Инфоурок Школьному психологу Другие методич. материалыПсихокоррекциялық сабақ: "Өмір, жар, дос..."

Психокоррекциялық сабақ: "Өмір, жар, дос..."

Скачать материал

 

№ 36  қазақ  орта  мектебі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Өмір, жар, дос»

 

 

 

 

 

 

 

Өткізген:

Мектеп  психологтары – Г.Туреева

Ш.Жакипова

Қатысқан: жас  мамандар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2014 – 2015  оқу  жылы

Тақырыбы: «Өмір, жар, дос»

Уақыты: 20.02.2015ж.

Мақсаты:

қарым-қатынас дағдысын қалыптастыру, өзара тиімді әрекеттестікке кедергі келтіретін ішкі барьерлерді, ширығуларды жою;

-        жас мамандардың ашылуына, өз әріптестеріне өздерін көрсете білуіне көмектесу;

-        жас мамандар өздерін педагогикалық ұжымның бір бөлшегі ретінде сезінуіне, бейімделуіне ықпал жасау;

-          қатысушыларды тренингтік топтардың негізгі жұмыс принциптерімен таныстыру.

 

Барысы:

«Ғажайып  қала»

Ерте  заманда  «ғажайып  қала»  атты  қала  болған. Ғажайып  қала  тұрғындарының  ерекшелігі  билегенді  ұнатады  екен. Музыка  тоқтағанда  олар  бір  бірімен  амандасқан. Ендеше  қазір  бәрімізде  музыкаға  билейміз, билемес  бұрын   әркім  өзіне  жұп  тауып  алады. Музыка  1ші  тоқтағанда  қол  алысып  амандасамыз, 2ші  тоқтағанда  аяқпен, 3ші  тоқтағанда  иықпен, 4ші  тоқтағанда  құлақпен, 5ші  тоқтағанда  мұрынмен  амандасамыз.

Бой сергіту: «Орын алмасамыз»

Қатысушылар шеңбер жасай орындықта отырады. Жүргізуші ортаға шығып былай дейді: «Кәнеки, кімде-кімнің... (шашы ұзын болса, көзілдірігі болса) немесе кім... (ұнамағандарды қуып шыға алатын болса, тігін тіге алатын болса деген секілді жұрттың сыртқы белгілері немесе қабілеттері аталады)бір-біріңмен орын  ауыстырыңдар». Мақсат аталған белгілері немесе қабілеттері бірдей кісілердің орындарын  ауыстыру. Жүргізушінің  мақсаты - кез келген  босаған  орынға  жылдам отыра қою. Кім отырып үлгіре алмаса, енді сол жүргізуші болады.

-          Бәріңізге де үлкен рахмет! Бәріңіз де бой сергіту жаттығуын ойдағыдай орындадыңыздар! Енді түгел орындарыңызға қайта отырыңыздар.

 

Бой сергіту: «Молекулалар»

-          Топ бөлмеішінде бей-берекет   түрде қозғалады. Жүргізуші «Қанеки, 3-5 адамнан бірнеше топқа бөлінейік» деп хабарлайды. Жұрт тез арада айтылған мөлшермен жинақталып, бірнеше топ құрайды.

 

“Үй, адам, өзгеріс” тренингі

*        Мақсаты:

*        Жасырын сезімдердің сыртқа шығуына көмектесу,өзіндік сана шекарасын кеңейту,психологиялық денсаулықты нығайту.

   Нұсқау:

*        Қатысушылардың арасынан әр жұпқа 3 адамнан шығады. Екі адам бірігіп үйді құрайды. Бір адам құралған үй ішінде болады.”Үй” деген белгі берілгенде үйлер орындарын ауыстырады. “Адам” деген белгі берілгенде адамдар орындарын ауыстырады. “Өзгеріс” деген белгі берілгенде барлық қатысушылар орындарын ауыстырады.

Психологиялық  тест  «Өмір,Жар,Дос»

Сіз қандай адамсыз, қалай өмір сүріп жатырсыз, өмірге көңіліңіз тола ма... Өзіңізге беймағұлым өз ішкі жан әлеміңіздегі құпияларды психологиялық сынақ арқылы анықтаңыз. Әр сұрақтың жауабын есіңізге сақтап отырыңыз немесе жазып алыңыз. Жазба соңында жауаптарымен салыстырасыз.

Жыныс орманды аралап келе жатқаныңызда, алдыңыздан бір күркеше кезікті дейік:

1. Сізше күркешенің есігі қалай тұр? (Жабық не ашық)

2. Үйдің ішіне кіргенде бір үстел көзіңізге шалынды, сізше үстелдің формасы қандай? (Дөңгелек, сопақша, квадрат формалы, тік төртбұріш формалы, үшбұрыш формалы)

3. Үстелдің үстіне бір гүл құмырасы қойылған, бұл құмырада су бар, сізше бұл құмыраға қаншалықты су құйылған?(Толтырылған, орта, су жоқ)

4. Сізше бұл құмыра қандай материалдан жасалған? (Әйнектен, фарфордан, балшықтан, метәл, пластик)

5. Сәлден кейін бір сарқырамаға келесіз, сол арада жарқ-жұрқ еткен бір затты көрдіңіз, ол затты иіліп алсаңыз бір топ кілт тағылған кілтілгіш екен. Сізше онда қанша кілт бар? (Бірден онға дейін)

6. Бұл жерден өтіп, тағы да жолға шықтыңыз, жолдың сорабын іздеп жүргеніңізде алдыңыздан қала қорғаны көзіңізге шалынды, сізше бұл қандай қорған? (Ескіқорған, жаңақорған)

7. Қала қорғанының ішіне кіріп жүріп келе жатқаныңызда алдыңыздан бір ластанған малтау көлшігі кезігеді, кенет былғанған көлшік бетінен жалт-жұлт етіп жатқан асыл тастарды байқайсыз, сіз бұл асыл тасты қайтесіз? (Аламын, алмаймын)

8. Ластанған көлшіктің қасында тағы бір көлшік бар, бұл көлшіктің суы мөп-мөлдір, бетінде ақша қалқып жүреді, оны сіз теріп аласызба? (Аламын, алмаймын)

9. Қалақорғаныныңендібірбасындашығатынесік бар, сіз осы есікарқылықалақорғанынаншығыпкеттіңіз. Оданшыққаныңыздаүлкенгүлбақшасынкөрдіңіз, бақшаданбірсандықкөзіңізгетүсті. Сізшесандықтыңүлкендігіқандай?(Кішкене, орташа, үлкен)

10. Сандық қандай материалдан жасалған? (Қатты қағаздан, ағаштан, металдан)

11. Сандыққа жақын жерден гүлбақшаның ішінен көпір көрінеді. Сізше оны неден салған? (Металдан, ағаштан, өсімдіксабағынан)

12. Көпірдің қасына келгеніңізде бір арғымақты көресіз, сізше арғымақтың түсі қандай? (Ақбоз, күрең, қара)

13. Арғымақ не істептұр? (Тынш мүлгіп тұр, жайылып тұр, шапқылап жүр)

14. Арғымаққа жақындау жерде қатты құйын соғып кетті, сіз не істейсіз?

·         Жүгіріп барып сандыққа тығыламын.

·         Жүгіріп барып көпірдің астына тығыламын.

·         Арғымаққа міне қашамын.

 

Жауап:

1. Есік.

Ашық есік: сіздіңқандайісболса да басқалар мен ортақ игіліктенуді қалайтын адам екеніңізді бейнелейді.

Жабық есік: қандай іске тап болсаңыз да жалғыз өзіңіз шешуді жөн санайтын адам екеніңізді бейнелейді.

2. Үстел.

Дөңгелек, сопақша формадағылар: сізге серік болатын бірнеше достарыңыз бар, сіз оларға өте сенім артасыз.

Квадрат, тіктөртбұрыш формалылар: сіз ДОС  талғайсыз, тек жақсы танитын адамдарыңызбен ғана дос бола аласыз.

Үшбұрыш формалылар: сіз өте қазымыр адамсыз, сондықтан досыңыз көп емес.

3. Құмырадағы су.

Құрғақ: сіз көз алдағы тұрмысыңызға риза емессіз.

Орташа су: сіздің тұрмысыңыз сіз армандаған тұрмысқа жартылай болса да жақын.

Толы су: сіз қазіргі тұрмысыңызға өте ризасыз.

4. Құмыраның материялы.

Әйнек, фарфор, балшық: сіздің тұрмыста дәрменсіз, басқалардың көмегіне мұқтаж екеніңді бейнелейді.

Метал, пластик: сіздің тұрмыста мықты адам екеніңізді бейнелейді.

5. Кілт.

Тек бір ғана: сіздің тек жалғыз досыңыз ғана бар.

Бірден беске дейін: сіздің бірнеше досыңыз бар.

Алтыдан онға дейін: көптеген достарыңыз бар.

6. Қала қорғаны.

Ескі қорған: сіздің өткен өміріңізде араласқан достарыңыз жайлы көңілсіз, еске алуға татымайтын істер болған.

Жаңа қорған: сіздің өткендегі достарыңызбен болған тамаша қарым-қатынас сезіміңіз жүрегіңіздің түпкірінде сақталған.

7. Лас көлшіктегі асыл тас.

Алған болсаңыз: сіздің өмірлік жарыңыз қасыңызда болса да, сіз басқаларға қырындайсыз.

Алмаған болсаңыз: сіздің өмірлік қосағыңыз қасыңызда болса, сіз тек осы адаммен бірге боласыз.

8. Мөлдір көлшіктегі ақшалар.

Алған болсаңыз: сіздің өмірлік қосағыңыз сіздің қасыңызда болмаса, сіз маңайдағыларыңызбен жақсы боласыз.

Алмаған болсаңыз: сіздің өмірлік қосағыңыз сіздің қасыңызда болмаса да, сіз оған мәңгі адалсыз.

9. Сандықтың үлкен-кішілігі.

Кішкене: жауапкерсіз.

Орташа: мәлім мөлшерде жауапкершілік бар.

Үлкен: жауапкершілігі күшті.

10. Сандықтың материалы.

Қатты қағаздан, ағаштан (сырты жарқырамайды): сіз кішіпейіл жансыз.

Метал: мақтаншақ әрі тоңмойын жансыз.

11. Көпірдің материалы.

Метал: достарыңызбен өте жақын, қою байланыстасыз.

Ағаш: достарыңызбен белгілі дәрежеде байланыстасыз.

Өрім: сіздің айналаңызда ешқандай досыңыз жоқ.

12. Аттың түсі.

Ақбозат: сіздің қосағыңыз сіздің жүрегіңізде кіршіксіз әрі ардақты.

Күрең арғымақ: сіздің қосағыңыз сіздің жүрегіңізде әдеттегідей ғана.

Қара тұлпар: сіздің қосағыңыз сіздің жүрегіңізде тым жақсы емес тіпті жаман болу мүмкін.

13. Аттың қимылы.

Тыныш тұрған не жайылып тұрғанды таңдаған болса: сіздің қосағыңыз үйдің қамын жейтін кішіпейіл адам.

Шапқылағанды таңдаған болса: сіздің қосағыңыз тұрпайы адам.

14. Ең соңғы әрі ең маңызды сұрақ, иә, әңгіменің аяғы боран соққанға келді, сол жағдайда не істедіңіз:

·         Жүгіріп барып сандыққа тығыламын.

·         Жүгіріп барып көпірдің астына тығыламын.

·         Арғымаққа міне қашу.

Қазір біз бұл заттардың нені бейнелейтініне қарайық:

Соққан құйынсіздің өміріңіздегі қиыншылық.

Сандық: өзіңіз

Көпір: досыңыз

Жылқы: өмірлік қосағыңыз.

Сандыққа тығылу: қандай қиыншылыққа кездессеңіз де жалғыз өзіңіз қарсы тұрасыз.

Көпірдің астына бару: мейлі қандай уақытта қандай қиншылыққа жолықсаңыз да достарыңызбен бірге шешесіз.

Тұлпарды таңдаған болсаңыз: қандай қиыншылық, боран-шашынды күнде де өмірлік қосағыңызбен бірге өткізесіз.

 

Қорытынды:

Жаттығу «Кездескенше» (Барлық қатысушылар шеңбер жасап түрегеп тұрады).

Менің қолымда кішкентай ғана сиқырлы күн бар. Ол сіздерге жылу, қуаныш, табыс, бақыт, сүйіспеншілік сыйлайды. Сіздер оны бір-біріңізге бере отырып, тренинг туралы өз әсерлеріңізді, қалай болғандығы жайлы айтып, пікірлеріңізді білдіресіздер, әрине, осымен бірге әріптестеріңіздің атына өз тілектеріңізді жолдайсыздар.

Тренинг аяқталды. Бәріңізге көп-көп рахмет айтамыз. Өздеріңізбен бірге жұмыс жүргізу үлкен ғанибет. Біз бүгінгі сабақта алға қойған міндеттерімізді орындадық деп ойлаймын. Сіздерге кәсіби қызметтеріңізде табыс тілеймін! Кездескенше!

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Психокоррекциялық сабақ: "Өмір, жар, дос...""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Психолог

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 624 754 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.12.2015 971
    • DOCX 28.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жакипова Шынар Абылкасымовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жакипова Шынар Абылкасымовна
    Жакипова Шынар Абылкасымовна
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 9754
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Основы специальной психологии и коррекционной педагогики в контексте требований ФГОС

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 27 человек из 18 регионов

Курс повышения квалификации

Основные аспекты психоанализа детского возраста

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Способы повышения мотивации и формирования ответственности у детей и подростков

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 56 человек из 23 регионов

Мини-курс

Управление коммуникациями в кризисных ситуациях

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Интеллектуальная собственность: медиа и фотографии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стратегии антикризисных коммуникаций и управление репутацией в современном бизнесе

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе