Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Школьному психологу / Другие методич. материалы / Психологические уроки по развитию познавательных процессов первоклассников

Психологические уроки по развитию познавательных процессов первоклассников


  • Школьному психологу

Поделитесь материалом с коллегами:



Көкшетау қаласы білім бөлімінің «№19 ОМ КММ»


Курмашева Анаргуль Назымбековна










«1-сынып оқушыларына арналған психологиялық дамыту сабақтары»

(психологиялық дамыту бағдарламасы)

























Көкшетау қ. 2015 жыл

hello_html_m326cd5ef.gif


УДК 37.015.3-053.5 «465.06/11» (073.3)

ББК 88.8

К 77



Көкшетау қаласы педагог-психологтар әдістемелік бірлестігінің шешімі бойынша баспаға ұсынылды. №6 Хаттама 14.04.2015ж.




Рецензент: Басболатова А.Р. Педагогика және психология магистрі «Өрлеу» БАҰО АҚФ» «Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты»

«Мұғалімнің кәсіби дамуын психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу» кафедрасының аға оқытушысы.





К 77 Психологиялық дамыту бағдарламасы1-сынып оқушыларына арналған психологиялық дамыту сабақтары». Құрастырушы Көкшетау қаласының № 19 ОМ педагог-психологі Курмашева А.Н., Көкшетау қаласы 2015 ж. 128 бет.





Педагог – психологтар мен бастауыш сынып мұғалімдеріне әдістемелік көмек беру мақсатында құрастырылған «1-сыныпқа арналған психологиялық дамыту сабақтары» бағдарламасында осы жастағы балалардың танымдық үрдісін дамытуға бағытталған жаттығулар жинақталған.

Психологиялық дамыта оқыту сабақтарының мақсаты мен міндеттері мазмұны мен құрылымы, әдіс-тәсілдері, тиімділігі мен маңыздылығы жөнінде ауқымды түрде түсінік бере отырып, бастауыш сыныптарда өткізілетін психологиялық сабақтар мен тапсырмалардың үлгілері келтірілген.


ББК 88.8

УДК 37.015.3-053.5 «465.06/11» (073.3)


Курмашева А.Н.

2015




hello_html_398f76fc.gifhello_html_m61783233.gif

Кіріспе


Бүгінгі таңда мұғалімдердің өзі күнделікті сабақтарында психологиялық білімсіз, психология ғылымдарының жетістіктеріне сүйенбей оқу үрдісін нәтижелі ұйымдастыру мүмкін емес екенін жақсы түсінеді. Нәтижелі оқыту үшін ең басты кедергі жекелеген оқушылардың танымдық - тұлғалық жеке қасиеті деңгейінің төмен болуы екендігін жиі мойындаймыз. Көпшілігі: «Оқу нәтижесін арттыру және оқушылардың білім алуына нақты қандай ұсыныс жасар едіңіз?» деген сұрақтарымен мектеп психологтеріне жиі жүгінеді.

Педагог – психологтар мен бастауыш сынып мұғалімдеріне әдістемелік көмек беру мақсатында құрастырылған «1-сыныпқа арналған психологиялық дамыту сабақтары» бағдарламасында осы жастағы балалардың танымдық үрдісін дамытуға бағытталған жаттығулар жинақталған.

Бұл әдістемелік құралдың өзектілігі бүгінгі таңда мектептердегі білім берудің, әсіресе білім берудің төменгі сатысы, бастауыш сынып кезеңіндегі оқушылардың ақыл-ой қабілеттерінің әртүрлі деңгейде болуынан және оқушылардың ақыл-ойын, дүниетанымын жан-жақты дамытуда, пәнге деген қызығушылықтарын арттыра отырып, білім алуға деген құштарлықтарын жетілдіруге бағытталғандығында.

Мектептегі психология жөнінде сөз қозғағанда, оны психологиялық пән ретінде емес сабаққа көмекші өзекті пән ретінде түсіну қажет деп ойлаймыз. Оның басты мақсаты оқушылардың танымдық-тұлғалық дамуы болып табылады. Мұнда оқушылардың әртүрлі танымдық әрекеттері қалыптастырылады, оқушылардың тұлғалық қасиеті дамытылады, оқушылардың жекелеген пәндер бойынша оқу бағдарламасын толық игеру үшін қажетті қасиеттері: өз пікірін анық жеткізе білу, өзін-өзі ұстау, өз ұстанымын дәлелді қорғап шығуы сияқты қабілеттері дамытылады.

Психологиялық дамыту сабақтары – мектептегі ең қажетті, негізгі сабақтардың бірі. Дамыту сабақтарын дағдылы, дәстүрлі үлгіде – сабақ үлгісінде өткізуді ұсына отырып, мектептің әдістемелік-тәрбиелік үрдісіне басым түрде сәйкестендіріп алдық.

Бастауыш сыныптарда психологиялық дамытудың маңыздылығы, соңғы уақыттарда психогенетика мен психофизиологиялық зерттеулердің мәліметтеріне сүйенсек, психологиялық дамудың дәл осы кезеңінде баланың ақыл-ой қабілетінің дамуының психофизиологиялық негіздері қалыптасып, оған қоршаған орта, әлеуметтік тұрмыс-жағдайы, нейрофизиологиялық және психологиялық өзгерістер әсер ететіндігінен келіп шығады.

Психологиялық дамыту сабақтары жеке пән ретінде қарастырылмайды, дидактикалық – әдістемелік жүйеден бөлек тұрса да, жинақталған тәжірибеден оқушылардың психологиялық, танымдық және тұлғалық дамуына ықпал ете отырып, кез келген пән бойынша білім сапасының артуын қамтамасыз ете алады. Әсіресе, психологиялық көмекке өте мұқтаж – коррекциялық сынып оқушыларына өте қажет.

Қосымшада берілген бастауыш сынып оқушыларының танымдық үрдістерін дамытуға арналған жаттығу түрлерін, мұғалімдер қауымы өздерінің сабақтарында оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыруға қолдана алады. Сонымен қатар, психологиялық дамыту сабақтарында қолданылатын тапсырма үлгілері көрсетілген.

Оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін негізге ала отырып құрылған аталмыш бағдарламадағы психологиялық дамыту сабақтары мен дидактикалық материалдары, бастауыш сынып мұғалімдеріне көп көмек береріне және педагог-психологтармен қолдау табарына сенімдімін.


І бөлім

«1 – сынып оқушыларына арналған психологиялық дамыту сабақтары» бағдарламасы жөнінде

Оқушыларды психологиялық дамыту – қазіргі білім беру жүйесін жетілдірудің тиімді жолы


Мектептегі білім беруді ізгілендіру ең алдымен, жеке тұлғаның жан-жақты дамуы мен дарындылығының ашылуына қолайлы жағдай жасауға бағытталады. Мектептегі білім беру жүйесін ізгілендіру бағытында жаңарту үшін ең алдымен, мақсаты мен міндеттерін қайта қараудан басталуға тиіс.

Қазіргі, ойлау қабілетін дамыту әдістерінің психологиялық-теориялық түсініктерін негізге ала отырып, мектептегі білім беру жүйесінің мақсаттарын төмендегідей құруға болады: оқушыны өзін-өзі ұйымдастыра, өзін-өзі тани, өзін-өзі дамыта алатын, жоғары деңгейде дамыған ашық, жеке тұлға ретінде қалыптастыру.

Оны дамыту әдістерінің бірі, жаңа білім мен өзін-өзі дамытуға негіз болатын, интеллектуалдық қызметтің әдістері мен үлгілері жөнінде жалпылама түсінік беру.

Жинақталған психологиялық-педагогикалық міндеттердің бірі: жекелеген пәндер бойынша білім мазмұнын игеруге қажетті әдістер мен тәсілдер жөнінде жалпылама түсінік беру арқылы, оқушылардың жекелеген пәндер бойынша нақты да, жалпы түсінік алуын, мектеп талабына сәйкес нақты білім деңгейін жақсарту. Бұл бір жағынан алғанда, ақыл-ойды дамытудың басты құралы болса, екінші жағынан алғанда, болашақта өзін-өзі дамыту мен өзін-өзі жетілдірудің ғана емес, өзіндік білім алудың, білімін жетілдірудің тиімді әдістерін жинақтаған оқыту жүйесінің психологиялық негіздерін қалыптастыру жолы болып табылады. Интеллектуалдық танымдық іс-әрекеттер жайында түсінік беру, мектептегі білім беру жүйесінің сол кезеңіндегі талаптарға ғана емес оқушылардың маңызды қажеттіліктерін басшылыққа ала отырып, нақты бір мазмұнға құрылады.

Бастауыш сынып мұғалімдері соңғы кезде жеке тұлғалық даму деңгейі төмен оқушылардың білім алудағы қиындықтарының көбейіп кеткендігін ерекше атауда. Сондықтан да бастауыш сынып кезеңіндегі оқыту жүйесінде оқушыларға психологиялық көмек беру мәселесі маңызды міндет болып отыр.

Мектептерге психологиялық көмек қажет болып отырғандықтан және түзету-дамыту сыныптарында оқушыларға психологиялық көмек ең бірінші мұғалім тарапынан жасалу қажеттілігін маңызы артып келеді. Дамыту жұмыстарының басты назарында оқыту жүйесіне психологиялық дайындығы төмен, ерекше бақылауды қажет ететін мұқтаж оқушылар болуы тиіс.

Психологиялық көмектің нәтижелілігіне қолайлы жағдайлар біздің ойымызша, мыналар болуы тиіс:

  • Жалпы білім беретін мектептердегі білім беру жүйесіне сәйкес ықпалдастырыла енгізілуі;

  • Мұғалімнің психологиялық дамыту жұмыстарын өзіне ыңғайлы, қалыпты түрде тиімді әдістермен өткізуі;

  • Материалдық қажеттіліктің қарапайымдылығы.

Мұғалім үшін дағдылы оқыту үлгісі жалпы білім беретін мектептердегі сыныптық-сабақ үлгісі болып табылады. Біздің ұсынып отырған психологиялық дамыту бағадарламасы да сондықтан «1- сынып оқушыларына арналған психологиялық дамыту сабақтары» деп аталып отыр.


1.1. Психологиялық дамыту сабақтарының мазмұны

«1- сынып оқушыларына арналған психологиялық дамыту сабақтары» бағдарламасының мазмұнын анықтаған кезде мынадай жағдаяттар негізге алынды:

1) негізгі пәндер бойынша мектеп бағдарламасын игеру кезіндегі 1- сынып оқушыларына қиындық туғызатын жағдаяттарды талдау;

2) бастауыш сынып жасындағы оқушылардың психологиялық білімін жаңартуға бағытталған бағдарлы әрекеттерді қалыптастыру қажеттіліктерін сараптау;

3) орта мектеп деңгейіне өтуге оқушылардың психологиялық дайындығын қалыптастыру қажеттіліктерін қалыптастыру жолдарын сараптау.

Осы қажеттіліктер мен талаптарды басшылыққа ала отырып, бұл сабақтардың мазмұны танымдық қабілеттерді дамытуға бағытталып отыр (түйсіну, қабылдау, зейін, есте сақтау, ойлау, қиял); оқыту жүйесінің қабылдаудың психологиялық алғышарттары болып табылатын, онсыз оқыту жүйесі жүзеге аса алмайтын психологиялық сапа мен біліктілік (көрсетілген немесе мұғалімнің оқыған үлгісін көру және есту арқылы көшіріп алу, мұғалімнің айтқан талаптарын еске сақтау және өз ісінде қойылған талаптарды есепке алып отыру біліктілігі); бастауыш сынып жасындағы оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін жаңартуды қалыптастыру (іштей жоспар құру, яғни, ешқандай сүйенусіз және ешкімнің ықпалынсыз тапсырмаларды орындау біліктілігі, дағдылы интеллектуалдық үрдіс – қабылдау, зейін арқылы көргені мен естігенін дағдылы түрде есте сақтау, ойлау қызметін алдына қойылған тапсырмаға ғана аудару, кері байланыс, яғни өзінің психикалық іс-әрекетін тану, әр ісін анық бағдарлау, өз жауабы мен қателіктерін, қиыншылықтарын талдау .

1.2. Психологиялық дамыту сабақтарының дәстүрлі сабақтардан айырмашылығы


Құрылымы мен түріне қарай (кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімі) дәстүрлі сабақ үлгісіне көп ұқсағанымен психологиялық дамыту сабақтарының да өзіндік ерекшелігі бар. Бұл сабақтар мақсаты, міндеті және мазмұны бойынша да ерекшеленеді. Бұл сабақтардың жалпы мақсаты – оқыту үрдісінің бірыңғай психологиялық тұтастығын қалыптастыру, оқушылардың тұлғалық дамуын қамтамасыз ету және болашақта өзін-өзі жетілдіріп отыру дағдысын қалыптастыру. Бұл мәселені бастауыш сынып деңгейінде шешкен дұрыс. Маңызды мәселелердің бірі, оқушылар бойында, бағдарлы түрде қолайлы орта мен позитивті жақсы қасиеттерді қалыптастыру. Дәстүрлі пәндік сабақтардан психологиялық дамыта оқыту сабақтарының ең маңызды ерекшелігі, басты көңіл сабақтың соңғы нәтижесіне емес, сабақтың бүкіл барысына қойылатындығында болып отыр.

Психологиялық дамыту сабақтарында баға қойылмайды, бірақ бағаланады. Оқушылар бұл сабақта дәстүрлі «бағалық» психологиядан алшақтап, төмен баға алып қалу қорқынышынан арылады. Барлық жауаптар толық тыңдалаған соң, ұжымдық талдау арқылы белгілі бір дұрыс шешімге келеді. Оқушылардың ойында бұл сабақтар өзіндік, тұлғалық қасиетін дамыту сабақтары ретінде түсінік қалыптасады. Оқушылар үшін басты сұрақ «Бүгінгі сабақта мен қандай баға алдым?» емес, «Бүгінгі сабақта мен нені оқып үйрендім, неге үйрендім?» деген сұрақ туындайды. Психологиялық дамыту сабақтарындағы атмосфералық жағдай оң нәтижелі көңіл-күй ортасын қалыптастырады: ашықтық, қызығушылық, тапсырмаларды орындауға деген құлшыныс пайда болады. Өзінің мүмкіндіктерін түсінген оқушы психологиялық ашылып, өзін-өзі бағалауы мен өз-өзіне деген сенімділігі артады. Психологиялық дамыту сабақтарындағы бұл көңіл-күй ортасы оқушылардың мұғалімнің тапсырмаларына деген оң көзқарастарын қалыптастырып, дәстүрлі пәндік сабақтарда да жалғасын тауып, дәстүрге айналады. Мұғалімдердің пікірлеріне сүйенсек, психологиялық дамыту сабақтарынан кейін, оқушылар белсенді, зейінді, берілген тапсырмаларды орындауға деген ынталары да жоғары болатындығы анықталған. Психологиялық дамыту сабақтары сондықтан жалпы білім беру үрдісіндегі барлық пәндік сабақтарға деген қызығушылықты қалыптастыру пен ынталандырудың тиімді жолы болып отыр.

Психологиялық дамыту сабақтарының тиімділігі аптасына бір рет, жүйелі түрде өткізіліп отырған жағдайда ғана артады. Бағдарлама аптасына 40-45 минуттық 1 сағатқа, жылына 33 сағат сабақ үлгісінде жоспарланған.


1.3. Психологиялық дамыту сабақтарының құрылымы және түрлері


Құрылымы бойынша психологиялық дамыту сабақтары кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерден тұрады. Кіріспе бөлімнің міндетіне сабақтың тиімді өтуіне қажетті көңіл-күй ортасын қалыптастыру болып табылады. Психологиялық дамыту сабақтарында қалыптастырылған бұл көңіл-күй ортасы басқа пәндер бойынша өтетін сабақтарда жалғасын табуы және сақталуы тиіс. Оң нәтижелі көңіл-күй ортасын қалыптастырудың тиімді әдіс-тәсілдеріне бір-біріне күлімдей қарап, жылы лебіз білдіру немесе жақсы сөздер айту болып табылады. Бізде жылы сөздер қоры бар ма, біз оны бір-бірімізге жиі айтамыз ба? Бұл сөздер оң энергия көзі болып табылады және адамдар арасында сенімділік пен жақсы қарым-қатынастың, достықтың, жақсы көңіл-күйдің қалыптасуына әсері мол.

Кіріспе бөлімнің маңызды бөліктерінің бірі ми жұмысын жақсарту жаттығулары болып табылады. Дене шынықтыру жаттығуларының психикалық қызметке тиімді әсері бұрыннан дәлелденген болатын. Дене шынықтыру жаттығуларының әр түрлі психикалық үрдістерге әсері бары анықталған: есте сақтау көлемі ұлғаяды, зейіннің тұрақтылығы артады, интеллектуалдық қарапайым тапсырмаларды шешу қарқыны артады, психомоторлық үрдістің қызметі жеделдейді. Бұл еңбек қызметінің белсенділігі артып, сабақтың нәтижелі өтуіне барлық жағдай жасалады. Әр сабақта бағдарлы түрде белгілі бір психикалық қызметті дамытуға арналған арнайы жаттығулар іріктеліп алынған.

Негізгі бөлімге іріктеліп алынған арнайы тапсырмалар белгілі бір жүйелі таным бөлігін дамытуға және топтық жұмысқа ыңғайластырылып бағдарланған. Дамыту нәтижесіне қол жеткізу үшін тапсырмаларды бірнеше рет қайталап орындау қажет. Бірақ оқушылардың бір жаттығуларды қайталап орындаудан, қызығушылықтары төмендеп кетпес үшін, бір тапсырманың сыртқы түрі мен үлгісін әртүрлі қылып өзгерте отырып, ішкі мазмұны мен психологиялық бағыт-бағдарын ғана сақтауды мақсат етіп алынды. Оңайдан күрделіге әдісін және бір тапсырмаға «спиральді» түрде қайта қайтып оралу тәсілі де қолданылды.

Қорытынды бөлімінде сабақтың нәтижелілігі, қорытындысы шығарылып, оқушылардың әртүрлі тапсырмаларды орындау барысында туындаған қиындықтарды талдауға көңіл бөлінеді. Бұл кезеңнің маңызды кезі, оқушылардың «Не оқыдық, не үйрендік?» сұрағына жауап беру болып табылады.



1.4. Психологиялық дамыту сабақтарын тиімді өткізуге арналған ұсыныстар


Барлық мұғалімдердің тілектері мен қажеттіліктерін қанағаттандырарлық бағдарламаны құрастыру мүмкін емес. Оқушылардың психологиялық және психофизиологиялық даму деңгейіне, тәрбие ерекшелігіне, әлеуметтік ортасына, ауыл немесе қалада тұру ерекшеліктеріне негізделеді. Оқушылар контингенті психологиялық даму деңгейінің әртүрлілігімен, дамудың қарқындылығына, белгілі бір тапсырмаларды қайталап орындаудың жиілігімен, тапсырмаларды орындаудағы жауапкершілігмен ерекшеленеді. Психологиялық дамыту сабақтарын өткізетін мұғалімдер де педагогикалық біліктілігі мен шеберлігі бойынша, қызметтегі даралығы мен жұмысындағы дәстүрі бойынша, темпераменті мен ойлау қабілеті және тағы басқа да психологиялық ерекшеліктерімен ерекшеленетіндігін есепке алмау мүмкін емес. Бұл жағдаяттар мұғалімнің қызметін айқындауы мүмкін, бірі бір сабақта барлық тапсырмаларды жүйелі түрде орындап шыға алса, бірі үлгермеуі мүмкін.

Осы жағдаяттарды есепке ала отырып, мынадай ұсыныстарды үнемі есте ұстаған абзал: барлық сабақтардың белгілі бір ұстанымы – бір тапсырманы оқушылар толық орындамайынша келесі тапсырмаға көшпеу керек (ондай жағдайда сабақ бар мәнінен айрылады және жекелеген оқушылар үлгермей жатса, олармен жекелей, қосымша жұмыстар өткізген дұрыс). Бір тапсырманы мұғалім екі сабақ бойы талдап өткізгендіктің ешқандай өрескелдігі жоқ.

Бұл бағдарламаны сабақтың үлгісі, ал тапсырмаларын – тапсырмалар үлгісі деп қабылдаған жөн. Тапсырмалардың көлемін қажетінше ұлғайтуға, немесе оқушылардың психологиялық ерекшеліктеріне қарай азайтуға да болады. Осыған ұқсас тапсырмаларды мұғалім өздігінен құрастыруына да болады, немесе әртүрлі психологиялық жинақтардан алуына болады. Тапсырмаларды құрастыру мұғалімнің педагогикалық шеберлігін шыңдауға психологиялық тұрғыда көп септігін тигізеді.

2. Сабақ өткізу барысында тапсырмаларды орындау мақсатын оқушылар жете түсінуі қажет. Қажет болса мұғалім тапсырманы қалай орындау керектігін екі-үш рет қайта-қайта түсіндіріп жіберуі де артық болмас.

3. Тапсырмаға берілген уақытты да тиімді пайдалануды ұмытпаған жөн.

4. Тапсырмаларды орындау кезінде мұғалім тек қана көмекші, бағыттаушы, түсіндірушілік ұстанымында болып, оқушыларға өзіндік еркіндік берген жөн. Міндетті түрде оқушылардың жауабын ортаға салып, дұрысын анықтау керек.

5. Сабақтарды 10-12 баламен ғана шектелген топтарда өткізген тиімді. Мектеп бөлмесі оқушылардың әртүрлі жаттығулар жасауына мен қозғалмалы ойындар өткізуіне қолайлы кең болуы да шарт. Үстелдерді шахмат үлгісінде немесе мұғалімнің оқушылармен тығыз қарым-қатынас жасауына ыңғайлы «П» әріпі үлгісінде қойған дұрыс.


1.5.Психологиялық дамыту сабақтарында қалай бағалаған дұрыс?


Психологиялық дамыту сабақтарында бағалау тиімді болу үшін мынадай көрсеткіштерді басшылыққа алған жөн:

  • Мұғалімнің оқушылар тапсырмаларды орындау барысында қандай көлемде көмек бергендігі: мұғалім неғұрлым аз көмектескен болса, сабақтың тиімділігі соғұрлым жоғары болады;

  • Оқушылардың сабақ үстіндегі әрекеттері: белсенділігі, қызығушылығы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым сабақтың нәтижелілігі де жоғары болады;

  • Қосымша психологиялық бақылау жұмыстарының қорытындысы бойынша, оқушылардың өзгертілген бір тапсырмаларды қайталап еркін орындауымен бағаланады;

  • Бұл сабақтарды жанама бағалау жолдары. Басқа пәндер бойынша білім деңгейінің артуымен де, оқушылардың басқа пәндердегі белсенділігі мен зейіндерінің артуымен де байланыстыруға да болады.

Психологиялық дамыту сабақтары оқушылардың көңіл-күйін арттыруға да әсерін ерекше бағалауға болады. Ол үшін оқушыларға сабақ соңында өз көңіл-күйлерін түрлі-түсті бояулармен суреттеу арқылы білдіруін сұрауға болады.

Қызыл түс – көтеріңкі көңіл-күйді білдірсе, қызғылт-сары түс – қуанышты, жасыл түс – салмақтылықты, күлгін түс – алаңдаушылықты, қара түс – уайым мен қайғыруды, күштің кемуін білдіреді. Осы сияқты сабақ басындағы және аяғындағы көңіл-күй өзгерістерін бақылау арқылы, психологиялық сабақтардың оқушылардың көңіл-күйіне әсерін байқауға болады.






























ІІ бөлім. 1 – сынып оқушыларының психологиялық дамуына

арналған сабақтар


2.1. Күнтізбелік – тақырыптық жоспары



Сабақтар


Психологиялық даму процестері

Тапсырмалар және әдістемелер


1 – сабақ

Балалардың танысуы.

Зейін.

Доп.

Кім байқағыш және назар аударғыш? Корректуралық байқау.

2 сабақ

Зейін.

Кеңістіктік қабылдау.

Зат атауының мәні.

Кім байқағыш және назар аударғыш? Дұрыс бояу.

Заттарды ата.

3 – сабақ

Есту сезімі.

Естіп қабылдау.

Зейін.

Дыбысты тыңда.

Ұру арқылы тексер және ата. Тығылыспақ. Жіптің ұшын тап.

4 – сабақ

Зейін (тұрақтылығы, шүйлігуі)


Ойлау (талдау)

Графикалык диктант.

Ең зейінді.

Ерекшелікті тап.

Қиылысу.

5 – сабақ

Үлгіні салыстыру.

Көріп қабылдау.

Ойлау.

Қиял.

Осылай бейнелеп сал.

Фигураларды ата.

Артық зат.

Өзің бейнелеп сал.

6 – сабақ

Зейін.

Үлгіні салыстыру.

Қиял.

Графикалық диктант.

Осылай бейнелеп сал.

Буратиноның жұмысын тексер. Сиқырлы жұмыртқа.

7 – сабақ

Ес.

Кеңістіктік елестету.

Көру диктанты.

Ретін есте сақта.

Телеграфистер.

8 – сабақ

Ес (көріп есте сақтау).

Ойлау.

Көру диктанты.

Түстер.

Суретгі таңдау.

9 – сабақ

Ойлау (заңдылықты қалыптастыру).

Кеңістіктік қабылдау.

Қиял.

Керекті сурет.

Фигураны анықта.

Ою салу.

10 – сабақ

Үлгіні салыстыру.

Зейін.

Ес. (тікелей есте сақтау)

Осылай бейнелеп сал.

Буратино қай жерде қателесті?

Жіптің ұшын тап.

Магнитафон.

11 сабақ

Көріп қабылдау.

Ес.

Қиял.

Бірдей фигураны тап және атын ата.

Кімнің қатары ұзынырақ?

Сиқырлы орман.

12 – сабақ


Ес.

Кеңістіктік қабылдау.

Ойлау.

Көру диктанты.

Ою салу.

Дұрыс орында.

Қиылысу.

13 – сабақ

Сөздік тапсырманы орындау.

Зейін.

Ойлау.

Қиял.

Графикалық диктант.

Ерекшелігін тап.

Керекті сурет.

Ою салу.

14 – сабақ

Үлгіні салыстыру.

Ойлау.

Қиял.

Осылай бейнелеп сал.

Буратиноның жұмысын тексер. Заттарды топтау.

Сиқырлы саяжай.

15 – сабақ

Зейін. (шүйлігуі, көлемі)

Ес.(тікелей, көру) Ойлау.(ұғымдық)

Жіптерді жүргіз.

Сана және суретті боя.

Қарлы үйіншек.

Артық зат.

16 – сабақ

Сөздік тапсырманың орындалуы.

Зейін көлемі.

Ес.

Ойлау. (заңдылықты қалыптастыру, ұғымдық қатынас)

Графикалық диктант.

Сана және суретті боя.

Зат иесі.

Бос тор көз.

Артық зат.


17 – сабақ

Үлгіні салыстыру. Бейнені көріп, қабылдау.

Қиял.


Ою салу.

Шатасу.

Бірдей фигураны тап.

Текемет.

18 – сабақ


Ес. (тікелей көріп есте сақтау) Ойлау.

Зат иесі.

Ерекшелігін ата.

Жалпыны іздеу.

19 – сабақ

Зейін көлемі.

Ес. (тактильдік)

Қабылдау.

1 ден 15-ке дейінгі сандарды тап. Қаптағы мысық.

Бөлшектерге бөлу.

Ойыншықты анықта.

20 – сабақ

Зейіннің тұрақтылығы.

Ойлау. (заңдылықты қалыптастыру)

Крестер, нүктелер.

Жазу машинасы.

Тоғызыншыны тап.

Үйге дейін жеткіз.

21 – сабақ

Үлгіні талдау.

Зейін. (бақылау әрекеті) Зейіннің бөлініуі.

Ойлау. (ұғымдық)


Ою салу.

Жұмысты тексер.

Фигураны сызып көрсет.

Артық сөз.

22 – сабақ

Кеңістіктік қабылдау.

Ойлау. (ұғымдық)

Мына үй қайда?

Бір сөзбен атап шық.

Вордбол.

23 – сабақ

Зейін. (көлемі, ауысуы)

Ес. (тактильдік)

Қиял.

1 ден 15-ке дейінгі сандарды тап. Белгілер қойып шық.

Конспиратор.

Сиқыршылар.

24 – сабақ

Үлгіні талдау.

Талдау және жинақтау. (анаграмма)

Ойлау.

Ою салу.

Сөзді тал.

Тоғызыншыны тап.


25 – сабақ

Қабылдау.

Ойлау. (ұғымдық)

Қиял.

Тезірек санап шық.

Ұқсастық және айырмашылық.

Би.

26 – сабақ

Зейін.

Ойлау абстрактілілігі.

Ойлау.

Керісінше.

Ретімен санап шық.

Артық сөз.

27 – сабақ

Зейін.

Ойлау.

Қиял.

Қос қолмен.

Артық сөз.

Ұқсастық және айырмашылық.

Картошка монологы.

28 – сабақ

Ес. (тактильдік).

Ойлау (логикалық байланысты орнату)

Тактильдік бейне.

Аналогияны іздеу.

Жұбын тап.

29 – сабақ

Ес.

Ойлау.

Қиял.

Қарлы үйіншек.

Жұбын тап.

Ертегі құрастыр.

30 – сабақ

Зейін.

Ойлау.

Қос қолмен.

Талдауды үйренеміз.

31 – сабақ

Ойлау (талдау және жинақтау)

Заттарды ата. Талдап үйренеміз.

32 – сабақ

Зейін.

Қиял.

Ойлау (талдау)

Қос қолмен.

Есепте.

Талдап үйренеміз.

33 – сабақ

Зейін.

Ойлау (белгілерді абстрактілеу) Ойлау (талдау)

Тыңда және орында.

Бірдейді көрсет.

Талдап үйренеміз.


2.2. Сабақтар мазмұны


1-сабақ.


Мақсаты: топ балаларының етене жақын танысуы үшін жағдай жасау, зейін және байқағыштықты дамыту.

Сабақтың барысы:


I. Оқытушының алғы сөзі. Оқушыларға сабақтың мақсаты мен оның өтілуі түсіндіріледі. Сонымен бірге топтағы қарапайым мінез ережелері енгізіледі.


II. Бой жазу (разминка) (сабақ жетекшісінің қалауына байланысты таңдалады).


III. Сабақтың мазмұны:

1-тапсырма. "Доп".

Бұл ойында балалар доптың көмегімен бір-бірімен танысады. Балалар шеңбер құрып тұрады. Ойыншының бірі допты қолына алады.

Оқытушы: "Ал енді доппен ойнай отырып танысатын боламыз. Шеңбер бойынша, сағат тілімен, доп кімде болса сол кісіден бастап, атымызды айта отырып допты бірімізден — екіншімізге береміз. Допты бере отырып көршіміздің көзіне қараймыз. Доп кімде болса сол бала шеңбердегі кез келген баланың біріне, сол баланың атын айтып, допты лақтырады. Егер кімде кім доп бағытталған баланың атын жаңылыстырса,онда өзінен бастап сағат тілімен барлық ойыншылардын атын айтып шығады. Сонымен, допты кімге бағыттайсыңдар соның атын айтып бір-бірлеріңізге лақтырыңдар. Бастаймыз!" – дейді.

Допты қағып алу оңай болу үшін лақтырушы балаға допты тура: лақтыруы керектігі түсіндіріледі.


2-тапсырма. "Кім байқағыш және назар аударғыш".

Балалардың біреуі жүргізуші болады. Ол ойыншылардың киімі мен отырыстарын есіне сақтап бөлмеден шығуы керек. Осы уақытта ойыншылар өздерінің отырыстары мен киімдеріне 5 өзгешелік енгізулері қажет. Әрбір ойыншыда емес, барлығы 5 өзгешелік болуы керек. Осыдан кейін жүргізуші келіп өзгерген ерекшеліктерді орындарына келтіруі қажет.

Егер жүргізуші барлық 5 өзгешелікгі тапса, онда ол балада жоғарғы деңгейдегі зейін мен жақсы байқағыштық басым болғаны.


3-тапсырма . "Корректуралық байқау".

Әрбір оқушы өз аты жазылған қағаз алады. Қағазда қыздар бейнесі бейнеленген. Оларды сыныптарға (класстарға) бөлу кажет.(1-сурет).

Бірінші тапсырма: қара бантигі бар барлық қыздарды тік сызықпен сызу керек.

Екінші тапсырма: қара шашы мен қара бантигі бар барлық қыздарды көлденең сызықтармен сызу керек.

Үшінші тапсырма: қара шашы мен ақ бантигі бар қыздарды қатесіз және барынша тез астын сызып шығу керек.

"Бастаңдар!" бұйрығы (команда) бойынша сызуды бастайды да, "Тоқтаңдар!" бұйрығы бойынша жұмыс тоқтатылып, сол тоқтатылған жерге тік сызық қойылады. Содан соң қағаздар тексеріледі де, 3 тапсырманың нәтижесі бойынша қаралған белгілер саны мен жіберілген қателер саны есептелінеді. 10-11 қатарды қатесіз қарап шыққандардың жоғарғы нәтиже көрсеткенін, ал 8-9 қатарды қатесіз қарап шыққандардың жақсы нәтижесін мақтан тұтуына болатындығын келесі сабақта балаларға айтамыз.


IV. Сабақтың қорытындысын шығару.

Біз бүгінгі сабағымызда немен таныстық?

Ол сізге несімен ұнады?

Ол сізге несімен ұнамады?

Бұл ойындарды біз не үшін ойнаймыз?

2-сабақ.


Мақсаты: Зейін байқағыштығы мен кеңістіктік елестетулерді дамыту. Затты нақты және

дұрыс айту қабілетін дамыту.




Сабақтың барысы:

ІІІ. Сабақтың мазмұны:


1-тапсырма. "Кім байқағыш және назар аударғыш" (1-сабақты қара).

Бірінші сабақта ойналған нұсқасына қарағанда ойындағы өзгерістер күрделеніп әсем әуенмен орындалады. Ойын соңында аса байқағыш және назар аударғыш баланы ерекшелеп айтуымыз қажет. Жетекші етіп алғашқыда қате жіберген балаларды алған жөн.


2-тапсырма. "Дұрыс боя".

Тапсырма материал. Әрбір оқушыда түрлі түсті қалам мен квадрат сызықтарға бөлінген және үйшік бейнеленген қағаз парақтары болуы қажет. (2-сурет).

а) оқытушы балаларға сол жақтағы 2-үйшікті; көк қаламмен, оң жақтағы 3-үйшікті қызылмен, көктің алдындағы үйшікті жасылмен, қызғыш түс көк пен сары түстің арасында қалатындай үйшікті сарымен, сарыдан кейін келетін үйшікті қоңырмен бояуды ұсынады.

б) оқытушы жұлдызшамен белгіленген тор көзді (клетка) қара қаламмен бояуды талап етеді. Төмендегі тор көзді жасылмен, ал жоғарыдағы тор көзді сарымен бояйды. Қара мен қызылдың арасында сары тор көз қалатындай тор көзді қызылмен бояйды.

в) екі сызықтың қиылысуында орналасқан тор көзді жасылмен, жасылдың оң жағындағысын қызылмен, сол жағындағысын сарымен, қызылдан кейін келетін тор көзді көкпен, сарыдан бұрын келетінін қарамен, жасылдың үстіндегісін көгілдір түспен бояуды ұсынады.

Әрі қарай сабақ бөлімдерінің тек мазмұндары түсіндіріледі.

г) шеңберлердің реттік ізділігін қарап шығып бос тор көздерді толтыруды ұсынады.


3-тапсырма. "Заттарды ата". Балалар бірінен соң бірі сыныпта бар айналадағы заттарды атап шығады.

Содан кейін оқытушының тапсырмасы бойынша мына тақырыптардағы сөздерді атауды ұсынады: Мысалы "Көкөніс", "Жиһаз", "Киім", "Ыдыс", "Өсімдік", "Дүкен".


3-сабақ


Мақсаты: есту сезімі, зейіннің шүйлігуі мен тұрақтылығын дамыту.





Сабақтың барысы:


III. Сабақтың мазмұны:


1-тапсырма "Дыбысты тыңда".

Оқушылар терезе сыртында шығып жатқан дыбысты тыныштықта естуге тырысады. Мысалға: шыны үстіне тамған тамшы дыбысын, желдің уілін, құлаған қардың және күннің күркіреген дыбысын.


2-тапсырма. "Атын ата және ұрғылап тексер".

Балалар оқытушымен бірге бөлменің әрбір түкпірінде тұрған 10-15 әртүрлі заттарды таңдап алады. Ол заттардан қаламмен ұрғанда қандай дыбыс шығатындығын тыңдайды. Содан соң оқушылар көздерін жұмады да оқытушы осы заттардың бірін қаламмен 5-10 рет ұрады. Ол затты оқушылар табулары қажет.


3-тапсырма. "Жасырынбақ".

Тапсырмаға материал. Футбол ойнап жүрген балалар бейнеленген сурет. Балалар суретті жақсылап қарап шығып, ондағы бірдей формадағы балаларды тауып, түрлі -түсті қаламмен бояулары қажет. (3-сурет).


4-тапсырма. "Жіптің ұшын тап".

Тапсырмаға материал. Шатасқан сызықтар бейнеленген бет қағаз (4-сурет).

Оқушылар көз жүгірте отырып сызықтардың бағыттарын қараулары қажет (қинаған жағдайда, бірінші кезеңде таяқшаны немесе саусақты пайдалану рұқсат етіледі). Кімде-кім басқалардан тез дұрыс жауап бере отырып тапсырманы орындаса, сол жеңімпаз болады.

4-сабақ.


Мақсаты: Зейіннің шүйлігуі мен тұрақтылығын және ойлауды (талдау) дамыту.


Сабақтың барысы:


III. Сабақтың мазмұны:


1-тапсырма. "Графикалық диктант".

Өрнек үлгісі ауызша нұсқау формасында оқылады. Мысалға: бір клетка оңға, бір клетка жоғары, бір клетка оңға; бір клетка жоғары, бір клетка оңға, бір клетка төмен және сол секілді. Төменде үлгі сурет көрсетілген. Ал, балалар 5 - суретке мұғалімнің айтуымен осыны салулары қажет.

hello_html_m6636ca05.jpg

5 - сурет


2-тапсырма. "Ең зейінді".

Ойыншылар жарты шеңбер құрып тұрады. Содан соң жүргізушіні анықтайды. Жүргізуші ойыншылардың орналасу реттілігін қарап шығып есінде сақтайды да, өзі артқа қарай айналады. Осы уакытта ойыншылар орындарын алмастырады. Жүргізуші ойыншылардың ойынның басында қалай тұрғандықтарын айтады. Барлық ойыншылар жүргізуші орнында болуы қажет. Қателеспеген ойыншылар жеңімпаз болып табылады.


3-тапсырма. "Ерекшелігін тап".

Тапсырмаға материал. Салыстыруға қажетгі суреттер ұсынылады. (6-сурет).

Оқушылар суретті қарап шығып ондағы 8 ерекшелікті табулары қажет.


4-тапсырма. "Қиылысу".

Тапсырмаға материал. Оқушыларға әртүрлі заттардың суреті бар бланка ұсынылады (7- сурет).

"Қиылысу" тапсырмасында бір суретгі іздестіруге байланысты, ұсынылған заттардың бір-бірін не біріктіреді, не бөледі, соны табу талап етіледі. Мысалға: 7- суреттің А бөлімінде берілген тапсырмасында 1 және 2-үйлер арасынан А және Б үйлерімен қандайда болмасын бірдей белгісімен ұқсас үйді табу қажет. Бұл жерде дұрыс жауап деп 2- үйді айтуымызға болады. Өйткені онда А үйіндегіге ұқсас терезе, ал Б үйіндегіге ұқсас шатыры бар. Егер бала жауап ретінде 1- үйді дұрыс деп тапса, онда оның жаңылысқандығы. Өйткені ол сол заттың тек бір белгісіне көңіл аударған.


5-сабақ.


Мақсаты: Үлгіні салыстыру мен талдау біліктілін және ұғымдық ойлау мен көріп қабылдауды дамыту.


Сабақтың барысы:


III. Сабақтың мазмұны:

1-тапсырма . "Осылай бейнелеп сал"

Тапсырмаға материал. (8-сурет ).

Оқушылардан үлгіні қарап шығып, тап солай жаңғыртуды талап етеміз.

2-тапсырма. "Фигураларды ата"

Тапсырмаға материал. Әрбір оқушы сурет бейнеленген бет қағаз алады. Ол суреттерді оқушы жақсылап қарап шығып олардың қандай фигуралардан тұратындығын айтып шығады. (9-сурет).

3-тапсырма. "Артық зат"

Тапсырмаға материал. 3 суреттен тұратын жинақ. Олардың әр қайсысында 4 зат бейнеленген. (10-сурет).

Оқытушы балаларға былай деп түсіндіреді: суретте бейнеленген 4 заттың ішінде 3-нің өзара жалпылық белгілері бар. Оларды бір топқа жатқызып бір сөзбен атауға болады. Бір зат басқалардан ерекше. Төрт заттың қайсысы артық?

4-тапсырма. "Өзің бейнелеп сал "

Тапсырмаға материал. Фигуралар жиынтығы (11-сурет).

Мhello_html_m2cdedec8.gif
hello_html_m6534535a.gifысалы:






Оқушылар фигуралар жиынтығын қолдана отырып тапсырылған затты салулары қажет.

Салуға арналған тапсырмалар: адам беті, клоун, үйшік, мысық, жауын, қуаныш.

Фигуралардың көлемін өзгертіп бірнеше рет қолдануға болады. Бірақ басқа фигуралар мен сызықтар қосуға болмайды.

Мыналарды ескеріп нәтижені бағалауға болады:

  1. Барлық берілген суреттер бар ма?

  2. Бейнелеудің нақтылығы?

  3. Бейнелеудін ерекшелігі.

  4. Бейнелеуде барлық ұсынылған фигуралардың қолданылуы.

Әрбір бөлімді бес баллдық жүйе бойынша бағалау және жалпы сан баллдарын есептеу қажет.

Шама қаншалықты үлкен болса, соншалықты баланың қиялы мен бейнелік ойлауы жоғары болғаны.

Баланың талап ету нұсқасы бойынша салған бейнесі ұқсас болмаса да 1 ұпай;

"Осылайда болады" деген бағаңызға салған суретке 2 ұпай;

Ұсынылған барлық фигуралардың гармоналдық ұқсастықта бейнеленгені үшін – 3 ұпай;

Барлық фигураларды қолданғаны және шындыққа жанасқаны үшін – 4 ұпай;

Барлық фигураларды қолданғандағы сапалылығы үшін – 5 ұпай беріледі.

6-сабақ.


Мақсаты: Сөздік тапсырманы орындай алу біліктілігін, қиялын, үлгіні салыстыру мен талдай алу біліктілігін дамыту.


Сабақтың барысы:


III. Сабақтың мазмұны:


1-тапсырма. "Графикалық диктант". (4-сабақты қара). Тапрсырмаға материал. (12-сурет).


hello_html_m71f0a1a5.jpg

12 — сурет

2-тапсырма. "Сиқырлы жұмыртқа".

Тапсырмаға материал. Әрбір оқушы 13-суретке төмендегідей жұмыртқа түріндегі формаларды жаңа зат пайда болатындай етіп аяқтап салулары қажет.

Үhello_html_41830c09.jpg
hello_html_73ee3208.jpghello_html_23c075c.jpgлгі суреттер:

13 - сурет


3-тапсырма. "Осылай бейнелеп сал". (5-сабақты қара).

Тапсырмаға материал. (14-сурет).

4-тапсырма. "Буратиноның жұмысын тексер".

Тапсырмаға материал. Үлгі суреттер. (15-сурет).

Оқытушы: Мальвина Буратиноға өрнекті сызуды тапсырады. Сендер сол Буратиноның орындаған жұмысын тексеріңдер. Ол тапсырманы дұрыс орындады ма? Сендер қалай ойлайсыңдар, Буратино жұмысты жақсы орындауға тырысты ма?

Сенде де кейде осындай сәтсіздіктер болады ма? Сен жақсы орындауға тырысасың бірақ, жұмысың дұрыс болмай шығады. Here олай болады?-дейді.

7-сабақ.


Мақсаты: Тікелей көріп есте сақтауды, әрекет ізділігіне байланысты есте сақтауды дамыту.


Сабақтың барысы:


III. Сабақтың мазмұны:


1-тапсырма. "Көру диктанты".

Балаларға төмендегі суреттер 2-5 секунд көрсетіледі. (6-дан 9-ға дейін). Содан соң есте сақтау бойынша ол суреттерді жұмыс дәптеріндегі 16-суретке жаңғыртып салу қажет. Суреттін көлемі 6x9 см.


hello_html_675223a5.jpg


16 — сурет


2-тапсырма. "Реттілікті есте сақта".

Toп арасынан 5-6 бала таңдап алынады. Қалғандары көрермендер. Таңдап алынған балалардың біреуі жүргізуші болады. Қалған 4-5 ойыншылар кіші паравоз болып орналасады. Жүргізуші 1 минут кіші паравоздарға қарап тұрып теріс айналып, кіші паравоздар қалай тұр соны реттілікпен аттарын айтып шығуы қажет. Осыдан соң ойыншылар көрермендер болып, ал сахнаға басқа балалар шығып орын алмасады.

Барлығын дұрыс есінде сақтаған балаларды ескеруіміз қажет. Ойынды 4 реттен көп қайталамаған жөн. Келесі сабақта да мұны ойнауға болады.





3-тапсырма. "Телеграфистер".

Балалар реттілікпен ұзақ және қысқа үзілістермен бөлінген, орындықта соғылған соққылар серияларын жаңғыртулары қажет. Сериялар құрылымы бойынша біртіндеп ұзарады және күрделенеді.

Ырғақ үлгісі:

1 II. I, I II

2 – III I, I III, II

3 – II III, III II

4 - III III, II III, III II

8-сабақ.


Мақсаты: Тікелей көріп есте сақтаудың, ұғымдық ойлаудың дамуы.


Сабақтың барысы:


III. Сабақтың мазмұны:


1-тапсырма. "Көру диктанты (7- сабақты қара).

Тапсырмаға материал. (17-сурет).


hello_html_4536b245.jpg


17 – сурет


2-тапсырма. "Түстер".

Ойыншылар шеңбер құрып орналасады. Жүргізуші барлық ойыншыларға реттілікпен бір түстегі бес заттың атын атауды ұсынады. (қызыл, жасыл, көк, сары, қара және т.б.) 1 минуттың ішінде айтылған белгісімен ерекшеленетін 5 затты айта алмаса сол ойыншы ойыннан шығады. Айтылған затты қайта айту рұқсат етілмейді.



3-тапсырма. "Суреттерді таңдау".

Тапсырмаға материал. Суреттер жинағы – 20 дана.

а) Оқытушы суреттерді ретсіз тақтаға іледі де, оны қарап шығуды талап етеді. Содан соң оларды қандай топтарға бөлуге болатындығын сұрайды.

Үлгі суреттер жинағы: қоян, бұршақ, кірпі, аю, капуста. қасқыр, қияр, сиыр, шкаф, орындық, ешкі, диван, қой, стол, апельсин, автобус, абрикос, алма, машина, такси.

б) Оқытушы бірнеше суреттерді көрсетеді және жалпылаушы сөзді атайды. Оған мағынасы жақын келетін суреттерді оқушылар таңдауы қажет. Мысалға, оқытушы "шөптер" деген сөзді айтады да, оған байланысты мына суреттерді көрсетеді: шырмауық, жол желкен, емен, жусан, қайың, (емен мен қайың жатпайды); "шыбын-шіркейлер" сөзіндегі суреттерге, қырықаяқ, шыбын, үкі, көкек, қоңыз (үкі, көкек жатпайды) және т.б.


9-сабақ.


Мақсаты: заңдылықтарды дәлелдеу біліктілігін, қиялды, кеңістіктік елестетуді дамыту. (баған мен қатардағы объектілердің орналасуын анықтау).


Сабақтың барысы:


III. Сабақтың мазмұны:


1-тапсырма. «Керекті сурет".

Тапсырмаға материал. Жауап нұсқасымен берілген тор көзде салынған заттар. (18-сурет)

Оқытушы балаларға былай деп түсіндіреді: Top көздердегі заттарға қара, олар белгілі заңдылықтар бойынша орналасқан. Осы заңдылықты түсініп алып, бос тор көзге керекті суретті сал. Жауап нұсқаларын қолдануға да болады. Заттардың орналасу заңдылығының қандай болғандығын бізге кім айтады?


2-тапсырма. Ою салу "Тарақ".

Тапсырмаға материал. 19-суреттегі оюды қайта жаңғыртып салу қажет.


3-тапсырма. "Фигураны анықта".

Тапсырмаға материал. Геометриялық денелердің контурмен берілген қағаз беттері. (20-сурет).

Оқытушы қағаздың бірінші бөліміндегі фигураларды қарап шығып, ұқсас деген фигураларды нұсқау сызықтарымен қосуды ұсынады.

а) Оқытушы оқушыға төменгі қатардың оң жақ бағанында орналасқан фигураны қызыл қаламмен бояуды тапсырады. Сонымен бірге мына сұраққа жауап беруін талап етеді. Суретті тағы осындай фигуралар бар ма? Олар қайда орналасқан?

б) Сол бағанның ортаңғы қатарында орналасқан фигураны көк қаламмен бояуды ұсынады. Осындай фигуралар суретте бар ма? Олар қайда орналасқан және т.б.


10-сабақ.


Мақсаты: Үлгіні салыстыру мен талдау біліктілігін, зейіннің шүйлігуін, есте сақтауды дамыту.


Сабақтың барысы:


III. Сабақтың мазмұны:


1-тапсырма. "Осылай бейнелеп сал".

Тапсырмаға материал. (21-сурет)


2-тапсырма. "Буратино қай жерде қателесті?"

Тапсырмаға материал. Буратино салған өрнегі бар бет қағаз (22-сурет).


3-тапсырма. "Жіптің ұшын тап". (3-сабақты қара)

Тапсырмаға материал. (23-сурет).


4-тапсырма. "Магнитофон".

Оқытушы сөз буынын оқиды, ал оқушылар осыдан сөз құрастырулары қажет.

Біртіндеп буын бөліктерін ұзарта отырып, алдымен қос күрделі сөзден бастаған жөн, содан соң үш күрделі сөзге ауысу қажет және т.с.с.

Күрделі нұсқасында оқытушы буынды айтады да, ал аралығындағы үзілісте басқа сөздер қолданады. Мысалға: Сөздің алғашқы буыны – ба, содан соң екінші буын – ла, содан соң ең соңғы буын – пан келеді. Сөзді айтамыз. (Балапан).



11-сабақ.


Мақсаты: қабылдауды, есте сақтауды және қиялды дамыту.


Сабақтың барысы:


III. Сабақтың мазмұны:


1-тапсырма. "Бірдей фигураларды тап және атын ата".

Тапсырмаға материал. Әрбір оқушы түрлі түсті қағаздар мен әртүрлі фигуралардың контурмен берілген екі қағаз бетін ашады. Әрбір суреттердегі бірдей фигураларды тауып, оларды бір түспен бояу қажет (24-сурет).


2-тапсырма. "Кімнің қатары ұзынырақ?"

Оқытушы қандай да болмасын бір зат есімді атайды. Мысалға: мысық. Оқушылардың бірі қайталайды. Содан соң оқытушы тағы бір сөз қосады. Мысалға: жапырақ. Оқушы қайталайды: мысық, жапырақ. Содан соң оқьпушы тағы бір сөз қосады. Мысалға: алмұрт. Оқушы барлық сөзді қайталайды: мысық, жапырақ, алмұрт және т.б. Тапсырманың мақсаты - барынша көп сөзді есінде сақтау.


Үлгі сөздер тізбегі:

1. Шаян, көпір, көйлек, ноқта, ермек, қолған, термометр, астау, үзеңгі, тізгін, шатыр, киіз, сыбызғы.

2. Орман, сабын, қарбыз, көрпе, тік ұшақ, ұшақ, мылтық, садақ, құлпынай арба, қамшы, кілем.


3-тапсырма. "Сиқырлы орман".

Аяқталмаған суретті аяқтап салу керек. Мысалға, оларды гүлге, ағашқа, көбелекке, құсқа, жануарға айналдыру. Сол бойынша әңгіме құрастыру талап етіледі.

Келесі нұсқаларды да ұсынуға болады: Сиқырлы өзен, сиқырлы сая жай.



12-сабақ.


Мақсаты: Есте сақтауды, кеңістіктік елестетуді (ішінде, үстінде, астында, тыс терминдерін түсіну), көрнекі-бейнелік ойлауды дамыту.


Сабақтың барысы:

III. Сабақтың мазмұны:


1-тапсырма. "Көру диктанты". (7-сабақты қара).

Тапсырмаға материал. (25-сурет).


hello_html_4c35ff69.jpg

25 – сурет


2-тапсырма. Ою салу "Тұмарша" (9 сабақты қара);

Тапсырмаға материал. 26-сурет.


3-тапсырма.ұрыс орында"

Тапсырмаға материал. Түрлі түсті қаламдар. (27- сурет).

Оқытушы балалардан 1 және 2- фигуралардың ішіне көк шеңбер салуды, ал қызыл шеңбер сол фигуралардың сыртында қалатындай, ал әрбір фигуралардың шекарасына жасыл нүкте салуды талап етеді. Әрі қарай сызықты 3- фигураның ішінде боялған үшбұрыш, 4-фигураның сыртында боялған квадрат, 5-фигураның сызығы бойында боялған шеңбер қалатындай етіп жалғастырамыз. Әрі қарай көк қаламмен сызықты шеңбер оның сыртында, ал квадрат б – фигураның ішінде қалатыңдай етіп жалғастырамыз. 7-фигураны 4-үшбұрыштың ішінде орналасқан нүктені қызыл қаламмен белгілейміз, бірақ ол шеңбер мен квадраттың сыртында қалуы қажет.


4-тапсырма. "Қиылысу ". (4-сабақты қара).

Мұнда суреттің жұбын табуға байланысты қиылысу тапсырмасының шешімін меңгеру қажет. Мысалы мынаны табу қажет. Суреттің қай жұбында "И" немесе "Е" және 1- суреіттің де 2-ші суреттің де қалған суреттермен қандай ұқсастығы бар. (28-сурет).

"Е" жұбындағы суреттер тапсырманың талаптарына жауап бере алады. Сондықтан "Е" жауабы дұрыс болып табылады.

Әрі қарай егер "Е" жұбын (ойша) қалған бөлек суреттердің жанындағы бос орынға қойсақ онда бір суреттін қалған; екі суреттен ұқсастық белгілері бар сурет тобы пайда болады.


13-сабақ.

Мақсаты: сөздік тапсырманы орындау біліктілігін, зейін көлемін, тұрақтылығын және заңдылықты дәлелдей алу қабілетін дамыту.


Сабақтың барысы:


III. Сабақтың мазмұны:

1-тапсырма. "Графикалық диктант". (4-сабақты қара).

Тапсырмаға материал. (29- сурет).


hello_html_3b232964.jpg


2-тапсырма. "Ерекшелікті тап"

Тапсырмаға материал. Оқушыларға кейбір бөліктерімен ерекшеленетін екі сурет ұсынылады.(30- сурет)


3-тапсырма. "Керекті сурет".

Тапсырмаға материал. Әрбір оқушыға суреттер беріледі. (31-сурет).

Оқытушы: Суреттің орналасу заңдылығын анықта. Осы заңдылықты айтып бер. Тік қатарға да, көлденең қатарға да келетін фигураны бос көзге сал. Жауап нұсқасын қолдан, - деп балаларға түсіндіреді.


4-тапсырма. Ою салу "Балдақ" (9-сабақты қара).

Тапсырмаға материал. (32-сурет)



14-сабақ.


Мақсаты: үлгіні салыстыру және талдау біліктілігін, есту қабілетін, ұғымдық ойлауды дамыту.


Сабақтың барысы:


III. Сабақтың мазмұны:

1-тапсырма. "Осылай бейнелеп сал" (5-сабақты қара).

Тапсырмаға материал. (33-сурет).


2-тапсырма. "Буратино жұмысын тексер". (5-сабақты қара).

Тапсырмаға материал. (34-сурет).


3-тапсырма. "Суретті талдау".

Тапсырмаға материал. (8-сабақты қара).


4-тапсырма. "Сиқырлы саяжай".

Тапсырмаға материал. (11-сабақ, 3-тапсырма).


15-сабақ.


Мақсаты: Зейін көлемі мен шүйлігуін, есте сақтау мен зандылықтарды дәлелдеу біліктілігін дамыту.


Сабақтың барысы:


III. Сабақтың мазмұны:


1-тапсырма. «Жіптерді жүргіз».

Тапсырмаға материал. Пюсгограммамен берілген бет қағаз, түрлі-түсті қаламдар (35-сурет).

Балалар бір эмоциональдық қалыпты бейнелейтін пиктограммалардың біреуінен екіншісіне түрлі-түсті қаламдармен жіпшелерді жүргізулері қажет. Сонымен бірге балалардың, адамдардың эмоциональдық қалпын қалай түсінетіндігін анықтауымызға болады.


2-тапсырма. "Сана және суретті боя"

Тапсырмаға материал. Оқушыға әрбір санға тиесілі нүктелерді санап шығып оларды бояу тапсырылады. (36-cypeт)

1 - . - қызыл

2 - .. - сары

3 - ... - көк

4 - .... - жасыл

5 -.....- қоңыр


3-тапсырма. "Қарлы үйіншек" (снежный ком).

Ойыншылар шеңбер құрады. Бірінші ойыншы кез-келген сөзді айтады. Мысалға: гүл. Келесі ойыншы осы сөзді қайталайды да, тағы да кез-келген бір сөзді айтады. Мысалға: орман. Үшінші ойыншы алдындағы екі сөзді қайталайды да (гүл, орман), тағы да кез-келген бір сөзді айтады. Мысалы: оқушы, т.б.. Егер де кімде-кім көп сөзді қайталай алса, яғни есте сақтауы ерекше болса, сол жеңімпаз болып есептелінеді.

Ойынды бірнеше рет қайталауға болады. Сөздін тақырыптық бір ізділігін құру ойынның тағы бір нұсқасы болып табылады. (мысалы жапырақты ағаштарды атау, бір түбірлі сөздерді тіркестіріп айту т.б.).


4-тапсырма. "Артық зат" (5-сабақты қара).

Тапсырмаға материал. (37-сурет).


16-сабақ.


Мақсаты: сөздік тапсырманы орындау біліктілігін, зейіннің көлемін, жанама көріп есте сақтауды, байқағыштықты, заңдылықтарды қалыптастыру біліктілігін дамыту.


Сабақ барысы:


III. Сабақ мазмұны:

1-тапсырма. "Графикалық диктант" (4-сабақты қара).

Тапсырма материалы. (38-сурет).


hello_html_m68cfe2a.jpg

38 – сурет


2-тапсырма. «Бос тор көз».

Тапсырма материалы. Гүл суреттері бар қағаз. (39-сурет).

Оқытушы былай деп түсіндіреді: "Суреттің орналасу ережесін анықта және оны қайталап айт. Содан соң осы ереже бойынша бос тор көздерді толтыр".


3-тапсырма. "Зат иесі".

Әрбір команда бір жүргізуші таңдап алулары қажет (яғни алдын ала топты 2 командаға бөлеміз). Команданың әрбір мүшесі бір-бір заттан столдың үстіне қояды, ал осы команданың жүргізушісі столдың үстіне қай бала қандай затты қойды және қандай реттілікпен ол заттар орналасып жатыр соны есінде сақтауы қажет.

Әрбір командада ойыншының саны алты адамнан аспауы қажет. Ойынның соңында жүргізушінің қаншалықты дұрыс жауап беруіне байланысты нәтиже қортындалады. Соған байланысты қай жүргізуші қаншалықты байқағыштық танытты. Осы ойынды келесі сабақтарда да қайталауға болады.


4-тапсырма. "Сана және суретті боя" (15-сабақты қара).

Тапсырмаға материал. Оқушыға әрбір санға тиесілі нүктелерді санап шығып оларды бояу тапсырылады. (40-сурет).


4 көк

5 сарғыш қызыл

6жасыл

7 – қызыл

8 сары

9 – көгілдір


5 тапсырма. "Артық зат".

Тапсырмаға материал. Заттардың суреті бар бет қағаз және қарындаш (41-сурет).

Текстік тапсырманы орындау үшін келесі нұсқау ұсынылады: "Төрт зат берілген. Оларды бір топқа біріктіруге болады және оған ат беру қажет. Бірақ сол топ заттарының ішіндегі бір зат ол топқа жатпайды. Сол затты тауып,"шығарып" тастау қажет".

Алынған заттарды бағалау шкаласы:

Оқушы түсінік ұғым сөзді өздігінен дұрыс айтады. "Артық" затты ажыратады. Заттарды бір топқа біріктіреді. Онда – 5 ұпай.

Оқушы түсініктік ұғым сөзді дұрыс айтпай, содан соң өз қатесін дұрыстаса, онда – 4 ұпай.

Оқушы бір топқа біріктіретін және "артық" затты аңғаратын түсініктік ұғымға талдау мінездемесін жасайтын болса, онда – 2,5 ұпай.

Оқушы бір топқа біріктіретін және "артық" затты аңғартатын түсініктік ұғымды үлкендер көмегімен талдап, оған мінездеме беретін болса, онда – 1 ұпай.

Егер оқушы ұсынылған тапсырманы орындай алмаса, онда оны арнайы курс арқылы ойлауын, шығармашылық қиялын дамыту қажет.

Егер оқушы заттарды түсінікті ұғым бойынша емес ситуациялық критерилері бойынша анықтаса, онда ол нақтылы ойлаудың көрсеткіші. Онда оқушы мағыналық белгілермен жалпылау жасай алмайды.


Әдістеме кілті:

1.Қайық. 2.Қайшы. 3.Тиын. 4.Күн. 5.Көзілдірік. 6.Керует. 7.Кітап. 8.Мысық. 9.Тон. 10.Белдік. 11.Ашқыш. 12.Аяқ. 13.Бөшке. 14.Бал арасы.



17-сабақ.


Мақсаты: үлгіні көшіру біліктілігін, көріп қабылдауды дамыту. (қалыпты ажырату).


Сабақ барысы:


III. Сабак мазмұны:


1-тапсырма. Ою салу "Балақ" (9-сабақты қара).

Тапсырмаға материал. Әрбір оқушы да қалам болуы талап етіледі. 42-суретте берілген оюды қайта жаңғырту қажет.


2-тапсырма. "Шатасу".

Оқытушы оқушылардан суретті қарап шығып, ондағы бейнеленген сызықтардың жиектерін тауып, санау талап етіледі. (43-сурет).


3-тапсырма. "Бірдей фигураны тап".

Тапсырмаға материал. Оқушыларға түрлі-түсті қалам ұсынылады.

Суреттегі бірдей фигураларды тауып, оны бірдей түске бояу талап етіледі. (44-сурет).


4-тапсырма. "Кілем"

Тапсырмаға материал. Қатты немесе қалың қағаз.

Қатты немесе қалың қағаздан берілген кілем үлгісіндегі әрбір оюларды қию талап етіледі.

Қиылған бөліктерден үлгідегідей немесе өздерің ойлағандай етіп кілем құрастырындар. (45-сурет).





18-сабақ.


Мақсаты: көріп есте сақтауды, ойлауды дамыту.


Сабақ барысы:


III. Сабақ мазмұны:


1-тапсырма. "Зат иесі".

Бұл ойынды жүргізу үшін ойыншыларды екі топқа бөлу қажет. Әрбір команда өздеріне жүргізуші таңдайды.

Ойынның шарты бойынша жүргізушінің көз алдында әрбір ойыншы бір заттан стол үстіне қояды. Жүргізуші қай ойыншы қай затты қандай реттілікпен койды соны есте сақтауға тырысады. Жүргізушінің жауабы бағаланады. Әрбір ойыншы жүргізуші орнында болуы қажет.


2-тапсырма. "Ерекшелігін ата".

Оқушылар екі затты салыстыра отырып барынша көп ерекшеліктерін табуы қажет. Мысалға:


Шкаф

үлкен

заттарды сақтау үшін қолданылады

электр энергиясының қажеттілігі жоқ

Телевизор

кіші

сақтау үшін қолданылмайды

электр энергиясын қажет етеді



3-тапсырма. "Жалпыны іздеу".

Жоғарыда айтылған заттардың жалпы белгілерін табу.


Үй тұрмысында қолданылатын заттар

Зат қоюға арналған заттар

Қызықтауға арналған заттар

Жасанды пайда болған объектілер



19-сабақ.


Мақсаты: зейін көлемін, тактильді есте сақтауды дамыту.


Сабақ барысы:


III. Сабақ мазмұны:

1-тапсырма. "1-ден 15-ке дейінгі санды тап".

Тапсырма материалы. (46-сурет).


2-тапсырма. "Қаптағы мысық".

Балаға затты сипап көру ұсынылады (көзі жұмулы). Егер затты тапса, ол қандай белгілер арқылы осындай шешімге келді соны түсіндіру қажет.



3-тапсырма. "Бөліктерге бөлу".

Топтың барлық ойыншылары екі командаға бөлінеді. Ойынның әрбір қатысушыларына ұзынынан бөлінген қағаз қиындысы беріледі. Жүргізуші қағазды бүктеп көру арқылы көзбен бөлудің қаншалықты дұрыс екендігін тексереді. Егер кімде-кімнің қаламмен белгілеген жері мен бүктеген жері бетпе-бет болып келсе, сол ойыншы командасына 5 – ұпай алып келеді.


4-тапсырма. "Ойыншықты анықта".

Балалардың әкелген ойыншықтары столдың немесе орындықтың үстіне қойылады. Жүргізуші сайланып алынып, ол 2-3 минут бөлмеден шыға тұрады. Жүргізушінің жоқ болған кезінде жұмбақты жасыратын бала таңдап алынады. Бұл бала қай ойыншықты жасырғанын ыммен түсіндіруі қажет. Мысалға: "қоян" ойыншығын жасырған болса, онда ол секіріп, "сәбіз жегенін" т.б. ерекшеліктері арқылы көрсетуі қажет. Жүргізуші тауып алған жағдайда ол затты қолына алып дауыстап айтуы қажет. Қалған балалар "дұрыс" және "дұрыс емес" деген жауапты барлығы дауыстап айтулары қажет. Егер жауап дұрыс болған жағдайда жаңа жүргізуші және жұмбақ жасырушы сайланады. Балалар өздері қай ойыншыққа қалай жасыруға және қалай көрсетуге болатындығы жайында пікір таластыруларына болады. Егер бала ойыншықты таба алмаса онда ол жүргізуші болып қала береді де, жұмбақ жасыратын бала қайта таңдап алынады.



20-сабақ.


Мақсаты: зейінді (ауыспалығы мен тұрақтылығы) заңдылықтарды қалыптастыру біліктігі мен схема бойынша әрекет ету біліктілігін қалыптастыру.


Сабақтың барысы:


I. Оқытушының алғы сөзі (амандасу рәсімі).

II. Бой жазу. (оқытушының таңдауыңа байланысты).

Бой жазу жаттығулары балалардың эмоциональдық жағдайына байланысты таңдап алынады. Сонымен бірге бұл жаттығу топтық іс-әрекеттің жемісті болуына әсері болуы қажет. (1- қосымшаны қара).


III. Сабақ мазмұны:

Бүгін бізге схема үйге қайтатын жолды анықтауға көмектесетін болады. Бұл схемада жол бойында есте сақтауға ыңғайлы ерекше, қызықты заттар кездеседі. Оларды бағыттаушы деп атауымызға болады. Бұл заттардың кейбіреулері сіздер зер салып орындау керек тапсырмаларды жасырып отырады.

hello_html_60260fd7.jpghello_html_5fd3ea6e.gif

47 – сурет.


47-суретке қараңыздар. Қызық Телпек әжесіне бара жатыр. Оның қолында сол жердің жоспары бар. Ол жоспар сіздерге жақсы көріну үшін суреттің астында берілген.Жоспар бойынша көзбен және қолмен қадағалап отырып Қызыл Телпекпен бірге оның әжесіне баруға жолға шығамыз.

Алдымен ескі көпір арқылы өту қажет. Бұл көпір өте қорқынышты, себебі көпірдің кейбір жерлерінен адам құлап кетердей сынған жерлері бар. Бұл көпірден сәтті өту үшін жаттығу ретінде "Крестер мен нүктелер" тапсырмасын орындайық.


1-тапсырма. "Крестер, нүктелер".

Тапсырмаға материал. Әрбір оқушыға арналған фигуралары бар қағаздар. (48-сурет).

Оқытушы оқушыға былай деп түсіндіреді: "Бастадық" белгісі бойынша мүмкіндігінше тездетіп, солдан оңға қарай, бірінші бөлімдегі фигураларды қарап шығып, әрбір шеңберге "+" таңбасын, үшбұрыштарға "-" таңбасын қойып шығуды талап етеді. Керек фигураға қоймай кету мен белгіні дұрыс қоймау қате болып есептелінеді. Жұмысқа 1,5 минут уақыт беріледі. "Тоқтат" белгісі бойынша жұмысты тоқтату қажет. Содан соң оқушылар сызықтың үстіндегі екінші қатардағы фигураларды қарастырады. Ал енді олар керісінше шеңберге "-" таңбасын, үш бұрышқа "+" таңбасын қоюлары қажет. "Бастадық" белгісінен кейін оқушылар 1,5 минут аралығында жұмысты орындайды. Содан соң "Тоқтат" белгісін ұмытпауымыз қажет. Өте аз қате жіберген оқушы жеңімпаз болып есептелінеді.

-Жарайсындар! Сендер тапсырманы жақсы орындадындар, ал енді көпірден асықпай өтіп гүлді алқапқа шығамыз. Әрі қарай жол бізді сыйқырлы орманға алып барады. Көздеріңді жұмып, елестетіп көріңдерші. Сендерді қандай ағаштар қоршап тұр? Самал жел соғып, тал шыбықтар қозғалуда. Тал шыбықтардың қалай қозғалып тұрғанын біз де салып көрелікші. Олардың бір-бірімен, бізбен, желмен сөйлескенін тыңдап көрелікші (желді, ағаштардың қозғалысын таспаға басып алып қолдануға болады). Естимісіңдер! Бізге қарай бір нәрсе келе жатырғандай?

( Балалардың іс-әрекетін сырттай байқаймыз.) Қасқыр емес пе екен?

- Қорықтыңдар ма? (Жоқ!) Әрине, қорқатын ештеңе де жоқ.

Бұл өзіміздің................

Шыршадан да секіріп, еменнен де секіріп,

Қысқы азыққа саңырау құлақ пен жаңғақты.

Жинайтұғын кім екен? (Тиін).

-Балалар, сендер білесіндер ме? Тиін "Жазу машинкасы" ойынын ойнағанды жақсы көреді екен. Ол әріптен әріпке секіріп сөйлем "жазады". Ендеше біз де осы ойынды ойнап көрейік.


2-тапсырма. "Жазу машинкасы".

Әрбір оқушыға оқытушы әріптер арасынан бір әріптің атын береді. Содан соң сөз немесе 2-3 сөзден тұратын аяқталмаған сөйлем ойлап табады. Белгі бойынша оқушылар сөзді немесе сөйлемді "тере" бастайды. Сөздің бірінші "әріпі" алақанымен шапаттайды, содан соң екінші т.с.с. Сөз "теріліп" болғанда барлығы бірге алақандарымен шапалақтайды.

Мысал сөздер: үй, ата, әже, шеше, қол, түс, орындық, қасық.

-Жарайсыңдар! Сендердің жақсы ойнағандарыңа тиін өте қуанышты. Ал енді тиінмен қоштасып, әрі қарай жол жүрейік.

Сонымен, балалар! Біздің алдымыздағы орман жанындағы алқап ортасында тұрған кім? (суретші!) Ол үйдің суретін салып жатыр. Мынау менің әжемнің үйі емес пе? - деп суретшіден Қызыл Телпек сұрағысы келіп тұр. Оны білу үшін суретші "тоғызыншыны тап" ойынын ойнауды ұсынып отыр.


3-тапсырма. "Тоғызыншыны тап".

Тапсырмаға материал. Үйлер мен сөмке бейнеленген сурет (49-сурет).

Оқытушы оқушылармен бірге үй бейнеленген суретті қарап шығып былай дейді: "Суретші 9 сурет бейнелегісі келіп еді, бірақ, бір суретті ұмытып кетіп астыңғы бөлігіне бейнелейді. Төменгі 3 қатардағы қайсы үй сол орынға сай келеді соны табыңдар?".

Міне, бізде Қызыл Телпектің әжесінің үйіне де жеттік. Әжесі де қасымызда. Ол кісі Қызыл Телпекті де, сіздерді де, жоспар бойынша оның үйін жақсы тапқандарыңызға қуанып, мақтау айтып жатыр.

Енді біз төменде схема арқьыы жол жүруді талқылаймыз. Көрсетілген нұсқаулар бойынша межелі жерлерімізге жетуімізге болады.

Жоспар схемасы жерді мекеннің бөліктерін бейнелейді. Жоспарды "оқи" отырып біз қай бағытқа жүру керек екендігін білдік. Бағытты басқаша да жазуға болады, яғни не істеу керектігін айта отырып. Мысалға: 5 қадам тура, 1 қадам оңға және т.б.

50 – суретке қараңдар. Ертөстік үйіне баруы қажет. Ол қадамды санай алады және нұсқау белгілерін біледі. Мысалға: тура, оңға бұрылу, солға бұрылу.

Бұл бұйрыктарды оған схема түрінде жазып беру қажет.

Тhello_html_m172eb024.gifура -

Оhello_html_712317.gifңға бұрылу -

Сhello_html_3e928cc6.gifолға бұрылу -

Қадам саны санмен жазылады. Қадам 1 тор көз.

hello_html_m30ad1074.jpg

Е

Жауап: гүл

Жауап: балық

Жауап: қоян

Жауап: шырша

Жауап: үй

ртөстік үйіне бару керек. Сол үшін мына схемамен жүргенде ол қай жерде болады соны анықта.

hello_html_660fd5e4.jpg

50-сурет.


IV. Сабақтың қорытындысын шығару.

Біз бүгінгі сабағымызда немен таныстық?

Сабақта не ұнады?

Сабақта не ұнамады?

Бұл ойындар мен тапсырмаларды неге орындаймыз?

Бұл жаттығулар бізге несімен көмектеседі?

21-сабақ.

Мақсаты: бейнені көшіре алу біліктілігін және ойлауды дамыту. Зейін - бақылау әрекет ретінде.


Сабақ барысы:

III. Сабақ мазмұны:

1-тапсырма. Ою салу "Түйе табан" (9- сабақты қара).

Тапсырмаға материал. (51-сурет).


2-тапсырма.ұмысын тексер".

Тапсырмаға материал. Фигура бейнеленген жеке дара бланкалар, қалам. (52-сурет).

Оқытушы былай деп түсіндіреді: "Үлгідегідей сызу балаларға тапсырылған болатын. Балалардың жұмысын тексер. Егер қатесі болса есепте. Олардың жұмысына баға бер".


3-тапсырма.

Тапсырмаға материал. Геометриялық фигуралары бар бет қағаз, қалам (53-сурет). Әрбір оқушы геометриялық фигуралары бар бет қағаз алады.

Оқытушы балаларға былай деп түсіндіреді: "Қағаздың жоғарғы бөлігінде квадрат қисық сызықпен, ал шеңбер түзу сызықпен сызылған суреттер салынған. "Бастаңдар" белгісі бойынша қатарларды солдан оңға қарай жақсылап қарап шығып фигураларды үлгіде көрсетілгендей етіп белгілеп шығыңдар. Бұл жұмысты тез, қателеспеуге тырысып орындау қажет. "Тоқта" белгісі бойынша қаламы бар қолыңды жоғары көтер".

Тапсырма 1,5-2 минут аралығында орындалады.


4-тапсырма. "Артық сөз".

Балаларға сөздер ұсынылады. Егер оның бірін алып тастағанымызда функциональдық құрылымы немесе бірдей түсінікпен біріктіруге болатын сөздер қалыптасуы қажет.

Көрсетілген түсінікке жатпайтын "артық" сөзді табу қажет. Тапсырмалар үлгісі қосымшада ұсынылған. Аса күрделенген нұсқаны, әртүрлі топтау негізіне байланысты, әртүрлі жауап нұсқасын ұсынуға негіз береді. Мысалға: шыбын, страус, қарға, қарлығаш.

Мұндағы "артық" сөз шыбын (насеком, құс емес) немесе страусты да алуымызға болады (өйткені ол басқа құстармен салыстырғанымызда ұшпайды). Есеп шешімінің мұндай түрі балаларда бірнеше жауап түрінің болу мүмкіндігін көрсетеді. Сонымен бірге оқушылардың өздерінің көз қарастарын негіздей алуға шынықтырады.

22-сабақ.


Мақсаты: қағаз беті кеңістігінде жұмыс жасай алу біліктілігі мен ойлауды дамыту.


Сабақ барысы:

III. Сабақтың мазмұны:

1-тапсырма. "Мына үй қайда?"

Тапсырмаға материал. Үй салынған плакат

Оқытушы айтады: "1, 2, 3 - үйлер жоғарғы қатарда, 4, 5, 6 -үйлер ортаңғы, 7, 8 - үйлер төменгі қатарда орналасқан, 1, 4, 7 -үйлер сол жақ бағанада, 2, 5, 8 -үйлер ортаңғы, 3, 6 - үйлер оң жақ бағанада орналасқан". Онан кейін сұрақтар қояды: "Қайда, қай қатар мен бағанада 4-ші үй орналасқан?", "2 және 6 үйлер бір қатарда орналасқан ба?", "Төменгі қатар мен сол жақ бағанада орналаскан үй қайсы?" және т.б..


2-тапсырма. "Бір сөзбен ата".

Мұғалім оқушылардан бірнеше сөзді ортақ бір сөзбен атауды талап етеді.

Мысал сөздер: лақа, алабұға, сазан, бекіре

қызғалдақ, қалампыр, раушан, сарғалдақ

орындық, керует, стол, шкаф


3-тапсырма. "Түсінікті нақтылау".

Берілген түсінікке қатысты бірнеше сөзді атап шығу керек. Мысалы: "жемістер", "құстар", "адам аттары" және басқа.


4-тапсырма. "Вордбол".

Оқушылар екі топқа бөлініп, біріне-бірі қарама-қарсы сапқа тұрады. Әрбір ойыншы кезекпен қарсы қатардағы оқушыға доп лақтыра отырып бір сөз айтады.



23-сабақ.


Мақсаты: ырықты зейіннің (кәдемі, ауыспалыға), тактильді есте сақтаудың, түсініктік ойлаудың, қиялдың дамуы.


Сабақ барысы:

ІІІ. Сабақтың мазмұны:

1-тапсырма. "1 ден 15 дейінгі сандарды тап" (15-сабақты қара).

Тапсырмаға материал. (55-сурет).


2-тапсырма. "Белгілерді қойып шық".

Тапсырмаға материал. Геометриялық фигуралар салынған бет қағаз қаламдар (56-сурет).

Оқытушы: "Бланктің жоғары жағында фигуралар салынған, олардың ішіне белгілер қойылған: квадрат ішінде - үтір, үшбұрышта – сызық, дөңгелекте - нүкте, ромбыда - жұлдызша. "Баста" командасы бойынша үлгіде көрсетілгендей етіп қатар бойынша солдан оңға қарай фигураларды қарап шығып олардың ішіне тыныс белгілер қою керек. Мұны тез және қателеспей істеу керек, яғни фигураларды қалдырып кетіп немесе басқа белгі қойып қоймау керек. "Тоқта!" командасы бойынша қалам ұстаған қолыңды жоғары көтер". Тапсырма 1,5-2 минут аралығында орындалады.


3-тапсырма. "Конспиратор".

Жүргізуші дөңгелектің ішінде тұрады. Балаларға анықтап қарап алғаннан кейін, оның көзін байлайды. Оқытушы баладардан орын ауыстырып тұруын сұрайды және жүргізушіні балалардың біреуінің қасына жақындатады. Жүргізуші жақындатқан адамды сипап - сезу арқылы танып білуі керек. Пікір: балалардын жартысына жүргізушінің орнында болып көруіне мүмкіндік беру.

Әр балаға 4 рет кезек беріледі. Ойын соңында нәтижесін шығару керек, қай бала қанша рет тани білді. Бұл ойынды 3 кезеңмен өткізу керек. 1-кезең: Алғашқы сабақта топтың жартысы жүргізуші болады, 2-кезең: Келесі сабақта 2-ші топ жүргізуші болады, 3-кезең: Балалар киімдерін ауыстырып, түрлерін өзгертулеріне болады. Балаға тағы да жүргізуші болуына мүмкіндік беріледі. 3-ші кезеңде 4-5 рет ойнауға болады. Бұл ойынды қорытынды ойын деп есептейді. Егер оқытушы уақыт жеткізе білсе, онда ойынның 1, 2, 3 кезеңінді алғашқы сабақта өткізуге болады.


4-тапсырма. "Сиқыршылар".

Тапсырмаға материал. "Сиқыршыларға" екі бірдей сурет көрсетіледі.

Ойыншылардың міндеті, осы бірін "қайырымды" етіп, екіншісін "қатыгез" етіп салу қажет. Сонымен бірге "қатыгез" сиқыршы нені бүлдірді, ал "қайырымды" сиқыршы оны қалай жеңді, соған байланысты әңгіме құрастыру қажет. Салған суреттер бойынша көрме ұйымдастыруға болады.


24-сабақ.


Мақсаты: бейнені көшіру мен талдау біліктілігін, талдау және жинақтау процестерін, көрнекі бейнелік ойлауды дамыту.


Сабақ барысы:

III. Сабақтың мазмұны:

1-тапсырма. Ою салу "Қошқар мүйіз" (9-сабақты қара).

Тапсырмаға материал. (58-сурет).


2-тапсырма. "Сөзді тап"

Оқытушы алдын-ала тақтаға әріптерді жазып қояды, ал одан оқушылар сөз құрастырулары қажет. Шешімін табу үшін әріптер жинағын оңнан солға қарай оқуы қажет, өйткені буындардың орны ауыстырылып қойылған. Үлгі әріптер жинағы:

қ, я, a (аяқ)

з, а, в, а (ваза)

о, и, н, к (кино)

з, а, р, о (роза)

у, а, т (тау)


3-тапсырма. "Тоғызыншыны тап" (20-сабақты қара).

Тапсырмаға материал. (59-сурет)




25-сабақ.


Мақсаты: қабылдауды, қиялды, ойлауды дамыту.


Сабақ барысы:

III. Сабақтың мазмұны:

1-тапсырма. "Тез санап шық!".

Тез қабылдаудың нақтылығы мен жылдамдығын жаттықтыру үшін геометриялық фигуралары бар кестені пайдалауға болады. (60-сурет)

Тезірек санап шығуға тырыс:

а) неше рет дөңгелек кездеседі?

б) -//-//- квадрат?

в) - // - // - үшбүрыш?

г) -//-//-ромб?

д) - // - // - тік үшбұрыш?

Секундомер арқылы әр тапсырманың орындалу уақытын белгілеп отыруға болады.


2-тапсырма. "Би".

Тапсырмаға материал. Балаларға билеу ұсынылады. Бала не билегісі келеді соны билейді. Оқушы билеп жүрген кезінде қандай да болмасын тіршілік иесінің бейнесін салуы қажет. Ол бейнені өзі ойлап тапқаны жөн болар еді. Қиналған жағдайда оған көмектесуге болады. Балаға көмектесуге болатын тақырыптар: "көбелек", "қоян", "мысық", "жылқы," абалғағаш", "гүл","шәйнек", "үтік", "конфет","жүім","қамыр" т.б. Тағы да басқа тақырыптарды ұсынуға болады. Тақырып таңдағандағы негізгі ереже- қарапайымнан күрделіге өзгерту. Жаны бардан жансыз затқа ауысу.

Тапсырманың екінші бөлімі: енді би тақырыбы ретінде сезімдерді ұсынамыз.

Тақырыптар: "қуаныш", "қорқыныш", "қайғы", "көңіл-көтеру", "таң қалу", "бақыт", "өксу".

Балалардың әуенмен билеген кезіндегі би козғалыстары ырғаққа сай келуін қадағалауымыз қажет, яғни тек сезімді мимикамен салып қана қоймай, тапсырмаға әуеннің барлық түрін алуымызға болады. Тек мағынасын бала түсінбейтін болса болды.


3-тапсырма. "Ұқсастық және айырмашылық".

Оқушыларға әртүрлі заттар мен түсініктердің барлық ұқсас белгілерін жинақтап және айырмашылығын айқындап салыстыру ұсынылады. Мүмкін жұп сөздер қосымшада көрсетілген. Бұл тапсырманы орындағанда оқушылардың келесі міндетті жағдайларына оқытушы көңіл аударғаны жөн: бірінші ұқсастығын, содан соң айырмашылығын атаған жөн.




26-сабақ.


Мақсаты: ырықты зейінді, ойлауды (абстрактілеу), қиялды дамыту.


Сабақ барысы:

III. Сабақтын мазмұны:

1-тапсырма. "Керісінше".

Ойын тәртібі бойынша басқарушы қандай да бір қимылдар көрсетеді, ал балалар оған керісінше қимыл жасаулары керек. Егер басқарушы - қолын көтерсе, онда балалар қолдарын төмен түсірулері қажет. Егер басқарушы саусақтарын жұдырықтап жұмса, онда балалар алақанын ашулары керек.

Қателескен адам жүргізуші болады.


2-тапсырма. "Ретімен санап шық"

Тапсырмаға материал. Ретсіз жазылған сандар (61-сурет).

Бұл тапсырмада балаға ең үлкен санды табу талап етіледі. Ал бала абстракция арқылы санның сыртқы түрі арқылы оның көлемі үлкенін айтуы мүмкін. Ол дұрыс емес. Содан кейін тез атап шығуға байланысты ойын ұйымдастыруға болады.





3-тапсырма. "Артық сөз''. (21-сабақ).


27-сабақ.


Мақсаты: Мидың қос жарты шарларын белсендіру негізінде зейін қасиетін, ойлауды және қиялды дамыту.


Сабақ барысы:


III. Сабақтың мазмұны:

1-тапсырма. "Қос қолмен".

Тапсырмаға материал. (62-сурет).

Бұл дәптердегі тапсырмаларды екі қолмен бірдей орындайды. Оқушы екі қолына қалам алып, сызықтардың үстінен басып сызулары, содан кейін фигураларды бояулары қажет.


2-тапсырма. "Артық сөз". (21-сабақты қара).


3-тапсырма. "Ұқсастық және айырмашылық". (25-сабақты қара).


4-тапсырма. "Картошка монологы".

Оқытушы балаларға былай деп түсіндіреді: "Картошка өніп жатыр деп ойлаңдар. Қазір сіздер 6 минут ішінде картошка монологын ойлап табыңыздар. Сосын оны бізге картошка атынан айтып беріңіздер".

Егер балалар қиналыңқырап жатқан болса, онда бірнеше болатын нұсқаларын айтып көмектесуге болады. Ойын соңында өте жақсы монологтар таңдалады.




28-сабақ.


Мақсаты: Есте сақтауды, сөздер арасындағы логикалық байланыс қалыптастыру біліктілігін дамыту.


Сабақ барысы:

III. Сабақтың мазмұны:

1-тапсырма. "Тактильдік бейне".

Балалар екіден бөлінеді. Егер біреуіне екінші адам жетпесе, онда үш оқушыдан бірігуге болады. Жұптағы баланың біріншісі алдында, екіншісі артында тұрады. Артында тұрған бала алдыңғы баланың арқасына қолмен бір сурет салады. Мысалы: үй немесе кеме т.б. Өзінің арқасына сурет салдырған бала қандай сурет салынғанын анықтауы қажет. Егер ол жауабын тапса алдыға бір қадам алға жылжиды да, балалар орындарымен ауысады. Қай топ мұғалімге бұрын жетсе, сол топ жеңімпаз болып есептелінеді.

Алдымен балаларға ойын шартын жақсылап түсіндіру қажет және салынатын сурет оңай болуы тиіс.


2-тапсырма. "Аналогияны табу".

Қандай да болмасын бір зат аталынады. Сол айтылған затқа ұқсайтын қандай да болмасын заттарды көбірек табу – талап етіледі (формасы мен маңыздылығы жағынан). Онда заттың мына ерекшелігіне назар аударуымыз қажет: зат неден жасалынған, не үшін қолданады және бір класқа жатқызуға болады ма?

1-нұска тік ұшақ

2-нұсқа қуыршақ

3-нұсқа жер

4-нұсқа қарбыз

2-нұсқа бойынша

2-нұсқа бойынша мысал: қуыршақ-сылдырмақ, жұмсақ қонжық (ойыншықтар), қуыршақ-тәрелке, кесе ... (фарфор), қуыршақ-телефон, қорап (пластмасса).

Балаларға бұл ойында көмек беріп, дұрыс емес жауаптарын түзетіп отыру қажет.


3-тапсырма. "Жұбыңды таңда".

Бұл тапсырма аралық түсінік байланыстарының дамуына мүмкіншілік береді. Белгілі бір логикалық байланысы бар екі сөз ұсынылады (мысалы: себеп-салдарлы, топтас, фукционалдық қатынасты және т.б.) Оқушы келтірілген үшінші сөзге, қатарда тұрған сөздерден логикалық байланысы бар сөздерді таңдауы қажет немесе өздігінен ойлап табуы керек.

Тапсырмаға мысал:

1. ән : композитор - ұшақ : ? (аэродром, жанармай, конструктор, ұшқыш).

2. мектеп : оқыту - аурухана : ? (дәрігер, оқушы, емдеу, ауру).

3. орман : ағаштар - кітапхана : ? ( қала, кітап, емдеу, ауру).

4. жүру : тұру - айғайлау : ? (еңбектеу, үндемеу, шулау, шақыру).




29-сабақ.


Мақсаты: Есте сақтауды, сөздер арасындағы логикалық байланысты қалыптастыруды және қиялды дамыту.



Сабақтың барысы:


III. Сабақтың мазмұны:

1-тапсырма. "Қарлы үйіншік" (15-сабақты қара).


2-тапсырма. "Жұбынды таңда".

Тапсырмаға мысал:

1. Таң : түн - қыс : ? (ызғар, күн, қаңтар, күз, шаналар)

2. Құс : ұя - адам :? (адамдар, жұмысшылар, балапан, үй, ақылды)

3. Құлак : есту - тістер : ? (көру, емдеу, шайнау, ауыз)

4. Сиыр : бұзау - жылқы : ? (сұлы, атқора, құлыншақ, ат арба)


3-тапсырма. "Ертегі құрастыр".

Оқуытушы балаларға былай деп түсіндіреді: Сендер ертегілер әлемінде жүрмін деп елестетіңдер. Онда ертегі құрастырушылар өмір сүреді. Сен де сол әлемде өмір сүре отырып, ертегі құрастыра бастадың. Осы әлемнің атын ойлап тап. Бұл әлемнің үйлері және тұрғындары қандай? Оларды суреттеп немесе салып бер.

Ауызша әңгімеге 5 минут уақыт беріледі. Ойлануға 1 минут уақыт беріледі де, содан соң әңгімелей бастайды. Әңгіме барысында қиялының даму деңгейін келесі белгілер бойынша анықтауға болады:

1. Қиял процесінің жылдамдығы.

2. Қиял бейнесінің сонылығы.

3. Қиялдың байлығы.

4. Дененің бөлшектігі және тереңдігі.

5. Бейненің эмоциональдығы.

Бұл белгілердің бағалану критериі "сөздік фантазия" әдістемесінде ұсынылған.


30-сабақ.


Мақсаты: Мидың қос жарты шарын белсенденіру арқылы зейін қасиетін, талдау қабілетін дамыту.


Сабақтың барысы:


III. Сабақтың мазмұны:

1-тапсырма. "Қос қолмен" (27-сабақты қара).

Тапсырмаға материал. (63-сурет).


2-тапсырма. "Картошка монологы". (27-сабақтан күрделендіріп алуға болады).

"Картошка өніп жатыр деп ойлаңдар. Қазір сіздер 6 минут ішінде картошка монологын ойлап табыңыздар. Сосын оны бізге катошка атынан айтып беріңіздер. Егер балалар қиналыңқырап жатқан болса, онда бірнеше болатын варианттарын айтып көмектесуге болады. Ойын соңында өте жақсы монологтар таңдалады".


31-сабақ.


Мақсаты: Ойлауды, талдау қабілетін дамыту.


Сабақтың барысы:


III. Сабақтың мазмұны:

1-тапсырма. "Заттарды ата".

а) балаларға 2 - айтылған белгілермен сәйкестендірілетін 3 затты атау ұсынылады. Мысалы:


Ашық Сары

жарық

күн

шам


К

Түссіз Көгілдір анық жуан


ейбір жағдайларда белгілер тура мағынасында ғана емес, қарама-қарсы мағынада да қолданылуы мүмкін. Мысалы: тәтті, жеңіл (өмір, иіс, жеңіс)



Тегіс қара

тыныш

Ашық жеңіл жылтырақ


б) Үш белгісі бар 2 затты атау ұсынылады



2-тапсырма. "Қарлы үйіншек" (15- сабақты қара).


32-сабақ.

Мақсаты: Мидың жарты шарын, зейін ерекшелігі арқылы көріп қабылдауды және талқылау қабілетін дамыту.


Сабақтың барысы:

III. Сабақтың мазмұны:

1-тапсырма. "Қос қолмен" (27-сабақты қара). Тапсырмаға материал.(64-сурет).

2-тапсырма. "Санап шық".

Жылдамдықты ұлғайту үшін және нақты көзқарасты қалыптастыру үшін 100 тор көздік таблица керек. (65-сурет).


Үлгі суреттер:

а) неше рет А әрпі кездеседі?

б) неше рет Ө әрпі кездеседі?

в) неше рет И әрпі кездеседі?

г) неше рет Н әрпі кездеседі?

д) неше рет Л әрпі кездеседі?

е) неше рет В әрпі кездеседі?


3-тапсырма. "Артық сөз". (21-сабақты қара).


33-сабақ.


Мақсаты: Зейінді, ойлауды, талқылау қабілетін дамыту.


Сабақтың барысы:

III. Сабақтың мазмұны:

1-тапсырма. "Тыңда және орында".

Мұғалім бірнеше іс-әрекетті айтады, бірақ оларды көрсетпейді. Бұл тапсырманы 1-2 рет қайталауға рұқсат етіледі. Содан соң, мұғалімнің айтумен балалар осы іс-әрекеттерді қайталауы керек.

1-тапсырма. Басыңды оңға бұр, бастапқы қалып. Басыңды төмен түсір, бастапқы қалып.

2-тапсырма. Оң қолыңды жоғары көтер, сол қолыңды жоғары көтер, екі қолыңды төмен түсір.

3-тапсырма. Солға бұрыл (90°), тізе бүк, тұр.

4-тапсырма. Оң аяғыңды көтер, сол аяғыңмен тұр, оң аяғыңды қой.

Егер балалар екі тапсырманы орындай алса, онда 3-4 тапсырмаларды да қосуға болады. Егер балалар соңғы екі тапсырманы орындауға қиналса, алғашқы екеуіне жаттығу қажет.


2-тапсырма. "Бірдей затты көрсет".

Тапсырмаға материал. 10-15 түрлі заттарды дайындау қажет (кесе, тарелка, нан, қант, сүлгі, қасык, бет орамал, секіргіш, шеге, ілгіш, кілт, қалам т.б.).

Оқушыларға ұксас заттарды табу ұсынылады. Мысалға: алдымен темірден жасалған заттарды, содан соң басқа құрылымды заттарды (жейтін, жұмсак, домалақ т.б.). егер балалар мұндай таңдауға қиналмайтын болса, онда екі белгісі бар заттарды таңдауды ұсынамыз.


3-тапсырма. "Ертегі құрастыр". (29- сабақты қара).




Қорытынды


Ұсынылып отырған бағдарлама оқушылардың танымдық қабілеттерін дамытуға бағытталған. Психологиялық бағыттың бұл түрін алуымыздың ең басты себебі де, біздің ойымызша, танымдық қабілет - мектептегі білім сапасының артуына, нәтижелі оқытудың негізін қамтамасыз етеді.

Дәстүрлі оқыту үрдісінде оқушыларды жүйелі және бағдарлы түрде психологиялық дамыту қажеттілігі мен маңызы артып келеді. Өз тәжірибемізден алынған мәліметтерге сүйенсек психологиялық дамыту сабақтары, жалпы білім беретін сыныптар мен әсіресе түзету сыныптардағы оқушыларға көп көмек беріп отырғаны анықталды. Мұндай сыныптар бойынша өткізілген экспериментальды жұмыстардың нәтижелері әлі де жинақталып жатса да, алынған нәтижелер бойынша бұл психологиялық дамыту жұмыстарының, оқушылардың танымдық қабілеттерінің артуына, оқушы бойында білімге деген оң көзқарастардың қалыптасуына, оқу бағдарламасын сапалы игеруіне әсері мол екендігін, жоғары нәтижелілігі жөнінде сенімді түрде айта беруге болады.

Психологиялық дамыту әдістері мен тәсілдері бастауыш сынып деңгейіндегі оқушылардың психологиялық дамуын ғана жетілдіріп қоймай, жалпы білім деңгейін нәтижелі игеруі мен болашақта үнемі дамытып отыратындығына сеп боларына сенімдімін.


1 қосымша


I. Бірлескен іс-әрекетке жұмылуына қажетті балаларды белсендіретін бой жазу ойындары.


  1. "Бастапқы қалып" ойыны.


Ал енді достар, сендерді бой жазуға шақырамын!

Сіздерге, өздеріңіздің орындықтарыңызға барынша ыңғайлы отыруларыңызды сұраймын. Менің "тұрыңыздар!" сөзім бойынша барынша тез тұруға тырысындар да, ал, "отырыңдар" сөзім бойынша тез отырыңдар. Барлықтарың бір мезгілде тұрып содан соң бір мезгілде тез отыруға тырысыңдар.



2. "He ұшады" ойыны.


Балалар шеңбер құрып тұрады. Жүргізуші балалардан не ұшады, не ұшпайды деп сұрай бастайды. Балалар үзіліссіз бір мезгілде тез жауап беруге тырысулары қажет. Ол былай жүреді: Егер жүргізуші қандайда болмасын ұшатын затты айтса балалар "Ұшады" - деп жауап беріп, оның қалай ұшатынын көрсетулері қажет. Егер айтылған зат ұшпайтын болса балалар үндемеулері қажет.



3. "Би"-ойыны.


"Шеңбер құрып тұруларыңызды сұраймын. – Қазір барлығымыз билейміз. Қазір біз, кімде билеу қимыл-қозғалысы жақсы дамыған соны анықтаймыз". Әуен ойнай бастайды. Осы уақытта жүргізуші тез және нақты әртүрлі би қозғалыстарын көрсете бастайды. Ал балалар осы биді тап осылай қайталаулары қажет. Соңында ерекшеленген ойыншымы анықтаймыз.


4. "Жануарлар" ойыны.


Бұл ойында сіздер ым-ишара көмегімен жануарлар әлемінің бір өкілін бейнелеулеріңіз қажет. Бұл ойынды алдын ала балаларды 2 топқа бөліп ойнауға болады. Бөлінгеннен кейін әрбір топ өкілдері қарсы топқа бір жануарды жасырады да, ал екінші топ оны шешуі қажет.





5. "Затты келесіге бер" ойыны.


Балалар екі топқа бөлінеді де, бір-біріне қарама-қарсы 2 қатарға тұрады. Содан соң топ ойыншылары қандай да болмасын домалақ затты біріншісінен екіншісіне берулері қажет. Затты берген кезде тек иегімен немесе иығымен көмектесуіне болады, қолмен көмектесуге болмайды. Егер затты беріп жатырғанда түсіріп алса онда ойын сол топ үшін қайта басталады. Ойын соңында жеңімпаз топ анықталады (Домалақ зат – доп, апельсин, алма т.б.).



6. "Сұрақты өлең" ойын.


Балалар 2 топқа бөлінеді. Содан соң бірінші топ қандай да болмасын өлең шумағындағы сұрағы бар бөлігін ақылдасып тауып, барлығы әндетіп осы өлеңді сұрақ қылып 2-топқа қояды, ал екінші топ 1 минут ойланып осы сұраққа жауап берулері қажет. Содан соң топтар кезектесіп сұрақ қояды.


7. "Заттың ойналынуы" ойыны.


Жүргізуші қандай да болмасын кішігірім затты таңдап алады. Ол: қалам, шалма т.б. Содан соң ол заттарды ойыншыларға береді. Осы кезден бастап ол зат кез-келген зат болып есептелінеді, тек өз аты қайта берілмейді. Әрбір ойыншы ол затты кез-келген бір зат деп елестетіп, оның әрекетін қысқаша көрсетуі қажет.

Мысалға, сіз қолыңыздағы қаламды қалам емес градусник деп елестетесіз де онымен не істеуге болатынын көрсетесіз. Мысалға: қолтығыңызға салып ыстықтығыңызды өлшейсіз бе немесе т.б. Ойын соңында жақсы ойыншы (актер) іріктетіліп алынады.



8. "Бір әріп" ойыны.


Балалар шеңбер құрып отырады. Бөлмеде бар, заттың аты аталатын қандай да бір әріп таңдап алынады. Әрбір ойыншы сағат тілімен таңдап алынған әріптен басталатын бөлмедегі өз затын атайды. Соңында осындай затты тауып айта алған бала жеңімпаз болып есептелінеді.






ІІ. Балалардың сабырлануына кажетті импульсивтілік пен қозуды бәсеңдететін бой жазу ойындары.


1. "Шапалақ" ойыны.


Балалар шеңбер құрып тұрады. Жүргізуші таңдап алынады да, ол сағат тілі бойынша ойынды бастауға дайындалып тұрады. Содан соң жүргізуші алақанымен бір шапалақ жасайды, ал оның жанында тұрған ойыншы шапалақты қайталайды. Келесі балалар барлығы кезекпен осы шапалақты қайталайды. Осыдан кейін жүргізуші шеңбердің кез келген жеріне барып алақанымен шапалақтаған кезде осы жерден бастап сағат тілімен, шеңбер бойынша шапалақты қайталау басталады. Орынды әрқашан жүргізуші таңдайды.


2. "Ән" ойыны.


Балалар шеңбер құрып отырады. Шеңбердің ортасына жүргізуші шығады да былай дейді: - "Қазір барлығымыз бірге қандай да болмасын бір әнді орындаймыз (Балалар өздеріне таныс жақсы өленді таңдап алады)". Бұл өлең 2 шумақтан аспауы қажет. Егер керек болған жағдайда өлеңнің сөздерін еске түсіруімізге болады.

Жүргізуші ойынның ережесін түсіндіреді. "Менің бірінші шапалағым бойынша осы өлеңді айта бастайсындар да, екінші шапалағым бойынша өлеңді дауыстап емес тек ішімізден айтып жалғастыра бересіндер, ал үшінші шапалағым бойынша - өлеңді қайта дауыстап жалғастырып айта бересіндер".


3. "Сезімді тап" ойыны.


Ойынның басында балалардан адам баласында қандай сезімдер болатынын сұраймыз (қуаныш, қорқыныш, үрей, жиіркеніш т.б.). Содан соң балаларды бірнеше минут ойландырып алып, ым-ишара көмегімен белгілі бір сезімді бейнелеуін сұраймыз. Қалған балалар ол қандай сезімді бейнелеп тұрғанын табулары қажет.


4. "Доп" ойыны.


Балалар шеңбер құрып тұрады. Жүргізуші ойын шартын былай деп түсіндіреді: "Допты қолдарыңа алып, шеңбер, бойынша бір-бірлеріңнің қолдарыңа беріндер. Әуе арқылы допты беруге болмайды. Егер де кім де кім допты әуе арқылы берсе немесе қолынан түсіріп алса, сол ойыншы ойыннан шығады".




5. "Имек" ойыны.


Бірінші ойыншы қарандаш пен қағаз алады да, оның бетіне үлкен емес имектің суретін салады. Содан соң ол қағазды келесі ойыншыға береді. Келесі ойыншының мақсаты мынау болмақ: имекті жалғастырғанда қандай да бір мәні бар зат немесе жануар пайда болуы қажет. Әрі қарай осы ойыншы келесі ойыншыға жаңа имек салып беріп, оған ұсынады. Ойын соңында жеңімпаз іріктеліп алынады.


6. "Соңғы әріп" ойыны.


Соңғы ойыншы бір сөзді айтады (жекеше түрдегі зат есім болуы қажет). Келесі ойыншы бірінші ойыншы айтқан сөздің соңғы әрпінен басталатын сөзді есіне түсіріп айтуы қажет.


7. "Затты қалай қолдануға болады?" ойыны.


Қандай да болмасын зат алынады (қалам, шырақ т.б) Бұл затты шеңбер бойынша әр бала қолдарына ала отырып оны тағы қандай зат ретінде пайдалануға болатындығы жайында айтады.



8. "Сноскоп" ойыны.

Балалар көздерін жұмып шеңбер құрып отырады. Жүргізуші қандай да боламасын бір затты қаламмен ұрып көреді. Осы кезде балалар жүргізушінің қандай затты ұрғанын табу керек.



ІІІ. Қабылдау қабілетін дамытуға арналған ойындар


1. «Ине мен жіп» ойыны.


Жүргізуші: мен ине боламын, ал сендер жіпсіңдер.
Сендер менің артымнан бір - бірлеріңнің белдеріңнен ұстап тұрыңдар. Қазір бәріміз алдымызда тұрған кедергілер арасынан үзілмей жүгіреміз. Кім жіпті үзсе сол ойыннан шығады.

2. «Бұл қашан болады?» ойыны.

Жыл мезгілдеріне байланысты суреттер көрсетіледі. Сол суреттер ішінен керек суретті көрсетіп әңгімелеп береді.
Кесте, құрал - жабдықтармен жұмыс
1. Айлардың аттарын ата;
2. Жыл мезгілдерін түстерге сәйкес ата;
3. Әр мезгілде неше ай бар?
4. Бір айда неше апта бар?
5. Қазір қандай жыл мезгілі және қандай ай?

3. «Не үлкен?» ойыны.

Отырған балаларға жүргізуші сұрақ қояды. Орындықтан не үлкен? Балалар кезекпен заттарды айтады. Ойын ойнаған кезде жүргізушіге атаған заттарды қайтадан айтуға болмайды және балаларға қайталауға болмайды. Кім екі рет шатасса, ойыннан шығады. Жеңімпаз бала жүргізуші болады.

4. «Сиқырлы қапшық» ойыны.

Балаларды шеңбер жасай отырғызып жүргізуші олардың алдындағы кішкентай үстел басына отырады. Үстелдің басында сиқырлы қапшық тұр. Ішінде әртүрлі ұсақ ойыншықтар. Балаларды кезекпен шақырып қапшықтың ішіндегі екі бірдей затты тауып алуды талап етеді. Мысалы: екі доп, екі машина, т. б. Балалар қолымен заттарды сипап бірдей затты тауып алған соң сипаттап айтады. айтқанын тексеру үшін заттарды сыртқа шығарадығ, ойын осылайша жалғасады.

ІҮ. Есте сақтау қабілетін дамытуға арналған ойындар


1. «Төрт құбылыс» ойыны.

Балалар шеңбермен тұрады. Жүргізуші: «Су», - десе қолдарын алдына созады, «ауа» десе жоғары көтереді, «от» дегенде екі қолын айналдырады, «жер» дегенде қолдарын түсіреді. Кім шатасса, ойыннан шығады.


2. «Көңілді шеңбер» ойыны.

Балалар шеңбер жасап отырады. Бір - біріне мұқият қарайды. Жүргізуші белгі бергенде балалар көздерін жұмады. Сол кезде жүргізуші отырған балаларға әр түрлі заттарды қыстырып қояды (гүл, орамал, көзілдірік, т. с. с.). Балалар көздерін ашқанда не өзгерді? – деп сұрайды. Ең зейінді балаға сыйлық беруге болады.


3. «Орныңды тап» ойыны.


Балалар шеңберге тұрады. Әр бала өзінің жанындағы баланы есінде сақтап, қарап алуы керек. Жүргізушінің бірінші белгісі бойынша, бөлменің жан - жағына тарап кетеді ( белгі: шапалақтау, барабанмен беріледі). Екінші белгі бойынша шеңберге бастапқыда қай орында, кімнің қасында тұрғанын есінде сақтап, қайта шеңбертүзеді. Өз орынын таппаған балалар ойыннан шығады.

Ү. Зейінді тұрақтандыруға арналған ойындар


1. «Мен жеңімпазбын» ойыны.

Орындықтарды ортаға қойып, музыка әуені ойнағанда балалар шеңбермен айналып жүгіреді. Орындықтар саны балалар санынан 1 санға кем болуыкерек. Ең соңында қалған бала орындықтың үстіне шығып, мен жеңімпазбын деп айтуы керек.

2. «Құлақ – мұрын» ойыны.


Балалар шеңбермен тұрады. Жүргізуші: «Құлақ», - деп мұрнын ұстайды. Ал балалар айтылған мүшені дұрыс көрсетулері тиіс. Жүргізуші балалардың зейіні мен қабылдауын тексеру мақсатында оларды шатастырып айтады.

3. «Өз орныңды тап» ойыны.


Балалар қатармен тұрады. Әр баланың қолында әр түрлі сандар. Жүргізуші белгі берген уақытта балалар сандардың реті бойынша тұруға тиісті. Ойын бірнеше рет қайталанады. Балалардың орындарын шатастырып алмауы қадағаланады.

4. «Дайын бол» ойыны.

Балалар шеңбермен жүреді. Жүргізуші бір сөз айтады, ал балалар сол сөзді іс - қимылмен көрсетеді. Мысалы: қоян – секіреді, құс – ұшады, т. с. с.


5. «Зейінді бол» ойыны.


Балалар шеңберде тұрады. Жүргізуші әр түрлі қимыл - қозғалысты көрсетеді. Балалар қайталап тұрады. Жүргізуші ескерткен қозғалысты, мысалы: қос аяқпен секіру қозғалысын қайталамайды. Қайталаған бала ойыннан шығарылып, жеңімпаз жүргізуші болады.



2 қосымша

  1. сабақ. 3-тапсырма"Корректуралық байқау".


hello_html_m539e8bb8.jpg













2-сабақ. 2-тапсырма."Дұрыс боя".

hello_html_m7a2680ee.png












































3- сабақ. 3-тапсырма «Жасырынбақ»




hello_html_m7c6bd7af.png


















4-тапсырма «Жіптің ұшын тап»






hello_html_m304139f9.png















4-сабақ. 3-тапсырма. "Ерекшелігін тап".



hello_html_m10cf7b72.png















4-тапсырма. "Қиылысу".




hello_html_m326f4c65.png























5-сабақ. 1-тапсырма "Осылай бейнелеп сал"



hello_html_m13994179.png









































2-тапсырма. "Фигураларды ата"






hello_html_77d855ce.png









































3-тапсырма. "Артық зат"


hello_html_m2171a5ff.png










































6-сабақ. 3-тапсырма. "Осылай бейнелеп сал".






hello_html_m55a3eb94.png






4-тапсырма. "Буратиноның жұмысын тексер".

hello_html_63042f79.png














9-сабақ.1-тапсырма. «Керекті сурет"


hello_html_m74bead6d.jpg























3-тапсырма. "Фигураны анықта".


hello_html_m4fcb85d5.jpg















10-сабақ. 3-тапсырма. "Жіптің ұшын тап".



hello_html_m4c1a5cb3.png

















11-сабақ.1-тапсырма. "Бірдей фигураларды тап және атын ата".


hello_html_4100f963.png










































12-сабақ. 3-тапсырма. "Дұрыс орында"




hello_html_m608c6be0.png










































13-сабақ. 2-тапсырма. "Ерекшелікті тап"



hello_html_m10cf7b72.png












hello_html_m7c6bd7af.png








14-сабақ.4-тапсырма. "Суретті аяқта".

hello_html_1cfd3778.png












hello_html_m554925bc.png































15-сабақ.4-тапсырма. "Артық зат"


hello_html_m2171a5ff.png







































16 – сабақ. 5 тапсырма. "Артық зат".

hello_html_490454d9.jpghello_html_m572579a8.jpghello_html_2431051f.jpghello_html_m4ffa92e3.jpg



19-сабақ.1-тапсырма. "1-ден 15-ке дейінгі санды тап".




hello_html_m1199eb0e.png




















20-сабақ.1-тапсырма. "Крестер, нүктелер".







hello_html_m1e59c10b.png






































3-тапсырма. "Тоғызыншыны тап".





hello_html_19eb352e.jpg








































23-сабақ. 2-тапсырма. "Белгілерді қойып шық".



hello_html_4d6c2a5b.png











































24-сабақ.3-тапсырма "Тоғызыншыны тап"



hello_html_76cb2071.jpg











































25-сабақ. 1-тапсырма "Тез санап шық!".



hello_html_4d6c2a5b.png




























26 – сабақ. 2-тапсырма. "Ретімен санап шық"



hello_html_13ac791d.jpg




























32 – сабақ. 2-тапсырма "Санап шық".


hello_html_d1f8255.jpg






















Қолданылған әдебиеттердің тізімі


1. 1000 веселых загадок для детей. М.: ООО Изда­тельство «ACT», 2003.

2. Айзенн Х„ Эванс Д. Проверьте способности ваше­го ребенка / Пер. с англ. Л.К. Клгокина. М.: ООО Издательство «ACT», 1998.

3. Акимова М.К., Козлова В.Т. Коррекционно-развивающие упражнения для учащихся 1-5 клас­сов. М., 1993.

4. Афонькин C. Ю.. Учимся мыслить логически. Увле­кательные задачи для развития логического мыш­ления. СПб.: Издательский дом «Литера», 2002.

5. Батова А.С. Графический диктант // Начальная школа, 2003, № 9.

6. Безруких М.М., Ефимова CJJ., Князева М.Г. Как подготовить ребенка к школе и по какой про­грамме лучше учиться. М., 1993.

7. Богоявленский Д.Н., Менчинская Н.А. Психоло­гия усвоения знаний в школе. М., АПН РСФСР, 1959.

8. Боровик O-S. Развитие воображения. Методиче­ские рекомендации. М.: ООО «ЦГЛ «РОН», 2000.

9. Винокурова Н.К. Сборник тестов и упражнений для развития ваших творческих способностей, Серия «Магия интеллекта*. М., 1995.

10. Гельфан ЕМ. Игры и упражнения для маленьких и больших. М., 1961.

11. Гилъбух Ю.З. Темперамент и познавательные спо­собности школьников. Киев, 1993.

12. Готовность детей к школе. Диагностика психиче­ского развития и коррекция его неблагоприятных вариантов / Отв. ред. В.И. Слободчиков. Томск, 1992.

13. Деннисон П., Деннисон Г, Гимнастика для разви­тия умственных способностей «Брейн джим». М., 1992.

14. Диагностика готовности детей к обучению в шко­ле. Методические рекомендации. Пермь, 1992.

15. Дусавицкий AM. Дважды два - икс. (Развитие мышления в начальной школе). М., 1985.

16. Заика Е.В. Комплекс интеллектуальных игр для развития мышления учащихся // Вопросы психо­логии, 1990, № 6.

17. Зак А.З. Занимательные игры для развития ин­теллекта у детей 5-12 лет. М., 1994.

18. Зак А.З. Поиск девятого. Игра на поиск законо­мерностей для детей 6-10 лет. М., 1993.

19. Зак А.З. Просвет и другие интеллектуальные иг­ры для детей 6-10 лет. М., 1993.

20. Зак A3. Познавать играя: развитие познаватель­ных способностей у детей 5-12 лет. М., 1992.

21. Кеэс П. Тест школьной зрелости. Обнинск, 1992.

22. Кикоин ЕЛ. Младший школьник: возможности изучения и развития внимания. Методические рекомендации для учителя начальных классов.

М., 1993.

23. Когнитивное обучение: современное состояние и перспективы / Отв. ред. Т. Галкина, Э. Лоарер. М.: Изд-во «Институт психологии РАН», 1997.

24.Локалова НЛ. Как помочь слабоуспевающему школьнику. Психодиагностические таблицы: причины и коррекция трудностей при обучении младших школьников русскому языку, чтению и математике. Изд. 2-е. М.: *Ось-89», 1997; изд. 3-е, перераб., доп. М.: «Ось-89», 2001.

25. Локалова НЛ. 90 уроков психологического раз­вития младших школьников. Книга для учителя начальных классов. М.: «Луч», 1995.

26. Матюгин И.Ю. Тактильная память. М., 1991.

27. Менчинская НА. Проблемы обучения, воспита­ния и психического развития ребенка / Под ред. Е.Д. Божович. М.: Изд-во «Ин-т ирактич. психо­логии»; Воронеж: Изд-во НПО «МОДЭК», 1998.

28. Минский ЕМ. Игры и развлечения в группе про­дленного дня. Пособие для учителя. М., 1985.

29.Ольшанская Е.В. Развитие мышления, внимания, памяти, восприятия, воображения, речи: Игровые задания. М.: Издательство «Первое сентября», 2004.

30. Поддъяков НЛ. Закономерности психического раз­вития ребенка. Краснодар: Ун-т «МЭГУ - Красно­дар», 1997.

31. Развивающие и коррекционные программы для работы с младшими школьниками и подростка­ми: Книга для учителя / Отв. ред. И.В. Дуброви­на. М. --Тула, 1993.

32. Соболевский Р.Ф. Логические и математические игры. Минск, 1977.

33. Субботина JIJO. Развитие воображения детей. Ярославль: «Академия развития», 1997

34. Тарасун В.В. Тесты учебных способностей для 1 класса. Киев, 1992.

35. Тесты для фиксации уровня развития познава­тельных процессов (внимания, восприятия, вооб­ражения, памяти и мышления) / Сост. С.И. Вол­кова. М., 1993.

36. Тихомирова Л.Ф. Логика. Дети 7-10 лет. Яро­славль: Академия развития: Академия Холдинг, 2001.

37. Худенко ЕД., Мельникова Т.С., Шаховская СЛ. Как научить ребенка думать и говорить? (Упраж­нения по развитию памяти, внимания, мышле­ния, речи, техники чтения). М., 1993.










Мазмұны


Кіріспе ………………………………………………………………………………………..…3

І бөлім. «1 – сынып оқушыларына арналған психологиялық дамыту сабақтары» бағдарламасы жөнінде. Оқушыларды психологиялық дамыту – қазіргі білім беру жүйесін жетілдірудің тиімді жолы……………………………………………………………………...4

1.1.Психологиялық дамыту сабақтарының мазмұны……………………………………..….5

1.2. Психологиялық дамыту сабақтарының дәстүрлі сабақтардан айырмашылығы……....6

1.3. Психологиялық дамыту сабақтарының құрылымы және түрлері………………….…..6

1.4. Психологиялық дамыту сабақтарын тиімді өткізуге арналған ұсыныстар ……….…...7

1.5.Психологиялық дамыта оқыту сабақтарында қалай бағалаған дұрыс?...........................8


ІІ бөлім. 1 – сынып оқушыларының психологиялық дамуына арналған сабақтар…….…10

2.1. Күнтізбелік – тақырыптық жоспары.................................................................................10

2.2. Сабақтар мазмұны..............................................................................................................13

Қорытынды ……………………………………………............................................................46

Қосымшалар

I. Бірлескен іс-әрекетке жұмылуына қажетті балаларды белсендіретін бой жазу ойындары....................................................................................................................................47

ІІ. Балалардың сабырлануына кажетті импульсивтілік пен қозуды бәсеңдететін бой жазу ойындары................................................................................................................................... 49

ІІІ. Қабылдау қабілетін дамытуға арналған ойындар............................................................ 50

ІҮ. Есте сақтау қабілетін дамытуға арналған ойындар..........................................................51

Ү. Зейінді тұрақтандыруға арналған ойындар........................................................................52

Тапсырма үлгілері .....................................................................................................................53

Қолданылған әдебиеттер тізімі…….........................................................................................76


1



Автор
Дата добавления 10.02.2016
Раздел Школьному психологу
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров433
Номер материала ДВ-439872
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх