Инфоурок Школьному психологу Другие методич. материалыПсихологическое занятие для развития коммуникативных способностей учащихся

Психологическое занятие для развития коммуникативных способностей учащихся

Скачать материал

№ 19 ОМ психологі

Курмашева А.Н.

 

Сынып ұжымын біріктіруге арналған тренинг сабағы

Тақырыбы: «Менің сыныбым – менің көзіммен»

Мақсаты:

1.      Сынып ұжымын біріктіру.

2.      Қолайлы психологиялық климат орнату, тұлға аралық қатынастағы кедергілерді жою, коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру.

Қажетті құралдар: қаламдар, есімдер жазылған парақтар, маркерлер, презентация.

Тренинг қатысушылары шеңберге жиналады.

Психолог: Бүгінгі тренингімізде біз біздің сынып жайлы әңгімелесіп, арамыздағы қарым-қатынас туралы сөйлесеміз. Алдымен тренинг сабағының ережесін еске түсіреміз. Қатысушылар тренинг ережесін айтады. Кейін сабақ презентациясынан тренинг ережесі көрсетіледі. Сабағымызды «Екеуміздің ұқсастығымыз сонда...» жаттығуынан бастаймыз.

Амандасу рәсімі

Қатысушылар «Алма», «Қарбыз», «Қауын», «Алмұрт» деп аталатын 4 топқа бөлінеді. Кейін әр топ өздерінің амандасу рәсімін ойлап тауып, көрсету керек.

1.      «Екеуміздің ұқсастығымыз сонда...» жаттығуы. Қатысушылар екі топқа бөлінеді. Бір топ сыртқы шеңбер, ал екінші топ ішкі шеңбер жасайды. Бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Сыртқы шеңбердегі әр бала, өзінің ішкі шеңбердегі сыңарына: «Екеуміздің ұқсастығымыз ...», деп айтқан кезде, ішкі шеңбердегі сыңары «Екеуміздің айырмашылығымыз...», деп жауап қайтарып, шеңбер бойымен келесі адамға бір қадам жасайды. Барлығы өзінің бірінші сыңарына жетпейінше, осылай ойын жалғаса береді.

Рефлексия: Бір-бірлеріңнің ұқсастықтарың және айырмашылықтарың қандай екен?

2.      «Салфетка» жаттығуы. Әрбір қатысушыға бірнеше рет бүктелген салфетка беріледі. Психолог нұсқауы бойынша: салфетканың оң жағын, төменгі сол жағын жыртып алу. Содан кейін салфетканы жайып, бірдей ұқсайтын салфетканы тауып алуға тырысу. Ондай салфетка жоқ. Оқушыларды ұқсас салфетка жоқ екені және бізде бір-бірімізге ұқсамайтынымызды, бірақ бірлік пен бейбіт өмірде тұрып жатқанымыз жөнінде ойға жетелеу.

3.      «Мінсіз сынып моделі», «Шынайы топтың моделі» жаттығуы.

Әңгімелесу.

-          Барлықтарың бір сыныпта бірнеше жылдан бері оқып келесіндер, кейбіреулерің тіпті  бірінші сыныптан оқып келесіндер. Қазір өз сыныптарыңның психологиялық климатына баға бересіңдер. Сендер бір-бірлеріңді түсінесіңдер ме, бір-бірлеріңе қол ұшын бересіңдер ме? Мектепке не үшін келеді? Біріншіден білім алу үшін, екіншіден балалармен араласуға. Бұл басты себептер. Кейбір бала сыныптастарымен қарым-қатынасты орната алмағандықтан мектепке барғысы келмейді. Қазір сендермен сыныпта әр бала өзін жақсы сезіну үшін, сыныпта қандай қасиеттер болу керектігі туралы әңгімелесеміз. Сыныпта барлығына жайлы болу үшін қандай қасиеттер болу керек деп ойлайсыңдар?

Парақта 16 бөлікке бөлінген шеңбер салынған. Психолог әр радиусты шеңбердің сыртқы жағынан сыныпта жайлы қарым-қатынас орнататын қасиеттерді жазады. Ол қасиеттер жайлы оқушыларға түсіндіріп, әр қасиет жөнінде түсінік қалыптастырады. Берілген қасиеттер төмендегідей болуы мүмкін: тең құқылық, мейірімділік, өзара көмек, сыпайылылық, достық, тыңдай білу, топқа қабылдау, эмпатия, альтруизм, құрметтеу, жақсылық, көңілділік, сөз бостандығы, жауапкершілік, ұйымшылдық, татулық т.б. Әрбір шеңбер радиусы 10 ұпай жүйесімен бөлінеді. Бұл шкаламен әр қасиетті бағалаймыз.

Әрі қарай психолог қасиеттерді бір-бірден атайды, ал топ мүшелері аталған қасиет өз сыныптарында қанша ұпайға байқалатынын атайды. Болғаннан кейін барлық нүктелер қосылып, нәтижесінде «өрмекші торы» пайда болады. Егер нүктелеріңіз орталыққа жақын болса, сыныптағы әрқайсысының жағдай қиын. Өрмекші торы  шеңбердің  шеткі жағына жақын болса, сыныптарыңның психологиялық ахуалы жақсырақ және әрбіреуіңнің сыныптағы жағдайы жайлы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Кейін алынған нәтиже бойынша талдау жұмысы жүргізіледі. Сыныптың ахуалын қалай жақсартуға болады, топтағы қандай қасиеттерді дамыту керек, сыныптың ахуалын жақсартуға әрбір оқушы қандай үлес қоса алады. Мұнда психолог әрбір оқушы өзінің кемшіліктерін түзету үшін жұмыс атқару керектігі жөнінде ойға шақырады. «Өзімізді өзгертпейінше, біз топты өзгерте алмаймыз».

4.      «Ұғымдар» жаттығуы.

Сынып сабақтың басындағыдай 4 топқа бөлінеді. Әр топтың бір мүшесі адамдардың қандай қасиетін бағалайтынын атайды.  А3 форматты парақта  келесі сөздер жазылған: Өзара көмек, Достық, Кикілжің, Теңдік.

Әр топқа ватман мен маркерлер беріледі. Топтарға мынадай тапсырма беріледі:

1. Эмблема немесе белгінің суретін салу.
2.
Осы сөздің мағынасын жазу.
3.
Осы сөзге девиз немесе лозунг жазу.
4.
Бұл ұғымның жақсы жақтары және жаман жақтары.

Ватмандар топтар арасында беріліп, әр топ басқа топтың жұмысын жалғастырады. Соңында ватмандар бастапқы топқа қайтарылады.

5.       «Тілектер» жаттығуы.

Қатысушыларға сыныптастарының есімі жазылған жапырақтар таратылады. Жапырақта есімі жазылған сыныптасына тілек жазу ұсынылады. Жазған соң жапырақшалар иесіне беріледі. Жазылған тілектер позитивті, жақсылыққа бағытталған болу керек.

Тренинг сабағының рефлексиясы.

Кімге не ұнады, не ұнамады?
Өздеріңе қандай қорытынды жасадыңдар. (Әр оқушының пікірін тыңдау.)

Қоштасу рәсімі «Күнбағыс»

Барлығы шеңбер құрып, аяқтарының ұшымен тұрып, күнге қол жеткізетіндей қолдарын жоғарыға көтереді, жақсылыққа, жетістікке, позитивке, мейірімділікке ұмтылады.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Психологическое занятие для развития коммуникативных способностей учащихся"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Менеджер по платежным услугам

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 283 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.02.2016 736
    • DOCX 18.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Курмашева Анаргуль Назымбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 8858
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Способы повышения мотивации и формирования ответственности у детей и подростков

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 54 человека из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 371 человек

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические основы организации безопасной образовательной среды

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 62 человека

Курс профессиональной переподготовки

Основные вопросы профессиональной деятельности по оказанию психологической помощи, коррекции и поддержки в особых условиях

Кризисный психолог

300 ч. — 1200 ч.

от 6500 руб. от 3900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 38 человек из 22 регионов

Мини-курс

Анализ эффективности проектов

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стратегии клиентоориентированного бизнеса

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективные стратегии успешного взаимодействия: от понимания до саморазвития

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе