсінуге.

Мыналарды біледі:

- физиканың негізгі заңдарын; олардың қолдану шекарасын;

- физиканың дамуына ең көп ықпалын тигізген отандық және шет ел ғалымдарының қосқан үлесін;

- іргелі физикалық тәжірибелерді және олардың ғылымның дамуындағы ролін;

- маңызды физикалық аспаптардың міндеті мен әрекет принциптерін.

Мынандай біліктіліктері бар:

- бақыланатын негізгі табиғват құбылыстарын түсіндіру;

- физикалық процестердің және құбылыстардың жүру логикасын талқылау;

- себеп-салдар байланыстарын тағайындау;

- физикалық пайымдарды ұсыну;

Мынандай дағдыны иеленеді:

- негізгі физикалық заңдарды пайдалану;

- білімді жалпылау мен жүйелеу;

- негізгі әдістерді қодану.

Мынаған құзыретті:

- дүниненің физикалық бейнесінің негіздерін білуге.

Мыналарды біледі:

- проблеманы тұжырымдауды;

- гипотезаны ұсынуды;

- гипотезаны теориялық және практикалық дәлелдеуді;

Мынандай біліктіліктері бар:

- Гипотезаны ұсыну негізінде проблеманы шешу;

- қажетті ақпаратты жинау және талдау;

- орындалған жұмыс туралы есеп дайындау;

Мынандай дағдыны иеленеді:

- шығармашылықпен ойлау;

- жекелеген нысандар немесес құбылыстарды ғылыми зерттеу;

Мынаған құзіретті:

- проблемаларды байққауға және гипотеза құруға;

- эксперименттердің теориялық талдауын жасауға;

- проблеманың шешудің әр түрлі нәтижелерін ұсынуға;

- өзінің және басқаның идеяларын дәләлді түрде сынауға.

Мынаны біледі:

- материя, кеңістік, уақыт, өзара әрекет ұғымарының мағынасын;

- қазіргі заман техникасы мен технологиялардың физикалық іргетасын;

- табиғатты сақтаудағы адамның ролі мен жауапкершілігін;

- ғылыми жаратылыстану білімінің жалпы мәдениеттік құндылығын;

- жаратылыстану негізіндегі физиканың ролін;

Мынандай біліктіліктері бар:

- физиканың қазіргі заманғы проблемаларын түсіну;

- себеп-салдар талдау элементтерін пайдалану;

- білімнің құндылығын сезіну.

Мынандай дағдыны иеленеді:

- зияткерлік және жалпы мәдениеттік деңгейлерді жетілдіру;

Мынаған құзіретті:

- қазіргі замандағы жаратылыстану ғылымдарының ролін түсінуге.

  1. Тақырыптық жоспар және оқу бағдарламасының мазмұны

3.1. Тақырыптық жоспар


Сағат саны (106)




ТҰ

Зертханалық және практикалық жұмыстар

ТҰ

Бақылау жұмыстары, сынақ


ТҰ

Механика.

10

2


Молекула-кинетикалық теорияның негіздері

4

1


Будың қасиеттері

2

1


Сұйықтықтардың қасиеттері

2



Қатты денелердің қасиеттері

5

2


Термодинамика негіздері

7

1

1

Электродинамика

6

1


Тұрақты электр тогы

6

2


Әр түрлі ортадағы электр тогы

8

3


Электрмагниттік құбылыстар

9

3


Механикалық тербелістер мен толқындар. Дыбыс және ультрадыбыс.

4

1


Айнымалы ток

6

1


Электрмагниттік тербелістер мен толқындар

4

1


Оптика. Салыстырмалық теориясының негіздері

5

2


Сәулелену мен спектрлер. Рентген сәулелері

5



Кванттық физика

8

3


Атомның физикалық ядросы

3



Астрономиядан жалпылау мәліметтері

8

2

1

Әлеуметтегі физиканың маңыздылығы

4



Барлығы

21

106

19

2



    1. Оқу бағдарламасының мазмұны


1 Бөлім. Механика.

    1. Кинематиканың негізгі түсініктері мен теңдеулері. Кинематика формулалары.

    2. Еркін түсу.Көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысы.

    3. Траекторияның қисықтық радиусы.

    4. Қозғалыстың салыстырмалылығы.

    5. Нүктенің шеңбер бойымен қозғалысы.

1.6 Ілгерілемелі қозғалыс динамикасы. Статика элементтері.

1.7 Айналмалы қозғалыстың энергиясы.

1.8 Ньютон заңдары. Айналмалы қозғалыс үшін импульстік түрдегі Ньютонның екінші заңы.

1.9 Бүкіләлемдік тартылыс заңы.

1.10 Гравитациялық өрістегі дененің потенциялдық энергиясы.

1.11 Адамның әлемдегі орны.

1.12 Кеплер заңдары.

«Динамика» тарауы бойынша есептер шығару.

1.13 Денелердің аққыштығы. Қанаттың көтергіш күші.

1.14 Магнус эффектісі. Бернулли теңдеуінің жазылуы.

№1 Зертханалық жұмыс «Дененің кинетикалық энергиясының өзгеруі мен серпімділік күшінің жұмысын салыстыру».


2 Бөлім. Молекулалы-кинетикалық теорияның негіздері.

2.1 МКТ-нің негізгі ережелері және олардың тәжірибелік негізделуі. Броундық қозғалыс. Молекула аралық өзара әсер күштері мен энергиясы. Молекулалардың өлшемдері мен массасы. Авагадро тұрақтысы. Идеал газ. Газдың қысымы. Жұлдыз аралық газ.

2.2 Газдардың кинетикалық теориясының негізгі теңдеуі. Температура және оны өлшеу. Температуралардың термодинамикалық шкаласы. Газдың температурасы мен молекулалардың ілгерілемелі қозғалысының орташа кинетикалық энергиясы арасындағы байланыс.

2.3 Менделеев-Клапейрон теңдеуі. Газ заңдарын идеал газдың күй теңдеуінен қорыту. Изопроцестер және олардың графиктері.

Көрсетілімдер

  1. Броундық қозғалыстың механикалық моделі

  2. Судың төменгі қысымда қайнауы

  3. Газ заңдары


3 Бөлім. Будың қасиеттері.

3.1 Булану және конденсация. Қаныққан бу және оның қасиеттері.

3.2 Ауаның абсолют және салыстырмалы ылғалдылықтары. Ауаның ылғалдылығын анықтауға арналған құралдар. Шық нүктесі.

3.3 Қайнау. Кризистік температура. Заттың кризистік күйі. Планеталардың атмосфералары туралы түсініктер.

2 Зертханалық жұмыс «Ауаның салыстырмалы ылғалдылығын анықтау».

Көрсетілімдер

  1. Психрометрді қолдану


4 Бөлім. Сұйықтықтардың қасиеттері.

4.1 Заттың сұйықтық күйінің сипаттамасы. Сұйықтықтың беттік қабаты. Беттік керілу.

4.2 Жұғу. Капиллярлық. Тұрмыстағы және техникадағы капиллярлық құбылыстар.

Көрсетілімдер

  1. Сұйықтықтың беттік керілуін бақылау.

  2. Шыныға жұғатын және жұқпайтын сұйықтары бар әртүрлі көлденең қималардағы капиллярлық түтікшелер.


5 Бөлім. Қатты денелердің қасиеттері.

5.1 Заттың қатты күйінің сипаттамалары.Кристалдар. Кристалдардың анизотропиясы.

5.2 Деформацияның түрлері. Механикалық кернеу. Гук заңы. Серпімділік, беріктік, пластикалық, морттық.

5.3 Қатты денелердің сызықтық және көлемдік ұлғаюы. Жылулық ұлғаюдың табиғаттағы және техникадағы алатын орны.

Көрсетілімдер

  1. Кристалдық торлардың модельдері.

  2. Деформацияның түрлері: созылу, сығылу, ығысу, айналу, иілу.

  3. Қатты денелердің жылулық ұлғаюы (сақина және шар).

5.4 Балқу және кристалдану. Балқу температурасы. Тературасының қысымға тәуелділігі. Зат фазасының түсінігі. Жер мен планеталардың ішкі құрылымы.

5.5 Сублимация және десублимация. Кометалардың ядроларының беттік қабатын олар күнмен жақындасқанда айдау. Қатты, сұйықтық және газ тәрізді фазалардың тепе-теңдік жағдайлары.Үштік нүкте. Ерітінділер мен қорытпалар. Метеориттер.

Зертханалық жұмыс №3 «Судың беттік керілу коэффициентін тамшының үзілуі және сұйықтың капилляр бойымен көтерілуі әдістерімен өлшеу»

Көрсетілімдер 1.Кристалл денелердің балқуы мен қатаюы.

6 Бөлім.Термодинамика негіздері.

6.1 Идеал газдың ішкі энергиясы. Дененің ішкі энергиясының жылу алмасуда және механикалық жұмыс істелген кезде өзгеруі.

6.2 Термодинамиканың бірінші бастамасы.Термодинамиканың бірінші бастамасын әр түрлі жылулық процестерге қолдану.Адиабаттық процесс.Қайтымды және қайтымсыз процестер.

6.3 Табиғаттағы процестердің қайтымсыздығы. Термодинамиканың екінші бастамасы туралы түсінік.Жылу қозғалтқыштары.Жылулық машиналар және экология.

6.4 «Термодинамика» бөлімі бойынша есептер шығару.

Көрсетілімдер

  1. Ысқылау және соққы кезінде механикалық энергияның ішкі энергияға айналуы.


7 Бөлім. Электр құбылыстары.

7.1 Электр заряды. Электр зарядының сақталу заңы.Нүктелік зарядтардың өзара әсері. Кулон заңы. Ортаның диэлектрлік өтімділігі.

7.2 Электрстатикалық өріс.Кернеулік.Электр өрісін график түрінде кескіндеу.Біртекті электр өрісі.

7.3 Электр өрісінде заряд орын ауыстырғанда істелетін жұмыс.Потенциал.Потенциалдар айырымы, кернеу. Кернеулік пен потенциалдар айырымы арасындағы байланыс.

7.4 Электр өрісіндегі өткізгіштер.Электр өрісіне енгізілген өткізгіштегі зарядтардың бөлініп орналасуы.Электростикалық қорғаныш.Электр өрісіндегі диэлектриктер.Диэлектриктердің поляризациясы.Пьезоэлектрлік эффект.

7.5 Электр сыйымдылығы.Конденсатор.Конденсаторлардың түрлері.Жазық конденсатордың электр сыйымдылығы.Электр өрісінің материялығы.

7.6 «Электр құбылыстары» бойынша есептер шығару.

Көрсетілімдер

1. Өткізгіштердің электрленуі.

  1. Зарядтардың бөлінуі.

  2. Электрленген денелердің өзара әсері.

  3. Зарядталған шариктердің электр өрісі.

  4. Әсер ету арқылы электрлеу.

  5. Электростикалық қорғаныш.

  6. Электрометр.

  7. Электрометрдің көмегімен екі өткізгіштін электр сыйымдылықтарын салыстыру.


8 Бөлім.Тұрақты электр тогы.

8.1 Тұрақты электр тогы, ток күші.Электр тогының бар болуы үшін қажетті шарттар.Электр қозғаушы күш.Тізбек бөлігіне және тұйық тізбекке арналған Ом заңы.

8.2 Тізбектің ішкі және сыртқы бөліктері, осы бөліктердегі кернеу.Өткізгіштердегі тізбектей параллель қосу.

8.3 Өткізгіштін кедергісі.Өткізгіш кедергісінің ұзындыққа,көлденең қиманын аудынына және материалға тәуелділігі.Өткізгіш кедергісінің температураға тәуелділігі.Асқын өткізгіштік.

8.4 Электр тогынын жұмысы мен қуаты.Электр тогының жылулық әсері және оның техникада қолданылуы.

Көрсетілімдер

1.Компьютерлік өлшеуіш құралдардың жиынтығы:кернеуді, ток күшін өлшеу көрсеткіштері,гальванометр.

2. Өткізгіштерді қосу (тізбектей,параллель,аралас).

3.Электр өлшеуіш құралдар:кедергілер,реостаттар,омметр.

4.Термопаралар.


9 Бөлім.Әр түрлі ортадағы электр тогы.

9.1 Металдардың электрондық өткізгіштігі.Классикалық электрондық теорияның кемшіліктері.

9.2 Термоэлектрлік құбылыстар.Термоэлектр қозғаушы күші.Термопаралар,термоэлементтер,термобатареялар,олардың пайдалануы.

9.3 Электролиттердің электр өткізгіштігі.Электролиз заңы.Фарадей тұрақтысы.Электролиздің техникада қолданылуы. Гальвани элементтері. Аккумуляторлар,олардың техникада қолданылуы.

9.4 Газдардың электр өткізгіштігі.Тәуелді және тәуелсіз разрядтар. Плазма туралы түсінік.

9.5 Ваккумдегі электр тогы. Термоэлектрондық эмиссия.Ваккумдық диод пен триод,олардың қолданылуы.Электронды-сәулелік түтікше.

9.6 Жартылай өткізгіштердің электр өткізгіштігі және оның температураға тәуелділігі.Жартылай өткізгіштердің меншікті және қоспалық өткізгіштіктері. Термисторлар мен фоторезисторлар.Жартылай өткізгіш құралдардың қолданылуы.

«Әр түрлі ортадағы электр тогы» бөліміне есептер шығару.

4 Зертханалық жұмыс «Тізбек бөлігі үшін Ом заңы».

Көрсетілімдер

1.Екі электроды бар түтікше.


10 Бөлім.Электромагниттік құбылыстар.

10.1 Магнит өрісі. Магниттік индукция.Магнит өрісінің құйынды сипаты.Ортаның магниттік өтімділігі.Магнит тұрақтысы. Магнит өрісінің кернеулігі.Магнит өрістерін график түрінде кескіндеу.

10.2 Түзу сызықты тоқтың және селоноидтың магнит өрістері.Магнит ағыны. Тогы бар өткізгіш магнит өрісінде орын ауыстырғанда істелетін жұмыс.

    1. Магнит өрісінің тогы бар өткізгішке әсері.Ампер заңы.

    2. Магнит өрісінің қозғалыстағы зарядқа әсері.Лоренц күші.

10.5 Жердің магниттік сферасы және оның Күн желімен өзара әсері.Пара-,диа-және ферромагниттік заттар.

10.6 Электромагниттік индукция.Фарадей тәжірибелері.Электрмагниттік индукция заңы.Ленц ережесі.Күнде болатын құбылыстардағы магнит өрісінің атқаратын рөлі.Күн белсенділігі.

    1. Өзіндік индукция. Индуктивтілік.Өзіндік индукция электр қозғаушы күші.Магнит өрісінің энергиясы. Магнит өрісінің материялығы. Максвелдің болжамдары.

Зетрханалық жұмыс №5 «Жердің магнит өрісі индукциясын анықтау».

Көрсетілімдер

1.Магнит өрісінің тоққа әсері.

2.Магнит өрісін өлшейтін көрсетілім.

3.Магнит өрісінде рамканың айналуы.

4.Ленц ережесі.

5.Құйынды тоқтар(Вальтенгофен маятнигі,индукциялық пештің моделі).


11 Бөлім. Механикалық тербелістер мен толқындар.Дыбыс пен ультрадыбыс.

11.1 Тербелмелі қозғалыс.Тербелістердің пайда болу шарттары.Гармониялық тербелістер.Тербелмелі қозғалыстың параметрлері:период,жиілік,амплитуда.

11.2 Математикалық маятник.Математикалық маятниктің тербеліс периодының формуласы.

11.3 Көлденең және қума толқындар.Толқын ұзындығы,таралу жылдамдығы және тербеліс периоды (немесе жиілігі) арасындағы тәуелділік.

11.4 Дыбыс табиғаты.Әр түрлі ортадағы дыбыстың таралу жылдамдығы. Дыбыстың қаттылығы,жоғарлығы,тембр.Ультрадыбыс,оның табиғаты және қасиеттері.Ультрадыбысты техникада пайдалану.

Көрсетілімдер

1.Ауырлық күшінің әсерінен болатын еркін тербелістер.

2.Тербелмелі қозғалысты жазу.

3.Көлденең толқындар.

4.Кума толқындар.

5. Дыбысты резонанс.


12 Бөлім. Айнымалы ток.

12.1 Біртекті магнит өрісінде катушканы бір қалыпты айналдыра отырып айнымалы ток алу. Токтың периоды мен жиілігі.

12.2 Айнымалы токтың генераторы туралы түсініктер. ЭҚК-тің, кернеудің, ток күшінің лездік, максимал және нақты мәндері. Айнымалы токтың тізбегіндегі индуктивтік пен электр сыйымдылығы.

12.3 Трансформаторлар. Электр энергиясын өндіру, тарату және жеткізу.Тұрақты токтың генераторлары.

Көрсетілімдер

1. Әмбебап трансформатор.

2. Периодты сигналдардың формасы мен жиілігін бақылау.


13 Бөлім. Электрмагниттік тербелістер мен толқындар.

13.1 Жабық тербелмелі контурдағы энергияның айналуы. Өшетін электромагниттік тербелістер. Электрлік резонанас. Өшпейтін электрмагниттік тербелістерді алу. Жоғары жиіліктегі токтар, олардың қолданылуы.

13.2 Электрмагниттік өріс және оның кеңістікте таралуы. Ашық тербелмелі контур. Электрмагниттік өрістің энергиясы және оның материялығы.

13.3 Радио байланыс принциптері. Қарапайым радиоқабылдағыш. Радиолокация туралы түсінік. Телевизия. Жұлдыздардың радиосәулеленуі.

№6 Зертханалық жұмыс. «Жартылай өткізгіштердің электрлік қасиеттері»

Көрсетілімдер

1. Радиоқабылдағыштардың құрылысы және әсері.


14 Бөлім. Оптика. Салыстырмалық теориясының негіздері.

14.1 Жарық көздері. Жұлдыздар – Ғаламдағы негізгі жарық көзі. Вакуумдегі жарықтың таралу жылдамдығы.

14.2 Жарықтың шағылу заңы. Жарықтың сыну заңдары.

14.3 Линза және оның оптикалық параметрлері. Линзада кескін алу. Оптикалық аспаптар. Көз оптикалық жүйе ретінде.

14.4 Жарықтың интерференциясы. Когеренттік. Ньютон сақиналары. Табиғаттағы жарықтың интерференциясы., оның техникада қолданылуы.

14.5 Жарықтың дифракциясы. Дифракциялық тор. Жарық толқынының қзындығын өлшеу. Поляризация туралы түсінік.

14.6 Салыстырмалық теорияның экспериментальдық негіздері. Эйнштейннің постулаттары. Массаның жылдамдыққа тәуелділігі. Масса мен энергияның өзара байланыс заңы.

№7 Зертханалық жұмыс. «»

Көрсетілімдер

1. Жарық көздері.

2. Жарықтың шағылу және сыну заңдары.

3. Сәуленің параллель қыры бар пластинка арқылы және призма арқылы жүрісі.

4. Линзаның көмегімен кескін алу.

5. Дифракциялық тордың көмегімен жарықтың дифракциясын бақылау.


15 Бөлім. Сәулелену мен спектрлер.

15.1 Жарықтың дисперсиясы. Спектрлік түстердің қосылуы. Денелердің түстері. Үздіксіз спектрде энергияның бөлінуі. Шығару және жұтылу спектрлері. Күннің және жұлдыздардың спектрлері, олардың температурамен байланысы. Спектрлік анализ жөнінде түсінік. Спектрді алуға және зерттеуге арналған құралдар.

15.2 Спектрдің ультракүлгін және инфрақызыл бөліктері. Ультракүлгін және инфрақызыл сәулелердің табиғаттағы рөлі, оның техникада қолданылуы.

15.3 Рентген сәулелері, олардың табиғаты және қасиеттері, ғылым мен техникадағы қолданылуы. Электрмагниттік сәулеленудің спектрі. Жылулық сәулелену және люминесценция.

Көрсетілімдер

1. Спектроскоп, оның құрылысы мен қолданылуы.

2. Электрмагниттік сәулеленудің шкаласы.


16 Бөлім. Кванттық физика.

16.1 Сыртқы фотоэлектрлік эффект. Столетовтің тәжірибелері. Сыртқы фотоэффектің заңдары. Фотондар. Эйнштейннің фотоэффектіге арналған теңдеуі. Ішкі фотоэффект, оның ерекшеліктері. Фотоэффекттің техникада қолдануы.

16.2 Жарықтың қысымы. П.Лебедевтің тәжірибелері. Жарықтың химиялық әсері және оны ұолдану. Фотосинтез туралы түсінік.


17 Бөлім. Атомның физикалық ядросы.

17.1 Атомның құрылысы. Резерфордтың тәжірибелері. Бор постулаттары. Атомдағы энергия деңгейлері. Атомның энергияны сәулелендіруі және жұтуы. Кванттық генераторлар.

17.2 Радиоактивтілік α-, β-, және γ-сәулеленуі. Радиоактивтік ыдырау заңы. Радиоактивті сәулелердің биологиялық әсері. Атом ядросының құрамы. Изотоптар. Атом ядроларының жасанды айналуы.

17.3 Ядролық күштер. Масса дефектісі. Атом ядроларының байланыс энергиясы. Ғарыш сәулелерінің түрлері. Ғарыш сәулелерінің жердің атмосферасында жұтылуы. Басқарылатын тізбекті реакция. Ядролық реактор.

17.4 Термоядролық синтез және оның бар болу шарттары. Термоядролық энергетиканың мәселелері. Материалдық әлемнің дамуының қайтымсыздығы.

17.5 «Кванттық физика» бөліміне арналған есептерді шығару.

Көрсетілімдер

1. Сцинтилляцияны бақылау.

2. Бөлшектердің счетчигі.

3. Вильсон камерасы.


18 Бөлім. Астрономиядан жалпылау мәліметтері.


18.1 Біздің Галактика. Басқа Галактикалар. Галактикалардың екпінді қозғалысы. Космология туралы түсінік. Космологиялық эралар және реликтік сәулелену.

18.2 Жұлдыздардың құрылысы. Жұлдыздардың ядролары табиғи термоядролық реактор ретінде. Квазарлар.


19 Бөлім. Әлеуметтегі физиканың маңыздылығы


19.1 Қазіргі әлемнің физикалық бейнесі. Ғарышты игеру мен адамзаттың ғарышты зерттеудегі болашағы.

19.2 Физика және астрономияға деген қазақстандық ғалымдардың тигізген үлесі.







  1. Жоспарланған оқыту нәтижесін бақылау


Жоспарланған оқыту нәтижесін «Физика және астрономия» пәні бойынша білім беру стандарттың талаптарына сәйкес, білім беру стандарт бағытымен студенттердің дайындық деңгейіне анықталған. «Физика және астрономия» пәні бойынша стандарт барлық студенттердің сол сөзсіз кішігірім мөлшерде меңгеруді міндеттерін белгілеп қояды. Міндетті (кішігірім) деңгейде жетілген нәтижесі болатын қорытындысы - студенттің деңгейі стандарттағы белгілінген талаптарға сәйкес келе ме, жоқ па. Бұндай бақылаудың қорытындысы «жетті» не «жетпеді» бағалармен бағаланады. Студенттердің оқу барысында әр сабақтың бақылау нәтижесі ауызша, жазбаша және жаттығу түрлерінде немесе олардың үйлестірілуінде, (жеке, топтық, фронталдық) сұрау арқылы, оқыту-әдістемелік құралдарда, оқулықтарда құрастырылған бақылау сұрақтар мен тапсырмаларды пайдаланумен жүзеге асырылады.

Студенттердің оқу жұмыстарының тақырыптық бақылау нәтижелері оқытушының өзі таңдаған тақырыптық өздік, бақылау жұмыстарын өткізуәдістері мен бақылау құралдары арқылы жүзеге асырылады.

Ағымдағы оқу үрдісінде білім мазмұнының негізгі деңгейі аясында студенттердің жетістіктері бесбалдық жүйемен бағаланады, қорытынды бағалары мектептің негізгі, жоғары сатыларындағы құжаттарда қойылады.

Студенттердің біліктілігін бағалайтын белгілері мен ережелері

  1. Ауызша жауаптың бағасы:

«5» бағасы

  • жауап толық және дұрыс, оқытылған теориялардың негізіне сәйкес

  • материал нақты логика жүйелілігімен, әдеби тілмен мазмұндалған,

  • жауап өз бетімен айтылған

«4» бағасы

  • жауап толық және дұрыс

  • жауап толық және дұрыс, бірақ 2-3 қате бар, оқытушының талабымен қойылған

«3» бағасы

  • жауап толық, бірақ жіберілген қате маңызды, немесе жауап толық емес, анықтаған дидактикалық материалдармен байланысы жоқ.

«2» бағасы

  • жауап бергенде негізгі оқу материалының маңызын түсінбеушілігі байқалады, немесе оқытушы жетекші сұрақ бергенде жіберілген маңызды қателер, жауап жоқ.

  1. Жазбаша бақылау жұмыстарына бақылау жүргізу:

«5» бағасы

  • жауап толық және дұрыс, маңызды емес бір қате болуы мүмкін.

«4» бағасы

  • жауап толық емес, немесе 2 маңызды емес қате бар.

«3» бағасы

  • жартыға жуық жұмыс орындалған жоқ, 1 маңызды қате және 2-3 маңызды емес қате бар.

«2» бағасы

  • жартыдан аз, және де бірнеше маңызды қате бар.

  • жұмыс орындалған жоқ.

Жазбаша бақылау жұмысты бағалау барысында тұтас орфографиялық ережелерінің талаптарын ескеру қажет.

3. Тест жұмыстарын бағалау:

5 сұрақтардан құрастырылатын тестерді әр материал өткен сайын қолдануға болады. 10-15 сұрақ -мезгілдік бақылауға қолданылады. 20-25 сұрақ қорытынды бақылауда қолданылуы қажет.

Бағалауда мынадай шамалар қолданылады.

«5» сұрақтан шамасы:

Қате жоқ – «5»

1 қате – «4»

2 қате – «3»

3 қате – «2»

30 сұрақтан тест:

22 -25 – дұрыс – «5»

17 – 21 – дұрыс – «4»

7 – 16 – дұрыс – «3»

7-ден аз жауап – «2»

Рефератты бағалау ережелері:

  • Дайындау талаптарын сақтау

  • Рефераттағы ақпараттың тақырыбын ашуға қажеттілігі мен жеткіліктігі.

  • Рефераттағы негізгі тақырыбын еркін мазмұндау студенттердің біліктілігі

  • Аттестациялау комиссияның берілетін сұрақтарының негізін студенттердің түсіну қабілеттері.

























Әдебиет және оқу құралдары


Негізгі әдебиеттер:

  1. Жданов Л.С., Жданов Г.Л. Физика. Учебник для средних специальных учебных заведений. –М.: Наука; 1986

  2. Кронгарт Б.А., Кем В.И., Қойшыбаев Н., Физика/ Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10- сыныбына арналған оқулық/. –Алматы: Мектеп,2006

  3. Мякишев Г.Я., Буховцев Б.Б. Физика/ Орта мектептің 10-сыныбына арналған оқулық/. –Алматы: Мектеп, 2001

  4. Сборник задач и вопросов по физике. Учебное пособие для средних специальных учебных заведений. /Под ред. Р.А. Гладковой. –М: Наука, 1988

  5. Рябоволов Г.И., Самойленко П.И., Огородникова Е.И., Планирование учебного процесса по физике. –М.: Высш.шк., 1991

  6. Дондукова Р.А. Руководство по проведению лабороторных работ по физике. –М.: Высш.шк. 1984

  7. воронцов-Вельяминов Б.А. Астрономия. –алматы: Рауан, 1997

  8. Физика, Вселенная. / Перевод с английского языка под ред. А.С.Ахматова. –М: Наука,1973

Қосымша әдебиеттер:

  1. Прокофьев В.Л., Дмитриева В.Ф. Физика. –М., 1983

  2. Методика преподавания физики в средних специальных учебных заведениях/ Под ред. Пинского А.А., Самойленко П.И. –М.: Высш.шк. 1986

  3. Рябоволов Г.И., Дадашева Н.Р., Курганова В.А. Сборник дидактических заданий по физике. –М.: Высш.шк. 1985

  4. Степанова Г.Н. Сборник задач по физике. –М.: Просвещение, 1995

  5. Рымкеевич А.П. Сборник задач по физике. –М.: просвещение,1995

Қосымша ұсыныс құралдары:

  1. Электрондық оқулықтар.

  2. Видеопроектор.

  3. Модельдер

  4. Диафильмдер

  5. Электрондық оқулықтар



1



Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 02.09.2016
Раздел Физика
Подраздел Рабочие программы
Просмотров114
Номер материала ДБ-174296
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх