Инфоурок Школьному психологу Другие методич. материалыПсихологический тренинг "Менің отбасым"

Психологический тренинг "Менің отбасым"

Скачать материал

 

 

Атырау облысы

Қызылқоға ауданы

Қарабау орта мектебінің

 педагог-психологы

Дюсенова Жайнагүл Берікқызы

 

 

 

 

 

 

 

Менің   отбасым

(Тренинг)

 

Тренинг мақсаты:

Оқушыларға отбасы туралы мағлұмат бере отырып, отбасын құрметтеуге,ата-анасын

сыйлауға ,кішіге қамқор,тату болуға   тәрбиелеу.

Тренинг   бағдарламасы:

1.Есімдер аллитерациясы

2.Отбасым-сыйластық,жарастық орнаған ортам. (шағын дәріс)

3.  Мен отбасымды   мақтан етемін. (оқушылар шығармашылықтары)

4.  Тілек  ағашы

Тренинг барысы:

1.Есімдер аллитерациясы.

Мақсаты: Оқушылардың отбасындағы  есімдерімен бір-бірімен таныстыру.

Шарты:Әр оқушы өз отбасындағы өзі жақсы көретін адамын айта отырып,оның бір еркелеткен сөзін өз есіміне қосып айту.

Мысалы,Мен отбасымда анамды жақсы көремін.Мен анамның ерке қызы-Жайнагүлмін.

-Еркелеткен есіміңді айтқанда қандай сезімде болдың?

-Қазіргі көңіл-күйлерің қандай?

2.Отбасым-сыйластық ,жарастық орнаған ортам.           (Шағын дәріс)

Мақсаты:Оқушылардың отбасы  туралы  білім беру,отбасы мұшелерін сыйлауға,ата-ананы құрметтеуге,біріне-бір қамқор болуға,әр адамның отбасындаөз орны болатынын түсінуге тәрбиелеу. 

Отбасым-сыйластық ,жарастық орнаған ортам.

Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп,

қалыптасады.Отанға деген ыстық сезім-жақындарына,

туған-туысқандарына деген сүйіспеншілігінен басталады.

Н.Ә.Назарбаев

Отбасы – адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы – адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі.

 Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайтындай. Өйткені ата-ананың балаға деген тәрбиесінің орнын еш нәрсе толтыра алар емес. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» - деген нақыл сөз отбасы тәрбиесінің маңызын айқындатып тұр емес пе?

 Отбасы мүшелерінің жас шамасы әр түрлі болса да, олардың арасында бір-бірімен рухани жақындығы, мақсат ынтымақтастығы бар.

 Атақты қазақ ақыны Қасым Аманжолов өзінің жарына арнаған бір өлеңінде: Отбасы – шағын мемлекет,

 Мен – президент, сен – премьер,

 дегені бар. Шынында, отбасы – ол да бір шағын мемлекет. Әр мемлекеттің өзіне тән өндірісі мен өнім бөлісі, сыртқы және ішкі саясаты, кіріс – шығыс бюджеті, қастерлеп ұстанатын рәміздері, т.б. болатыны сияқты, әр отбасы болмыс-тіршілігінің де соған ұқсас жақтары бар, оның жаратылысы да басшылық пен косшылықты қажет етеді. Сондықтан отбасының құрылымына зор маңыз біріліп, мәнін қорғаған, отбасының ар-намысын сақтауға, сырын шашпауға, мүшелерін бір-біріне қатысты адалдыққа тәрбиелеген. «Отан отбасынан басталады» деген сөздін мәнісі де осында.

 Ата-ана өз отбасын нығайта отырып, сонымен бірге оның балағатқа толған мүшелерін үй болуға, өз шаңырағын көтеруге әзірлеуі басты әрі өте жауапты міндет болып саналады. Жас отаудың түтіні түзу шығып, махаббат пен тату-тәттілік, береке-бірлік орын тепкен жылы ұяға айналуы, босағасы берік, болашағы нұрлы болуы көбіне-көп жас жұбайлардың үлкен үйде алған тәрбиесі, көрген өнегесіне байланыст

 «Ұяда не көрсең, ұшқанда, соны ілерсің», «Анасына қарап, қызын ал», - -деп, халық бәрін бастан кешіп, сынақтан өткізгендіктен айтқан.

 Хан ордасы, салтанатты сарайларда талай күн аунап-қунап жатып, өзінің шұрқ тесік құрым киіз лашығына қайтып оралғанда Жиренше шешен: «Айхай, менің өз үйім, кең сарайдай боз үйім», - деп жаны жай тапқан екен. Бұл аңызда үлкен шындық, терең мән бар. Әркімге, оның ішінде балаға өз үйінен ыстық, өз үйінен кең де керемет мекен жер жүзінде жоқ. Кавказ халықтарында «Нағыз жайлы орын: қылышқа – қынабы, отқа – ошағы, ер жігітке – өз үйі» - деген тамаша нақыл бар.

 Адалдық пен мейірімділік, жауапкершілік пен кешірімділік те отбасында шын ықылас-пейілменен баланың көкірегінде орын тебеді.

 

 Қазақ отбасында әуелі әке, содан кейін шеше, бұлар – жанұя мектебінің ұстаздары болады. Әке мен шешенің баласына қоятын ең бірінші басты талап- тілектері - баланың «әдепті бала» болып өсуі.

 Сондықтан қазақ жанұясы әрдайым: « Әдепті бол, тәрбиесіздік етпе, көргенсіз болма» деген сияқты сөздерді балаларының құлағына құйып өсірген.

 Қазақ отбасында өз баласын мейірімділікке, имандылыққа баулып өсірген. Үнемі жанұясында осылай тәрбие көрген бала ақырында, өздігінен тіл алғыш, адал, тиянақты, ұқыпты болып шыға келеді.

 Тәрбие басы әдептілік деп білген ата-ана әуелі баласына өздерін сыйлап-құрметтеуді, өзгелерге, әсіресе үлкендерге, сыпайылық танытуды, ешкімді мұқатпауды үйреткен. Сонымен қатар, балаларының ер-азамат болып, халқына еңбек етулерін басты міндет етіп қойған.

 Отбасының ұйытқысы, берекесі, мейір-шапағат көзі – әйел. Әйелдің бұл рөлі отағасының жамағатына, бала-шағаның анаға деген сүйіспеншілігімен, қамқорлығымен, ана жанын қас-қабағынан, жанарынан танығыштықпен нығая, биіктей береді. Әрине, әйел де өзінің аналық борышын ұмытпағанда, әсіресе, ерімен қабағы жарасып, тату – сүйіспеншілікте тұрғанда мәртебесі арта түспек.

 Әйелдің еріне қарым-қатынасы балалардың әкеге көзқарасының сипатын анықтайтыны берік есте болуға тиіс. Мұның өзі, бір жағынан, үй ішіндегі әдептің бастау көзі екені анық. Демек, балалар үшін әке беделі аналарының сөзі, іс-қимылы, қас-қабағы арқылы қалыптасады. Мысалы, ерлі-зайыптылар балалар көзінше бір-біріне қатты, балағат сөздер айтыспақ түгіл, дауыс көтеріп, керісуге тиіс емес. Олай еткенде, өз беделдерін жоғалтудың, бала -шағаның жүрегін шошытып, зәресін ұшырудың үстіне, олардың жанына кейін өздері үй болғанда, алдарынан шығатын жаман әдеттің ұрығын егеді.

 Бұл жағынан аналардың балаларға: «әкеңмен ақылдас», “әкең біледі», «әкеңнің айтқанын істе» т.б. сияқты дәстүрімізде бар сөздерді айтып отыруы қандай ғанибет! Атақты «Абай» эпопеясында халқымыздың осыған орайлас қадірлі дәстүрін танытатын мынадай бір тағылымды эпизод бар. «...Семей қаласында үш жыл оқып, жайлаудағы әке үйіне күн кешкіре жеткен, 13 жасар шәкірт бала – Абай аттан түскен бетте, амандасу үшін, шешеге қарай жүреді. Сонда ақылды да байсалды ана Ұлжан: «Әй, балам, анда әкеңдер тұр, әкеңе барып, сәлем бер!» - дейді. Бір сәтке балалық сезім жеңіп, қателік жіберіп алғанын түсінген жас Абай кілт бұрылып, ортасында әкесі Құнанбай бар шеткерірек тұрған оқшау топқа қарай адымдай жөнеледі». Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов мұны халықтың жүрекке жылы осындай тамаша дәстүрінен хабардар ету үшін ғана емес, онын тәрбиелік зор маңызын жоғары бағалағандықтан да келтіріп отырғаны анық.

3.  Мен отбасымды   мақтан етемін.

Оқушылар шығармашылықтары

Отбасы.

Отбасы –үлкен мекеме

Әке,ана мереке.

Болсыншы деп тілеймін,

Отбасында береке.

·         *     *************

Тіл  алу,әдептілік,тәртіптілік,сыпайылық отбасынан шығады.Сондықтан  ата-әжені,ата-анамызды құрметтеп,әр уақыт сыйлап жүрейік.Мен өз ата-анамды өте-өте қатты жақсы көремін.     Меңдібаева Сезім    5 «ә» сынып.

Менің отбасым

           Жолдасова Гаухар 4  « а» сыныбы

Менің отбасым

Отбасы –таусылмайтын бақыт екен,

Ешқашан ескірмейтін жақұт екен.

Қашанда тату тұрған адам болса,

Ағайын,бұның өзі бақыт  екен!

Кәдірбай   Батыржан -5  « ә»сынып.

 

 

Менің анам.

Мен сені жақсы көремін мамашым,

Өзің  мені  әлпештедің анашым.

Әрқашан аман болшы жан анам,

Әр уақытта жүрегімде қаласың.

А.Самғат

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

4.  Тілек  ағашы

Оқушылар  бүгінгі шарада алған  әсерлерін айта отырып, тілек  ағашына  отбасыларына арнап өз жүрек жарды тілектерін жазу.

Қиналғанда арқа сүйеп жүретін

Қуансамда барма басқа сүйеніш?

Қуансамда бірге жүріп қуанып,

Тірегімсің,ақылшымсың бір өзің!

Жанұям,үстем болсын мерейің

Табылмас жанашырым өзіңдей!

Бірлік пенен татулық,

Амандық пен денсаулық

Болсын бізбен әрдайым!-деп  бүгінгі тренингті аяқтаймыз.Уақыт бөліп көңіл қойғандарыңызға   көп –көп рахмет.Сау болыңыздар!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Психологический тренинг "Менің отбасым""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Управляющий рестораном

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 609 727 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.01.2016 976
    • DOCX 467.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Дюсенова Жайнагуль Бериковна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Дюсенова Жайнагуль Бериковна
    Дюсенова Жайнагуль Бериковна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 15675
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 18 регионов

Курс повышения квалификации

Основы гендерной психологии

36 ч. — 180 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 18 регионов

Курс повышения квалификации

Современные нейропсихологические технологии в обучении детей, в том числе с трудностями в обучении

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 314 человек из 60 регионов

Курс повышения квалификации

Основные аспекты психоанализа детского возраста

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Развитие коммуникации и речи у детей раннего возраста

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 31 человек из 17 регионов

Мини-курс

Успешая команда: опросы, сторис

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Неорганическая химия

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе