Инфоурок Школьному психологу ТестыПсихология " Айзенк сауалнамасы "

Психология " Айзенк сауалнамасы "

Скачать материал

 

Айзенк сауалнамасы

1.                  Сен айналаңда сапырылыс, шу болғаның қалайсың ба?

2.                  Өзіңді қолдайтын достарыңның болғаның  қалау сенде жиі бола ма?

3.                  Сенен бірдемені сұрап қалса, сен әрқашан жылдам жауап табасың ба?

4.                  Сенде бірдемеге ызаланатын кезің бола ма?

5.                  Сенің көңіл – күйің жиі ауысып тұра ма?

6.                  Құрдастарыңмен араласқаннан гөрі кітаптар оқыған саған жақсы екендігі шын ба?

7.                  Ұйқтатпайтын әртүрлі ойлар саған жиі кедергі жасай ма?

8.                  Сен әрқашан саған айтылғандай жасайсың ба?

9.                  Сен біреудің үстінен келемештеп, күлгенді ұнатасың ба?

10.              Сен өзіңді бақытсыз адам сезінген кезің болды ма, оған нағыз себеп болмаса да?

11.              Сен өзіңді көңілі қош, еті тірі адам деп есептейсің бе?

12.              Сен мектепте жүру тәртібін  қашан болсын бұздың ба?

13.              сенің бірдемеге жиі көңілін толмай, тітіркеніп жүретінің рас па?

14.              Саған жұмысты жылдам темпте істеу ұнай ма? (егер керісінше жайбасар болсаңыз жауап «жоқ»).

15.              Сен бола жаздаған әртүрлі қорқынышты оқиғаларға мазасызданасың ба, бәрі жақсымен аяқталса да?

16.              Саған кез келген құпияны сенуге бол ма?

17.              Сен әзірлеп отырған достарының тобын қиналмай-ақ жандандырып жібере аласың ба?

18.              Сенде ешқандай себепсіз, ауырлық түспесе де жүрегіннің жылдам қағып кетуі байқала ма?

19.              Әдетте сен біреумен достасу үшін өзі бастап қадам жасайсың ба?

20.              Сен қашан болса да өтірік айттың ба?

21.              Жұмысыңа және өзіңе сын айтса, сен оңай ренжіп қаласың ба?

22.              Сен достарыңмен жиі қалжыңдасып, күлкілі оқиғаларды жиі айтасың ба?

23.              Сен өзіңді жиі шаршаңқы сезесің бе?

24.              Сен әрқашан алдымен сабағыңды орындап , содаң соң басқаларын жасайсың ба?

25.              Әдетте сен көңілі қош, барлық нәрсеге риза болып жүресің бе?

26.              Сен тумаластарыңның үй шаруасына көмектесу туралы өтінішін әрқашан орындайсың ба?

27.              Сен басқа балалармен араласқанды өте жақсы көресің бе?

28.              Сен тумаластарыңның үй шаруасына көмектесу туралы өтінішін әрқашан орындайсын ба?

29.              Сенің басың айналатың кезің бола ма?

30.              Сенің іс-әрекетің мен қылықтарың басқаларды қобалжытып , ыңғайсыз жағдайңға қалдыратын кез бола ма?

31.              Сен бір нәрседен жалығу сезімін жиі сезінесің бе?

32.              Кей кезде сен мақтанғанды ұнатасың ба?

33.              Сен танымайтын адамдардың ортасына түскенде, көбіне үндемей отырасың ба?

34.              Сен кейде орныңда отыра алмай мазасызданатын шақтарың бола ма?

35.              Сен әдетте шешімді тез қабылдайсың ба?

36.              Сен сыныпта ешқашан шуламайсың ба, егер мұғалім жоқ болса да?

37.              Қорқынышты түстер сенің түсіне жиі кіре ме?

38.              Сен достарыңның ортасында сезіміңе ерік беріп, көңіл көтере аласың ба?

39.              Сені ренжіту оңай ма?

40.              Біреу туралы жаман айтатынкездер болды ма?

41.              Сенің әдетте ойланбай-ақ жылдам, қимылдап, сөйлейтінің рас па?

42.              Егер ыңғайсыз жағдайға түсіп қалсаң, ұзақ ойлап жүресің бе?

43.              Саған айқайлап, көніл көтеріп ойнайтын ойындар өте қатты ұнай ма?

44.              Сен берген асты әрқашан жисің бн?

45.              Саған біреу өтініп тұрса саған «жоқ» деп айту қиын ба?

46.              Сен жиі қонаққа барғанды ұнатасың ба?

47.              Сенде өмір сүргің келмей кететін кездер бола ма?

48.              Ата-анаңа қашан да бір дөрекілік жасаған кезің болды ма?

49.              Сені ақжарқын еті тірі бала деп есептей ме?

50.              Сен сабақ оқып отырып, басқа нәрселерге жиі алаңдайсың ба?

51.              Сен ойын сауық кезінде белсенді қатысудан гөрі жиі қарап отырасың ба?

52.              Әдеттте саған әртүрлі ойлардан ұйықтау қиын ба?

53.              Сен орындауға тиіс болған тапсырманы жасай алатынына өте сенімді бола аласың ба?

54.              Сенде жалғыздық сезінетің кез бола ма?

55.              Жаңадан танысқан адаммен сөйлескенде, бірінші сөз бастаудан ұяласың ба?

56.              Сен бірдемеңі түзетуге кешіксен жиі сүрінесің бе?

57.              Саған балалардың біреу дауыс көтеріп айқайласа , сенде айқайлап жауап қайтарасың ба?

58.              Сенде өзіңді себептен себепсіз қайғылы немесе қуанышты сезіңу бола ма?

59.              Сен құрбыларының шулы ортасында нағыз демалып, тынығу қиын деп есептейсің бе?

60.              Сенде ойланбай істеп қойған ісің үшін мазасыздану жиі бола ма?

Кілт

 

1.                  Экстраверсия (Э):б«иә» 1,3,9,11,14,17,19,22,25,27, 30,35,38,41,43,46,49,53,57.

«жоқ»6,33,51,55,59.

1.                  Нейротизм (Н):

«иә» 2,5,7,10,13,15,18,21,23,26,29,31,34,37,39,42,45,47,50,52,54,56,58,60.

3. «Өтірік»

«иә» 8,16,24,28,36,44.

«жоқ» 4,12,20,32,40,48.

12-17       жастағы жасөспірімдер үшін норма:

Экстраверсия (Э)-11-14 балл

«өтірік»-4-5 балл

Нейротизм (Н)-10-15 балл

Айзенгтің тесті бойынша берілгендері

Экстраверсия балдары

Нейротизм балдары

1

0-478

0-4

2

20-24

0-4

3

20-24

20-24

4

0-4

20-24

5

0-4

4-8

6

0-4

16-20

7

0-4

8-16

8

4-8

0-4

9

8-16

0-4

10

16-20

0-4

11

20-24

4-8

12

20-24

8-16

13

20-24

16-20

14

16-20

20-24

15

8-16

20-24

16

4-8

20-24

17

16-20

4-8

18

4-8

16-20

19

4-8

4-8

20

16-20

16-20

21

12-16

8-12

22

8-12

8-12

23

16-20

8-12

24

12-16

4-8

25

8-12

4-8

26

4-8

8-12

27

4-8

12-16

28

8-12

16-20

29

12-16

16-20

30

16-20

12-16

31

8-12

12-16

32

12-16

12-16

 Тип көрінісінің сипаттамасы:

 №1 тип Э: 0-4;  Н: 0-4.

Селт етпейтін, бейбітшіл, топта көбінен байқалмайды, дос болуға жармаспайды, дос болғысы келген адамдрдың бетін қайтармайды. Өзінің дұрыс екендігіне көзі жетсе тікмінезділік, бірбеткейлік байқатады. Байсалды. Сөзі бірсарынды. Шыдамды, суыққанды.

Нұсқау: Тәрбиешілерді көп мазаламағандықтан көбіне мұғалімнің, бастықтың, жаттықтырушының назарынан тыс қалады. Ең бастысы – сол адамға топ мүшелерінің барлығының назарын аударып, өзіндік бағасының көтерілуіне ықпал ету. Жұмыс істеу темпін таңдау мүмкіндігін туғызу. Суыққандылық пен байыптылықтың жақсы қасиет екендігіне назар аударту.

№2 Э:20-24; Н: 0-4

Көңілді , ашық, сөзшең. Көпшіліктің назарында болғанды қалайды. Оптимист, жақсылыққа сенеді. Үстіртінділік танытады. Кешірімді, кикілжіңді әзілге айналдырады. Әсерленгіш, жаңалықтыы ұнатады. Көпшілік оны ұнатады. Бірақ үстіртінділік пен қамсыздылық басым. Әртіс, нәтижеге жете бермейді. (қызығушылығы тез оянып ,тез суиды).

Нұсқау: Еңбек қорлығын мадақтап, табиғи әртістігін, жаңалыққа бейімділігін қолдану қажет. Табандылыққа, тәртіпке, жинақылыққа үйрету (мысалы ерекше тапсырмаларды жасатып). Уақытты тиімді пайдалануға үйрету.

№3 тип Э: 20-24; Н: 20-24.

Белсенді , жақсы дамыған батырлық қасиеттері бар. Күлдіргі. Барлығымен «бірдей » қарым—қатынас жасауға ұмтылады. Өте адалдыққа жақын. Егер үлкендердің келіспеушілігін байқаса, табан тіреп қарсы тұрады. Өзің байқамайтындарды ұнатпайды.

Түзету жолдары: Негізгі тактика сыйлау. Жайбарақат сендіріп, көзін жеткізіп, сөйлескен жөн. Аффект жағдайда кекетіп, мұқатып, астарлап сөйлеуі мүмкін. Ашулы кезде «есеп айрыспаған жөн.» Мәселені жайбарақат, байсалдылықпен шешкен жөн. Дегенмен әрқашан негізгі мәселеге қайта оралып, эмоцияға берілмеуін қамтамасыз еткен дұрыс. Мұндай жеткіншектердің потенциялдық мүмкіндіктерінің сыртқа шығуына ықпал ету қажет. (Спорттық жетістіктер, ораторлық ж.т.б)  Ұйымдастырушылық қабілетін көрсетуге жол беру.

№4 тип Э: 0-4; Н: 20-24

Мазасыз тип, секемшіл, өзіне сенімсіз. Әрқашан қорған іздейді. Көпшіл емес, сондықтан бағалауы мен өзіндік бағасы аралас. Көңілі бос, ренжігіш. Бейімделуі баяу, сондықтан іс-қимылы баяу. Белсенді өмір сүруді ұнатпайды. Философиялық ойлауға бейім. Жағдайды оңай-ақ күрделендіреді. .

Түзету жолдары: Қолдауға талпыну. Жұртқа күлкі болудан сақтау. Мінезінің оңтайлы жақтарын байқап, ескеру(ойшылдығын, байыппен жай қимылдауын ж.т.б) . Қатал уақыт регламентін сақтамайтын, белсенді қарым-қатынас жасамайтын жұмыс таңдау қажет. Айналадағы қоршаған адамдарға қызығушылығын арттыру, энергиясы мол адал адамдармен достастыру қажет.

№5 тип  Э: 0-4; Н: 4-8

Тынық созерцатель. Өмірге қызығушылық деңгейі төмен, сондықтан жетістіктері де аз. Ойы ішке бағытталған , ішкі қиялмен өмір сүреді. Тіл алғыш – немқұрайлы.

Нұсқау : Өзіңдік бағасын көтеру өте қажет, яғни оның немқұрайлылығын жою мүмкіндегі бар, соның салдарынан оқудың немесе жұмысының сапасы көтеріледі. Баланың қызығушылығын арттыру үшін күшті жақтарын табу (қабілеттілігін, болмысындағы оңтайлы ерекшеліктерді).

№6 тип Э: 0-4; Н: 16-20

Ұстамды, үркек, сезімтал, бейтаныс жағдайда ұялшақтылық танытады. Өзіне сенімсіз, қиялдағыш. Көпшілікті ұната бермейді, философияға жақын. Күдіктенуге бейім. Өз күшіне сене бермейді. Жалпы ұстамды. Түмедейді түйедей етпейді. Үрелілігі жоғары. Қиялдануға бейім, көбіне шешім қабылдай алмайды.

Нұсқау : Үнемі қолдауға тырысу қажет, қамқорлық көрсету, топтың алдында жақсы қасиеттерін көрсету. (байсалдылығын, тәрбиелілігін, сезімталдылығын). Әртүрлі идеалар арқылы өзіңе тарту (мысалы өзінен де жуастау адамға көмек немесе қамқорлық көрсету). Мұндай тәсіл өзіндік бағасының артуына ықпал етеді, өмірдің жарқын жақтарын көруге көмектеседі.

№7 тип   Э: 0-4; Н:8-16

Белсенді, байыпты, жұмысқа бағытты. Адал, сенімді дос. Өте ақылды, тапқыр көмекші, бірақ ұйымдастыру қабілеті төмен. Ұялшақ , тасада тығылып қалуды ұнатады. Әдетте топтарға кірмейді. Бір немесе екі жақын досы бар . Қарым-қатынастың маңызын түсінеді . Кейде зеріктіріп жібереді, насиат, уағыз айтқыш.

Нұсқау : Жұмыс істегенде уақыт еркіндкгін берген жөн. Марапаттап қою оның инициативаларының күшеюіне ықпал етеді. Баланың өз бетінше істеп, ашылуына мүмкіндік беру, бұйыру кері әсерін тигізеді. (табиғаты көнгіш). Көпшіліктің алдында сын айтпауға тырысу қажет. Өзінің күшіне сенімділігін арттырып , құқықтарына иландыру. Біреудің беделділігіне көз жұмып сене бермеуді қамтамасыз ету .                                                  

№8.Э»4-8»Н»0-4» .                                                                                                                

 Адам байсалды ,ашылып, араласуға бейім. Эстетикалық       дарындылығы басым. Іскерлігіне қарағанда ойшылдығы басым. Бірқалыпты. Мәнсапқойлығы жоқ. Қарым-қатынаста бірқалыпты, бірақ терең сезініп жанашырлық таныта алмайды. Кикілжің жағдайларда оңай құтылып кетеді.

Нұсқау : Басты міндет –іскерлік қажеттілігне белсенділігін үнемі арттырып отыру. Баланың қызығушылын оятатын нәрсемен айналастыру. (көркем эстетикасы шығатындай). Жетістіктерін елеп отыру. Әлеуметтік интелектінің өсуіне ықпал ету, құрбыларымен қарым-қатынасты дамыту.

№9 Э: 8-16; Н: -4

Ашық, белсенді, өміршең. Адам тандамай араласа береді. Қарсылық көрсетуінің осалдығынан, асоциалды топтарға түсіп кетуі оңай. Жаңашыл, білуге ұмтылушы. Әлеуметтік интелекті даму деңгейі төмен. Өзін,өзгелерді адекватты бағалай алмайды. Көбіне өзіндік қатты ұстанымдары байқалмайды. Энергиясы мол, сезгіш.

Нұсқау : Баланы ширататын, қатал режимнің қаталдау болғаны абзал. Ашық сенімді қарым-қатынас орнату қажет, дегенмен бақылаудың бар екенің ұмытпауы тиіс. Энергиясын пайдалы, дұрыс жұмысқа бағыттау қажет. (мысалы глобальді мәселелерге, үлкен жетістікке жетуге, оқуға түсуге ж.т.б). Мұндай жұмыс орындауда нақты жоспарлап, күнін белгілеп, орындалуын қатаң қадағалау қажет. Мұндай типтегі баланы күшті, оңтайлы нанымы бар көшбасшысының тобына қосқан жөн.

№10 тип Э: 16-20; Н: 0-4

Әртістік қабілеті басым, басқалардың көңілін көтергенді ұнатады. Райынан қайта алады. Ашық мінезді. Сезімі терең емес, бір өзін  қалыптыұстайды.

Нұсқау: Жақсы мақсаттарына жетуге бағытталған күшін үнемі қолдап отыру. (өзінің инициативасы жетеді, бірақ соны іске асыруда табандылық таныта бермеуі  мүмкін. )  Әртістігін қолдау қажет, бірақ сайқымазақ болып кетпеуін қадағалау қажет.

№11 тип

Э: 20-24; Н: 4-8.

Белсенді, ашық, биязы, адалдықты сүйгіш. Қауіпті әуестікке оңай беріледі. Дос таңдауды, мақсатқа жету әдістерін біле бермейді. Көбіне мен-мен. Эгоист. Қылықты. Ұйымдастырушылық қабілеті басым.

Нұсқау : Ұйымдастырушылық қабілетін марапаттап, дамытып отыру қажет. Көшбасшы болуы мүмкін, бірақ өркөкіректеніп кетпеуін қадағалау қажет. Көшбасшылық қабілетінің жұмсалуы баланы ширатып, жалқаулықтан арылтады. Көрініп жүргенді ұнатады. Қажет болған жағдайда топтың талқылауына салуға болады.

№12 тип

Э: 20-24; Н: 8-16

Тәртіпке көнгіш. Өз беделін жоғары ұстайды. Ұйымдастырушы. Спорт пен өнерге жақын. Белсенді. Адамдарға, оқиғаларға қызыққыш. Әсерленгіш.

Түзету жолы: Табиғатты көсбасшылыққа бейім екендігін оның эмоционалдыққа, іскерлік те тұрғыларынан байқаймыз. Көшбасшылық қабілетін қолдап, тұлғалық және іскери өсуінде бағыт бағдар беріп отыру қажет.

№13 тип

Э: 20-24; Н: 16-20

Өте қиын тип. Мақтаншақ. Энергиясы мол. Өміршең. Әдетте жоғары рухани бағыттылығы жоқ. Тұрмыс тіршіліктегі жетістіктерімен –ақ шектеліп қоятын. Өмірдің маңыздылығына тұрмыстық қажеттіліктерді ғана қояды. Алда болуға ұмтылады. Қалай болса да жетістікке жетуге бірінші болуға, пайда көруге ұмтылады. Жолы болмайтындарды жек көреді. Ашық, демонстративті. Өз талаптарын қатаң қояды.

Түзету жолдары: Қолбасшының міндеті, мұндай баланы «жұдырықта» ұстау. Себебі көкірегін керіп, мен-мендікке беріліп кетуі әбден мүмкін. Байыппен, нақты, дәлелді сөйлеген дұрыс. Басқалардың қадір қасиеттерін көрсете отырып, әрқашан «орнына қойып» отыру қажет. Ұйымдастырушының ролін ұсынуға болады. Міндеттердің орныдалуын қадағалау қажет. Эстетикалық тәрбие беруге көбірек көңіл бөлу қажет.

№14 тип

Э: 16-20; Н: 20-24.

Өктем, педантті, күдікшіл,. Әрқашан бірінші болуға ұмтылады. Ұсақшылдығы бар. Кез –келген өзінің басқаларданартықшылығынан ләззат алады. Өткір тілді.  Өзінен  әлсіздерді келемештеуге бейім. Кекшіл, жиренгіш, қатал. Шаршағыш.

Түзету жолдары: Бейқам қарауға болмайды. Достық қарым-қатынаста немесе астарлап сөйлейтіндей қарым-қатынас жасауы қажет. Көшбасшылық лауазымын беруге болады егер, тікелей адамдармен емес қағаздармен жұмыс істейтін болса. Ерік-жігері мен табандылығын мақтап қою. Сондай-ақ қоршаған ортаға деген оңтайлы, жағымды қарым-*қатынас жасауды қалыптастырып, оңтайлы нанымын қалыптастыру қажет.

№15 тип

Э: 8-16; Н: 20-24.

Үнемі қанағаттанбайды, мазасыз, біреуге жала жабуға қайым. Ұсақ- түйекшіл, қатаң талап қойғанды ұнатады. Болмашы нәрсеге ренжіп қалуы мүмкін. Көбіне қабағы түйіліп, тітіркенгіштеніп жүреді. Іші тар, күнші. Жұмыста өзіне сенімсіздік танытады. Қарым-қатынаста жетекке жүргіш. Қиындықтан қашқалақтайды. Топта, сыныпта бөлектеніп жүреді. Достары жоқ. Кекшіл. Құрбыларына үстемдік жасайды. Дауысы жәй шықса да, өткір.

Түзету жолдары:  Аз болса да, әйтеуір бір қарым-қатынасты орнату қажет. Оны баланың күдікшілдігіне сүйене отырып құруға болады. Жеке басына қызығушылық танытып, жетістіктеріне мән беріп, сенімді  қарым-қатынас жасағанда іске асыра аласыз. Қосымша қоғамдық жұмыс тапсыра отырып, яғни канцеляриялық жұмыстарды орындауды тапсырып. Құрбылырымен дұрыс араласуды қамтамасыз ету үшін, көпшіліктің алдында оның тындырымдылығың, тіл алғыштығың көрсетіп өткен жөн. Осы типтегі балалар әрқашан өзіне ерекше назар аудартқанды, жеке қарым-қатынас орнатқанды ұнатады.

№16 тип

Э: 4-8; Н: 20-24.

Өте сезімтал тип. Сенбейді, құпия ынтызарлығы бар, тұйық-ренжігіш. Дербес, тәуелсіз, сыни ойлау қабілеті бар. Жалпылай ойлай алу қабілетіне ие. Көбіне өзіне сенімсіз.

Түзету жолдары: Қарым-қатынаста аяушылық болғаны жөн. Сыныптастарының  алдында мадақтап, сыйлы екенін көрсетіп, себеп салдармен түсінушілік, адал қарым-қатынас жасаған жөн. Әрқашан шын критика айту қажет, бірақ баланы орализатор, критик болудан сақтау қажет.

№17тип

Өте эмоционалды. Таңырқанғыш, өмірсүйгіш, ашық, әуестенгіш. Қарым –қатынаста адам таңдамайды, кім болса достық қарым-қатынас жасауға әзір.Тұрақсыз, аңқау, жұмсақ, нәзік. Жұрт ұнатады. Фантазер. Көшбасшылыққа ұмтылмайды. Жақын қарым-қатынаста болуды қалайды.

Түзету жолдары: Оңтайлы бағытын қолдау керек. Эстетикалық қабілетін дамыту қажет, әуестенген нәрсесін қолдау қажет (топтың алдында сөйлеуді ұсынып, қызықтырып, марапаттап ж. Т.б). Ерік жігерін, талаптану деңгейін қалыптастыруға мән беру қажет.

№18 тип

Э: 4-8; Н: 16-20.

Эмпатиалы,  жаңашыр,  әлсіздерге аяушылығы басым,  интимді-достық қарым-қатынасты қолдайды. Әдетте көңіл-күйі байыпты-төмен. Ұялшақ, өзіне сенімділігі төмен. Ыңғайсыз жағдайларда лезде күдікшіл, қауіптенгіш бола қалады. Ойшыл  (Созерцател).

Түзету жолдары:  Дамытушы-аяушылық тәртіпте қарым-қатынас  орнатқан жөн. Жасырын (Исподволь) бақылау керек. Ашық байсалды қарым-қатынас орнату сияқты қиын кезеңдерде қол ұшын беру қажет. Жұрттың алдында әшкерелеуден, масқаралаудан сақтау қажет.

№19 тип

Э: 4-8; Н: 4-8

Тынық тип. Үнемдес. Жәй қимылдап, тындыратын тип. Өз бетінше, ретті, тәуелсіз, ұсақ жұмысқа бейім. Әуестенушілігі төмен, байсалды, эмоциональдығы төмен. Кейде өмірден алыстап, қиялданып кетуі мүмкін.

Түзету жолдары: Мұндай типтегі баланың өзіндік бағасын көтеру қажет, талаптану деңгейін жүйелеп, дамыту қажет, сондай-ақ баланың қабілеттілігімен икемділігін арттыру қажет.

Үлкен тұлғалық жауапкершілікті талап ететін жүктеме берген жөн (адамдармен араласудан гөрі, қағаз жұмысы болса жақсы). Мұндай бала әртүрлі мәселелер бойынша кеңес алып тұруды қажет етеді. Кеңес деликатты түрде берілуі тиіс.

 

№20 тип

Э: 16-20; Н: 16-20.

Жаңашырлығы жоқ, демонстративті тип. Эмоциональдығы жүдеу. Өзін топқа қарсы қоюды ұнатады. Өзіне маңызды болған құндылықтарға жетуде өте табанды. Престижді. Көбіне жасанды. Тәжірибелі.

Түзету жолдары: Ұнамсыз қасиеттерін өршітпеу үшін жұмсақ түрде шыдамдылықпен қарайындай тәртіп орнатқан жөн. Спорттық немесе техникалық тапсырмалар мен шұғылдандырылған жөн, себебі бала бойындағы энергияны оң бағытқа жұмсай алады, ал біріншілікке деген ұмтылысы дұрыс арнаға түседі. Эстетикалық тәрбиеге көбірек көңіл бөліп, көшбасшысы мықты болған әулеметтік оңтайлы топқа кіргізген жөн.

№21 тип

Э: 12-16; Н: 8-12.

Өте өміршең, энергиясы мол. «Орта сүйіктісі» әдетте мұндай типтегі балалар бақытты болып есептеледі. Шынында да олар дарынды, жақсы оқиды, шаршамайтын, әртістік қасиеті бар балалар. Бірақ мұндай қасиеттердің болуының өзі де ,кері әсерін тигізеді. Кішкентайынан бастап жетістіктерге оңай жете білетін бала, өмірде барлық нәрсені жеңіл жасауға болады деп ойлайды да, нәтижесінде меқсатқа жету үшін тыңғылықты жұмыс істей алмай қалады. Бастаған ісін оңай тастап кете алады, достықта да тұрақсыздық білдіреді. Кез келген жұмыста үстіртін. Әулеметтік интелектісі төмен.

Түзету жолдары: Мейірімді-қатал қарым-қатынасты талап етеді. Сыныпта көшбасшылыққа тағайындағаннан гөрі, жиі бір реттік ұйымдастырушылық қызметтерге қойған дұрыс. Талаптардың барлығын орындалғанын қадағалау. Жұмыстарды реттілікпен орындауға баулу.

 №22 тип

Э: 8-12; Н: 8-12

Өте пассивті-немқұрайлы. Өзіне нақ сенімді. Өзгелермен  қарым-қатынаста өте қатал, талапшыл. Кейде  қырсықтыққа бейім. Ұсақ- түйекке назар аударды. Өте  педантты. Суыққанды, іс әрекетіне жауап береді. Өзгенің  ойына немқұрайлық танытады.

Түзету жолдары: Баланың мұғалім үшін маңызды екеніндігін сезіндіру. Ұсақ-түйекпен қызықтырған жөн. Қоғамдық жұмыстардың ішінен байыппен, мұқияттап орындауды талап ететін тапсырмаларды берген жөн. Тындырымдылығын ескерген жөн. Шұғылданатын ісін таңдауға көмектескен дұрыс. Топпен орныдалатын тапсырмадан гөрі, жеке  орындайтын тапсырмалар ұсынған жөн (спорт, өнерпаздық ж.т.б).

№ 23 тип

Э: 16-20: Н: 8-12.

Ашық ,инициативті, қызығушылығы мол тип. Сөйтседе,  өзін ұстап, басқаруды біледі. Діттеген мақсатына жете алады. Шыншыл-адал. Біріншілікте болғанды ұнатады. Және ұйымдастыра алады. Қоршаған ортасының шынайы сенімі мен шын ықыласына ие. Мінезі жеңіл, эстетикасы жоғары.

Түзету жолдары: Көшбасшы болуға мүмкіндік берген жөн. Топтық және жеке тапсырмаларды орындауға көмектесу қажет. Қоғамдық жүктемелердің шектен тыс болмауын қадағалау керек.

№24 тип

Э: 12-16; Н:4-8.

Белсенді,  бірқалыпты тип. Энергиясы мол. Қарым-қатынасұа тсу денгейі орташа. Реттіліктіұнататын жан.. Алдына мақсат қоя және  нәтиже шығара ала біледі. Күншілдігі, бәсекелестігі жоқ. Кейде ренжігіш.

Түзету жолдары: Айналасыендағылармен байсалды, сенімді, адал қарым-қатынас жасағанды ұнатады. Нақты іскери қарым-қатынас орнатқан жөн.

№25 тип

Э: 8-12; Н: 4-8.

Белсенді, кейде эмоциясы жарылып кеткендей болады, кейбір кезде ойсыз көңілді болады. Көбіне тынық, немқұрайлылығы басым. Айтқан мен ғана жүреді, өзі инициатива бастамайды. Әлеуметтік қатынастарда пассивті. Терең шынайы жаңашырлыққа бейім емес. Бірсарынды ұсақ жұмыстарға бейім.

Нұсқау : Байыпты-іскери қарым-қатынас жасаған жөн. Әкімшілік жұмыстарды жақсы орындайды. Жеке тапсырмаларды берген дұрыс.

№26 тип

Э: 4-8; Н: 8—12.

Байсалды, бірқалыпты , шыдамды, педантты. Шыншыл, алға қойған мақсатына берік. Нық  принцептері бар. Кей кездері ренжігіш.

Түзету жолдары: Ашық сенімді қарым-қатынас жасап , асықтырмай орындайтын жұмысты талап етеді.. Топтың алдында абройын асқақтатқан, тиянақтылығын көрсетіп, мақтап қойған жөн. Баланың өз күшіне сенімділігін арттыруға бағытталған жұмыс жүргізген дұрыс.

№27тип

Э: 4-8; Н: 12-16.

Бірқалыпты –меланхолиялық тип. Өте сезімтал. Привязчивый, сенімді интимдік қатынастарды бағалайды. Тынық. Әзіл-сықақты бағалайды. Жалпы оптимист. Кейде паника жасаса, кейде депрессияға түсуі мүмкін. Дегенмен жалпы тынық ойланып жүретін.

Түзету жолдары: Белсенді тыныш жұмыс істейтін жағдай туғызу. Қатал регламентті талап етпеген дұрыс. Эстетикалық көркем -әдеби тапсырмаларды орындауды ұсынған жөн.

№28 Э8-12 Н 16-20

Мелонхолиалы, шыншыл,    Кейде мазасыздықтың күйін кешеді. Кішкен ғана топпен достық қарым-қатынаста болады. Өкпешіл емес, бірақ сақ. Принципиалды сұрақтарда, шешімді өзі қабылдайды, ал эмоцианалды сұрақтарда көбіне туыстарының пікіріне құлақ асады.

 Нұсқау: өзіндік бағалауын көтеріп, өз-өзіне деген сенімділігін арттыру керек.

№29 Э12-16;  Н16-20

Айналасын қоршағандарға қатал сынмен қарайды,қырсық, өзімшіл,шыншыл. Еті тірі, қарым-қатынасқа түсуге бейім. Жолы болмаса жасырады, көпшіліктің назарында болғанды жақсы көреді. Суыққанды.

Түзету жолдары:Қарым-қатынасты сыйластық негізінде және қарым-қатынасқа түсушіге жоғары талап қоя құрады. Артық кететін кездерінде, ісінің дұрыс емес екенін айтып түсіндіру қажет

№30 тип

Э: 16-20; Н: 12-16.

Кекшіл, өркекірек, біріншілікке ұмтылушы. Кез келген жағдайда алда болуды қалайды. Энергиясы мол. Табанды. Мақсатқа жету үшін тәуекелге барады. Өзі қатайып қалғанымен, әртістігі де жоқ емес.

Түзету жолдары: Мен-мен болып кетпеуі қадағалау қажет. Оңтайлы іс -әрекетін қолдау қажет. Біріншілікте болуына көмектесу керек, бірақ авториталдық стильде болудан сақтау қажет. Ашу, ызасын сейілту қажет. Әлеуметтік интелектін көтеру қажет.

№31 тип

Э: 8-12; Н: 12-16.

Ұялшақ, ішітар емес, өз бетіншілікке талпывнады. Адал. Жақын адамдарымен әзілдесіп, өте зерек болуы мүмкін. Өте терең құлай сенуге бейім. Тәуекел, қауіпті жағдайдан қашады. Біреулердің талап еткенің көтере алмайды. Кейде жылдам шешім қабылдауға бейім. Істеген олқылықтарына өкінеді. Сәтсіздік жағдайларда өзін кіналаушылығы басым.

Түзету жолдары: Тыныш, сенімді жағдай жасау керек. Маңызды мәселелерді шешу барысында тапсырмаларды орныдауға шақыру қажет. Әлеуметтік белсенділігін арттыру мадақтап, қандайда іс-шараларға қатыстырған дұрыс (конференция, семинар ж.т.б).

№32 тип

Э: 12-16; Н: 12-16.

Шынайлықты сүйеді, сәтсіздіктер өзіне  сенімділігін бәсеңдете алмайды. Кекшіл. Энергиясы мол. Қарқынды. Мақсатқа мүдделі. Кикілжіңге бейім, өзінікі дұрыс болмаса да, қайтпайды. Арланбайды. Іштей күйзелмейді. Қарым-қатынаста жанашырлығы жоқ. Ақпараттылықты ғана бағалайды. Эмоциональды шектеулі тип.

Түзету жолдары: Кикілжің жағдайларда қолдамау қажет. Шыншылдықпен ғана әсер ету. Бір қалыпты қарым-қатынас құра отырып, әлеуметтік интелектін көтеруге ықпал ету.

  Бұл әдістеме 12-17 жас аралығындағы балаларды зерттеуге есептелген. Яғни, бұл әдістемені мына жағдайларда қолдануға болады:

1.                  Сынып құруда.

2.                  Жаңа мұғалімді топпен таныстыруда.

3.                  Жасөспірімдерді жұмысқа қабылдауда кадр бөлімінің қызметкерлері және «служба занятости» қызметкерлеріне.

4.                  Жасөспірімдерді әртүрлі мамандықтар бойынша жұмысқа қабылдауда. (әсіресе адам-адал мамандықтары бойныша).

5.                  Тиімді іскери және қоғамдық серіктестікте тиімді нәтижеге жету үшін.

6.                  Спорт тәжірибесінде топты жасақтауда.

7.                  Педагогикалық тәжірибеде «оқушы-мұғалім» , «оқушы –сынып» қарым-қатынас жүйесін түзетуде.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Психология " Айзенк сауалнамасы ""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Клининговый менеджер

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 097 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.04.2016 7204
    • DOCX 55.9 кбайт
    • 98 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Салимова Айгерим Уалитовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Салимова Айгерим Уалитовна
    Салимова Айгерим Уалитовна
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 187239
    • Всего материалов: 50

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Основные вопросы профессиональной деятельности по оказанию психологической помощи, коррекции и поддержки в особых условиях

Кризисный психолог

300 ч. — 1200 ч.

от 6500 руб. от 3600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 22 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Организация психолого-педагогической и социальной работы с несовершеннолетними

Специалист органа опеки и попечительства в отношении несовершеннолетних

600 ч.

9500 руб. 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 45 человек из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 108 человек

Курс повышения квалификации

Развитие психологической устойчивости обучающихся к воздействиям СМИ

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 13 регионов
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Стратегии маркетинга и продаж в B2B

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Финансовый анализ

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 12 регионов

Мини-курс

Общая химия

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе