«Сенім – менің
серігім» атты психологиялық тренинг
Мақсаты :11 – сынып оқушыларын ҰБТ – ға байланысты сенімділікке үйрету ,
стресстік қалыптан арылу , бір – біріне деген қарым – қатынасын нығайту .
Қажетті құрал – жабдықтар : ақ парақ , қаламсап интерактивті тақта , «Тілек
ағашы» тақырыбындағы үлкен ағаш суреті салынған плакат , жапсырма қағаздар ,
үнтаспа .
1. «Досым,
қалың қалай?» жаттығуы .
Жаттығудың
мақсаты . оқушылардың көңіл – күйін көтеру , бір – бірімен қарым – қатынасын
нығайту .
Шарты
: балалар дөңгелене тұрып , жұп – жұп болып , бір – біріне қарап жазылған
сөйлемді аяқтайды . Яғни , сұрақты өз ойларымен толықтырады және екіншісі жауап
береді .
2. «Сенімділік»
жаттығуы .
Мақсаты
: оқушыны стресстік жағдайдан арылтып , сенімділікке үйрету .
Шарты
:оқушыларға бос парақ таратылады . Сол парақты қаламсаппен теңдей екіге бөлу
ұсынылады . Ол бөліктерді 1 , 2 деп белгілеп , бірінші бөлікке жағымды
қасиеттерді , ал екінші бөлікке жағымсыз қасиеттерді жазу керек те , ортасы
қырқылып алынады . Жағымды қасиеттерін өзіне қалдырып , жағымсыздарын қатты
мыжып , қоқыс жәшәгәне салады .
3. «Биіктік»
жаттығуы .
Мақсаты
: оқушының өмірлік жетістіктеріне жету мақсатына талпындыру , сенімділігін
нығайту .
Жаттығу
барысы : қатысушылардың біреуі шығады . Оған мынадай нұсқау беріледі :
«Қабырғаға жақын тұр , сосын секір . Қай жерге дейін секіргенін бергілеу» .
Талдау
. бірінші және екінші белгі салыстырылады . Қатысушылар мынадай сұрақтарға жауап
беру керек .:
- Белгі
қойылған биіктердің айырмашылығы болды ма ?
- Бұл
айырмашылыққа не әсер етеді ?
- Қойылған
талап пен мақсат нәтижесі жақсарады ма , әлде нашарладыма ?
- Қалай
ойлайсыңдар , өмірде де осындай жағдайлар кездесе ме ?
Қорытынды
: Оқушылар өтілген жаттығулардан , түсіндірме жұмыстардан алған әсерін
және достарына арнаған тілектерін жазып , «Тілек ағашына» апарып жапсырады .
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.