Инфоурок Школьному психологу Другие методич. материалыПсихологическая диагностика "Мен қаладым"

Психологическая диагностика "Мен қаладым"

Скачать материал

«Мен қаладым» саралаушы – диагностикалық сұрақнамасы

 

 Бұл сұрақнамаға сенің бейімділігінің мен кәсіби қызығушылықтарыңа жауап алуға мүмкіндік береді. Сұрақнама негізінде адамды еңбек процесінде байланыстыратын заттар мен нысандар белгісіне қарай, барлық мамандық түрлері 6 типке бөлінген.

Басқа адамдар. Бұған көбінесе, адамдардың өзара қарым-қатынасы, олардың бір-біріне тигізетін әсеріне байланысты мамандықтар жатады. Мысалы, дәрігер, менеджер, мұғалім, психолог, әлеуметтік қызметкер, сатушы, жаттықтырушы. Бұл мамандықтарға икемделу үшін адамдармен тіл табысып үйреніп, қарым-қатынасқа бейімделу керек. Мұндай мамандықтарға кәсіби даярлау екі  негізгі бөлікті біріктіреді: біріншісі - жұмысты орындау саласына байланысты (мысалы, жаттықтырушы өз спорт түрін жақсы білсе, сатушы ұсынатын тауарларының ерекшелігін), екіншісі – адамдармен тиімді іскерлік қарым – қатынас  жасауға даярлау.

Табиғат. Мұндай жұмыс тірі табиғат нысандарына бағытталған. Мысалы, бұл агроном, фермер, кинолог, ветеринар, гүл өсіруші, микробиолог, ара өсіруші, орманшы, қызметтеріне байланысты. Биологиялық нысандары күрделі, стандартқа сәйкессіз өзгермелі, олармен табысты жұмыс істеу үшін ішкі сезім, қамқорлық, бастама көрсету, жеке жұмыс тән. Әдетте адамдар тірі нысандарға өзгеше қарым-қатынас көрсетеді. Кейде табиғат демалыспен байланыстырылады. Бірақ мұндай бейім түрін өзіне мамандық ету үшін бір ғана сүйіспеншілік жеткіліксіз, ол үшін өсімдіктер әлемінен және жануарлар дүниесімен үнемі әрі белсенді байланыста болу қажет.

Техника. Бұл мамандықтар: техникалық тетіктерді қайта жөндеу мен қызмет көрсетуге байланысты жүргізуші, ұшқыш, поезд машинисті, компьютер жүйесіне қызмет көрсететін маман, инженер-технолог және т.б. Сонымен қатар, бұл мамандықтар тобына «жұмысшы» деп аталатын балқытушы, дәнекерлеуші, станокшы, краншы және т.б. жатады. Мұндай мамандар негізінен пайдалы қазбаларды қазу мен өңдеу, металлургия, машина жасау, көлік құрылыста жұмыс істеу үшін өнеркәсіптің түрлі салаларында қажет. Осы типтес мамандық салаларына табысқа жету үшін техникалық ақыл-ой, дәлдік, нақты әрекеттерге деген бейімділік керек.

Белгілер жүйесі. Бұл мамандықтарда мәтінмен, құжаттармен, түрлі қор деректерімен, математикалық қосындылармен істелетін жұмыс басым болып келеді. Мысалы, аудармашы, программист, бухгалтер, экономист, корректор, іс-жүргізуші, эксперт-сараптамашы. Мұндай жұмыстар үшін асқан дәлдік, шыдамдылық, сараптап - саралайтын ақыл – ой қажет. Мәтіндерге, кестелерге, формула, сызба, карта, түрлі сипаттағы шартты белгілерге деген қызығушылығы болғаны жөн.

Көркем образ. Мұндай мамандардың қызметі түрлі бейнелеу құралдары арқылы көркем образдарды ойлап табуға, жетілдіруге, жөндеуге бағытталады. Бұл сұңғат, мүсін, сәулет өнері, әдеби редактор, режиссер, кинооператор, дизайнер, көркем шығарманы жөндеуші мамандықтарын жатқызуға болады. Мұндай мамандықтар шығармашылық жұмыстарды қажет ететіндіктен, оны меңгеру үшін соған сәйкес қабілеттер, ой-қиялының күштілігі, жаңа ерекше жағдайларда әрекет етуге дайындығы керек.

Адамның өзі. Бұл мамандықтар адамның өзін-өзі жетілдіруге негізделгендіктен, жалақыны жұмыс нәтижесіне байланысты алады. Мұндай мамандықтар көп емес, бірақ олардың жұмысы көпшіліктің алдында. Мәселен, спортсмендер, каскадерлер, кино және театр актерлері, әншілер, фотомодельдер, цирк әртістері. Бұл мамандық түрлері бойынша жетістікке жету үшін адам табиғатынан зейінді, қабілетті, көпшіліктің алдында өзін көрсетуге талаптануы мен соған дайын болуы, өзін-өзі дамытуға, жетілдіруге ұмтылуы, ішкі және сыртқы кедергілерді жеңе білуі шарт.

Кейбір мамандықтарды осы аталған типтердің ешқайсысына да жатқызуға болмайды, олар осы типтердің ортасында жүреді. Сөзіміз дәлелді болу үшін банк жүйесіндегі кассир-операция жүргізушіні айтып көрелік. Ол өз клиенттерімен қарым-қатынас жасайды,  ақша түскен жағдайда деректер қорын толтырады, есептерді қадағалап отырады, жұмысында компьютерді белсенді қолданады. Шаштараз да солай, өз клиенттерімен байланыста болады және түрлі шаш үлгілерін ойлап табады. Хатшы-секретардың (кеңсе менеджері, директордың көмекшісі) да жұмысы сондай, мекемеге келген адамдармен қарым-қатынас жасайды, телефонға жауап береді, компьютерді қолдана отырып, құжаттарды рәсімдейді, операцияларды орындайды. Сонымен қатар «фирманың бет-бейнесі» ретінде танылатындықтан, сыртқы жүріс-тұрысы соған сай болып, өзін көрсете білу керек.

Келесі әдістеме сенің қандай еңбек құралымен жұмыс істеуге бейім екендігін көрсетеді.

Нұсқау: сен белгілі бір оқу түрін тәмамдаған соң, кез келген жұмысты біркелкі табысты істеуге қабілетті болып шықтың делік. Кестеде алуан түрлі жұмыс түрлері берілген. Егер жұмыс жұбының біреуін ғана таңдау қаежт болса, сен қайсысын қалар едің? Кестеде келтірілген түрлі жұмыс жұптарынан өзіңе ұнамды  біреуін ғана таңдап ал да, оның нөмірін жаз.

 

Нашақорлықта пайдаланатын заттарды іздеп табатын қызмет иттерін өсіру мен тәрбиелеу.

Тұрмыстық техникалардың жаңа үлгілерін жасап шығару

Авария мен зілзала апатынан кейін адамдарды құтқару

Құжаттарды куәландыру, сенім хат пен келісім – шартты рәсімдеу

Музыкалық топта ән салу

Үнемі жаттығу, жетілдіру арқылы жаңа спорттық нәтижелерге жету

Компьютерлер мен құралдардың жұмысын жөндеу, ретке келтіру

Тауарлар туралы әңгімелеу, адамдарды сатып алуға үгіттеу

Ғылыми мәтндерді аудару

Әңгіме, сценарий, фельетон жазу

Ауыр дене салмақтарына төзімді болу үшін өз ағзаңды жаттықтыру

Сирек кездесетін өсімдіктерді қорғауда іс-шаралар жүргізу

Оргтехника, компьютерлер мен телефондарды жөндеу.

Басылымға дайындалып жатқан мәтіннің мағыналық және стилистикалық қателерін түзету

Ғимарарттарды гүлмен безендірумен айналысу

Ластанған орта жағдайында өсімдіктер мен жануарлардың жай-күйін саралау

Автомобиль, автобус, трейлер, поезд локомотивтерін басқару

Компьютердің көмегі арқылы фото суреттерді түзету немесе музыканы іріктеу, үйлестіру

10а

Спорт зал, бассейн, стадион, корт және т.б. күнделікті атлетикалық дағдыларыңды жаттықтыру

10ә

Спорттық автомобильдердің жұмысын ретке келтіру, бұзылған жағдайда механизмдерін ауыстыру

11а

Басқа қалалармен елдерге туристік сапарларға шығу үшін адамдарға ақыл-кеңес беру

11ә

Әмбебап дүкендердің сөрелерін, концерттер мен шоуларды безендірумен айналысу

12а

Декоративті балықтарды өсіру және кеңселердегі аквариум балықтарын күту

12ә

Адамдарға медициналық жәрдем көрсету

13а

Фирманың құжаттарын реттеу, жаңа құжаттарды дайындау (келісім-шарт, есеп,ведомость,сенімхат және т.б.)

13ә

Сахнада өнер көрсету үшін әдемі жүріс-тұрыс, икемді қозғалыс дағдыларына дайындықтар жүргізу

14а

Генетиканы зерттеп, өсімдіктердің жаңа түрлерін өсіру

14ә

Мұрағат қорларында істеп, қажетті құжаттарды табу

15а

Нұсқаушы есебінде күрделі туристік саяхаттарда адамдарға жол көрсету

15ә

Күрделі акробатикалық трюктерді, спорттық нөмірлерді ойлап табу және жасау, дайындықтан өткізу

16а

Ит, мысық, жылқы және т.б. емдеу

16ә

Компьютерлерді жинақтауды іске асыру

17а

Түрлі формаларға қызметкерлерді іріктеу, қажетті адамдарды ізлеу

17ә

Бағалы қағаздар нарығына қаржы талдауларын жүргізу

18а

Сахнада ойнау, киноға түсу,трюктер қою

18ә

Спорттық өнер көрсетулердің алдында әдемі әрі нақты қозғалыс – қимылдарды жаттықтыру мен дайындықтан өткізу

19а

Медициналық лазерлердің ультрадыбыс аппараттарының жұмыстарын ретке келтіру

19ә

Мектепте, техникумда, институтта және т.б. оқу орындарында түрлі пәндерді оқыту

20а

Тауарды тұтынушыларға тасымалдаудың тиімді жолдарын табу, санау

20ә

Сайттарды, кітап, журналдарды безендіру

21а

Жарыстарға турнирлерге, өнер көрсетуге үнемі психологиялық, физиологиялық дайындықты іске асыру

21ә

Табиғат құбылыстарын зерттеуге арналған экспедицияларға қатысу

22а

Жоспар бойынша үй тұрғызу, жобаға сәйкес электр жарығын жүргізу

22ә

Қаржы заңдарымен, кодекстерімен жұмыс істеу

23а

Бақшалық-саябақтық зоналарды жобалау, өсімдіктердің көмегімен учаскелерді безендіру

23ә

Қанның молекулалық құрамын талдау

24а

Жаңа өндіріс құралдарын, үйлерді жобалау

24ә

Тарихи орындарда қайта жөндеу, сәулеттендіру жұмыстарын жүргізу

25а

Шаршау мен қорқынышқа қарамай, спорттық жаттығуларды орындау

25ә

Спорттық тренажерлердің, велосипедтердің, спорттық құралдардың жаңа үлгілерін жасау

26а

Мерекелерді ұйымдастыру, асабалық қызмет атқару

26ә

Концерттік бағдарламаларды жүргізу, көрермендерге орындаушылардың аты-жөні мен нөмірлерді хабарлау

27а

Электронды микроскоптың көмегімен ағзалардың тіршілігін зерттеу

27ә

Адамдарға психологиялық көмек көрсету, сенім телефондарымен жұмыс істеу

28а

Әлеуметтік деректерді өңдеп, талдап, жинақтау

28ә

Өз дене бітіміңнің сымбатты да тартымды болуы үшін кәсіби жұмыс істеу

29а

Зақымдаушылар мен вирустардан өсімдіктерді қорғаудың құралын жасап шығару

29ә

Компьютерлік бағдарламаларды жазу

30а

Фитнесзалдарда, бассейндерде, спорттық алаңдарда адамдарға ақыл-кеңес беру

30ә

Жалпы төзімділікті шыңдап, жаттықтыру, жеке спорттық, әртістік дағдыларды жетілдіру

 

 

СДС-ның жауап парағы

 

Оқушының аты-жөні:_________________________

Сынып___________ Мектеп____________________Күні______

 

Табиғат

Техника

Басқа адамдар

Белгі жүйесі

Көркем образдар

Адамның өзі

 

 

 

 

 

10а

 

10ә

11а

 

11ә

 

12а

 

12ә

13а

 

13ә

14а

 

 

14ә

 

 

 

 

15а

 

 

15ә

16а

16ә

17а

17ә

18а

18ә

 

19а

19ә

20а

20ә

21а

21а

22а

 

22ә

23а

 

23ә

24а

 

 

24ә

25а

 

25ә

26а

 

26ә

 

27а

 

27ә

28а

 

28ә

29а

 

 

29ә

 

 

 

 

30а

 

 

30ә

Алты бағанның ұпайлары жеке-жеке саналады. Әр баған бойынша жинақталған қорытынды ұпай сенің қандай еңбек түріне бейім екеніңді көрсетеді.

9-10 ұпай – бейіміңді айқын көрсетеді;

7-8 ұпай – бейіміңнің айқындылығы орта деңгейде екенін байқатады;

4-6 ұпай – бейімің орта деңгейде;

2-3 ұпай – бейімің айқын емес;

0-1 ұпай – мүлдем келмейді, яғни «басқа болуы мүмкін, тек бұл емес».

 

 

 

 

6. Қызығушылықтар картасы

(А.Е.Голомшток әдістемесі бойынша)

Мақсаты – тұлғаның қызығушылығын, қабілетін айқындау. Қызығушылық картасы 29 қызмет саласына бағытталған 174 сұрақтан тұрады.

Қызығушылық картасының жауап парағы 29 қатар, 8 бағаннан тұрады. Әр бағанда 29 сұрақ бар: (1 баған – 1-ден 29-ға дейін;

2 баған – 30-дан 58-ге дейін;

3 баған – 59-дан 87-ге дейін;

4 баған – 88-ден 116-ға дейін;

5 баған – 117-ден 145-ке дейін;

 6 баған – 146-дан 174-ке дейін;

7 баған- «+» (бұл бағанда өзің үшін ұнамды жауаптарды белгілейсің);

8 – баған «-» (бұл бағанда ұнамсыз жауаптар белгіленеді).

Нұсқау: «Сенің басты қызығушылықтарыңды анықтау үшін сұрақтар тізімін ұсынып отырмыз. Әр сұраққа зейін қойып, дәл жауап беруге тырыс. Егер сұралып отырған нәрсенің саған ұнайтынына бірнеше рет көзің жеткен болса, онда сол сұрақтың тұсына екі қосу белгісін (+ +) қой. Егер жай ғана ұнаса, онда бір ғана қосу белгісін (+) қой. Егер жауап бере алмасаң, өз-өзіңе сенбесң – 0 (нөл) қоясың, ұнамаса (-) алу, егер мүлдем ұнамаса - екі алу белгісін  (- -) қоясың. Бірде-бір сұрақты тастамай, барлығына түгел жауап бер. Парақты толтыру уақыты шектелмейді».

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Психологическая диагностика "Мен қаладым""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Инженер по обслуживанию многоквартирного дома

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 871 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.01.2016 2299
    • DOCX 23.5 кбайт
    • 35 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Салмаева Сая Инирбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Салмаева Сая Инирбаевна
    Салмаева Сая Инирбаевна
    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 21896
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Развитие психологической устойчивости обучающихся к воздействиям СМИ

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 13 регионов
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс повышения квалификации

Детская и подростковая депрессия: пути и способы преодоления

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 189 человек

Курс повышения квалификации

Основные аспекты психоанализа детского возраста

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 33 человека

Мини-курс

Основы теоретической механики

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы искусствознания

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 10 человек

Мини-курс

Готовимся к ЕГЭ по литературе

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе