Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыПрощальный утренник дошколной группы

прощальный утренник дошколной группы

Скачать материал

Тақырыбы: « Біз бүлдіршін баламыз

Бірінші сыныпқа барамыз»

(тілашар ертеңгілігі)

 

Мақсаты:Бүлдіршіндердің жыл бойы үйренген өнер-білімдерін  

                    бекіту.

                 Ән айтып,би билеу,сахналық қойылымдар арқылы

                  олардың сахна мәдениетін          

                 сақтай білуге,өнер-білімге деген құштарлықтарын дамыту.

                Адамгершілікке,әдептілікке,сыпайылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі:Мерекеге сай безендірілген сахна

Әдісі:мерекелік концерт.

Мұғалім:-Қош келдіңіздер құрметті ата-аналар,қадірлі ұстаздар қауымы және балғын бүлдіршіндерім.

Өтті міне көп күндер

Алты жасқа жеттіңдер

Барасыңдар бірінші сыныпқа

Бір белестен өттіңдер

Өсті ақыл ойларың

Өсті міне бойларың

Қуанышқа ортақпыз

Құтты болсын тойларың!

 

Бүгінгі тілашар тойымызды ашық деп жариялаймын.Тілашарды ең алдымен бүлдіршіндерімді   әкесінің аты мен есімдерін айтып  ортаға жеке шақырудан бастаймын.

 

Әбдіқадырұлы Яссин

Ізбасарқызы Альбина

 Енді Яссин мен Альбина өз достарын ортаға  шақырады.

 

1.Рақымжанқызы Күннұр

2.Омарұлы Берекет

3.Жалғасқызы Әсемгүл

4.Көмекбайұлы Данияр

5.Наурызбайқызы Гүлдана

6.Қайратұлы Мадияр

7.Жасұланқызы Нұрсая

8.Нұржаубайұлы Бекзат

9.Бауыржанқызы Айкүн

10.Ақанқызы Ақбөбек

11.Азаматұлы Досжан

12. Асқарқызы Айнұр

13.Әлібекұлы Ерқайнар

14.Ізбергенқызы Ұлболсын

15.Асылбекқызы Ақбота

 

Жүргізуші:

Ау ағайын ағайын

Мұнда назар салайық

Бүлдіршіндер ортада

 

Мадияр мен Альбина:

 Шашу шашу шашайық

Ақ сандықты ашайық

Бұл мереке бұл тойдың

 Бастаңғысын жасайық

 

Әжелер шашу шашады

 

Жүргізуші

Шашу шашу теріңдер

Әжеміз шашты тәттілер

Би билесін бишілер

«Шашу» биін көріңдер

 БИ:  «ШАШУ»

 

ХОР:  «Жас дәуірдің түлегіміз»

 Мадияр:

Жеті жасқа толамыз

Саналы ұрпақ боламыз

Ата-ананы қуантып

Бірінші сын.барамыз

 

Ақбөбек

Қуантып әрі қинайды

Дайындықтан алыс кеткенім

Қажет қой бірақ білімнің

Теңізінен өткенім

 

Бекзат

Әліппеден әріп танып

Алғаш рет оқимыз

Тәрбиеден тәлім алып

Санамызға тоқимыз

Айкүн

«5»болсын алар бағамыз

Білімнен бақыт табамыз

Өнер білім  көп тоқып

Өсе берсін санамыз

 

Данияр

Нағыз білім ырыс бақ

Дүниені тұр ұстап

Енді біздер сабаққа

Кірісеміз дұрыстап

 

Көрініс «Әке өсиеті»

(автор,қария,Жалдқаубек пен Білгішбек)

автор :Өткен заманда  дана қария болыпты.Оның екі ұлы бар екен.Бірде қария ұлдарын шақырып алып былай депті:

қария -Балаларым ,мен қартайдым.сендер ержеттіңдер.екеуіне айтар тапсырмам бар.егер көңілімнен шықсаңдарбар байлығымды мұраға беремін.

Сонда үлкен ұлы

:Жалқаубек

-Қандай тапсырма?қиын емес пе?-дейді

қария -Маған азбайтын азық,тозбайтын тон,сарқылмайтын қазынаның не екенін тауып әкеліңдер,-дейді

автор Үлкен ұлы желкесін қасып

 

Жалқаубек

-Дүниені кезіп көрейік,табылса әкелермін.

Автор:-деп інісін ертіп жолға шығады.Аз жүрді ме,көп жүрді ме білмеймін бір уқытта алдарынан зәулім ,әдемі қызғылт түсті бір ғимаратқа кездеседі

Білгішбек

-мына үйдің ішінде не бар екен?кіріп көрейік.

Жалқаубек:

-Мен шаршадым.көлеңкеге жатып демалайын.сен бара бер

Білгішбек

-мәссағаан,қандай керемет.мен қайда келдім?

Мұғалім

-Бұл –мектеп.Білім ордасы.осы жерден іздегеніңді табасың.Сен кімсің?қайдан келдің?

Білгішбек

-Менің атым Білгішбек.Ағам екеуміз әкемнің тапсырмасымен жүрміз.мен шынымен осы жерден іздегенімді таба аламын ба?

Мұғалім:

-ендеше келіңдер ,қонақ болыңдар.ағаң қайда?

-Жалқаубек ағам сыртта қалды

Автор:

-жалқаубек алма ағашының көлеңкесінде жатып былай дейді:

Жалқаубек-Алма піс аузыма түс.Жол жүріп шаршап қалғаным ай,шіркіін ана алманың біреуі өзі ақ аузыма топ етсе ғой...

 

Хор: «Жалқау бала біз емес»

 

Жалқаубек:

-Мәссағаан,кім жалқау,мен тек шаршағасын демалайын деп жатырмын ғой

Білгішбек

-Аға келдің бе? Мынау мектеп екен.біз осы жерден әкемнің айтқанын  табатын сияқтымыз.отырып қонақ болыңдар деді апай.

Жалқаубек:

Қойшей,сенде айтады екенсің.маналар шынашақтай болып қазына байлықты санай білетініне күмәнім бар.

 Жүргізуші:

Балғын бөбек достарым

Кәне назар салыңдар

Саусақ бүгіп санаңдар

Санамақты бір-бірлеп

жатқа айтып қараңдар.

 

Ерқайнар:

Бір дегенім білім

Төрт пен беске ілін

Алып жүргін балам

Мұғалімнің тілін

Әсемгүл

Екі дегенім еңбек

Еңбекпен іс өнбек

Жалқау болсаң балам

Бар қиындық төнбек

Мадияр

Үш дегенім үміт

Жайдары жүр күліп

Сотқар болсаң балам

Атанасың бұзық

Ұлболсын

Төрт дегенім төзім

Сабырлы бол өзің

Ал асықсаң балам

Мәнсіз болар сөзің

Берекет

Бес дегенім берік

Жақсылық болсын серік

Жалқау досқа балам

Кете көрме еріп

Күннұр

Алты дегенім ақыл

Бол ақылды батыр

Атаң не айтса балам

Құп алғаның мақұл

Досжан:

Жеті деген жеңіс

Тұр алдыңда көп іс

Тым ұзаққа созбай

Орындап шық тегіс

Данияр:

Сегіз дегенім сенім

Сенсін саған елің

Соны ойла сенім

 Ақталмайды тегін

Бекзат

Тоғыз деген тоқтам

Қызулы бол шоқтан

Сақ болғайсың балам

Тілсіз жауың оттан

Айкүн:

Он дегенім оқу

Қажет емес қорқу

Білгеніңді балам

Көңіліңе тоқу

 

Жүргізуші:

Айгөлек-ау,айгөлек

Айдың жүзі дөңгелек

Ақбөбек кеп ортада

Би билейді дөңгелеп

Би «Әке толғауы» Ақбөбек

Әліппе бізде қонақта

 (әліппе әнімен келеді)

Әліппе:

Сәлем,сәлем достарым

Ашық болсын аспаның

Ойыншықпен қоштасып

Әліппемен достасып

Күзде қайта келерсің

Сендерді күзде күтемін

Қолыңа келіп түсемін

Әріпті көркем жазуға

Сөздерден сөйлем оқуға

Үйрететін боламын

 

 Хор: «Мектеп бізге үйретеді»

 

Біздерде  бар  серілер

Сай тасындай жігіттер

Бар өнерге салады

Серілер биін билейді

 

 Би : «Денсаулық»

 

Ақпыз, қара, сарымыз,

Ағайынбыз бәріміз

Испан биін ортаға

Арулар келсін ырғала

 Би : «Испан »

 

Яссин:

Тәуелсіздік жолында

Талай-талай тер тамған

Билігі өз қолында

Еркіндігім елтаңбам

Құт береке шаңырақ

Орын алған ол төрден

Қанатты қос арғымақ

Екі жақтан көмкерген

 

Айнұр:

Әнұраным асқақтап

Бар әлемге шыпрқалды

Мақтанышы қазақтың

Нұраға Шәмші әуені  айбарлы

 

Гүлдана:

Зеңгір аспанкөгілдір

Алтын күні төрінде

Тамылжытып төгіп нұр

Шаттық сыйлар көңілге

Көк аспандай көгілдір

Қазақстан байрағы

Тұнығындай  көгілдір

Ортада аспан әлемі

 

 Ән «Көк тудың желбірегені» Бекзат

 

Көктем келді құлпырып

Айнала жасыл  жайдары

Кызыл ,сары ,ақ гүлдер

Тербеліп желмен жайқалды

 Би : «Көктем»

 

Ерқайнар.:

Ата-ананың тілегі

Адам болып өскенің

Адамдықтың тілегі

Адал болып өскенің

 

Нұрсая:

Қуанамыз сыйлаймыз

Қуаныштың мың гүлін

Алғашқы топта қимаймыз

Қоштасатын күн бүгін

 

Күннұр:

Біз балауса баламыз

Жетілді ой санамыз

Дайындықпен қоштасып

Біріншіге барамыз

 

Ұлболсын:

Менде кітап аламын

Менде оқуға барамын

Жаман бала дегізбей

Беске оқитын боламын

 

Досжан:

Жақсылыққа құмармыз

Жақсы адам боп шығамыз

Таза сәби жүрекпен

Айтамыз сізге мың алғыс

Оқимыз білім аламыз

Болашақ жолын саламыз

Дайындықпен қоштасып

Біріншіге барамыз

 

 

Хор: Ұстазым

 

Ойын: «иә-жоқ»

Балаларға:

-Таңертең ерте тұрамыз ба?

-Ұйқым келді деп жылаймыз ба?

-Бестік баға аламыз ба?

-Жаңбырдан соң су кешіп ойнаймыз ба?

-Анамыздың тілін аламыз ба?

-Сабақтан қалмай барамыз ба?

 

Ата-анаға:

-Сериал көріп жатамыз ба?

-Үй тапсырмасын орындауға көмектесеміз ба?

-Оқу құралдарын түгендеп береміз ба?

-Оқыту мұғалімнің жұмысы деп кері тартпа сөз айтамыз ба?

 

Білгішбек Жалқаубекке:

-Аға сіз не байқадыңыз?

Жалқаубек:

-Мен азбайтын ақылды таптым

Білгішбек:

-Мен тозбайтын тонды таптым

Екеуі бірге:

-Біз сарқылмайтын қазынаны таптық. Оның бәрі кітапта екен

Жалқаубек:

-Білгішбек сен білесіңбе?

Менің шын атым Жарасбек қой

Енді жалқау болмаймын

Өзіңмен жарасып ойлаймын

 

Мұғалім:

Жарайсыңдар достарым іздегенді тапсаңдар үйлеріңе барып қарияны қуантыңдар

 

Жолдар, жолдар

Басталады ең алғашқы қадамнан

Жолдар,жолдар

Сан тарауға таралған

Біріншіге қадам аттар балалар

Жолдар биі өздеріңе арналар

 

 Би: «Жолдар-жолдар»

 

 

Хор:

Қуанышымыз біздің мол

Біріншіге тарттық жол

Ұмытпаймыз өзіңді

Гүлжайна апай қош сау бол!

 

Ән: «Ұстазым» Альбина

 

Мұғалім:

Есімде бәрі есімде

Алғашқы білім күнінде

Жәудіреген жанармен

Күлімдеген жүздерің

Келіп едің алдыма

Бір шоқ гүлді ұсынып

Бүлдіршін бала достарым

Сендермен өтті қыс жазым

Жіберемін қимастан

Бастауыш білім бағына

 

Бүгінгі той бәрімізге құтты болсын!

 Дендеріңіз сау аман есен мықты болсын!
 Мектеп есігі әрқашанда ашық болсын!
 Біріншіге баратын қадамдарың құтты бо
лсын!

 

Бәріміз назар салайық

Атадан бата алайық

Баталы ер арымас

Баталы бота болайық.

Айнұрдың атасы бата береді

 

Қонақтарға сөз беру.

1.Оқу ісінң меңгерушісі Бақтыгүл Ашықбайқызы

2.Ата –аналарға

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 «Күйкен» орта мектебі ММ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Біз бүлдіршін баламыз,
Бірінші сыныпқа барамыз

Тілашар ертеңгілігі.

 

Мектепалды дайындық «В»тобы

Жетекшісі:  Жұмаханова Гүлжайна

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2015 жыл  мамыр

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Прощальный утренник дошколной группы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Мастер зеленого хозяйства

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Тақырыбы: « Біз бүлдіршін баламыз

Бірінші сыныпқа барамыз»

(тілашар ертеңгілігі)

Мақсаты:Бүлдіршіндердің жыл бойы үйренген өнер-білімдерін

бекіту.

Ән айтып,би билеу,сахналық қойылымдар арқылы

олардың сахна мәдениетін

сақтай білуге,өнер-білімге деген құштарлықтарын дамыту.

Адамгершілікке,әдептілікке,сыпайылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі:Мерекеге сай безендірілген сахна

Әдісі:мерекелік концерт.

Мұғалім:-Қош келдіңіздер құрметті ата-аналар,қадірлі ұстаздар қауымы және балғын бүлдіршіндерім.

Өтті міне көп күндер

Алты жасқа жеттіңдер

Барасыңдар бірінші сыныпқа

Бір белестен өттіңдер

Өсті ақыл ойларың

Өсті міне бойларың

Қуанышқа ортақпыз

Құтты болсын тойларың!

Бүгінгі тілашар тойымызды ашық деп жариялаймын.Тілашарды ең алдымен бүлдіршіндерімді әкесінің аты мен есімдерін айтып ортаға жеке шақырудан бастаймын.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 447 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 26.06.2015 775
    • DOCX 77.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жумаханова Гулжайна Алдабергеновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 58730
    • Всего материалов: 12

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Инновационные технологии управления профессионально-педагогической деятельностью учителей начальной и средней школы в условиях реализации ФГОС

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 84 человека

Курс повышения квалификации

Инструменты в преподавании кубановедения в соответствии с ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 162 человека

Курс повышения квалификации

Развитие предметных навыков при подготовке младших школьников к олимпиадам по математике

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 101 человек

Мини-курс

История и основы галерейного бизнеса

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Figma: основные принципы дизайна и композиции

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 106 человек из 40 регионов
  • Этот курс уже прошли 15 человек

Мини-курс

Анализ межпредметных связей: связь педагогики с научными дисциплинами

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе