Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Школьному психологу / Тесты / Психологический тест на казахском языке

Психологический тест на казахском языке


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • Школьному психологу

Поделитесь материалом с коллегами:

Суреттен нені байқадыңыз? (Психологиялық тест)

  • hello_html_60fa4174.jpg

СУРЕТТЕН НЕНІ БАЙҚАДЫҢЫЗ?

Cуретке қарап, ойланбастан ненің бейнесін байқағаныңызды айтыңыз. Соған байланысты сіздің мінезіңізді анықтауға болады. Көрген суретіңізге сәйкес сипаттаманы оқып, өзіңіз жайлы жаңа сырлар ашыңыз. Сонымен бұл суреттен сіз мына бейнелерді байқай аласыз:

 АЙ Суреттен бірден жаңа туылған айдың бейнесін байқағандарды аса мұқият деп айтуға болмайды. Сіз қызуқандысыз, ойыңызды бірден айта саласыз. Кез келген мәселенің көзге түсіп тұрған жақтарын байқап, әрі қарай зерттемегенді жөн санайсыз. Бұл сіздің ылғи асығыс болуыңызға байланысты. Болашақта асықпай, мәселенің мән-жайын түсініп алып, шешім жасауға үйреніңіз.

АҚ ТҮСТІ КЕЛБЕТ

Ай емес, адамның ақ түсті бетін байқаған кісінің қиялы жақсы дамыған. Сіз күнделікті үйреншікті шаруаларға креативті қарап, әр күніңізді түрліше өткізуге тырысасыз. Есесіне шаршататын бірсарынды жұмыстан қашасыз. ҚАРА ТҮСТІ КЕЛБЕТ

Бұл суреттен қара түсті бетті байқай алатындар аз. Егер сіз бірден суреттен қара түсті бетті байқаған болсаңыз, өзіңізді ерекше тұлға деп санай беріңіз. Сіз басқаларға қарағанда ұсақ-түйектердің барлығын байқайсыз. Шығармашылыққа жақын, рухани құндылықтарды бірінші орынға қоятын жансыз.

4.Тест «Бұйыру немесе бағыну»

«Тест» деген сөз  және оның мағынасы біздің әрқайсымызға да белгілі. Барлығымыз да тесті көңіл көтеруге арналған ойын ретінде қараймыз.

Бірақ та жеке тұлғаның ерекшеліктерін ескере отырып жасалған тестер өзін тануға және обьективті түрде  өмірде табыстарға жетуге  ат салысады.

Сіз кімсіз? Капитан немесе қтатардағы жауынгерсіз бе?  Берілген тапсырманы мұқият оқып, мына сұрақтарға жауап беруге тырысыңыздар.

Берілген үш жауаптың біреуін таңдаңыз:

1. Достық сіз үшін:

А – бірлесіп қызмет жасау,

Б – қолдау көрсету,

В – альтруизм.

2. Ең алдымен нағыз художникте /артист/ болу керек:

А – талант,

Б –  батылдық

В – дайындық.

3. Сіз достармен кездесуде жиі сезінесіз:

А – «әтеш»,

Б – «тауық»,

В – «балапан».

4. Егер сіз геометриялық фигура болсаңыз, онда сіз болар едіңіз:

А – цилиндр,

Б – сфера,

В – куб.

5. Егер сізге қыз /жігіт/ ұнаса, сіз:

А – бірінші қадам жасайсыз,

Б – оның алғашқы қадам жасағанын тосасыз,

В – аздап қадам жасайсыз.

6. Сіз ойламаған жағдайға душар болғанда:

А – сақ жүретін боласыз

Б – сенімділікпен алға ұмтыласыз,

В –  қобалжисыз және  ренжисіз.

7. Егер де сіз ұжымның алдына шығып сөйлегенде, сезінесіз:

А – сізді тыңдайды,

Б – сынайды,

В – сіз қысыласыз.

8. Саяхатқа жолдастарды алғанда ең дұрысы:

А – мықты,

Б – ақылды,

В – тәжірибелі.

9. Шынын айтқанда, Золушка:

А – бақытсыз қыз,

Б – айлакер – мансапқор,

В – көңілсіз, сары уайымшыл.

 

10. Сіз өз өміріңізді қалай шамалайсыз:

А – шахмат партиясы,

Б – бокс матчы,

В – карта ойыны.

 

Нәтижені өңдеу

Таблицаға сәйкес ұпайларыңызды санаңыз:

 

 

Егер сіз 16 ұпайдан артық алсаңыз, онда қоғамда сіз жай қатардағы жауынгерсіз. Сіз басқаларды сыйлайсыз және жақындарыңыздың әлсіздігіне кешіреммен қарайсыз, сондықтан да бұйрық беруге және бәсекелестікке түсуге қабілетті бола  алмайсыз. Мүмкін сіздің биліктен бас тартуыңыздың  да себебі осында болар. Сондықтан да, қандай-да бір шешім қабылдамас бұрын, қанша рет лидерлікке ұмтылғанда сәтсіздікке ұшырағандығыңызға талдау жасаңыз. Егерде шынына келер болсақ сіз  лидер болмай-ақ та өзіңізді  тамаша сезінесіз, болып жатқан жағдайлардан өзіңізді біршама алшақ ұстаңыз. Шындығында бұл жаман емес, көңіліңіз тыныш болады.

Егер сіз 17-23 ұпай алсаңыз, сіз кіші офицерсіз. Бұл от пен судың арасындағыдай ыңғайсыз жағдай. Сіздің өзіңізге деген сенімділігіңіз жеткіліксіз және шешімді қиындықпен қабылдайсыз, солай емес пе?  Сіз аздап жетекшісіз  және аздап жауынгерсіз… Сіздің сенімсіздігіңізден аргументтеріңіз тыңдаушыларға жете қоймайды. Бұдан шағатын бірден бір жол – өзіңізге деген сенімділікті күшейту керек.

Егер сіз 24 ұпайдан жоғары алсаңыз, сіз – генералсыз.  Сіз бала кезіңізден бастап қажетті істер жөнінде сөз болған жағдайларда   бірінші болып қызмет жасауға даяр тұратынсыз, солай емес пе?  Өсе келе басқа адамдарға деген әсеріңіз нығая түсті, әсіресе қиын кездерде. Егер де сіз ….қиындықтардан қорықпасаңыз,   бұл қабілетіңіздің арқасында  сізді өте жоғары бағалайтын болады. Бас қосуларда елдің алды болып, сізді тамаша жолдас /құрбы/, ақылшы санағанды қанағат тұтпаңыз. Лидер үшін бұл жеткіліксіз. Батыл түрде лайықты мақсаттар қойып, өзіңізбен жұмыс жасауды жалғастырыңыз.

 




57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Автор
Дата добавления 02.11.2016
Раздел Школьному психологу
Подраздел Тесты
Просмотров14
Номер материала ДБ-311161
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх